Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың әдістері мен тәсілдері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

1.1.Оқыту әдістерінің түрлері
1.2. Оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау
1.3. Балалар тілін дамыту әдістемесі
1.4.Тәрбиеші тілі — балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі.
1.5. Бала тілін дамытудағы қолданылатын әдіс. тәсілдер.

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Сабақ жоспарлары
Зерттеу жұмысы
Әдістемелік нұсқау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Оқыту әдістері- балаға білімді, іскерлікті, дағдыны игерту мен таным қабілетін дамыту үшін қолданылатын тәрбиеші жұмысының әдістері.
Оқыту әдісінің тиімді болуы үшін тәрбиеші түрлі тәсілдерді қолданады: әңгімелесу әдісін пайдалана отырып, көктемде жапырағын жайған бұтақтарды көрсетеді, жұмбақ жасырып, оны шештіреді, шағын әдеби шығармалар оқып толықтырады; көлік қозғалысын немесе басқа қимыл- әрекеттерді бақылауда сұрақтар қойып, қажетті түсініктер береді, сурет салуда көрсету және түсіндіру тәсілдерін қолданады, балалардың көңілін көтеру үшін өлең оқиды.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістері мыналар: көрнекі, ауызша айту, тәжірибелік және ойын әдісі.
Мектепке дейінгі ұйымның ересек және мектепке даярлық топтарында интернет материалдарды, кинофильмдер, диафильмдер, диапозитивтер және т.б. пайдаланылады. Бұл оқыту әрекетін қызықты етеді, балаларды айналадағы ортамен таныстыру мүмкіндігі кеңейеді, себебі өмірде тікелей танысуға мүмкін болмайтын құбылыстарды көрсетуге болады.
Экран арқылы заттарды әр түрлі жағдайда: ірі . орташа және жалпы түрде, көрсету мүмкіндігі болады. Балалар фильмдерден алған әсерлерін бір- бірімен бөлісіп, суреттерінде, әңгімелерінде, ойындарында бейнелейді.
Оқыту әдісінің тиімді болуы үшін тәрбиеші түрлі тәсілдерді қолданады: әңгімелесу әдісін пайдалана отырып, көктемде жапырағын жайған бұтақтарды көрсетеді, жұмбақ жасырып, оны шештіреді, шағын әдеби шығармалар оқып толықтырады; көлік қозғалысын немесе басқа қимыл- әрекеттерді бақылауда сұрақтар қойып, қажетті түсініктер береді, сурет салуда көрсету және түсіндіру тәсілдерін қолданады, балалардың көңілін көтеру үшін өлең оқиды.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл
2.Журнал «Балабақша», №2-6, 2009 жыл
3. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 жыл
4. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы», Алматы, 1987-89 ж
5. Бейсенбаев Ж. «Әдептілік әлемі», Алматы 1987 ж
6. Жұмағожина Р.М. «Республикалық балабақшалардың даму тарихы», Алматы , 1982 ж
7. Крупская Н.К. «Мектепке дейінгі тәрбие туралы», Алматы, 1988 ж
8. Ильина Т.А. «Педагогика» Алматы 1979 ж
9. Аймауытұлы Ж. «Шығармалары» Алматы, 1989 ж
10. Байтұрсынұлы А. «Шығармалары» , «Өлеңдері, аудармалары, зерттеулер», Алматы 1989 ж
11. Көбесов А., Әл Фараби, Алматы, 1971 ж
12. Жуковская Р.И: «Воспитание ребенка в игре» 1983 ж
13. Жұмабаев М. Шығармалары, өлеңдері 1989 ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

1.1.Оқыту әдістерінің түрлері
1.2. Оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау
1.3. Балалар тілін дамыту әдістемесі
1.4.Тәрбиеші тілі -- балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі.
1.5. Бала тілін дамытудағы қолданылатын әдіс- тәсілдер.

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Сабақ жоспарлары
Зерттеу жұмысы
Әдістемелік нұсқау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Оқыту әдістері- балаға білімді, іскерлікті, дағдыны игерту мен таным қабілетін дамыту үшін қолданылатын тәрбиеші жұмысының әдістері.
Оқыту әдісінің тиімді болуы үшін тәрбиеші түрлі тәсілдерді қолданады: әңгімелесу әдісін пайдалана отырып, көктемде жапырағын жайған бұтақтарды көрсетеді, жұмбақ жасырып, оны шештіреді, шағын әдеби шығармалар оқып толықтырады; көлік қозғалысын немесе басқа қимыл- әрекеттерді бақылауда сұрақтар қойып, қажетті түсініктер береді, сурет салуда көрсету және түсіндіру тәсілдерін қолданады, балалардың көңілін көтеру үшін өлең оқиды.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістері мыналар: көрнекі, ауызша айту, тәжірибелік және ойын әдісі.
Мектепке дейінгі ұйымның ересек және мектепке даярлық топтарында интернет материалдарды, кинофильмдер, диафильмдер, диапозитивтер және т.б. пайдаланылады. Бұл оқыту әрекетін қызықты етеді, балаларды айналадағы ортамен таныстыру мүмкіндігі кеңейеді, себебі өмірде тікелей танысуға мүмкін болмайтын құбылыстарды көрсетуге болады.
Экран арқылы заттарды әр түрлі жағдайда: ірі . орташа және жалпы түрде, көрсету мүмкіндігі болады. Балалар фильмдерден алған әсерлерін бір- бірімен бөлісіп, суреттерінде, әңгімелерінде, ойындарында бейнелейді.
Оқыту әдісінің тиімді болуы үшін тәрбиеші түрлі тәсілдерді қолданады: әңгімелесу әдісін пайдалана отырып, көктемде жапырағын жайған бұтақтарды көрсетеді, жұмбақ жасырып, оны шештіреді, шағын әдеби шығармалар оқып толықтырады; көлік қозғалысын немесе басқа қимыл- әрекеттерді бақылауда сұрақтар қойып, қажетті түсініктер береді, сурет салуда көрсету және түсіндіру тәсілдерін қолданады, балалардың көңілін көтеру үшін өлең оқиды.
Жұмыстың мақсаты: Оқытудың әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып,
балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
1. Оқыту әдісінің тиімді болуы үшін тәрбиешінің түрлі тәсілдерді қолдануы керек.
2. Балаларға заттар мен құбылыстарды көрсету, айналадағы жағдай өзгерістерін байқауды үйрету.

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
1.1.ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Әдістер мен тәсілдер ұғымы. Әдістер мен тәсілдер оқыту әрекетінде пайдаланылады. Әдістер арқылы балалар білімді, іскерлікті, дағдыны игеріп, танымдық қабілеттерін дамытса, тәсіл әдістің бір бөлігі болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістері мыналар: көрнекі, ауызша айту, тәжірибелік және ойын әдісі.
Көрнекілік әдістері. Көрнекілік әдістің мектепке дейінгі ұйымдағы оқытуда орны ерекше. Көрнекіліктің дидактикалық ұстанымына сәйкес пайдаланылады. Көрнекілік әдістері балаларға жаңа білім беруде кең қолданылады. Көрнекілік әдістеріне заттар, құбылыстар сияқты табиғи объектілерді, суреттер, тұлыптар сияқты көрнекі құралдарды , модельдерді, үлгілерді және басқаларды көрсету жатады. Интернет материалдары, диафильмдер, кинофильмдер, магнитофон жазбалары, телевизия, радио хабарлары және т.б. сияқты оқытудың техникалық құралдарын қолдану маңызды. Көрнекілік әдістерінің тәсілдері мынадай: бақылау, заттарды көрсету, үлгі көрсету, қимыл әдістерін көрсету, кинофильмдер мен диафильмдер пайдалану, дидактикалық құралдар.
Қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды мақсатты, жоспарлы түрде ұзақ қабылдауда бақылаудың орны үлкен. Бақылаудың мақсаты- балаларға заттар немесе құбылыстарды көрсету, айналадағы жағдай өзгерістерін байқауды үйрету. Баллаар ересек адамдардың еңбек әрекетін, көлік қозғалысын, жануарларды, өсімдіктердегі және жансыз табиғаттағы өзгерістерді бақылайды.
Тәрбиеші балалар алдына танымдық міндет қоя отырып, объектілерді зерттеудің түрлі тәсілдерін, бақылау әрекетін үйретеді, алға қойылған міндет бойынша өзбетінше жоспарлауды, елеулі белгілерді іріктеп ала білуді қалыптастырады.\ бақылау мынадай шарттарды орындауды қажет етеді:
Балаларға бақыланатын объектіге тән ерекшеліктерді көруге қолайлы орын мен сәттер таңдап алу.
Балаларға қойылатын сұрақтар мен көрсетулер бақыланатын объектінің әр түрлі белгілеріне бағытталуы;
Балалардың көңілін бақылауға тікелей байланысы жоқ сұрақтармен бөлмеу, тақырыптан тыс оқиғалар туралы әңгіме қозғамау.
Тәрбиеші бақылау объектісі жөнінде балалардың не білетіндігін анықтау және не нәрсеге ерекше көңіл аудару керектігін білу үшін бақылаудың алдында әңгіме өткізеді.
Көлік қозғалысын бақылау үшін саяхатқа баратын орын туралы тәрбиеші кіріспе әңгіме өткізеді. Балалар көше қозғалысы ережесі туралы, көшедегі көлік пен жаяу адамдар жүрісінің тәртібін кім қадағалайтыны туралы не білетінін анықтайды, саяхат кезінде тәртіп ережесін түсіндіреді. Педагог алдын-ала ойластырған көшенің қиылысына жеткен соң, балаларды көшеде жүріп жатқан адамдар көрінетіндей және оларға ешқандай қауіп төнбейтіндей етіп орналастырады. Осыдан кейін балалардың назарын бақылау объектілеріне: өтіп жатқан көліктерге, бағдаршамға, реттеуші полиция қызметкеріне аударады. Балаларға: Реттеуші полиция қызметкері не істеп тұр? Бағдаршамның жарықтары қандай ретпен жанады? Көше қозғалысын реттейтін белгілер қандай?- деген сұрақтар қояды. Педагог содан кейін балаларға айналадағыны бақылау үшін 4-5 минут уақыт береді, балалардан көргендерін сұрап, жауаптарын нақтылап бақылауға қорытынды жасайды. Саяхаттан келген соң балалар көргендерін еске түсіріп құрылыс материалдарынан бағдаршам, көше белгілерін, көліктерді , реттеуші полиция қызметкері бар көше жасауға тапсырма береді, балалардың алған білімдерін жетілдіреді.
Бақылау мазмұны біртіндеп күрделендіріледі. Ауа райы, құстар, балықтар, жануарлар, өсімдіктер, маусымдық құбылыстар бақыланады.
Оқытудың тәсілдерінің бірі- заттарды көрсету. Оқыту барысында балаларға қуыршақ киімдері, ойыншық жиһаздар мен шын жиһаздар, ыдыстар, үй заттары, еңбек құралдары, сурет салуға, мүсін жасауға, құрастыруға қажетті жабдықтар көрсетіледі.
Заттар барлық бала жақсы көре алатындай етіп орналастырылып, тәрбиеші қысқа және нақты көрсете отырып, түсіндіреді: мына қылқалам сурет салуға арналған. Ол ұзын, оның ұшы үлпілдек қыл. Бояуға аздап су тамызып, қылқаламды бояуға салып, бояу езілген соң сурет саламыз.
Айналамен таныстыруда, тіл дамытуда, суреттер көрсету жиі пайдаланылады. Балалар бақшасында байқауға мүмкін емес заттар мен құбылыстарды (аңдар т.б.) көрсетуде суреттердің орны ерекше.
Сурет барлық балаларға жақсы көрінуі үшін үлкен және оған бейнеленген заттар нақты болуға тиіс. Педагог балалардың назарын әуелі суреттегі бейненің мазмұнын анықтауға, содан кейін оның бөлшектеріне аударады. Ол суреттегі бейненің балаларға бұрын таныс- таныс еместігін ескереді:
1) балалардың тәжңрибесіне сүйене отырып, педагог суреттің мазмұнын түсіндіреді;
2) сурет мазмұнын олардың өздеріне айтқызады.
Педагог балалар назарын керекті бір нәрселерге ерекше бағыттап, суреттегі нәрселерді әдейі айтып, көрсетіп, олардың білімін, тәжірибесін дамытуға тырысады.
Бейнелеу ,құрастыру әрекетіне үйрету үшін пайдаланылатын тәсілдердің бірі- үлгі көрсету. Үлгі көрсетуде суреттер, жапсыру, құрастыру заттары пайдаланылады және олар көлемі үлкен, түсі ашық. Бояуы тартымды болуы тиіс. Үлгі бойынша жұмыс істеуге үйрету үшін оны әуелі қарап, балалармен бірге талдау қажет.
Дене тәрбиесі, музыка, бейнелеу өнері және т.б. сабақтарда тәрбиеші қимыл әдістерін көрсету тәсілін пайдаланады: музыка ырғағымен жаттығуларды, қозғалысты қалай орындау, сурет салу, ою құрастыру кезінде қандай жүйемен және қалай орындау керек екенін көрсетеді.
Көруге ыңғайлы орын таңдалып, балалар қолайлы етіп отырғызылып, қимыл әдістерін көрсету жүзеге асады. Мысалы , тәрбиеші дене шынықтыру кезінде бойы аласа балалар саптың алдына, биіктерін артына тұрғызады; музыка сүйемелдеуімен қимыл жасауда балалар оларды әр жағынан көруі үшін шеңбер ішінде орындайды. Жүресінен отырып, жатып, отырып орындалатын жаттығулар балаларға қырынан тұрып көрсетілгені жақсы; суретті қайшымен қиюды көрсетуді балалар бір бүйірден көретіндей етіп орындау қажет және т.б.
Балаларға анық көрінуі үшін әр қимыл айқын, дәл, бөлек- бөлек болуы керек және сөзбен түсіндіріліп отырады. Дене шынықтыру және музыка сабақтарында қимылды көрсетуге балаларды тартуға болады, бірақ талап етілген қимылдарды олар дұрыс орындайтын болуы керек.
Мектепке дейінгі ұйымның ересек және мектепке даярлық топтарында интернет материалдарды, кинофильмдер, диафильмдер, диапозитивтер және т.б. пайдаланылады. Бұл оқыту әрекетін қызықты етеді, балаларды айналадағы ортамен таныстыру мүмкіндігі кеңейеді, себебі өмірде тікелей танысуға мүмкін болмайтын құбылыстарды көрсетуге болады.
Экран арқылы заттарды әр түрлі жағдайда: ірі . орташа және жалпы түрде, көрсету мүмкіндігі болады. Балалар фильмдерден алған әсерлерін бір- бірімен бөлісіп, суреттерінде, әңгімелерінде, ойындарында бейнелейді.
Балаларға тәрбиелік ықпалы жағынан оқу фильмдерінің маңызы үлкен: кітап шығару, стол жасау, астық өсіру туралы фильмдерді көрген балалар айналадағы заттарды дайындауда көп еңбек сіңіру керектігіне көз жеткізеді, оларға ұқыпты қарауға, адам еңбегін құрметтеуге үйренеді.
Тәрбиеші балалардың фильм жөнінде қаншалықты білетіндігін анықтап алу мақсатында әңгіме өткізіп, балаларды фильмді қабылдауға даярлайды. Сабақтарда фильм көрсету бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін:
фильм көрсету алдында әңгіме өткізу;
тәрбиешінің қысқа хабарламасы;
фильмнен кейін балалар орындайтын тапсырма беру;
фильмді көргеннен кейін балаларға алған әсерлерін, не ұнағанын әңгімелеуге мүмкіндік беру.
5-6 күннен кейін балалардың білімін анықтау, фильм туралы әңгімені жүйелеу мақсатында фильмді қайталап көруді ұсынуға болады.
Мектепке дейінгі ұйымда оқытудың көрнекілігін қамтамасыз ету үшін бағдарламаның барлық бөлімдері, айналамен танысу бойынша қажетті дидактикалық құралдар мен материалдар болуға тиіс.
Оқу міндеттерін жүзеге асыру үшін сәйкес арнайы жасалған заттар - дидактикалық құралдар: көрнекі құралдар, дидактикалық материал.

Ауызша айту әдістері

Көрнекі әдістер сөзбен, түсіндірумен тығыз байланысты. Балалардың қабылдауы түсіндіру арқылы анықталады. Оқытуда бірде көрсету, бірде түсіндіру негізгі орынға ие. Көрсетудің немесе түсіндірудің негізгі болуы балалардың жасына, олардың қимылды немесе жаттығуды игеру дәрежесіне байланысты. Көрсету біртіндеп сөзбен түсіндірумен алмаса бастайды. Тәрбиеші үнемі түсіндіру тәсілдерін пайдаланады: сабақ басында тапсырманың мазмұнын түсіндіреді, көрсету барысында әр қимылға түсінік береді. Түсіндіру нақты, балаларға ұғымды болуы керек.
Ауызша айту әдістерінің тәсілдері: әңгіме, оқу, әңгіме өткізу.
Қоршаған ортадағы оқиғалар, құбылыстар, табиғат жөнінде жаңа білімдерді, мәліметтерді балаларға хабарлау үшін тәрбиеші әңгіме пайдаланады. Мазмұнды, қызықты, әсерлі әңгіменің рөлі зор. Әңгімеде тәрбиешіге баланың ақылына, сезіміне әсер ету үшін жеңіл әзіл араластырып қойған жақсы.
Тақырып бойынша әңгімені өздері аяқтау, ойлап айту үшін сурет беріп, балаларды әңгіме айтуға үйрету жүзеге асырылады.
Ауызша айту әдістерінің бір тәсілі- оқу. Ол балалармен жұмыс жүргізуде көркем әдебиет оқу және әңгімелеп беруде пайдаланылады. Тәрбиеші көркем әдебиетпен таныстыруда, жаңа білімді хабарлауда жағымды көңіл күй туғызу үшін әңгіме, өлең, ертегі оқиды.
Педагог балаларға өлең жаттату үшін оны өз жатқа білуі керек. Сондай-ақ ол ертегілер мен оның өзіне тән ерекшеліктерін жатқа айтқаны дұрыс. Балалар шығарманың идеялық мазмұнын терең түсінуі, кейіпкерлердің бейнесін жақсы сезінуі үшін педагог көркем әдебиетті шебер оқуы керек.
Ауызша айтудың негізгі әдістерінің бірі- әңгіме өткізу. Алдын ала сұрақтар дайындап, соның көмегімен тәрбиеші балалардың танымдық іс- әрекетін дамытады, білетіндерін анықтап, жауаптарын түзейді, дәлелдейді, жаңа мәліметтер береді, ройлануға үйретеді.
Сұрақ қою оқытуда балалар білімінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Сұрақтар түсінікті, материалды еске түсіруді ойлануды талап ететіндей болғаны жөн: баллаар заттар мен құбылыстарды өзара салыстыруға, байланыстарын ажыратуға тиіс. Дұрыс қойылған сұрақ балаларды толық жауап беруге итермелейді.
Қаралған әдістер мен тәсілдердің бәрі көбіне жаңа білімді хабарлап, балалардың өз бетінше әрекет етуіне бағытталған.

Тәжірибелік әдістер

Тәжірибелік әдістер- балалардың алған білімдерді естерінде сақтау үшін қолданылады. Балаларды оқытуда олардың тәжірибелік істі ұйымдастыруға көмектесетін, олардың жаңа білімдерді, іскерлік пен дағдыны игеруге жетелейтін әдістер қолданылады.
Тәжірибелік әдістер- балалардың алдына нақты міндет қояды: дайын үлгі бойынша не істеу керектігі немесе нұсқаулар бойынша тапсырманы қалай орындау керектігі болуы мүмкін.
Жаттығу- тәжірибелік әдістердің тәсілі, ол арқылы балалар қажетті іскерлік пен дағдыларды меңгереді. Бала өзі істеп жаттығу арқылы педагогтің көрсеткенін, түсіндіргенін жетілдіреді, өзі істеп жаттығу арқылы сурет салуды, қайшымен қиюды, есептеуді меңгереді, іскерлік пен дағды қалыптастырады. Сондықтан оқытуды түсіндіру мен көрсетуден гөрі тәжірибелік іс- әрекет көп орын алатындай етіп ұйымдастырған жөн. Түсіндіруге кеткен уақыт оқу уақытының 51- нен артық болмауы үшін түсіндіру нақты, қысқа, анық болуға тиіс.
Ойлауды дамыту үшін балаға өз бетімен талдау жасату, талдауды қалай жасау жолдарын белгілеуге тарту қажет. Баланың қолына дайын үлгі берілмей, құрылыс, сурет сияқты дайын объектіге керекті жағдайларды түсіндіру керек. Балалардың алдына қойылатын мұндай міндет тәсілі жағдайға қарай тапсырма деп аталады. Мысалы, Үлкен жылқы және кішкентай құлын сиятындай үй сал, екеуі де терезеге қарап тұратын болсын
Тәжірибелік әдістер көрнекілікпен тығыз байланысты, ол үлгі немесе қойылған шарттар көрнекі болуы керектігінен көрінеді. Дайын үлгі бойынша тәжірибелік іс- әрекет жасату үшін педагог балалардың алдын ала қабылдауына және талдауына мүмкіндік жасайды. Себебі балалар заттарды өз бетінше елестете алмайды, олар үшін бір құрылысты тұрғызу, суретін салу сияқты тәжірибелік міндеттер негізгі міндет болып қабылданып, баллаар соған кірісуге асығады. Бұл қателіктерге, тіпті тапсырмалардың орындалмай қалуына апарып соқтырады.
Балалардың үлгіні дұрыс қабылдауы, талдай білуі істің сәтті болуын анықтайды. Сондықтан тәжірибелік әдістерде қимыл тәсілдерін және берліген тапсырма бойынша талдау тәсілдерін көрсету маңызды. Балаларда өзін- өзі бақылауды дамыту мақсатында тапсырманың орындалуынан шыққан нәтижені берліген тапсырмамен салыстырып, дұрыс істелмеген жерлерін түзете білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру керек. Бұл оқу іс- әрекетінің маңызды сәті.

Ойын әдістері

Ойын әдістері мен тәсілдері оқытуда балалардың көңілін оқыту мазмұнына аударады, танымдық іс- әрекет пен ойын арасындағы байланысқа мүмкіндік береді.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала - балалар ойыны. Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Осыдан келіп ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а с а л а д ы :
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.
ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.
в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

1.2. Оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау

Материалдың мазмұнына, балалардың жас ерекшелігіне, олардың білім деңгейіне қарай оқыту әдістері мен тәсілдері таңдалады. Мысалы, балаларды заттармен, жануарлармен, құстармен таныстыру үшін көру, бақылау, суреттерді, диафильмдерді пайдалану әдістерін таңдаған дұрыс; жануарлар балаларға таныс, бірақ ол туралы түсінігін жетілдіре түсу керек болса, суреттерді пайдалануды таңдаған дұрыс, жануарлардың қылықтары туралы түсінікті кеңейту керек болса, көркем әдебиетті пайдаланған жөн.
Сәбилер тобында әңгімелесуге үйретуде суреттер, ойыншықтар көрсету, естиярлар тобында- шағын ертегілерді, әңгімелерді суреттер бойынша айтып беру, ересектер және мектепке даярлық топтарында жоспар, бастап беру, еске түсіру және т.б. бойынша шығармашылық әңгіме өткізу қолданылады.
Оқыту әдістері балалардың біліміне, жаттығу дәрежесіне сәйкес өзгеріп отырады, сурет салуға үйретуде әуелі үлгі беріледі, сонан кейін балалар бейнелерді түрлендіру үшін бірнеше үлгілер беріледі. Ал ойдан сурет салу қажетті дағдылар мен іскерліктер қалыптасқан соң ұсынылады.
Педагог ересектер тобында сабақты жоспарлай отырып, заттардың қандай материалдардан жасалғаны туралы балалармен әңгіме өткізуге, заттарды көрсетуге, оған түсінік беруге, суға бататын және батпайтын заттар туралы оңай тәжірибені бақылауға, шыныдан, ағаштан, металдан жасалған заттарды атауға ұсыныс беру арқылы кімнің көбірек атайтынын байқап, анықтауға болатын дидактикалық ойын таңдайды.
Оқытудың әдістері мен тәсілдерін мақсатты түрде іріктеп ала отырып, педагог білім іскерліктері мен дағдыларының жоғары сапасымен қамтамасыз етеді.

1.3. Балалар тілін дамыту әдістемесі

жастағы балаларда ең алдымен жүру дағдысы жетілдіріледі. өз бетімен жүре алатын болған соң, бала 1 жылының алғашқы 3-4 айында сергек кездерін қозғалыстарда өткізеді; қолдарына әлде бір заттарды ұстаған күйінде көп жүреді. өмірлерінің бірінші жылдары әр түрлі заттармен жасап үйренген әрекеттер енді үйлесімдірек бола түседі тілі де дами бастайды. Олар көрсетілген қимылдарға адам сөзіне бар нәрсеге оңай еліктей бастайды.
Заттармен іс-әрекет өмірінің 1 жылында баланың айналысатын негізгі әрекеттеріне айналады. Үлкендердің көрсетіп, сөйлеп үйретуінің нәтижесінде оның бұл әрекеттерді күрделене түседі. Осы әрекет барысында ол заттардың қасиетімен сөздердің мәнісімен таныса бастайды және ұғына бастайды. Қоршаған ортаға аса ықылас қоя қарап адамдарға назар аударып олардың сөздеріне, бет әлпетінің өзгерісіне сөйлеген кезде соның бәріне назар аударып еліктей бастайды.
Баланың ақыл-ойы мен тілінің жетілуі үшін зор мәні бар сенсорлық қасиеттері тез даму үстінде болады. Іс-әрекет жасау процесінде қоршаған орта әсерін қабылдау қабілеті жетіледі. Бала заттардың белгілері бойынша - түсіне, формасына, көлеміне қарай оларды ажырата білетін болады: салыстырп, ұқсастықтарын аңғарып түсіне бастайды. Алдымен үлгі бойынша содан кейін ересектердің сөзі бойынша ұғып ол 2 -3 түрлі түсті шариктің ішінен қажетті түсі бар шарикті немесе үлкендігі әртүрлі 2-3 қуыршақтың ішінен ең кішкенесін таңдап ала алады.
1-жылдың басында бала назары еріктен тыс болады, бір заттан бір затқа ауа береді. Бірақ жасы өскен сайын белгілі бір тәрбиелік арқылы оның назарын тұрақтандырып, ойын жинақтауға үйретуге болады.
Іс-әрекет процесінде балалардың әр нәрсені әр сөзді жадына сақтау қабілеті де дамиды. Олар заттарды танып қана қоймайды, сонымен бірге дәл сол мезетте жоқ заттар мен құбылыстарды әсіресе бұрын өздерін қатты қызықтырған немесе қатты әсер еткен нәрселерді еске алады. Бұл еске алуларға алдымен әлде қандай көрнекті жағдайлар себеп болады. Мысалы, үйге кірген дәрігерді көріп, бала кеше анализ үшін қан алған саусағын көрсетіп былдырлайды немесе тұтқасы сынған чашканы көрсетіп; Папа ұрған немесе сындырған деп былдырлайды.
Кейінірек олар сөздер арқылы да осы нәрсені еске алатын болады. Мысалы, балаға : Әжеңе барамыз-, десе ол әжесінің үйінде ойнаған ойыншық аюды немесе тағы басқа нәрселерді есіне алып қуанады. Бала өзінің қуыршағын қайда қойылатындығын, ыдысы қай жерде ұсталатынын, қалай аталатынын есінде ұстайды.
әсіресе сөйлеу қабілетінің дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала өмірінің екінші жылы оның тілінің қалыптасып, тез даму кезеңі болып табылады, мұның ой-өрісінің жетілуі үшін зор маңызы бар.
Баланың сөйлеу қабілетінің 2 жылында дамуы екі кезеңге бөліне өтеді: біріншісі -- 1 жастан 1 жас 5-6 айға дейін, бұл кезеңде негізінен тілді түсіну қабілеті дамиды, екіншісі - 1 жас 5-6 айдан 2 жасқа дейін, бұл сөз қорының тез молайып, активті тілді пайдалану кезеңі. Егер өзін қоршаған үлкендер маңайдағы заттарды нұсқап, атын атаса немесе бала қадағалап тұрған өз қимылдарын, не болмаса баланың өзінің әрекеттерін сөзбен бейнелесе, 1 жас 1 ай - 1 жас 2 айдан бастап бала сөздің затпен байланысын тез аңғаратын болады, былайша айтқанда, заттар мен әрекеттердің қалай аталатынын түсіне бастайды. Бала бүтін бір сөйлемдердің мағынасын түсінеді. Мысалы: Қазір тамақтанған соң қыдыруға шығамыз дегенді естіп, 1 жасар бала пальтосын нұсқайды.
Сөйлеу қабілетінің дамуы одан да әрі жалғасады. Дұрыс тәрбиеленсе, балалар бұл жасында көп былдырлайды. Олардың былдырында әр түрлі дыбыстар мен сол дыбыстардың тіркесі көбейе түседі. Бала былдыры сезімге толы, бейнелі болады және әр қимылмен қатар істеліп отырады. Бала таныс дыбыстарға ғана емес, сонымен бірге жаңадан естілген қарапайым дыбыс тіркестеріне де оңай еліктейді. 1 жас 5-6 айға таяғанда ол шамамен 30-40 сөзді айта алады. Бірақ тіпті таныс сөздерін ол әлі сирек қолданады, негізінен өте ықыласқанда айтады. Мысалы: кішкене қызды көріп Юба дейді онысы люба дегені, қасындағы ересек кісімен сол қызға кезек кезек қарайды. Немесе бірнәрсе сұрағанда сол заттың атын атайды. Үлкендерге бір нәрсе айтқысы келгенде бала сөздердің орнына бейнелі қимылдарды, ымды, дыбыстарды жиі қолданады. Оның бір сөзі көбінесе бүкіл бір сөйлемнің мағынасын білдіреді. Мысалы: Мә дейді бұл сөзі Мені көтер (мұндайда ол үлкен кісіге жанындаы ересек адамға талпынады, қолын көтеріп созылады) дегенді, кейде орындыққа отырғыз (мұндайда қолымен орындықты қағады немесе орындыққа көрсетеді) дегенді аңғартады.
Жаңадан үйренген сөздерін бала негізінен жақын адамдардың жанында және жақсы таныс жағдайда айтады; үйренбеген жағдайларында ол, әдетте, үндемейді. Баланың сөздері әлі дұрыс айтылмайды, бөгде адамдарға оны түсіну қиын; ол сөздер не қысқартылып айтылады (сөздің басы немесе соңы), немесе өте бір ерекше дыбыстар тіркесі болып келеді.
Дұрыс тәрбиеленген жағдайда 2 жылдың екінші жартысында бала тілінің дамуында секіріс болады: 1 жас 5-6 айдан асқан соң сөздік қоры тез молая бастайды, сөйтіп, 2 жасқа толғанда бөбек 300 ге жуық сөзді қолданатын болады.
2 жылдың бірінші жартысының аяғында баланың сөздік қорына заттар мен әрекеттердің ғана емес, сонымен қатар, олардың сапаларының атаулары да кіреді, бала тілінде грамматикалық формалар пайда болады. Ол екі сөзден тұратын сөйлемдер арқылы: Тәте ки (киіндір), одан соң өсе келе 3-4 сөзден тұратын сөйлемдермен: Таня нәм-нәм (Таня тамақ ішеді) тілдесе бастайды. 2 жасқа таяғанда тіл балалардың үлкедермен сөйлескенде тілді өздерінің тілектерін білдіретін, әсерлерін жеткізетін құрал ретінде пайдаланады. Ересек адамның сөзі тәрбие құралына айналады. Оның өз сөзі баланың тәрбиесін өзгертіп, әрекетіне бағыт бере алады.
Тілдің жетілуімен бірге балалардың ойлау, қоршаған ортаны бағдрлау қабілеті дамиды. әсер дүниесінің байп, жеке заттар жайындағы нақты ұғымдарының молаюына және тілдік қабілетінің дамуына қарай өмірінің бірінші жылының соңында ақ бала алғашқы қорытандыларын жасайды. Алдымен олар заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілеріне негізделеді. Мысалы: алма деген сөзді үйренген соң балалар допты да, шарды да осылай атайтын жағдай жиі кездеседі. өздерінің іс-әрекеттері барысында және үлкендердің ұғымдарының ықпалымен қорытындылау қабілеті біртіндеп жетіле түседі: заттар енді сыртқы емес, мәндік белгілері бойынша біріктіріледі. Көптеген іс-әрекеттерінің атаулары да жалпыландырылады.
Кеңейіп келе жатқан тәжірибе негізінде балалар құбылыстарды салыстырып, айырып, олардың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. 1 жас 11 айда бала Күн жылынған соң қыдырамыз деген ойды айта алады. Одан өсе келе бала: Оямал жоқ, ал тағы кішкене тілі дами келе Тәте жазады, Зина қаяп тұяды деген сөз байланыстарын айта алады. 2 жылы балалар ойынының сипаты едеуір өзгереді. Бұл жылдың алғашқы айларында бала лар ойын үстінде көбінесе бұрын үйренген әрекеттерін қайталамайды. Олар қуыршақтарын тамақтандырады, тербетеді, олармен билейді, анасынан және де басқа ересектердің өзінің қарым қатынасын қуыршақтармен қайталайды. Оларға ән айтып береді, ұйықтатады, еркелетеді және т.б. біртіндеп олар бұл істерін басқа да заттарға да жасай бастайды. Қуыршақтарды ғана емес ойыншық иттерімен тағы да басқа ойыншықтарына соны жасайды. Осы жасында балалар жаңа әрекеттер көмегімен өз айналасында көргендерін бейнелей алады. Балалар газет оқып, шашын тарап, сәнденуді т.с.с шығарады. Алдымен мұндай әрекеттер түрі өте аз болады, алайда балалар бірте-бірте маңайындағылардың сирек жасайтын сан алуан әрекеттерін өз ойындарында алдымен жеке жеке бейнелей бастайды., одан соң өзара байланысты бірнеше іс-әрекеттен тұратын мазмұн да пайда болады - сюжетті ойын дамиды.
3 жас бойына балалардың мінез-құлқының күрделенуі ең алдымен баланың ақыл-ойын одан әрі дамытуға жәрдемдесетін тілді дамытумен байланысты. 3 жасқа қарағанда:
1) айналадағылардың сөзін одан әрі түсінуді - келер шақты, өткен шақты түсіне білуді, сөздің мағынасын көріп тұрған жағдайда ғана емес, сондай-ақ одан да тыс түсіне білуді қамтамасыз ету;
2) балалардың актив сөзін жетілдіру - сөздікті байыту, барлық сөз таптарын пайдалана отырып, сөйлем құрып сөйлеуді үйрету, сөздің грамматикалық құрылысын жетілдіру, оның дұрыс айтылуын және эмоциялық әсерлілігін жақсарту;
3) сөзді пайдалануды кеңейту -- өз әсерлерін сөзбен бере білу, оларға сұрақтар қойып, жауап бере білу, үлкендермен балалармен белсенді тілдік қарым-қатынас жасау себептерін ұлғайту;
4) айналадағыға қарап бағдарлауды ұлғайту;
5) қарым-қатынасқа қабілеттілікті дамыту, балаларда табиғат құбылыстары туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық өмірдің балалар түсінігіне жеңіл құбылыстар туралы ересектердің еңбек, уақыт, сан, кеңістік қатынастарды, заттардың атқарар қызметі және т.б. туралы аса қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;
6) сөзді қабылдауды және құлақ қойып тыңдауды - үлкендердің айтқанын жақсы тыңдай білуді, шағын әңгіме, өлең тыңдауды жақсарту;
7) мәдени тілдің дағдыларына - ақырын, асықпай, оның үстіне қолдарды ербеңдетпей және т.б. сөйлеуге тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ең алдымен өмірдің табиғи жағдайлары және ойын, серуен, тамақтану, ұйықтауға жатқызу кезіндегі балалармен өзара қарым-қатынастар пайдаланылады. Балалардың сезімдік тәжірибелерін қабылдауға жеңіл әсерлермен және оларды дербес іс-әрекетте дұрыс ұйымдастыра білумен байытып отыру қажет. Балалармен қандай да бір құбылысты немесе үлкендердің іс-әрекетін серуендеу кезінде, үйде бақылай отырып, картинаны қарап, оларға әлденені көрсете, олардың ойындары жөнінде сөйлесе отырып, жекелеген заттар мен іс-әрекеттерді атап қана қоймай, сонымен бірге оларды түсіндіру, жекелеген фактілер арасындағы байланысты анықтап, заттардың қасиеті мен атқаратын қызметтерін белгілеу қажет. Тікелей қабылданған нәрсені баланың бұрынғы тәжірибесімен байланыстыру қажет. Қандай да бір әрекетке кіріспестен бұрын балалардың не істейтінін , қайда баратындарын және т.б. айтқан жөн. Балалармен сан алуан сылтаулармен үлкендерге қарым-қатынас жасау қажеттілігін қалыптастырады, мұның өзі бұл қарым-қатынастың сипатын сан алуан етіп қана қоймайды, сонымен бірге оның дамуына жәрдемдеседі.
Бала әрбір сөйлеген кезде қолдап отыру қажет, оған қысқа жауап бере салмай, мүмкіндігінше әңгімеге айналдыру, жай: Жарайсың, жақсы салыпсың деп айта салмай, онымен әңгімелесу өте маңызды. Балаларға біртіндеп күрделелініп отыратын сөздік тапсырмалар алдымен үлгі бойынша, беріп отыру керек, мысалы: Гулшат Стамғазиевадан (тәрбиешінің аты) кітапша сұра, былай деп айт: Гулшат Стамғазиева маған кітапша беріңізші. Ал содан кейін үлгісіз-ақ тапсырмалар беруге болады: Аруна Мамыраеваға (күтушінің аты) айт, ол бізге саз балшық әкелсін, біз мүсін жасаймыз.
Негізінен 3 жаста да балалармен олардың сезімдік жағынан нені қабылдайтыны, яғни олардың нені көретіні, натурада, картинкада немесе ойыншықтар арқылы не көрсетуге болатыны туралы айту керек. Сонымен бірге балаларға бұрын ешуақытта да мұндай үйлесімде қабылданбаған, бірақ жекелеген элементтері балаларға олардың бұрынғы тәжірибесі бойынша таныс оқиғалар туралы, мысалы, мысық Мурканың шарбақтан секірген кезде құлап аяғын қалай ауыртып алғанын, оны бақшадағы балалардың қалай күткенін, немесе әжейдің дүкеннен келе жатып, жолда алмаларын қалай шашып алғанын және балалардың оған алмаларды жинауға және үйге дейін жеткізіп беруге қалай көмектескенін және т.б. туралы әңгімелеп беруге болады, тіпті әңгімелеп беру қажет те.
Ана тілді үйретудің заңдылығы, жоғарыда айтылып өткендей бір қатар қабылеттердің дамуы процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзіні сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабылеты - сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды моделдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекістері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабылеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3( сөздің мағыналы элементін өз сезімімен салыстыра білу қабылеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабылеті.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психикасы жан-жақты дамиды. Лингвистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарттары болып табылады.
Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекеттерін айтады.
Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.
Еліктеу әдісі
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуіде бірсөзді, бірақ әртүрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден көрі бір шама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикулиациясымен модулиасиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу (сақауланбау, шолжаңдамау) аса маңызды.
Бұл әдісті қолдану сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарда (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгендеде) жалғыстырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде де еріксіз түрде болуы мүмкін.
- менің қызымның қолы қайсы? - дейді анасы сәбидің қолын ұстап, қол деген сөзді ерекше бөліп дауыстап - міне, қолы! Қолы қандай десеңші! Қазір біз оны сабындап, жұмсақ жөкемен ысқылаймыз. Міне, қолы да жақсы сабандалды! Ал, екінші қолы қандай? Міне, екінші қолы! Бұл қолында сабындаймыз, енді қолдарын шайамыз, алдымен мына қолды, сосын екіншісін, енді екі қолымызда тап-таза.
- Алты айлық бала үйретушінің сөзін жәй ғана тыңдайды, күлімсірейді, ойнайды. Тоғыз айлығында немесе жасқа толуға жақындағанда ол бұл сөзді қайталауға талпынады.
-- Ко, -- дейді қыз, ең алдымен анасының сөзіндегі екпінді ұғып.
-- Қол. Менің қызым жақсы сөйлейді. Қол. Қане, тағы бір айтшы.
-- Ко, -- дейді қыз бір қолын көтеріп.
-- Тағы бір қолың қайда?
-- Қо. -- дейді сәби екінші қолын көтеріп.
Бұл кезде сәби қол деген сөздің жалпы мағынасын ұғады, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Оқытудың әдістері мен тәсілдері
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы
Пәндер