Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түснік



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1

І. Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түснік
1.1.Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түснік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.2. Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3.Эстетикалық тәрбиенің құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
2.1.Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы көркем.шығармашылық қабілетін дамыту.
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары.
2.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.

Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Сабақ жоспарлары
Зерттеу бөлімі

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе

Балабақшада баланы тәрбиелеу, олардың қабілетін дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Баланы ерте сәбилік кезеңнен бастап, іс - әрекетке енгізудің маңызы зор. Эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысы мектепке дейінгі кезеңнен бастау жан - жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге алғы шарт жасайды. Эстетикалық тәрбие – сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе. Дүниенің әсемдігін сезіну - әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балалардың бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады. Мұндағы мақсат – бала тұлғасының әсемдікті тануы мен білім алуын дамыту. Шығармашылық іс - әрекеттерге қатыстыру, сол арқылы әсемдік руханиятқа, өркениеттің өріне шығып, одан нәр алу – бүгінгі күн талаптарының ең маңыздысының бірі.
Эстетикалық тәрбие – балаға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін тереңдетеді. Әсемдікті сезіну балалардың өмірін байытып, бір - біріне достық қарым - қатынасын, жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәрбие дегеніміз – баланың өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауын, түсінуін тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие – балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие – кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді.
Өзектілігі:
Эстетикалық тәрбие – сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе. Дүниенің әсемдігін сезіну - әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балалардың бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады.
Жұмыстың болжамы:
Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы, бала әлем сұлулығын көре және сезіне алады, сонымен қатар баланың көркем-шығармашылық қабілеттері дамиды
Курстық жұмыстың мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалаға эстетикалық тәрбие берудің маңызын анықтау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Эстетикалық тәрбие беру. \\ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.
Ыдырысова Ж.
2. Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.
3. Жеткіншектердің көркемдік талғамын қалыптастыру. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 53 – 54б. Жұмабекова Ф. И.
4. Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы көркемдік тәрбие.Құдашева Д. Т.
5. Баланың жан – дүниесін әсемдікке баулу. \\ Отбасы және балабақша. –2007. № 3. 15 – 16б. Манкеш А. Е.
6. Эстетикалық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту. 2007. №2. 117 – 119б.
7. Балабақшадағы эстетикалық тәрбие жұмысы.\\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 3 – 4. 34 – 37б. Ерженбайқызы А.
8. Балабақшадағы эстетикалық тәрбие арналары. \\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 11 – 12. 52 – 57б. Шалғынбаева Қ.
9. Бала және табиғат. \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 6 – 7б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1

І. Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түснік
1.1.Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түснік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...2
1.2. Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
1.3.Эстетикалық тәрбиенің құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
2.1.Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы көркем-шығармашылық қабілетін дамыту.
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары.
2.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.

Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Сабақ жоспарлары
Зерттеу бөлімі

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Балабақшада баланы тәрбиелеу, олардың қабілетін дамыту - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Баланы ерте сәбилік кезеңнен бастап, іс - әрекетке енгізудің маңызы зор. Эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысы мектепке дейінгі кезеңнен бастау жан - жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге алғы шарт жасайды. Эстетикалық тәрбие - сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе. Дүниенің әсемдігін сезіну - әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балалардың бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады. Мұндағы мақсат - бала тұлғасының әсемдікті тануы мен білім алуын дамыту. Шығармашылық іс - әрекеттерге қатыстыру, сол арқылы әсемдік руханиятқа, өркениеттің өріне шығып, одан нәр алу - бүгінгі күн талаптарының ең маңыздысының бірі.
Эстетикалық тәрбие - балаға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін тереңдетеді. Әсемдікті сезіну балалардың өмірін байытып, бір - біріне достық қарым - қатынасын, жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауын, түсінуін тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие - балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие - кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді.
Өзектілігі:
Эстетикалық тәрбие - сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе. Дүниенің әсемдігін сезіну - әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балалардың бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады.
Жұмыстың болжамы:
Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы, бала әлем сұлулығын көре және сезіне алады, сонымен қатар баланың көркем-шығармашылық қабілеттері дамиды
Курстық жұмыстың мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалаға эстетикалық тәрбие берудің маңызын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
Мектеп жасына дейінгі балалаға эстетикалық тәрбие беру негіздерін қалыптастыру.

І. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы

1.1.Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Балабақшада баланы тәрбиелеу, олардың қабілетін дамыту - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Баланы ерте сәбилік кезеңнен бастап, іс - әрекетке енгізудің маңызы зор. Эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысы мектепке дейінгі кезеңнен бастау жан - жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге алғы шарт жасайды. Эстетикалық тәрбие - сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе. Дүниенің әсемдігін сезіну - әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балалардың бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады. Мұндағы мақсат - бала тұлғасының әсемдікті тануы мен білім алуын дамыту. Шығармашылық іс - әрекеттерге қатыстыру, сол арқылы әсемдік руханиятқа, өркениеттің өріне шығып, одан нәр алу - бүгінгі күн талаптарының ең маңыздысының бірі.
Эстетикалық тәрбие - балаға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін тереңдетеді. Әсемдікті сезіну балалардың өмірін байытып, бір - біріне достық қарым - қатынасын, жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауын, түсінуін тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие - балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие - кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді.
Эстетикалық даму дегеніміз - балалардың эстетикалық нәр алуға мүмкіндік тудыратын, сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін ұштау, өмірдегі, өнердегі әсемдікті түсінуіне, оны қабылдауына ықпал ету арқылы балалардың эстетикалық сезімін дамыту.
Эстетикалық сезім дегеніміз - өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол бала табиғатына ғана тән жоғары сезім. Баланың әсемдікті сезе де, тани білу қабілеті, әсемдікті жасауға қарым - қатынасы, оның сезім - байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты болады.
Эстетикалық тәрбие - дегеніміз баланың ақыл-ойы мен сезімін, ұшқыр қиялы мен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымын, көркемдік, шығармашылық қабілетін үздіксіз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға дағдыландыру қажет.
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнер қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәйғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлігі ретінде қабылдайды. Эстетикалыққабылдау сезім мен тебіренумен тығыз байланысты. Әсемдікке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән ерекшелік- бұл шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін заттың шындығына сенетіндігінде. Балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне тәрбиеші үнемі көмектесіп отыруы керек.
Сюжетті- рөлді ойындарға тақырыпты, мазмұнды таңдап алуда және белгілеуде ниет қана емес, шығармашылық ізденіс қажет.
Мектепке дейінгі балаларда шығармашылықнышандары байқала бастайды, ол ой құрау және оны жүзеге асыру қабілетінің дамуынан, өз білімін, ұғымын құрастыра білуінен өзінің ойын, сезімін, тебіренісін шынайы жеткізуінен көрінеді. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл- кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткізу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілетін дамытуда, педагогтың жеке басы, мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады.
Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста шынайы әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.
Эстетикалық талғам -- кең ұғым: ол өнердің терең мағынасын, тамаша шығармалардытүсінуді, одан ләззат алуы ғана емес, табиғаттың, еңбектің, тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінуді қамтиды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Олар оқу үстінде балалар әдебиеті, музыкалық , сурет өнерінің классикалық шығармаларымен толық игеруді үйренеді.
Балалардың бойында эстетикалык талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемдігін көруге және сезінуге, оны аялауға баулимыз. Гүлдердің қауыз жарғанын көргенде оның жұртқа қуаныш сыйлауы үшін оны мәпелеп күту керек. Балалардың да көркемдік қабілеттерін, эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді. [6. 29]
Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы белгілі маман-ғалым А. Б. Салтыков: Көркемдік талғам дегеніміз -- әсемдікті ажыратар нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата білу қабілеті- деп тұжырымдайды.
Адамның эстетикалық сана-сезімінің дамуына әсер ететін, тәрбиелейтін құралдар аз емес, соның ішінде өнердің алатын орны ерекше. Өнер айналадағы болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық сезіміне әсер етеді, жамандықтан жиреніп, әсемдікке еліктеуіне септігін тигізеді. Қызықты өмір болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесін өнер өзіне тән құралдар мен тәсілдер арқылы айшықты бейнелеп береді. Мұның бәрі айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде киноның, теледидар мен радионың, өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдік, Отандық өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбір халықтың ұлттық ерекшелігімен біте қайнасқан әсемдік туралы өзіндік түсінігі, танымы әрқашан сақталып отырады.
Балалардың әсерлі эстетикалык ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е. Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б.). Бірақ та бұл мәселенің аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті мәселелер мен міндеттер жеткілікті.
Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын сын тұрғысынан талдай отырып, жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер салу, т. б.) іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті мәселелердің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас-жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы пән не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін сұлулық заңдылығына сәйкес игертуге бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекші іс-әрекеттерінің аясында көмекші рөл атқара ма? -- деген сұрақтарға жауап іздеу, нақты тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.
Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді:
1.Көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін саралауды;
2.Мектепке дейінгі жастағы көркемдік іс-әрекеттер барысында игеруге тиісті білім мен дағдылар көлемін белгілеуді;
3.Көркемдік іс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрісін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алуды талап етеді.
Көркем өнер -- көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары -- бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т. б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды.
Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б.) әшекейлеудік тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.
Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар, балалардың түрлі-түсті қағаздардан арнайы сюжетті құрастыруға қажетті элементтерін, ұлттық ою-өрнектердің қарапайым үлгілерін қию арқылы тұлға силуэтінің (сұлба) сұлулығы, ал оюлардың жазықтық бетінде желімдеп жапсыру кезінде жеке элементтердің өзара жарасымдылығын, оюлардың өрнек композициясындағы ырғақтылығын, фон мен өрнек бояуларының түстік үйлесімділігін пайымдай білуіне үлкен көмегін тигізеді. Қатты қағаз, мата қиындылары, фольга, т. б. табиғи заттардан көркем құрастыру жұмыстары балалардың кеңістік ойлау қабілетінің және пішін, көлем сұлулығын сезіну, түйсіну дағдыларының дамуына мүмкіндік туғызумен бірге, олардың еңбек ету іскерліктерінің қалыптасуына жол ашады.
Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу, көркемдік талғам өрісін кеңейте түсудің бірден-бір сындарлы жолы. [7. 53]
Халқымыздың жалпы мәдениет деңгейін жоғары сатыға көтерудің және балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден-бір тиімді жолы көркем өнер болып табылады.
Эстетикалық тәрбиеде көркем өнерге ерекше орын беріледі. Ол толғанта және қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін ашады, оларды қоршаған дүниеге үңіле қарауға мәжбүр етеді. Әсемдіктің әсер ықпалын бастан кешіруге, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелейді.
Баланың көркемдік дамуы ойдағыдай болуы үшін тәрбиеші (мұғалім) оның жасына сәйкес, іс-әрекеттерінің түрлерін дұрыс пайдалана білуі қажет.
Көркемдік тәрбие әдістемесінің негізіне - бала мен педагогтың көркем құндылықты қабылдауда, өнімді іс-әрекетке деген шығармашылық қабілеттері, әлеуметтік, табиғи, заттық ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады. Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне-көп тәрбиеленушінің дара ерекшеліктерінің, қажетсінуі мен мүддесінің, жалпы даму деңгейінің қаншалықты мөлшерде ескерілетіндігімен анықталады.
Көркемдік тәрбие жөніндегі жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сай бейнелеу іс-әрекетін үйретудің әдістемесін және жалпы міндеттеріне сәйкес мазмұнын белгілеп, нақтылы қойылатын талаптарды анықтап алу қажет. Бұл көркемдік тәрбие құралдары мен әдістерін іріктеуде кездей-соқтыққа, жүйесіздікке, біржақтылыққа ұшырамауға мүмкіндік береді. Тәрбиешілерге бейнелеу өнеріне байланысты жұмыстарды жоспарлауға, материалды белгілі бір ізге түсіруге, онын түпкі мақсатына жетіп, нәтижесін көруге көмектеседі.
Балабақшадағы көркемдік тәрбие жөніндегі жұмыстар тәрбиелеу мен білім беру ісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты, ұйымдастыру түрлері сан алуан және оның нәтижелері де іс- әрекеттің әр алуан түрінде көрініс табады. Бұл жұмыста төмендегідей мәселелер қарастырылады :
- тұрмыста, еңбекте, ойын барысында қоғамдық және табиғиқұбылыстармен, заттармен таныстыру арқылы қоршағанболмысқа деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу;
- өнер құралдары арқылы көркемдік тәрбие беру; (көркемдік талғамды қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем өнер туындылары жайында қарапайым түсінік беру және әсер алу, сезінуге баулу, бейнелеу іс-әрекетіне сәйкес іскерлік- дағдыларды меңгерту, музыка, әдебиет арқылы, т.б.)
- өнер және өмірдегі әсемдікті, сұлулықты қабылдау, және оны түсінуге, сезінуге, қарапайым эстетикалық әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін жинақтаудың ұзақ жолынан өткізу;
- эмоциялық және танымдық процестерді белгілі бір шамада дамыту;
Өмір құбылыстарын көркемдік тұрғысынан қабылдау әркашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық, дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзінде сәбидің бастан кешірген қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор.
Көркемдік тәрбие әдістері де алуан түрлі. Олар көп жағдайда: көркем ақпараттың көлемі мен сапасына, ұйымдастыру мен іс-әрекет түрлеріие, баланың жас ерекшелігіне бағынышты. Бұл жерде педагогтың даярлық деңгейі, шеберлігі мен қабілеттілігінің атқаратын рөлі аз емес.
Көркемдік тәрбие жайындағы ұғымдарды бала әлеуметтік ортадан, заттық дүниеден, табиғи құбылыстардан, көркем шығармалардан алады. Сондықтан да суреттердің, ертегінің мазмұнын, әуеннің сазын тұтастай қабылдау өте маңызды. Бұдан әрі педагог балаға дыбыстарды беріле тыңдауға, заттық бояуы мен пішініне зер сала қарауға көмектесу үшін оның назарын бөлшектерді қабылдауға, мақсатты бақылауға аударады.
Мысалы: ересек адам балаға теледидардан хабарды көруге, жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.
Тәрбиеші балалардың көркемдік әсерді қалай қабылдайтындығына қарай өнер туындысымен, музыкалық әуен сазын, әнді, ертегіні тыңдай, суреттерді көре отырып, тікелей әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қою арқылы көркемдік тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуіне болады. Оларға белгілі бір талаптар қойылады. Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәнді, эмоциялы болуы тиіс, әйтпесе өнермен танысу кезігу әсерсіз болады. Сөйлесу барысында балалар суреттің, өлеңнің, әннің мазмұнын немесе тапсырманың мәнін ғана түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды бастарынан кешіру үшін де жарқын образдылыққа жетулері қажет.
Әдістер іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп отырады. Көркем өнер сабақтарында педагог дәл нұсқаулар береді, балаларға орындау тәсілдерін өздері табуын ұсынады, т.б. Мысалы: 1. Көркем жапсыру сабақтарында балалардың жеке бөлшектерден зат құрастыруға немесе тұтас материалдан (саз балшық, ермексаз) жеке бөлшектерді мүсіндей білуге мүмкіндік беретін әдіс- тәсілдер қолданылады. Демек, үйрету жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс-әрекет етуінде үлкендердің жетекілікті жанама ықпалымен шектеледі, ол тек іс-әрекетке итермелеп, еске түсіреді немесе қателерді түзетеді. 2. Өлең мен әндерді жаттап үйренуде де оларды үлкендердің алдында орындауын, шығарманың мазмұны мен күйін білдіретін көркемдік қасиеттері туралы әңгімелесуді, көрнекі құралдарды пайдалануды, балалардың мәтінді бірнеше рет қайталауын т.б. талап етеді.
Көркемдік тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас ерекшелігіне де тәуелді. Сәбилерді әсемдік әлеміне тарта отырып, тәрбиеші оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттілік, тазалық болудың қандай тамаша екендігіне аударады. Ересек топ балаларына үлкендердің көмегімен қоршаған дүниені белсенді "жасампаздықпен", бірақ олардың шама- шарқы жететіндей етіп өзгерту міндеті қойылады. Олар бақылап және бағалап қана қоймай, ойын бұрышын, дербес көркем өнер бұрышын безендіруге қатысып, гербарий және басқаларды жасай білулері тиіс. Сөйтіп, бақылағьштықты, дербес әрекет етуді, өз іс-ерекеттерін жоспарлауды және ойын жүзеге асыруды қалыптастыру әдістері тәжірибеде қолданылады.
Балалардың жас ерекшеліктеріне, даярлық деңгейіне, жеке ынтасы мен талаптарының артуына қарай әдістер күрделеніп отырады. Педагогикалық ғылым мен тәжірибе балалардың эстетикалық сезімдерінің қарым-қатынастарының, ой қорытындылауының, бағалауының тәжірибелік іс- әрекеттерінің қалыптасуына көмектесетін неғүрлым тиімді әдістерін анықтайды:
- эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқыкөріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі;
- қоршаған ортаны көркемдеуге және мінез- құлық мәдениетідағдыларын қалыптастыруға арналған іскерлік дағдыларғажаттықтыру әдісі;
- шығармашылық және тәжірибелік іс- әрекеттерге итермелейтінпроблемалық ситуациялар әдісі;
- әсемдікке ұмтылып, эмоциялық - жағымды ықылас тудыратынжәне қоршаған дүниедегі келеңсіздікке қарсы сезімін оятүәдісі.
Көркемдік тәрбие беруде қолданылатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайлалану керек. Мерекелік ертеңгілікке, өнер мұражайына саяхатқа барғанда балада эмоциялық сезімге берілу пайда болады. Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ әңгімелесу әдісі деп те санауға болады, өйткені балалардың бақылауларының кез келгені баланың сезімі мен ойын оятарлық тәрбиешінің сол сәттегі немесе кейініректегі түсініктемесімен қосарланып отырады. Неғұрлым жарқын да әсерлі көркем шығармаларды таңдап, тиісті іс- әрекет пен жан толқынысын тудыра білу маңызды. Педагог балаларға ұсынылатын материалды жақсы меңгеруі қажет. Оның сөзі нақты, мәнерлі болуы тиіс. Баланың назарын түрлі пішіндегі әсемдік көріністеріне аударып, тәрбиеші нақты мысалдар арқылы "ненің жақсы, ненің жаман" екендігіне сендіреді.
Үйрету, жаттықтыру әдісінің мәні - баланы тыңдай, көре, бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге бағыттау. Жүйелі түрде көркем іс- әрекетке жаттығу, шамасы келгеншс таяу маңды өзгертуге араласу балалардың белсенділігін тереңдетеді. Бұл әдіс көп қайталауды талап етеді. Ол түрлі жағдайларда қолданылады. Жағдайды өзгерту балаға меңгерген дағдыны пайдалануға, одан әрі жетіле түсуге көмектеседі. Өзгермелі жағдайларды көп жаттығу тиісті нәтижеге ойдағыдай жетуге мүмкіндік береді. Мысалы: тәрбиеші балаларды суретсалуда штрихтеуге үйреткенде бірде сурет контурынан тыс кетпеуді ұсынса, енді бірде "шөп үлпілдек", өсімдік сабақтары "үшкір" болып шығатындай етіп сызуды ұсынады.
Сонымен қатар, сызба ойын жаттығулар жүргізудің маңызы зор. Мәселен: "Әдемі сызықтар", "Затты бейнеле", "Суретті аяқта", "Ою-өрнекті сызамыз", "Менімен бірге сыз", "Сызықтарды қайтала", т.б. Балалар әрбір тақырыпқа сәйкес сурет салғанда заттық, мазмұнды және сәндік сурет екенін сезіну үшін алдын ала ойын жаттығу жүргізіледі. Мұнда бейнеленетін заттың тиімді пішіні, көлеміне сәйкес қол қимыл қозғалысын икемге келтіру, кеңістікті бағдарлау, бейнені көз алдына елестету мақсатында сызба ойын жаттығуларын жүргізудің тиімді екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Бала қылқаламды қолына ұстай отырып ауада, қағаз бетіне бояусыз сызып затты ойша қиялмен бейнелеугс жаттығады. Содан кейін барып қарындашпен, бояумен сурет салуға кіріседі.
Сендіру және үйрету әдістерінің бір-бірінен оқшауланбайтынын білу маңызды. Жақсы қылықтардың мәніне баланы сендіре отырып, тәрбиеші балаларды әдеттендіргендей бұған бірнеше рет қайта оралады. Игерілген дағдыларды тәжірибелік іс-әрекеттермен бекіту баланың мінез- құлқындағы сөз бен іс арасындағы алшақтықты жоюга мүмкіндік береді: ол маңындағылар жайлы жақсы лебіз білдіргенімен оған қарама- қарсы әрекет жасауы мүмкін.
Баланың өсемдікпен тікелей қарым-қатынаста болуы қаншалықты маңызды болғанымен, оның өзі жеткіліксіз. Эстетикалық толғанулар әрдайым этикалық көріністермен байланысты. Эстетикалық және этикалық бірлік жас ұрпақты адам ретінде қалыптастырудың ерекше маңызды белгісі болып табылады. Әсемдікті өнердегі, қоғамдағы, тұрмыстағы, табиғаттағы тікелей әсерімен ғана сендірмеу керек, оны бала санасың тәжірибелік іс-әрекеттерге тарта отырып, сөзбен де белсенді әсер ету арқылы жеткізу қажет.
Балабақшадағы көркемдік тәрбие мәселесі Ресей педагогика ғылымдары академиясының мектепке дейінгі тәрбие ғылыми зерттеу институттарында бейнелеу өнері бойынша (Н.П.Сакулина, Т.С.Комарова, Т.Г.Казакова, В.Б.Косминская, Б.ГКовальская, И.Л.Гусарова, Е.А.Флерина, З.А.Богатееза, Т.Н.Доронова, Г.Н.Пантелеев, Н.Б.Халезова, Л.В.Пантелеева, С.Г.Якобсон т.б.),музыкалық іс-әрекеттерге (Н.Ветлугина, И.Дзержинская, Р Зинич, С.ІШоломович т.б.) арнайы зерттеулер жүргізіп, эстетикалық тәрбиенің кейбір жекелеген жақтары арасындағы байланыстар теориялық тұрғыдан негізделді. Аталмыш зерттеулер нәтижесінде дайындалған оқу- әдістемелік құралдар орыс тілінен 1962, 1977, 1902 жылдары қазақ тіліне аударылып Республика деңгейінде тәжірибеде қолданылды. Ал, қазақ балабақшаларына арналған оқу-әдістемелік құралдар бейнелеу өнерінен жарық көрмеді. Осыған орай, қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының мектепке дейінгі тәрбие лабораториясында көркемдік тәрбие мәселесі арнайы зерттеу нысанасына алынып, нәтижесінде бағдарлама және оқу- әдістемелік кешені дайындалуда.
Балабақшада көркемдік тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда баланың өзі өмір сүретін ортаны бақылату арқылы, көргендерін есте сақтауға, қабылдауға, арнайы қабілеттілігін дамытуға көңіл бөліп, бейнелеу іс-әрекеті дағдыларын меңгерудің жолдары қарастырылуда. Бейнелеу өнерінің түрлері жайында жас ерекшелігіне сәйкес алғашқы түсініктер беріп, қылқалам шеберлерінің туындыларымен таныстыру арқылы көркем өнерге қызығушылыққа тәрбиелеуде "Балбөбек" бағдарламасының "Өнер көзі халықта"- бөлімі дайындалды. Бұл бөлімде балаларға көркемдік тәрбие беруде айнала қоршаған өмірдегі, болмыстағы, табиғаттағы, көркем өнердегі әсемдікті қабылдау, оған қызығушылық сезімдерін тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейтіп, көркемдік таным, түсінігін, сұлулыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, көркемдік талғамын қалыптастыру мақсаты қойылады.
Бағдарлама мазмұнына сәйкес жыл бойына жүргізілетін педагогикалық үрдіс барысында тәрбиеші негізгі белгіленген уақытта бейнелеу өнерінен балалардың бұрын меңгерген білім- білік дағдыларын қайталап бекіте отырып жаңа материалды игерудің қызғылықты әр түрлі әдіс-тәсілдерін таңдап алып, сурет салу, мүсіндеу және қиып жапсыруға қажетті құрал- жабдықтарды пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырады, бейнелеу іс-әрекетінің мақсат, міндеттерін айқындап алып, оны жүзеге асырудың бағыт- бағдарын белгілейді. Суретін салатын немесе мүсіндейтін затты немесе құбылысты бақылату, талдау, түр-түсі, көлемі, пішіні жайында мағлұмат беріп, оны зердеде сақтай білу дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Тәрбиеші бейнелеу сабақтарында ауызша баяндау, сұрак жауап, өткенді қайталау, бекіту жұмыстарынан кейін жаңа сабақты түсіндіру, үлгіні талдау, көрсету, бейнелеу іс-әрекетіне бейімделудің әр түрлі тәсілдерін тақырыпқа сәйкес таңдап, жалпылама ңұсқау беріп іс-әрекетке бағыттайды. Көркемөнер туындыларымен әңгімелеуді сабақтың мақсатына сәйкес кіріспе, негізгі бөлімде пайдалануға болады. Балалар іс- әрекетке кіріскеннен кейін басшылық жасап, жеке нұсқаулар беріп көмек көрсетіледі. Әр баланың бейнелеу іс-әрекетіне қабілеттілігін ескере отырып бағыт беріледі. Дайын болған жұмыстардың бірнешеуін алып тақтаға іліп, балалардың назарын аудара бастайды. Қалған балалардың да жұмыстарын аяқтау талап етіліп, еңбек нәтижесін балаламен бірлесіп талдау жасайды. Қорытынды ой- пікірілерді өзі айтып, сәтті шыққан жұмыстарды мадақтап үлгі етеді. Кейбір сәтсіздіктер мен жұмысқа ұқыпсыздықты болашақта қайтала-майтындай етіп ұсыныс жасай отырып ескертеді. Іс- әрекет барысында балалардың шаршағандығы байқалса бой сергіту сәтін өткізіп алып қайтадан жұмыстарын жалғастырады. Сабақтың негізгі бөлімінде балаға берілетін жүктеме толық берілгеннен кейін, еңбек нәтижесіне қол жеткеннен соң қосымша берілетін жүктемелер жүзеге асырылады. Содан кейін 5-10 минут үзілістен соң немесе тақырыптың мазмұн үндестігін сақтай отырып сабақты ойын әдіс- тәсілдерімен жалғастырады.
Балаларды бейнелеу іс- әрекетіне бейімдеу жұмыстары әрбір аптаның бейсенбі күндеріне жоспарланады. Бұл күні бейнелеу іс-әрекетіне баса назар аударылып, әрекет түрлері бірде кезектесіп, бірде қосарланып балаға берілетін түсініктер мен іскерлік- дағдыларды қалыптастыру, жаңа ұғымдарды меңгеру, нақты көрсету, түсіндіру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: ересектер тобында сабақ 9.00- 10.00 ға дейін кешенді түрде өткізіліп, қалған уақытта серуенге шыққанға дейін шағын топпен немесе жеке балалармен жүргізілетін жұмыстармен жалғастырылады. Бос уақытта балалар сабақта меңгере алмай қалған білім- білік дағдыларын жетілдіріп немесе қайталауды қажет ететін педагогикалық мәселелерді қарастырады (10 - 10.30- ға дейін). Балалардың ой- қиялын дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға, көрнекілік іс-әрекетке қызығушылық сезімін оятуға бағыт- бағдар жасауына толық мүмкіндік жасау қажет. Уакытты
тиімді пайдалану тәрбиешінің ізденісіне, шығармашылығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты болмақ.
Бейнелеу іс-әрекетін тәрбиелеу мен білім беру үрдісінің басқа салаларымен кіріктіріп сабақтас жүргізу ұсынылады. Жұмысты жоспарлауда алдымен бағдарламадағы жалпы тақырып таңдалады. Мысалы, "Отбасы", "Балабақша", "Ойыншықтар", "Жыл мезгілдері", "Қазақстан Республикам менің", "Жануарлар дүниесі". Бұдан кейін іс- әрекет түрлері белгіленіп (мысалы: сурет салу, мүсіндеу, жапсыру), бағдарламаны іске асыруға қажетті тақырыптар бөлімінен сол күні өткізілетін бейнелеу сабақтарының негізгі тақырыптары нақты көрсетіледі (бұл әрбір жас тобының әдістемесінде берілген). Қосымша немесе басқа тәрбие жұмыста-рына кіріктіріп өткізілетін тақырыптарды да жоспарлауга болады немесе ол тәрбиешінің қалауы бойынша тақырып мазмұны мен сабақтың мақсатына сәйкес таңдалады. Бағдарлама бойынша көркемдік іс-әрекетті ұйымдастыруда тәрбиешілерге қойылатын талаптар:
- тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін нақты айқындапалу;
- мақсатына жетудегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдердіалдын- ала анықтау;
- әрбір (пәндік) жеке әдістемелік нұсқаулармен жүйелі танысыпотыру;
- іс- әрекеттің бір- бірімен үндесіп, мазмұн сабақтастығыныңболуын қадағалау;
- балалардың дербес, еркін, шығармашылықпен әрекет етуінетолық жағдай жасау;
- әрбір тәрбие ісінің баланың жағымды мінез - құлқын, адамдыққасиеттерін қалаптастыратындай ықпалды болуын кадағалау;
- тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларынмеңгерту;
- апта бойында жалпы тақырып сақталып келіп, негізгі тірекретінде тәрбие жұмысының бір түрін басшылыққа алып,басқалармен сабақтастыра жүргізу;
- жаңа материалдар негізгі аса көңіл бөлінетін тәрбие саласынабайланысты беріліп, басқа тәрбие жұмыстарын бекіту,толықтыру, қайталау, еске түсіру мақсатында қолдану;
- әр түрлі іс- әрекеттер барысында тәрбиешінің басшылығы баланың ойлауына, қабілетіне, дербестігіне, шығармашылықпен әрекет етуіне толық мүмкіндік жасау;
- апта бойындағы тәрбие жұмысының нәтижесі жинақталып, халық педагогикасы негізінде әрбір жұма күндері түрлі жолдармен қорытындыланып отыруы қажет.
- тәрбис жұмысының мазмұны күнделікті іс- әрекет барысында серуенде, күннің екінші жартысындағы жұмыстарда және кешкі жұмыстарда жалғастырылып, тиянақталады (шағып топпен, дарынды балалармен жұмыс ескеріледі).
Аталған талаптарды ескере келіп, тәрбиеші болашақ қоғам азаматтарын тәрбиелеуде өзіндік ізденіспен, ынта- ықыласпен балаға деген сүійспеншілік сезімін жоғалтпай жүйелі түрде жұмыс жүргізсе өз- өзіне сенімді, өмірге қабілетті, өзіндік көзқарасы бар ұрпақ тәрбиеленеді деп сенеміз. [8]

1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан - дүниесін дамыту.

Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй , - деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы ән-күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Ал, В.А.Сухомлинскийдің: Музыкалық тәрбие - бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу - деп тегін айтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал-мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде біздің заманымызға дейін жеткен халық шығармалары күні бүгін де сазды- эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы болып саналады.
Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл- ойымен қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Балабақшалардағы саз жетекшілері, сазды- эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгімемлекеттік стандартқа сай, Балбөбек бағдарламасына сүйене отырып, жоспарлап қызықты да, көңілді етіп өткізуге тырысады.
Заман ағымына байланысты түрлі жаңалықтарды тәжірибемізге енгізе отырып, ән-күй сабағымен қатар, тақырыптық сауык кештерін, ертеңгілік сәттерді жиі ұйымдастыру арқылы, ондай бағдарламалардың бала көңілінен шығып отыратынын байқадық. Әр сабақтың үлгі жоспарымен таныстыру, қайталау, бекіту, жаңа ән, би үйретумен жүзеге асады.
Балаларға арналған саз - қуанышты сезімдер әлемі.
Баланың музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту, әннің сөзін анық, дұрыс айту, әні мен сөзі арасындағы бірлестігін, ән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білу, әнге деген сүйіспеншілігін, әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру, дамыту - саз жетекшісінің шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.
Саздық қозғалыс сабағында білімді, тәжірибелі педагог, балаларды еркін қозғалысқа, биге үйретеді. Сол арқылы балалардың шығармашылық көріністерін қалыптастырады.
Саздық тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттерін баланың жас ерекшелігін, шама-шарқын ескеріп, жеңіл саздық репертуарлардан бастап, біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асырылады.
Ән айтабілу- бұл үлкен мәдениет. Біз балаларғаәнайтудыңөзіндік сырын,техникасын,тыныс алу кезеңдерін, дауысты жоғары көтеру сәттерін, сезімдік ерекшеліктерінтүрлі сазды-танымдық, сазды-дидактикалықойындарарқылыжүзе геасыруға тырысамыз.
Саз жетекшілері ән- күй сабағындағы ауысып отыратын іс-әрекетті тиімді қолдана отырып жұмыс жүргізеді.
Ән-күй сабақтарында, саз жетекшілер түрлі сазгерлердің өмірімен және шығармаларымен үнемі таныстырып отырады. Белгілі адамдарға арналғанәдеби-музыкалық кештер, мерекелерге арналған ертеңгіліктер, түрлі ойын-сауықтар, өткізіледі. Мысалы: Абай мен Пушкин, Күйсүйемін!, Әнші балапан, Айтыс, Қыз маржаны, жігіт сұлтаны т.б. Саз сабақтарындаөткізілетін барлық іс-әрекеттердің нәтижесі - мерекелік ертеңгіліктерден көрініс алады.
Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар мен тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадында керемет естеліктер қалдыратыны мәлім. Барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене қатысып, мейірімділікке, кейіпкерлердің әрекетін дербес бағалау шеберлігіне үйренеді. Сондықтан мерекелік шараларды балабақша қабырғасында неғұрлым әсерлі, тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп өткізудің мәні зор.
Саз жетекшісі жұмысының тағы бір негізгі шарты - балалардың жылдан-жылға саздық деңгейінің дамуы және сазға деген көзқарасының қалыптасуын анықтау. Сазға икемділік диагностикасы-саз жетекшісініңең маңызды және жемісті жұмыстарының бір бөлігі. Жеке диагностикалық сабақтар әр баланың саздық даму деңгейін, ал сазға икемділік диагностикасы - жекебаланыңжәне бүкіл топтың саздық шығармашылығын анықтайды. Баланыңдиагностикалық негізін саз жетекшісі оның жас мөлшерінебайланысты сараптайды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы саз жетекшісінің негізгі мақсатының бірі - бұл баланың сазға деген қызығушылығын ояту. Бұл, қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Қызығуды ояту іс-әрекетке жағымды эмоциялық талпыныс тудыру, сазды тану, саздық ойлау, сазды есте сақтау қабілеттерін дамыту. Саздыққабілет шығармашылық кезінде қалыптасып дамиды. Мектепке дейінгі ұйымдағы саздық шығармашылықтың әр түрі саз жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.
Кәсіпқой талантты саз жетекшісінің ең қиын сабақтарының өзі жеңіл әрі қызықты өтуі тиіс. Дәстүрлі жұмыстармен қатар, сабақтарды және түрлі іс-әрекеттерді дәстүрден тыс етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен: саз сабағының өзін түрлі басқа сабақтармен, іс-әрекеттерін байланыстыра отырып өткізу және балалардың бойында саздық кейіпкерлендіру шығармашылығын арттыру көптеген жұмыстануды талап етеді.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаға сай еңбектенуде, қазақтың халық өнерін және жаңа заман бағытындағы өнер негіздерін ұстана отырып, шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру қажет.
Балабақшадағы саз жетекшісі қандай болса, балалардың жалпы шығармашылық даму қарқыны, деңгейі де соған сәйкес болады. [9. 15]
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы стратегиясында көрсетілгендей, жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірінен саналады. Ендеше, экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жүргізу - бүгінгі күннің өмірлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология тәрбие мен білім беру әдісі
Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру
60 -90 жылдардағы қазақ әдебиетінің жандануына үлес қосқан ақындарымыздың хронологиялық мәліметі
Техникалық еңбек сабақтарын жүргізу әдістемесі
Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет
Ральф Дарендорф конфликтологиясы
Сапониндер. Сапониндер туралы жалпы түснік. Құрамында сапониндер бар өсімдктер
Оқыту мен тәрбие үрдісінде ойын элементтерін қолдану әдістемесі
Пәндер