Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

I.ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ

1.1. Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.10
1.2. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты
алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.14

IІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

2.1 Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері ... ... ... ... ... ..15.25
2.2 Құқық бұзушылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе

Заң алдындағы жауапкершілік, бір жағынан, жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады – саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың т.с.с.
Басқа жағынан, заң алдындағы жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі, сонымен бірге ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінң құқықтық жағдайына тиістілі бар.
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
Ретроспективті сипатта, яғни алдыда өтіп кеткен тәртіпке деген реакция, өткен тәртіпке (не кейбір оқыйғада – созылмалы). Субъект алда болатын тәртіптеріне заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершіліктің негізіндегі тәртіп, міндетті түрде ерекше болуы қажет, яғни бойында құқық бұзудың белгісін ұстауы керек. Кінәлі тәртіп болуы керек. Кінәсіз заңды жауапкершілік болуы мүмкін емес.
Заңды жаупкершілік құқықбұзушының тәртіпін әр уақытта мемлекеттік және қоғамдық талқылауымен (негативті бағалау) байланысты.
Айыпты сипатта болады. Бұл белгінің мәні сонда, құқықбұзушыда оның жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады (құқықбұзғанға дейін болмаған). Құқықбұзушылық заңды факт, ерекше – қорғаушылық құқықтық қатынастардың тууына әсер етеді (құқықбұзушымен мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта осы міндеттер пайда болады.
Заңды жаупкершілік көнтерлілік сипатта болады. Қандай да болмасын міндеттілік-аутпалық, бірақ құқықбұзу нәтижесінде ерекше міндеттер пайда болады – өзіне тиісті және басқа бағдарламаларынан айырғанға көтерімділік көрсету (көну).
Заңды жауапкершілікті жүктеу тәртібі заңмен белгіленеді, яғни заң бұл процесстің белгілі процедуралық нысандарын белгілейді.
Егер айтылған белгілерді есепке алсақ, онда заңды жауапкершілікті құқықтық қатнаспен саластыруға (қорғаушылық) және ерекше заңды міндеттілікпен. Егер құқықбұзушылық мемлекетпен сезілмесе не болмаса белгіленбеген болса (не тауып алынбаған) құқықбұзушы ештеңеге жаупты емес) керісінше, ол жасалған құқықбұзушылықтың игілігімен пайдалануына болады). Сондықтан, оның айтсақ, заңды жауапкершілік – өзі міндеттілік емес, қорғаушы құқықтық қатнастағы оны іс жүзіне асыру процессі.
Заңды жауапкершіліктің пайда болуы туралы басқа да көзқарастар бар:
а) ол қорғаушы құқықтық қаты
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Админстративное право. Оқулық, жауапты редакторы А.А. Таранов. Алматы, 1998ж
2. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Оқулық. Жалпы бөлімі Алматы, 2001 ж
3. Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Оқу құралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж
4. Айымханова Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж
5. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқу құралы. ҚазМСҚА. Алматы, 2001 ж.
6. Сапарғалиев Ғ, Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, 1997 ж
7. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж
8. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің баспасөз қызметі» ақпараты
9. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңы
10. Авторы: Мерей БАЙЛИН, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасының баяндамасы.
11. Ағыбаев А. «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлықпен күрес» / Заң газеті – 2006 – 15 шілде. 3 бет. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің баспасөз қызметі» ақпараты
12. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

I.ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ

1.1. Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-10
1.2. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты
алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-14

IІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

2.1 Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері ... ... ... ... ... ..15-25
2.2 Құқық бұзушылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26-

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

Кіріспе

Заң алдындағы жауапкершілік, бір жағынан, жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады - саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың т.с.с.
Басқа жағынан, заң алдындағы жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі, сонымен бірге ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінң құқықтық жағдайына тиістілі бар.
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
Ретроспективті сипатта, яғни алдыда өтіп кеткен тәртіпке деген реакция, өткен тәртіпке (не кейбір оқыйғада - созылмалы). Субъект алда болатын тәртіптеріне заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершіліктің негізіндегі тәртіп, міндетті түрде ерекше болуы қажет, яғни бойында құқық бұзудың белгісін ұстауы керек. Кінәлі тәртіп болуы керек. Кінәсіз заңды жауапкершілік болуы мүмкін емес.
Заңды жаупкершілік құқықбұзушының тәртіпін әр уақытта мемлекеттік және қоғамдық талқылауымен (негативті бағалау) байланысты.
Айыпты сипатта болады. Бұл белгінің мәні сонда, құқықбұзушыда оның жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады (құқықбұзғанға дейін болмаған). Құқықбұзушылық заңды факт, ерекше - қорғаушылық құқықтық қатынастардың тууына әсер етеді (құқықбұзушымен мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта осы міндеттер пайда болады.
Заңды жаупкершілік көнтерлілік сипатта болады. Қандай да болмасын міндеттілік-аутпалық, бірақ құқықбұзу нәтижесінде ерекше міндеттер пайда болады - өзіне тиісті және басқа бағдарламаларынан айырғанға көтерімділік көрсету (көну).
Заңды жауапкершілікті жүктеу тәртібі заңмен белгіленеді, яғни заң бұл процесстің белгілі процедуралық нысандарын белгілейді.
Егер айтылған белгілерді есепке алсақ, онда заңды жауапкершілікті құқықтық қатнаспен саластыруға (қорғаушылық) және ерекше заңды міндеттілікпен. Егер құқықбұзушылық мемлекетпен сезілмесе не болмаса белгіленбеген болса (не тауып алынбаған) құқықбұзушы ештеңеге жаупты емес) керісінше, ол жасалған құқықбұзушылықтың игілігімен пайдалануына болады). Сондықтан, оның айтсақ, заңды жауапкершілік - өзі міндеттілік емес, қорғаушы құқықтық қатнастағы оны іс жүзіне асыру процессі.
Заңды жауапкершіліктің пайда болуы туралы басқа да көзқарастар бар:
а) ол қорғаушы құқықтық қатынаспен құқықбұзғаннан кейін тоқтамай бірге пайда болады;
б) негізгі құқықты қолдану актысын шығарғаннан кейін пайда болады (үкім, шешім), онда барлық заңды жаупкершілікке қажетті кездер тіркеледі.
Заңды жауапкершілік айыптылық (қинайтын) және құқықты орнына келтіру функциясын орындайды. Проф. О.Э. Лейст осы жөнінде екі функция туралы емес, екі кейіптегі заңды жауапкершілікті айтады: айыптау, ол қылмыстық, әкімшілік және тәртіптілік жауапкершілікті біріктіреді және құқықтық тәрбиелеуді (азаматтық құқықтық және материальды жауапркешілік).
Традициялық түрде заңды жауапкершілікті былай бөлеміз: қылмыстық-құқықтық, әкімшілік құқықтық, азаматтық-құқықтық, жұмысшылардың материальдық жауапкершілігі. Мұндағы көңіл аударатынымыз:
а) құқық салаларына қарағанда жауапкершілік түрі аздау;
б) әртүрлі салалардың нормаларын бұзғандығы үшін жауапкершіліктің бір ғана түрі пайдаланылады;
в) бір саланың өзінде бірнеше түрдегі жауапкершіліктер болады (мысалы, тәртіптілік және еңбек құқығындағы материальдық).
Сонымен, бұл топтастыру жауапкершілігінің негізінде салалық белгі жатыр. Өйткені, құқық жүйесінде салаға бөлу реттеуші нормаларлардың сипатына байланысты, ал жауапкершілік тікелей қорғау нормаларымен байланысты, себебі олардың жеке табиғаты бар және өзінің заңдылығымен әрекет жасайды. Кейді универсальдық сипатта болады.
Заң әдебиеттерінде ретроспективті заңды жауапкершіліктен (болған құқықбұзушылық үшін) басқа перспективті заңды жауапкершіліктің барлығы туралы көзқарастар қорғалып келген - субъектінің болашақтағы тәртібі үшін жауапкершілік. Мұнда оның позитивті сипаты атап көрсетілген - сол мәнде адам туралы айтқанда, оның жауапкершілікпен өзінің міндеттеріне қатыстылығы. Дегенмен, ол көзқарасты көптеген құқықтанушылар қолдау көрсетпеді де мынаған сілтеме жасады, яғни позитивті жауапкершілікте шын мәнісінде заңды мазмұн жоқ: бұл көп жағдайда жалпыәлеуметтік не этикалық бағыттағы жауапкершілік.

I. Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
1.1 Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері.

Занды жауапкершілік -- жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі -- құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құкық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтык, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.
Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі -- тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Tap мағынада -- мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.
Заңды жауапкершілік -- тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады.
Занды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.
Шарттың міндетін бұзған азамат немесе көсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Занды жауапкершілік -- тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық -- іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.
1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.
2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.
3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады.
Занды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:
Кінәлі әрекет үшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана занды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзін басқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.
Заңдылық қағидасы. Бұл қағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталына отырып бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік занды болып табылады.
Әділеттілік кэғидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:
- теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды;
- адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;
- жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды;
- бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады;
- жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс;
- жауапкершілік бұзылған құқық пен келтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс.
Мақсатқа сәйкестілік қағидасы. Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуін талап етеді:
- Құқық бұзушылыктың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;
- Егер жазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;
- Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса, завды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру.
Жауаптылық қағидасы:
- Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;
- Құқық бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;
- Құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы;
Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды.
Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизімінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмүны оның қатысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекетті қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқық нормасының санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса, жасалған әрекеті үшін құзыретті органның тағайындаған жазасын орындайды және ол жазаның тиісті құқық нормасының шегінен шығып кетпеуін талап етуге құқылы.
Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның шегінде және заңның негізінде әрекет етеді. Завдылык, режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың өрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.
Сонымен занды жауапкершіліктің функциялары:
1. Жазалау -- құқық бұзушыға, қоғамның басқа да мүшелеріне, келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.
2.Бұзылған құқықты қалпына келтіру -- азаматтық құқық пен реттелетін қоғамдық қатынастарға сәйкес, бұзылған құкықты қалпына келтіреді.
З.Тәрбиелік азаматтық занды сақтап, өзгелердің құқықтары мен занды мүдделерін құрметтеуге баулаиды.
Заңды жауакершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрқайсысына өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі тән болады.
1). Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:
- ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;
- бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;
- темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.
2). Қылмыстық және өкімшілік құқықтық жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады. Қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.
3). Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін занда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты -- тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.
Жауапкершіліктің қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құқық нормаларын өз еріктері мен орындауға тәрбиелеу, олардың құқыққа сай тәртіптің қажеттігін түсінуге баулуға негізделген. Мемлекетте заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі -- азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде сендіре білу болып табылады.
Занды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты -- құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғары деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Занды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібі, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік тұрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік -- соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық -- тек соттық тәртіпте іске асады.
Сонымен, құқық бұзушылықты -- құқық нормаларын, оның қағидаларын, ол жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау және оған жол берген адам міндетті түрде занды жауапкершілікке тартылады. Тура жауаптан босататын мән -- жайлардың да орын алатынын ескерген жөн.
1. Қажетті қорғану. Әркімнің жеке өміріне өзінің және от басының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар намысын қорғауына құқығы бар ( ҚР Конституциясы 10-6). Қажетті қорғану деп заң қорғайтын мүддені қылмыскердің қол сүғуына оған зиян келтіру арқылы қорғануды айтамыз. Қажетті қорғану қылмыскердің озбырлығына қарсы қолданылатын әрекет. Осындай әрекеттің нәтижесінде қылмыскердің денесіне жарақат түсуі мүмкін. Ол тіпті өлуі де мүмкін. Адам қылмыскердің зорлығынан қашып күгылуы мүмкін. Алайда, қылмыстың объектісі болған адам, қылмыскерден қашпай, оған бар күшімен қарсылық көрсетсе, бұл қажетті қорғану болып табылады. Ол занды болуы үшін заң қорғайтын мүддеге төнген қауіпті әрекетке тойтарыс беруге бағытталуы керек. Қажетті қорғану арқылы азамат өзінің жеке басын, өмірін, денсаулығын, мүлкін, саяси әлеуметтік басқа да құқықтарын қорғай алады. Қажеттік қорғану арқылы қылмыстық жауапқа тарту жасына толмаған баланың да әрекетінен қорғануға жол беріледі.
Занды қызмет міндеттерін атқарып жүрген лауазым иесі өз өміріне қауіп төнсе ғана қорғануды қолданады, басқа жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Егерде лауазым иесінің әрекеті заңсыз болып көрінсе, (қамап қою, ұстап тұру, т.с.с.) азамат оған қарсыласпай, заңсыз деген әрекетке шағым бере алады. Лауазым иесінің заң қорғайтын мүддеге көрінеу қылмыстық қол сұғуына ғана қарсыласуға болады, мәселен, милиция қызметкері мас күйінде бұзақылық жасап, біреудің өміріне, денсаулығына қауіп төнген жағдайда қажетті қорғану мүмкіндігі пайда болады (милиционер қажетсіз жағдайда құралын пайдаланса, кісілерді қорқытса т.с.с). Қажетті қорғану болуы үшін қылмыс басталуы (тонай бастау, ұра бастау) немесе қылмыс қаупі тікелей төну керек. Егер қылмыс жасалып болса, қылмыс қаупі өтіп кетсе, қажетті қорғануды қолдануға болмайды.
Қорғану қылмыстың түріне және қауіптілігіне сәйкес келсе ғана заңды деп танылады. Қорғану тәсілінің қылмыстық әрекетке сәйкестігі туралы мәселені сот қарап, шешеді. Жәбірленуші қорғану әрекетін қолданғанда оның шегінен шығып кетуі мүмкін. Әрине, қажетті қорғанудың шегі өте жұқа әрі уақыты байқала бермейді. Әсіресе, қылмыс қаупі төнгенде оны ойлап, білу қиын. Өйткені шабуылға тап болған адам сасқалақтайды, үрейленеді. Осының салдарынан ол қылмыскердің әрекетіне сәйкес емес тәсілдер қолданып, оның қылмысына лайықсыз зиян келтіруі мүмкін. Кейбір жағдайда қажетті қорғаныстың шегінен шығуға жол беріледі (абыройына қол сүққан қылмыскерді әйелдің өлтіруі, тонаушыға қарсы қару қолдану т.с.с). Болған жағдайлардың барлығын жан-жақты тергеп мәселені шешетін сот.
2. Мәжбүрлі қажеттілік күйінде жасалған өрекет завды және қоғамға қауіпті емес деп табылады. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында заң қорғайтын екі мүдде бірімен-бірі айқасады. Осы айқасудың нәтижесінде тек біреуінің сақталуы мүмкін болғандықтан, екіншісі құрбан болады. Заң қорғайтын мүддеге қауіп адамның әрекетінен, сәтсіз жағдайдан (көшеде тайып құлап, аяқ қолын мертіктіру), табиғи апаттан (жер сілкіну, су тасу, өрт, т.с.с.) болуы мүмкін. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында қауіп нағыз анық болуы керек. Мәселен, сүзеген сиыр адамға тура ұмтылғанда, оны атып өлтірді делік. Бұл адамды жануарды өлтіріп, зиян келтіргені үшін мүліктік жауапқа тартуға болмайды. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайда келтірілген зиян занды деп танылады:
- Егер төнген қауіптен сол сәтте қорғайтын мүддеге зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса.
- Егер келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлде қайда кем болса (үлкен үйді, өрттен сақтап қалу үшін жанып жатқан төбесін қирату, жараланған адамды жедел емханаға жеткізу үшін біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кету т.с.с).
Әдетте жасалған құқық бұзушылыққа байланысты жауапкершілікті тағайындау барысында істелген әрекеттің түрі, ауырлығы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.
Сонымен, құқық бұзушылық жайында қандай ой қорытуға болады?
Құқық бұзушылықты болдырмаудың бірден-бір шарты құқықтық және қоғамдық тәртібінің сақталуына келіп тірелмек. Қоғам құқықтық тәртібіне негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады деген сөз. Өйткені қоғамдағы толып жатқан қарым-қатынастың басым көпшілігі құқық арқылы басқарылып, құқыктық іс-әрекет арқылы реттеліп отырады. Яғни, әрбір азамат өз мүддесін, мақсатын, тәртіпке сәйкес дамытады. Сол арқылы іске асыруға тырысады. Осы шарт орындалғанда ғана қоғамда құқықтық тәртіп қалыптасып, нығаяды. Толығымен құқықтық тәртіп орнайды:
- Жеке адамның бостандығы, құқығы толық түрде қорғалғанда.
- Қоғамдағы тәртіптің жағдайы жақсарады, нығаяды.
- Қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени-идеологиялық негізі дамып нығая түседі.
- Демократия дамып, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам құруға мүмкіндік туады.
Ендеше, қоғамдық тәртіп орнатудың басты жолы -- түрлі әлеуметтік нормалардың, былайша айтқанда, адамдардың мінез-құлідын реттейтін қағидалардың орын алуы. Қоғамдық төртіптің бір бөлігі бұл -- дәстүрлік тәртіп. Әлеуметтік нормалардың ең негізгісі, алғашқы пайда болғаны -- әдет-ғұрып, дәстүр қағидалары. Әр халықта олар ежелден-ақ қалыптасқан. Мәселен, кдзақ халқының әдеттерінің заң сияқты күші болған. Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы. Осындай әдеттердің күшімен қоғамда тәртіп орнатылған.
Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі -- әдептік нормалар. Ол әдептік тәртіпті реттейді. Әдептік нормалардың құқық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Негізінен адамның ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылы қоғамдық тәртіп орнатуға ұйытқы болады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға түрткі-негіз болып отырған. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғүрлым заңдардың әлеуметтік, адамгершілік мәні жоғары болады.
Қоғамдық ұйымдардағы тәртіп те қоғам бірлестіктерінің нормаларымен қамтамасыз етіледі. Жоғарыда айтып өткен қоғамдық тәртіптің әрбір бөлігі өзіне тән ережелермен реттеле келіп, нәтижесінде толыққанды қоғамдық тәртіп орнап, құқық бұзушылыққа қарсы үлкен тосқауыл орнатады

1.2. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты
алдын алу шаралары
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл Неке және отбасы туралы, Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы, Еңбек туралы, Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы, Дене тәрбиесі және спорт туралы заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.
Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.
Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.
Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.
Сонымен қатар, әлі де болса біліктілігі жоғары педагогтар жалақының төмендігіне байланысты саудамен айналысуға мәжбүр.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық дағдарысқа қарамастан мемлекеттің әлеуметтік саясаты - ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, қамқоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Оқу орындары, кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік және басқа да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж немесе қатыгездік құрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және қудалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қолұшын беретін базалық және анықтама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік құжаттарда мектепке бару ережесін сақтау қиынға соғатын, сондай-ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындагы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық буындарының арасында ынтамақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуге тиіс. Осындай зерттеу нәтижелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытын да ұйымдастырылатын әр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты.
Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат құралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс. БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудың алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу іс шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, білім мен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары, балалар мен жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келмейтін мінез-құлқы, көп жағдайда есею процесімен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-құлқы өзгеретіндігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап келе жатқан құқық бұзушы деп анықтау көп жағдайда жастардың бойында тұрақты жағымсыз мінез-құлық қалыптасуына әкеліп соғатындығын да терең ескерілуі қажет деп ойлаймын.

IІ. Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері
2.1 Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық -- қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық -- заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. -- Әрекет -- бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың түрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен занды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.
Құқық бұзушылық -- биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық -- құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез -- құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық -- нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзу - құқық нормаларының ұйғармына қарсы болатын адамның тәртібі
Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қылмыстық субъект
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт
Қылмыстық жауаптылық
Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы түсінік
Халықаралық қылмыстық құқық бойынша соғыс қылмыстары және оларды жасау үшін жауаптылық сұрақтары
Пәндер