Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Қаржы және есеп кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Қаржы және есеп

кафедрасының меңгерушісі, э. ғ. к.

Мусаева А. А.

«» 2014 жыл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ»

050900 Қаржы

Орындаған: сырттай оқыту бөлімінің

5 курс студенті Л. Р. Кожахметова

Ғылыми жетекшісі: э. ғ. к., аға оқытушы

Г. Т. Ахметова

Норма - бақылау

Мониторинг және сапа

менеджмент бөлімінің менеджері: М. Кенжахметова

Атырау, 2014 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7

1. 1 Лизингтің мәні, міндеттері және ерекшелігі . . . 7

1. 2 Лизингтік операциялар мәне және олардың сыныптамасы . . . 16

1. 3 Банктерде лизингтік операцияларды жүргізудегі әдістемелер . . . 26

2 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ . . . 32

2. 1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі

лизингтік қызметтер жағдайын талдау . . . 32

2. 2 Лизингілік операцияларды ұйымдастыру және оларды жүргізу техникасын талдау . . . 47

2. 3 Коммерциялық банктердегі лизингтік төлемдерді есептеуді талдау . . . 51

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ДАМЫТУ МЕХАНИЗМІ . . . 56

3. 1 Бәсекелестік жағдайындағы лизингтің даму проблемаларын шешу жолдары мен перспективасы . . . 56

3. 2 Қазақстандағы коммерциялық банктердің лизингтік операциялары қызметін жетілдіру механизмі . . . 64

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелестік елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі - Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады.

Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.

Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.

Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шаралары бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.

Лизингтің дамуы үшін қолайлы макроэкономикалық және нормативтік ахуалдың болуы қажет. Экономикалық қатынастар тұрғысынан алғанда лизинг бұл өндіріске капитал инвестициялауға байланысты банктің қаржылық қызметтерінің біріне жатады.

Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған агроазық-түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып дамып отыр десе болады.

Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады.

Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.

Лизинг - шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.

Біздің ойымызша, отандық банктердің лизингтік компаниялары арқылы лизингті қаржыландырумен қатар банктер өздерінің де лизингтік операцияларын дамытуға көңіл аудару қажет.

Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту және жетілдірудің маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.

Ендеше, коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту барысындағы жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отырғаны және олардың отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей келуі, осы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту мәселелерін теориялық тұрғыдан оқып-білу, оның Қазақстандағы лизингтік қызмет көрсету нарығын дамытуға байланысты талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты болып және оның басты міндеттерін анықтап отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - лизингтік қызмет көрсету нарығында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытудың қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.

Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі болып табылады.

Зерттеу пәні коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар болып табылады.

Дипломдық зерттеу жұмысының көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • «банктердің лизингтік операциялары» ұғымын нақтылау;
  • банктердің лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
  • шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын зерделеу;
  • ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығындағы коммерциялық банктер қызметтерінің жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
  • коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытуы арқылы экономиканың шағын және орта бизнестің дамуын қаржыландыру әдістерін жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • коммерциялық банктер қызметіндегі лизингтік тәуекелді басқару әдістерін қарастыру.

Диплом жұмысы тақырыбының зерттеудің әдістемелік негізін жалпығылыми таным әдістері: диалектикалық, қисындық әдістер, құжаттарды зерделеу құрайды.

Зерттеудің теориялық негіздері болып әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғылымдардың, экономистердің, банк мамандардың монографиялары мен баспасөз мақалалары, коммерциялық банктерде лизингтік қыметінің тиімділігін реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы жұмыстың ғылыми аспектілері отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарын зерттеу, талдау және қайта ой-елегінен өткізу негізінде қалыптасқан.

Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Т. Кларк, В. Хойер, М. Гордон, В. Д. Газман, В. М. Джуха, Е. Кабатов, Е. Н. Чекмарев, В. А Перов, П. А. Анреев, О. И. Лаврушин, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Е. Б. Ширинская және өзгелер.

Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: К. Ә. Сағадиев, Қ. О. Оқаев, Ғ. С. Сейітқасымов, У. М. Искаков, Н. Н. Хамитов, Ж. О. Ихданов, А. С. Смағұлов, Т. Ә. Есіркепов, С. Б. Мақыш және т. б. еңбектерінде кездеседі.

Тақырыптың деректік көзі ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.

Коммерциялық банктердің лизингтік қызметін зерттеу белгілі экономистердің еңбектерінде әр жақты құбылысты байқатып отыр. Сондықтан да, банктердің лизингтік қызметінің түсініксіз мазмұны және оның қаржылық-несиелік аспектілері, сондай-ақ оның қызмет етуі барысындағы орын алатын өзекті мәселелері және оларды ғылыми тұрғыдан оқып білу, бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын анықтауға негіз болды.

Зерттеу әдістері. Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды. Осының негізінде коммерциялық банктерде лизингтік операцияларды жүзеге асырудың қазіргі заманғы қағидалары еліміздің алға қарай даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген болжамға негізделген.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:

  • «лизинг» және «қаржылық лизинг» терминдерінің ұғымы авторлық көзқарас тұрғысынан нақтыланды және лизингтің жаңа функциялары мен белгілері ұсынылды;
  • кешенді талдау арқылы қаржы лизингінің несиелік аспектілері жүйелендірілді;
  • Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының қызметінің дамуына әсер етуші факторлар айқындалды;
  • лизингтік мәмілелердегі тәуекелді басқару әдістерін жетілдірудің жолдары ұсынылды;
  • Қазақстандағы лизингтік операциялардың болашақтағы даму бағыттары айқындалды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығына қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Практикалық маңыздылығы дипломда жасалған қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының несиелік қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.

Жұмыстың жалпы бағыттары мен зерттеу логикасы дипломдық зерттеудің ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды. Практикалық базасы - зерттеу жұмысының ғылыми негізделген тұжырымдары мен ұсыныстары «БТА ORIX Лизинг» АҚ және «Темірлизинг» АҚ лизингтік компанияларының қызметтеріне енгізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыс көлемі. Дипломдық жұмыс 76 беттен, оның ішінде 8 кесте, 18 сурет тұрады.

1 ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Лизингтің мәні, міндеттері және ерекшелігі

Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарылату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг несиенің бір түрі ретінде кәсіпорындарға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді [1] .

Лизингтің көмегімен қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді сатып алуға, күрделі қаржы жұмсамай пайдалануға болады. Яғни ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны, көлік құралдарын және т. б. сатып алуға болады. Бұл шаруашылық етуші субъектілерге өндіріс шығындарын қысқартуға және олардың кәсіпорындарының тұрақты дамуына қажет ететін едәуір ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан лизинг өзінің беретін мүмкіндіктері мен әкелетін пайдасы болғандықтан, кәсіпкерлік үшін бұл қызмет саласында кәсіпкерлік қызмет пен бизнестің маңызды түрі болып табылады. Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелес қабілеттілігін арттырудың басты факторының бірі бола алады.

Нарықтық экономика дамыған елдерде лизинг шарттарына өндірістік құралдардың барлық түрлері, әсіресе, машиналар мен қондырғылар, олардың саны мен құны шектеулі сатып алынады. Сонымен бірге лизингілік қызметтер бұл елдерде кең тарауда және басқа елдердің территориясында лизингілік қызметтің дамуына және қалыптасуына әсерлерін тигізіп, ұлттық шекарадан шығуда.

Лизинг біздің елде 1989 жылы банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. 1990 жылы бұрынғы Қазақ ССР Госснаб кезінде жасалынған «Прокат (ежіре) және лизинг 95» жүйесінде прокатты және лизннгті дамытудың мақсатты бес жылдық бағдарламасын іске асыратын алғашкы лизингілік құрылымдар пайда болды. Бұлар лизингілік операцияларды іске асыратын коммерциялық банктік мекемелерді және машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын-ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингілік фирмалар болды [2] .

Лизинг дегеніміз - қаржылық жалдау бойынша жалға алушының мүлікке деген қысқа және ұзақ мерзімдік қажетін жалға берушінің есебінен қаржыландыру жөніндегі операциялар. Ол меншік иесінің мүлікті иелену және пайдалану немесе тек қана пайдалану құқығын шартты негізде лизинг бойынша жалға берушіде сақталып қалады. Лизинг жалдаудың бір түрі деген анықтамамен түсіндірілмейді. Өйткені лизинг құқықтық, мүліктік және қаржы қатынастарының жиынтығы, ал жалдау сол қатынастардың құрамдас бөлігі ғана.

«Лизинг» ұғымын құрайтын жоғарыда аталған қатынастар жиынтығы қазіргі қолданыстағы заңдармен толық реттелмеген. Сондықтан республикада лизингтің дамуы үшін салық, кеден, қамсыздандыру заңдарына және басқа заң актілеріне өзгерістер енгізу қажет. Лизингтің артықшылығы осындай операцияларға қатысушылардың әрекет-қарекеті нақты белгіленген дәйекті құқықтық негіз болғанда ғана жүзеге асады. Сонымен бірге лизинг, негізінен, инвестицияларды қаржыландыруға арналғандықтан, заңдарда инвесторларға инвестициялық жеңілдіктер көзделуі тиіс.

Лизинг 1960 жылдары Европаға американдық кәсіпкерлермен келген американдық жаңалық болып есептеледі. Бірақ кейбір авторлардың айтуынша Англияда пайда болған, кейін Солтүстік Америкаға және одан кейінірек өзгеріп, ХХ ғасырдың екінші жартысында Европаға қайтадан келген. Әлемдік тәжірибеде лизингтің дамуы лизингтің сауда саясаты ғана емес, сонымен бірге қызмет түрі болған арнайы лизингтік компаниялардың құрылуына әкелді. 1952 жылы Солтүстік Америка, Сан-Францискода “United States leasing corporation” деп аталатын алғашқы лизингтік қоғам пайда болды. Осылайша АҚШ жаңа бизнес түрінің отаны болды. Американдық лизингтің әкесі деп Генри Шонфельдті есептейді. Ол бұл-қызмет түрінің болашақта мүмкіндігі өте жоғары екендігіне тез көзі жеткен [4] .

АҚШ коммерциялық банктері 60 жылдардың басында лизингтік операцияларға қатыса бастады. Лизингтік бизнестің дамуы 1971 жылы Федералды резерв жүйесінің басқару кеңесінің банктерге құрал-жабдықтарды, кейінірек жылжымайтын мүліктерді жалға берумен айналысатын еншілес фирма құруға мүмкіндік беретін шешім қабылдауына септігін тигізді [5] .

Европалық лизинг әр түрлі болғаны соншалық, көптеген Европа елдерінің заңдылықтарында оған анықтама беру үшін терминдер қолданылған. Мысалы, Франция, Бельгия, Италияның лизингке байланысты заңдық актілерінде сәйкесінше келесідей терминология қолданылған: несие-жалға беру (credit-bail), жалға беруді қаржыландыру (location finance), қаржылық жалға беру операциялары. Бірақ Европада лизингтік операциялардың белсенді өсуіне азаматтық, экономикалық, сауда, қаржылық заңдылықтар тұрғысынан оның статустық дұрыс анықталмауына кері әсерін тигізді. 70 жылдардың басында немістер Европаның неміс халық елдерінде лизингтік келісім-шарттың құқықтық статусын бекітті. Бұл фактор лизингтік қызметтің жедел өсуіне өз әсерін тигізді. Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания “Локафранс” 1982 жылы құрылды, ал төрт жыл өте олардың саны 50 асты. 1987 жылы жылдық келісімшарт көлемі 57 млдр. франк, жылжымайтын мүлікпен операцияларға (негізінен машина, құрал-жабдықтар, көлік құралдары) маманданған 56 лизингтік компания және жылжымайтын мүлікпен операцияларға (ғимараттар және өндірістік құрылғылар) маманданған 94 лизингтік компания болды. Француз мемлекеті оны аймақтық саясатының бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, компанияға қызметіне көмек көрсетіп отырған. Лизингтік компанияның қызметін ынталандыру салықтан босату, арнайы қорлар құру арқылы жүргізілді. Францияның ең ірі лизингтік компаниялары болып “Локафранс”, “Слибай”, “Локабай”, “Софимобай”, “Слиминоко” және басқалары табылады.

Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылса да, жалға беру бойынша операциялардың неғұрлым жедел өсуі 70-80 ж. ж кейін басталды. Италияның ерекшелігі, жалға беру мекемелерінің көптігінде. 80 жылдардың екінші жартысында, елде көп бөлігі орта және шағын кәсіпорындарға жатқызылатын 2000 жуық лизингтік компаниялар қызмет етті. Олардың ішінде Ұлттық ассоциация “Асимаға” мүше 50 ең ірі лизингтік компаниялар болды. Бұл кезеңде 10 ең ірі италияндық фирмаға барлық операциялар көлемінің 80 % келді. Елдің лизингтік компаниялары- “Локафит”, “Итализ”, “Гентрализинг”, “Савализинг”, “Локат” 30 мыңнан астам кәсіпорындарға қызмет көрсеткен.

Қазіргі уақытта әлемнің лизингтік рыногының негізгі бөлігі “АҚШ-Батыс Европа-Жапония” үшбұрышында шоғырланған. Батыс европада 75-80 % көлемінде банктермен бақыланатын немесе олардың еншілес қоғамы болып табылатын арнайы лизингтік компаниялар жалға берушілер болып табылады.

Жапонияда лизингтік операциялар қызметтерді қаржыландырудан сату-сатып алу, лизинг, қарыздан тұратын “қызметтер кешенін” көрсетуге дейін кеңейтілген. Бұл қызмет түрлері кешенді лизинг деген атқа ие болған [6] .

Лизинг қызметінің халықаралық рыногы неғұрлым тез дамыған рынок болып табылады. Сарапшылардың бағалауы бойынша 1988 жылдың басында лизингтің көмегімен 250 млрд. доллар негізгі құралдар сатылса, ал 1979 жыл бұл көрсеткіш тек 50 млрд. долларды құраған. 1990 жылдары машиналар мен құрал-жабдықтарға капитал салудың жалпы сомасы АҚШ-25-30 %; Англия, Франция, Швеция, Испанияда- 13-17%; Австрия, Дания, Норвегияда- 8-10 %; Жапонияда- 8-10 % құраған [7] .

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы “Белл Телефон Компани” деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. “Юнайтед Стейс лизинг корп. ” атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы “Дойче лизинг ГМбХ” деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді. Қазіргі уақытта халықаралық лизингтік институттарды құру кең етек алуда. Европалық лизинг қоғамының бірігуі 17 европалық мемлекеттер қоғамынан тұрады [8] .

Ресейде лизинг түсінігі екінші әлемдік соғыс кезінде енген, яғни 1941-1945 ж. ж. leand-lease американдық техниканы әкелуімен байланысты жүзеге асқан.

Біздің елімізде қолданылатын лизинг түрімен қоса, әлемде лизинг құрал-жабыдықтарымен бірге астық лизингі, жұмыс күші лизингі және көптеген түрлері қолданылады, сондықтан бұл экономикалық қатынастардың болашағы біздің елімізде өте жоғары.

«Лизинг» ұғымы шетелдік және отандық әдебиеттерінде және кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде жеткілікті көлемде қарастырылады. Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілерін иеленеді. Орташа есеппен алғанда, қазіргі уақытта, экономикалық және заң бойынша әдебиеттерде лизингтің жүзден аса анықтамасы бар. Бұл «лизинг» ұғымының тар, аралық және жалпы мағынасы есебінен келесі қасиеттерін көрсетуге болады (Кесте 1) :

Кесте 1- «Лизинг» ұғымының негізгі қасиеттері бойынша мағынасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтік төлемдерге банк комиссиясын үнемдеу
Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
Екінші деңгейлі банктердің актив операцияларын дымыту
ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығы және лизингтік төлемдер мен олардың түрлері
Лизинг операцияларының техникасы
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Нарық жағдайында инвестициялық жобаның тиімділігін талдау және бағалау
Лизинг операциялары жайлы
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz