Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: « Мектепке дейінгі педагогика»
Тақырыбы: «Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі
балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы»
Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру»
Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі»
Орындаған: 4 курс 422- топ студенті Нурболатова Жазира
Ғылыми жетекшісі: Оразғалиқызы Дина
Кафедра меңгерушісі: Рашева Ж. Ж.
Есік қаласы 2014
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ . . . 3-4
1. 1. Халықтың рухани мұрасы - халық педагогикасы . . . 5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ- МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ
2. 1. Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың бағыттары . . . 6-7
2. 2. Халықтық педагогиканың бала сана-сезімін қалыптастырудағы орны. . 8-10
2. 3. Халық педагогикасын білім беру үрдісінде ұтымды қолдана білу . . . 11-14
2. 4. Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні . . . 15-20
III. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Сабақ жоспарлары . . . 21-26
IV. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ . . . 27-30
Әдістемелікнұсқау . . . 31
ҚОРЫТЫНДЫ
. . . 32-33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы серпінді өзгерістер білім беруді әлемдік кеңістікпен ықпалдастыру талабын қойып отыр. Жаһандану дәуірінде ұлт ретінде жойылып кетуге соқтыруы мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану және халықтық тәжірибеге тән тәрбиенің мазмұнын сақтап қалу үшін өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды зерделеуге, рухани құндылықтарымызды саралап, оны білім беру жүйесіне кешенді ендіру арқылы ұрпақ тәрбиесін ұлттық негізде құруға басты мән беру өте маңызды. Қазақ халқының тарих қойнауында қанша ғасыр өтсе де, тәлім- тәрбиелік мәнін жоғалтпаған ұлттың болмысына, сана-сезіміне, тұлғалық сипатына сай жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар қатарына жататын асыл дүниелер бар екені белгілі. Осындай рухани құндылықтарды тәрбиенің мазмұнына арқау ету, жетілген тұлғаны қалыптастыру мәселесі педагогика ғылымының тарихына жаңаша көзқарасты қажет етеді.
Қазақ халқының аса бай рухани мұраларының бірі - халық педагогикасы. Өкінішке орай, бұрынғы озбыр саясаттың арқасында көптеген жылдар бойы осы асыл мұраны жас ұрпақтың тәрбиесіне пайдалана алмадық. Соның нәтижесінде өзінің ана тілінен, дінінен, ата-баба салты, дәстүрлерінен кенде қалған әдепсіздердің санын көбейттік. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында осы кемшіліктерден арылып, жас ұрпақтарымызды ғасырлар бойы жинаған гуманистік, демократиялық, киелі салттар мен дәстүрлер рухында тәрбиелеу қазіргі басты міндет. Қазақ халқының жас ұрпақтардың тарихи тағылымын әдет-ғұрпы, салт-санасы, жоралғы кәдесі бар. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіне арналған өте құнды, өте пайдалы-өсиеттер, мақал-мәтелдер, қағидалар мен пікірлер көп. Оның көбісін отбасында, білім беру ұйымдарында кеңінен пайдалануға болады. Жас ұрпақтың тарихи тағылымын қалыптастыруды географиялық ортаның оның ішінде халқымыздың байырғы жер-су атауларының шығу, қойылуы, аталу себептерін білудің үлкен тәрбиелік мәні бар.
«Адамға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата-анадан, екінші ұстазынан, үшінші құрбы-құрдасынан» - деп ойшыл Абай атамызда өте дұрыс айтқан. Осы пікірді халық педагогикасында: «Ұстазына қарай шәкірті», «Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы», «Аға-жаға, ұстаз-пана», - деген мақал-мәтелдер арқылы құптайды. Бірақ құрғақ өсиет, құнсыз уағыз арқылы емес, жеке бастың үлгісімен, тапқыр тәсілімен тәрбиелеу орынды. Орыс халқының көрнекті педагогы А. С. Макаренконың: «Егер менен педагогтық тәрбиемнің мәнін қысқаша тұжырымдап беруді сұраса, адамға көбірек талап қою, оны барынша-қадірлеу деп жауап берген болар едім», - депті. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұштастыра, ұластыра жүргізуіміз керек. Халық педагогикасында мынау - ақыл-ой тетігі, мынау - эстетикалық тәрбие құралы дейтін жекеленген тәрбие кұралы жоқ. Кез-келген тәрбие құралына талдау жасасақ, ақыл-ой, дене, еңбек, адамгершілік тәрбиелері іштей сабақтасып, араласып жатқанын көреміз. Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілдік, мейірімділік, иманжүзділік қасиеттердің бәрі де ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайды. Ар тазалығы өзгеге қиянат жасамауға, шыншыл болуға баулыйды. Ұлттық табиғатымызға сай келмейтін педагогикадан гөрі халық педагогикасының маңызы зор. Ол үшін халқымыздың тәлім-тәрбиелік негіздерін отбасында, бала-бақшаларда, әр түрлі сатылы мектептерде және қоғамда қолдануымыз қажет.
Мақсаты: Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері бағдарламаларға сүйене отырып, өзіміздің білім мен тәрбие беріп отырған балабақшамызда халық педагогикасы негізінде жұмыстар жүргізу. Әр саланы, бөлімді оқыту кезінде қазақ халқыныңтұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, үлгілі дәстүрлермен шебер ұштастырып, бала бойына ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезім қалыптастыру.
Міндеттері:
- Өз ұрпақтарымызды адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі қасиетті, ар ожданды азамат етіп өсіру.
- Халық педагогикасын білім беру үрдісінде ұтымды қолдана білу.
- Ұлттық құндылығымызды қастерлеуге тәрбиелеу.
Болжамы: Егер мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер балаларды тәрбиелеуде, білім беруде үнемі халықтық педагогиканы тиімді қолдана білсе, заман ағымымен кетіп бара жатқан жас ұрпақты және ұмыт қалып бара жатқан рухани мұраларымызды қайта жаңғыртар едік.
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері
Зерттеу базасы: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті,
«Балдырған-бөбекжай» балабақшасы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, практикалық, зерттеу бөлімдерден, қорытынды және әдебиеттер тізімі мен әдістемелік ұсыныстардан тұрады.
Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері және басқа да ғылыми ақпарат айқындалады.
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда халық педагогикасының балабақшадағы алатын орны, және баланың жеке басының жан - жақты жетілуі, балалар бақшасындағы халық педагогикасының негізгі міндеттері қарастырылады.
Практикалық бөлімде мектеп жасына дейінгі балаларға жүргізілген тақырыпқа сәйкес зерттеу жұмыстар мен сабақ жоспарлары қарастырылады.
Қорытынды бөлімде жұмыс бойынша айтылған ой-пікірлер тұжырымдалып, негізгі түйіндер жасалады. Зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ұсыныстар беріледі.
1. 1. Халықтың рухани мұрасы - халық педагогикасы.
Халқымыз көптеген жылдар бойы аңсаған азаттығына қол жеткізді. Енді осы аңсаумен алған азаттығымызды көздің қарашығындай сақтаумен қоса, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиені біліммен байытып, ғылыммен жетілдіруіміз керек. Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидың: « Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы » деп аманатында айтқандай, ең бастысы - « тәрбие » екенін ұмытпайық.
Тәрбие дегеніміз- алға белгілі мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер ету, бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Әрине, ұрпақ тәрбиесі ең әуелі ата-анаға байланысты. Халқымыздың белгілі халық тағылымын өз өнерімен ұштастырып жүрген қаламгер Жанат Ахмадидің: « Ата қайратты болса, бала ғибратты болады » деген сөзі осы жерде ойға оралады.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, рухани өзгерістердің балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарының педагогикалық үрдістеріне, оның ішінде ұлттық тәлім-тәрбие беру саласына өзіндік ықпал жасауы - заңды құбылыс. Сол ой елегінен өткен ғылыми тәжірибе нәтижелері ұрпақ тәрбиесіне игілікті үлес қосып келеді.
Өткен тарихымыздың өткелдеріне ой жіберсек, ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор бүгінгі этнопедагогика, этнопсихология ғылымдарына рухани азық болаған мұралардың молдығына көзіміз жете түседі. Әр халықтың бала тәрбиесі жөніндегі атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі. Ғасырлардан қалған асыл қазыналары бар. Ол қазыналарды филологтар, тарихшылар, этнографтар, өнер зерттеушілері, психолог және педагог ғалымдар жан-жақты зерттеп, өз зерттеулерінің мақсат-міндеттеріне орай ғылыми зерделеу сүзгісімен өткізуде.
Ұрпақ тәрбиесі-келещек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Халық педагогикасы-балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілділік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылылық, үлкенді сыйлау мен ибалылық-халық педагогикасының сатылап қамтитын мәселелері.
Жасөспірім тәлім тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауға мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
ІІ. Мектепке дейінгі балаларға халықтық педагогикасының маңызы
2. 1. Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың бағыттары
Балабақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді.
Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдер, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине заман талаптарына сай, бірақ ең бастысы рухани адамгершілік тәрбие - тәрбиенің бастамасы екендігін ешқашан ұмытпағанымыз дұрыс.
Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру - бүгінгі күннің басты сұранысы. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден бір жолы - өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады. Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында-ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиеленудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді.
Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Егемендігіміз баянды болып, ел ертеңі жарқын болсын десек, ұлт ұрпағына дұрыс тәрбие беру - парыз! «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», -деп М. Әуезов айтқандай
тәрбиелеп отырған жас жеткіншекке бала деп қарамай, кішкентай күнінен бастап оның елін сүйер бүлдіршін, ұлтын ұлық тұтар ұлан, мақта-нышымызға айналар отаншыл азамат болып қалыптасуына тырысуымыз қажет. Бала бойына тәрбиенің ұрығын себетін, ең алдымен, ата-анасы болса, одан кейін, балабақшасы. Тіпті есін білер-білмес шағынан бастап күнұзаққа балабақшада жүретін бала үшін балабақшаның ықпалы басымдау десек те болады. Ендеше, балабақшаларымыз балалардың ұлтына сай азамат болып қалыптасуы жолында тәлімді тәрбие бере алып отыр ма?!
Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі,
көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасынаң мектепке дейінгі ұйымда - тәрбиешіден талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы - бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі - сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық.
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің тарихи - әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қауымдық, халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескерту арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үрдісінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке деген дайындығын қарастырады.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің бірден-бір парызы.
Қазірге кезде өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор.
Халықтық педагогика - ұлттар мен ұлыстардың ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық өдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілерінің жиынтығы.
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері бағдарламаларға сүйене отырып, өзіміздің білім мен тәрбие беріп отырған мектебімізде халық педагогикасы негізінде жұмыстар жүргізіледі. Әр саланы, бөлімді оқыту кезінде қазақ халқының
тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, үлгілі дәстүрлермен шебер ұштастырып, бала бойына ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезім қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да пәрменді жүргізуге күш салу әр тәрбиешінің басты міндеті.
Қазіргі таңда қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы серпінді өзгерістер білім беруді әлемдік кеңістікпен ықпалдастыру талабын қойып отыр. Жаһандану дәуірінде ұлт ретінде жойылып кетуге соқтыруы мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану және халықтық тәжірибеге тән тәрбиенің мазмұнын сақтап қалу үшін өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды зерделеуге, рухани құндылықтарымызды саралап, оны білім беру жүйесіне кешенді ендіру арқылы ұрпақ тәрбиесін ұлттық негізде құруға басты мән беру өте маңызды. Қазақ халқының тарих қойнауында қанша ғасыр өтсе де, тәлім- тәрбиелік мәнін жоғалтпаған ұлттың болмысына, сана-сезіміне, тұлғалық сипатына сай жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар қатарына жататын асыл дүниелер бар екені белгілі. Осындай рухани құндылықтарды тәрбиенің мазмұнына арқау ету жетілген тұлғаны қалыптастыру мәселесі педагогика ғылымының тарихына жаңаша көзқарасты қажет етеді.
2. 2. Халықтық педагогиканың бала сана-сезімін
қалыптастырудағы орны
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің бірден-бір парызы.
Қазірге кезде өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор.
Халықтық педагогика - ұлттар мен ұлыстардың ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық өдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілерінің жиынтығы.
Бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, өз ұрпақтарымызды адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі қасиетті, ар ожданды қылып өсіру тәрбиешінің, ата-ананың басты міндеті. Сондықтан саналы, салауатты, халқымыздың барлық дәстүріне, әлем мәдениетіне қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына және мектепке дейінгі ұйымдағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты.
Қазақстан Республикасының білім беру саласы бүгінгі басты міндеттерінің бірі-ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жас бүлдіршідерге терең білім мен тәрбие беру керек деген. Мектепке дейінгі тәрбиенің 2009 жылғы жаңа оқу стандарты бойынша «Біз мектепке барамыз» бағдарламасында ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени -тарихи дәстүрлері кезінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарын дамыту міндеттері кіргізілген. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері бағдарламаларға сүйене отырып, өзіміздің білім мен тәрбие беріп отырған мектебімізде халық педагогикасы негізінде жұмыстар жүргізіледі. Әр саланы, бөлімді оқыту кезінде қазақ халқының
тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, үлгілі дәстүрлермен шебер ұштастырып, бала бойына ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезім қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да пәрменді жүргізуге күш салу әр тәрбиешінің басты міндеті. Осылайша сәбилерді тәрбиелеудегі бала қабілетін күнделікті тіршілікағымына бейімдеу, алдағы өмірге икемдеу, табиғи дарындылықты қалыптастыру және одан жоғары барлық адамгершілік қасиетті дамытуда бала ойнаған ұлт ойындары өмір бастамасы болып, үлкендердің өнегесінен тәрбиелік мінез-құлық қалыптастырады. « Бесік жырынан » бастап ұлттық ойындардың барлығы - халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге бейімдейді. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса, баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болады. Яғни ойын кезінде өнеге-өсиетті сөздер қолданылып, осы негізде баланың бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек ойын әр түрлі әрекетке, қозғалысқа, дене шынықтыруға ғана әсер етіп қоймай, өмірдің рухани азығы - үлкеннің барлық қасиетін, баланың жан дүниесіне
әсерететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға бағытталады.
Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.
Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Біз ұлттық салт-дәстүрді қалптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім-білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесесіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырамыз. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.
Халықтық салт-дәстүр - қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие - тұтас дүние. Оның мақсаты - адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.
Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтын аян. Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр - халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы.
Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. Жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz