Бейнелеу өнері және әдістемесі



Тақырыбы: «Бейнелеу өнері және әдістемесі»

Курстық жұмыстың мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Қолданбалы сәндік өнердің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.7

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ ТАРАУ
2. 1.Балабақшада бейнелеу өнерін оқытудың маңызы мен мақсаты ... ... ..8.9

2.2.Оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.13

2.3.Балабақшадағы бейнелеу өнерінің оқытудың маңызы
мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.20

ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Сабақ жоспарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.28
Зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Әдістемелік нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31.32

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Сәндік қолданбалы өнер (декоративті) бұл өнер өзіндік эстетикалық ерекшелігі бар, тұрмыста, еңбекте ұдайы қажеттілікке ие өнер. Сонымен қатар ол тұрғын үйлерді, архитектуралық құрылыс орындарын , алаңды , саябақты әшекейлеу үшін де қолданады. Әсіресе осы өнер түрі біздің елімізде өте ерте дамыған. Өздерің білетін әшекей бұйымдар (сырға, сақина , т .б.) ұлттық киімде, қару-жарақтар, ұлттық музыкалық аспаптар, киіз үйіміз, оның ішінде жиһаздар, ұлттық ыдыс-аяқтар –осының дәлелі «Қол өнер-молөнер»-деп халқымыз бекер айтпаған.
Мақсаты: Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрінің бәрі бар. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың назарын аудара білу керек.
Болжамы: Сәндік—қолданбалы өнердің адамның сана- сезімінің негізінен және практикалық мәнділігін түйсінуден, одан өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде, сонымен тығыз байланыста, танып білуден жалықпай, оны одан жетілдіруден туындап жатқан, адам өміріне қажетті өзі тұратын ортаның табиғи шикі заттарын жаңа қоғамның сұранысына орай заттар мен бұйымдарды жаңа технология негізінде жасай білуге ықпал ететін әдіс-тәсілдердің жиынтығы жатады.
Міндеттері:
1. Ою-өрнекте балалардың ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамыту.
2. Балалардың жас ерекшелігіне қарай сәндік өнердің маңызын оны қолдану жолдарын дұрыс таңдап алу.
Зерттеу пәні: бала бақшадағы қолданбалы сәндік өнері
Зерттеу обьектісі: мектеп жасына дейінгі балалар.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері. Алматы 1992ж. Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері. Алматы «Қазақстан» 1995ж.
2. Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы «өнер» 1986ж том1, том2, том3.
3. Нұрғалиев Н. Шаңырақ-үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1989ж.
4. Рондели Л.Д. Народное декоративно-прикладное искусство. Алма-Ата 1984г.
5. Әмірғазин Қ. Қолданбалы көркем өнер. Алматы «Рауан» 1992ж.
6. Қазақстан мектебі. Халықтың қолөнер туралы. Алматы 1991ж №7 63-65 беттер.
7. Ералина А. Халық шеберлері шығармашылығын оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану. Шымкент 1997ж.
8. Тәжімұратов Шебердің қолы ортақ. Алматы
9. Арғынбаев.Х. Қазақ халқының қол өнері ғылыми зерттеу еңбектері. Алматы. Өнер 1987 ж.128 бет.
10. Әбдіғаппарова Ү.М. Қазақтың ұлттық ою өрнектері. (оқу құралы) Алматы.Өнер. 1999ж 152 бет.
11. Еспенбетов.Б. Оқушыларды халықтың қолданбалы өнеріне баулу. Бастауыш мектеп. № 9; 10 бет. Алматы 1988ж.
12. Еспенбетов.Б. Ұрпағымыз ұмытпасын. Бастауыш мектеп. № 1; 27-28 бет. Алматы 1990ж.
13. Еспенбетов.Б. Халықтың қол өнері туралы. Қазақстан мектебі № 7 63-65 бет. Алматы 1991 ж.
14. Народное декоративно-прикладное искусство казахов.
15. Под.ред. Н.Б.Нурмухамедова. Аврора 1970 г. 207 стр.
16. Казыханова Б. Эстетическая культура Казахского народа. Алматы; Қазақстан 1973 г. 223 стр.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Бейнелеу өнері және әдістемесі

Курстық жұмыстың мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Қолданбалы сәндік өнердің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..4-7

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ ТАРАУ
2. 1.Балабақшада бейнелеу өнерін оқытудың маңызы мен мақсаты ... ... ..8-9

2.2.Оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-13

2.3.Балабақшадағы бейнелеу өнерінің оқытудың маңызы
мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-20

ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Сабақ жоспарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-2 8
Зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Әдістемелік нұсқау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1-32

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Сәндік қолданбалы өнер (декоративті) бұл өнер өзіндік эстетикалық ерекшелігі бар, тұрмыста, еңбекте ұдайы қажеттілікке ие өнер. Сонымен қатар ол тұрғын үйлерді, архитектуралық құрылыс орындарын , алаңды , саябақты әшекейлеу үшін де қолданады. Әсіресе осы өнер түрі біздің елімізде өте ерте дамыған. Өздерің білетін әшекей бұйымдар (сырға, сақина , т .б.) ұлттық киімде, қару-жарақтар, ұлттық музыкалық аспаптар, киіз үйіміз, оның ішінде жиһаздар, ұлттық ыдыс-аяқтар - осының дәлелі Қол өнер-молөнер-деп халқымыз бекер айтпаған.
Мақсаты: Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрінің бәрі бар. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың назарын аудара білу керек.
Болжамы: Сәндік -- қолданбалы өнердің адамның сана- сезімінің негізінен және практикалық мәнділігін түйсінуден, одан өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде, сонымен тығыз байланыста, танып білуден жалықпай, оны одан жетілдіруден туындап жатқан, адам өміріне қажетті өзі тұратын ортаның табиғи шикі заттарын жаңа қоғамның сұранысына орай заттар мен бұйымдарды жаңа технология негізінде жасай білуге ықпал ететін әдіс-тәсілдердің жиынтығы жатады.
Міндеттері:
1. Ою-өрнекте балалардың ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамыту.
2. Балалардың жас ерекшелігіне қарай сәндік өнердің маңызын оны қолдану жолдарын дұрыс таңдап алу.
Зерттеу пәні: бала бақшадағы қолданбалы сәндік өнері
Зерттеу обьектісі: мектеп жасына дейінгі балалар.

1.1 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Сәндік қолданбалы өнер (декоративті) бұл өнер (латынша dekorare-әшекейлеу) өзіндік эстетикалық ерекшелігі бар, тұрмыста, еңбекте ұдайы қажеттілікке ие өнер. Сонымен қатар ол тұрғын үйлерді, архитектуралық құрылыс орындарын , алаңды , саябақты әшекейлеу үшін де қолданады. Әсіресе осы өнер түрі біздің елімізде өте ерте дамыған. Өздерің білетін әшекей бұйымдар (сырға, сақина , т .б.) ұлттық киімде, қару-жарақтар, ұлттық музыкалық аспаптар, киіз үйіміз, оның ішінде жиһаздар, ұлттық ыдыс-аяқтар - осының дәлелі Қол өнер-молөнер-деп халқымыз бекер айтпаған. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Осы саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар: С. Қасиманов , Ө.Жәнібеков, Х. Арғынбаев, Д. Шоқпаров т. б кездеседі. Сәндік қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де, бейнелеу өнерінің маңызы зор .Қазақ халқының аса сәндік, көркемдік мұралары- талантты шеберлер қолынан шыққан көркемөнер шығармасы. Ол халық өнерін одан әрі қарай зерделеп, өнерді үйренуге қажетті материал ретінде де, сәндік өнерді кәзіргі заман талабына сай дамыту үшін де кеңінен пайдаланылады. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер кәзіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден ерекше шығармаларды дүниеге әкеледі. Оңтүстік қазақстан облысының шеберлері ұлттық дәстүрді жалғастыра отырып, тоқыма және киіз кілем, алаша, басқұр, баулар жасайды.Кәзіргі заманғы суретшілер тері, ағаш, сүйек өңдеудің ескі технологияларын меңгеруде. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлілігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылды. Бүгінгі күні ағаштан жасалған әр алуан ожаулар, былғары торсық, саба, кілем және т.б. бұйымдар біздің үйімізді көркейтіп, жайлылық пен сән береді.
Қазақ Сәндік қолдабалы өнерінің тарихы және түрлері.
Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер
Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы
Өресі биік, өрісі кең өнер атаулының қай саласынан болсын
Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра
Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап
Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті,
Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге
Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.

Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман
Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды
Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ
Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының
Өрмек тоқу.Өрмек халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданылатын өте қарапайым

Қазақ Сәндік қолдабалы өнерінің тарихы және түрлері.

Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады.Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.
Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.
Өресі биік, өрісі кең өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.
Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызғада жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді.
Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті.
Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді.
Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады. Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т.б. бұйымдар) Ағаш , тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т.б.
Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.
Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды айтады.Қазақтың ұста, зергерлерікөркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер-міне осы дәлелі.
Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап кілем, сырмақ алаша, ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан, жіп есіп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеп отырды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз бақылту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер ер адамдарға тән іс және әйел адамдарға тән іс деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарады.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады.
Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерлер мен әйелдер бірлесіп атқарады.
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу).

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.БАЛА БАҚШАДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТЫ.

Жеке адамның жан-жақты және үйлесімді дамуы - өте маңызды мәселе бұл іске балалар бақшасы тәрбиешілерініңде қатысы бар. Эстетикалық тәрбие жүйесіне жататын тәрбиелеу жолдары бейнелеу ісі мен бейнелеу өнерінсіз адамның үй лесімді дамуы да мүмкін емес. Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты балалар бақшасында 1жастан 7жасқа дейінгі балаларды көркемдік тәрбиелеуге болашақ тәрбиешілерді даярлау. Балалардың жан - жақты дамуы мақсатында оқушылардың бейнелеу ісін қолдану арқылы үйренуі қажет. Бейнелеу жұмыстарын ұйымдастыруда айналаны бақылату, саяхаттар мен мақсатты серуендерге апару, көргендерін ой елегінен өткізіп, танымдық қасиеттерін дамыту, оны бейнелеу іс- әрекеті барысында бере білуге баулу дербестікке шығармашылыққа үйрету көзделеді Бейнелеу іс-әрекетімен айналысу барысында іскерлік дағдыларды меңгертуде заттық, сәндік және мазмұнды сурет салғызу, мүсіндеу, жапсыру кезінде баланың біртіндеп, бейнені күрделендіруін, қағаз бетінде дұрыс орналастыруын, мазмұн бере білуін қадағалау, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен әрекет етуге бағыттау.Оның ынта - ықыласын ескеріп,дербестікке; өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Еңбек нәтижесіне жетуде шыдамдылыққа, төзімділікке баулу. Іскерлік дағдыларды меңгертуде бейнелеу іс-әрекетінің түрлеріне қарай құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің жолдарын көрсету. Мектеп жасына дейінгі балалардың жұмысында олардың анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктерін, жұмыс көлемін, материалды таңідау,сабақтың ұзақтығы, оларды ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескеріп отырған жөн. Оқыту арқылы біз қоғамымыздың мұратына сай келетін қасиеттерді,жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, өз ұлтының, басқа халықтардың достық, ынтымақтастық рухында, өз халқының қолөнерін терең түсініп, еңбектену нәтижесінде қоғамдық пайдалы қызмет ету мәнін түсінуді,үлкендер еңбегіне құрмет, кішіге ізет, мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттерін еңбек әрекетіне қызуғушылығын арттырып, сүйіспеншілік сезімін тудыруға тәрбиелейді.Еңбек әрекетін ұйымдастыруда баланың өзінің ынтасының болуы, еңбек нәтижесін мадақтау, сендіру тәсілдері арқылы өз жолдастарының еңбегін бағалай білу, еңбекке деген көзқарастың болуы еңбекке бейімдеудің негізі болмақ. Балабақшада еңбекті ұйымдастырудың формалары:сабақ,күнделікті тұрмыста жеке дара үйрету, ойын тәсілдерін қолдана отырып балалардың өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыруға, тұрмыстық-шаруашылық еңбекке, табиғат аясындағы еңбек және қол еңбегіне баулу жұмыстарын жүйелі жүргізуге көңіл бөлу қажет.
Бала бақша реформасында балаларды еңбек тәрбиесін күшейту және қазіргі заманға сай өзіміздің ұлттық өнерімізге тәрбиелеу оларды үйрету оқу тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Демек балаларды өнерімізге тәрбиелеу олардың сан түрінің ерекшеліктерімен таныстыру керек. Бұл баланы елін, жерін сүюге, салт дәстүрін бағалай білуге үйретеді.
Қазақ халқы сонау ерте замандарда өмір сүрген ата-баба өнерінің қай түрін болсын қасиеттеп, қадірлеп, тіптен пір тұтып, көздің қарашығындай аялап сақтаған. Ұлттық мәдениет халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет ғұрпы, салт дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Оған қоса ғасырлар сынынан еленіп ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан халық мұраларындағы озық үлгілер жеке тұлғалық жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Сол себепті бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің оның айналасындағы тәлім-тәрбие мен тәжірибесі негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеудің қажеттілігі өсе түсуде. Осы қажеттілікті болдырмау үшін сәндік өнерді оқыту бала бақшадан бастау алу керек. Бала бақшада сәндік өнерді фундаменті қаланса онда оның өсуіне септігін тигізеді.
Халқымыздың қолөнерінің арнасы өте кең, түрі сан алуан. Халық өнерінен әсемдік пен сұлулықты жете түсініп, сүюіміз керек. Сәндік қолданбалы өнері - халықтың байырғы кәсібі болғаны белгілі. Сондықтан халықтың байырғы кәсібін 3 жастан бастап оқытса, сонда олар байырғы қазақ халқының өнерін ұмытпас еді. Бейнелеу өнері бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған өнер атасы.

2.2 ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қолданбалы сәндік өнер де бейнелеу өнерінің өзге түрлері сияқты балалардың сұлулықты сезіну қабілетін дамытады.
Қолданбалы сәндік өнердің бір түрі декоративті сурет салу. Халықтық декоративті өнеріне жататын туындылар балалар ұғымына өзінің әсемділігімен, композициясының қрапайымдылығымен өте жақын. Педагог балаларды еліміздің әр түрлі халықтардың, өлкелердің декоративті өнерімен таныстыра отырып, олардың бойында Отанға, әрі ғажап сұлулықтың жасампаз иелеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге тиіс.
Декоративті сурет салуға үйрететін педагогтың алдында мына төмендегідей міндеттер тұрады:
-әр түрлі формадағы ою-өрнектерді құруға байланысты композицияларды сезіне білетін қабілетті дамыту;
-түсті сезіну қабілетін дамыту;
-декоративті өнердегі әр қилы стильдерді айыра және ондағы кейбір элементтерді өз творчествасында пайдалана білу қабілеттерін дамыту
-қарындашпен, қылқаламмен жұмыс істеуде жинақтаған техникалық дағдыларын одан әрі жетілдіруі керек;
Педагог балаларды декоративті сурет салуды үйретуде олардың өрнек - нақыштардағы барлық компаненттердің бояулардың әр қилы түсімен, композициямен, форма элементтерімен өзара тығыз байланысын көре білу қабілетін дамытуға тиіс.
Бала заттардың бойындағы әшкейлі ою-өрнектердің, сол заттардың атқаратын міндетіне және формасына қарай өзгеріп отыратындығын сезе әрі түсіне білуге тиіс. Ол, міне сонда ғана безендірудің мәнін, орынды, мақсатқа сай екендігін және форма мен мазмұнның тұтастық байланысын түсінеді.
Балалар декоративті сурет салумен таныса отырып, симметрия және ритм деген ұғымдарды анық түсініп, ұғынып алуға тиіс. Өйткені, декоративті өнер ритм мен симметриясыз өмір сүре алмайды.
Декоративті сурет салуда түсті сезіне білу қабілетін дамыту маңызды міндет ретінде дараланады. Оюлы нақышта бояудың түсі композициясымен тығыз байланысты, ал ою-өрнекте олар бір-бірінен бөлінбейтін біртұтас бірлікте болады.
Әрине, мектеп жасына дейінгі балалардың түсті сезіне білу қабілеті ерте дами бастағанмен олар түстің үйлесу мүмкіндіктерінің бәрін бірдей меңгере алмайды.
Декоративті сурет салуда бояудың алуан түсін пайдалану міндеттері әрбір топтың өзінде ақ қиындай, күрделене түседі. Мұның өзі әуелде барынша ашық, анық қарама қарсы түстердің үйлесімінен басталады да, жұмсақ және суық түстердің әр түрлі реңктерін үйлестірумен аяқталады.
Бұл міндеттерді балалар қарапайым бейнелеу формаларын салуды меңгерген соң ғана жүзеге асыруды бастауға болады, себебі, олардың назарын жаңа міндетті шешуге, яғни керек формаларды белгілі бір тәртіппен орналастырылған әшекейлі өрнек алуға жұмылдыру қажет.
Балалар бейнелеу барысындағы алғашқы дағдыларды 1 және 2 кішкентайлар тобында берілген тапсырмалардың декоративті сипаты бар. Бірақ бұл сабақтардың негізгі мақсаты - әшекей өрнек жасау емес, қайта керісінше, түзу сызықтарды әр түрлі бағытта жүргізе білу дкғдыларын бекіте түсуді ғана көздейді.
Балалар декоративті сурет салуға үйрету тікелей төрт жастан басталады. Декоративті сурет салу естиярлар тобында мынадай міндеттерден тұрады.
-Жолақтағы, квадраттағы, шеңбердегі ою-өрнектердің формаларын бір ырғақта орналастыра білетін композициялық іскерлікті дамыту
-түсті сезіне білетін қабілетті - қарама қарсы түстерді әдемі үйлестіретін дағдыны дамыту
-қылқаламды пайдалануда жинақталған, техникалық дағдыларды ұшын жеңіл тигізу, дамыту.
Әуелде балалар қылқыламмен түзу сызықтар жүргізуге және олардың арасындағы бояуды бір ырғақта жағу блмаса нүктелер салуды ою-өрнектердің күрделенуіне сәйкес түс бойынша алма кезек жүргізуді және олардың орналасуын өзгертіп отыруды үйренеді.
Алғашқы суреттердің композициясы өте қарапайым, бір ғана элементті ырғағын сақтай отырып қайталап шығу. Адамға тән қол қозғалысының ырғағы бұл қайталауды жеңілдетіп, сонымен бірге ырғақты бейнелеу формасында бере білуге көмектеседі. Естиярлар тобында балалар формасы немесе түсі бойынша екі элеметті алма-кезек ауыстыруға ғана қабілетті келеді.
Сурет пен аппликация арқылы декоративтік бейне жасағанда, бұларға ортақ жағдай, қай форманың болмасын өрнегін қағаз бетіне орналастыруды, өрнек элементтерін осы формаларға бөлуді үйрету. Сондықтан декоративтік сурет пен декоративтік аппликация сабақтары бір-біріне байланысты болуы керек.
Декоративтік аппликацияның өрнек элементтерін балалар әзір күйінде алады және ішінара өздері де жасайды. Мысалы, тік бұрышты екі бүктейді де, бүктелген жерінен кесіп-екі квадрат, квадратты диоганал бойынша кесіп екі ұшбырыш, дөңгелекті екіге кесіп екі жарты дөңгелек алады. Осы элементтерді орналастырады, егер әдемі шықпаса, орындары ауыстырып, жылжытып форманы өзгертеді, басқа түсті алуға болады, бір сөзбен айтқанда, алға қойған міндетке сәйкесуі және балалар қанағаттантындай, бұдан гөрі әдемірек болу жағы іздестіріледі. Сондықтан аппликацияға өрнек түзуді балалар тез меңгереді.
Сол себепті, жаңа формаға өрнек жасауға дағдылануды аппликациядан бастау керек, сонда декоративтік сурет салғанда балалар негізінен көңілін өрнек элементтерін беруге аударатын болады.
Ең алдымен балалар бұйымға өрнек салу дегеннің не екенін және неге керек екенін мағлұмат алуға тиіс. Ең жақсысы - мұны балалардың киімдерінен-алжапқыштарынан, свитерлерінен, шапкаларынан, шарфтерінен және тағы басқа-көрсету және түсіндіру. Мұндай әңгімені, күннің 2 жартысында, 10-15 минут уақыт бөліп, барлық балалармен өткізу керек. Өрнектің композициясы мен оны құрастырушы элементтеріне көңіл аудара отырып, әр бұйымды жеке-жеке қарастырған жөн. Егер осыдан кейін декоративтік сурет сабағы өткізілсе, балалар тапсырмаға саналы түрде қарайды.
Бес жастағы балалардың алдына декоративті сурет салудың күрделі анағқрлым қиын міндеттерін қоюға болады. Өйткені, олардың эстетикалық сезіну қабілетінің даму деңгейі әлдеқайда жоғары болып келеді. Балаларды мына төмендегілерге үйрету қажет:
-ою-өрнектердің симметриясын қағаздың формасына немес заттың көлеміне қарай орналастыра білуді үйрету;
-ою-өрнектерде әр алуан түзу, дөңес сызықтар мен формаларды шөптерге тән элементтерді пайдалана білуге үйрету;
-фонға, соның түсіне қарай әр түрлі бояулардың үйлесімін таба білуге үйрету;
-қылқаламды оңтайлы, дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Ең әуелі балалар естиярлар тобында жүріп үйренген икемділігін бекіте түседі. Бұл үшін олар түзу сызықтардан, бояу жағуды, нүктелер түсіруді әр түрлі формадағы ою-өрнек құрастыратын болады. Бірақ бұл сабақтар естиярлар тобында өткен жаттығуларды тектен-тек қайталауға жатпайды. Мұнда түстің алуан түрлерінің ішінен қежетін және ою-өрнектерде үйлеседі-ау деген әр түрлі элементтерді қалауынша таңдауға мүмкіндік беріледі.
Балалар 1- тоқсанда шеңберге ою-өрнектерді салуға үйретеді. Олар мұнда шеңбер форманың бәрін ою-өрнектермен толтырады. Олар ою-өрнектердің әлементтерін шеңбердің орталығынан бастап, концентрлі шеңбер бойынша симметриялы түрде орналастыруды бірте бірте дамытады. Квадрат пен шеңберді ою-өрнектермен толтыруды үйренген соң, оларға ұшбұрышты овал алтыбұрышты және бұлардан да қиын, формаларды ою-өрнектермен безендіру жаттығулары беріледі.
Балалар ересектер тобында түстің алуан түрлі спектрлерінен түрлі түсті фонмен үйлестіруге, ою-өрнектері әр қилы көлемді формаларды құрастыра, қиыстыра білуге үйренеді. Мұндай суретті сала білудің қиындығы, белгілі бір қажетті ою-өрнектердің композициясын бір қалыпты қолдана алудың күрделігінен. Өйткені, әуелде композицияны тұтас елестете алмайсың да, тек оның бөліктерін ғана қағазға түсіре аласың. Себебі композициядағы ою-өрнектер өзінің формасын жазықтықта орналасуына қарай өзгертіп отырады. Сондықтан да балаларға сурет салуға ұснылатын көлемді, ірі заттардың формасы қарапайым болуы керек.
Жеті жастағы балаларды үйретудің міндеттері: заттардың атқаратын қызметі мен ерекшелігіне орай ою-өрнектерді жазық және көлемді формасында құрастыра білетін композициялық сезіну қабілетін дамыту;
-әр алуан түсті және олардың әр түрлі құбылатын реңктерін әр қилы үйлесімде пайдалана білетін түсті сезіну қабілетін дамыту;
-халықтық декоративті әшекейлердің сан алуан түрлерінің ерекшеліктерін көре білуге және соның кейбр элементтерін өздері салатын суретте пайдалана білуге үйрету;
-қылқаламмен, қарындашпен жұмыс істеу үстіндегі техникалық дағдыларын жетілдіре түсу керек.
Балалар мектепке даярлық тобына дейін ою-өрнектерді дөңгеленген және тік бұрышты формаларға құру принціпімен таныс болып келеді. Енді олар жаңа формаларды, яғни тік бұрышты немесе көп бұрышты формаларды және вазалар, құмыралар тағы басқа заттардың жазықтықтағы әр қилы формаларын салуды қарастырады. Бұл заттардың дұрыс геометриялық формасы болғандықтан, бұларға салынатын ою-өрнектер де әр түрлі принціптерді талап етеді.
Балаларға заттарды берер алдында тәбиешінің өзі әшкейлерді ұқыппен карап, талдап алады. Олар бутоннан (гүлдің қауызы) гүлдерден және жапырақтардан тұрады. Гордецкий әшекейлерінің бояу түсінің ерекшелігі, яғни бір гүлге немесе бутонға екі түсті реңк, күңгірт қызыл және қызғылт, немесе көк және көгілдір, күңгірт күлгін және ашық көкшіл тағы басқа пайдаланады. Бұл ерекшеліктерді балалар өте жақсы меңгеріп алады әрі бояған кезде қателеспейді. Гүлді салғанда бір ізділік тән және қажетті: алдымен таңдап алынған түспен дөңгелек сызылады, оған сол түстегі күңгірттірек реңкпен дәл ортасына емес, шетіне кішкентай дөңгелекше және оның астына түстегі доға сызылады. Бұл-Бутон. Әшекейлердің құрылысы өте қарапайым, тек бірнеше ғана варианттары бар. Ортасына әдетте ең ірі гүл, ал бүйірлеріне ең майдалары салынады. Гүлдің сабағы кеске көлденең жайғасып, жоғарыға немесе бүйірге бағытталған болуы мүмкін. Сабақ доға секілді иіліп тұрады.
Бутондарды, жапырақтарды және гүлдерді салуды үйренген соң, бір түске екі реңкті пайдалану шарттарын орындауда балалар декоративтік композициялардың әр түрлі жолдарын ойланады, халықтық көркемсурет ерекшеліктерін сақтай отырып өздерінің творчествосын көрсетіп, гүлдер мен жапырақтарды әр алуан әшекейлейді. Бұл суреттерді гуашь бояуымен ақ немесе түрлі түсті қағазға салуға болады. Декоративті жұмыстарды балаларға тек қана қағазға салумен шектеп қоймай, егер мүмкін жағдай бола қалса, оларға балшықтан, ағаштан, картоннан, қайың қабығынан жасалған заттарға әшекейлер жүргізуді үйреткен орынды. Декоративті жұмыстар тек сабақ үстінде ғана емес, сондай - ақ бос уақытта да істеленеді. Мұндай жағдайларда балалар өз қалаулары бойынша кейде азғантай топ болып, кейде бәрі болып, мысалы, мерекелік салтанатқа даярлану, залды көркемдеу тағы басқа тартылады. Балалардың мұндай жұмысқа қатысуы әр түрлі болады, біреулері композиция бөліктерін ойып-қиып жатса, екіншілері оларды әшекейлейді, содан соң желімдейді. Материалдарды, деталдарды, үлгілерді ойлап пішіп, ұқыпты даярлау, сол сияқты орындалатын жұмыстардың барлық жоспарын жасау тәрбиешіден талап етіледі. Жалпыға ортақ іске жұмылдырылған балалар барлық уақытта бос болмай, қызыға істеулеріне көңіл бөлген дұрыс.
Даярлық топтағы балаларды суретшінің кәсібімен, оның шығармаларының қалай жасалғанымен таныстыруға болады.
Алайда балаларға не белгілі екенін білмей тұрып, бәрін оларға түгел айтуға болмайды. Кім суретші деп атайтынын олар біледі ме екен, сол жайлы сұраңыз. Егер балалар дұрыс жауап бере алса, онда олардың жауабын кеңейтіп, дәлелдеңіз, суретші деген-адам, оның қағазға қарындашпен сурет салатынын, енді біреулерінің кітапты иллюстрациялайтынын, сондай - ойыншықтар, ыдыс-аяқтар мен маталарды әшекейлейтін суретшілердің де бар екенін айтады. Топта суретшінің қолы тиген заттарды табуға балаларды жұмылдыру керек. Әрбір бала өз халінше ол заттардың әдемілігін, қалайша әшекейленгенін түгел айтып берсін. Сабақ соңында суретшілердің репродукциясын көтсеткен жөн.
Сонымен қолданбалы, яғни декоративті сурет салуды балаларға үйрету мектепке дейінгі мекемеден басталады. Олар декоративті сурет салудың негізін қалайды. Осы арқылы мектепке дейінгі балалар қазақ халқының өнері, туындылары, ерекшеліктері жайында мағлұмат береді. Осы жұмыстарды орындау барысында тәрбиеші әр түрлі тәсілдерді қолданып, барынша қызмет атқаруы керек.

2.1.Бала бақшадағы бейнелеу өнерінің оқытудың маңызы мен мақсаты.

Егеменді Қазақстанының қазіргі даму бағыты жалпы білім беретін мектепте жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде барлық оқу пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс.
Еліміздің перспективалық бағыттарына сәйкес бейнелеу өнерінің оқу курсы өзінің мақсатын мынандай құрылымда айқындайды:
1. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;
2. Балалардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт олардың эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
3. Балаларға қоршаған ортаны тануға жәрдемдесіп, олардың байқампаздығын дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы ой елегінен өткізе білуге үйрету.
4. Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі практикалық мәнін ашып көрсету, сурет өнерін еңбек
5. Сурет өнерінің элементарлық негізі туралы оқушыларға білім беру. (Бейнелеу өнерінің алғашқы дағдылары мен ептейліктерін меңгерту) бейнелеудің негізгібейнелеу тәсілдерімен таныстыру.
6. Оқушылардың шығармашылық қышеттерін дамыту, өмір шындығын эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамыту.
7. Мектеп оқушыларын әлемдік және қазақ бейнелеу өнерінің данықты шығармаларымен таныстыру. Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын қалыптастыру.
Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Қазақ өнерінің тарихы
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Пластикалық пішіндер өнері мен мүсіндеуді оқушыларға үйретудің әдістемесі
Бейнелеу өнері негіздері мен оқыту әдістемесі
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Бейнелеу өнерін оқытудағы технологиялық қатынасты ұйымдастырудағы дидактикалық шарттардың бағыттаушы қызметі
Пәндер