Қонақ үйде кір жуу бөлімінде қызмет көрсету



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
І. Қонақ үйде кір жуу бөлімінде қызмет көрсету
1.1. Қонақ үйдегі қызметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.8
1.2. Қонақ үйде кір жуу бөлімінде қызмет ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.10
1.2. Кір жуып, қызмет көрсететін нысандарды жобалауға
қойылатын санитарлық.эпидемиологиялық талаптар ... ... ... ... ... ... 11.13
1.3. Кір жуу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.17

Практикалық бөлім
. «Казахфильм» қонақ үй кәсіпорындарында сервистік қызметті
жетілдіруді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымың тақырыбы қонақ үйде кір жуу бөлімінде қызмет көрсету. Курстық жұмысым кіріспе, негізгі, практикалық, қорытынды бөлімдерден тұрады. Ағылшын тілінде бұл қызмет Laundry деп аталады. Ережеге сай сервистік қызметі қонақ үйдегі номерлік қордың басқару қызметінің құрамына кіреді. Әдетте келген қонақтар ең бірінші кезекте қонақ үйдің тазалығын мен реттілігіне көз жібереді, олар әр номерді өз үйлеріндегідей сезініп, жайлы төсек жабдықтарын, мінсіз қызмет түрлерін қалайды. Клиенттердің және қонақ үйдің бірінші орында қоятын талабы тазалық. Қандайда қонақ үй болмасын әкімшілік-шаруашылық қызметінсіз жұмыс істей алмайды,сондықтан қонақ үйде бұл қызметтің рөлі ерекше.
Қонақүй ғимараты эстетикалық, экологиялық, техникалық, санитарлы-гигиеналық нормаға сай болуы керек.
Қолдану режимі, жыл бойы немесе маусымдығына байланысты қонақүй көлемі мен биіктігі сәйкестендіріліп соғылады.
Қонақүй интерьері ыңғайлы және эстетикалық көріністе болу керек. Қонақүй құрылысын жасауда мүгедек адамдардың қажеттіліктерін ескеруі тиіс, арнгайы жабдықталған номерлер, лестница, дәретхана, жуынатын бөлмелердің орналасуын ескеру керек.
Қонақүй қызметі автоматтандырылған жүйемен жабдықталуы тиіс. Брондау, билеттерді резервтеу, компютерлік басқару.
Орналастыру мекемелерінде мыналардың болуы міндетті:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ

1. О. Б Мазбаев, Омаров Қ.М «Қонақ үй шаруашылығы»
2. Ғаламтор
3. Т. Л. Тимохина «Гостиничный сервис»
4. Кәсіби практиканың негізгі құжаттары. Ақпан – наурыз, 2006.
5. Куатова Р. Отельный бизнес: Стр. 14-18 и 20-23
6. Пресс-релизы гостиницы «Риджент Алматы», 2003.
7. Пресс-релизы гостиницы «Риджент Алматы», 2004.
8. Пресс-релизы гостиницы «Риджент Алматы», 2005.
9. Раева Р.А. Гостиничный бизнес: пути становления и развития. Практическое пособие – Алматы: Университет «Туран».
10. Статистические данные Казахстанской Ассоциации Гостиниц и Ресторанов (КАГиР).
11. Уокер Дж.Р. Введение в гостеприимство: Учебник/Пер. с англ. –М.: ЮНИТИ, 1999.
12. Филип Котлер, Джон Боуэн, Джеймс Мейкеиз. Маркетинг гостеприимство и туризм: Учебник для вузов/Пер. с англ. – М.: ЮНИТИ, 1998.
13. Чудновский А.Д. - Международное гостиничное хозяйство. Уч.– М.: Ассоциация авторов и издателей «ТАНДЕМ». Изд-во ЭКМОС, 2000.
14. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии гостеприимства / М.: Academia, 2003. – 185 с.
15. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. — М.: Аспект-Пресс, 1995. – 254 с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
І. Қонақ үйде кір жуу бөлімінде қызмет көрсету
1.1. Қонақ үйдегі қызметтер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-8
1.2. Қонақ үйде кір жуу бөлімінде қызмет ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-10
1.2. Кір жуып, қызмет көрсететін нысандарды жобалауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ... ... ... ... ... ... 11- 13
1.3. Кір жуу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-17

Практикалық бөлім
oo Казахфильм қонақ үй кәсіпорындарында сервистік қызметті
жетілдіруді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымың тақырыбы қонақ үйде кір жуу бөлімінде қызмет көрсету. Курстық жұмысым кіріспе, негізгі, практикалық, қорытынды бөлімдерден тұрады. Ағылшын тілінде бұл қызмет Laundry деп аталады. Ережеге сай сервистік қызметі қонақ үйдегі номерлік қордың басқару қызметінің құрамына кіреді. Әдетте келген қонақтар ең бірінші кезекте қонақ үйдің тазалығын мен реттілігіне көз жібереді, олар әр номерді өз үйлеріндегідей сезініп, жайлы төсек жабдықтарын, мінсіз қызмет түрлерін қалайды. Клиенттердің және қонақ үйдің бірінші орында қоятын талабы тазалық. Қандайда қонақ үй болмасын әкімшілік-шаруашылық қызметінсіз жұмыс істей алмайды,сондықтан қонақ үйде бұл қызметтің рөлі ерекше.
Қонақүй ғимараты эстетикалық, экологиялық, техникалық, санитарлы-гигиеналық нормаға сай болуы керек.
Қолдану режимі, жыл бойы немесе маусымдығына байланысты қонақүй көлемі мен биіктігі сәйкестендіріліп соғылады.
Қонақүй интерьері ыңғайлы және эстетикалық көріністе болу керек. Қонақүй құрылысын жасауда мүгедек адамдардың қажеттіліктерін ескеруі тиіс, арнгайы жабдықталған номерлер, лестница, дәретхана, жуынатын бөлмелердің орналасуын ескеру керек.
Қонақүй қызметі автоматтандырылған жүйемен жабдықталуы тиіс. Брондау, билеттерді резервтеу, компютерлік басқару.
Орналастыру мекемелерінде мыналардың болуы міндетті:
- тұрғын және қоғамдық бөлмелерін жарықтандыру - табиғи және қолдан, дәліздерде - тәулік бойы табиғи және қолдан;
- салқын және ыстық сужәне канализация, суы аз аудандарды су қорымен қамтамассыз ету керек,
- тұрғын бөлмедегі температураны 18.5ºС төмендетпей ұстап тұратын жылу жүйелері;
- тұрғын бөлмедегі ауа айналымын болдыратын және жағымсыз иістерді жоятын вентиляция (табиғи және қолдан жасалынған);
- телефон желілері;
- пассажирлік лифт.
Тұрғын бөлме алаңының минимальді көлемі 9м² болуы керек.
Мекемедегі бір тұрғынға арналған бөлме алаңының көлемі:
- жыл бойындағы функционалдануы - кем дегенде 6.0м² ;
- мезгілді (жазғы) функционалдануы - кем дегенде 4.5м².
Бұл бөлмелерде келесілердің болуы міндетті:
жиһаз (кереует, тумбочка, үстел, орындық, сөре), инвентарь (кілемшелер, айна т.б.) және тұрғындар санына қарай жатын төсеніштері;
бөлмені қараңғылауға арналған перделер мен жалюзилер;
радио қабылдағыш желілері (желінің барлық тұрғын бөлмелерде жүргізілуі);
төбе (қабырға) және кереует жанына қойылатын жарықтандырғыштар, қуаттылығы көрсетілген электророзеткалар;
іштен құлыптанатын есік құлыптары.
Номердегі санузел қол жуғышпен, унитазбен, ванна және душпен жабдықталуы қажет. Егер номерде санузел болмаса, жалпы қолдануға арналған санитарлық обьектілер болуы керек (кем дегенде 10 адамға арналған бір унитаз, бір қолжуғыш және душ, әйелдер мен еркектердікі бөлек болуы керек).
Топтық орналастыру орындарында мыналар қарастырылуы тиіс:
өзіндік қызмет көрсету бөлмесі, кір жууға және кептіруге арналған құрал-жабдықтар және инвентарьлар;
тамақтануға арналған орын немесе туристердің өзі дайындап ішуіне арналған ас бөлмесі;
теледидар көруге және басқа да мәдени іс-шараларға арналған бөлмелер;
сақтау камерасы;
инвалидтерге жайлы жағдай жасау: есік алдындағы инвалид коляскасы өтуіне арналған жолдар, лифт, арнайы жабдықталған номер және әжетхана т.б.
Орналастыру қызметін атқаратын персонал өз жұмысына қатысты квалификациясы болуы қажет. Персонал қонақ жайлылылық атмосферасын туындатып, ыңғайлылық, сыпайылық және ұқыптылық танытуы керек.
Топтық орналастыру түріндегі туристерге қызмет көрсетудің мынадай минимальді ассортименті ұсынылуы қажет:
тәулік бойы қабылдау;
қоғамдық тамақтану немесе өзі дайындап ішуіне арналған ас бөлмесі;
тұрғын бөлмені (жатын орнын жөндеуді қосқанда) және санузелді (жатақханадан, демалу орнынан, кемпингтерден басқа) күнделікті тазалау;
жатын төсеніштерін ауыстыру - аптасына бір рет, шашықтарды ауыстыру - үш күнде бір рет;
хат және телеграммаларды жіберу, қабылдау және жеткізіп беру;
қымбат заттарды, багаждарды сақтау;
медициналық көмек: жедел жәрдем шақыру, дәрі қобдишасын пайдалану;
туристік ақпарат беру.

.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І- тарау. ҚОНАҚ ҮЙДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1.1. Қонақ үйдегі сервистік қызметтер
Кез келген мемлекетте сервистік қызмет көрсету жағдайын бағалаған кезде өнім мен қызмет көрсетудің сапасы мәселесі ең негізгі болып есептеледі. Қызмет көрсету сапасы дегеніміз - сервис өнімінің пайдалы қасиеттерінің кешені ұлтына және әлемдік стандарттарға сәйкес қойылған талаптар деңгейінде жеке және қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру. Қызмет көрсету пайдалы қасиеттері тұтынушының сұранысы мен қажеттілігі жауап беретін объективті мнездемесі сонымен қатар нормативті құқықтық талаптары жатады. Нарықта тауардың қатары, капиталдар, жұмыс күші нарық қызметімен байланысты. Қызмет сферасы песрпективал, тез дамығыш экономикалық секторлардың бірі болып табылады. Қызмет -- тұтынушының тілектерін қанағаттандыратын, ұсынушымен тұтынушының байланысы. Қызмет функциялық жағынан екіге бөлінеді: материалдық және әлеуметтік-мәдени.
Материалдық қызмет -- бұл тұтынушылардың матыриалды-тұрмыстық сұраныстарын қамтамасыз ететін қызмет түрі. Бұған кіретіндер: тұрмыстық ықзметтер, коммунальдық тұрғын үй, транспорттық ықзметтер және тамақтану.
Әлеуметтік-мәдени қызмет -- тұтынушының жан-дүниесі, интеллектуальдық тілектерін қанағаттандыратын қызмет түрі. Бұған кіретіндер: медициналық қызметтер, білім қызметтері, мәдениет қызметтері, туристік және қонақ үй қызметтері.Қызметтер және қонақ үй қызметтері принципиалды түрде тауарлардан ерекшеленеді.
Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі қонақтарға технологиялық қызмет көрсетумен анықталады. Қонақ үйдегі технологиялық процесс өзіне мыналарды кіргізеді:
- қонақтарды қона үй алдында күтіп алу;
- тіркеу, құжаттарды безендіру және қонақтарды орналастыру;
- номерде қызмет көрсету;
- тамақтануда қызмет көрсету;
- мәдени сұрақтарды, спорттық, денсаулық және фитнес қызметтерін қанағаттандыру;
- шығарып салуын безендіру, жолға шығарып салу.
Қызметтер дайын, біткен формада болмайды, ол тұтынушымен атқарушы арасыдағы қызметтер жағдайында қалыптасады. Өндіру процесі және қонақ үй қызметтерін тұтыну қонақ келгеннен бастап, кеткенше жүріп отырады. Қонақ үйде қонаққа персоналдар мейрамханаларда, номерде, қонақ үй кәсібінің барлық жерінде қызмет көрсетіп, байланыс орнатып отырады. Сонымен қатар қонақ тұратын жерінде ережені ұстап, қоғамдық орында нормаларды орындайды.
Қонақ үй қызметі -- бұл қонақ үй персоналдары мен қонақтар арасындағы ұйымдастырылған түрде қонақтардың қалауын қанағаттандыратын қызметтер. Бұл жағдай қонақ тұрғаннан бастап қонақ үй арасында үздіксіз жүріп отырады. Барлық берілген қызмет түрлері маркетингтің спецификасын анықтайды.
Қонақ үй қызметтерінің ерекшеленетіні, оны оңай түрде оқып, бағалай мүмкін емес. Мұндай жағдай қонақ үйге қиындық әкеледі.
Адам қызметті пайдаланғанда сауатты менеджмент персоналдардың рөлі зор. Қонақ үй қазіргі заманға сай технологиямен жабдықталуы мүмкін, жайлы жағдай болып және қазіргі талапқа сай материалдармен безендірілсе де онда бәрі-бір бір нәрсе жетіспейді, яғни ол негізгі ойлар мен сезу элементін қалыптастыратын, қызмет етуші адамдар. Қызмет көрсету кім және қашан оған жағдай туғызатынға тәуелді. әдетте жиі кездесетін, категориялары бірдей қонақ үйлердің сервистері әртүрлі: бір қонақ үйлерде номерлерді ереже бойынша қатаң түрде қадағалап, тазалап отырады, ал бір қонақ үйлер тек клиент жалоб жасағанда ғана тазалайды. Қонақ үй қызметтерінің өзгеруі факторларға әсер етеді:
- қонақ үй кадрларының құрамымен ұйым жұмысы;
- жеке тұтынушыларға қызмет;
Қызметтің өзгеруі мамандандырылған түрде өсу стандарты және қызмет көрсету стандарты деп бөлінеді.
Қызмет көрсету стандарты -- клиенттерге жоғары сапалы түрде кепілдеме берген, клиенттерге қызмет көрсету ережесінің міндетті комплексі.
Маркетингтегі қонақ үй бизнесі маркетингтің негізгі зерттеулері период бойынша өсу және құлдырау болуы мүмкін (сезонға, апта күндеріне, каникульға және т.б.). Мұндай жағдайда қонақ үй қызметінің нарықтағы жағдайын маркетинг бойынша зерттейді.
Қонақ үй қызметі комплексті түрде әртүрлі қызметтерден тұрады, клиенттің тұтыну жағдайына қарсы, қызмет көрсету пакетін жасау.
Сервистік қызметтер: швецар, дәліздік қызмет, гардероб қызметі, авто қызметкерлері, портье, консьерш, тасымалдау қызметі, номерлерді тазалау қызметкерлері, қауіпсіздік қызметкерлері жатады.
Қосымша қызмет көрсету түріне қонақүй мекемесінің қосымша қызмет түрі, яғни қонақүй маңында ашылған тазалау мекемесі, косметикалық салон, шаштараз т.с.с.
Тазалау орындары және қойма орындарының қызметі де кіреді. Ол кір жуу қызметкері, бөлме тазалаушы, қойма қызметкері т.с.с. Қосымша қызмет түрі бұл яғни қосымша ақы төленген қызмет түрін айтамыз. Бұларға: шаштараз, сауна, бассейн, спорт залдар, сауықтыру орындары және т.б. кіреді. Жақсы бағытта дамыған қонақүй ісінің, қызмет көрсету саласы, өз кезегінде қонақ үй ғимаратының оң бағытта өзгеруіне өз ықпалын тигізді. Жинақталған тәжірибенің негізінде қонақ үй ғимараты дұрыс қолданыла бастады. Егер бұрындары қонақ үй ғимараты 1-2 қабаттан құралып, сол бір ғимараттың ішінде тұрғын, қызмет көрсету, тазалау және басқа да бөлімдер орналасса, қазіргі қонақ үй ісінің басты жетістігі, ол - тұрмыстық бөлім мен қызмет бөлімінің айырылуы. Тұррмыстық бөлім көбіне жоғарғы қабаттарда орналасады. Ал бірінші және екінші қабаттарда, мейрамханалар , тазалық бөлімдері орналасады.
1.2. Қонақ үйде кір жуу бөлімінде қызмет ету
Қонақ үй қызметі -- бұл қонақ үй персоналдары мен қонақтар арасындағы ұйымдастырылған түрде қонақтардың қалауын қанағаттандыратын қызметтер. Бұл жағдай қонақ тұрғаннан бастап қонақ үй арасында үздіксіз жүріп отырады. Барлық берілген қызмет түрлері маркетингтің спецификасын анықтайды.
Қызмет көрсету стандарты -- клиенттерге жоғары сапалы түрде кепілдеме берген, клиенттерге қызмет көрсету ережесінің міндетті комплексі.

Қосымша қызмет көрсету түріне қонақүй мекемесінің қосымша қызмет түрі, яғни қонақүй маңында ашылған тазалау мекемесі, косметикалық салон, шаштараз т.с.с. Тазалау орындары және қойма орындарының қызметі де кіреді. Ол кір жуу қызметкері, бөлме тазалаушы, қойма қызметкері т.с.с. Қоымша қызмет түрі бұл яғни қосымша ақы төленген қызмет түрін айтамыз. Бұларға: шаштараз, сауна, бассейн, спорт залдар, сауықтыру орындары және т.б. кіреді. Кір жуу бөлмелері дәлізден шлюз арқылы жекеленеді. Кір жууға арналған бөлме суық су және ыстық су жүргізілген ваннамен, ылғалға төзімді бетімен орындық пен үстелдермен, стеллаждармен, шылапшынмен, кір және киім кептіретін, үтіктейтін құрал-жабдықтармен жабдықталады
Кір жуу қызметі
GlobeCMS аптасына жеті күн бойына стандартты, жоғары сапалы кір жуу қызметімен қамтиды.
Қызмет көрсетуге сонымен қатар мыналар кіруі тиіс: клиенттердің барлық жеке киімдерін жуу, кептіру және жинап беру, сондай-ақ мұнымен шектелмей, оған қоса төсек бұйымдарын, сүлгілерді, ас үй бұйымдарын (тұтыну бұйымдарын қоса) жуу.
Клиенттің жеке киімдерін жууға жинап алу мен соңынан қайтарып берудің уақыты мен кезеңінің бағдарламасын GlobeCMS ұсынып және клиентпен келісілуі тиіс.
Тазалық сақтау жұмыстарын ұйымдастыру

Қонақ үй -- бұл үздіксіз режимде қызмет ететін, жоғарғы санитарлы-гигиеналық талапқа сай кәсіпорын. Қонақ үй қандай категорияға жатса да ол әрдайым таза болу керек. Бұл күнделікті персоналдардың территорияны, қонақ үй алдын, администратор орындарын тазалау болып табылады. Сол үшін тазалау қалай жақсы ұйымдастыруға болатын және қонақ үй шаруашылығын тазалықпен қамтамасыз ету керек екенін білу керек.
Жылдам әрі жоғарғы салада тазалық сақтаудың санитарлы-эпидемологиялық нормалар бөлінеді:
- жоғарғы классификациялық профессионалды персоналдарды дайындау;
- толық инвентарлы, қаз қалпында сай тазалық материалдары;
- қаз қалпында сай тазалау машинасы және механизм түрлері.
Қонақ үйде тазалықты жүргізудің ең маңыздысы уақыттарды дұрыс бөлу. Тазалау тез әрі уақытты алмас үшін міндетті. Тазалау жұмысын жүргізуде әртүрлі маңызды элементтер қатысады:
- этаж персоналдары қонақтың көзіне азырақ түсу керек;
- тазалау инвентары және тазалау құралдарын көпшілік орындарда қалдырмау керек;
- мусор тасушылар, тазалаушылар қонақ үйде тазалау кезінде уақыттарын артық нәрсемен алаңдатпау керек. Бұл процестердің орындалуы қонақ үйдің қызмет көрсетудің дәрежесі болып табылады. Тазалау жұмыстарының категориялары:
- қонақ үйге қатысты территорияны тазалау;
- орталық кіру ауданын және вестибюльді және вестибюльге қатысты группаларды (гардероб) тазалау;
- жалпы қолданыстағы орындарды тазалау: сатылар (лестниц), каридорлар, холлдар, администратор, қызметтік және қосымша орындары.
Жұмысшылардың бірін-бірі орын алмасуы тек жетекшінің келісімімен іске асады. Қызмет көрсетудің директордың орынбасары қонақ үйде қызмет ететін персоналдардың жұмыстарын бөліп, ұйымдастырады.

1.2.Кір жуып, қызмет көрсететін нысандарды жобалауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Кір жуатын орын қалалық, ауылдық елді-мекендерде тұрғындардың мекен-жайларына жақын орналастырылады. Бөлінетін учаскенің мөлшері қолданыстағы құрылыстық нормалар мен ережелерге сай анықталады (бұдан әрі - ҚНжЕ).
Кір жуатын нысанға жер учаскесін бөлу, оны орналастыру, құрылысын жүргізу және қайтадан жөндеуден өткізу жөніндегі жобалық құжаттарын бекіту, пайдалануға беру тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда рұқсат етіледі.
Кір жуатын орынды жеке тұрған немесе жапсарлас салынған ғимараттарда, сол сияқты тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналастыруға болады.
Кір жуатын орынды орналастыруға қойылатын нормативтік талаптар қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай жүргізіледі.
Кір жуатын орынды қоғамдық ғимараттарда орналасқан жағдайда оған кіретін есік бөлек қарастырылуы керек.
Кір жуатын орынды жобалау барысында мүгедектердің кіріп шығуына ыңғайлы қондырғыларды - ғимаратқа кіре берісте еңіс жазықтықтарды (пандус), кедергісіз кіретін есіктерді, баспалдақтардың қосымша қоршауын, дыбыспен және түрлі-түсті боялаулармен берілетін белгілік нышандарды орналастыруды қарастыру керек.
Учаскедегі кір жуатын орынның құрылысының аумағы 35% аспауы керек. Кір жуатын орынға бөлінген учаскенің шекарасы емдеу, мектеп жасына дейінгі балалар және жалпы білім беретін ұйымдардың шекарасынан кем дегенде 50 метр (бұдан әрі - м) жерде орналасуы керек.
Кір жуатын орынның ішінде (немесе қасында) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының келісімі бойынша тұрмыстық бұйымдарды химиялық жолмен тазалайтын ұйымдарды, жеке бастың тазалығын сақтауға арналған және тұрмыстық заттарды сататын дүңгіршек орналастыруға болады.
Кір жуатын орынның сумен қамтамасыз етілуі, канализация жүйесі қолданыстағы ҚНжЕ-нің талаптарына сай жүргізілуі керек.
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және канализация жүйесі болмаған жағдайда сумен қамтамасыз ету және ағынды суды жіберу орны мен жағдайы тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін мемлекеттік органмен келісіледі.
Кір жуатын орындардан ағатын суды өңдеу, егер кір жуатын орыннан шығатын судың арақатысы шаруашылықтан шығатын нәжістік ағын сумен араласқанда 1:1 жоғары болмайтын болса, оларды өңдеу шаруашылықтан шығатын нәжістік ағын суды өңдеу кезіндегідей жүргізіледі. Егер жоғарыдағылардың арақатысы 1:1 болса, онда канализациялық жүйеге түсер алдында оларды арнайы өңдеуден (әк қосып, болмаса тұндырады) өткізеді.
Ыстық сумен қамтамасыз ету орталықтандырылған жолмен немесе өз қазандығы арқылы жүргізіледі.
Жылумен, желдету және жасанды жарық көздерімен қамтамасыз етуді жобалау қолданыстағы ҚНжЕ-нің талаптарына сай жүргізілуі керек.
Ылғалды және сулы режимді үй-жайларда жарық беретін шамдар шашыранды судан қорғалатындай тығыз жабылуы керек.
"Кір жуатын нысандарды күтіп-ұстауға пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) кір жуатын нысандарды (бұдан әрі - кір жуатын орын), жобалауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға қолданатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды.
Осы санитарлық ережелер радиоактивті және химиялық заттармен ластанған киімдерді өңдеу, жуумен айналысатын кір жуатын орындарға таралмайды.
Осы санитарлық ережелерде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) кір жуатын орын - іш киімдер мен төсек әбзелдерін, басқа да киімдер мен жұмсақ керек-жарақтарды тазалауға, жууға және үтіктеуге, зарарсыздандыруға арналған нысан;
2) бучильник - кір заттарды қайнатуға арналған барабан үлгісіндегі сыйымдылық
Кір жуатын орын

Біз сіздерге қазіргі заманғы құрал-жабдығы және қолайлы кестесі бар кір жуу қызметін ұсына аламыз.Біріншіден, кір жуу кезінде ластану түрін ескере білетін арнайы технология қолданылады. Экологиялық жағынан зиянсыз, тиімді жуу құралдары пайдаланылып, соның арқасында бұйымға механикалық әсер ету уақыты азайып, олардың жарамдылық мерзімі ұзарады. Бельгиялық өндірістен шыққан кір кептіруге арналған машиналар түрлі бағдарламаларға есептелген. Бұл машина кептіргеннен кейін бұйымдарға сергектік беру үшін салқындатады. Екіншіден, сіздің бұйымдарыңызбен білікті қызметкерлер айналысатын болады. Тәжірибелі персонал сіздің өтінішіңіз бен арыз-шағымыңызды ескеріп, дербес, сондай-ақ, корпоративтік тапсырыстарды орындайды. Сондай-ақ, бұйымдарды жаңадан үтіктелген күйінде де арнайы жеткізе алады.
Бізбен байланысыңыз, біз сіздердің талаптарыңызды қағанаттандыратын арнайы кесте іріктеп, кір жуу қызметін қамтамасыз ету жолдарын талқылайтын боламыз.
Біздің қызметіміз біздің қонақтарымыз ғана емес, қала тұрғындары мен компаниялар үшін де қолжетімді екенін ерекше атап өткіміз келеді.
Пресс-үтіктің, күшті вакуумы бар өндірістік үтіктеу үстелінің, бу үрлегіштің, манжетке арналған орынның, қол үтігі мен үтіктелетін ыстық тақтайдың арқасында кір жуудың мінсіз сапасы қамтамасыз етіледі, жейденің бүктеліп қалған жеңі жайлы әңгіме болуы мүмкін де емес.

1.3. Кір жуу технологиясы

Кір жуу - кірді кір жуғыш машиналардың көмегімен жуады. Кірлеген заттарды құрғақ күйінде арнайы себетте немесе ауа өтетін саңылаулары бар жәшікте, мүмкіндігінше бөлек бөлмеде сақтаған жөн. Бұйымдарды неғұрлым кірлетпей тез жуса, кір соғұрлым оңай ашылады.
Ақ түсті мақта-мата және кенеп бұйымдарды жуу
Жуардың алдында мақта-мата және кенеп кірлерді жүн және жібек бұйымдардан, сондай-ақ ақ кірлерді түрлі түстілерден бөліп алу керек. Ақ түсті мақта мата және кенеп кірлерді жуған кезде сабын, сода немесе жуғыш порошок қосып қайнатады. Түсті бұйымдарды, әсіресе жүн және жібек бұйымдарды қайнатуға, сондай-ақ жуу барысында сілті қолдануға болмайды, себебі матаның оңып кетуі мүмкін. Жуғыш порошоктарды этикеткасындағы ұсыныстарға сүйене отырып пайдаланады. Кірді алдын ала бірнеше сағат суға салып, тым қатты кірлегендерін тағыда 3 -- 5 сағаттай сабынды -- содалы ерітіндіге (1 шелек суға 1 -- 2 қасық кір жуатын сода және 40 г сабын) немесе порошок ерітіндісіне батырыл жібітіп қояды. Содан соң кірді қайнату керек. Қайнатқан кезде кір суға толығымен батып тұруы тиіс. Қайнату (содамен және сабынмен, немесе порошок ерітіндісіне) бұйымның қаншалықты кірлегеніне қарай 40 минуттай 60 минутқа дейін (ысытуға кеткен уақыт есептелінбейді) созылады. Қайнатқаннан кейін кірді жуу керек. Жуылған кірді әуелі жылы, содан соң салқын суда шайқап, нілдеуге болады. Кірді жазып, ніл қосылған суға 1 -- 2 рет батырыл, сығыл, жақсылан сілкіп, келтіреді. Кейбір кірлерді (мысалы, сейсеп, көрпе тыс, сүлгі, жастық тысгары) крахмалдағанда нілдейді.
Шілтерлі бұйымдарды жуу
Бұйымдарды жуар алдында қағып-сілкіп, жылы суға салып қояды. Бұл суды 2 -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй басқаруды ұйымдастыру тәртібі
Қонақ үйдің қоғамдық бөлімі.
«Достық» қонақ үйінің инженерлік-техникалық жабдықталуы
Нөмірлік қор департаменті
Қызметкерлер құрамының менеджменті
Қонақ үй шаруашылығы туралы ақпарат
Қонақ үйдегі фитнес орталығы қызметі
Қонақтарды қабылдау техникасы
«Қонақ үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру (Room Service)»
Достық қонақ үйінің персоналы
Пәндер