Есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің шарты ретінде



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 СУБЪЕКТ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ МІНДЕТТІ ЭЛЕМЕНТІ
РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1 Қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Қылмыс субъектісінің негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2 ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ
РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.1 Қылмыстық құқықтағы есі дұрыстықтың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2 Есі дұрыстықтың заңи негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.3 Есі дұрыстықтың медициналық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.4 Шектелген есі дұрыстық жағдайындағы қылмыстық жауаптылық ... ... ... ...40
2.5 Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... .52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Берілген дипломдық жұмыста қылмыс құрамының маңызды элементі қылмыс субъектісінің басты белгілерінің бірі болып табылатын есі дұрыстық мәселесі теориялық тұрғыдан талданған. Сонымен қатар, жұмыстың мазмұнына есі дұрыстықтың қылмыстық қуғындауды жүзеге асырудағы пратикалық мәселелері де кірістірілген.
Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы қылмыстық құқық ғылымында қылмыс субъектісі, соның ішінде есі дұрыстық мәселесі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қылмыс субъектісі болып, қылмыстық құқық бойынша, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуға қабілетті тұлға саналады. Бұл қабілеттілік екі жағдайда бұзылады: Егер тұлға белгілі бір жасқа жетпесе (Жалпы ереже бойынша 16 жас, бірақ ҚР – ның ҚК – ң 15 – бабы 2 – тармақта белгіленген тізім бойынша, кейбір қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі тұлға 14 жасқа толғанда жазаға тартылуы мүмкін [1, 7б.].
Екінші белгі бойынша сот тұлғаны есі дұрыс емес деп таныса, яғни медициналық белгілері бойынша, қылмыстық заңда төрт түрлі ауру жатқызылған атап өтетін болсақ: Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын немесе жазылуы өте қиын, аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бұған шизофрения, желікпе, депрессиялық есалаңдық, ми мерезінің салдарынан үдемелі сал ауруына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары. Психикасының уақытша бұзылуы. Бұған жататындар: алкогольдік есалаңдық паталогиялық маскүнемдік аурулары. Бұл аурулар тез пайда болады, емделген жағдайда артынан жазылып кетуіде мүмкін. Кемақылдылық бұл адамның ақыл ой қабілетінің төмендеуінен туындайтын аурулар. Мұндай аурулар тұрақты туа біткен ауыр жүйке ауруларының (делбе, энцефалит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады. Кемақылдылықтың үш түрі бар. Дебилдік (жеңіл түрі), имбецилдік (орташа түрі), идиотия (ауыр түрі). Психиканың өзге де дертке ұшырауы. Бұл сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына жатпайтын, бірақ адам психикасына әсер ететін әр түлі аурулар жатады. Бұған әртүрлі жұқпалы аурудың әсерінен адамның сандырақ күйге түсуі.
Ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан пайда болған жарақаттар жатады. Қылмыс субъектісін сипаттағанда оның жауаптылығын анықтау және оған жаза тағайындау үшін қылмыскердің жеке басының белгілері маңызды рөл атқарады. “Қылмыс субъектісі” мен “қылмыскердің жеке басы” бір біріне жақын болғанымен, бірдей емес ұғымдар. Негізінен, “қылмыскердің жеке басы” ұғымы криминология ғылымының еншісінде, ал “қылмыс субъектісі” қылмыстық құқық ғылымында зерттеледі. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз – қылмыскерді жалпы адам ретінде сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың жеке қатынастардың жиынтығы. Оған адамның әлеуметтік байланыстары (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық, т.б.) оның өнегелік – саяси қасиеттері
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы. ЮРИСТ. – 2014. –168 б.
2 Шаргородский Н. Уголовное право. Общая часть. М., Юридический. Литература, –1994. – 632 с.
3 Михеев Р.И. Уголовная ответственность лиц с психофизиологическими особенностями и психогенетическими аномалиями. – Хабаровск, – 1989. – 540 с.
4 Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсіндірме: Жалпы және Ерекше бөлімдер. – Алматы. Жеті жарғы, –2010. – 807 б.
5 Орымбаев О.Р. Специальный субъект преступления. – А., – 1977. – 170 c. 6 Владимиров В.А., Левицкий Г.А. Субъект преступления по советскому уголовному праву. – М., – 1964. – 380 с. 7 Уголовное право Республики Казахстан / Под ред. Рогова И.И., Баймурзина Г.И. Алматы: Жеті жарғы, – 1998. – 250 с. 8 Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, –2003. – 354 б.
9 Алауханов Е.О. Қылмыстық құқық ( жалпы бөлім). Оқулық. Алматы: Қазақстан Республикасы сараптама және халықаралық ғылыми зерттеулер орталығы, – 2009. – 456 б.
10 ҚазССР Қылмыстық кодексі. – Алматы. – 1983. – 238 б.
11 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пленумының «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша» сот практикасы туралы 11 сәуір 2007, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2007 жылғы 25 желтоқсан №10//Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының қаулылар жинағы (1968-2013 жылдар). – Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», -2013. – 110-112б.б.
12 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пленумының «Қылмыстық жаза тағайындау кезінде соттардың заңдылықты сақтау туралы» 30 сәуір 1999, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2007 жылғы 25 желтоқсан №10//Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының қаулылар жинағы (1968-2013 жылдар). – Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», -2013. – 202-203б.б.
13 Павлов В. Г. Субъект преступления. – СПб.– 2001. – 318 с.
14 Судебная психиатрия / Под ред. Б.В.Шостаковича. – М., – 1997. — 384 с. 15 Уголовное право России / Под ред. Б.В. Здравомыслова. – М., – 2001. – 480 с.
16 Уголовное право России / Отв. ред. А.Н. Игнатов, Ю.А. Красиков. – М., НОРМА – ИНФРА – М, – 1999. – Т.1. - 632 с.
17 Уголовное право РФ / Под ред. Л.В. Иногамовой – Хегай. – М., – 2002. - Т.1: – 384 с.
18 Шишков С. Понятия "вменяемость" и "невменяемость" в следственной судебной и экспертной практике // Законность. – 2001. -№ 4. – С. 560-566.
19 Козаченко И.Я. Вопросы уголовной ответственности и наказания лиц, страдающих психическими расстройствами, не исключающими вменяемости // Государство и право. – 2001. – С. 480-488 .
20 Спасенников Б. Вменяемость как категория уголовного права – 2003. – 540 с.
21 Улицкий С. Квалификация общественно опасных деяний невменяемых // Законность. – 2003. – №.3 – С. 390-395.
22 Бондаренко Т. Расследование по уголовным делам в отношении лиц с
психическими недостатками // Законность.–2005.-№5.-С.-435-440.
23 Гришковец А.А. Правовое регулирование государственной службы // Журнал российского права, – 1998. - №7. – С. 280-287.
24 Уголовный Кодекс Российской Федерации. – Москва. – 2014 220 с.
25 Козаченко И.Я. Вопросы уголовной ответственности и наказания лиц, страдающих психическими расстройствами, не исключающими вменяемости // Государство и право. – 2001. - №6. – С. 56– 62.
26 Орлов В. С. Субъект преступления по советскому уголовному праву. – М.,
– 1958. – 400 с. 27 Иванов Н.Г. Уголовное право Российской Федерации. – М.,– 2000. – 544 с. 28 Курс уголовного права. / Под ред. д.ю.н., проф. Н.Ф. Кузнецовой, М.М. Тяжковой. – М», – 2002. - Т.1. – 320 с. 29 Антонян Ю. М., Бородин С В. Преступность и психические аномалии. – М., – 2002. 540 с. 30 Ветров Н.И. Уголовное право. Общая часть: Учебник для вузов. – М., – 1999. – 410 с. 31 Молдабаев С.С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве Республики Казахстан. Монография. – Алматы. – 1998. – 156 с.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 СУБЪЕКТ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ МІНДЕТТІ ЭЛЕМЕНТІ
РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1 Қылмыс субъектісінің жалпы
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Қылмыс субъектісінің негізгі
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2 ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ
РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.1 Қылмыстық құқықтағы есі дұрыстықтың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.2 Есі дұрыстықтың заңи
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 33
2.3 Есі дұрыстықтың медициналық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 5
2.4 Шектелген есі дұрыстық жағдайындағы қылмыстық
жауаптылық ... ... ... ...40
2.5 Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ...52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...60

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Берілген дипломдық жұмыста
қылмыс құрамының маңызды элементі қылмыс субъектісінің басты белгілерінің
бірі болып табылатын есі дұрыстық мәселесі теориялық тұрғыдан талданған.
Сонымен қатар, жұмыстың мазмұнына есі дұрыстықтың қылмыстық қуғындауды
жүзеге асырудағы пратикалық мәселелері де кірістірілген.
Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы қылмыстық құқық
ғылымында қылмыс субъектісі, соның ішінде есі дұрыстық мәселесі маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Қылмыс субъектісі болып, қылмыстық құқық
бойынша, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және сол үшін
қылмыстық жауапкершілікке тартылуға қабілетті тұлға саналады. Бұл
қабілеттілік екі жағдайда бұзылады: Егер тұлға белгілі бір жасқа жетпесе
(Жалпы ереже бойынша 16 жас, бірақ ҚР – ның ҚК – ң 15 – бабы 2 – тармақта
белгіленген тізім бойынша, кейбір қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі
тұлға 14 жасқа толғанда жазаға тартылуы мүмкін [1, 7б.].
Екінші белгі бойынша сот тұлғаны есі дұрыс емес деп таныса, яғни
медициналық белгілері бойынша, қылмыстық заңда төрт түрлі ауру жатқызылған
атап өтетін болсақ: Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын
немесе жазылуы өте қиын, аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады.
Бұған шизофрения, желікпе, депрессиялық есалаңдық, ми мерезінің салдарынан
үдемелі сал ауруына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және
басқалары. Психикасының уақытша бұзылуы. Бұған жататындар: алкогольдік
есалаңдық паталогиялық маскүнемдік аурулары. Бұл аурулар тез пайда болады,
емделген жағдайда артынан жазылып кетуіде мүмкін. Кемақылдылық бұл адамның
ақыл ой қабілетінің төмендеуінен туындайтын аурулар. Мұндай аурулар тұрақты
туа біткен ауыр жүйке ауруларының (делбе, энцефалит, мидың зақымдануы)
әсерінен пайда болады. Кемақылдылықтың үш түрі бар. Дебилдік (жеңіл түрі),
имбецилдік (орташа түрі), идиотия (ауыр түрі). Психиканың өзге де дертке
ұшырауы. Бұл сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына
жатпайтын, бірақ адам психикасына әсер ететін әр түлі аурулар жатады. Бұған
әртүрлі жұқпалы аурудың әсерінен адамның сандырақ күйге түсуі.
Ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан
пайда болған жарақаттар жатады. Қылмыс субъектісін сипаттағанда оның
жауаптылығын анықтау және оған жаза тағайындау үшін қылмыскердің жеке
басының белгілері маңызды рөл атқарады. “Қылмыс субъектісі” мен
“қылмыскердің жеке басы” бір біріне жақын болғанымен, бірдей емес ұғымдар.
Негізінен, “қылмыскердің жеке басы” ұғымы криминология ғылымының еншісінде,
ал “қылмыс субъектісі” қылмыстық құқық ғылымында зерттеледі. Қылмыскердің
жеке басы дегеніміз – қылмыскерді жалпы адам ретінде сипаттайтын барлық
әлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың жеке қатынастардың жиынтығы. Оған
адамның әлеуметтік байланыстары (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық, т.б.)
оның өнегелік – саяси қасиеттері (дүниетанымы, сенімі, құштарлығы) оның
психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллектілік, еріктік
қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, т.б.) оның демографиялық және жаратылыс
ерекшеліктері (жынысы, жасы, денсаулық жағдайы) оның өмірбаяны мен өмірлік
тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және т.б. қасиеттері
кіреді. Бұдан ойға түйетініміз, “қылмыс субъектісі” ұғымы “қылмыскердің
жеке басы” ұғымынан тар аспектіде қарастырылады, соңғысының ұғымы кең.
ҚР –ның ҚК 15 – бабында регламенттелгендей қылмыс субъектісі тек жеке
тұлға болуы мүмкін. Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда, еңбек қорғау
ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым,
кәсіпорын емес сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды
адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса, жауаптылыққа
тартылады. 1968 жылы жарық көрген М.Д. Шаргородский мен Н.А. Беляевтің
қылмыстық құқық оқулығында былай делінген: “Заңды тұлғаларды қылмыстық
жауаптылыққа тартқан жағдайда қылмыстық жазаның мақсаттары түзеу және
жаңадан қылмыс істеуден алдын алу сияқты өзінің алдына қойған мақсатына
жетпейді” [2, 138с.]. Алайда, теориялық жағынан, қылмыстық құқықта заңды
тұлғаның жауапкершілік мәселесі даудамайлы – болып табылады.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Адамды қылмыстық жауапкершілікке
тартқанда, міндетті түрде оның жасаған әрекетінде қылмыс құрамы болуы
керек. Осы қылмыс құрамының маңызды бір элементі яғни сол қылмысты жасаған
адам белгілі бір заң жүзіндегі талаптарға сәйкес келуі керек, Мысалы: оның
есінің дұрыстығы яғни қылмыс субъектісі болуы керек. Қылмыс субъектісіндегі
есі дұрыстық мәселесі ауқымы кең маңызды болғандықтан оны зерттеп жүрген
ғалымдар да аз емес солардың бір қатарына тоқталатын болсақ, В.С Орлов есі
дұрыстықты өзінің жасаған іс әрекетінің мәні мен сипатын ұғынатын және
оның зардабын алдын – ала білу қабілеті деп болжайды. Қылмыстық құқықтың
теориясында есі дұрыстық ұғымына ғалымдар әр түрлі көзқараспен анықтаған.
Сондықтан кейбір ғалымдардың айтқан пікіріне тоқталуды жөн көрдік. В.С.
Трахтеровтың пікірі бойынша есі дұрыстықты былай түсіндіруге болады.
Қоғамға қауіпті жасаған іс әрекетіне есеп бере алатын және оны басқара
алатын тұлғаның психикалық дұрыс жағдайы П.С. Дагель есі дұрыстықты былай
қарастырды Кінәлі және жауапты болатын қабілет. Н.С. Лейкин және Н.П.
Грабовский есі дұрыстықты былай анықтайды өзінің іс әрекетіне есеп бере
алатын және оны басқара алатын қоғамға қауіпті жасаған іс әрекеті үшін
жауапты бола алатын қабілеті.
Ал, Ю.С. Богомятков өз еңбегінде есі дұрыстыққа анықтаманы былай
берген. Сонымен, есі дұрыстық қылмыс жасауда және қоғамға қауіпті іс –
әрекетті жасау кезінде өзіне есеп бере алатын және өзінің қылықтарын
басқара алатын тұлғаның қабілеті, белгілі бір жасқа толған, кінәлілік пен
қылмыстық жауапкершіліктің қажетті шарты болатын қылмыстық заңдылықта
қарастырылған мән – жай. Дегенмен, есі дұрыстық – қылмыс жасау кезінде
өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігін ұғына алатын және
оны басқара алатын жеке тұлғаның қабілеті, сондай – ақ іс – әрекетке
қылмыстық жауапкершілікті өтеудегі кінәлілік қабілеті деп көрсетеді өз
тұжырымын Р.И. Михеев. Р.И. Михеев есі дұрыстықтың ұғымына тоқтала отырып,
оның белгілері мен шарттарын көрсетеді. Есі дұрыстықтың заңды және
дәрігерлік шарттарын атай отырып, олардың жеке өзіне тән белгілеріне
тоқталады. Есі дұрыстықтың заңды шартына жасаған іс әрекетінің қоғамға
қауіптілігін ұғына білген және оны қылмыс жасау кезінде басқара білген
қабілеті деп сипаттайды. Есі дұрыстықтың заңды шартына үш белгіні
жатқызады: интелектуалды, еркін және эмоционалды [3, 115с.].
Енді олардың әр белгісіне жеке тоқталар болсақ, заңды шарттың
интелектуалды белгісі қылмыс жасау кезінде өзінің әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігін және оның зардабын ұғыну қабілеті.
Заңды шарттың еркін белгісі қылмыс жасау кезінде өзінің әрекетін
(әрекетсіздігін) басқара алу қабілеті. Енді заңды шарттың эмоционалды
белгісіне тоқталар болсақ, оны есі дұрыстыққа қоспайды, дегенмен есі
дұрыстықты анықтауда оны ескеру керек яғни потологиялық аффекты жағдайында
есі дұрыстықты жоққа шығаруы мүмкін деген болжамды көрсетеді. Р.И. Михеев
есі дұрыстықтың дәрігерлік шартын, субъектінің қылмыс жасау кезінде
психикалық функциясының даму дәрежесін, өзінің жасаған әрекетіне
(әрекетсіздігіне) есеп бере алатын және оны басқара алатын психикасының
дұрыс болуымен сипаттайды. Р.И. Михеевтің есі дұрыстыққа берген ұғымын
Ю.М. Антонян және С.В. Бородин де қолдайды. Ю.М. Антонян мен С.В. Бородин
мынадай ұғымға тоқталады. Есі дұрыстық бұл қылмыс жасау кезінде өзінің
әрекеті мен әрекетсіздігіне есеп бере алатын және оны басқара алатын,
психикалық жағдайы дұрыс, сондай – ақ, оған байланысты қылмыстық
жауапкершілік пен жазаны өтейтін және әлеуметтік психология даму
деңгейіндегі қабілетін қорытындылайтын және социализация мен жас мөлшері
бойынша тұлғаның психикалық жағдайы.
Қылмыстық заңда ешқашанда және осы уақытқа дейін есі дұрыстықтың ұғымы
берілген емес. Оған дәлел 1960 жылы Қаз ССР Қылмыстық кодексінің 11 –
бабының өзінде есі дұрыстыққа түсінік бермейді, онда есі дұрыс еместікке
ғана тоқталады. С.С. Молдабаев, Ю.М. Антонин мен С.В. Бородин берген есі
дұрыстық ұғымындағы әлеуметтік – психологиялық сипаттауға байланысты оның
көлемін үлкейтудің негізсіз екендігіне тоқталады. Сондай – ақ, С.С.
Молдабаев өз пікірінде есі дұрыстықтың қылмыстық құқықта институттық
мағынасын ашуды және оның табиғи заңдылығын белгілеуді көздейді. Яғни,
ондағы құқықтық ой мен мақсатты айтады. Д.С. Теміров С.С. Молдабаевтың есі
дұрыстыққа берген ұғымының бағытын қолдайтынын атайды. Д.С. Теміров
қылмыстық заңда есі дұрыстықтың ұғымын беруді және оның нұсқалық
анықтамасын өз еңбегінде былай көрсетеді: Қазақстан Республикасының
қылмыстық кодексінде 16 – 1 бабын, есі дұрыстық, қылмыс жасау кезінде
психикалық қызметі дұрыс жағдайда болған, өзінің әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігіне есеп бере алатын және оны басқара
алатын тұлғаны қылмыстық жаупқа тартуға болады, – деп қылмыстық заңға есі
дұрыстық ұғымын енгізуді сипаттайды. Ал С.С. Молдабеков қылмыстық заңға
есі дұрыстық ұғымын психология мен психиятрия жетістіктерінің есебінен,
осы кезге дейін есі дұрыс еместіктің көлеңкесінде қалғандықтан
төмендегідей редакциалауды ұсынады.
Есі дұрыстық қылмыс жасау кезінде психикасының дұрыс жағдайында
болған, қоғамға қауіпті іс әрекет жасағанына есеп бере алатын және оны
мінез құлқымен басқара алатын тұлғаны қылмыстық жауапқа тартуын айтамыз.
Тұлғаны есі дұрыс деп есептейді, оның есі дұрыс еместігі анықталмайынша
яғни жоғарыда көрсетілген пікірлер мен бағыттарға сәйкес. С.С.
Молдабековтың бағытына қосыла отырып, біздің пікірімізше, қылмыстық заңға
есі дұрыстық ұғымын есі дұрыс еместік ұғымының көлеңкесінен ажырата отырып,
мынадай түрде тұжырымдауды ұсынамыз. 14 – бап Қылмыстық жауапқа тартылуға
тиісті адамдар. Қылмыс жасау кезінде психикасының дұрыс жағдайында болған,
қоғамға қауіпті жасаған әрекетіне (әрекетсіздігіне) есеп бере алатын және
оны мінез құлқымен басқара алатын, есі дұрыс еместігі анықталмаған
жағдайда тұлғаны қылмыстық жауапқа тартуға болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты
қылмыстық жауапкершіліктегі есі дұрыстық мәселесін кеңінен зерттеу
жүргізіп, оның маңыздылығын түсіндіру болып табылады, осы мақсатқа жету
үшін, алдымызға мынандай міндеттерді қоямыз:
– қылмыс субъектісінің элементтеріне толықтай зерттеу жүргізу;
– қылмыс субъектісінің маңызды элементі, есі дұрыстық мәселесін ашып
көрсету;
– есі дұрыстық мәселесінің заңи негіздемесін талдау;
– есі дұрыстық мәселесіндегі медициналық негіздемесін талдау;
Зерттеудің объектісі – ҚР қылмыстық құқығындағы, қылмыс субъектісінің
міндетті белгісі есі дұрыстық мәселесі болып табылады. Яғни есі дұрыстық
қылмыстық жауапкершіліктің шарты ретінде.
Зерттеудің пәні – Қылмыстық жауапкершіліктегі есі дұрыстықтың
маңыздылығы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – Осы зерттеу тақырыбына біздің қосарымыз
егерде жеке тұлға қылмыстық іс – әрекетін заңды тұлғаның мүдделері мен
мақсатары үшін қасақана немесе абайсыздықтан жасаған жағдайда, сөйте тұра,
заңды тұлғаның мүшелері болып табылатын тұлғалар осы туралы білсе және осы
іс – әрекеттің алдын – алу бойынша шаралар қабылдамаса, қылмыстық
жауапкершілікті заңды тұлғалар алады. Осы норманы ҚР ҚК – нің 14 бабында,
оның үшінші бөлімі ретінде енгізуге болады. Заңда міндетті түрде заңды
тұлғалар сол үшін жауапкершілік алуға болатын қылмыстардың тізбесін
көрсеткен жөн. Заңды тұлғалардың жауапкершілігі тек қана заңды тұлғаның
мүддесіне өкілдік ететін жеке тұлғаның келтірген зияны мен құқыққа қайшы
мінез – құлығы арасындағы себепті байланыс бар болған жағдайда, туындауы
керек. Заңды тұлғалардың құқыққа қайшы мінез – құлығы, біздің пікірімізше,
олардың мүшелері немесе заңды тұлғаның мүддесі мен мақсаты үшін әр – түрлі
жұмыстар орындайтын тұлғалардың құқыққа қайшы іс – әрекеттерінде
көрсетіледі. Демек, заңды тұлғалардың кінәсін тек қана олардың құқыққа
қабілетті өкілдерінің кінәсі ретінде ұғуға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
– Есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің шарты ретінде. Этимологиялық
түсінік бойынша есі дұрыстық (синонимі – импутабельность imputabilitas –
латын сөзінде imputо – айыпты арту, есептеу) тұлғаның жасаған іс әрекетіне
қылмыстық жазалаудың субъективті мүмкіндігін білдіреді. Қылмыстық құқықта
есі дұрыстық – жеке заңды ұғым және категория: өзінің маңызы мен мағынасы
бойынша көлемді де көп қырлы. Оны әр түрлі жағынан сипаттауға болады: заң
институты мен құқықтық категория ретінде; қылмыстық жауапкершілік пен
кінәнің алдыңғы себебі ретінде, есі дұрыс еместің қоғамға қауіпті жасаған
әрекетіндегі кінәлі мінез құлқынан кінәсіздігін ажыратудағы критериі,
қылмыстық және жазалау көрсеткіші ретінде, қылмыскердің жеке тұлғасының ең
маңызды қасиеті ретінде және т.б.
– Есі дұрыстықтың заңи негізі жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке
зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық заңда тыйым
салынған әрекетті жасаған адамның қылмыстық жауапқа тартылып жазалануы үшін
оның есі дұрыс болуы тиіс. Егерде тұлға қоғамға қауіпті қылмыстық іс
әрекетті есі дұрыс емес күйінде яғни өзінің жасаған іс әрекетінің мәнін
түсінбейтін жағдайда жасаған болса ол қылмыстық заң талаптары бойынша
қылмыс субъектісі болып табылмайды, ал қылмыс субъектісі өз кезегінде
қылмыс құрамының бір элементі болып табылатындықтан, қылмыс субъектісі
болмағандықтын қылмыста жоқ деген сөз. Қоғамға қауіпті қылмыстық іс
әрекетті есі дұрыс емес күйінде жасаған тұлғаларға медициналық мәжбүрлеу
шаралары қолданылады.
– Есі дұрыстықтың медициналық негізі заңды және медициналық
белгілерінің жиынтығы тұлғаның ақыл – есі дұрыс емес деп тануға және оны
қылмыстық жауапкершіліктен босатуға негіз бола алады. Медициналық
белгісінің осы түсінікке кіруіне негіз болып келетін, ақыл – есі
дұрыстықтың белгілерінің дәстүрлі түсінігін ұстана отырып, біз оның
көрсеткіші ретінде, бәрінен бұрын психикалық денсаулығы болып табылатынын,
яғни адамның психикасы бірқалыпта тұрғанын белгілеп кету қажет деп
санаймыз.
Диплом жұмысының құрылымы – кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 СУБЪЕКТ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ МІНДЕТТІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

1.1 Қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі
Құқық қорғау органдары белгілі бір болған қоғамға қауіпті іс әрекетті
қылмыс деп табу үшін, сол болған әрекетте қылмыс құрамы болуы керек. Ал
қылмыс құрамы өз кезегінде маңызды төрт элементтен тұрады. Яғни қылмыстың:
Объектісі, субъектісі, объективтік жақ, және субъективтік жағынан тұрады.
Осы төрт элемент болған жағдайда ғана, біз жасалған қоғамға қауіпті іс
әрекетті қылмыс деп бағалай аламыз. Біздің зерттеп отырған тақырыбымыз осы
төрт элементтің бірі қылмыс субъектісінің міндетті элементі, есі дұрыстық
мәселесі болып табылады. Қылмыстың субъектісі деп ҚР ҚК Жалпы бөлімінің 14
– бабында көрсетілгендей яғни есі дұрыс заңда белгіленген жасқа толған жеке
адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс деп көрсетілген [4, 84б.].
Бұдан туындайтын қорытынды, қоғамға қауіпті іс әрекет үшін қылмыстық
жауаптылыққа тек қана тірі адам тартылады.
Заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар
қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі
болып табылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану
арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық
жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды
қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене жарақатын
келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал мұндай
жағдайда ит қылмыс субъектісі емес қылмыс құралы болып табылады. Сондай –
ақ заңды тұлғалар мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да заңды ұйымдар
қылмыстың субъектісі болып саналмайды.
Қайсыбір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі
бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек
қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан
адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса қылмыстық жауаптылыққа тартылады. (ҚР ҚК
152 бабы Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) Алайда заңды тұлғалардың
қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі қылмыстық құқық теориясында
бірнеше рет қозғалды.
Қылмыстық құқық ғылымында және заңды қоғам арасында заңды тұлғалардың
қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселе көкейкесті болды, деген
И.Ш.Борчашвили [5, 17с]. Осы мәселенің көкейкестілігі, біздің
көзқарасымызша, Астана қаласында 2003 жылы 10 қыркүйекте өткен құқықтәртібі
және заңдылықты сақтау мәселелері бойынша кеңесте Президент
Н.Ә.Назарбаевтың сөз сөйлеуіне байланысты қайта жандандырылды. Заңды
тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізудің жақтаушылары да,
қарсыластары да бар. Сөйте тұра, Республикамыздың ауқымындағы ғалымдар
арасында заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілікті белгілеудің
қарсыластары едәуір басымырақ. Біздің көзқарасымызша, әртүрлі меншік
түріндегі заңды тұлғалардың санының экономикалық өрлеуі, өсуі және қоғамдық
өмірде олардың рөлдерінің өсіп – артуы сипатында, олардың іс – әрекетін
барынша реттемелеу және бақылау қажеттілігі туындады.
П.Ф.Повелицинаның пікірінше шындығында, Қазақстандағы туындаған жағдай
(әр – түрлі жеке кіші кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің және басқа коммерциялық құрылымдардың құрылуы, осы кезде
олардың көбі қоршаған ортаны қорғау мәселесінен гөрі, сол мезеттегі түсім
алуға мүдделі болып келеді) П.Ф.Повелицина, экологиялық қылмыстар жасаған
үшін заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік белгілеуді жөн санайды егер
бұл тұрғындардың өміріне, денсаулығына ауыр салдар, анағұрлым экономикалық
немесе экологиялық зиян келтірген болса, сондай – ақ қоршаған ортаның
ластануы немесе табиғи ресурстарды пайдалану түрлері мен сипаты туралы
статистикалық есептерді бұрмалаған болса, қасақана немесе абайсыздықтан
жасалған экологиялық қылмыстар үшін заңды тұлғаларға қылмыстық
жауапкершілік белгілеуді ұсынды.
П.Ф.Повелицинаның пікірінше, экологиялық қылмыс үшін заңды тұлғаларды
қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларының бірі ретінде экологиялық зиянды
өндірістерді тоқтата тұру немесе толықтай тоқтату керек және жоғары
ақшалай айыппұлдар салу керек екен [6, 17с].Осы мәселе бойынша басқа да
бірнеше пікірлер де бар. Мысалы, А.М.Плешаков бұл көзқараспен келесі
себептер бойынша келіспейді: Біріншіден, осындай заңнамалық белгілеу
кезінде көптеген қиын шешілетін мәселелер туындайды Қандай түрде жеке кінә
заңды тұлғаның кінәсімен қатысы бар? Заңды тұлғаның іс – әрекеттеріндегі
жалпы қасақаналық немесе абайсыздық дегеніміз не? Жеке немесе заңды
тұлғалардың іс – әрекеттеріндегі қылмыстың объективтік тарапының белгілері
сәйкес келе ме? Екіншіден, отандық қылмыстық құқық және ағылшын –
американдық заңнама негізінде жатқан үйлесімсіз идеяларды үйлестіруде
сәтсіз қадам жасалған [7, 58 с.]. Осы мәселеге байланысты бізде өз ойымызды
қоса кетсек, заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту, принципті
тұрғыдан көптеген қылмыстық – құқықтық категорияларға: кінәсіне,
жауапкершілігіне, қылмысқа, қылмыстық іс – әрекеттің субъектісіне және тағы
басқаға қарама – қарсы келеді. Түптеп келгенде, заңнамада заңды тұлғаларға
қылмыстық жауапкершілік белгілеу үшін (бұл әбден мүмкін), қазіргі заманғы
отандық қылмыстық құқықтың тұжырымдамасын, соның ішінде қылмыс, сыбайлас,
субъективтік айыптау принциптері және т.б. туралы жалпы оқуды толықтай
қайта қарау қажет, басқа жағдайда, осы құқықтық идея іс жүзіндегі заңды
материяға тіпті кірмейді делінген. Заңды тұлғаларға қылмыстық
жауапкершілік белгілеуді енгізуге қатысты қарама – қарсы ұстанымды Е.И.
Қайржанов қолдап отыр.
Қылмыстық құқық ұстанымдар негізінде құрылған. Олардың арасына жеке
тұлғаның жауапкершілігі, ақыл – есінің дұрыстығы (психикалық жай – күйі,
денсаулығы) және адамның осындай немесе өзге де жеке мінез – құлығы үшін
дербес, аса жеке жауапкершілігі кіреді. Заңды тұлғалардың қылмыстық
жауапкершілігі туралы ұсынымға қылмыстық жауапкершіліктің тек қана осындай
емес, басқа да ұстанымдары жауап бере алмайды. Сондықтан да, мұндай
ұсынымдардың нақты, не болмаса заңды негіздері болмайды. Заңды
тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің жақтаушылары заңды тұлғалардың
қылмыстық жауапкершілігін заңды түрде рәсімдеу кезінде, олар жасаған
қылмыстың өзіндік ерекшеліктері болатынын ескеру қажет деп есептейді Заңды
тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартудың жалпы негіздемесі – заңда
көзделген қылмыстарды жасау болып табылады. Қылмыстық заңнамада қандай
жағдайда заңды тұлға қылмыс субъектісі болып табылатыны ескертілу керек.
Осыған байланысты, ҚР ҚК – де заңды тұлғалардың жауапкершілігін
көздейтін норманы енгізу қажет екендігін ұсынамыз: Жеке тұлға қылмыстық іс
– әрекетін заңды тұлғаның мүдделері мен мақсаттары үшін қасақана немесе
абайсыздықтан жасаған жағдайда, сөйте тұра, заңды тұлғаның мүшелері болып
табылатын тұлғалар осы туралы білсе және осы іс – әрекеттің алдын – алу
бойынша шаралар қабылдамаса, қылмыстық жауапкершілікті заңды тұлғалар
алады. Осы норманы ҚР ҚК – нің 14 бабында, оның үшінші бөлімі ретінде
енгізуге болады. Заңда міндетті түрде заңды тұлғалар сол үшін жауапкершілік
алуға болатын қылмыстардың тізбесін көрсеткен жөн. Заңды тұлғалардың
жауапкершілігі тек қана заңды тұлғаның мүддесіне өкілдік ететін жеке
тұлғаның келтірген зияны мен құқыққа қайшы мінез – құлығы арасындағы
себепті байланыс бар болған жағдайда, туындауы керек. Заңды тұлғалардың
құқыққа қайшы мінез – құлығы, біздің пікірімізше, олардың мүшелері немесе
заңды тұлғаның мүддесі мен мақсаты үшін әр – түрлі жұмыстар орындайтын
тұлғалардың құқыққа қайшы іс – әрекеттерінде көрсетіледі.
Демек, заңды тұлғалардың кінәсін тек қана олардың құқыққа қабілетті
өкілдерінің кінәсі ретінде ұғуға болады, дауласушы адамдар қасақана да,
абайсыздықтан әрекеттенуі мүмкін. Алайда, қылмыстық заңнамада заңды
тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселенің шешімі әзірше шешілмей қалуда
және осы мәселе бойынша пікірталас қылмыстық құқық ғылымында күн тәртібінен
алынбаған. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісі болып қылмысты
жасағанға дейінгі уақытта қылмыстық заңда белгіленген жасқа жеткен ақыл –
есі дұрыс жеке тұлға танылады. Қылмыс субъектісі – бұл уақыттан және
кеңістіктен тыс болып табылатын абстрактілік заңды түсінік емес. Қылмыс
субъектісі – бұл басқа адамдар қоғамында өмір сүретін және қылмыстық
әрекеттер жасайтын адам.
Қылмыс субъектісінің түсінігі келесі сұраққа жауап береді: Қылмыстық
заңда көзделген қылмыс жасалған жағдайда қылмыстық жауапкершілікті кім
көтереді? Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасында қылмыс
субъектісі деп қылмыс жасағанға дейін қылмыстық заңда белгіленген жасқа
жеткен ақыл – есі дұрыс жеке тұлға танылады. Осы анықтама Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК 14 бабымен тікелей белгіленеді.
Қылмыстық құқық ғылымы қылмыс субъектісіне тым кеңейтілген түсінік береді,
оны қылмыстық заңда көзделген қылмысты жасаған және белгілері бар жеке
тұлға деп атайды. Оның мынадай белгілері бар:
а) негізгі және міндетті (жасы және ақыл – есінің дұрыстығы)
б) арнайы (лауазымдық ереже, кәсібі және басқа)
Егер міндетті белгілер әрбір жеке тұлғаға тән болса, және олардың
болуы қылмыс субъектісі үшін міндетті болып табылса, онда арнайы белгілер
тек қана қылмысты саралау үшін заңды маңыздылығы бар, қылмыстың құрамында
болады. Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі қылмыстық жауапкершіліктің
негіздерінің біреуінің ғана қызметін атқарады, себебі қылмыс құрамының
міндетті элементі болып табылады. Құқықтың континенттік жүйесі үшін қылмыс
субъектісін жеке тұлға ретінде түсіну дәстүрлі болып табылады. Осылайша,
барлық елдерде заңды тұлғаларды қылмыс субъектілері деп тануға жол
берілмейді. Өндіріс барысында қандайда болсын кәсіпорнында қылмыстық құқық
бұзушылық болған жағдайда, немесе табиғатты қорғау ережелерін сақтамай,
нәтижесінде, экологиялық сипаттағы апат болған жағдайда, онда келтірілген
зиян үшін жеке тұлға жауап береді, егер ол осындай зиянның келтіруіне
кінәлі болып табылса. Заңды тұлғалар үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу
қылмыстық құқықтың барлық ұстанымдарына, әрі барлығынан бұрын жасалған
қылмыс үшін жазаны даралау ұстанымына қарама – қайшы келер еді.
Заңды тұлғаларға қатысты көптеген құқық институттары жүзеге
асырылмайды мысалы, кінәсі туралы айтпағанда (оның психологиялық аспектісі
туралы) сотталғанды алуға болады, қылмыс субъектісінің белгілері ҚР ҚК 14
бабында ашық айтылған. ҚР ҚК 14 бабының бірінші бөлімінде былай деп
жазылған: Қылмыстық жауапкершілікке осы Кодексте белгіленген жасқа жеткен,
тек ақыл – есі дұрыс, жеке адам ғана тартылады ҚР ҚК 15 бабының бірінші
бөліміне сай қылмыстық жауапкершілікке, қылмыс жасағанға дейін он алты
жасқа толған адам тартылады. Тек қана заңда анық көрсетілген кейбір
қылмыстар үшін он төрт жастан бастап қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Қылмыстық белгілері бар іс – әрекеттер жасағаны үшін, 14 жасқа дейінгі жас
балалардың қылмыстық жауапкершілігі толықтай жойылады. Оларға ішкі істер
органдарының ұсынымы бойынша кәмелет жасқа толмағандардың істері бойынша
комиссия қорытындысы болса, соттың шешімімен ерекше тәрбиелеу шарттары бар
арнайы оқу – тәрбиелеу мекемелеріне (11 жастан 14 жасқа дейінгі құқық
бұзушылар үшін арнайы жалпы білім беру мектептеріне) жіберу сияқты
тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары қолдануы мүмкін.
ҚР ҚК 14 бабының екінші бөлімінде қылмыстық құқықтың маңызды
ұстанымдарының бірі заң түрінде құрылған – бұл заң алдында азаматтардың
тепе – теңдігі: қылмыс жасаған тұлғалар, шығу тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
дінге қатысына, наным – сенімдеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына,
тұрғылықты мекен – жайына немесе кез – келген өзге жағдайларға қарамастан
заң алдында бірдей болып келеді [8, 96 б.]. Бұл ұстаным сондай – ақ
конституциялық болып табылады, себебі ҚР Конституциясының 14 бабына
негізделген. Қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлға бола алады, яғни
адам. Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және
шетел азаматтары жеке тұлғалар болып табылады, бұл ҚР ҚК 6 және 7
баптарының мазмұнында көрсетілген. Қылмыс субъектілерін тек жеке тұлғалар
деп тану – қылмыс субъектілері заңды тұлғалар бола алмайтындығын білдіреді,
яғни мекемелер, кәсіпорындар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер.
Қылмыс субъектісінің қажетті белгілерінің бірі ретінде қылмыс жасаған
жеке тұлғаның ақыл – есінің дұрыстығы болып табылады. Ақыл – есінің
дұрыстығы бұл қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс – әрекет жасау
кезінде өз әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) нақты сипатын және қоғамға
қауіптілігін ұғынатын жеке тұлғаның қабілеттілігі және оларды басқара
білуі. Ақыл – есінің дұрыстығы тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартудың
және оны жазалаудың қажетті шарты болып табылады. Қылмыстық заңның
нормалары – қалыпты психикалық қабілеті бар, қоршаған жағдайда дұрыс
бейімделіп кететін, өзінің мінез – құлығының маңыздылығын түсіне білетін
және өзінің іс – әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) басқара алатын тұлғаларға
арналған.
Осындай қабілеті жоқ тұлғалар өзінің іс – әрекеттерінің
(әрекетсіздіктерінің) нақты сипатын және қоғамға қауіптілігін жете
түсінбейді немесе психикасының ауыртпалықты жай – күйінің салдарынан
оларды басқара алмайды, сондықтан да ақыл – есі дұрыс емес деп танылып,
қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды (ҚР ҚК 16 бабы). Заң ақыл – есінің
дұрыс еместіктің 2 белгісін (критерий) анықтады: медициналық (биологиялық)
және заңды (психологиялық) тұлғаны ақыл – есі дұрыс емес деп тану үшін
медициналық және заңды белгілерінің жиынтығы қажет. Тек қана медициналық
немесе заңды белгілерінің болуы тұлғаны ақыл – есі дұрыс емес деп тануға
негіз бола алмайды. ҚР ҚК 16 бабына сәйкес заңды (психологиялық) белгісіне
екі белгі жатады: интелектуалдық және еріктік.
Интелектуалдық белгі заңда келесідегідей көрсетілген: Тұлға ... өз
әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) нақты сипатын және қоғамға
қауіптілігін жете түсіне алмайды. Ақыл – есінің дұрыс еместігінің
интелектуалдық белгісі психикалық аурудан туындаған сана – сезімінің
бұзылуын көрсетеді. Өз әрекеттерінің немесе әрекетсіздіктерінің нақты
сипатын жете түсіну мүмкінсіздігі өзі жасаған іс – әрекеттерінің нақты
тарапын тұлғаның түсінігінің болмауын, оның не жасап жатқандығын
түсінбеуін, жасалған әрекет пен болған салдары арасындағы себеп болған
байланысты түсінбеуін білдіреді. Мысалы, психикалық аурумен азап шегетін
анасының өз баласын еркелетіп отырмын деген оймен тұншықтыруы. Заңды
белгінің еріктік түрі – тұлғаның өз іс –әрекеттерін (әрекетсіздігін)
басқара алмау қабілетсіздігінде болып келеді.
Адамның еріктік әрекеті өзінің санасымен тығыз байланысты. Тұлға
өзінің іс – әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) маңыздылығын жете түсінбей,
санасы терең бұзылған кезде, еріктік іс – әрекеті де қатар бұзылып – ол оны
басқара алмай қалады. Ақыл – есінің дұрыстығы және жеке тұлғаның қылмыстық
заңда белгіленген жасқа жетуі, қылмыс субъектісінің жалпы заңды белгілері
болып табылады, олар қылмыстардың барлық нышандық құрамына міндетті болып
келеді және олардың біреуінің болмауы – қылмыс жасалғандығының нышандық
құрамының болмауын білдіреді. Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзінің
іс әрекетіне есеп бере алатын және өзін – өзі басқаруға қабілеті бар
адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс –
әрекет істеген кезде өзінің іс әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты
есі дұрыс емес күйінде істесе, онда ол адамның іс әрекетінде кінәнің екі
нысаны: қасақаналық пен абайсыздық жоқ деп есептеледі.
Қоғамға қауіпті іс әрекетін ұғынып, оның мағынасына жетіп, ақылмен,
естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс үшін кінәлі деп танылады.
Керісінше, қоғамға қауіпті іс әрекет істеген кезде есі дұрыс емес күйде,
өзінің іс әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын, өз әрекетін басқара
алмайтын адам қылмыс субъектісі бола алмайды. Яғни қылмыстың субектісі
болып кез келген адам ғана емес, тек есі дұрыс адам танылады. Өзінің іс
әрекетін сезу және оны басқара алу дені сау адамға туған кезден бастап
қалыптасады, пайда болады.
Адам белгілі бір жасқа толған кезде қалыптасқан өмірлік тәжірибесі
арқылы өзін қоршаған ортадағы құбылысқа дұрыс баға беру, сол ортаға өзінің
іс әрекетінің пайда не зиян келтіретінін ұғыну, нақты жағдайларға
байланысты іс – қимыл жасап құқық, мораль нормалары арқылы тыйым
салынғандарды істеу – істемеу немесе ондай қимылдан бас тарту мәселелерін
шешуге толық қабілетті болады. Психолог, психиатр, педиатр, педагог және
заңгер мамандардың тұжырымына сәйкес мұнда жас мөлшері 16 жасқа толған
уақыт деп белгіленген. Осы жасқа толған жасөспірімдер өздерінің қылмыстық
заңға қайшы кез келген іс әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық кодекстің 15 – бабында көрсетілген кейбір қылмыстарды істегені
үшін мұндай жауаптылық одан ертерек жаста 14 жасқа толған уақыттан
басталады. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу қылмыс
субъектісінің қажетті белгісінің бірі болып табылады. Сонымен қылмыстың
субъектісі болып қылмыстық заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс жеке
адам саналады.

1.2 Қылмыс субъектісінің негізгі белгілері
Әрбір қылмыс – бұл адамдардың қоғамға қауіпті мінез – құлығының
әрекеті болып табылады. Сондықтан, қылмыстық заң өз талаптарын қылмыстық
әрекеттер жасамауға – қандай болмасын, барлық жағдайларда адамға үндейді.
Демек, қоғамға қауіпті іс – әрекет (әрекетсіздік) жасаған адам қылмыс
субъектісі деп танылуы мүмкін. Қылмыс субъектісінің түсінігі келесі сұраққа
жауап береді: қылмыстық заңда көзделген қылмысты жасаған жағдайда,
қылмыстық жауапкершілікті кім алады? Қылмыстық құқық қылмыс субъектісі
туралы мәселенің зерттелуіне көп көңіл бөледі, себебі кез – келген
қылмыстың қоғамға қаупітілігі, басқа жағдайлармен қатар (тәсілі, салдары,
кінәнің түрі) көптеген жерде қылмыскердің өзінің қауіптілігімен де
белгіленеді.
Қылмыстық құқық теориясы қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті
әрекет жасағанға кінәлі жеке тұлғаны, кез – келген қылмыстың субъектісі деп
есептейді және осы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осыған
қосарымыз, қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа жеткен ақыл – есі
дұрыс жеке тұлға ғана әр – түрлі қылмыс субъектісі болуы мүмкін. Бірақ
орта ғасырдағы сот хроникаларында тек адамдар ғана емес, сондай – ақ
жануарлар, бұйымдар және заттарға да көптеген сот процестері болғандығы
мәлім. Осылайша, адамды жаралаған өгіздерге, балаларды шайнап тастаған
шошқаларға, егістікті жойған шегірткелерге, жеміс беретін ағаштарға зақым
келтірген қырыбуындарға және т.б. сот процестері болған. 1474 жылы
Базельеде өртеу арқылы өлім жазасына әтеш кесілген, әтешке жұмыртқа салды
деп айыптағылғанан екен, – бұл оның дүлей күшпен байланысы барына дәлел
болған. Ресейде 1593 жылы мемлекеттік қылмысы үшін шіркеудің қоңырауы,
Углич қаласында халықтың көтерілісі кезінде соғылғаны үшін айыпталған.
Бүлікшіл қоңырау қамшымен жазаланып, Сібірдегі Тобольск қаласына жер
аударылған. Францияда астық егіндерге зақым келтірген егеуқұйрық пен
тышқандарға қарсы соңғы сот процесі 1710 жылы болған.
Жануарлар мен заттарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды тек жаңылыс
деп түсінуге болмайды. Бұл қылмыстық жауапкершілік туралы феодалдық
дәуірдің жалпы ұғымымен байланысты болған, оны әр – түрлі қауіпті және
зиянды іс – әрекеттер үшін жауапкершілік деп түсінген. Осылайша, қылмыстық
жауапкершілік туралы түсінігі тек адамдарға емес, жануарларға да, тіпті
заттарға да өрістету мүмкіндігі туындады. Осы салада анықталған тарихи
үрдіс, қылмыс субъектісінің саласында біртіндеп шектеліп келіп, аз – аздап
осындай субъекті ретінде табиғаттан тыс иелер, жануарлар, өсімдіктер,
жансыз нәрселер (анимизм, фетишизм, тотемизм және жалпы антропомрфизм)
болғаны тоқтатыла бастады және қазіргі уақытта ақыл – есі дұрыс адамдар,
қылмыс субъектілері бола алады, яғни белгілі бір іс – әрекет пен оның
салдарының себепті байланысын, ал бірдей жағдайда оған тиісті мінез – құлық
нормаларына сәйкес келетін қарым – қатынасын білетін адамдар. Осылайша
көптеген елдерде заңды тұлғаларды қылмыс субъектілері деп тануға жол
берілмейді.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша заңды тұлғалар,
жануарлар, табиғат күштері қылмыс субъектілері болып табылмайды. Қандай
болса да кәсіпорында бұзушылық болған жағдайда, мысалы еңбек қорғау
ережелері, кәсіпорын емес, осы ережелерді орындамаған кінәлі жеке тұлғалар
жауапкершілікке тартылады. Егер табиғат күштерімен зиян келтірілген болса,
онда осы зиянның келтіруге жол беруіне кінәлі болса, онда ол үшін жеке
тұлға жауап береді. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін белгілеу
қылмыстық құқық ұстанымдарына және ең алдымен өзі соған негізделетін басты
ұстанымдардың бірі – қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін адамның жеке,
дербес немесе дара жауапкершілігінің ұстанымына қарама – қайшы келер еді.
Оларға қатысты қылмыстық жазалау мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Соның
ішінде, жаза кесілген адамның түзелу мақсаттары, Қылмыс субъектісі – бұл
уақыттан және кеңістіктен тыс болатын абстрактілі заңды түсінік емес.
Қылмыс субъектісі – бұл басқа адамдардың қоғамында өмір сүретін және
қылмыстық іс – әрекеттер жасайтын адам. Оның іс – әрекеттері ... кінәлі
тұлғаның жай – күйінде елеулі түрде қамтып көрсетіледі, оның құқықтарының
біріне ғана шектеу қойып, басқаларынан айырады, осылайша оның қылмыс
субъектісі ретінде қоғамда жаңа орнына себепші болады [9, 96 б.].
Қылмыс субъектісі ретінде кез – келген адам бола алмайды, тек айқын
белгілері бар адам болады (ақыл – есінің дұрыстығы, жас шамасы) ақыл –
есінің дұрыстығы – адамның ажырамас қасиеттерінің бірі, онсыз оны қоғамға
қауіпті әрекет жасаған кезде қылмыс субъектісі ретінде оны тани алмайды.
Бұл мағынада ақыл – есінің дұрыстығы қылмыс субъектісін сипаттайтын
құқықтық түсінік. Ақыл – есінің дұрыстығы барлығынан бұрын не жасап
жатқандығын сезіну, өз іс – әрекеттерінің өзіндік ерекшелігі мен
маңыздылығын түсіну және олардың салдарын алдын – ала білу қабілеттілігін
болжайды. Сана – сезімі дұрыс адамның өз мінез – құлығын сезіну
қабілеттілігі өз іс – әрекеттерін басқару қабілеттілігімен қатар жүреді.
Осыған сәйкес, қоғамға қауіпті іс– әрекет (қылмыстар) жасау кезінде өзінің
іс – әрекеттеріне есеп бере алған және оларды басқара алған адам ақыл –
есі дүрыс болып табылады. Ақыл – есі дұрыс деп – тек психикалық дені сау
адам ғана болмайды, сондай – ақ психикасы осылайша немесе өзгеше бұзылған,
бірақ оны ақыл – есі дұрыс емес деп тану үшін қажет ететіндей дәреже мен
сипаттағыдай адам танылуы мүмкін.
Осылайша, медициналық белгілері бойынша ақыл – есінің дұрыстығы, тек
қана адамның қылмыс жасау кезінде сана – сезімінің қалыпты жай – күйін
қамтитын емес, сондай – ақ өзінің іс – әрекеттерін сезіну қабілетін
жоймайтын психикалық ауруларды қамтитын кең түсінік. Құқықтық түсінік
ретінде ақыл –есінің дұрыстығы кінәмен тығыз байланысты, яғни осы екі
түсінік қоғамға қауіпті әрекеттер жасағаны үшін адамның қылмыстық
жауапкершілігі туралы мәселесінің шешімімен тікелей байланысты болып
келеді. Ақыл – есінің дұрыстығымен қатар, онсыз ол қылмыстық құқықта қылмыс
субъектісі бола алмайтын, адамның ажырамас қасиеті – оның жасы болып
табылады. Белгілі жасқа жету, ақыл – есінің дұрыстығы болуы сияқты қажетті
шарт немесе алғы шарт болып табылады, онсыз қоғамға қауіпті әрекеті үшін
адамның жауапкершілігі туралы мәселе шешілмеуі мүмкін.
Бұл жерде адамның жасы ақыл – есінің дұрыстығына ұқсас – адамды
жасаған істері үшін кінәлі және жауапкершілікті деп танудың міндетті
шарттарының бірі болып келеді. Тек қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам
ғана заңда көзделген жасқа жеткен кезде ғана әрбір нақты жағдайға кінәлі
болып танылуы мүмкін. Адамның жасы деп оның белгілі бір психофизикалық
қасиеттерін немесе сапасын түсінген жөн. Адам туылған күнінен қартайғанға
дейінгі жасының әр – түрлі кезеңінде өзінде туындайтын дене және психикалық
үдерістерінің ерекшеліктеріның арқасында айналадағы болмысқа әркелкі
қарайды. Әрбір психикалық қалыпты адам тек белгілі бір жасқа жеткен соң
өмірлік тәжірибе жинайды сыртқы өмірдің заңдылықтарын танып біледі және
оның дүниеге деген белгілі бір көзқарасы қалыптасады. Жоғарыда берілгенге
сүйенсек, қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісі болып екі басты
ерекшеліктері бар адам ғана танылуы мүмкін екенін айта кетуге болады, олар:
1) қылмыс жасау кезіндегі ақыл есінің дұрыстығы; 2) жасаған қылмысы үшін
заң бойынша жауапкершілік алуға мүмкін бола алатын жас шамасы . Аталған
өзіндік ерекшеліктердің жиынтығы олардың ажырағысыз байланысында
қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісінің жалпы түсінігін құрайды.
Осылайша, қылмыс субъектісі – бұл ақыл – есі дұрыс күйінде қылмыс
жасаған және заң бойынша қылмыстық жауапкершілік алатын жасқа жеткен адам.
Қандайда болмасын әрекеттердің нақты орындаушылары ғана қылмыстардың
субъектілері болып табылмайды. Ондай деп сондай – ақ ұйымдастырушылар,
азғырушылар, қылмысқа итермеушілер, яғни топпен қылмыстарды жасаған барлық
тұлғалар танылады. Алайда, олардың әрқайсысы өздері жасаған іс –
әрекеттердің шектеуінде жауапкершілік алады.
Сондықтан да, сот жаза тағайындау кезінде қылмыс жасауға сыбайлас
болғандардың әрбіреуінің қатысу деңгейі мен сипатын ескеріп отырады. Кез –
келген қылмыстың субъектісін дұрыс анықтауға екі өзара байланысқан зерттеу
аспектісі жатады. Бір жағынан, заңды белгілерін анықтау болса, екінші
жағынан – қылмыс субъектісінің әлеуметтік – жеке тұлғалық сипаттамасын
анықтау болып келеді. Қылмыс субъектісінің негізгі немесе міндетті (жасы,
ақыл – есінің дұрыстығы) және факультативтік белгілері қылмыс жасаған
тұлғаның қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін куәландырады.
Бірақ олар қылмыскердің әлеуметтік – жеке тұлғалық сипаттамасы туралы
ұсыныс бере алмайды. Осындай ұсыныс қылмыс субъектісінің барлық жиынтығынан
құралмайды, себебі олар тек қылмыстық әрекетті сипаттайды.
Қылмыстық құқық қылмыс субъектісі мен қылмыскердің жеке тұлғалығы
деген түсініктердің бір – біріне ұқсас емес дегенді білдіреді. Қылмыс
субъектісі – бұл қылмыскердің жеке тұлғалығын сипаттайтын белгілердің ең
аз жиынтығы, олардан тыс қылмыс құрамы болмайды. Қылмыскер, кез – келген
басқа адам тәрізді, өзін жеке тұлға ретінде ұсынады. Басқаша бола да
алмайды. Бірде – бір адамды, оның ішінде қылмыскерді басқа адамдармен
байланыстыратын қарым қатынассыз қарау мүмкін емес. Адам қаншалықты
жағымды немесе жағымсыз сипатталғанымен, ол қандай жағдайда да жеке тұлға
болып қала береді.
Қылмыскерді қылмыс жасаған адамдардың ішінен белгілейді. Ол оның
жеке тұлғасының белгілі бір жағымсыз қасиеттерінің бар екендігінің
көрсеткіші болып табылады. Бұл қасиеттері қылмыскердің айналадағы
болмысқа тұрақты психикалық қарым – қатынасы туралы немесе оны басқа
адамдармен байланыстыратын қоғамдық қарым –қатынастар туралы айта
кететінімізге қарамастан, адамның жеке тұлғасының бар мағынасын ашып
көрсетпейді. Соған қарамастан, қылмыскердің жеке тұлғасы деген
түсініктің қолданылуға құқығы бар. Ол екі түрлі мағынада қолданылуы мүмкін.
Біріншіден түпкі түсінік ретінде, адамдардың белгілі бір түрлерін
сипаттайтын түсінік тәріздес. Екіншіден, қылмыс жасаған адамның жеке
тұлғасы туралы әңгіме қозғалатындығына сілтейтін түсінік.
Қылмыскердің жеке тұлғасы деген түсінікті (бірінші мағынасы) атап
кету керек – қылмыскерлердің жеке тұлғасын сипаттайтын кейбір ерекшеліктері
өздеріне тән болатындығымен байланыстырылады. Қылмыскердің жеке тұлғасы
кез – келген басқа адамдар тәрізді әртүрлі жағдайлармен сипатталады. Бұл
оның әлеуметтік байланыстары (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық және
т.б.); оның моральдық – саяси қасиеттері (өмірге көзқарасы, бағыттылығы,
наным – сенімдері, мүдделері); оның психологиялық белгілері мен
ерекшеліктері (ақыл парасаттылығы мен ерік – жігерлігі, эмоционалдық
ерекшеліктері, қажырлылығы); оның демографиялық және дене бітімі туралы
мәліметтері (жынысы, жасы, денсаулығының жай – күйі); соңында, – бұл оның
өмірбаяны, өмірлік тәжірибесі, білімі, оның қоғам алдындағы сіңірген
еңбектері мен айыптары. Қылмыскердің жеке тұлғасының қасиеттерінен
барлығының ішінен қылмыстық құқық үшін бәрі маңызды емес, сондықтан да
заңнама өзінің спецификалық тапсырмаларын шешу үшін жеке тұлғаның осы
белгілерінің белгілі бір топтарын таңдап алады. Қылмыстық құқық тарапынан
қылмыскердің жеке тұлғасын зерделеудің мақсаты – олардың ерекшеліктері
мен өзіндік белгілерін анықтау болып келеді, олар қылмыстық
жауапкершілікке тартуға негіздердің болуы туралы, қылмыстың деңгейі мен
жазалау шараларын тағайындау туралы мәселені шешуде ескерілуі керек.
Демек, адамды жекеленген монада ретінде қарастыруға болмайды, ол
қоғамнан бөлектенген, өздігінен қоғамдық болмыс, қоғамдық қарым –қатынастар
субъектісі болып табылмайды, ол қоғамның нақты мүшесі болып келеді.
Сондықтан да жеке тұлғаға тән қасиеттер туа біткеннен қалыптаспаған,
түпкілігіне келгенде, өмірдің материалдық жағдайларымен анықталады.
Тәжірибеде сот – тергеу органдарының барлық жағдайларда қылмыс
субъектісінің жеке тұлғасын анықтауға назар аудармайтыны көрсетілген. Бірақ
сот бірқатар қылмыс жасаған, сүйегіне сіңіп кеткен қылмыскердің және өзінің
кінәсінсіз құрылған жеке және отбасылық ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс субьектісінің белгілері
Қылмыс субьектісі туралы түсінік
Қылмыс субьектісінің түсінігі
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстың арнайы субъектісі
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері
Қылмыс құрамының ұғымы, белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы
Пәндер