Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕСІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс
Мамандығы: «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»
Пәні: «Мұрағаттану»
Тақырыбы: «Алматы облысы Іле аудандық Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі бойынша Акт және оның ерекшеліктері мен ұқсастықтары»
Орындаған: 309-топ студенті
Зарлыханов Ернар
Жетекшісі: Құрманғалиева Қ.
Есік 2014 ж
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
- Іле ауданы әділет басқармасы мемлекеттік мекемесінің өзіндік құрылымы және қызметі.
ІІ. Негізгі бөлім
- Іле ауданы Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөліміне байланысты Акт және олардың түрлері мен мазмұны.
- Іле ауданы Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөліміне байланысты Актілердің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
ІІІ. Практикалық бөлім
- Іле ауданы Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөліміне байланысты Актілердің үлгілері.
IV. Қорытынды бөлім.
V. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Алматы облысы Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасы 2005 жылдың 19 наурызында № 175 - 1907 - 04 - М. М каулысына сәйкес құрылды.
Мемлекеттік атауы : Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Алматы облысы Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасы.
Мекеменің заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Абай көшесі 23 үй.
Құрылымдық бөлімшелері:
- Азаматтық хал актілерін тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі.
- Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу ақпарттық қызмет көрсету бөлімі.
- Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімі.
- Зияткерлік меншік қорғау бөлімі.
- Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімі.
- Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасы (бұдан әрі - аудандық ) Әділет Министрлігінің аумақтық органы болып табылады және әділет органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.
- Іле ауданының әділет басқармасы өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамсыз етуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын әрі заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
- Іле ауданының әділет басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйырықтарына өзгеде нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Іле ауданының әділет басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгіде бланкелері болады.
- Іле ауданының әділет басқармасының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары қызметкерлерінің штат саны шегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрі бекітеді.
- Аудандық Әділет басқармаларының заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Абай көшесі, 23 үй.
- Аудандық Әділет басқармаларының толық атауы: «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Алматы облысының Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасы»;
- Аудандық Әділет басқармасының қызметін қаржыландыру бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.
- Аудандық Әділет басқармаларын қаржылық және материалдық - техникалық қамтамасыз етуді облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы орталықтандырылған әділет департаменттері жүзеге асырады.
- Аудандық әділет басқармасының функциялары мен құқықтары:
- Мемлекеттік тіркеу саласында:
аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың және ауылдық округтердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінің өңірлік бөлімін жүргізу;
аудандық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың және ауылдық округтердің нормативтік құқықтық актілерінің шығарылуын, қолданылуын, мемлекеттік тіркелуі мен жариялануын реттейтің заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
аудандық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың және ауылдық округтердің жарияланған нормативті құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу;
заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу;
заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;
өз құзыреті шегінде бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен іс-әрекет жасау;
азаматтық хал актілерін тіркеу;
азаматтарды тіркеуді жүзеге асыру;
- Құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетулерді ұйымдастыру саласында:
Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру;
жергілікті атқарушы органдардың заң қызметі;
құқықтық насихат және құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысу;
Қазақстан Респуликасының заңнамалық актілермен берілген өзге Фде өкілеттіктерді жүзеге асыру;
- Зияткерлік саласында:
зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемелекеттік саясатты жүзеге асыру;
- Әкімшілік іс жүргізу саласында:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы »Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
2. 1. Іле ауданы Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөліміне байланысты Акт және олардың түрлері мен мазмұны.
Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық- анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау мен бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар ұйымдық-құқықтық және өкімдік құжаттарға қарағанда қызметтік рөл атқарады. Оларда өкімдік құжаттардағыдай тапсырма болмайды, міндет жүктемейді, тек белгілі бір мәселелер бойынша шешім қабылдауға итермелейтін мәліметтер болады, яғни басқару ісіне байланысты тиісті шараларды қарастыруға ықпал етеді, басқаша айтқанда, басқару жолымен әсер ету әдістерінің бірін таңдауға мүмкіндік жасайды.
Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың бір ерекшелігі - олар басқару жүйесі бойынша төменнен жоғары: қызметкерден бөлімше басшысына, бөлімше басшысынан ұйым басшысына, ведомствоға қарасты ұйымдардан жоғарғы орындарға қарай жүреді.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, әр түрлі хаттар және т. б. жатады. Олар ұйымдастырушылық - бұйрық құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс-әрекетке итермелегенімен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.
Акт - бұл фактіні, оқиғаны, іс-әрекетті растайтын, бірнеше тұлғалар жасайтын құжат. Құжаттың бұл түрі әр түрлі жағдайларда жасалады және алуан түрлі болады:
- қабылдау комиссиясының актісі;
- жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт;
- тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт;
- уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға беру) құқығын беретін акт;
- Әкімшілік құқықтық акт;
- Нормативтік құқықтық акт.
1. Қабылдау комиссиясының актісі - құрылысы аяқталған объектінің дайындығын белгілейтін және құжаттамалық растайтын және салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын құжат.
Қабылдау комиссиясының міндетті құрамына мыналар кiредi:
1) қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылатын тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) не тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;
2) комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының өкілі;
3) бас мердігердің, қосалқы мердігерлік ұйымның не бас жобалаушының не жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеушiнiң, қосалқы жобалаушылардың (жобаның бөлімдерін әзірлеушілердің), жергiлiктi атқарушы сәулет және қала құрылысы органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсіпорындардың, мекемелердің), пайдалануға берiлетiн объектiнiң бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi.4) Объектіде барлық құрылыс-монтаж жұмыстары, аумақты абаттандыру, бекітілген жобаға сәйкес толық жабдықпен және құрал-сайманмен қамтамасыз ету орындалғаннан кейін бас мердiгер объектінің тапсыруға дайын екендiгi туралы тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) хабарлайды.
5) Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрмей қабылдау комиссиясын құрады.
6) Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) қабылдау комиссиясының жұмысты бастау күнін тағайындайды және қабылдау рәсімдері басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, осы хабарламаны комиссия мүшелерінің алғаны туралы жазбаша растап, комиссияның барлық мүшелеріне жұмыстың басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.
7) Қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) салынған объектінің күрделілігіне және функционалдық арналуына, оның технологиялық және пайдалану сипаты мен параметрлеріне қарай тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) белгілейді.
8) Бас мердігер салынған объектілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына ұсынады.
9) Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы немесе құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасыз орындалғаны туралы қабылдау комиссиясынан қорытынды алған кезде тиісті мемлекеттік органдарға бұзұшылықтарға жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту жөнiнде өтініш жасайды, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Азаматттық кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.
10) Қабылдау комиссиясы құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдауды белгіленген нысандағы акті бойынша ресімдейді.
11) Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.
Ескертулер мен айрықша пiкiрлер бар қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.
12) Объектiнiң пайдалануға берілгені туралы актiге қол қойылған күн қабылдау комиссиясы объектiнi пайдалануға қабылдаған күн болып есептеледi.
Барлық қабылдау комиссиясының мүшелері қол қойған қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiсi дайын құрылыс өнімiне мүлiктiк құқықты тiркеу кезiнде объектінің пайдалануға қабылданғанын растайтын бастапқы ерекше құжат болып табылады.
2. Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актінің негізгі ұғымы:
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат - осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы;
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы;
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
Жер учаскесі - осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - орталық уәкілетті орган) ;
Мамандандырылған кәсіпорын - мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын, орталық уәкілетті орган оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады;
ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
ХҚКО АЖ - Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ақпараттық жүйесі.
Жеке меншiк құқығын беретін актiнi дайындау үшiн ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсiлмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорынның кассасында жүргiзiледi, олар, осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мөлшерде, төлемнiң мөлшерi мен уақытын растайтын төлем құжатын бередi.
Уәкілетті орган жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акті беру бойынша мемлекеттік қызметті тегін көрсетеді және заңдық сараптама жүргізумен және актіні бекітумен қорытындыланады.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актінің деректемелері:
- Мұқабасы ( елтаңба, толық атауы)
- Кадастрлық нөмірі
- Алаңы
- Жердің санаты
- Жер учаскесін нысаналы тағайындау
- Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпашылықтар
- Жер учаскесінің бөлінуі
- Жер учаскесінің толық мекенжайы
- Жер учаскесінің сызбасы
- Жер учаскесінің жоспары
- Жер учаскесінің шыққан күні, айы, жылы
- Қолы және мөртаңбасы
- Ескерту
3. Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт деп - жерді алдын ала мерзімін белгілемей отырып пайдалану болып табылады. Тұрақты жерді пайдалану тек мемлекеттік тұлғаларға ғана беріледі. Бұл Жер кодексінін 34-бабында көрсетілген. Жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға:
Кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылык жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін занды тұлғаларға;
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
Ерекше қорғалатын табиғи аумактар жерінде тұрақты жер пайдалануды жүзеге асыратын занды тұлғаларға беріледі. Сонымен қатар, тұрақты жер пайдалану құқық актісі шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі болмайды.
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актінің деректемелері:
- Мұқабасы ( елтаңба, толық атауы)
- Кадастрлық нөмірі
- Жер пайдаланушы
- Жер учаскесінің құқығы
- Жер учаскесінің алаңы
- Жер учаскесін пайдалану нысаны
- Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпашылықтар
- Жер учаскесінің бөлінуі
- Актінің берілу негізі
- Жер учаскесінің толық мекенжайы
- Жер учаскесінің сызбасы
- Жер учаскесінің жоспары
- Жер учаскесінің шыққан күні, айы, жылы
- Қолы және мөртаңбасы
4. Уақытша жер пайдалану құқығын беретін актінің алдын ала мерзімін белгілей отырып пайдалану. Уақытша жер пайдалану актісі екі түрлі мерзімге қатысты:
- Қысқа мерзімді, ол бес жылға дейін пайдалана алады;
- Ұзақ мерзімді, ол бес жылдан кырық тоғыз жылға дейін пайдалана алады.
Уақытша жер пайдалану құқын беретін актіні табыстау мерзімдері жер учаскесіне берілетін құқықты, оның нысаналы мақсатын және аумакты аймақтарға бөлуді ескере отырып белгіленеді.
Өтеулі жер пайдалану құқығын беретін акті дегеніміз - жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынатындығын білдіреді. Жер учаскесіне уақытша өтеулі (кыска мерзімді және ұзақ мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқық актісі азаматтарға, мемлекеттік емес занды тұлғаларға, сондай - ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкін. Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесін жеке меншікке сатып алудың төрт түрлі жағдайы көрініс тапқан. Олар:
- Біріншіден, жерді жер учаскесінін кадастрлық бағалау құнына сәйкес сатып алу;
- Екіншіден, жер учаскесін кадастрлык бағалау құнына сәйкес, сатып алу сомасын төлеу мерзімін он жылға дейін ұзарту арқылы;
- Үшіншіден, жер учаскесінін кадастрлық құнына қарай ай- қындалатын жеңілдікті бағамен;
- Төртіншіден, жер учаскесінін кадастрлық құнына карай ай- қындалатын жеңілдікті бағамен сатып алу сомасын төлеу мерзімін он жылға дейін создыру арқылы сатып ала алады.
Өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін акт керісінше мемлекеттен сатып алынбайтынын білдіреді. Оларға мыналар жатады:
- шалғайдағы мал шаруашылығы, маусымдык жайылымдар үшін;
- тұрғын халыктың мал жаю мен шөп шабуы үшін;
- мемлекеттік жер пайдаланушыларға;
- бақша өсіру үшін;
- қызметтік жер телімі;
- ортақ пайдаланатын жолдарды салу, мемлекеттік меншігі және әлеуметтік мәдени мақсаттағы объектілер кұрылысы кезеңіне;
- тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен үйлерді және ғимараттарды уақытша өтеусіз пайдалануға берілген кезде,
- Ғибадат объектілері үшін діни объектілер;
Қызметтік жер телімі ұзак мерзімді уакытша өтеусіз жер пайдаланудың ерекше бір түрі болып табылады. Кызметтік жер телімі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізімге сәйкес, осы телімге құқығы бар адамдар жұмыс істейтін мемлекеттік занды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлінеді. Ол қызметтік тұрғын үйді күтіп-ұстау, ауыл шаруашылығы да- қылдарын өсіру, шөп шабу және мал жаю үшін беріледі.
Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегеніміз -
оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін занды тағдырын шешуге құкығы бар жағдайдағы пайдалану. Яғни, иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы деп оның иесі өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын занда көрсетілген жағдайлар мен тәртіптер аркылы оқшаулауға құқылы екендерін білдіреді. Оқшаулау деп - аза- маттық зандармен реттелетін азаматтың жер учаскесімен құқықтық мәмілелерді жасауға мүмкіндігі болып табылады. Бұл құқық барлык жер пайдаланушыларға тиесілі емес.
Уақытша жер пайдалану құқығын беретін актінің деректемелері:
- Мұқабасы ( елтаңба, толық атауы)
- Кадастрлық нөмірі
- Жер учаскесінің негізі
- Жер учаскесінің алаңы
- Жердің санаты
- Жер учаскесін нысаналы тағайындау
- Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпашылықтар
- Жер учаскесінің бөлінуі
- Жер учаскесінің толық мекенжайы
- Жер учаскесінің сызбасы
- Жоспар шегіндегі бөтен жер учаскелері
- Жер учаскесінің шыққан күні, айы, жылы
- Қолы және мөртаңбасы
- Ескерту
5. Әкімшілік құқықтық акт - құқық нормаларына сәйкес ресімделген, біржақты биліктік ерік - жігерді білдіретін, заңды салдарларға әкелетін атқарушы - бұйырушы қызмет процесінде атқарушы билік субъектілері қабылдайтын заң күшіндегі ресми заңды актілердің түрі.
Әкімшілік құқық актілерінің мынадай түрлері болады:
1) Заңды мазмұны бойынша -жеке актілер және нормативті -актілер;
2) Әрекет ету мерзімі бойынша - әрекет ету мерзімі анықталмаған (мерзімсіз), мерзімді және уақытша актілерге бөлінеді.
3) Әрекет ету аумағы бойынша - республика аумағында әрекет ететін және әкімшілік - территориялық бірліктер масштабында әрекет ететін мемлекеттік басқару актілеріне бөлінеді.
4) Актіні шығаратын органдардың құзырлығының сипаты бойынша жалпы, сала аралық және салалық басқару актілеріне бөлінеді.
5) Мемлекеттік басқару актілерін шығаратын органдар бойынша:
1) қаулылар- бұл алқалы тәртіпте қабылданатын акт, мысалы, ҚР Үкіметінің қаулылары;
2) шешімдер- бұл алқалы тәртіпте, сондай-ақ дара басшылық тәртібінде (жеке) шығарылатын акті,
мысалы, маслихаттардың, әкімдердің шешімі;
3) өкімдер - бұл жеке, дара басшылық тәртіпте шығарылатын акт, мысалы, ҚР Президентінің өкімі;
4) бұйрықтар - бұл дара басшылық органдардың жетекшілері шығаратын акт, мысалы министрдің бұйрығы;
5) нұсқаулар - бұл мемлекеттік басқару органдарының жетекшілері қабылдайтын акт, мысалы, министр және т. б.
Нұсқау нормативті-құқықтық актілердің нақты орындалу тәртібін белгілейді.
6) Көрсетілу нысаны бойынша- жазбаша, ауызша, конклюдентті.
Өкім - кәсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша директор немесе оның орынбасары шығаратын құжат. Өкім кәсіпорынның ішкі құжаттатрына арналған бланкілерде ресімделеді және оған директор немесе оның орынбасары қол қояды.
Өкімнің мәтініне мыналар кіреді:
- нақты тапсырма (жұмыс) ;
- орындаушының жауапкершілігі;
- орындау мерзімі.
Өкім беру бөлігі, әдетте, қазақ тіліндегі мәтінде «Міндеттеймін», «Белгілеймін» және т. б. сөздермен аяқталады.
Әкімшілік құқық актілеріне қойылатын талаптар:
Заңға қайшы, белгіленген тәртіпте қабылданбаған басқару актілерінің заңды күші болмайды. Мемлекеттік басқару актілері жоғарғы мемлекеттік билік пен басқару органдарының актілеріне де қайшы келмеуі тиіс.
Мемлекеттік басқару актілеріне мынадай талаптар қойылады:
1) басқару актілері өкілетті органның құзырлығының шегінде ғана шығарылуы тиіс;
2) басқару актілері белгіленген тәртіпте қабылдануы тиіс;
3) басқару актілері белгіленген нысанда шығарылып, тиісті лауазымды тұлғалар қол қоюлары қажет;
4) басқару актілері жариялануының және күшіне енуінің белгіленген тәртібіне сай шығарылуы тиіс; мысалы, ҚР Үкіметінің қаулылары ондағы көзделген іс-шаралардың маңыздылығы немесе жеделдігіне байланысты халыққа және бірден тиісті басылымдарда жариялануы қажет, ал қажетті жағдайда теледидар немесе радио бойынша хабарланып, телеграф бойынша да берілуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz