Музыка және музыкалық тәрбие беру әдістемесі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: « Музыка және музыкалық тәрбие беру әдістемесі»

Тақырыбы: Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері

Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру»

Біліктілігі: 0101013 « Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі»

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі : Камрадинова Б. Д.

Кафедра меңгерушісі: Рашева Ж. Ж

Есік қаласы, 2014 жыл

Курстық жұмыстың мазмұны

Теориялық бөлім

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

БІРІНШІ ТАРАУ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

  1. . Балабақшадағы музыка сабағының- теориялық маңызы

мен міндеттері . . . 4-9

  1. . Балабақшадағы музыка пәні мұғалімінің ролі . . . 10-11
  2. . Музыкалық тәрбиенің әдіс тәсілдері . . . 12-15
  3. . Музыка сабағындағы әр түрлі іс- әрекеттердің түрлері . . . 16-17

ЕКІНШІ ТАРАУ

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКА САБАҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

2. 1. Музыкалық тәрбие берудің әдіс тәсілдері . . . 18-20

2. 2. Музыкалық ырғақты қыймылдарға үйрету . . . 21-23

Практикалық бөлім:

1. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті . . . 24-29

Зерттеу бөлімі

  1. Зерттеу әдістемесі . . . 30
  2. Зерттеу хаттамасы . . . 31
  3. Әдістемелік нұсқау . . . 32

Қорытынды . . . 33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 34

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, практикалық, зерттеу бөлімдерден, қорытынды және әдебиеттер тізімімен әдістемелік ұсыныстардан тұрады.

Кіріспе бөлімде. Жұмыстың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері және басқада ғылыми ақпарат айқындалады.

Негізгі бөлім . Екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда оқытуды ұйымдастырудың формалары және теориялық мәселелер қарастырылады.

Екінші тарауда музыкалық сабақтың негізгі формалары жеке дара, топтық және ұжымдық танымдық іс- әрекеттер қарастырылады.

Практикалық бөлімде. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі жүргізілген тақырыптарға сәйкес зерттеу жұмыстары қарастырылады.

Қорытынды бөлімде. Музыкалық жұмыс бойынша айтылған ой пікірлер тұжырымдалып, негізгі түйіндер жасалады. Зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ұсыныстар беріледі.

Кіріспе:

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміз егемендік алып, Қазақстан өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқалы жеткіншектерімізге жеткілікті көңіл бөлінуде. Бүлдіршіндерімізді жан- жақты етіп тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, мейірімділікке, әсемдікті сүюге тәрбиелеуде музыканың алар орны ерекше. Баланың музыкалық мәдениетін, эстетикалық талғамын, ұлттық сана- сезімін қалыптастыруда сөзбен жеткізе алмайтын әсемдікті музыка тілімен жеткізуге болады. Балалардың ой- өрісін, талғампаздығын, есту қабілетін арттыруда атқаратын рөлі зор. Музыкалық тәрбие беру әдістері мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық жағынан жетілдіріп, тәрбиелеудегі қызметтің барлық түрінде сенім мен жүйелі жаттықтырудың қажеттігін айқындайды. Тәрбиеші мен балалар арасындағы қарым - қатынасты, ересек адамның балаға музыка туралы қарапайым білімдерді үйретіп, оның музыкалық қабілетін дамытуға көмектесетін практикалық дағды мен шеберлікті меңгеруіне мүмкіндік туғызатын мақсаты іс- қимылдарды оқыту әдістері деп түсіну керек. Балалардың ән айтуда, би билеуде, аспапта ойнауда белсенділік танытуына және музыкалық- эстетикалық дамыту саласындағы тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешуне көмектеседі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Болашақ музыка жетекшілері мен тәрбиешілердің эстетикалық педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру арқылы талдау, зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеті:

1. Мектеп жасына дейінгі балаларға алуан түрлі музыкалық шығармалрмен таныстырып, алған әсерлерін байыту.

2. Балалардың эмоциялық әсер алғыштығын, дыбыстың биіктігін айыра білуін, ырғақты сезінуін дамыту.

3. Балаларды музыкангың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер тәрбиеші жан- жақты болса тиімді жоспар құрып, нәтижелі сабақ өткізе білсе онда балалардың шығармашылық қабілеті, музыкаға деген ынта жігері жоғары болары анық.

Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар

Зерттеу базасы: Талдықорған қаласы, Көксу ауданы, Алғабас ауылы, «Балауса » бөбек - жай балабақшасы.

БІРІНШІ ТАРАУ

Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру

1. 1. Балабақшадағы музыка сабағының-теориялық маңызы мен міндеттері

Балабақшадағы мақсатты бағытталған және жүйелі қойылған музыкалық білім беру жұмыстары музыка сабағында іске асырылады. Пәннің аталуынан-ақ оның басқа пәндерден айырмашылығы бар екендігін анықтауға болады. Баланың музыкамен айналысуындағы алғашқы қадамы мектепке дейінгі кезеңде басталады. Ол теледидардан, балаларға арналған мультфильмдер мен музыкалық хабарларды көріп эмоцияланады, әсер алады. Ол музыка тыңдай отырып, ырғағына сәйкес қимылдар жасап қуанышқы бөленеді. Егерде бала мектепке дейін бала-бақшасында тәрбиеленсе, онда баланың эмоционалды қабылдауы, музыкалық есту қабілеті, ән айтуы, музыкалы-ырғақтық қимылдар жасауы, балаларға арналған аспаптарда орындауы сияқты бастапқы дағдылар дамиды.

Балабақшада музыка сабағының мақсаты, балалардың музыкалық тыңдау қабілеттерін, мәдениетін қалыптастыру. Өйткені, бүгінгі күннің баласы болашақтағы өзінің қызығушылығы мен талғамын білдіретін тыңдаушы.

Музыкалық шығарманы қабылдау-әр түрлі әсерленушілік, белгілі бір эмоцияның пайда болуы, теңеулер (сравнения), ассоцияциялардың (айырым психика- жүйелік процестер арасының байланыстылығы) әсерінен пайда болған күрделі психикалық процесс.

Қабылдау негізінде балалар музыка өнеріндегі әр түрлі шығармалардың түрлерін, белгілі бір жанрда, формада екендігін, музыкалық сөз элементтерін түсіне алады.

20 жылдардағы музыкалық өнерді қабылдау «музыка тыңдау» атағын алды. ҰҚабылдау процесі тек музыка тыңдаумен шектелмейді, оған талдау, түсіндіру қосылады. Қабылдау процесі дұрыс ұйымдастырылған тәсілдер арқылы балаларды музыкалық өнерге тарту қажеттілігі алғашқы бағдарламалық құжаттарда берілген. «Музыка біртұтас еңбек мектебінде» бағдарламасында балалардың музыканы қабылдауы мен сол музыка әсерінен пайда болған эмоциялық әсерленудә дамыту бірінші орынға қойылды. Мұнда балалардыңмузыка тілі туралы тиісті білімін қалыптастыру, орындаугылық шеберлік пен дағдыны музыкалық құбылыстарды терең ұғынып қабылдау арқылы дамытуға ерекше көңіл аударылады. «Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыка сабағын өту жоспарында» музыка тыңдату музыкалық әрекеттің міндетті түрі ретінде қарастырылады, осы салада жұмыс істеу әдісі қарастырылады.

Сондай ақ музыкалық қабылдау процесіне мүлде өзгеше көзқарас пайда болды. Олардың балабақшада музыка сабағын ұйымдастыру мәселесі де басқаша. Мұның себебі 20жылдардағы мектепке дейінгі педагогикаға «еркін тәрбие» беру қатты әсер етті. Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі III-бүкілроссялық сьезде жалпы мектепке дейінгі педагогиканың негізгі мақсаты тұжырымдалды, жеке тұлғаның творчестволық (шығармашылық) потенциялын дамытуға ғана көңіл бөлінеді. Баланың дамуындағы музыкаға оқытудың қаншалықты роль атқаратыны туралы айтылмайды.

Көркемдік тәрбие беру жөнінде Г. Рошальдің баяндамасында қарастырылды. Оның ойынша көркемдік тәрбие беру процесі балаларды не болса соған қабылдауға қинамау және нақты анықталған ереже салттарымен жүрмеуге, керісінше бағдарламаның творчестволық күшін өзіне ашып беруге бағытталады. Автор үшін музыканы тыңдау тек ән арқылы, яғни, бір топтың баласы, екінші топқа ән орындау түрінде өткен дұрыс, аспаптық шығармаларды өте сирек тыңдату керек.

Педагог баланың шығармашылығын музыканы қолдану арқылы еркін театрландырылған ойымен дамыту керек дейді.

Алайда педагогтың көбісі музыкалық тәжірибені меңгерудің басқа түрлерінен гөрі музыка тыңдатудың міндетті түрде қажет екендігін дәлелдеуге тырысты.

В. Н. Шацкая, музыка тыңдау процесі арқылы музыкалық есту дамиды, музыка өнеріне деген жағымды көзқарас қалыптасады, көркемдік талғамы дамиды, эстетикалық баға беру қабілеті тәрбиеленеді. Нәтижеде дамыған музыкалық қабілеттілік (зеректік) баланың жан-жақты музыкалық дамуының негізі бола алады.

Н. Брюсова, «музыкалық мектепте» статьясында музыканы қабылдау мәселесіне байланысты мына жайды атап өтеді. Музыка өнері саласында баланың талғамы мен қажеттілігіне байланысты музыка тыңдау табиғаиынан жасы өте төмен балаларға тән. «Баланың музыка тыңдауды өтежақсы көретіні анық. Балаларға түсінікті, маңызды музыканы тыңдатпауды елестету қиын».

В. Каратыгин, баланы музыкаға тартудың үш негізгі әдістерінің маңыздысы-тыңдау. Автор әдебиеттен ұқсастықты (аналогия) анықтайды; кішкентай бала үшін қабылдаудан басталады. Кейін бала грамматиканың, синтаксистің ерекшеліктерін меңгереді. Ойын анық бейнелі түрде жеткізуді үйренеді. Қабылдаудан шығармашылыққа дейінгі жролы В. Каратыгин кез-келген өнер түріне тән екендігін ерекшеатап өтеді.

Музыканы ұйымдастырылған түрде бақылау процесі барысында баланың есту дағдысының дамуының қажеттілігі туралы. В. Асафьев те жазды. Бұл баланың табиғи естуде (ырғақ, интервалика, немесе темп, колорит немесе тембр), оқушының эмоционалды мазмұнында (толықтығында), көрініс (выражение) пен бейнелеудің (изобр. ) символикалық мәнінде (звукозаписи) еркін жөн табуына (ориентир) көмектеседі. Сонымен қатар музыка тыңдау орындаушылық қабілеті жоқ балалар үшін музыка өнері туралы информация алуға, музыкалық құбылыстардың мазмұнын, ондағы болып жатқан процестердің дамуын түсінуге болатын жалғыз ғана тәсіл.

Музыкамен және музыкадағы қабылдау-ойлау процестері.

Жоспар:

Есту-әсерлену-түсіну жүйесі.

Эстетикалық эмоциялар-музыкалық ой актісінің серігі.

Музыкадағы сезім және эмоциялар.

Эстетикалы және негізгі эмоциялар.

Музыкадағы шығармаларжың арақатынасы.

Музыкалық қабылдауды қалыптастыру-маңыздылығы, мақсаты, мазмұны бар музыкалық әрекет. Н. Черноивикенко музыканы қабылдау мәселесіне байланысты «музыкалық қабылдауды қалыптастыру музыкалық тәрбиенің негізгі мақсатарның бірі» дейді.

Музыкалық қабылдаудың дамуы музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты. Бала кішкентайынан эмоциясына әсер ететін әр түрлі музыканы тыңдайды. Балабақшадағы музыка сабағының жүйелі түрде өтілуіне байланысты балалардың көбіне музыкалық қабылдауының дамуы мектептен басталады.

Баланың классикалық музыканы қабылдауы үшін, тек тыіңдатып қана қоймай аспаптық және вокалдық әндердің жеңіл-оңайын айтқызу керек.

Гродзенская «қиын емес әуенді айту, қабылдау мен түсінудің интонациялық қорын жинайды».

Сахналық шығармаларды қабылдау (опера, балет) телевидение арқасында кеңееді. Музыканы қабылдауға қажетті музыкалық есту, елестетуін (музыка, слух, представление) дамыту тек тыңдау ғана емес, сонымен қатар баланың вокалдыұ импровизациясы (суырып салма) барысында да дамиды. Жақсы педагог, баланың музыкалық дағдыларын дамыта отырып, ең негізгі-музыканың мазмұнын эмоциялық әсерленушілік арқылы тыңдау, сезіммен орындауды тәрбиелеу керек.

Музыкалық қабылдауды дамыту үшін баланың музыкалық талғамын қабылдауға дайындық деңгейін, эмоциялық әсерленушілік дәрежесін білу қажет.

Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, балалардың музыканы тереңірек түйсіну, музыка арқылы беріліп отырған ойды, сезімді түсіну мүмкіндіктерін туғызады.

Музыканы қабылдау баланың рухани өміріне, жақсы мінез-құлық қасиеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Т. В. Нагорнаяның «мектепке дейінгілердің музыканы қабылдауын дамыту» (1985 ж) статьясында «Музыканы қабылдауды дамытудың маңыздылығы-балаларды музыканы сүюге, түсінуге үйретуде »-дейді.

Балаларды оқыту процесі, соның ішінде музыка тыңдату белгілі бір әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау процесінің басқармасы 20 жылдары қандай әдіс-тәсілді ұсынды?

«Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыка сабағын өту жоспарында» музыкалық жұмысты ұйымдастыру процесінде педагог музыкалық қабылдауың синтездік (анализге қарама-қарсы логикалық процесс) сипатына жүгінуі керек.

Бала музыканы екі тәсілмен қабылдайды: алдымен сезіммен, терең, орындаудан кейін белгілі бір эмоция пайда болады, одан кейін ассоциация (жүйелік процестер арасындағы байланыстар), сөз арқылы, көру арқылы және маторлы.

Қабылдаудың ассоциациялық тәсілі баланың музыкалық құбылыстың мазмұнын түсінуді жеңілдетеді. Мектепке дейінгілермен жұмыс барысында музыкалық құбылыстарды қабылдау көрнекілік арқылы, көзбне көру арқылы, сөз арқылы жүзеге асырылатынын білдік. 20 жылдар кезеңінің педагогтары музыкалық құбылыстарды ұғыну негізі мазмұны нақты, бейнелі орындау, онсыз балалардың эмоциялық әсерлануі мүмкін емес (Асафьев, Каратыгин, Шеншин) .

Әңгімелесу, түсінік беру сұрақтарды дұрыс қою сияқты тәсілдерді қолдану ұсынылды. Бұл әдістерді қолдану барлық педагогтардың ұсынысы деп айту қиын. Сондықтан Б. Асафьев: «өз өнеріне ғашық музыканттың ойынша музыка ұлы маңызды күш болғандықтан өзі үшін өзі тұра алады. Биік дәрежеге жеткен олар шыңына жету қиындығын ұмытып кетеді» дейді.

Музыканы уақыттан және кеңістіктен тыс ойлаудың мүмкіе еместігін Б. Асафьев ерекше көрсетеді. Сондықтан ол туралы әңгіме әр түрлі сфераларды қамти алады: тарихи, қоғамдық, аккустикалық, бірақ балалармен әңгімелесуді қолдану сақтықты талап етеді. Музыка жайлы айтып отырып талдаудың асқан дәлдік деңгейіне өту оңай. Бұл музыкалық бейненің бұзылуына әкеліп соғады.

Музыкалық білім жүйесінің аспектілері.

2. Музыка-педагогикалық қатынастың психологиясы.

3. Тұтастықтардың коммуникациясы: ұстаз тұлғасы, оқушы тұлғасы, музыка.

4. Педагог музыканттың ерекшеліктері.

5. Жеке және топ сабақтары.

Балаларға музыкалық білім беру процесін ұйымдастыру оқытудың негізгі мақсаттарының нақты тұжырымды болуын ғана емес, сонымен қатар музыкалық жұмыс тиісті түрде өтілуін анықтауды және балалардың музыкалық тәжірибені меңгерудің негізгі әдіс-тәсілдерінің орнатылуынталап етеді. 20жылдар кезеңінде музыка саласыны мамандарының еңбектерінде бұл мәселелер ерекше орын алады. Бұл уақытта музыкалық тәрбие мен музыкалық дамудың әрекеттестігі (екі жақтың өзара қатынасы) туралы сұрақ әлі шешілмегендігін ескеру керек. 20 жылдардағы педагогика «еркін тәрбие беру теориясының» әсерін басынан кешірді, педагогикалық процесті басқару жөніндегі сұрақ еленбеді. Мұндай тенденциялар (негізгі ой-мақсат) музыкалық-педагогикалық еңбектерде кездеспеді. Музыкалық жұмысты өтудің көлемін талқылай отырып, мамандар музыкалық тәрбиені бала бақшада, топтық сабақтарда жүзеге асырылуы керек деп шешті. Сабақ өтілу әдістемесі жасаралық ерекшелікке байланысты түзілу керек.

М. Румер: «Алдын ала ұйымдастырылған сабаққа бірден кірісіп кету мүмкін емес. Алдымен

балаларды бақылау керек; ән репертуарынан қайсысын ұнататындығын біліп алу, одан кейін музыканы олардың іс-әрекет түрлеріне жақындату керек, мысалы: ойынға. Осыдан балалардың қызығушылығы артқан кезде барып арнайы ұйымдастырылған сабақты өтуге кірісу керек»- деді.

Музыка сабағын жиі өткізу жөніндегі сұрақ жан-жақты қарастырылды. Тәрбие берудің нақты зерттелген бағдарламасы, сондай-ақ музыка сабағын өту жүйесі, жоспары болған жоқ. Автордың ойынша мұндай тәсіл балалар психикасының спецификалық (ерекше) белгілерімен ақталады. Мысалы: назардың тұрақты болмауы, психикалық процестің жылдамдылығы мен икемділігінің болмауы т. б. «бала кездегі психикаға байланысты негізгі принцип қатал жүйелі бағдарламалардың болмауы, балабақшадағы музыка сабағының сапасын бағалаудың мүмкіндігінің болмауы; сабақтың нақты анықталған мазмұны мен шегінің (граница), бірте-бірте күрделенудің болмауы». Солай бола тұра, музыкалық жұмыстың ойынға немесе ермекке айналып кетпеуі үшін «жоспарлардың» авторлары балаларды оқытудың негізгі мақсаты мен мазмұнын ұсынады; аптасына неше рет, қанша уақыттан өтілу керектігін анықтайды, балабақшада қолдануға болатын музыкалық әрекеттердің түрлерін түсіндіреді.

В. Н. Шацкая музыка сабағының негізгі талабы қызығушылықты арттыру. Ол сабақты белгілі бір кестемен емес, көңіл-күйге байланысты өтуді көздеді.

«Музыка мектепке дейінгі мекемелерде» деген Н. Доломанованың еңбегінде керісінше, ол музыка сабағының нақты жоспарлануына ерекше көңіл бөледі.

Музыка сабағы аптасына 2-3 рет, нақты өтілетін күні, уақыты белгіленуі керек. Сабақ көңілдендіріп, шаттандырғанмен ермек үшін емес, адам өміріндегі орын алатындығын білулері керек, алдын-ала дайындалып, жинақталып және сабаққа зор құрметпен қарап, тіпті қастерлеу керектігін білу керек.

М. Румердің ойынша музыка сабағы жүйелі өтілумен қатар (аптасына 2реттен аспауы керек) балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытта өтілуі тиіс. Үш жасар баламен күнделікті өтуге болады, сабақ өту уақыт тәртібі нақты болудың қажеті жоқ. 4-5 жастағы баламен 10-15 минут, 5-6 жастағымен 10-12 минут, 7-8 жастағымен 30-40 минут. Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыкалық жұмысты ұйымдастырудың маңызды сұрақтарының бірі-балалардың әлеуметтік-музыкалық амал-тәсілдерді меңгеруі, сондай-ақ түсінуге оңай музыкалық әрекеттердің түрлерін меңгеру.

Алайда 20 жылдар кезеңінде музыка өнері балалардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруын барлық педагогтар қарастырған жоқ. Мысалы: Н. Доломанова «таза өнер теориясы» өкілдер позициясында тұрған. Ол «музыка баланы шынайы өмір қиындығынан қиял әлеміне, өмірдің рухани сұлулығына әкетуә керек» дейді. Музыка өмірге қуаныш, шаттық береді. Бұл жерде автор музыка өнерін қоғамдық қасиет тәрбиелеу құралы ретінде көрмей, музыкалық тәрбиенің негізі «балаға сұлу музыкалық атмосферақұрып, қалайда оны жаман музыкадан сақтап қалу» деп біледі.

Көптеген педагогтардың еңбектерінде балалармен музыкалық эстетикалық жұмыстың жалпы бағыты толық беріле тұрса да, 20жылдың басында музыкалық тәрбие жүйесі құрылмады, дегенмен, осы уақытта алғашқы бағдарламалар қарастырылды, мұнда музыкалық педагогика сұрақтары қарастырылды, бірақ оқу тәрбие мақсат-міндеттері нақты анықталмаған.

«Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыка сабағын өту жоспарында» авторлар музыкалық жұмыстың жалпы бағытын белгілеген, мазмұнын ашпаған.

Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыкалық сабақ мақсаты әлемнің дыбыс сұлулығына бала жанының алғашқы жанасуын (касание) орнату, музыкалық поэзияға деген тікелей қатынасты (отношение) ояту, музыкалық форма мен балалық әсерленушілік сферасы арасындағы байланысты орнату.

Осы зерттелу кезеңіне мектепке дейінгі және мектептегі педагогиканың бір-бірімен тығыз байланыстылығы тән болды. Сондықтан орта мектепте музыкалық тәрбие беру мәселесін қарастыратын жеке жұмыстар мен бағдарламалық құжаттар назардан тыс қалып кетпеуі керек. Сол кезде қозғалған мәселе тек жастары өте кіші балаларға арналған.

«Біртұтас еңбек мектебінде музыка және ән айту» (1919) осы құжаттардың бірден-бірі. Мұнда балаларға музыкалық тәрбие берудің мақсаты:

  • музыканы қабылдау және музыка әсерінен пайда болған эмоцияны бастан кешіру қабілеттерін дамыту;
  • музыкалық қабілеттер мен ептілікті (умение) дамыту;
  • қажетті білімді меңгеру

Осы жылдардағы жалпы музыкалық білім беру қажеттілігі туралы сұрақ көтерілді.

Осыған орай музыкалық тәрбие беру процесін жаңа тәсілдер құрылды; балалардың музыкалық сауатын ғана ашпай және орындаушылық дағдыны қалыптастырып қана қоймай, музыкаға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеу, тыңдай білу қажеттілігін, өңдеуге тіпті шығаруға (сочинять) тәрбиелеу (Б. В. Асафьев, Н. Н. Брюсова, В. Н. Шацкая, А. А. Шеншин) .

1. 2. Балабақшадағы музыка пәні мұғалімінің ролі .

Кез-келеген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері болады. Музыка мұғалімінің де өзіне тән ерекшелігі бар. Музыка мұғалімі әрдайым шығармашылық ізденісте жүреді. Өйткені ол оқу тәрбиелік жұмыстарын жүргізе отырып, балалардың көзқарастарын, сенім-нанымдарын, талғамдарын қалыптастырады. Ол тек жан жақты дамыған білімді, өз пәнін жақсы меңгерген маман иесі болып қана қоймай, жеке тұлға болуы тиіс.

Музыка өнері арқылы балаларды тәрбиелеуде оның дүниетанымдық көзқарасының, түсінігінің мәнділіші қажет. Бұл мамандықты қалаған мұғалім әрдайым өзінің музыкалық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде болуы тиіс. Мұғалімнің музыкалық аспапта орындауы, дауысымен еркін ән салуы сабақтың қызықты әрі әсерлі, мазмұнды өтуіне септігін тигізеді. Әсіресе қажет болған жағдайда тактіні, музыкалық сөйлемді қайта қайталауға ыңғайлы болады. Сонымен қатар балалардың өздерінің орындауға қызығушылығын ар ттырады. Музыка мұғалімі кез-келген сауатты музыкант ретінде музыкалық әдебиетті, музыканың тарихын, музыка тілінің ерекшеліктері мен заңдылықөтарын талдай білуі тиіс. Сондай-ақ қоғамның дамуына байлансты музыкалық өнердің маңызын, оның басқа да өнер салаларымен, атап айтқанда әдебиетпен, бейнелеу өнерімен байланысын түсінуі қажет.

Қазіргі заман талабына сай бұл маман иелерінің алдында көптеген талаптар қойылуда. Қазіргі уақыттағы жүргізілген педагогикалық еңбектің психологиясынң зерттелулеріне сүйенсек, музыка мұғалімінің қызметінің келесі қажетті жақтарын атауға болады. Зерттеушілік (музыкалық шығармаларға және өнердің басқа түрлеріне шығармаларына талдау жасау, әріптестерінің оқушылардың тәжірибелерін зерттеу, өз еңбегін талдау; өз жұмыснад қолдану мақсатындағы ғылыми жәнге әдістемелік әдебиеттерді зерттеу), Проектілеу (оқушылапрдың эстетикалық тәрбиесіне бағытталған оқу тәрбиелік міндеттерді, олардың білімді меңгеруді дағдыларымен іскерліктерін қалыптастыруды, олардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды жоспарлау) ; Конструктілеу (сабақтардың, сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық сабақтарды құрастыру) ; Коммуникациялық (оқушылармен қарым-қатынасты сенім мен сыйластыққа негізделіп жасау, оқушылардың алдында беделді болу) ; Ұйымдастырушылық (оқу тәрбиелік міндеттерді іс жүзінде шешу) . Әрине осының барлығы мұғалімнің жұмыснда байланысып, оқушыларға музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бағытталады. Музыка мұғалімінің бойында зерттей білу дағдылары болуы тиіс. Ол музыкалық шығармаларды балаларға әсер етуіне байланысты таңдап, талдайды, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың музыканы қабылдауларын зерттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы
Музыкалық тәрбие эстетикалық тәрбиенің ерекше саласы
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz