Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі (XVІІІ – ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі)



МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
І . Тарау. Қазақстанның солтүстік . батысында Ресей билігінің күшеюі (ХVІІІ . ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі).
1.1. ХУІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей І Петр жүргізген
Реформалар мен өзгрістердің жемісін тата бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 . 7
1.2. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемелекет проблемасы ... ... ... ... ... ... ... 8.9
1.3. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанның хан сайлануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.12

ІІ . Тарау. Нұралы хан билік еткен жылдардағы Кіші жүздегі
саяси жағдай (1749.1786жж).
2.1. Нұралыны хан сайлаған кездегі сұлтандар мен ақсақалдардың
арасындағы пайда болған алауыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.15
2.2. Нұралы ханның Хиуа хандығымен қатынасты дұрыс жолға қоя алмауы ... .16.19
2.3. Қазақтардың Е.И. Пугачев көтерілісіне үн қосуы, Нұралы хан тұсында
Кіші жүздегі қайшылықтардың шиелене түсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.26

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27.28

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі.
XVIII ғасырдың екінші жартысында казақ коғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді. Жаңа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде бұл мәселе түйінді мәселелердің бірі болып келді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі салушы күштер басым бола бастады. Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өзінде де билік таласы асқына түсті. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары болды. Сайлаудың өзі «бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның үйінде өтті... Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні тарап кетті». Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық тағайындалды. Нұралының саяси қайшылықтары осыдан көрінді — ол қазақ хандарынан бұл атаққа бірінші болып бекітілді, сондықтан да өз қызметінде патша үкіметіне толық тәуелді болды. Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар мен ру аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған жылдарға созылды, соның салдарынан ру шонжарларының Нұралы билігін шектеуге әрекет жасауы тыйылмады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті
XVIII ғасырдың ІІ ші жартысында қазақ қоғамында бір тұтас және орталықтандырылған билікпен мемлекет өткір қойылды. Билік иелері арасында түрлі үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр ханның өлтірілуіне әкеп соқты осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру жолвндағы күш жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді. Жаңа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде бұл мәселе түйінді мәселелердің бірі болып келеді. XVIII ғасырдың қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі салушы күштер басым бола бастады. Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз иеліктері оның мирасқорларының аулақтап кетті. Кіші жүздің өздерінде де билік таласы асқына түсті. Сонымен 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлауға өткізілді. Сонымен бұл тақырыптың міндеті Нұралы ханның билік еткен жылдардағы саяси жағдайлары өте қатты шиеленісіп кетті.
Тақырыптың Хранологиялық шегі.
XVIII ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегін қамтыды. Бұл дегеніміз 1749 және 1786 жылдар аралығын қамтыды.
Тақырыптың құрылымы:
Жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады: 1 Кіріспе , 2 Негізгі бөлім, 3 қорытынды.
Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген 1 тараудың бірінші мәселесі XVIII ғасырды екінші жартысындағы Ресей бірінші Петр жүргізген реформалармен өзгерістердің жемісін тата бастауы. Бірінші тараудың екінші мәселесі 1748 жылы қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлттаның хан сайлануы.
Екінші тараудың бірінші мәселесі Нұралы хан сайлаған кездегі сұлттандар мен ақсақалдар арасындағы пайда болған алауыздық.
Екінші тараудың екінші мәселесі Кіші жүздегі қайшылықтардың шиелене түсуі.
Үшінші бөлім қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттерден
Сілтемелер
Түйін. Кіші жүздегі саны мейлінше көп және ықпалды әлім ұлы руы бірлестігінің көпшілік бөлігі Нұралығы тәуелсіз болды. Сонымен Нұралы хан өз билік еткен жылдар ішінде мемлекет қайраткер қасиетін көрсете алмады, әдетте ол оқиғалардың жетегінде кетіп өз тарапынан ешбір өзгеріс енгізе алмады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Бекмаханова Н. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1991 ж.
2. Жамбылов Д. «Тәуелсіздік және саяси сана» Алматы,1999ж.
3.Мәлімбаев С., «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты» Алматы,1994ж.
4.Мадашев Х «Қазақ халқының арғы бергі тарихы» Алматы, 1995ж.
5. Мағауин М. «Қазақ тарихының әліппесі» А, 1995ж
6. Қазақстан тарихы. 1 том. Алматы, 2001 ж.
7. Қазақстан тарихы. 3 том. Алматы, 2001 ж.
8. Қазақстанның көне тарихы. Алматы, 1993 ж.
9. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 1994 ж.
10. «Қазақ совет энциклопедиясы», І,ІІ-том.
11.Қозыбаев М., «Жауды шаптым ту байлап» Алматы, 1994ж.
12. Сабырханов А., «Ұлы бетбұрыс»Алматы, «Мектеп»1981ж
13.Тлепов Ж. «Елім деп еніреген ерлер жыры» Алматы, 1995ж.
14. Тынышбаев М «Ақтабан - шұбырынды» А, 1993ж.
15. Тынышбаев М. «История казахского народа» 1993ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
І - Тарау. Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі (ХVІІІ
– ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі).
1.1. ХУІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей І Петр жүргізген
Реформалар мен өзгрістердің жемісін тата
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 - 7
1.2. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында біртұтас және
орталықтандырылған билік пен мемелекет
проблемасы ... ... ... ... ... ... . ...8-9
1.3. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы
сұлтанның хан
сайлануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-
12

ІІ - Тарау. Нұралы хан билік еткен жылдардағы Кіші жүздегі
саяси жағдай (1749-1786жж).
2.1. Нұралыны хан сайлаған кездегі сұлтандар мен ақсақалдардың
арасындағы пайда болған
алауыздық ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..13-15
2.2. Нұралы ханның Хиуа хандығымен қатынасты дұрыс жолға қоя алмауы ... .16-
19
2.3. Қазақтардың Е.И. Пугачев көтерілісіне үн қосуы, Нұралы хан тұсында
Кіші жүздегі қайшылықтардың шиелене
түсуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...20-26
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..27-28

IV Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі.
XVIII ғасырдың екінші жартысында казақ коғамында біртұтас және
орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік
иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр
ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру
жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді. Жаңа тарихтың әр түрлі
кезеңдерінде бұл мәселе түйінді мәселелердің бірі болып келді. XVIII
ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі
салушы күштер басым бола бастады. Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз
иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өзінде де билік
таласы асқына түсті. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің
жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу
үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында
Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары
болды. Сайлаудың өзі бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан
таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның
үйінде өтті... Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және
ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне
салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні
тарап кетті. Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін
бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен
бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде
мемлекеттік айлық тағайындалды. Нұралының саяси қайшылықтары осыдан
көрінді — ол қазақ хандарынан бұл атаққа бірінші болып бекітілді, сондықтан
да өз қызметінде патша үкіметіне толық тәуелді болды. Нұралыны хан сайлаған
кезде сұлтандар мен ру аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған
жылдарға созылды, соның салдарынан ру шонжарларының Нұралы билігін шектеуге
әрекет жасауы тыйылмады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті
XVIII ғасырдың ІІ ші жартысында қазақ қоғамында бір тұтас
және орталықтандырылған билікпен мемлекет өткір қойылды. Билік
иелері арасында түрлі үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр
ханның өлтірілуіне әкеп соқты осы арқылы қазақ жүздерін
біріктіру жолвндағы күш жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді.
Жаңа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде бұл мәселе түйінді
мәселелердің бірі болып келеді. XVIII ғасырдың қазақ хандығының
ыдырауына себепші болған іріткі салушы күштер басым бола бастады.
Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз иеліктері оның
мирасқорларының аулақтап кетті. Кіші жүздің өздерінде де билік
таласы асқына түсті. Сонымен 1748 жылдың қазан айында Орынбор
әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлауға
өткізілді. Сонымен бұл тақырыптың міндеті Нұралы ханның билік
еткен жылдардағы саяси жағдайлары өте қатты шиеленісіп кетті.
Тақырыптың Хранологиялық шегі.
XVIII ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегін
қамтыды. Бұл дегеніміз 1749 және 1786 жылдар аралығын қамтыды.
Тақырыптың құрылымы:
Жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады: 1 Кіріспе , 2 Негізгі бөлім, 3 қорытынды.
Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген 1 тараудың бірінші мәселесі
XVIII ғасырды екінші жартысындағы Ресей бірінші Петр жүргізген
реформалармен өзгерістердің жемісін тата бастауы. Бірінші тараудың
екінші мәселесі 1748 жылы қазан айында Орынбор әкімшілігінің
жәрдемімен Нұралы сұлттаның хан сайлануы.
Екінші тараудың бірінші мәселесі Нұралы хан сайлаған кездегі
сұлттандар мен ақсақалдар арасындағы пайда болған алауыздық.
Екінші тараудың екінші мәселесі Кіші жүздегі қайшылықтардың
шиелене түсуі.
Үшінші бөлім қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттерден
Сілтемелер
Түйін. Кіші жүздегі саны мейлінше көп және ықпалды әлім ұлы руы
бірлестігінің көпшілік бөлігі Нұралығы тәуелсіз болды. Сонымен Нұралы хан
өз билік еткен жылдар ішінде мемлекет қайраткер қасиетін көрсете алмады,
әдетте ол оқиғалардың жетегінде кетіп өз тарапынан ешбір өзгеріс енгізе
алмады.

І - Тарау. Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі
(ХVІІІ – ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі).
1.1. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей І Петр жүргізген реформалар
мен өзгерістердің жемісін тата бастауы.
XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресей I Петр жүргізген реформалар мен
өзгерістердің жемісін тата бастады. Соңғы жылдарда I Петр реформаларының
орны мен маңыздылығы туралы пікірсайыс өріс алды. Бірақ Ресейдің ішкі
өміріндегі бір нәрсе — мемлекеттілік пен оның идеяларының жаңа, неғұрлым
жоғары деңгейге көтерілуі айқындала түсті. Өз кезегінде, Ресей мемлекеттігі
идеяларының орыс қоғамының барлық топтарына кеңінен ену бұл идеяларды Ресей
мемлекетін кеңейту тұжырымдамасы етіп кең көлемде жаңғыртуға жөне оның
идеологиясының жақын жатқан Казақстан аймақтарына енуіне әкеп соқтырады.
Тарихшылар Ресейдің орталығындағы ірі экономикалық немесе саяси сілкіністің
қандайы болсын қоныстандырудың жаңа толкынына әкеп сокқанын атап өтті. Ал
халықтын қалың бұкарасын қоныс аудару үшін жаңа үлкен аумақтар, оның үстіне
шаруашылық жағынан игерілген аумақтар керек болды. Жер туралы мәселенің
Батыс Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың екінші жартысында ең басты мәселе
болғаны нақ сондықтан. Жоңғар басқыншылы-ғына ойдағыдай тойтарыс бергеннен
кейін Қазақстан бірыңғай және біртұтас мемлекет ретінде бабалары мұраға
қалдырған дәстүрлі шекте өзінің шаруашылық өмірін қайтадан дамыта бастады.
Алайда XVIII ғасырдың 30-жылдарының орта шенінен бастап Ресей мемлекеті
қазақтардың жеріне де, империяның бодандары ретінде қазақтардың өздеріне де
орыс мемлекеттілігі идеологиясы тұрғысында көз тіге бастады. Өлкенің әрбір
әкімшісі Ресей империясының толық және шексіз билігіне көшкен жерді ұлғайта
түсуге өз үлесін қосуға ұмтылды. Осы саясатты жүзеге асыру барысында
қазақтар, қалмақтар, башқұрттар дербестігінің қалдықтары толық жойылды, бұл
орайда ресми өкімет орындары жергілікті халықтың қайтпас қарсылығына душар
болды. Сондықтан оны бөлшектеу, халықтарды қырқыстыру, халықтың барлық
топтарында өз агентурасын құру, отарлаудың басты күші ретінде қазақтарды
біржолата бағындырып, оларды осы мақсатта пайдалану жөнінде әртүрлі әдістер
қолданыла бастады. Бұл саясатты. И. Неплюевтің запастағы жоспары түрінде
қалыптасып, империяның Қазақстандағы бүкіл үстемдігі шеңберінде әр түрлі
нұсқауларда жүргізіліп отырды. Алдыменен империяның шекарасына өте жақын
орналасқан аймақ ретінде Батыс Қазақстанда мейлінше толық жүзеге аса
бастады. Қазақ рулары мен бүкіл Кіші жүздің билік құрылымдарындағы
қайшылықтар да, ұлт-азаттық козғалысының күрделілігі де, Ішкі Орданы (Бөкей
Ордасын) Ресей әкімшілігінің қайта бағындыруы да міне осыдан.
XVIII ғасырдың екінші жартысында казақ коғамында біртұтас және
орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік
иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр
ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру
жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді. Жаңа тарихтың әр түрлі
кезеңдерінде бұл мәселе түйінді мәселелердің бірі болып келді. XVIII
ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі
салушы күштер басым бола бастады. Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз
иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өзінде де билік
таласы асқына түсті. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің
жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу
үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында
Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары
болды. Сайлаудың өзі бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан
таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның
үйінде өтті... Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және
ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне
салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні
тарап кетті. Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін
бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен
бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде
мемлекеттік айлық тағайындалды 1.

1.2. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында біртұтас және
орталықтандырылған билік пен мемелекет проблемасы.
XVIII ғасырдың екінші жартысында казақ коғамында біртұтас және
орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік
иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр
ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру
жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді. Жаңа тарихтың әр түрлі
кезеңдерінде бұл мәселе түйінді мәселелердің бірі болып келді. XVIII
ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі
салушы күштер басым бола бастады. Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз
иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өзінде де билік
таласы асқына түсті. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің
жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу
үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында
Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары
болды. Сайлаудың өзі бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан
таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның
үйінде өтті... Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және
ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне
салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні
тарап кетті. Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін
бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен
бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде
мемлекеттік айлық тағайындалды 2.
Нұралының саяси қайшылықтары осыдан кәрінді — ол қазақ хандарынан бұл
атаққа бірінші болып бекітілді, сондықтан да өз қызметінде патша үкіметіне
толық тәуелді болды. Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар мен ру
аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған жылдарға созылды, соның
салдарынан ру шонжарларының Нұралы билігін шектеуге әрекет жасауы тыйылмады
3.
Нұралы тіпті Кіші жүздің өзінде әкесінің барлық иеліктерін сақтап қала
алмады. Шектілер Батырды өздерінің ханы деп мойындады. Нұралының інілері
Айшуақ пен Ералы тәуелсіз болуға ұмтылды. Сырдарияның төменгі ағысын-дағы
коныстарды иеленген Ералы өзін Нұралыға тәуелсізбін деп сезінді.Батыр
сұлтан өзіне бағынышты рулармен Сырдарияның төменгі ағысы мен солтүстік
Арал өңіріндегі жайылымдарды иемденді. Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін оны
хан деп жариялауға әзірлік жасалды, олар формальді түрде оны жариялады да,
оның иелігіне шекті, шөмекей, төртқара рулары ауылдарының бір бөлігі
қарады. Батыр ханның баласы бір кездерде Хиуаның ханы болды.
Нұралы ханның ішкі жағдайы да тұрақты болмады. Оның беделі едәуір
дәрежеде елдің ақсақалдарымен қатынастарға тәуелді еді. Батыр ханмен
бақталастық қауіпті болды, сондықтан Нұралы сырттан қолдауды қажет етті.
Оған Хиуа да, Бұхара да мұндай қолдау көрсетпеді. Сөйтіп бұл жағынан ол
патша әкімшілігіне иек артты. Сонымен бірге Нұралы алғашкы кезде өзінің
барлық қазақ жүздерінің аға ханы болып сайлануы туралы қияли ойға берілді.
Нұралының мұндай көтерілуіне қазақ хандары мен сұлтандары тарапынан да,
патша өкіметі тарапынан да нақты қолдау жасалмады. Нұралы ханның парлары
және олардың нақтылығы жөнінде тарихшы М. П. Вяткин иеліктерінің патшалык
Ресейге вассалдық қатынастарын нығайтуға ғана жетті, бірақ феодалдық
негізде қазақ хандығының бірігуін қайта жаңаруына жете алмады,—деп дұрыс
атап айтқан. Шындығында, Нұралының би иеліктері Жем мен Жайықарасында көшіп
жүретін қазақтармен, байұлы және жетіру руларымен ғана шектелді. Кіші
жүздегі саны мейлінше көп және ықпалды әлімұлы рулық бірлестігінің көпшілік
бөлігі Нұралыға тәуелсіз болды. Ықпалды шекті руы да одан аулақтап кетті
4.

1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанның
хан сайлануы.
1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды
хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу үшін Ақсақалдар кеңесі
жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында Кіші жүз бен Орта
жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары болды. Сайлаудың
өзі бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан таңдалған 10 адам,
атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның үйінде өтті... Соның
бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және ханшайымның төңірегіндегі
қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне салды, сонан соң барлығы, әр
түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні тарап кетті. Нұралы өз
жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне
өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында
Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық
тағайындалды.Нұралының саяси қайшылықтары осыдан көрінді — ол қазақ
хандарынан бұл атаққа бірінші болып бекітілді, сондықтан да өз қызметінде
патша үкіметіне толық тәуелді болды. Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар
мен ру аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған жылдарға
созылды, соның салдарынан ру шонжарларының Нұралы билігін шектеуге әрекет
жасауы тыйылмады.5.
Нұралы тіпті Кіші жүздің өзінде әкесінің барлық иеліктерін сақтап қала
алмады. Шектілер Батырды өздерінің ханы деп мойындады. Нұралының інілері
Айшуақ пен Ералы тәуелсіз болуға ұмтылды. Сырдарияның төменгі ағысын-дағы
коныстарды иеленген Ералы өзін Нұралыға тәуелсізбін деп сезінді Ішкі
кикілжіндер сыртқы саяси жағдайдан көрініс тапты. Нұралы ханның патша
әкімшілігімен қатынастары екі түрлі тоқтамға құрылды: бір жағынан патша
өкіметінің көмегімен өз билігін нығайтқысы келді, екінші жағынан Ресей
ықпалының күшеюіне қазақ қоғамының қарсыласуы ескерілді6.
1760 жылдың қыркүйегінде Ресей геологиялық барлау партиясының
адамдары ханның жиені Мәмбетәлі сұлтан мен қазақтың ықпалды 20 ақсақалын
далада жүргенде өлтіріп кетті. Бұл Кіші жүздің әр түрлі рулары арасында
ашынған наразылық туғызды, соның ізінше Орынбордағы губернато ауыстырылды.
Жаңа губернатор Д. В. Волков билігі әлсіз ханды қолдау қажет деп санады,
мұның өзі қазақ даласын бейбіт отарлауға жәрдемдесетін еді. Орынборда
тұткында жатқан аманаттарды Ресей бағдарын жақтаушылар ету қажет болды.
Қазақ-орыс саудасын кеңейтуге күш салу, қазақтар арасындағы егіншілікті
көтермелеу ұсынылды. 1763 жылы Нұралы ханның, Айшуақ сұлтанның және
губернатордың кездесуі кезінде сауда-саттық мәселелері, керуендерді күзету
туралы мәселе талқыланды. Керуендер күзетін және оларға көшбасшы беруді хан
өз мойнына алды. Мұның бөрінде нақты жүзеге асырылатын жоспарлардан гөрі
ізгі ниеттер көбірек болды: бір-бірінің керуендерін талап-тонау сирек
кездеспейтін құбылыс еді. Түрікмендер, қарақалпақтар, өзбектер мен қазақтар
солай істеді, әрине өздерінің ру билеушілерінің мүдделерін көздеп істеді.
Бұл жағдайларда шекаралық барымта, дәлірек айтқанда, бір-бірінің малын
айдап әкету де отаршылдық экспансияның көрінісі және оған қарсы ресей-қазақ
шептеріндегі күрес сияқты өкімет орындарының реттеуіне илікпеді. Жайықты
бойлай орналасқан Ресей шекаралық отрядтары бейбіт қазақ ауылдарына жиі
шапқын жасады. Өздеріне тыйым жоқ екенін көрген Ресей шекаралық күзет
блімдері үшін далаға шығып, қазақ ауылдарына шабуыл жасау біртіндеп баю
көзіне айналды. Олардың бастамашылары көбінесе Орал қазақ әскерінің
старшиналары болды. М. В. Вяткиннің дұрыс ескертуі бойынша, Ресей шекаралық
күзетінің барымтасы отаршылдық тонау нысандарының біріне айналды7.
Нұралы хан өз саясатында осы факторлардың бәрін ескермей отыра
алмады, алайда оның өзі және оның төңірегіндегілер патша әкімшілігімен
ұстануды жалғастыра берді. Оның орнықсыз жағдайы соны талап етті: Нұралы
ханның көшетін қонысы шекаралық шепке қарай қысылды, оларды Сырдарияның
төменгі ағысы мен солтүстік Арал өңірінен Батыр және Досалы сұлтандардың
көшуі ығыстырып шығарды. Кіші жүз үшін маңызды мәселелердің бірі ішкі
жаққа, яғни Жайық пен Еділдің төменгі ағыстары арасындағы кеңістікке көшіп
бару туралы мәселе болды. 1756 жылы патша жарлығы шығып, ол бойынша
қазақтардың кыс кезінде өз малын Жайықтың батыс жағына айдап апаруына тыйым
салынды. Жаз кезінде Жайықтың сол жағасы бойындағы жұтаң жайылымдарды мал
таптап тастайтын, қыскы қыстау үшін қамыс, ағаш және шөп өскен жер болмады.
Қысқы дауылдар мен борандар кезінде мал жаппай қырылып қалатын. Нұралы
ханды, билер мен сұлтандарды орын алған жағдай қатты алаңдатты. Бұл мәселе
хан мен ру аксақалдарының, ірі байлардың қатынасын қиындатты. Патша
жарлығына ресми түсініктеме қазақтар мен қалмақтар арасында қақтығыстар
болады және өзара барымта күшейеді дегенге келіп сайды. Алайда бұл
жарлықтың басқада мағынасы: қазақ қауымдарын экономикалық жағынан әлсірету,
оларды сыртқы ықпалдан оқшаулап тастау мағынасы да бар еді. Қалыптасқан
жағдай жер пайдалану мәселелері жөніндегі шиеленісті күшейтті. Жайылымның
тапшылығынан, қысқы ауыр жағдайлардан ең алдымен малшы қазақтар зардап
шекті. Жерді иелену жолындағы рулық қырқыстар қатардағы малшы қазақтарға
еңсе көтертпес ауыртпалық болып түсті, олардың жайылымдық учаскелері кесіп
алынды, көшу жолдары қысқартылды немесе одан да жаманы — олар жылдан-жылға
өзгеріске түсіп, шатыса берді 8.

Тарау. Нұралы хан билік еткен жылдардағы
Кіші жүздегі саяси жағдай (1749-1786жж).
Нұралыны хан сайлаған кездегі сұлтандар мен ақсақалдардың
арасындағы пайда болған алауыздық.
Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар мен ру аксақалдары арасында
пайда болған алауыздық ондаған жылдарға созылды, соның салдарынан ру шонжар-
ларының Нұралы билігін шектеуге әрекет жасауы тыйылмады.
Қазақ билеушілері ішкі жаққа көшу құқығына қол жеткізу қажеттігі
туралы мәселеде бірауызды болды. Осы ниеттерді білдіре отырып, Нұралы сол
жерлерді қазақтардың пайдалануына рұқсат ету туралы патша әкімшілігіне ұзақ
уақыт хат жазып, көптеген етініштер жолдады. Хат жазысумен және
келіссөздермен қатар, қазақтар бұған жасырын кешу жолымен қол жеткізді.
Мәселен, 1759 жылдың қысында саны едәуір қазақтар Жайықтан өтті. Алайда
олар мұнда қалмақтарға тап болып, қалмақтар олардың саны 40 мындай әр түрлі
малын қолға түсірді, мұның өзі екі жақты соғыс жағдайына әкеп соқты.
Патша әкімшілігін жеңілдіктер жасауға мәжбүр етуге басқа да әрекеттер
жасалды. Мысалы, Ералы сұлтан Бұхара мен Хиуадан Орынборға бара жатқан
керуендерді ұстап алды. Алайда бұл сауда байланыстарын тоқтатып қана
қоймай, Орталық Азияның Ресеймен қарым-қатынасын да тоқтатып тастады. Сайып
келгенде патша әкімшілігінің Кіші жүз билеушілерімен қатынастары
шиеленісті. Патша өкіметінің өкілдері қазақтардың ішкі жаққа көшуіне
түрліше қарады. Мәселен, бір кезде П. Рычков пен А. Тевкелев арқылы Орынбор
әкімшілігі қазақтарды Ресей өкімет орындары жағына шығару оларды
жеңілдіктер жасай отырып, тарту арқылы мүмкін болады деп санады.
Бұл әкімшілер Жайықтың оң жағасына көшіп баруға байсалдылықпен
қарады. Бірақ Орынбор губернаторы А. Р. Давыдов ешқандай ымыраға жол
бермеді. Бірыңғай пікірге келу керек болды. Императрица қазақтар жағдайының
қиындығын байыптап жатпай, қаншіерге қатаң түрде былай деп ұсынды: Маған
қырғыз-қайсақ ханына оның өз малымен Жайықтан өтуге рұқсат беру туралы
қоймай қойған өтінішіне оңай жауап қайтаруға болатын тәрізді. Ол Ресей
бодандығын мойындайды, демек ол тындайтын болады және өз малымен өзі
сұраған жерге бармайды, кез келген Ресей боданы сияқты өзіне рұқсат
етілмеген жерге өте алмайды.
Ал егер оларда мал азығы аз болса, (мейлі) ақшаға сатып немесе
тауарға айырбастап алсын немесе қысқа қор жасасын, оларға осыны істеуге де
кеңес беріңіз. Ресей мен қазақ жүздерінің ортақ шекарасы құрылуына және
олардың неғұрлымт ығыз жанасуына байланысты құлдардың Ресей шегіне қашу
реттері көбейді. Қазақтарда патриархаттық құлдық ерте заманнан бері бар
еді. Тұтқындар соғыстан кейін құлдыққа түсті, олар сатып алынды, сыйға
тартылды және ауқатты қожалыктарға демеу болды.
Патша өкімшілігі оларды христиан дініне кіру шартын қойып қабылдады.
Қашқан құлдардың бәрі іс жүзінде қайтып берілмеді. Олар бос жатқан жерлерге
жіберілді, жер жұмыстарына пайданылды, рекруттарға алынды, көпшілігі
дәулетті адамдарға қызмет етуге ілікті. Байлар мен сұлтандар таусылмайтын
хат жазып, құлдардың қайтарылуын сұрады, алайда патша үкіметі бұған көнбеді
9.
Жайылымның тапшылығы Кіші жүз қазақ руларының бір бөлігін Жайық Сағыз
өңірінен Жем жағасына, Сырдарияның төменгі ағысына көшіп баруға мәжбүр
етті. Онда қазақ қауымдары бұрын да шашырап жүрген еді. Нұралы адамдардың
кең кеңістікке көп тарап кететіндігі, қарақалпақтарды түрікмендермен
қақтығыстар болу мүмкіндігі себепті бұл аудандарға келіп кетуден
қауіптенді. Оның үстіне, қазақтардың оңтүстікке жаппай көшуінен кауіптенген
патшалық өкімет орындары ханды шеп маңында ұстады, өйткені бұлар оларға өз
ықпалын жоғалтып алатын және қазақтардың Орта Азия хандықтарымен байланысы
күшейетін еді. Қазақтар үдере көшпегенімен, олардың бір бөлігі дегенмен де
оңтүстік шектерге өтіп кетті.
Нұралының ойлағаны Кіші жүздің көшіп жүруі үшін жер іздеу болды. Жоңғар
хаңдығы біржола ыдыраған жылы Жоңғарияның кең-байтақ бос жайылымдарын
пайдалану туралы мәселе туды. Енді бұл жерлер Кытайдың билігінде еді 10.
Нұралы хан сол жерлерді иелену жоспарларын ойластырды. Осыған байланысты
алдын ала уағдаластық бойынша императрица Елизавета Петровна арнайы грамота
арқылы Кіші жүздің ханы мен сұлтандарына 30 мың әскер Жоңғария шегіне
кіруге әзір тұруды ұсынды. Ералы сұлтанның арада жүруі арқылы Қытаймен
белгілі бір дипломатиялық қатынастар орнатылды. Алайда бұл ниеттер мен
келіссөздер іс жүзінде нәтиже бермеді.

Нұралы ханның Хиуа хандығымен қатынасты дұрыс
жолға қоя алмауы.
Нұралы Хиуа хандығымен қатынасты жолға қоя алмады. Хиуа ханы Қайып
Нұралымен жауласып жүрген өз әкесі Бараққа ашық қолдау көрсетті. Жер
тапшылығы Жайықтың сол жағасы мен Сырдарияның төменгі ағысы бойынша ғана
болып қойған жоқ. XVIII ғасырдың екінші жартысында бұл жерлер
қарақалпақтардың Жанадарияға қарай жылжу үрдісі күшейді. Бұл арада олар
Жанадария мен Қуандария бойындағы алқапты игеріп, Әмударияның төменгі
ағысына дейін жетті. Қарақалпақтардың бір бөлігі Еділдің төменгі ағысына
сол жағасына шықты. Қазақпен қаракалпақ халықтарының этникалық және мәдени
ортақтығына қарамастан, Кіші жүздің қазақ руларының жекелеген қауымдары мен
оңтүстіктегі көршілері арасында шиеленістер пайда болды. 1762 жылы Ералы
сұлтан бастаған 20 мыңдай қазақ қарақалпақтарға қарсы аттанды. Өзара
қырқыстар барысында қазақ сұлтаны Бура өлтірілді, қазақтың сауда керуені
тоналды. Арасына уақыт салған әр түрлі өзара қырқыстарда екі жақта зардап
шекті. Екі халықтың тарихи тағдырластығын мынадай жәйіт де дәлелдейді:
XVІІІ ғасырдың екінші жартысында бірнеше қазақ сұлтаны қарақалпақтарға хан
болды.
1766 жылы Кіші жүз қазақтары бір бөлігінің солтүстік түрікмен
жәуміттермен қатынастары шиеленісті, әскери қақтығыстарға Нұралы, Есім,
Ералы, Айшуақ хандар араласты. 1767 жылы түрікмен-жәуміттер қазақтардың
қоныстарына тағы да шапқыншылық жасады, алайда қазақтар олардың
шапқыншылығына тойтарыс берді, ал сәл кейініректе бірқатар қазақ сұлтандары
түрікмендерге де хан болды. Көршілес екі халық ұзақ уақыт бойы бір -
бірімен шаруашылық байланыс жасап тұрды 11.
Кіші жүз қазақтары мен башкұрттар арасындағы қатынастар күрделі болмады.
Башқұрттардың Батырша басшылық еткен көтерілісі кезеңінде патша әкімшілігі
бір халықты екіншісіне айдап салуды қолданды. Татар мырзаларына
башкұрттарды тонау ұсынылды. Патша өскерлерінің тегеуірініне шыдамай, 50
мындай башқұрт Қазақстанға көшті. Олардың көпшілігі Кіші жүз шегіне келді.
Көтерілісшілер қазақтармен бірігіп, патша өкіметіне қарсы күресті
жалғастырмақ ниетінде болған еді.
Орынбор өлкесінің наместнигі И. И. Неплюев қазақтың хандары мен
сұлтандарына башқұрттарды ұстап беруді ұсынды. Орта жүз бұл талапты құлаққа
ілмеді. Алайда Кіші жүзде Ералы, Айшуақ, Нұралы және олардың
төңірегіндегілер башқұрттарға қысым көрсете ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жерлерін Ресей империясының отарлауы
Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері
Қазақстан жаңа және қазіргі заман тарихы
Қазақ хандығының тарихы
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Қазақ сөзінің этнонимі
XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай
Абылай ханның ішкі саясаты
Қазақ тарихы жайлы
Пәндер