Оқушыларға экологиялық білім беру және тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Курстық жұмысты Оқыту барысында оқушылардың экологиялық білім беру мен тәрбиелеу қарастырылған.

Курстық жұмыс 30 беттен, кіріспеден, 2-тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс компьютерлік текстпен берілген. Пайдаланылған әдебиеттер саны 16.


Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 5

І. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ

1. 1. Экологиялық білім мен тәрбиенің дидактикалық шарттарын әзірлеу . . . 6-11

1. 2. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну . . . 11-18

ІІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕКТЕПТЕРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ҚАЖЕТ

2. 1. Экологиялық білім мен тәрбие табиғат ресурстарын тиімді

пайдалану . . . 18-20

2. 2. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі . . . 20-28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптасыру - адамның мінез - құлқы мен іс - әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Ендеше осы аса құнды екі құжатты басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, өиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарөылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

Зерттеу жұмысының объектісі: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру процесі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориясымен танысу

Курстық жұмыстың міндеті:

1. Мектеп оқушыларына экологиялық білімін инновациялық технологияларды пайдалана отырып арттырудың теориялық негізін айқындау.

2. Оқушылардың экологиялық білімін арттырудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.

3. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну.

І. Оқушыларға экологиялық білім беру және тәрбиелеу

1. 1. Экологиялық білім мен тәрбиенің дидактикалық шарттарын әзірлеу

Экологиялық білім дегеніміз - табиғатты қорғау саясаты. Ал адамзат баласы қол жеткізген жетістіктер түрі саналуан десек, солардың барлығын біріктіріп, біртұтас жаңа жүйеге жинақтап отырған сала - экология екендігінде дау жоқ. Экологиялық мәселелердің туу көзінің өзі әлеуметтік - экономикалық факторлар болып отыр.

Қалай болғанда да жоғары экологиялық сауаттылық әрбір адам баласынан талап етілмек. Экологиялық тазалыққа қамқорлық жасау үлкеннің де, кішінің де азаматтық борышы екендігін ескеруіміз қажет.

Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесі кішкентай бүлдіршіндер баратын балабақшадан басталып білікті маман даярлайтын оқу орындары деңгейімен айқындалса, құба - құп. Бұл тұста экологиялық міндеттерді нақты бақылауға алу, ұйымдастыру, орындау кез келген өндірістік немесе қоғамдық ұйымды басқарушыларға қойылатын талаптар арқылы негізделуі қажет - ақ.

Қазіргі кезеңде ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім стандартын, оқытудың озық технологияларын, экологиялық білім негіздерін оқыту үрдісіне енгізу білім беру жүйесін дамытудың негізі болып табылады. Сол себепті экономикалық сана мен экологиялық мәдениеттілікті мектеп жасынан қалыптастыру үшін кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін оқыту кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру - кезек күттірмес міндеттердің бірі.

Экология пәнін оқыту экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге, қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді. Жалпы білім беретін мектептерде және жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру жайын ғылыми - әдістемелік тұрғыда талдап, үздіксіз экологиялық білім беру мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын, дидактикалық негіздерін жолға қою керек. Оқушылардың үздіксіз, бағдарлы, сапалы білім жүйелерінің бір - бірімен сабақтастығы сақталуы тиіс.

Оқушылардың экологиялық сауаттылығын, мәдениетін, танымдық белсенділігін арттыру үшін оқытушының білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен ықпал жасайды.

Экологиялық білім мен тәрбиенің дидактикалық шарттарын әзірлеу және оны жетілдіру мәселелеріне Егинисова А. К., В. П. Карыбжанова, Г. М. Сабденова, Т. И. Тарасованың зерттеу еңбектері арналған.

Елбасы Н. Назарбаев қалыптасқан дәстүр бойынша 2006 жылғы 1-ші наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында. Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер-Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін төртінші басымдықтың маңызы ерекше. «Қазіргі білім беру жүйесін дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі».

Соңғы 10 жыл ішінде жоғары білім беру жүйесінде шешімін күткен мәселелер аз емес. Жоғары оқу орындарының саны тез өскенімен, жалпылай алғанда көпшілігінің материалдық-техникалық, кадрлық, оқу-әдістемелік базасы әлі де жеткіліксіз. Университеттердің оқу әне тұрақты оқу құралдарымен толық жабдықталмаған. Кейбір мамандықтар бойынша мемлекеттік тілде оқулықтардың және ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің тапшылығы байқалады. Соңғы жылдары экология саласының мамандықтары аса қажетті мамандықтар қатарынан орын ала алмай келгені бәрімізге белгілі. Енді міне, экономика мен өндіріс дамуының өрлеуіне және аталған мамандықтарға бөлінген грант пен несие санының өсуіне байланысты жағдай мүлде өзгерді. «Ғылыми потенциалдың дамуы, - делінген Жолдауда, -қолданбалы ғылымды өндіріске, бизнеске мейлінше жақындату бағытында жүруі қажет».

Жолдауда орта және орта кәсіптік білім беруді реформалаужоспарына жаңа пәндер кіргенімен, олар қажетті мөлшерде типтік бағдарламамен жға ерекше көңіл бөлінген. Соңғы уақытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу туралы көп айтылып, бұқаралық ақпараттық құралдарда көп талқылануда. Алайда субъективті фактор, оқушының потенциалдық мүмкіндіктері ескерілмейді. Жолдауда бұл мәселе накты айқындалған: жоғары білім алғысы келетіндер үшін 12 жылдық білім берудің жобасын ұсыну кажет, ал кәсіптік білім алғысы келетін оқушылар үшін 10 жылдық орта білім жүйесін қайта қарастырған жөн.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, 11-12 сынып оқушылары мектеп қабырғасында-ақ болашак кәсібін, нақты мамандығын таңдап, білім алу кеңістігін айқындайды. Істің бұлай ұйымдасуы жоғары сынып оқушыларын жоғары оқу орнында кредиттік жүйемен оқуға, элективті пәндерді талдау арқылы білім алудың өзіндік, жеке жобасын құруға дайындық болады. Қазіргі таңда дипломды мамандар шамадан тыс көп, соған қарамастан өндірісте жұмысшы қолы жетіспейді. Басқарушы көп, білікті маман аз. 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру сапасын арттыруға бағытталған межені Президент өз Жолдауында әдемі тарқатып айтты. Он жылдықты бітірген оқушы одан әрі кәсіптік-техникалық білім алып, отбасын құруға бет бұрса, бұған біздің қарсылығымыз жоқ, жастардың бәрі жоғары оқу орнына деген талап қоймаймыз, деді Президентіміз.

Көңіл қойып қарасақ, Қазақстан Республикасы Президентінің әр жылдардағы Жолдауларының арасында өте тығыз байланыс бар. 2004 жылғы Жолдауында: «Ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі тікелей оның білім беру деңгейімен анықталады», - десе, 2005 жылғы Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Білім деңгейін жетілдіріп, дамытпаған ел XXI ғасырда жоқ болып кетуі ықтимал». 2006 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы кабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», - деп қадап айтты.

Аса дарынды, қабілетті жастар ғана жоғары білімге құлшыныс танытса дұрыс болар еді. Қазақстандық білім моделін өзімізге лайықтап, жаңаша құрып, әлемдік деңгейге көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасалынады.

Еліміздің жоғары оқу орындары өтпелі кезеңде жаңа міндеттер мен уақыт талабына сай түбегейлі өзгерістерге ұшырады.

Заман талабы өзгерген сайын университеттерге, жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді.

Бүгінде теледидарда болсын, журналдар мен газеттердің беттерінде болсын, біздің ұлттық идеямыздың мәні мен мазмұны турасынан аз пікір айтылып жүрген жоқ. Елбасымыздың өзі алға қойған осы мақсатты басты ұлттық идеямыз деп қабылдаймыз. Өз елің әлемнің қай түкпірінде болсын бәсекеге қабілетті ел ретінде танылып, қадір-кұрметке бөленіп жатса, бұл біздің ұлттық мақтаныш болып табылады. Қазақстан Республикасы ғалымдарының іргелі зерттеулері шетелдерге танылып, жарияланып жатса, біз соған лайықты кызмет етсек, ғылыми әлеуметімізді көрсетеміз. Өркениетті елдердің қатарына қосылу - ең әуелі ойы өрелі, сөзі өтімді, ізденуі тереңнен тамыр тартып, биікте тұрған, соған ұмтылатын адамдардың парызы болу деген сөз.

Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы Республика Конституциясының қағидаларына, білім туралы заңдарға, ел Президенті Н. А. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік басымдықтары арасында ерекше орын алады.

Қазіргі кездегі жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік кабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.

Ал енді жоғары кәсіби білім берудің алдында тұрған неғұрлым маңызды, мәнді міндеттерге келсек, мыналарды бөле-жара атаған жөн деп есептейміз:

  • біріншіден, ол - білім жүйесін жетілдру;
  • екіншіден, оны үздіксіз әрі көпсатылы құрылым ретінде енгізу;
  • үшіншіден, халықаралық біліми кеңестікке кіру.

Қазақстан Республикасында жоғары білімді реформалаудың басты бағыты болащақ мамандардың кәсіби білімінің бағдарын жетілдіру екені анықталды.

Бүгінгі таңда бұрынғы жоғары білім беру жүйелері осы заманғы әлеуметтік, эномикалық даму тұрғысынан жетілдіру өктем түрде талап етеді. Ең басты мәселе - білімді жетілдіру өзекті мәні қалыптасып қалған жүйені мансұқтап, одан бас тартып, жаңа жүйеге көшу болып табылады.

Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең, алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Окытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман дайындаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап айтуға болады.

Қазіргі дүние қарыштай дамып, қай салада болсын ұдайы өзгерістер жүріп жатыр. Білім беру жүйесінде жетілдіруді талап етеді. Жоғары оқу орнының студенттері үздіксіз оқып, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыруы қажет. Тек білім арқылы ғана адамның әлеуетін көтеріп, экономикалық өркендеуге және әл-ауқатты арттыруға болады. Демек, экологиялық білім алу арқылы адам тек белгілі бір мамандықты алып, сол арқылы қалған өмірін қамтамасыз етіп қана қоймайды, іс - әрекет субъектісі ретінде бүкіл ғұмырында тынымсыз жетіліп, дамуына мүмкіндік алады.

Адамзат баласы бүкіл өмір бойы оқуға тиіс болса, оқытушы-профессорлар құрамы біліми, ғылыми тұлға ретінде жеке тұлғаға білімді, ғылымды, озық технологияларды меңгеруіне мүмкіндік туғызуымыз керек. Қазіргі жағдайда замана талабына сай келген адам ғана өмірден өз орнын таба алады. Оны істей алмаған адамның күні қараң.

Қазақстанда көпсатылы білім беру құрылымын және қазіргі заманғы білім беру технологияларының жүйесі енгізілуде. Әлемдік білім беру кеңестігінде қолданылып жүрген білім беру жүйелерінің арасында көпсатылы білім беру құрылымы өз артықшылығын көрсетті және біздің жастарымыздың дамыған елдерде кедергісіз білімін жетілдіруге мүмкіндік беретін бірден-бір жүйе болатын. Бұл жүйенің Лиссабон келісіміне сай жоғары білім туралы құжаттардың танылуына жағдай жасалатыны сөзсіз.

Ал енді, осы экологиялық білім берудегі инновация, инновациялық технология мәселелеріне келетін болсақ, мұнда негізгі түсініктерге мән беру керек болып отыр.

Инновация ұғымдарының жалпы энциклопедиясының жаңа басылымында "инновация, жаңалық, жаңару - техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы" деген анықтама беріледі.

Ал, сөздікте "новация - бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі" делінсе, "инновация - мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық" ретінде пайымдалады.

"Инновация" сөзі латын тіліндегі іп (ішіне) поуив (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.

Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде жуырда ғана қолданысқа енгізілді. Мүның басты себептерінің бірі - олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.

Инновацияның әлеуметтанудағы кейбір анықтамаларына байланысты, инновацияның педагогикалық категория ретіндегі анықтамасына тоқталып өтейік.

Инновация саласындағы американдық және кейбір еуропалық зерттеулерге кеңінен шолу жасау негізінде шығарған Э. М. Роджерстің ұғымы ең ескі ұғым деп есептеледі. Аталмыш зерттеулерде агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларына басты назар аударылады. Білім беру саласындағы инновацияларға азғантай көңіл бөлініп, тек олардың қоғамдық жүйелерді тұрақтандырудағы роліне ғана тоқтам жасалады.

Роджерс инновацияға мынадай анықтама береді: "Инновация - нақты бір тұлға үшін мүлдем жаңа болып табылатын идея. Бұл идеяның объективті жаңа немесе жаңа емес екендігі маңызды емес, оның маңыздылығы идеяның туындағаннан немесе алғашқы қолданысқа енгеннен бері өткен уақыт бойынша анықталады".

Майлс "Инновация - жүйелі мақсаттарды жүзеге асыру барысында үлкен тиімділікке жетелейтін ерекше жаңа, айрықша маңызды өзгеріс" деп жазады.

Француз ғалымы Э. Брансуик инновацияның мынадай үш түрін атап көрсетеді:

  • білім беру саласындағы бұрын соңды белгісіз болған, мүлдем жаңа идеялар мен іс-әрекеттер инновация ретінде қаралады, мұндай мүлдем жаңа әрі таза идеялар өте аз кездеседі;
  • инновациялардың едәуір басым бөлігін бір ортада және белгілі бір уақыт кезеңінде ерекше өзектілікке ие болатын, бейімделген, кеңейтілген немесе қайта ойластырылған идеялар мен іс-әрекеттер құрайды;
  • бар шарттардың өзгеруіне байланысты мақсаттардың қайта қойылу салдарынан бұрынғы іс-әрекеттер жанданып, олардың және белгілі оң идеялардың сәттілікке жетуін қамтамасыз ететін жаңа шарттар жағдайында туындайтын педагогикалық инновациялар.

Поляк ғалымдарының инновацияны жан-жақты зерттеуіне байланысты Польшада инновациялық процестерді зерттейтін «Педагогикалық зерттеулер» институтында арнайы лаборатория жұмыс істейді.

Американдықтар Бил мен Болен педагогикалық инновацияны "тек материалдың өзгерісін қамтып қана қоймай, оны өзгертуге бағытталған өзгерістер кешенін камтитын өзгеріс" деп пайымдайды.

Неміс ғалымдарының ішінен инновация теориясының негізін салушылар В. Замбарт пен В. В. Мейтчерлих. Бүлардың көзқарастары австралиялық И. Шумпетердің көқарастарымен ұқсас. Олар бұл ұғымды саяси технологиялық процестерге байланысты қолдануды қарастырады. Жаңалықтарды И. Шумпетер 1911 жылы экономика саласында «жаңа комбинациялар» ретінде қолданып, кейін «инновация» терминімен алмастырады. Ғалым зерттеулерінде: «инновация» - сұраныс тауарларының жаңа түрлерін өндірістің, көліктің жаңа құралдарын өндіру мен пайдалану мақсатындағы өзгерістер деп түсіндіреді.

Найхов инновацияны үдеріс ретінде қарастырып, оған "қандай да бір идеямен басталатын және ықтимал тұтынушылар тарапынан қабылдану немесе қабылданбау арқылы өзгерістерге ықпал ететін үдеріс" деген анықтама береді.

Ал, Марклунд жүргізген жұмыстарының бірінде инновация мен өзгерістер арасындағы айырмашылықты былайша сипаттайды: "Инновация түсінігі мектептердегі және білім беру саласындағы қолданысына қарай көбіне өзгерістер түсінігімен мағыналас келеді. Егер өзгерістер бүкіл мектеп жүйесінде кең ауқымда жүретін болса, онда реформа (қайта құру) деп аталады. Алайда, кез-келген өзгерісті инновация деп санай беруге болмайды. Оның инновация болуы үшін алдын ала қойылған мақсаттарға сай жаңалық енгізуі қажет. Инновация әрдайым бір немесе бірнеше сапалы қасиеттерді алып келеді".

1. 2. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну

Ғылымның қайнар көзі Ресейде де «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған. XX ғасыр басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді.

XX ғасырдың сексенінші жылдарында, педагог-новаторлар ісіне қоғамдық қызығушылық толқыны жүріп өтсе де, инновация термині әдебиет беттерінде кездеспейді. Әуелі новаторлық істің ұйымдастырушысы «Учительская газета» басылымдарында да жаңа ұғымға анықтама берілмеген.

Югославияның мектеп мәселелері мен ағарту проблемаларын зерттеу жөніндегі институты білім беру мен тәрбиелеу қызметіндегі инновация мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Аталмыш институттың зерттеулері бойынша инновацияға мынадай анықтама берілді: "Инновация - білім беру және тәрбиелеу технологияларын жақсарту мен дамыту мақсатында жасалатын белгілі бір саналы өзгерістерді көрсетеді. Мұндай өзгерістер қазіргі жағдайда жаңалық болып есептелуге тиіс, бірақ үнемі толығымен жаңа идеялар түрінде бола бермейді. Қандай да бір ортада, бұрын соңды қолданылған, бірақ қазіргі таңда және берілген ортада айрықша маңызға ие және білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жақсартатын кейбір өзгерістерді инновация ретінде қарастыруға болады".

Ал, белгілі ғалым Ш. Т. Таубаева: «Югославия ғалымдарының келтірген үлгілерінен жаңалықты оқыту формасынан, әдістемесіне білім беру құралдарына, оқыту мазмүнына, алған білімді бағалауына білім беру мақсаты мен міндетіне, тәрбие жүйесіне, мұғалім мен оқушы қатынасына байланысты жіктеуге болатындығын айқын көруге болады» - деп көрсетеді.

Қазақстанда ең алғаш "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немербай Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет" деп көрсетеді.

Ал, Қ. Құдайбергенова "инновацияны" - нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: "инновация" - жаңарту, "нововедение" - енген жаңалық, "новое" - жаңа, "новшество" - жаңалық, "инновационный процесс" - жаңарту үдерісі.

Қ. М. Нағымжанова «инновация» және «инновациялық іс-әрекет» ұғымдарын қарастыра отырып, «инновациялық іс-әрекетке» мынадай анықтама берген: инновациялық іс-әрекет дегеніміз оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді жолын табу, қалыптасқан дәстүрлі іс-әрекетке жаңалықтар енгізу, оқыту еңбегін қабілет ерекшелігіне сәйкес өзгертіп дамыту.

С. А. Көшімбетова өзінің зерттеу жүмысында инновация ұғымының түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрген. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп ұғатын боламыз деп, оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық іс-әрекетті сурет 1 арқылы көрсеткен.

1 Сурет Оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық әрекеті. С. А. Көшімбетованың жобасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жүйесі
Экологиялық білім экологиялық тәрбие экологиялық сана
Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
Экологиялық тәрбие беруде физиканың рөлі
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz