Нұра алабы өзендерінің ағындысының қалыптасуындағы табиғи және антропогендік фаторларының рөлі


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
География факультеті
Құрлық гидрологиясы кафедрасы
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ МЫ С
Тақырыбы: « Нұра Алабы өзендерінің ағындысының қалыптасуындағы табиғи және антропогендік фаторларының рөлі»
Орындаған:
4-ші курс студенті
Ғылыми жетекші:
Норма бақылаушы:
Қорғауға жіберілді
Құрлық гидрология кафедрасының
Меңгерішісі т. ғ. к., доцент
«» ж.
Мазмұны
Кіріспе
1. Нұра өзені алабының физико - географиялық сипаттамасы
1. 1. Жер бедері
1. 2. Геологиялық құрылымы
1. 3. Ауданның метеоклиматтық жағдайы
1. 3. 1. Радиациялық теңдестік
1. 3. 2. Ауа температурасы
1. 3. 3. Жауын - шашын
1. 3. 4. Қар жамылғысы
1. 3. 5. Ауа ылғалдығы
1. 3. 6. Жел режимі
1. 4. Топырақ жамылғысы
1. 5. Өсімдік жамылғысы
2. Нұра өзені алабының гидрологиялық зерттелуі және су режимі
2. 1. Гидрологиялық зерттелу
2. 2. Гидрографиялық сипаттамасы
2. 2. 1. Нұра өзені - с. Сергиопольское бекетінің сипаттамасы
2. 3. Су режимі
2. 3. 1. Қоректену көздері
2. 3. 2. Су деңгейі режимі
2. 3. 3. Су өтімі режимі
3. Ағынды сипаттамаларын есептеу
3. 1. Қатарды толықтыру
3. 2. Қатарды Стьюдент, Фишер және Колмогоров - Смирнов
критерийлері бойынша біртектілікке тексеру
3. 3. Жылдық ағындыны анықтау
3. 3. 1. Гидрометриялық бақылау деректері жетқілікті болған жағдайда
қалыпты жылдық ағындыны анықтау
3. 3. 2. Есептік кезеңді таңдау
3. 3. 3. Жылдық ағындының өзгергіштігі және оның мәндерінің есептік қамтамасыздықтарын анықтау әдістері
3. 4. Ықтималдық үлестірім қисықтарыньщ параметрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Нұра өзені Орталық Қазақстанның ең ірі су артериясының бірі. Нұра өзені Қарқаралы таулы тізбегінен теңіз деңгейінен мыңнан астам биіктіктен екі бастау - Ақбастау және Қоңыртөбе өзендерінен алады. Жалпы ұзындығы 910 км. Нұра Орталық Қазақстанның ең ірі көлдерінің бірі - Қорғалжынға құяды.
Өзен тұрғылықты жерді сумен қамтамасыз етуге, суландыруға, жер суғаруға және өндірісті сумен қамтамасыздандырады.
Нұра өзенінің су қорын нәтижелі пайдалану, тек оның гидрологиялық режимін, жылдық ағынды үлестірімін бөліктеп зерттеу негізінде ғана іске асады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты: Нұра өзенінің негізгі сипаттамаларын, жылдық ағындыны, вариация және асимметрия коэффициенттерін, жылішілік үлестірімін анықтау және су сапасын бағалау.
Бұл мақсаттан келесі шешімдер шығады:
а) Нұра өзені өзені алабының физико - географиялық жаңдайын сипаттау;
б) гидрографиялық зерттелуі;
в) су режимін зерттеу;
г) ағынды параметрлерін анықтау;
д) өзеннің су сапасын бағалау.
Жұмыста Казгидромет торының тұрақты бақылу деректері қолданылды: «Ресурсы поверхностных вод». Т 13. мәліметтері және басқа деректер.
1 Н¥РА ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКО - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Экогеохимиялық зерттеулердің негізгі полигоны болып табылатын Нұра өзені алабының орталық бөлігі Қарағанды мен Ақмола облыстарының шегінде орналасқан. Алаптың территориясы ландшафты-географиялық құрылымның бірқалыпсыздығымен сипатталады.
Қарағанды және Ақмола облыстары Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасқан. Орталық Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 км, шығыстан батысқа қарай 1100 км-ге созылып жатыр. Территорияның ауданы 402, 4 мың шаршы км. Солтүстікте Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарымен, оңтүстікте Алматы, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарымен, шығыста Семей облысымен, ал батыста Ақтөбе облысымен шектеседі. Қарағанды облысының шекарасының жалпы ұзындығы шамамен 4 мың км.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп үш зона алмасады: қуаң (дала), жартылай құрғақ (жартылай шол) және құрғақ (солтүстік шөл) .
Территорияны кесіп өтетін өзендер: Сарысу, Нұра, Торғай, ¥лыжыланшық, Тоқырау, Қалмаққырған ( Белеуті ) және т. б. олардың барлығы Орталық Қазақстанның тұйық көлдер алабына жатады.
Зерттеліп отырған аудан Орталык Қазақстан территориясының Теңіз -Қорғалжын ойпатына жатады, әрі құрғақ шөл зонасында, көп бөлігі Қазақ ұсақ шоқысының орталық бөлігінде орналасқан.
Нұра өзені Қарқаралы таулы тізбегінен теңіз деңгейінен мыңнан астам биіктіктен екі бастау - Ақбастау және Қоңыртөбе өзендерінен алады. Жалпы ұзындығы 910 км. Нұра Орталық Қазақстанның ең ірі көлдерінің бірі -Қорғалжынға құяды.
- Жер бедері
Қарастырып отырған территорияның жер беті көбнесе төбелі: оның көп бөлігін Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы алып жатыр.
Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы геруиндік және альпілік орогенезінің каледондық қатпарының нәтижесінде пайда болған. ¥сақ шоқының қазіргі жер бедері генун тауларының ұсақ денудациясының арқасында пенеплена-жазық жағдайына (қалдық таулар және шоқылардан) жетуіне дейінгі әсерінен қалыптасқан. Күмбез және конустәріздес шыңды шоқылар жапсарлас жазықтан 30 бен 40 м, ал кейде 80 мен 100 м-ге көтеріледі.
Аймақтың батыс бөлігінде аласа таулы массив биіктігі 1135м абс. Ұлытау тауы болып табылады.
Аймақтың орталық бөлігінде биіктігі 1000 м-ден 1000 м-ге дейін жететін Ақтау тауы орналасқан. Олар Қарқаралы-Ақтауының аласа таулы массиві болып табылады. Ең жоғарғы тау тізбек массиві аймақтың шығысында орналасқан және негізгі Балқаш-Есіл-Нұра суайрығы болып табылады. Бұл тау тізбек ірі және көптеген тау қыраттарынан тұрады.
Олардың ішіндегі ең биігі Қарқаралы және Қызыл-Рай таулары. Олар 1400 м абс. биіктіктен асып, аймақтың және Орталық Қазақстан ұсақ шоқысының ең биік нүктесі болып табылады.
Бетпақдала платасы территория шегіне тек солтүстік бөлігімен кіреді. Бұл жердің басым көпшілігін тегіс жазық жер алып жатыр. Оның бетінен аласа сазды доңғалдар мен кішкене құмды массивтер көтеріліп жатыр.
Тұран ойпатының басым бөлігі Бетпақдала сияқты тегіс және доңғалды саз немесе құм жазықтарымен баянды етілген. Ойпаттың абсолюттік биіктігі шығыстан батысқа қарай Орталық Қазақстан ұсақ шоқысының батыс бөлігі жанында 200 ден 250 м-ге дейін, ла Аралмаңы Қарақұмда 80 нен 100 м-ге дейін төмендейді.
- Геологиялық құрылымы
Қарастырып отырған территория күрделі геологиялық құрылыммен ерекшеленеді. Мұнда барлық геологиялық жасындағы полезойға дейінгі төрттік шөгінділерге дейін жыныстар таралған. Барлық көптеген шөгінділерден басым рөл шөгінді және эффизивті кешенге тән. Инрузивті және метаморфизикалық құрылымдар мардымсыз дамыған.
Сарысу өзені алабының жоғарғы және орта бөлігінде қатты жарықталған және оқпаланған әктастар кездеседі. Бұл өзен алабының басым бөлігін силур және девон шөгінділер алып жатыр. Интрузивті жыныстар Нұра, Тоқырау және басқа өзендердің жоғарғы жағында кездеседі.
Нұра өзенінің алабында карбон жынысының шөгіндісі негізінде Қарағанды облысында таралған. Мұнда олардың ішінде аз тілімденген құм тас, саздақ және алевролиттер басым. Нұра өзенінің жоғарғы бөлігнде қатты тілімденген карбонның эффузивті қатпары кездеседі.
Зерттеліп отырған территорйяның өзен аңғарынан көл қазаншұңқырлары күшті қалың аллювиалді және аллювиалді-аллювиалдіден кейін төрттік шөгінділерінен құралған. Сарысу, Нұра, Торғай және басқа өзендердің қазіргі аңғарларындағы құмтас, малта тас, қой тас шөгінділерінің қалыңдығы 15 тен 2в м-ге жетеді және одан да үлкен.
- Ауданның метеоклиматтык жағдайы
Қарастырып отырған территория шұғыл континентальді және құрғақшылық климатымен сипаттайды. Бұл террриторияның үлкен су кеңістігінен алыстығымен, сонымен катар территория шегінде Орта Азия шөлінен жылы, құрғақ субтропикалық ауаның және меридиан бағытымен ауысатын суық, ылғалға кедей арктикалық ауаның еркін келуімен байланысты. Жылы жартыжылдық үшін ауаның жоғарғы температурасы, мардымсыз жауын-шашын және едәуір үлкен салыстырмалы ауаның құрғақтығы, ал суық жартыжылдык үшін тұрақты қар жамылғысымен сипатты созылмалы қатаң қыс, едәуір жылдамдықты жел және жиі борандар тән.
Көктем наурыз айының соңында - сәуірдің басында басталады және небәрі бір - екі айға созылада. Жаздың ұзақтығы төрт - бес ай. Күз көктем сияқты қысқа. Күз қараша айында басталып, наурызда аяқталады.
1. 3. 1 Радиациялық
Территория облысында радиациялық теңдестіктің кіріс бөлігін құраушылардың өзгерісі жергілікті жердің ендігіне байланысты өзгереді. Күн шуағының ұзақтығы территорияның оңтүстігінде солтүстігіне қарағанда едәуір үлкен, бүл түрлі бұлттылықтың дамуымен байланысты. Қарағандыда ашық күн саны 80, ал Бетпақдалада 113 күнді құрайды. Жыл ішіндегі бұлтты күндердің саны жартыдылдықтың суық кезеңінде байқалады. Бұлтты күндерің ықтималды саны бұл кезде 40-70%. Жыды мезгіл; әсіресе жаз үшін аз бұлттылық тән жазда ашық күндердің ықтималды саны облыстың солтүстігінде 40 - 50 %, ал оңтүстікте 50 - 70 %. Жыл ішіндегі күн радиациясының жиынтық кірісі солтүстіктен оңтүстікке қарай 110 - нан 130 Вт/см ай өседі. Желтоқсанда 2 - 3, ал шілдеде 16-18 Вт/см айға жетеді.
Шашыранды радиацияға жылыпа-45 Вт/см келеді, қаңтарда 1-2, ал шілдеде 0-6 Вт/см ай. Жылы кезенде альбедо шамасы 20-28 % аралығында өзгереді, ал ыста қар жамылғысы бар кезде альбедо солтүстікте 70 %-ға, оңтүстікте 40 %-ға дейін азаяды.
Радиациялық теңцестіктің жиынтық жылдық шамасы территорияның солтүстігінде 40 пен 42 Вт/см шаршыдан, оңтүстігінде 45 пен 48 Вт/см шаршыға дейін өзгереді.
Максимальді радиациялық теңдестік жазда (маусым - шілде) байқалады және 6-9 Вт/см-ді құрайды. Зерттеліп отырған территорияның жылдық радиациялық теңдестігінің амплитудасы 9, 0 - 9, 5 Вт/см барлығында.
1. 3. 2 Ауа температурасы
Қарастырып отырған территорияның орташа жылдық температурасы солтүстікте 2 С тан 5 С қа дейін, оңтүстікте 5 °С тан 7 °С қа дейін өзгереді. Қарағанды облысында жергілікті жердің жер бедерінің бірқалыпсыздығына байланысы ауа температурасының солтүстіктен оңтүстікке қарай өсу заңдылығы жиі бұзылады. ¥сақ шокының биік жерлерінде орташ жылдық температура 0 °С тан 2 °С аралығында тербеледі.
Жыл ішіндегі ауа температурасының жүрісі қыс кезінде тұрақты қатты аязбен, көктемде жылудың қарқынды өсуімен және жаз кезіндегі ыстықтың ұзақтығымен сипатталады.
Ең суық айдың - қаңтардың - орташа температурасы территорияның солтүстігінде «минус» 16 °С мен 17 °С', ал оңтүстік белігінде «минус» 13 °С пен 15 °С. Жеке жылдары абсолюттік минимум территорияның оңтүстігінде «минус» 40 °С қа, ал солтүстікте «минус» 50 °С қа жетеді (кесте 1) .
Кесте 1- Көпжылдық орташа айлық және орташа жылдық ауа температурасы
Көктемде орташа тәуліктік ауа температурасы 0°С-тан оң таңбаға орта есеппен оңтүстікте 20 - 30/ІІІ, солтүстікте 5 - 10/1V, ал «плюс» 5°С-та оңтүстікте 5 - 12/IV және солтүстікте 16 - 22/ІV өтеді. Ұсақ шоқының көтеріңкі бөлігінде оң температураның орнауы орташа есеппен 3-5 күнге кеш байқалады. Бірей ендікте батыс аудандарда көктемгі жылу, әдетте шығысқа қарағанда 2-3 күнге ерте орнайды. Көктемнің басталуы мен аяқталуы жылдан жылға 15 пен 20- күн барлығында тербеледі. Күзде орташатәуліктік ауа температурасының 0 °С-тан өтуі солтүстікте 20- 25/Х байқалады, оңтүстікте 5 - 10/ХІ-ға созылады.
Жылы кезеңнің ұзақтығы (орташатәуліктік ауа температурасы 0 °С-тан жоғары) орташа шамамен 200 -230 күн.
Көктемде ауаның орташа тәуліктік температурасы 5 °С пен 12 -сәүірде
0 С арқылы оң температураға қарай өтеді. Жылы кезеңнің ұзақтығы орташа шамамен 200 бен 210 күннің арасы.
Ең жылы ай - шілде. Шілденің орташа айлық температурасы территорияның солтүстігінде 20 °С тан, оңтүстігінде 25 °С қа дейін өзгереді. Шілдеде температураның абсолюттік максимумы территорияның солтүстігінде 40 °С тан 42 °С қа, ал оңтүстік бөлігінде 46 °С қа дейін жетеді.
Сонымен, Қарағанды облысында орташа айлық ауа температурасының тербеліс амплитудасы 35 - 40 °С-қа жетеді, абсолюттік амплитуда 90 °С-тан асады.
1. 3. 3 Жауын - шашын
Қарастырып отырған территорияда атмосфералық жауын - шашынның таралуы тым бірқалыпсыз. Жылдык жауын - шашынның 25 - 30 % ғана жылдың суық кезеңіне келеді. Жауын - шашынның максимумы, әдетте шілде айында байқалады, ал минимумы - ақпан-наурыз айларында, бірақ кейде қыстың бірінші айларындаболады.
Ұсақ шоқының аулы аймақтарында жылдық жауын - шашынның ең көп мөлшері түседі (Ұлытау тауы аймағында 300 - 500 мм және территорияның шығыс бөлігіндегі тау тізбегінде 400 мм-ге жетеді) . Территорияның оңтүстік аймағында жылдық жауын - шашынның ең аз мөлшері байқалады (150 мм) . Территорияның көп бөлігінде орташа жылдық жауын - шашынның жиынтығы 200 ден 250 мм аралығында өзгереді, сонымен қатар ұсақ шоқының солтүстік аймағында ол жылына 50 ден 70 мм оңтүстікке қарағанда көп жауады. Ұсақ шоқының батыс және солтүстік беткейлері жақсы ылғалданады, ал оңтүстік шығысы - мардымсыз. Жеке тау сілемдері жауын - шашын таралуының ала-құла болуына әсерін тигізеді. Тік тау сілемдеріне түсетін жауын - шашын, кейде тау етектеріндегі аңғарларға түсетін жауын - шашыннан 1, 5 - 2, 0 есе көп. Жауын - шашын, әдетте аз және әлсіз, көлемі бойынша жаңбыр немесе қар қоры түрінде жауады. Жыл бойында 0, 1 мм-ден артық жаңбырлы күннің саны орташа шамамен территорияның оңтүстігінде 60 так 70 ке дейін орталық аймақтарда 80 нен 100 күнге дейін, ал солтүстік аймақтарда 100 ден 120 күнге дейін жетеді.
Жер бетінен 2, 0 м биіктікте орналасқан Третьяков жауын өлшегіші өп жағдайда түскен жауын - шашын мөлшерін толық ескермейді. КазНИГМИ -дің тәжірибелік зерттеулері бойынша Орталық Қазақстанда қар қорындағы су қорымен (булануға кететін шығынды ескергенде) қар жинау кезеңіндегі жиынтық жауын - шашын арасындағы айырмашылық қыстың соңында 15 тен 75 % аралығында тербелетіні байқалды. Көп жағдайда Третьяков жауынөлшегіші желің әсерінен 45 - 50 %-ға қатты жауынды ерсериейді. Жылың жылы кезеңінде жауын тамшыларының желмен қағылуының және шелектен булануға кететін шығынның әсерінен Третьяков жауынөлшегіші 20 - 30%-ға дейін жауынды ескермейді.
Қарастырып отырған территорияны жылдық жауын - шашын мөлшері және оның биіктік бойынша таралу сипатына байланысты төрт аймаққа бөлуге болады:
1) І-аймақ - солтүстік, Нұра өзенінің алабы. Жылдық жауын -шашын мөлшері 300 - 375 мм;
2) ІІ-аймақ - батыс, Шұбар - Теңіз көлі, Қаракеңгір, Торғай және Ұлыжыланшық өзендрінің алабы. Жылдық жауын - шашын мелшері 180 -200 мм-ден (300 м биіктікте) 350 - 375 мм-ге (600 - 700 м биіктікте) дейін;
3) ІІІ-аймақ - орталық, Сарысу өзні, Теңіз көлі (оңтүстік бөлігі) және Бетпақбаланың солтүстік бөлігіндегі ағынсулар. Жылдық жауын -шашын мөлшері 200 ден 300 мм-ге дейін;
4) ІҮ-аймақ - шығыс, Қарасор және Балқаш (солтүсік Балқаш маңы) көлдер алабы. Жылдық жиынтық жауын - шашы 150 - 200 мм-ден (500 - 600 м биіктіктерде) 350 - 400 мм-ге (800 - 1000 м биіктікте) дейін.
Қарағанды облысы территориясында жылдык жауын - шашынның орташа қалыңдығы (қабаты) 260 мм.
Маусымдық жиынтық жауын - шашынның қатнасы облыстың түрлі аудандарында біркелкі емес. Ұсақ шоқының көтеріңкі бөліктерінде және облыстың солтүстігінде жылдың суық кезеңіне орташа жылдық жиынтық жауын - шашынның 25 - 35 %-ы келеді, оңтүстікке - 40 - 50 %. Жылдың жылы кезеңінде Ұсақ шоқының көтеріңкі бөлігінде 300 мм-е дейін жауын жауады, ал оңтүстік жазық территорияларда 75 - 100 мм. Облыс территориясының көп билігінде жылдың жылы кезеңінде орташа шамамен 150 - 200 мм жауын жауады. Ұсақ шоқының көтеріңкі бөлігінде және облыстың солтүстігіндеайлыұ ең үлкен жауын - шашын жаз айларына келеді (маусым - шілде), ал оңтүстікте - көктемде (сәуір - мамыр) . Ең аз жауын -шашын, әдетте ақпан - наурыз және қыркүйекте түседі.
Жылдан жылға жиынтық жауын - шашын мөлшері үлкен аралықта тербеледі. Жауын көп болған жылы оның мөлшері Қарқаралы тауында 550 мм және оңтүстік жазықта 350 мм-ге жетеді, ал аз болған жылы - сәйкес 150 және 75 мм.
Жоғарғы ауа температуасы жағдайында жаздық жауын-шашынның көп бөлігі топырақтың тек бетін суландырады және дереу буландыруға жұмсалады. Тұрақты қар жамылғысы территорияның көп бөлігінде қараша айының екінші үшінші онкүндіктерінде қалыптасады. Қар жамылғысының жату ұзақтығы 130 бен 150 күнді құрайды.
Жылдық жауын-шашын 250 мен 300 мм-ді құрайды (Кесте 2) .
Кесте 2- Айлық және жылдық жауын-шашын мөлшері (миллиметрмен)
Суық
кезең
1. 3. 4 Қар жамылғысы
Қарағанды облысы территориясы бойынша қар жамылғысының таралуы ендікке байланысты. Бірақ қар жамылғысының түсу және еру уақыттары, сонымен қатар қарастырып отырған территория бойынша қар қорының таралу заңдылықтары жер бедері әсерінен бұзылады.
Алғашқы қар жауу және тұрақсыз қар жамылғысы облыстың солтүстігінде, кейде қыркүейтің соңында байқалады. Көп жағдайда қар жамылғысының пайда болуы солтүстік пен шығыста қазанның соңына және оңтүстік пен батыста қарашаның ортасына келеді.
Қарастырып отырған территорияның көп бөлігінде тұрақты қар жамылғысы, әдетте қараша айының екінші-үшінші онкүндіктерінде байқалады, ал оңтүстікте- желоқсаннын басынды.
Қар жамылғысының жату ұзактығы территорияның әр аймақтарында әр түрлі. Ұсақ шоқының биік жерлерінде және солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы орташа шамамен 130 бен 150 күн, ал оңтүстікте 100 бен 120 күн сақталады.
Қар жамылғысының тығыздығы қыстың басында, әдетте 0, 15 пен 0, 20 дан аспайды, бірақ қыс кезінде біртіндеп ұлғаяды және көктемнің басындағы қар ерудің басталуы алдында орташа шамамен 0, 25 пен 0, 35 ті құрайды. Көктемде қар жамылғысының еруі, әдетте оңтүстікте наурыз айының бірінші жартысында, ал солтүстікте және орталық аймақтарда наурыздың аяғында басалады.
1. 3. 5 Ауа ылғалдығы
Орташа жылдық ауаның абсолюттік ылғалдылығы оңтүстікте 5, 0 мен 5, 5 мб-дан солтүстікте 5, 8 мен 6, 0 мб-ға дейін өзгереді. Ауаның абсолюттік ылғалдылығының жылдық амплитудасы 9, 0 бен 10 мб.
Орташа жылдық ауа ылғалдылығының тапшылығы солтүстік аймақтарында 5, 0 дан 5, 5 мб-ға дейін, ал оңтүстікте 7, 5 тен 9, 5 мб-ға дейін өзгереді. Территорияның солтүстігінде оның орташа айлық шамасы наурызда 0, 8 бен 0, 9 мб дан шілдеде 13, 0 пен 13, 5 мб-ға дейін өзгереді, ал оңтүстік аймақта сәйкес 1, 0 мен 1, 7 мб дан 20 пен 25 мб-ға дейін. Қыркүйекте ауаның ылғалдылығының қанығу тапшылығы территорияның солтүстік аймақтарында 7, 0 мен 9, 0 мб, ал оңтүстікте 12 ден 10 мб-ды құрайды, қазанда
ол 3, 0 тен 5, 0 мб-ға дейін өзгереді.
1. 3. 6. Жел режимі
Жер бедерінің салыстырмалы жазықтылығы, территорияның оның шетіне енетін түрліше қалыптасқан ауа массаларынан қорғалмағандығы желдің қарқындылығының өсуіне жағдай жасайды.
Кезең бойынша желдің жылдамдығы аз өзгереді, бірақ оның максимумы, әдетте қыс айларына келсді. Осыған байланысты қыс кезеңінде бұрқасын мен борандар жиі болады. Дауылдың жылдамдығына жететін қатты желдер кейде көктемде байқалады. Жаз айларында желдер жиі құрғақ-жел сипатына ие.
Орташа жылдық желдің жылдамдығы солтүстік аймақтарында 4, 5 тен 5, 0 м/с-қа дейін, оңтүстікте 3, 5 тен 4, 5 м/с-қа дейін жетеді. Жел жоқ күндер сирек болады, әсіресе солтүстік аудандарда.
Қыс кезеңінде желдің жылдамдығына ұсақ шоқының үстірттері мен таулары әсер етеді. Батыс және оңтүстік аймақтардағы жазық территорияларда қыс кезіндегі орташа желдің жылдамдығы 4, 5 тен 5, 0 м/с, ал солтүстік аймақтарда 5, 0 пен 5, 5 м/с.
Жылдың жылы кезеңдерінде территорияның солтүстік және орталық аймақтарында солтүстік-шығыс желдері, зерттеп отырған территорияның оңтүстігінде оңтүстік-батыс желдері басым. Балқаш көлінің жағалаулық белдеуінің жел режимінің ерекшклігі жазда бриздердің бар болуы болып табылады. Бұл көлдің су бетімен және оны қоршап жатқан шөлдердің әрекеттесуімен байланысты.
- Топырақ жамылғысы
Берілген территорияға қара-талшынды және ашық-талшынды топырақ тән, ал олар барлық территорияның 40 %-н алып жатыр. Солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда негізінен қараталшынды, ал ұсақ шоқы орналасқан орталық бөлігінде ашық-талшынды топырақ таралған.
Көктемде өзеннің су тасуының құрылуына күз кезінде топырақтың ылғалдану дәрежесі үлкен рөл ойнайды. Бір метрлік топырақ қабатындағы ылғалдың қоры кеш күз кезеңінде территорияның солтүстік аймақтарында орташа алғанда 120 дан 200 мм-ді, ал оңтүстігінде 50 ден 150 мм-ді құрайды. Жаңбырлы жылдары бір метрлік саз және ауыр құмтасты қабатындағы күздік ылғалдың қоры топырақта солтүстік облыстарда 200 ден 250 мм-ге жетеді, ал дәл осы қабаттағы жеңіл құмтасты топырақты оңтүстікте -100 ден 150 мм аралығында.
Топырақтың ең көп ылғалдануы көктем айларында байқалады, әдетте қар ерудің соңындағы бірінші онкүндікте.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz