Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау
1.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

2.1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің
іс. әрекеті
2.2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы озат ұстаздардың іс.тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Қазіргі заман ағымына, өмір талабына сай егеменді еліміздің болашағы, тірегі – бьүгінгі ұрпақ.Қай елдің болмасын ерекшелігін, сол мемлекеттің ғылым-білімінің, мәдениетінің дамуы – халықтың өзгешілігін таныту үшін маңызды.
Мектепте болашақ ұрпақ қандай білім алып, тәрбиеленсе, еліміздің болашағы сондай болмақ.
Бұл тұрғыда мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыра отырып шығармашылықтарын дамыту.
Қазіргі мектептерде азамат етіп тәрбиелеуді, сонымен қатар білімді, дарынды балаларды дайындау, ана тілін жетік білетін балаларды дайындау мақсатымен жаңа технологиялар мен әдістерді кеңінен қолдануда. Бүгінгі мектеп мұғалімдері әр сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болып отыр.
Елдегі экономикалық хал- ахуал күрделілігіне қарамастан балаларға білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы, орта білім алуға, түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалған батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының басты шарты. Осыған орай, Қазақстанның қоғамдық- саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізуде.
Қазақстандық демократиялық қоғамның құрылуы және республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, Отандық білім дамуының стратегиялық жоспарды әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етеді.
Бүгінгі таңда әр пәннің оқытылуы баланың жан- жақты дамытуды көздеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мәселелерді жан- жақты шешу қажеттілігі ескерілуде.
Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу сонымен бірге оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға әрекет етеді.
Мектеп оқушысының бойында жасырып жатқан қасиеттерінің бірі, өмір сүруге тікелей әсер етуші қасиеттерінің бірі – шығармашылық қабілеті. Мектеп мұғалімінің басты міндеті осы шығармашылық қабілетті анықтап қана қоймай, оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту.
Осыған орай, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеті тақырыптың көкейтестілігі бола алады.
Зерттеу нысанасы: мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту үрдісі.
Зерттеу пәні: мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту.
Зерттеу мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- мектепте шығармашылық қабілетті дамытудың ғылыми педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерден қарастырып зерттеу;
- озат тәжірибелі ұстаздардың іс- тәжірибелерімен танысу;
- мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тапсырмаларды қолданудағы әдіс- тәсілдерін зерттеп, анықтау;
Зерттеу болжамы: Егер мектепте оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтап, оқу –тәрбие үрдісінде шығармашылық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілсе, шығармашылық әрекетке қызығушылығы қалыптасып, белсенділігі артып, шешімді құра білуге талпынады.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми- педагогикалық әдебиеттер мен оқулықтарға талдау жасау;
- озат ұстаздардың іс- тәжірибелеріне талдау;
- сауалнама ұйымдастыру;
- педагогикалық бақылау жасау;
- эксперимент жұмысының қорытындысын негізге ала отырып. Тақырыптың тиімді жақтарын көрсету;
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Алтынсарин Ы. Тағлымы.- Алматы.: 1991
2. Ананьев Б.Г. Формирование одаренности.Склонности и способности-Ленинград.:1972.-268 б
3. Бабанский Ю. Педагогика. - Москва: 1978,-317б
4. Вготский Л.С.Воображение и творчество в детском возрасте.- Москва.:1991. -90 б
5. Голуб В.А. Основы общей дидактики.- Москва: 1999,-95б
6. Давыдов В.В.//Возрастная и педагогическая психология.-Москва.:1989.-365 б
7. Дубровина И.В.//Возрастная и педагогическая психология.-Москва.:1998.-312 б
8. Ильина Т. Педагогика.- Алматы.: 1977.-484б
9. Кабанова Мелер. Психология развития знаний и навыков у школьника.- Москва.:1982.-365 б
10. Краткий психологический словарь.- - Москва: 1974
11. Қазақ пдагогикалық энциклопедиялық сөздігі.-Алматы.:
1995.-250 б
12. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. .- Алматы.: 2001.-384б
13. Мухина И.С.// Возрастная психология- Москва.:1998.-454 б
14. Петровский В.Д. Общая психология. - Москва: 1977,-477б
15. Психологический словарь.- 1983
16. Савин Н. В. // Педагогика-Алматы.: 1983.-309б
17. Савин Н. В. Педагогика// Мектеп.- Алматы.: 1975,-294б
18. Смирнова Б.А Педагогические теории, системы, техналогии. //Педагогика.-Москва: 1988.-509б
19. Щадринов В.Д, Психология деятельности и способности человека.-Москва.:1996.-318 б
20. Фридман Л.М. Психологический спровочник учителя.-
Москва.:1991. -560 б
21. Харламов И.Т Педагогика.- Алматы.:1996.-414 б

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыда
сипаттау
1.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

2.1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің
іс- әрекеті
2.2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы озат ұстаздардың іс-
тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазіргі заман ағымына, өмір талабына сай егеменді еліміздің
болашағы, тірегі – бьүгінгі ұрпақ.Қай елдің болмасын ерекшелігін, сол
мемлекеттің ғылым-білімінің, мәдениетінің дамуы – халықтың өзгешілігін
таныту үшін маңызды.
Мектепте болашақ ұрпақ қандай білім алып, тәрбиеленсе, еліміздің
болашағы сондай болмақ.
Бұл тұрғыда мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының
алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту, оқуға
деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыра отырып шығармашылықтарын дамыту.
Қазіргі мектептерде азамат етіп тәрбиелеуді, сонымен қатар
білімді, дарынды балаларды дайындау, ана тілін жетік білетін балаларды
дайындау мақсатымен жаңа технологиялар мен әдістерді кеңінен қолдануда.
Бүгінгі мектеп мұғалімдері әр сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту болып отыр.
Елдегі экономикалық хал- ахуал күрделілігіне қарамастан
балаларға білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы, орта білім
алуға, түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалған батыл қадамдар
болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының басты шарты.
Осыған орай, Қазақстанның қоғамдық- саяси өміріндегі болған өзгерістер
оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізуде.
Қазақстандық демократиялық қоғамның құрылуы және
республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, Отандық білім дамуының
стратегиялық жоспарды әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің
жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа
үлгісіне көшуді талап етеді.
Бүгінгі таңда әр пәннің оқытылуы баланың жан- жақты дамытуды
көздеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестігі мен
белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мәселелерді жан- жақты шешу
қажеттілігі ескерілуде.
Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше
құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да білім – үздіксіз білім берудің
алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Мектеп балаға белгілі бір білім
беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада
дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау
жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу
мәдениетіне үйретеді.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу сонымен бірге оның бойындағы әр
түрлі қасиеттерді дамытуға әрекет етеді.
Мектеп оқушысының бойында жасырып жатқан қасиеттерінің бірі, өмір
сүруге тікелей әсер етуші қасиеттерінің бірі – шығармашылық қабілеті.
Мектеп мұғалімінің басты міндеті осы шығармашылық қабілетті анықтап қана
қоймай, оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту.
Осыған орай, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеті
тақырыптың көкейтестілігі бола алады.
Зерттеу нысанасы: мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамыту үрдісі.
Зерттеу пәні: мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамыту.
Зерттеу мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың
жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- мектепте шығармашылық қабілетті дамытудың ғылыми педагогикалық,
психологиялық, философиялық әдебиеттерден қарастырып зерттеу;
- озат тәжірибелі ұстаздардың іс- тәжірибелерімен танысу;
- мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тапсырмаларды қолданудағы әдіс-
тәсілдерін зерттеп, анықтау;
Зерттеу болжамы: Егер мектепте оқушының шығармашылық қабілетін
дамытудың тиімді жолдарын анықтап, оқу –тәрбие үрдісінде шығармашылық
жұмыстар жүйелі түрде жүргізілсе, шығармашылық әрекетке қызығушылығы
қалыптасып, белсенділігі артып, шешімді құра білуге талпынады.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми- педагогикалық әдебиеттер мен оқулықтарға талдау жасау;
- озат ұстаздардың іс- тәжірибелеріне талдау;
- сауалнама ұйымдастыру;
- педагогикалық бақылау жасау;
- эксперимент жұмысының қорытындысын негізге ала отырып. Тақырыптың
тиімді жақтарын көрсету;
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін педагогикалық тұрғыдан сипаттау

Шығармашылық әрекет дегеніміз – адамның қандай бір жасаған жаңалығы,
яғни қандай да бір зат немесе танымал сананың немесе сезімнің құрылымы
деп жазады В.С. Выготский.
Ал, осындай шығармашылық оқушы бойында қай түрде кездеседі? Немесе
оқушының шығармашылық қабілетін қалай тудыруға болады?
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктері оларда
әр түрлі шығармашылық қабілет болатынына көзімізді жеткізді. Соның
ішіндегібіздің қарастыратынымыз мектеп жасындағы баланың шығармашылығы
қандай деңгейде.
Барлық шығармашылықтың ішінде әдеби, сөз шығармашылығы мектеп
жасындағы оқушының сипаттамасы. Ерте жастан, балалар сурет салудың әр түрлі
стадиясынан өтетіні белгілі. Сурет салу мектеп жасына дейінгі балалардың
шығармашылығы болып табылады. Осы жаста балалар үлкен көңіл- күйімен сурет
салады және олар сурет салуды өз еркімен жүзеге асырады.
Көптеген бақылаулар мен зерттеулер көрсетіп отырғандай, барлық бала
сурет салады және олардың өтетін сурет салу стадиялары әр баланың жасына
сай және жалпыға ортақ келеді. Осы кезеңде сурет салу – кез –келген
баланың сүйікті ісі. Мектеп жасы басталғаннан бастап баланың сурет салуға
деген әуестігі әлсірейді. Көптеген балаларда, өз еркімен сурет салуға деген
ынтасы мүлдем жоғалады. Ал, сурет салуға деген ниет кейбір талантты,
дарынды балаларда, яғни бірен- саран балаларда сақталып қалады. Мұның
себебі неде?
Басқаша даму фазасына өткен баланың өзі де өзгереді, сонымен бірге
оның шығармашылығының сипаты да өзгереді.
Сурет салу әрбір бала үшін өтілген этап, енді оның орнын сөздік
немесе әдеби шығармашылық билеп әкетеді.Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын
жүргізген кейбір авторлар, мектеп жасындағы баланың әдеби шығармашылығын
осы сөзді толық мағынада қолдана отырып дамытуға болады.
Сөз шығармашылығы – дейді профессор И.С. Соловьев – сөз балалардың
жетілуінің бастамасы мағынасында. Өйткені жеке бас ойы, өзінің өзіндік
өмірлік тәжірибе, әр түрлі ортадағы адамдар арасындағы қарым- қатынастарды
ана тілімізде білу, сөзде өзіндік бір өзгеріс енгізу үшін сөздік
шығармашылық қажет. Оқушылар оны толығымен қамти алмаса да, шартты түрде
меңгеруі қажет.[12;37]
Б.Б. Блонский, яғни қиын тапсырма беру , оны қинап қағазда сөйлеуге
үйрету, сонда біз ауызша тілден қарағанда жазбаша тілдің жас екенін
көреміз: сөйлемде ұйқаспайтын сөздер легі пайда болады. Балаға қиын
тапсырма берсең, біліп тұрған бала қиналады. Мәселен, жеті жастағы балаға
оның жасына сай суретті көрсетіп, ауызша әңгімелеп бер десеңіз, ол ешқандай
мүдірмей сөйлей жөнеледі. Ал егер одан да күрделі суретті көрсетіп
әңгімелеуді сұрасаңыз үш жастағы бала сияқты мүдіріп қалады, яғни
суреттегі заттарды немесе оқиғаны қисынсыз әңгімелейді [7;38]
Міне, дәл осы жағдай бала ауызша сөзден жазбаша сөзге ауысқанда
болады. Жазбаша тіл қиындығы оның өз заңдылықтары болуында және осы
заңдылықтарға баланың қолы жете бермейді.
Сонымен қатар, оқушылардың жазбаша тілге көшуінің ауыр тиюі оның терң
ішкі себептеріне де байланысты. Ауызша тіл бала үшін үнемі түсінікті: ол
адамдармен тірі қарым- қатынас жасағанда өздігінен туындайды да, ол баланың
жауап қайтаруы табиғи нәрсе болып табылады. Ал жазбаша тілге ауысқанда көп
шарттар мен заңдар бар да, бала тіпті не үшін жазып отырғанын түсінбей
қалады. Оның жазуға деген ішкі қажеттілігі жоғалып кетеді.
Әсіресе, бұл жағдайлар оқушыларға мектепте тақырыптар бергенде
кездеседі. Ескі мектептерде оқушылардың әдеби шығармашылығы былайша
бағытпен жүргізілген: мұғалім оқушыларға шығарма жазуға тақырып береді, ал
балалардың алдында бұл шығарманы ересектердің әдеби тіліне немесе оқыған
кітабының мазмұнына жуықтап жазу міндеті тұрды. Бұл тақырыптар балаларға
бөтен түрінде қала берді, балалардың қиялы мен сезімі қозғалмады. Балаларға
шығарманы қалай жазу керектігі жайлы мысалдар көрсетілмеді. Балаларға
жақын, таныс тақырыптағы шығармалар жоқтың қасы еді. Осындай педагогтар
балалар әдеби шығармашылығын дұрыс бағыттай алмағандықтан оқушы тілінің
әдемілігін ғана бұзып қана қоймай , олардың ойы мен сезімін жазбаша тілде
көрсетулерге кедергі болды.
Тілді оқытудағы мұғалімнің басты шеберлігі - деп жазды Л.Н.
Толстой және осы мақсаттағы басты жаттығу тапсырма беру ғана емес, оның әр
түрлі әдіс- тәсілдерін үйрету. Көптеген дарынды және саналы оқушылар былаы
деп жазады: өрт жанды, таси бастады, мен далаға шықтым - мұнан түк
көріп отырғанымыз жоқ. Мұнда олар ең бастысын түсінбеді: неге жазу және
жазуда не жақсылық бар. Өмірді көрсете білу, әдемілікті көрсете білу өнерін
түсінбеді.[11.93]
Сондықтан оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда алынған оқушының
тақырыпты іштегі түсінуі, толқуы және ішкі әлемін бағыттауының маңызы зор.
Оқушылардың шығарманы нашар жазуының басты себебі, оқушы не жазарын
білмейді. Баланы үйрету қажет, - деп жазады Б.Б. Блонский. Оқушы өзінің
жақсы білетінін, өзінің терең ойланып жүрген мәселесін жазғаны абзал.
Баланың аз ойланған тақырыбын беріп шығарма жаздыру, бала үшін зиян. Бұл
дегеніміз – мазмұнсыз жазушыны тәрбиелеумен бірдей. Әрбір балада жазушыны
тәрбиелеу үшін, оның қоршаған ортаға деген қызығушылығын дамыту қажет. Бала
өзінің қызығуынан туған нәрсе жайлы жақсы, терең жаза алады. Сонымен, бала
өзінің терең ойланған тақырыбында жазуы өте тиімді. Баланың өзі
қызықпайтын, өзі білмейтін, өзі түсінбейтін тақырыпта жазуына тыйым салу
қажет. Ал, осыны көптеген мұғалімдер ескере білмейді де, оқушыдағы
кішкентай жазушыны құртады.[;40]
Сонымен, педагог Б.Б. Блонский балаларға жақын, таныс әдеби
шығармаларды жаздыруға кеңес береді. Егер мектеп басты бағыт беретін
мектеп болғысы келсе, дәл осындай шығармаларға жағдай жасау қажет. Оқушының
жазғаны мәнді болу үшін, оның алдына қойған мақсаты болғаны абзал.[19;40]
Ал, орыстың танымал жазушысы Л.Н.Толстой өзінің жеке тәжірибесінен
кейін мынандай ұсыныс айтады: оның пікірінше, оқушылардың әдеби
шығармашылығы үшін стимул мен материал қажет. Оған гармониялық жағынан
және басқа тұрғыдан толығу үшін материалдар қажет Мен оған бағыт- бағдар
бермей, толық еркіндік беріп едім, ол теңдесі жоқ ол теңдесі жоқ әдеби
шығарма жазды. Сондықтан, менің пікірімше оларды жазуға, үйретуге, шығарма
жазуға үйрету қажет емес. Біздің қолымыздан келетіні - шығармашылықты
қолға алуға үйрету.
Осы үшін, осы мақсатқа жету үшін келесі әдіс- тәсілдерді қолдандым.
1) әр түрлі және кең мағыналы тақырыптарды ұсындым;
2) оқушыларға шығарманың үлгілерін көрсету;
3) ең маңыздысы оқушы шығармаларын қараған кезде, еш уақытта
оқушыларға жазған сөйлемдері мен логикасына ескертпе жасау қажет;
4) шығармашылық қиындығы оның көлемі мен мазмұнында емес, оның тілінде
емес, істің механизмінде.[6;24]

Бұл көзқарасты немесе пікірді қазіргі таңда алып қарасақ,
Л.Н.Толстойдың қателігі болып қалады. Мұны кезінде Л.С. Выготский детайтқан
болатын.
Біздің пікірімізше , оқушыға дайын материал мен механизм беріп, оның
шығармашылық қабілетін дамыттық деген әрине теріс. Өйткені, бұл
жаттанды нәрсе сияқты. Ал, біздің мақсатымыз оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту. Тағы да тоқталып өтемін, жай ғана үйрету емес, дамыту,
оқушылардың шығармашылық қабілеттің дамуы абзал.
Эмоционалды өзгерістер, ең алдымен оқушылардың сурет салу
шығармашылығынан тіл шығармашылығына ауысады.Тіл, үлкен жеңілдікпен
оқушылардың ойын суреттен қарағанда жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен
қатар, тілдесу олардың ішкі дүниесіндегі күрделі қарым- қатынасты сыртқа
шығаруға мүмкіндік береді. Сыртқы әрекетке қарағанда, сөз немесе тіл
қимылды тез жеткізеді. Міне, сондықтан оқушылардың сурет салуы белгілі бір
стадиялардан өткеннен кейін, оқушылардың қоршаған ортаға қарым- қатынасына
байланысты тіл шығармашылығына алмасады.
Баланың санасының дамуы, - дейді И.В. Вахтеров – оның саны мен
сапалық елесімен сипатталып қана қоймай, сонымен қоса олардың өзара
байланысуымен сипатталады. Төменгі сынып оқушыларының бүгінгісі мен
ертеңгісі көп болады да, орта буынға жеткенде өткен шағы көп болады. Бала
қанша жас болса, оның алдынан күтетіні көп болады. Бала жасы өскен сайын,
ол өткен өміріне қайта орала береді.
Сондықтан да балалардың жазбаша тілге ауысуы өте ауыр тиеді. Оқушының
жазбаша тілі, - деп жазады профессор М.С. Соловьев, - өте сұрғылт, сызба
түрінде ғана түседі. [12;153]
Оқушы шығармашылығына көңіл бөлсек, мынандай сұрақ тууы мүмкін. Оқушы
шығармашылығын дамыту қажеттігі неде? Бәрібір олар болашақта жазушы
болмайды? Оқушы шығармашылығының мәні мен мағынасы Оқушы шығармашылық
қиялының дамуында айналыш беруге мүмкіндік береді, оның фантазиясына бағыт-
бағдар береді. Оның мәні, оқушының эмоционалды өмірін тазартады және
кеңейтеді, олардың адамдық ойды жеткізе білуіне адамның сезімдерін, ішкі
әлемін жеткізуге жол ашады.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі

Оқушылардың шығармашылық қабілетінің психологиялық сипатын анықтап алу
үшін, ең алдымен қабілет ұғымына тоқталып өтсек.
Қабілет дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру үшін , қазіргі
психологиялық әдебиеттерді анықтамаларға тоқталсақ.
Қабілет – индивидуальды – жеке – бастық ерекшеліктер, бір адамды
екінші адамнан айырып тұратын психологиялық ерекшелік. Қабілеттілікке кез-
келген индивидуальды ерекшеліктерді жатқыза бермейміз, ол тек қана қандай
да бір іс- әрекеттегі жетістікке жеткен ерекшеліктерді айтамыз.[8;108]
Қабілеттілік - – индивидуальды психологиялық ерекшеліктер, қандай да
белгілі әрекеттегі нәтижелі жағдайды атайды. Қабілеттілік индевидтің
білімдері, дағдылары мен меңгеруіне қатысты емес. Ол әрекеттің әдіс-
тәсілдерін тез меңгере білуге қатысты анықталады. [9;353]
Көптеген қабілетті зерттеген авторлар , үш негізгі маңызды
проблемаларды ерекше атап көрсетеді: қабілеттің шығуы мен табиғаты,
қабілеттің мен типтері, қабілеттің қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары.
Адамның жасаған іс-әрекеті қанша кеңейіп, қанша жан- жақты дамыса,
сонша қабілет пайда болып дамиды.
Қабілет түсінігі қандайда бір нақты тарихи іс-әрекетке байланысты
анықталмайды.
Қабілет ті адамның жоғары жетістігі, оның жүйкелік- психикалық
қасиеті мен іс- әрекеттердің талаптарына байланысты екен.
Адамның қабілеті қайдан алынады? Олар туа пайда бола ма, әлде тұқым
қуалай ма? Немесе қоршаған әлеуметтік ортаға қатысты пайда бола ма?
Әрине, қазіргі психология мен педагогика адамның қабілетінің тұқым
қуалады деген теорияны жоққа шығарды.
Сонымен қатар, қазіргі психологтардың кейбіреулері тұқым қуалаушылық
қасиеттердің болуын да атайды. Туа біткен анатом- физиологиялық
ерекшеліктерді қасиеттер деп атайды.
Қасиеттер дегеніміз – қабілеттің табиғи сілтемелері және олар
қалыптасу мен даму процесіне әсер етеді. Қалыпты жағдайда қасиеттер
адамның қабілетінің қалыптасуына әрекет етеді, олардың дамуын жеңілдетеді.
Танымал психолог А.В.Петровский қасиетті дәнмен теңестіреді, сондықтан
оған даму қажет. Мұны А.В.Петровский бойынша түсіндірсек, топыраққа
тасталған дәннен масақ өсіп шығару үшін мынандай жағдайлар қажет:
ылғалдылық, қалыпты температура және тағы басқалар. Сол сияқты адамның
қасиеті бар, соны дамыту үшін жағдай жасалуы керек. Өмірде, тамаша
қасиеттері бар адамдардың өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, жетістіктерге
жете алмай қалғандардың мысалы жетерлік.
Әрбір қабілеттің түпкі қасиеті болады деу әрине теріс пікір. Қасиеттер
әр түрлі, соның негізінде әр түрлі қабілеттер жасалады.
Енді, оқушылар жайлы сөз болып отырғандықтан, оқушылар қабілетін
қарастырсақ.
Кейбір оқушылардың ойлауы тез, кейбіреуінің – техникалық бейнелеуі
жоғары, үшіншісі – поэтикалық шығармаларды терең ұғынады және тағы сол
сияқтылар.
Кез- келген әрекеттің жетістігі қабілеттің үйлесімділігіне байланысты.
И.П.Павлов адамның жоғары нерв әрекетіне байланысты үш типті атайды:
көркемдік тип, ойлау типі, орташа тип.[15;10]
Оқушылардың көркемдік типі қабылдау мен есте сақтаудың ашықтылығымен,
қиялдау мен эмоциясының байлығымен сипатталады. Осындай типті қабілеті бар
оқушылар сурет салу мен ән айтуды жеңіл үйренеді, нақты фактілерді терең
меңгереді, оқиғаны, киімді, қандай да хикаяларды тез елестетіп, жаңа
формалар мен образдарды жылдам қилдап жасап шығара алады. Бірақ, оларға
абстрактілік материалдар мен теорияның түсініктерді меңгеру қиынға соғады.
Ойлау қабілеті бар типтегі оқушылар логикалық құрастыруға,
теориялауға, абстрактлеуге жақын келеді. Бірақ, олар оқиғаны төмен
деңгейде бейнелейді.
Аталған типтерге кеңінен тоқталсақ, көркемдік қабілеті бар бала –
бірден суретші болады, ал ойлау қабілеті бар бала бірден математик немесе
физик болады деу теріс пікір.
Көптеген адамдар саны осы екі типтің ортасында тұрады.
Сонымен, адамның жеке қабілеттері олардың іс- әрекеттерінің
жетістігінің кепілі бола алмайды. Мәселен, тамаша музыкалық ыңғайы бар
оқушы қарадан- қара музыкант болып кетпейді. Ал, қиялы жоғары оқушы әдеби
шығармашылығы жоғары адамға айналып кетпейді. Кез- келген шығармашылық
әрекетте нәтижеге жету үшін, жеке меншікті қабілеттердің өзара үйлесіп
барып, бір бүтін болып кетуі абзал. Сонымен, жалпы және жеке қабілет
түрлері бар.
Жалпы қабілеттер – бұл бірнеше әрекет түрін бірдей жасай білу
қабілеті. Бұған – сана, жақсы есте сақтай білу, жақсы дамыған тіл және тағы
сол сияқтылар.
Арнайы қабілеттер тек бір ғана әрекетке арналады: музыкалық, бейнелеу
және тағы сол сияқтылар.
Оқушылардың қабілетін дамыту үшін меңгеру қажет, содан соң білімді
шығармашылық тұрғыда қолдану, дағдыны қалыптастыру. Оқушылар өздерінің
қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға мүмкіндіктері бар. Мектептегі оқыту
мен тәрбиенің арқасында оқушыларға белгілі бір қоғамдық тәжірибе
беріледі.. Оқу бағдарламасының күрделенген түрлерін меңгере отырып,
оқушылардың қабілеттері дамиды. Білім жүйесін меңгере отырып, оқушылар сана
операцияларын меңгереді және өзінің сана қабілеттерін дамытады. Сурет салу
әдістерін меңгере отырып, көркем шығармаларды анализдеу тәсілін меңгере
отырып, өзінің көркемдік қабілетін қалыптастырады. Қажетті білімнің,
дағдынығ болмауы оқушы қабілетінің дамуын тежейді. Сонымен қатар, оқушы
алған білім дәрежесі мен қабілет тең болады деу дұрыс емес.
Міне, сондықтан мұғалім бір оқушының айтқан жауабына қанағаттанады,
екінші біреуіне көңілі толмайды.. Өзінің бұл әрекетін мұғалім қабілеті бар
бала , бұдан да артық жауап беруге мүмкіндігі бар деп түсіндіреді.
Қандай оқушы қабілетті? Әрине, оқуда үнемі алдыда жүретін оқушы
қабілетті. Ол тек қана алған білімін меңгеріп қана қоймай, құрдастарынан
асып түседі.
Сонымен қатар, кез- келген әрекеттегі қабілеттің жетістігі жеке тұлға
қасиеттеріне байланысты. Жеке бас мінез- құлқымен , эмоционалдық ерік
сферасымен қатар жүрмеген қабілет ешқашан да жоғары жетістіктер бермейді.
Қабілеттің қалыптасуы мен дамуы үшін белсенді – іс- әрекет керек.
Сонымен, адамның қабілеті, оның жеке басынан бөлек емес және олар басқа да
психикалық қабаттармен органикалық бірлікте болады.
Қабілет, ең алдымен белсенді жағымды қарым- қатынасқа, яғни оқушының
бір әрекетті жайсаймын деген ниетіне байланысты. Оқушы психологиясы,
ересектердің көңілінен шыққан әрекетке қарай ересектер бағалайтын әрекетке
қарай ниеті ауып тұрады. Осындай әрекетпен айналысқан оқушы
ересектералдында және өзінің алдында жақсы болып көрінеді. Бір әрекетке
деген қызығушылық пен ниет, соған деген қабілеттің дамуымен қатар жүреді.
Қабілетті көрсету үлкен еңбекпен жүзеге асады. Бұған көптеген ақын
–жазушылардың еңбектері, суретшілердің, ғалымдардың жұмыстары дәлелОсындай
адамдар табандылықтың, еңбекқорлықтың, шешімділік пен батырлықтың арқасында
қабілеттерін арқа ұстап белгілі жетістіктерге жетті. Адамның бұл қасиеттері
туа біткен емес, оны адам туғаннан бастап, тәрбиелеу барысында меңгереді.
Оқушы қабілетінің дамуына оқушының жас ерекшелігін білу мен есепке
алудың маңызы зор. Бізге балалардың ғажайып қимылдық белсенділіктері ,
олардың жаңаны танып- білсем деген қызығушылығы таныс.
Мектеп жасы - бала өміріндегі атаулы кезеңнің бірі. Баланың мектепке
түскен күнінен бастап атаулы өзгерістер болады.ү Оның Мен деген сөзі Мен
істеуге міндеттімін деген сөзге ауысады. Ол өзінің қоғамдағы орнына
келеді, айналадағылардың ондағы орнын аныфқтай бастайды. Бұл оның
рефлекстік қабілетінің жетілгенін көрсетеді.
Сонымен, оқушы қабілетін дамытуда оның өзінің белсенділігі маңызды
және қажетті жағдай болып табылады. Әрине, бұл жағдай ересектердің бағыт-
бағдар беруі арқылы жүзеге асады. Бұл белсенділік оқушының кез –келген
әрекетінде: ойында, оқуда, еңбекте көрінеді. Оқушы қабілеті оның өз қолдау
табылған іс- әрекетінде қалыптасады және дамиды. Кез- келген әрекет қанша
жан- жақты, қанша мазмұнды болса, сонша оқушы қабілетінің дамуына мүмкіндік
болады. Жай ғана теледидар қараудан, жай ғана кітапқа қараудан бала
қабілеті дамымайды.
Оқушы қабілетінің дамуына оңды әрекет етуі үшін , бірнеше
жағдайларды қанағаттандырады.
Біріншіден, кез- келген ересектер тарапынан қолдау тауып, үнемі
қолданылып, оқушы бойындағы күшті және мықты жағымды эмоцияларды шақырады
да, оқушы өз еркімен сол әрекетпен айналысады.
Екіншіден, кез- келген әрекет шығармашылық сипатта болғаны абзал.
Белсенді өзіндік жұмыс проблемалық ситуациялар туғанда, сол жұмысты
шешубарысында жүретіні белгілі.Осындай мүмкіндікті оқушыға ересектер – ата-
аналар мен мұғалімдер туғызуы керек.
Үшіншіден, оқушы әрекетін белгілі бір алдына мақсат қою арқылы, оған
оқушының мүмкіндігі мен шамасы жететіндей деңгейде болуын ересектер
ұйымдастыруы қажет.
Тамаша психолог Л.С. Выготский пайымдауынша ,оқыту мен тәрбиелеу үнемі
дамудың алдында озып отыруы қажет, содан соң дамуды артынан тартады.
Л.С. Выготский пікірінше , даму оқытудың нәтижесі, функциясы болып
келеді.[6;8]
Күнделікті өмір оқушының оқудағы үлгерімділігі оның қабілетін
бейнелейді деп көрсетеді. Ғылыми пайымдаулар бойынша оқушылар өздерінің оқу
белсенділігімен бір – бірінен ерекшеленеді. Осы ерекшеліктер оқушы
үлгерімдігінің басты себептері. Бұған қабілеттің әсері болмайды.
Оқушылардың өзіндік ігі – оның жетістіктерінің кепілдігі, белсенділік жоқ
болса – басты психикалық функциялардың дамуы баяулайды. (ойлау, есте ерікті
сақтау)
Шетел психологтары Розенталь мен Якобсон сынып оқушыларының мінез-
құлқында өз міндеттерін өз еркімен орындауға, жауапкершілік сезімі жоғары
және мұғалімнің айтқан тапсырмасын уақытында орындауға тырысып бағу қасиеті
бар. Зерттеушілердің пікірінше , біріншіден, оқушылар қызығушылығының
өзгермелі болуына қатысты, ал екіншіден, оқыту әрекетіндегі жаңалық
элементтерінің болмауынан, яғни оқушының интелектуальдық сұранысы
қанағаттанбайды. Осындай пікірмен танымал психолог, профессор Б.Г.
Ананьевте келіседі.
Сонымен, тек қана оқыту барысында, саналық қабілеттер қалыптасып, ал
арнайы әрекеттерде (музыка, сурет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Технология пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми негіздері
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұны
Пәндер