Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын басқару және реттеу



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Жұмыспен қамту үрдісін мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Еңбек нарығының индикаторларына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ...33

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту саясатын жетілдіру ... ... ... ... ... ..41
3.2 Жұмыспен қамтудағы кәсіпкерлікті дамыту шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ..49



ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Еңбек - ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Еңбек нарығы әр кезде де маңызды болып келген, себебі қоғам өз дамуы кезінде жұмысшы күшін қолданған. Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады.
Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына назар аударады, яғни әл-ауқатынын, деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі танда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік негізіндегі жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұң-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету.
Қазақстан экономикасының қарыштап дамуы қоғамдағы еңбек нарығының да қозғаушы күшіне айналғандығын заңды құбылыс ретінде қабылдауымыз керек. Өйткені экономикалық өсім өз кезегінде өндірістің өркендеуіне жол ашып отырады. Ал, ел көлеміндегі өндіріс орындарының толық қуатында іске қосылуы халықты еңбекпен қамтудағы негізгі сипатқа ие болмақ.
Біз өз еліміздің тұрғындарының әлеуметтік сипатында ала-құлалық бар екендігін мойындауымыз керек. Және бұл жердегі ала-құлалық ұғымы әлеуметтік теңсіздік тұрғысынан емес, Қазақстандағы өндіріс ошақтарының орналасуы мен еңбек нарығындағы сұраныстың өтелуінен шығып отыр. Яғни, қала мен ауыл тұрғындарының табысы, облыстардағы өндірістік ерекшеліктерге орай төленетін еңбекақы жайы тұрғындарды белгілі бір топтарға жіктеп қарастыруға әкеледі. Кедейшіліктің негізгі себептері жұмыссыздық пен халықтың төмен табыстары болып табылады. Қазіргі кезде еңбек нарығындағы жағдай шиеленісті қалпында және жұмыспен қамтылу мен табыстардың жалпы ұлғаюына қарамастан, әзірше кедейшілік ауқымдарын азайтуға септігін тигізбей тұр.
Мемлекетіміз қоғамның дамуына, оның баюына мүмкіншілік беру үшін кіші және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Еңбекші халықтың көп бөлігі - өзіне жұмыс істейтін жеке жұмысшылар. Мұндай жұмыс ұдайы пайда әкелмейді. Бірақ тұрмыс тіршілігіне байланысты әр түрлі іспен шұғылдануына тура келеді. Қазақстан нарығындағы жұмыс күшіне деген бәсекелестік (конкуренция) шетелден келетін жұмысшылар тарапынан да болуда. Экономиканың қарқынды даму жолдарында гастарбайтерлер (шетелден келген жұмысшылар) саны глобализациялау деген ұғымның нәтижесінде күрт көбейіп кетті. Жұмыс орындарының және түрлерінің көбейгеніне қарамастан жұмыс орнына деген сұраныс көбеюде. Экономикалық белсенді халықтың 7%-ға жуығы (0,5 млн адамнан астам) әлі күнге дейін жұмыссыздар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Самуэльсон П. Экономика Т.1.М.: НПО «Алгон», 1992.
2. К. Маркс Капитал. М., 1960.
3. Котляр А. Э. О понятии рынка труда // Вопросы экономики. 1998. № 1
4. Рофе А.И., Збышко Б.Г., Ишин В.В. Рынок труда, занятость населения, экономика ресурсов для труда: Учеб. пособие / Под ред. проф. А.И. Рофе. М., 1997.
5. «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы. Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 5 сәуiр № 361-I. "Егемен Қазақстан" 1999 жылғы 8 сәуiр № 67
6. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңы (2011.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
7. Шеденов У.К. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 2002.
8. Еңбек кодекс. Астана 22 мамыр 2007 года № 76/25321
9. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi (ҚРАК)
10. Саханова А. Государственное регулирование экономики. А., 2003
11. Мамыров Н. И др.Государство и бизнес в 4-х томах. А. 2004
12. Бибатырова И.Б.Государственное регулирование экономики. А. 2004.
13. Нұрымбетов Б. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтылуы. Экономика, 15 наурыз 2012ж.
14. Статистический ежегодник Казахстана: Статистический сборник /– Астана: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2013.
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «31» наурыз № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы.
16. Статистический ежегодник «Казахстан в 2012 году» Астана, 2013
17. Қазақстан Республикасындағы еңбекақы 2008-2012, статистикалық жинақ, Астана 2013
18. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының жүзеге асуы туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебі, Астана, 2013
19. Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
20. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
21. ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
22. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 14.12.2012
23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «19» маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарлама
24. www.stat.kz
25. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасы, Астана, 2012

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 Еңбек нарығын басқарудың теориялық негіздері          
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...7
1.2 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы
... ... ... ... ... ... .13
1.3 Жұмыспен қамту үрдісін мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 17

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Еңбек нарығының индикаторларына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...23
2.2 Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ...33

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ еңбек нарығын басқаруды жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту саясатын
жетілдіру ... ... ... ... ... ..41

3.2 Жұмыспен қамтудағы кәсіпкерлікті дамыту
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ...49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 61

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Еңбек - ең өткір мәселелердің бірі
болып табылады. Еңбек нарығы әр кезде де маңызды болып келген, себебі қоғам
өз дамуы кезінде жұмысшы күшін қолданған. Еңбек өнімділігі кұрылымының екі
жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе
тұтынуға қабілеттілік. Еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — тұтыну
күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға
қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады.
Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына назар аударады, яғни әл-
ауқатынын, деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық
жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған
байланысты қазіргі танда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік
негізіндегі жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі
оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің
негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұң-
мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету.
Қазақстан экономикасының қарыштап дамуы қоғамдағы еңбек нарығының да
қозғаушы күшіне айналғандығын заңды құбылыс ретінде қабылдауымыз керек.
Өйткені экономикалық өсім өз кезегінде өндірістің өркендеуіне жол ашып
отырады. Ал, ел көлеміндегі өндіріс орындарының толық қуатында іске қосылуы
халықты еңбекпен қамтудағы негізгі сипатқа ие болмақ.
Біз өз еліміздің тұрғындарының әлеуметтік сипатында ала-құлалық бар
екендігін мойындауымыз керек. Және бұл жердегі ала-құлалық ұғымы әлеуметтік
теңсіздік тұрғысынан емес, Қазақстандағы өндіріс ошақтарының орналасуы мен
еңбек нарығындағы сұраныстың өтелуінен шығып отыр. Яғни, қала мен ауыл
тұрғындарының табысы, облыстардағы өндірістік ерекшеліктерге орай төленетін
еңбекақы жайы тұрғындарды белгілі бір топтарға жіктеп қарастыруға әкеледі.
Кедейшіліктің негізгі себептері жұмыссыздық пен халықтың төмен табыстары
болып табылады. Қазіргі кезде еңбек нарығындағы жағдай шиеленісті қалпында
және жұмыспен қамтылу мен табыстардың жалпы ұлғаюына қарамастан, әзірше
кедейшілік ауқымдарын азайтуға септігін тигізбей тұр.
Мемлекетіміз қоғамның дамуына, оның баюына мүмкіншілік беру үшін кіші
және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Еңбекші халықтың көп бөлігі -
өзіне жұмыс істейтін жеке жұмысшылар. Мұндай жұмыс ұдайы пайда әкелмейді.
Бірақ тұрмыс тіршілігіне байланысты әр түрлі іспен шұғылдануына тура
келеді. Қазақстан нарығындағы жұмыс күшіне деген бәсекелестік (конкуренция)
шетелден келетін жұмысшылар тарапынан да болуда. Экономиканың қарқынды даму
жолдарында гастарбайтерлер (шетелден келген жұмысшылар) саны
глобализациялау деген ұғымның нәтижесінде күрт көбейіп кетті. Жұмыс
орындарының және түрлерінің көбейгеніне қарамастан жұмыс орнына деген
сұраныс көбеюде. Экономикалық белсенді халықтың 7%-ға жуығы (0,5 млн
адамнан астам) әлі күнге дейін жұмыссыздар.
Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс. Ол бұған дейін де болған,
алдағы уақытта да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік-экономикалық
проблемалар да туындап қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде
болсын жастар арасында жұмыссыздар санының көбейе түсер ықтималдығы да мол.
Себебі, оның мынандай факторлары бар екендігі екінің бәріне белгілі жайт.
Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механикаладырылуы, еңбекті
интенсивтедіру деңгейінің артуы, әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты
өнеркәсіптің т.б. мекемелердің дағдарысқа ұшырауы, тіпті соның кесірінен
жабылып қалуы, сондай-ақ мамандандырылудың біржақты жүргізілуі (қаржыгер,
мұнайшы) – осындай себептерден жұмыссыздық асқына түсері мәлім.
Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы,
олардың тепе-теңдік бағасы мен саны сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер
етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық
агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек
нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі
және төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып
табылады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы,
яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске
асатындығымыз жақсы білеміз. Себебі, нарықтың басқа түрлеріне қарағанда
еңбек нарығының басты ерекшелігі – оның негізін құрушы тірі адамдар
екендігі.

Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы жұмыссыздық - еңбек
ресурстарын жұмыспен қамту, нақты бүгінгі күннің талабына сай, еңбек
нарығын қалыптастыру – өзінің  шешімін күтіп тұрған мәселердін ең бір
бастысы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – еңбек нарығын басқарудың теориялық
негіздерін ашу, ҚР-да жұмыспен қамту жағдайын талдау және еңбек нарығын
басқаруды жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.
Диплом жұмысының мақсатына жету міндеттері
• Еңбек нарығы және оның қалыптасуы туралы, сонымен қатар жұмыспен
қамту үрдісін мемлекет тарапынан реттеудің теориялық негіздерін
қарастыру
• Еңбек нарығының индикаторларына және жұмыспен қамтылу деңгейіне талдау
жасау
• Елдегі жұмыспен қамту саясатты жетілдіру және кәсіпкерлікті дамыту
жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмысының құрылымы кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірніші бөлімде еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметтері,
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және Жұмыспен қамту
үрдісін мемлекеттік реттеу теориясы қарастырылған.
Екінші бөлімде еңбек нарығының индикаторларына және халықты жұмыспен
қамтудың қазіргі жағдайына талдау жасалған.
Үшінші бөлімде Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту саясатын жетілдіру
және жұмыспен қамтудағы кәсіпкерлікті дамыту шаралары ұсынылған.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыс 62 беттен тұрады және 10 кесте мен 1
суретпен безендірілген.

1 Еңбек нарығын басқарудың теориялық негіздері
 
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметтері
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы,
яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске
асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне
сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін
реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға
болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Американ экономисі П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс
күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:
- халықтың жалпы санымен;
- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;
- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай,
жыл);
- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына
сәйкес[1].
Еңбек нарығына тән қасиеттер:
- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс
күшіне сұраныс);
- әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының мол болуы (жұмыс күшінің
ұсынысы);
- еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір жұмысшының
үстемдік ете алмауы;
- жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағаланады.
Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін келесі шарттарды орындау
керек:
- қызметкерлер мен жұмыс берушілер экономикалық еркіндігі және
қызметтегі тұрақтылығының сақталуы;
- жұмыс берушінің жұмыс күшінің саны, сапасы жөнінде хабардар болуы,
шешім қабылдау еркіндігі мен жұмыс күшін жұмысқа алу және жұмыстан босату
құқығы;
- жалақының өсуіне кедергінің болмауы, себебі ол сатып алушы мен
сатушы арасындағы басты реттеуші болып табылады;
- жұмыс күшінің еркін қозғалысы, оның қоғамдық қажеттіліктерінің
өзгеруіне сәйкес біліктілігінің өзгеруі және миграциялық қатынасы.
Адамзат қоғамын зерттеуде, адамның бір мезгілде экономикалық игіліктер
өндіруші әрі тұтынушы болып табылатындығы туралы аса маңызды қағидаларды
негізге алады. Адам техника мен технологияларды жасап қана қоймай, оны
пайдалану әдістерін анықтайды. Өндірістің жаңа құралдары өз кезегінде
еңбекті жаңартады.
Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке
қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек - жұмыс
күшінің қызметі, ал тұтыну - тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке
қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі
туады. Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар
пайдаланылады: экономикалық адам, адам ресурстары, адам капиталы,
кәсіпкер, жұмыс күші, өндірістің жеке факторы, еңбек ресурстары
т.с.с.
Экономикалық адам - бұл таңдау бостандығы бар, жеке мүдделері мен
мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын, нарықтық экономиканың
басты шығармашылық субъектісі, еңбек ресурсы.
Еңбек нарығы қызметінің тетігін (механизмін) талдауда, төрт
тұжырымдамадан тұратын көзқарас өмір сүреді:
1. Еңбек нарығының классикалық моделі, мұнда толық жұмыспен қамтамасыз
етілуі нарықтың экономикалық нормасы болып табылады, ал экономикаға
мемлекеттің араласпауы ең жақсы экономикалық саясат болып табылады. Бұл
моделдің негізгі теориялық ережелері:
• ұсыныс меншікті ішкі сұранысты туғызатын болғандықтан, жалпы артық
өндіру мүмкін емес;
• жұмыстың көп кезінде өндірілген өнімді сатып алуға жұмсайтын
каржылардың жеткіліксіз деңгейін жоққа шығарады;
• егер жалпы қаржы деңгейі жеткіліксіз болса, онда баға және жалақы
сияқты реттеу тетіктері іске қосылады, бұл өндірістің нақты өнім көлемінің
қысқаруына, жұмыссыздыққа және нақты табыстың төленуіне жол бермейді;
• еңбек нарығындағы бәсеке ішкі жұмыссыздықты жоққа шығарады, өйткені
нарықпен белгіленген жалақы ставкасымен жұмыс істегісі келетін адамға жұмыс
табу оңай болады;
• мемлекеттің экономикаға көмегі артық, тіптен зиян деп те айтуға
болады.
2. Еңбек нарығының неоклассикалық моделі, еңбек нарығында, басқа да
нарықтар сияқты баға тепе-теңдігі негізінде әрекет етеді және еңбек
нарығының негізгі реттеушісі, жұмыс күшінің бағасы деп ұйғарады. Себебі:
• еңбек немесе еңбекақы бағасымен жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы
реттеледі, олардың тепе-теңдігі сақталады;
• жұмыс күшінің бағасы нарық қажетіне икемделу арқылы осы еңбек
қызметінің нарықтық сұранысын көрсетеді. Еңбек қызметінің нарықтық ұсынымы
баға арқылы барлық жұмыскерлер санын көрсетеді.
Кез келген баға арқылы еңбек қызметінің сұраныс көлеміне (санына) әсер
ететін негізгі факторлар:
• еңбек қызметінің баға деңгейі;
• еңбек қызметінің көмегімен өндірілген өнімге сұраныс;
• еңбекке ұсынылатын комплиментарлық ресурстардың бағасы мен көлемі;
• еңбектің шекті өніміне әсер ететін техникалық өзгерістер;
Әрбір мүмкін деген баға арқылы еңбек қызметінің ұсыныс көлеміне
(санына) әсер етуші негізгі факторлар:
• жұмыскерлердің өз еңбегін сатуға дайындығы және саны;
• туу, өлу және миграция деңгейі;
• еңбек ету қабілеттілігі;
• жалдамалы еңбектің баламалы құны;
• жалақыдан басқа да табыс көздерінің болуы. Еңбек нарығында өзіндік
(спецификалык) тауар - жұмыс күші функциясы - еңбек сатылады және сатып
алынады. Адамдардың дарыны мен қабілеті қаншалықты саналуан болса, бұл
функция да соншалықты сан-алуан. Сонда да еңбекті сандық және сапалық
сипаттамасы бойынша келесі түрлерге бөлуге болады: білікті және біліксіз,
қарапайым және күрделі; ер, әйел және балалар еңбегі. Төлем деңгейіне қарай
олар жынысы, жасы, ұлты және аумақтық белгісімен қатаң сараланған. Бір
деңгейлі жұмыскерлер - Германияда - немістер мен түріктер, мұнайшылар -
Қазақстанда - немістер, ағылшындар, қытайлар және қазақтар. Олардың
әрқайсысы әртүрлі еңбекақы алады. Бұл мысалдар еңбек нарығы функциясы
тетігінің қолдануымен түсіндіріледі.
• мемлекеттің ең төменгі жалақы деңгейін белгілеуі, кәсіподақтар
айқындамасының күшті болуы, босаған орындар туралы ақпараттардың жоқтығы
нарықтағы теңсіздікті күшейтеді,
• еңбек нарығын теңдестіру үшін орталық банктің есептік мөлшері,
орталық банк шоттарында коммерциялық банктердің міндетті қор (резервтер)
мөлшерінің болуы сияқты тетіктерді пайдалану тиімді.
Сонымен, еңбек нарығының икемділігі нарықтық бағалар тетігі арқылы
іске асырылған, жетілдірілген бәсекемен сипатталады, мұнда не жекелеген
жұмыс берушілер, немесе жекелеген жұмыскерлер нарықтық ахуалға тұтасымен
ықпал ете алмайды, жалақының тең ставкалары нарыққа қатысушылардың жалпы
өзара келісімдерімен анықталады.
Еңбек нарығында қазіргі кезеңде жұмыс күшінің жаппай қозғалуы болуда,
оның сапалық және сандық құрамы үнемі өзгеріп тұрады. Бұл мәселелер жұмыс
күшіне сұраныстың өзгеруін туғызады, яғни өндірістің ұлғаюы, оның дамуы,
құрылымдық өзгерістер жоғары білікті маман жұмыскерлерді талап етеді.
Еңбек нарығы - бұл динамикалық, өзгермелі нарық. Бұл ірі сегменттер
мен ұсақ секторлардың, жұмыскерлердің белгілі санаттарының
(категорияларының) және жекелеген экономикалық агенттердің сұранысы,
ұсынысы, еңбек бағасы мен байланысты. Онда адам ресурстарының ірі, орташа,
ұсақ бөлімдерінің үздіксіз айналысы жүреді, жұмыскерлердің елеулі бөлігі
тұрақты түрде халықтың экономикалық белсенді құрамына кіреді, одан шығады,
жұмысқа тұрады, қайтадан жұмыстан шығады т.с.с.
Сонымен, еңбек нарығында белгілі ағын қалыптасады: жұмыс күші
құрамынан шыққандар; жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа байланысты ұлғаяды
немесе азаяды;
• еңбек нарығында тепе-теңдік болса, жұмыссыздықтың болуы мүмкін емес;
• жұмыссыздықтың себебі, жұмысшылардың аз жалақыға еңбек етуден бас
тартуы;
• кәсіподақтар ықпалы, мемлекеттің жалақының төмен ставкасын
белгілеуі, акпараттың болмауы нарықтың негізгі жетілдірілмегендігі
ретінде қарастырылады.
3. Еңбек нарығының кейнстік моделі - тұрақты және мықты тепе-
теңсіздік жағдайындағы еңбек нарығы. Оның негізгі ережелері:
• экономикада толық жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік беретін
ешқандай тепе-теңдік тетігінің болмауы;
• толық жұмыспен қамту кездейсоқ, ол заңды емес;
• еңбек нарығына пайыздық ставканың өзгеруі және жалақы мен бағаның
арақатынасындағы икемділік көмегімен әсер ету мүмкіндігі жоққа шығарылады;
• жұмыс күшінің бағасы еңбек нарығының реттеушісі болып саналмайды;
• еңбек нарығын реттеу рөлі мемлекетке беріледі, ол жиынтық сұранысты
азайтып, не ұлғайтып, еңбек нарығындағы теңсіздікті жоя алады т.б.
4. Еңбек нарығының монетаристік моделі экономиканы тұрақтандыру және
жұмыспен қамтамасыз етудің ақша-несие әдістерін жоғары қояды, сондықтан:
• нарық шаруашылығының ішкі жүйесі тұрақтылық пен өздігінен қалпына
келтіруге ұмтылады;
• нарықтық шаруашылықтағы барлық үйлеспеушіліктер мен
орындамаушылықтар сыртқы араласудың нәтижесі;
• мемлекеттің араласуы, нарыктық шаруашылық фрикциондык және
құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
Жұмыссыздық ретінде әдетте, статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз
болған, бірақ жұмысты белсене іздеп жүрген және жұмысқа тұруға дереу дайын
адамдарды есептейді. Жұмысы бар, сондай-ақ толық емес жұмыс күн уақытымен
жұмыс істейтіндер жұмыссыздарға жатпайды.
Жұмыспен камтылғандар мен жұмыссыздардың жиыны жұмыс күшін құрайды.
Жұмыс күшінен шыққандар жұмысы жоқ бірақ еңбекке қабілетті адамдар, жұмысты
белсене іздеуші оқушылар, зейнеткерлер, тұрғылықты мекені жоқтар, үй
шаруашылығындағы әйелдер, сонымен бірге институционалды мекемелерде
(жүйкеден ауыратындар ауруханасы, түрме т.б) ұзақ уақыт болған адамдар.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздар саны мен жұмыс күші санының
арақатынасы немесе ай сайын жұмысынан айырылғандар үлесі мен ай сайын жұмыс
тапқандар үлесінің арақатынасы ретінде анықталады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (НАІКІІ) елдің өткен 10 жылы мен келесі
10 жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейінің орта шамасымен анықталады.
Жұмыссыздықтың болатын табиғи (тұрақты) деңгейінің негізгі себептері
мыналар:
1. Жұмыссыздықты сақтандыру жүйесі жағдайында жұмыс іздеу уақытының
көбеюі, жұмыссыздар санының өсуіне және оның деңгейінің артуына ықпалын
тигізеді.
2. Жалақының тұрақтылығы жұмыссыздық-ты күтуді туғызады. Жалақының
"қатаңдығы" жұмыс орындарының салыстырмалы жетіспеушілігіне әкеледі, еңбек
ұсынысы сұраныстан асып кетеді.
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің ұлғаю
үрдісі мыналармен сипатталады: жұмысқа кірушілер; жұмыс іздеуден бас
тартушылар; жұмысынан айырылғандар; жұмыстарын аяқтағандар; жұмыс алғандар
т.с.с. Бұл өзгермелі ағындар қоғамдағы жұмыс күшінің нарықтық динамикасын
сипаттайды.
ХІХ ғасырда ғалама неміс экономисі, философжәне әлеуметтанушы К.
Маркс Капитал еңбегінде нағыз тауар еңбек емес, жұмыс күші – еңбекке
қабілеттілік болып табылатынын көрсетті. Осыдан кейбір экономистер еңбек
нарығы деп атаса, К. Маркс ілімінің ізбасарлары жұмыс күшінің нарығы деп
атады[2]. Кеңестік экономикалық әдебиеттерде соңғы терминді көпшілік
қабылдаған болатын.
Отандық экономикалық әдебиетте радикалды экономикалық реформалар
кезінде, аталған нарықты қалай дұрыс айтуға болады деген сұрақ бойынша
пікірталас қайта басталды. Еңбек нарығы немесе еңбек күшінің нарығы.
Онда қандай тауар сатылады? Сонымен бірге экономикалық әдебиеттерде (шетел
және отандық) еңбек ресурстарының нарығы және еңбек қызметінің нарығы
терминдері пайда болды. Көп жағдайда аталған барлық терминдер синоним
ретінде қолданылды. Сонымен бірге олардың әрқайсысы әр түрлі экономикалық
мағына беретінін аңғару қиын емес еді. Олардың негізінде жатқан еңбек
күші, еңбек, еңбектік қызмет, еңбек ресурстары тең емес. Сонымен,
жұмыс күші – бұл еңбекке деген қабілеттілік; еңбек – адамның қажеттілігін
қанағаттандыратын, табиғат затын өнімге айналдыруға бағытталған мақсатты
қызмет. Еңбектік қызмет – бұл термин еңбек терминіне жақын, алайда
қызметтің бұл түрі қажеттілікті жүзеге асыру барысында қолданылатынын
көрсетеді, яғни игілікті заттай түрде емес, қызмет түрінде - мысалы: оқу,
ем алу, көлік, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. түрінде көрінеді. Еңбек
ресурстары – бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани
қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына
байланысты ерлер 16-63, жас аралығында, әйелдер – 16-58 жас аралығында
еңбекке қабілетті, І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы, адамдарды
айтамыз. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер
(16 жасқа дейінгі) де кіреді.
Егер сату-сатып алу нысаны болып табылатын тауарды анығырақ бөліп
алсақ, аталған проблеманы дұрыс шешуге болады. Қазір отандық экономикалық
әдебиетте екі көзқарас басым. Біріншісі тауар шығаруға әлеуетті еңбекке
қабілеттіліктер – жұмыскер күші болып табылады десе, екіншісі тауар деп
еңбекті санайды. Бірақ оның жақтастары, еңбекті мақсатты қызмет үдерісінде
тауар ретінде қарастыру қиын екенін түсіне отырып, тауар ретінде әлеуетті
еңбекті санайды.
Қазіргі адам өзінің көптеген қабілеттеріне ие бола отырып, еңбек
үдерісінде олардың барлығын қолдана бермейді. Еңбек нарығы, біріншіден,
еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден адам қабілеттерінің бір бөлігін
қолданумен, үшіншіден жұмыс күшін қолдану уақытымен, төртіншіден жаңа пайда
болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды
көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек ресурстарының нарығы,
еңбек қызметтерінің нарығы, жұмыскер күшінің нарығы терминдерін синоним
ретінде пайдалануға болатын, өзара тең ұғымдар ретінде пайдалануға болады.
Сонымен бірге еңбек нарығы термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде кең
етек алғанын атап өту керек.
Сонымен, еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін пайдалану мен жалға алу
шарттары бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік-еңбектік
қатынастардың жиынтығы. Аталған жиынтықтың негізін білдіретін, орталық
қатынас ретінде жұмыс күшінің өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы
қатынас орнатылады. Бұл қатынастың іске асуы жұмыс күші ретіндегі тауары
мен өмірлік қаражаттарға сұраныс – ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады.
Нарыктық қатынастар жүйесінде еңбек ресурстары маңызды орынға ие. Бұл
нарықта мемлекеттік ұйым және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер мен еңбекке
қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері арқылы
тұрғындардың жұмысбастылық деңгейі және еңбекақысы анықталады. Тұрғындардың
жұмысбастылығы, оның ұлғайымы өндірістің қажетті жағдайын қалыптастырады.
Тұрғындардың өмір сүру деңгейі мамандарды іріктеу, дайындау және қайта
дайындау, оларды жұмысқа орналастыру мен материалды көмекке кететін қоғам
шығындарының барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен тығыз байланысты.
Сондықтан тұрғындардың жұмысбастылығы жұмыссыздық және оларды әлеуметтік
қорғау, еңбек нарығын талдау кезінде негізгі мәселе болып табылады.
Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық
прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі
көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы жұмыс орны мен кәсіпті таңдауға, өмір
салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге
жол ашады. Еңбек нарығы асқан жауапкершілікті, жинақылықты қажет етеді.
Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен
әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті
еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша
жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және
қорғау.
Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен
белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды көзі[3].
Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз өте маңызды өндірістік ресурс болып
табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік
функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халінің әдеттегідей
дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің
тиісті дәрежелі ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының
экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және
пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру функцияларын атқарады,
олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның
өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік
тудырады.
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын
элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға
психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық
қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне,
мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және
еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа
барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы - еңбек адамның тіршілік
әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру
формасы. Еңбектің бағасы - ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол
тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның
отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады.

1.2 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы
Экономикада тұрақты түрде үнемі экономикалық өсім бола бермейді. Кейде
экономикалық тұрақсыздық, яғни жұмыссыздық, инфляция, өндіріс деңгейінің
төмендеуі, бағаның өсуі орын алады. Еңбек нарығында жұмыссыздық айқын
білінеді.
Жұмыссыздық - қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік
қайшылық. Егер жұмыс күшінің ұсынысы сұраныстан көп болса, онда жұмыссыздық
көбейеді деген ұғым бар. Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып
табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір шамасы
болады. Егер жұмыссыздар сол шамадан асып кетсе, онда нарықтық экономикаға
зардабын тигізеді, ал кажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді
дамуына қолайлы жағдай жасайды[4].
Нарық экономикасы сөзсіз жұмыссыздыққа алып келеді. Себебі нарық
экономикасына жұмысқа қабілеті бар қызметкерлер ғана қажет.
Халықты жұмыспен қамту өте өткір проблеманың бірі болып отыр. Оның түп
негізі елімізде жаңа жұмыс орындарын кұрудың экономикалық және құқықтық
тетіктері әлі толыққанды жазылып, жасалмағанында жатыр. Өйткені жұмыспен
қамту туралы заң өкіметті қанағаттандырмайды. Сондықтан жаңа заң кабылдау
күн тәртібінде тұруға тиісті.
Қазақстанда еңбек нарығы енді қалыптасып келеді, сондай-ақ онда
көптеген құрамдасы жоқ. Ол өзіне жұмыс күші қозғалысын бақылау қызметін
жүктейді. Халықтың жұмыспен қамтуды өсірудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру
қажет.
Дамыған елдерде соңғы 20-25 ж. ішінде жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай
өсіп отыр (8-12%), бұл өз кезегінде біліктілігі жоқ жұмысшылардың жұмысқа
орналасу мүмкіндігін төмендетеді және біліктілігі жоқ мамандар арасындағы
төлемақының көлемі төмендейді.
Көптеген дамушы және дамыған елдердегі тәжірибе кейнсиандық теорияның
нәтижесін мойындатады, яғни теория бойынша капитализм тұсында толық
жұмыспен қамтуға кепілдік беретін тетігі жоқ екенін дәлелдейді. Бірақ жұмыс
орынның аса көп болуына ұмтылу кез-келген елдің жұмысбастылықты реттеудің
негізгі саясаты болып табылады. Мысалға: Швеция үкіметі жұмыссыздық
мәселесін шешу үшін басым секторларды несиелендіру туралы белсенді
өнеркәсіптік саясатын жүргізеді. Ал, Корей Республикасы, Гонконг және
Тайвань тәжірибелері үздіксіз өсу нәтижесінде жұмысбастылықты (2-6%)
артыруға, жылына жұмыссыздықты (2,5%-ға дейін) төмендету, еңбек өнімділігін
артыру мен еңбекақыны өсіруге болатындығын көрсетеді. Мұндай өсу шағын
шаруашылық өнеркәсібіне негізделіп, ол экспортқа бағытталады.
Бұрынғы өндірісті реттеу жүйесінен бас тарту жұмысбастылықтың
құрылымын қайта құруына жол береді. Егер жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдың
басына дейін республикадағы жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі ірі
өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдарға шоғырланса, одан кейін
мемлекеттік меншіктің азаюына және жеке кәсіпорынлардың пайда болуына
байланысты еңбек нарығындағы жағдай күрт өзгерді.
Қазақстандағы еңбек нарығының басты мәселесінің бірі және әлеуметтік
мәнге ие болатын мәселе жасырын жұмыссыздық немесе толық емес
жұмысбастылық. Ол өндірістегі еңбек өнімділігінің төмендігіне, әр түрлі
экономикалық және қаржылық жағдайлармен байланысты болып отыр. Еске
түсіретін болсақ 1998 жылы Қазақстандағы жасырын жұмыссыздық деңгейі 3,2%
болды. Ресми емес жұмысбастылық әлеуметтік амортизатор рөлін атқарып,
халықтың өмір сүру деңгейін төмен көрсетуге себеп болып отыр. Сонымен қатар
ол әлеуметтік және құқықтық қорғау шеңберін кеңейтіп, қылмысты
құбылыстардың орын алуына жағдай жасап отыр. Осыған байланысты қарсылық
және құқықтық саясат көптеген кәсіпорындардың екі жақты бухгалтерия
жүргізуіне институттық орта құрумен жағдай күрделене түсу нәтижесінде жалпы
еңбек қатынастарының жүйесі еңбек туралы заңға бағынбайтындай және өзіндік
жеке мөлшерлермен реттеліп, ол көп жағдайда қылымысты жағдайлармен
сипатталады. Бұл жұмыстың жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр және еңбек
нарығын қылмысты топтардың басқаруына жол ашып отыр. Бұл жағдай көптеген
өндірістердің уақытша тоқтап, ондағы жұмыскерлердің мәжбүрлі түрде
демалысқа шығуымен және еңбекпен қамтамасыз етілмегендіктен елден мәжбүрлі
миграциясын тудырып отыр. Осылайша, жұмыс күшін біртіндеп босату, артық
жұмыс орындарын сақтау, оның екінші реті, бейресми түрлерін азайту
Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу үлгісін сипаттайды. Ол экономика
және қоғамның реакциясы ретінде және өтпелі кезеңде әлеуметтік және
экономикалық тиімділік арасындағы байланысты тұрақтандыруға, экономиканың
қайта құрылуы мен адам әлеуетін сақтаудың қажеттілігін қамтамасыз ететін
институттардың жоқтығымен сипатталады.
Егер жұмысты жоғалту өндірістің циклдық төмендеуінің нәтижесінде орын
алған болса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тиімді деп саналар еді.
Бірақ жеткілікті жұмыс орынның болмауы жүйелі трансформациямен байланысты
болса, оған жаңа тиімді шаралар қолдану керек болады.
Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз - азаматтардың ҚР конституциясына,
заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс
әкелетін қызметі - деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап
көрсетілген[5].
Жұмысбастылық саясатының сұрактарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың
әлеуметтік және экономиакалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.
Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді
немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс
істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай
жұмысбастылыққа алып келеді[6].
Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынадай түрлері бар: жалпы білім
беретін және арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй
шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып - күту,
қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.
Еңбек нарығы бойынша қызметтердің ерекшеліктерінің екінші тобы тауар
болатын жұмыс күшінің ерекшеліктеріне байланысты. Олардың арасынан
келесілерді атап айтуға болады:
- тауар түріндегі жұмыс күшінің иесінен ажыраспауы. Еңбек нарығында
сатып алушы белгілі бір уақыт арасында жұмыс күшін пайдалануға құқық алады.
Алайда сатып алушы жұмыскердің құқығын бұзбауы тиіс. Оларды бұзғаны үшін
жұмыс беруші заң бойынша жауап беруі мүмкін. Онымен бірге, жұмыскердің
кәсіпорынға деген ниеті түзу болуға тиісті, оның жоғалуынан кәсіпорын
экономикалық зардап шегуі мүмкін. Жұмыскер ереже бойынша жұмыс атқара
отырып, қайтарымы әртүрлі жұмыс істеуі мүмкін.
-кәсіподақ, жұмыс берушілер бірлестігі, тармақтанған заңнама
жүйелері, әлеуметтік–экономикалық бағдарламалар сияқты әртүрлі институттық
құрылымдардың көптігімен байланысты, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы
қатынастарды белгілеу тәртібінің қажеттілігі;
-ұжымдық келісім шарттан жеке келісім-шартқа өту жүйесіне байланысты,
жұмыс күшінің әртүрлі кәсіпкерлік–мамандық деңгейінің айырмашылығымен,
еңбекті ұйымдастырудың, әртүрлі технологияларды ендіруге байланысты жеке
адамның мәмілесін көрсететін денгейдің өте жоғары болуы;
-мәміленің ақшалық емес жағын көрсететін аспектілердің атқаратын
рөлінің маңыздылығы (еңбек жағдайы, жұмыс орнын сақтау кепілдігі, кәсіптік
өсу болашағы).
Жалпы түрде жұмыс бастылық еңбекке қабілетті қоғам мүшелерінің жеке
өздері немесе қоғамның басқа мүшелерімен бірлесе отырып, қоғамдық пайдалы
еңбектің қандай да бір түрін жүзеге асыруын білдіреді, осылайша олар өз
қажеттіліктерін қанағатандыру үшін және белгілі бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қорды қамтамасыз етеді.
Толық жұмыс бастылық түсінігі бір ғана мәнге ие емес. Батыс
ғылымында және тәжірибеде толық жұмыс бастылық ретінде оңтайлы жұмыс
бастылық түсініледі, онда қалаған адамның бәрінде жұмыс бар. Қазіргі
уақытта жұмыссыздықты мойындауда құрылған толыққанды еселі жұмыс бастылық
туралы жиі айтылуда. Толыққанды еселі жұмыс бастылық атауының өзінде оны
қамтамасыз етудің және бағалаудың басты критерийлері қаланған: ресурстарды
тиімді қолдану негізінде және жұмыссыздықтың табиғи қалыпты деңгейінде
өндірістің толық көлеміне қол жеткізу.
Тиімді жұмыс бастылық, көптеген ғалымдардың ойынша экономика
гүлденуінің куәсі және халық әл-ауқаты жоғарылауының алғышарты болып
табылады, сол себепті жұмыс бастылықтың экономикалық тиімділігін
(өнімділігін) жоғарылату жұмыс бастылық саясатының ғана емес, тұтастай
экономикалық саясаттың басым бағыты болуы керек. Осылайша, тиімді жұмыс
бастылық және еселі жұмыс бастылық терминдері синоним болып табылады.
Кез-келген елдегі жұмысбастылық деңгейі қоғамның экономикалық-
әлеуметтік және саяси құрылымына, еңбек өнімділігіне, елдің материалдық
байлығына, халық санына, өндіріс күштері даму дәрежесіне тәуелді болады.
Дамыған елдер жоғары жұмысбастылықты көрсетеді, ал дамып келе жатқан елдер
жұмысбастылықтың төменгі дәрежесімен сипатталады (жұмыс бастылар деңгейі
бұл жағдайда жұмыспен қамтылғандар және халықтың жұмысқа қабілеттілер саны
арасындағы арақатынаспен сипатталады).
Жұмысбастылық деңгейін анықтау үшін келесі көрсеткіштер есептеледі.
Экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) - өндіріс және қызмет көрсету үшін
жұмыс күші ұсынысын қамтамасыз етуші, экономикалық белсенді халықты есептеу
үшін тағайындалған жастағы халықтың бір бөлігі. Экономикалық белсенді
халықтың саны = экономикалық іскерліктің барлық түрлерінде жұмыспен
қамтылғандар + жұмыссыздар. Экономикалық белсенділік деңгейі пайызбен
өлшенген 15 және одан жоғары жастағы жалпы халық санындағы экономикалық
белсенді халық санының үлесі. Жұмыс басты (жұмыс жасайтын) халық – бір
аптаға тең нақты кезең ішінде өз жағдайы бойынша жалдамалы немесе өздігінен
жұмыспен қамтылған жұмыскерлерге жатқызылатын сәйкес жастағы барлық
тұлғалар. Жалдамалы (еңбек ақы төленетін) жұмыскерлер – сыйақы, үстеме
немесе кез-келген натуралдық формадағы төлемдерді қарастырған, жалдану
келісімі бойынша жұмыс істейтін тұлғалар. Жеке (өздігінен) жұмыс бастылық
– сыйақы мөлшері тікелей тауар немесе қызмет өткізуден алынатын табысқа
байланысты жұмыс бастылық (мұнда жеке тұтыну табыс бөлігі ретінде
қарастырылады). Экономикалық селқос (пассивті) халық – қарастырылған уақыт
аралығында жұмыссыз немесе жұмыс басты емес болып табылатын тұлғалар.
Жұмыссыздық, басқа да көп жоспарлы құбылыстар секілді жақсы және жаман
жақтарға ие. Жұмыссыздықтың жақсы жақтарына жататындар: еңбек тәртібі мен
мотивациясын жоғарылату (адамдар жұмысын жоғалтып алудан қорқады, себебі
жұмыссыздық жағдайында оны табу қиынға соғады); еңбек армиясының резерві
есебінен құрылымдық қайта құрулар мен жаңа өндіріс ашылуы жеңілдейді;
инфляция төмендейді, өйткені, жұмыс күшінің көп болуы жағдайында
кәсіпкерлер еңбек ақыны төмендету мақсатында кәсіподақтарға қысым
көрсетуі мүмкін.
Толық жұмыспен қамтылу жағдайында өндіріс икемділігі азаяды, жалдамалы
жұмыскерлер еңбекақы көтерілуін тұрақты талап етеді (ол инфляцияға алып
келеді) және жұмыстағы тәртіп төмендейді. Сол себепті, ғасырлар бойы батыс
теориясы мен тәжірибесінде қоғамның әлеуметтік және экономикалық үйлесімге
еңбектің резервтік армиясы, яғни табиғи жұмыссыздық арқылы қол жеткізуге
болатындығы догма болып есептелді. Қазіргі уақытта көпшілік дамыған батыс
елдерінде адам капиталына инвестиция ұлттық байлықтың материалдық-заттай
элементтеріне капитал салымына қарағанда, қарқынды өсуде. Еңбек ізгіленуі
күшейеді, әлеуметтік әріптестік жетілдіріледі, және топтық қарсы тұрудың
төмендеуі анық байқалады.
Нарықтық қоғамда, еңбек тәртібін ізгі емес жоғарылатушы фактор ретінде
жұмыссыздықты қолдану дұрыстығы туралы ой қалыптасты. Жұмыссыздар ортасында
өмір деңгейі күрт төмендейді, жалпы адамгершілік құндылықтар бұзылады
(міндеттеме, отбасына қамқорлық, өзін-өзі таныту, салауатты өмір), ол
адамдардың психикалық жағдайы мен денсаулығы формасын өзгертеді. Басқаша
айтсақ, жұмыссыздық әлеуметтік сәтсіздігінің көрсеткіші болып табылады.
Қоғамның қаржы-экономикалық шығындарын естен шығармау керек: салық
түсімдерінің азаюы (жұмыссыздар салық төлемейді); жәрдемақы төлеуге,
жұмыссыздардың қайта мамандануы және жұмысқа орналасуы бюджет шығындарының
көбеюі; тауар және қызметтің белгілі көлемін толық өндірмеу. Жұмыссыздық
нәтижесіндегі қоғамның экономикалық шығындары толық өндірілмеген өнім
көлемімен анықталады. Макроэкономика саласындағы танымал зерттеуші А.Оукен
жұмыссыздық деңгейі және ЖҰӨ көлемінің артта қалуы арасындағы қатынасты
математикалық тұрғыда көрсетті[7].
Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі өзгерісін жалпы ұлттық өнімнің (Ж¥Ө)
өзгерісімен байланыстырады.
Y-Y’Y’=B*(u-u’)
мұнда:Ү - өндірістің нақты көлемі,
Ү" - ЖҰӨ әлеуетті көлемі,
и - жұмыссыздықтың нақты деңгейі
u'- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
B - ЖҰӨ циклдік жұмыссыздықтың динамикасына сезімталдық эмпиристік
коэффициенті. Оукен заңы ретінде белгілі, бұл қатынас жұмыссыздықтың нақты
деңгейі табиғи деңгейден 1% жоғары болса, ЖҰӨ көлемінің артта қалуы 2,5%
құрайтынын көрсетеді.

1.3 Жұмыспен қамту үрдісін мемлекеттік реттеу
Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы
қамтылуына жәрдемдесетiн саясат жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi. Жұмыспен
қамту саласындағы мемлекеттiк саясат[6]:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп
түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек
жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға,
жұмыс орындарын ашуға;
3) бiлiм беру жүйесiн еңбек нарығының қажеттерiне және инвестициялық
саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне
бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк
бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн
дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде
нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi
ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек
делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек
нарығын қорғауға;
8) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-
шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
9) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және
әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
10) еңбек нарығының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
11) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн
шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп
отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
12) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң
Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты
мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын
шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
13) жұмыс берушiлер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкiлдерiнiң
мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын әзiрлеу мен iске асыруға қатысуын
қамтамасыз етуге;
14) жұмыспен қамту саясатымен үйлестiрiлген, қосымша жұмыс орындарын
ашу iсiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын
жүргiзуге бағытталған.
Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында: жұмыссыздықтан
әлеуметтiк қорғауға; уәкiлеттi органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау
мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепiлдiк бередi[8]. Мемлекет халықтың
нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi шараларды
қамтамасыз етедi. Нысаналы топтарға:
• табысы аз адамдар;
• жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;
• балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың
қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
• кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп
балалы ата-аналар;
• Қазақстан Республикасының заңдарынд а белгiленген тәртiппен асырауында
тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған
адамдар бар азаматтар;
• зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке
шығуға екi жыл қалған);
• мүгедектер;
• Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
• бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан
босатылған адамдар;
• оралмандар;
• жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын
бiтiрушiлер;
• жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның
қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына
байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
• қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған
адамдар жатады.
Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет
қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша
тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей
алады. Жұмыс берушiлер мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
• жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
• қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесiн
дамыту;
• кадрларды техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары
бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары
арқылы даярлау;
• құрылымдық өзгерiстер барысында бiлiктi қызметкерлердiң кадрлық
әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
• қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
• өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
• жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды
ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа
қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес қызметкерлердi
сақтандыру арқылы қатысады[9].
Жұмыс берушi:
1) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке
тұлғаның қызметiн тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына
байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын
қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсiптерi, мамандықтары, бiлiктiлiгi және
еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны
мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату
кемiнде екi ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш
жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;
3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа
қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол
туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап
бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар
және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс
орындарының белгiленген квотасын орындауға;
5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып,
кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен
адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге мiндеттi
Жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру
және жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асыру мәселелерi бойынша
мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты
қызметтi жеке меншiк жұмыспен қамту агенттiктерi жүзеге асырады. Шетелдiк
жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн
әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердiң атына кепiлдi
жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне
оралуына кепiлдiк берiлген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн
шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi[10].
Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек
қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны
облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлеген шекте және тәртiппен бөледi.
Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк
аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн орталық атқарушы орган бөлген
квота шегiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн адамдарды
қоспағанда, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және шетелдiк
қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ аталған
рұқсаттарды тоқтата тұрады және керi қайтарып алады.
Квота белгiлеу тәртiбiн, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн
тартуға және шетелдiк қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру
шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн
тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) мен
практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң бiлiктiлiк
анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына
сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен
қызметшiлердiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келуге
тиiс[11].
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
• жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысу үшiн
Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар
бойынша iрiктеу мен бөлудi, олардың әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығын
айқындауды;
• жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушылар болып
табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға
бейiмдеу қызметтерiн және психологиялық қолдау көрсетудi;
• жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушылар болып
табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен
әлеуметтiк келiсiмшарт жасасуды;
• жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыруды
ұйымдастыруды;
• жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушыларға
мемлекеттiк қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды жүзеге асырады.
Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн
көрсетедi[12]:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2) кәсiби даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiктi арттыру;
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда iстейтiн
жұмыссыздардың еңбегiне ақы төлеу;
4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актiлерiне сәйкес
мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын ұсыну.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шаралары:
• оқытуды және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудi;
• ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi;
• еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қамтиды.
Оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша консультациялар;
2) стипендия төлей отырып, бiлiктiлiктi арттырудың, кәсiптiк
даярлаудың және қайта даярлаудың тегiн курстарына жiберу;
3) бiлiм алушыларға (оқу орнына дейiн және қайтарында жол жүруiне және
жатақханада тұруына немесе тұрғын үйдi жалдаумен (жалға алумен) байланысты
шығындарды өтеуге) субсидия беру;
4) лайықты бос жұмыс орындарын iздестiру және жұмысқа (оның iшiнде
әлеуметтiк жұмыс орындарына) орналасуға жәрдемдесу;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын жеке
тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау;
6) психологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары
Еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негізі
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қор нарықтардың экономикалық мәні және оларды нарықтық экономикалық қатынастарда мемлететтік реттеу маңыздылығы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері
Пәндер