Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қаржы және есеп кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Қаржы және есеп
кафедрасының меңгерушісі, э. ғ. к.
Мусаева А. А.
«» 2014 жыл
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАРСТЫРУ»
050900 Қаржы
Орындаған: сырттай оқыту бөлімінің
5 курс студенті А. С. Жылкышиева
Ғылыми жетекшісі: э. ғ. к., аға оқытушы
Г. Т. Ахметова
Норма - бақылау
Мониторинг және сапа
менеджмент бөлімінің менеджері: М. Кенжахметова
Атырау, 2014 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ . . . 6
1. 1 Банктік тәуекелдер негізі және оның жіктелуі . . . 6
1. 2 Несиелік тәуекелдер туралы түсінік . . . 13
1. 3 Несиелік тәуекелддерді басқарудың негізгі элементтері және оны талдаудағы шетел тәжірибиесі . . . 16
2 «ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ МЫСАЛЫНДА НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АЗАЙТУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ . . . 23
2. 1 «Халық банкі» АҚ тәуекелдерді басқару тұжырымдамасы . . . 23
2. 2 «Халық банкі» АҚ несиелік тәуекелдері және оларды азайту әдістерін талдау . . . 32
2. 3 «Халық банкі» АҚ клиенттерінің несиелік қабілетін несиелік тәуекелді азайту әдісі ретінде бағалау . . . 39
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ АЗАЙТУ ӘДІСТЕРІН ҚАРІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ . . . 47
3. 1 Несиелік тәуекелді азайту әдісі негізіндегі олардың қазіргі жағдайы . . . 47
3. 2 Банктің несиелік қоржынының диверсификациясы . . . 52
3. 3 Несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің алуан түрлі формаларын қолдану . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда несиелік тәуекелділіктің мақсаты республиканың дағдарысты жағдайдан шығу үшін экономикадағы туындаған түйінді проблемаларды шешудің жолдарын табуға, соның ішінде банк жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға келіп соғады.
Қазіргі кезде республикадағы банктердің жұмыс істейтін активтерінің негізгі бөлігін қысқа мерзімді салымдар құрайтын боғандықтан, банктер енжар инвестициялық саясат жүргізуге мәжбүр. Бұл өткен жылдарғы несиелердің ұдайы қайтарылмауына, сондай-ақ корпоративтік құнды қағаздардың іс жүзіндегі өтімсіздігі секілді объективті жағдайлармен байланысты. Мұндай жағдай экономканың тұрақтану мен отандық тауар өндірушілерді едәуір келеңсіз ықпал етеді.
Несие операциялары коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін біріктіреді, Біріншіден, банктің тұрақтылығымен сенімділігін жоғарлатуы олардың негізгі пайданы алуға әкеледі, ал несиелендірудегі сәтсіздік олардың ойсырауына және банкроттыққа әкеліп соғады. Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуда инвестицияны несиелендіруге жекеменшік және тартылған ресурстарды шоғырлауға шақырылады. Үшіншіден, бұл істі табысты жүзеге асырғанда оның қатысушыларына: несие ұйымдарына, несие алушыға және барлық қоғамға пайда әкеледі.
Барлық экономикалық субъектілер, оның ішінде несие ұйымдары табыстылықпен инфляцияның төмен жағдайында жағдайында адаптация процесін күйзеле басынан кешіреді.
Несиелік талдау дегеніміз - қаржы операциясында ірі тәуекелділік деңгейін айқындау процесі, ол несие алушының қаржылық мәліметтерін қарастырудан және оның сипатынан субъективтік баға беруден тұрады.
Клиенттің несие сұраған өтініші түсісімен-ақ банк қызметкерлері сол несиенің пайда беру мүмкіндігімен тәуекелділік деңгейі қандай болатынын айқындау мақсатымен қолда бар ақпаратқа егжей-тегжейлі талдау жасайды. Түптен келгенде, несиелік талдаудың өзі борыштың төленбеу мүмкіндігіне жасалатын талдау болып шығады.
Бүгінде несие алушының қарызын өтеу қабілетін талдау банк қызметінің негізіне айналып келеді. Әзірге банк активтерінің құрылымында несие операциялары жетекші орында тұр. Бір жағынан, табыстың ең елеулі бөлігі банк несиесі арқылы келеді. Сонымен бірге несиенің уақтылы қайтарылмауы мүмкіндігіне байланысты ол ең үлкен қауіп көзі екендігіне де ешқандай дау жоқ.
Осы несиелік тәуекелділікті басқару және талдау тақырыбындағы курстық жұмысымда, банктік тәуекел классификациясы, несие тәуекелділікті төмендету шараларын және несие тәуекелділіктерін қарастырдым.
Диплом жұмысын жазуда коммерциялық банктердің халыққа қызмет көрсету проблемасының маңыздылығы “Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру” тақырыбын таңдауға себепші болды.
Сондықтан мақсатым бұл тақырып, өзектілігін жоймайды деп айта отыра, осы мәселелерді нақты іс жүзінде іске асырудың қиыншылығына, күрделілігіне, тиімділігіне көз жеткізу болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстырудағы шешілу керек мәселелер. Оларды ұйымдастырып іске асыру күрделілігі тек қана банк қызметі заңдылықтарын жете меңгерген, әлемдік жүйе үшін кадр дайындауға қатысады, банк жұмысшыларына әдітемелік көмек көрсетеді.
Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері және «Халық банкі» АҚ болып табылады.
Зерттеу пәні коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру жүйесі.
Диплом жұмысымның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- Несиелік тәуекелдердің жітелуін, басқарылуын, әдістерін, құрылымын, сонымен қатар банктің клиенттеріне байланысты тәуекелдер, пассивтік және активтік операциялар тәуекелдері негіздерін қарастыру;
- Несиелік тәуекелдерге байланысты сұрақтарды шешуде жаңадан тәжірибиелерді алуы;
- Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстырудың және шетелдік тәжірибені қолданудың жолдарын табу.
Диплом жұмысы тақырыбының зерттеудің әдістемелік негізін жалпығылыми таным әдістері: диалектикалық, қисындық әдістер, құжаттарды зерделеу құрайды.
Зерттеудің теориялық негіздері болып әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғылымдардың, экономистердің, банк мамандардың монографиялары мен баспасөз мақалалары, коммерциялық банктерде несиелік тәуекелдер ретіндегі басқару жүйесін реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.
Диплом жұмысы тақырыбының зерттелу деңгейі. Осы жұмыстың ғылыми аспектілері отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарын зерттеу, талдау және қайта ой-елегінен өткізу негізінде қалыптасқан.
Ғылыми жұмыста көрсетілген төмендегідей шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері (О. И. Лаврушин, В. А. Кудрявцев, Е. В. Кудрявцева, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Э. А. Уткин, Е. Б. Ширинская және т. б. ) және отандық экономист-ғалымдардың (Ғ. С. Сейітқасымов, Н. Н. Хамитов, Ұ. М. Искаков, О. Б. Баймұратов, Ш. Р. Әбділманова, Г. Т. Қалиева, С. Б. Мақыш, Л. П. Корнилова, И. Новиков және т. б. ) еңбектері пайдаланылды.
Банк қызметінің несиелік тәуекелдері оларды талдау және басқарудың ақша-несие жуйесінің құрамдас бөлігі ретінде ресейлік ғалымдардың: И. В. Ларионова, О. И. Лаврушин, В. М. Усоскин, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробова, М. А. Поморина, Ю. С. Масленченков, Н. Е. Егорова, И. Т. Балабанов, И. А. Бланк, Е. С. Стоянова, В. В. Ковалев, В. И. Колесников, О. М. Марков, Е. Ф. Жуков, Э. А. Уткин, Е. Б. Ширинская, О. В. Ефимова, В. В. Ковалев және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазақстанның қазіргі экономикалық даму жағдайында банк қызметінің несиелік тәуекелдері оларды талдау және басқару жүйесінің теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: Ғ. С. Сейітқасымов, О. Б. Баймұратов, Н. К. Кучукова, Ш. Р. Әбділманова, К. Ш. Дүйсенбаев, А. Б. Зейнелғабдин, Ұ. М. Искаков, Р. Е. Елемесов, С. Ж. Интыкбаева, С. С. Арыстанбаева, Н. Н. Хамитов, З. Д. Искакова, Ә. Д. Шелекбай, Г. Т. Абдрахманова, А. А. Мусина және т. б. еңбектерінде кездеседі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу салыстыру әдістерін қолданумен және статистикалық бағалауды ескерумен жүйелік және факторлық талдау қағидаларымен жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру сапасын жақсартуға, сондай-ақ оның тиімділігін жоғарылатуға бағытталған міндеттер кешенін шешу қажеттілігі мәселесін қарастыру және оны теориялық негіздеу болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық маңыздылығы экономикалық-әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жолындағы коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру проблемаларын шешуді жүзеге асырудың қазіргі заманғы қағидалары еліміздің алға қарай даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі қаржылық мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген болжамға негізделген.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру жолдары анықталып ұсынылған. Оның негізгі ережелерін, қорытындылары мен ұсыныстарын іске асыру банкті басқару аппаратына (ішкі бақылау жүйесіне) тәуекелдердің алдын алу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банк жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға және сенімділігін қолдауға ықпал етеді.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.
Диплом жұмысының көлемі. Дипломдық жұмыс компьютерде терілген 68 бетте, оның ішінде 10 кестелер, 1 суреттер, 3 қосымшада баяндалған.
1 НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕР МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1. 1 Банктік тәуекелдердің негізі және оның жіктелуі
Тәуекелділік - бұл әрбір өндірушінің қызметінің, соның ішінде банктің сәтсіздігі жағдайында мүмкін болатын жағымсыз жағдайының сипаттамасы [1] .
Тәуекелділік берілген несие бойынша төлем төлемеуден пайда болатын шығындар және пайдадан айырылып қалу және қайта балансталмаған операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру немесе ресурстық базаның қысқаруы сияқты күтпеген нәтижелерді алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл жерде тәуекелділік деңгейі неғырылым жоғары болса соғырылым жоғары пайда табу мүмкіндігі жоғарыламайды. Содықтан бір жағынан, әрбір өндіруші тәуекелді минималдауға және бірнеше алтернативтік шешімдер арасынан тәуекелділік деңгейі минималдысын таңдайды, басқа жағынан табыстың іскерлік белсенділігі дәрижесін және тәуекелділік деңгейінің оптималды арақатынасын таңдау қажет. Тәуекелділік деңгейі ұлғаяды, егер:
- проблеманы аяқ астынан туындауы;
- банктің бұрынғы тәжірибиесіне сәйкес келмейтін қабылданған жаңа шешімдер.
- басшылар қаржылық шығындарға әкелетін жылдам және қажетті шараларды қолдана-алмайтын жағдайда (қосымша және қажетті пайданы алу мүмкіндігінің нашарлауы) .
- Банктіың қызмет тәртібінің және аяқталмаған заңдарының нақты және оптималды ситуацияда шешімдерді қабылдауға қарсы болады.
Шын мәнінде, банктегі барлық банктік операциялар тәуекелділікке тәуелді болып табылады. Қазақстанның коммерциялық банктеріндегі тәуекелділіктерді талдау жүйесіне келесідей қорытынды жасауға болады:
- Ұйымның қаржылық жағдайының қалыпсыздығына, өндірістің құлдырауына, сонымен қатар шаруашылық байланыстарының жоғарлауымен көрінетін экономикалық дағдарыс жағдайы.
- Саяси жағдайлардың қалыпсыздығы.
- Банктік жүйенің құрылуының аяқталмауы;
- Кейбір заң актілерінің жетілмеуі және болмауы, нақты болып жатқан ситуацияның және құқықтық базаның арасындағы сәйкессіздік.
- Гиперинфляцияға өтіп жақтан инфляция.
Берілген жағдайлар банктік тәуекелдер және оларды зерттеу әдістерінен туындайтын өзгерістерді қарастырады. Тәуекелділік теориясының дамуымен бірге оларды талдау әдістері және методологиясы дамуда.
Банктік тәуекелдерді талдаудың келесідей методологиясының негізгі этаптарын көрсетуге болады [2] :
- Банктің қызметінде, өзінің партнерларының, контрагентерінің, клиенттерінің, жеткізушілерінің қызметіндегі анықталған және жинақталған тәуекелдерінің қандай да бір түрінің деңгейін талдайтын барнктің спецификасы және түрі.
- Тәуекелдер жиынтығына және бөлек тәуекелдеріне әсерін талдау ортасы.
- Есептеу әдісі, абсолютті және белгіленген аутқуларды талдау деңгейі.
- Нақты және талданатын тәуекелділіктерді басқару мүмкіндігі.
- Тұтастай жағдайлардың тәуекелділігін басқару әдістері және құралдары.
- Ұсынылған және талданған нәтижелердің тиімділігін бағалау.
Жиынтық тәуекелділікті немесе тәуекелділік түрінің нақты деңгейін сандық анықтау және өлшеу маңызды болып табылады. Уақыт бойынша тәуекелділікті ретроспективалық, ағымдық және перспективалық деп бөледі. Ретроспективалық тәуекелділікті талдау перспкетивалық және ағымдық тәуекелдерді нақты болжауға мүмкіндік береді [3] .
Банктің тәуекелділігін дәрижесі бойынша кіші, орташа және толық деп бөлуге болады.
Қарастырылған 1 суретте банктің тәуекелдерінің негізгі түрлері көрсетілген. Банк өзінің қызмет бабында өзінің пайда болу орны бойынша ерекшеленетін түрлі тәуекел түрлерінің жиынтығымен түйіседі. Бұдан басқа барлық түрдегі тәуекелдер бір-бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді. Бір тәуекелділік түрінің өзгеруі барлық түрдегі тәуекелділіктің бұзылуына әкеледі. Бұнын бәрі нақты тәуекелділік деңгейін талдау әдісін таңдауды және оның қабылданған шешімдер бойынша оптимальдылығы басқа да көптеген тәуекелділік факторларына тереңдетілген талдау жасауына әкеледі. Сондықтан оптималды факторларды алу, нақты талдау әдістерін таңдау және олардың деңгейі өте маңызды.
Банктік тәуекелдердің пайда болу факторларының негізі бойынша саяси және экономикалық болып бөлінеді.
Саяси тәуекелділік - бұл тәуекелділік кәсіпорынның қызмет (шекараны жабу, басқа елдерге тауарды шығаруға тиым салу, елдің территориясында әскери қозғалыстар) нәтижесіне жағымсыз әсер ететін саяси жағдайлардың өзгерістеріне байланысты болады.
Экономикалық тәуекелділік - тәуекелділік елдің экономикасындағы немесе банктің өзіндегі экономикалық жағымсыз өзгерістерге байланысты болып табылады. Бұл негізгі тәуекелділік түрлері бір-бірімен байланысты және бұларды ылғида тәжірибиеде оларды бөлу біршама қиын. Өз кезеңгінде саяси және экономикалық тәуекелділіктер ішкі және сыртқы болуы мүмкін.
Сыртқыға банк қызметіне және оның қарым-қатынас аудиториясына (қарым-қатынас аудитория бұл нақты банк қызметінде іске асатын немесе потенциалды қызығушылығын қарастыратын заңда және жеке тұлғаларды әлеуметтік топтарды білдіреді) тікелей байланыссыз тәуекелділік жатады. Сыртқы тәуекелділік деңгейіне өте көп факторлар әсер етеді: саяси, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, географиялық және т. б.
Ішкі тәуекелдерге банктің қызметіне және оның клиенттеріне немесе нақты контрагенттеріне байланысты тәуекелділіктер.
Ескерту: Новиков И. А. Стратегия управления банковскими рисками, Алматы Каржы-каражат, 1998г. С12 алынған.
Сурет 1 - Банктің тәуекелдерінің жинап қорытылған схемасы
Банктік тәуекелдер дәрижесін төмендету - бұл айырылып қалу (қаражаттан) көлемін және мүмкіндігін қысқарту болып табылады. Банктің тәуекелдерінің басқару негізі тәуекелділік дәрижесін төмендету негіздерінен құралады. Банктік тәуекелдерді басқару әдістері мен принциптеріне мыналар жатады [4] :
- Диверсификация - бұл тәуекелділікті төмендету мақсатымен байланысссыз, әртүрлі объектілерге капитал салу арасында инвестицияланатын қаржыларды бөлу процесі. Тәуекелділік диверсификациясы қаражаттарды салалар, аумақтар, мерзімдер бағыттары бойынша қолданылуы мүмкін[] .
- Сапаны басқару- проблеманың қиын болмастан бұрынғы білікті менеджерлердің оны шеше алу мүмкіндігі.
- Лимиттеу - бұл лимитті құру, яғни несиелеу, шығындар және т. б. суммаларының шегі.
- Өзін-өзі сақтандыру - әртүрлі сақтандыру қорларының құрылуы.
- Нәтижелер және таңдау туралы қосымша ақпараттарды алу - нақты болжам жасауға мүмкіндік береді, яғни салымдар нәтижелері анықталмаған және ақпараттың шектігіне негізделген болған жағдайда қаржылық менеджерге үнемі тәуекелділік шешімдерді қабылдауына тура келеді.
Банк операцияларына байланысты тәуекелділікті ғылыми түрде басқарудың маңызды міндетті операцияларды жүргізу мүмкіндігін төмендететін немесе тәуекелділік деңгейін тез арада төмендетуді қарастырады.
Банк операцияларына байланысты тәуекелділік балансталған және балансталмаған болып бөлінеды, ал олар активті және пассивті операция тәуекелдігіліне бөлінеді.
Пассивті операциялар тәуекелділігі. Бұл тәуекелділік түрімен банк өзінің активтік операцияларын реттеп отырады. Коммерциялық банктердің Пассивтік операциялар - бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активтіпассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды [5] .
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банктін ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 % - ы өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады [6] .
Банктің меншікті қаражаттары - банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету ьұрақтылығын қамтамасыз ететің әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
- банктің жарғылық капиталы;
- банктің резервтік капиталы;
- қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
- сақтандыру резервтері;
бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы - банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүрунің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалық нормативтермен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екіұйымдық формаларда құрыла алады:
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
- акционерлік банк;
- шетел капиталының қатысумен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айтылық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша дивидендтер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша девидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі [8] .
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде, несиелік операциялардың 90 % - ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтын тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай - ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
I топ - депозиттер;
II топ - депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалына алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұнадай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz