Халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Х. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

Экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі, э. ғ. к., доцент

Сабирова Р. Қ.

«» 2013 жыл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

5В050600 Экономика мамандығы бойынша

Орындаушы,

сырттай оқыту бөлімінің

3-курс (3 жыл) студенті Жолдасов А. Қ.

Ғылыми жетекшісі,

аға оқытушы Джумаева А. К.

Норма бақылаушы,

аға оқытушы, менеджмент магистрі Тажиденова А. Р.

Атырау - 2013


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 7-25

1. 1 «Әлеуметтік - экономикалық саясат» категориясын ғылыми зерттеу . . . 7

1. 2 Әлеуметтік - экономикалық саясатының маңызды міндеттері . . . 16

1. 3 Халықтың әл-ауқатын арттыру ретіндегі ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық қорғаудың маңызды міндеттері . . . 21

2 ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРІН ТАЛДАУ . . . 26-49

2. 1 Халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін анықтайтын тәсілдер . . . 26

2. 2 Халықтың әл-ауқатын арттырудағы аудандардың әлеуметтік - экономикалық саясатын сипаттайтын көрсеткіштер . . . 32

2. 3 Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикасына талдау жасау . . . 35

3 ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ . . . 50-65

3. 1 Халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы . . . 50

3. 2 Халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық саясаттын жетілдірудің негізгі бағыттары . . . 55

3. 3 Әлеумметтік-экономика саласында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмалардың орындалуын бағалау . . . 64

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 69

ҚОСЫМШАЛАР


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлеуметік - экономикалық қоғам дамуының негізгі шарты әлеуметтік, экономикалық және саяси салалардағы тәсілдердің қолданылуымен қатар әлеуметтік тепе-теңдік принципін сақтау болып табылады. Мысалы, әлеуметтік топтардың табыс және өмір деңгейін теңестіру, әлеуметтік тұрақтылық саясатын, тең құқықты қамтамасыз ету; тұрғындардың демократиялық және әлеуметтік құқықтарын, экономика мен институционалды механизм жүйесінің мемлекеттік реттелуін қамтамасыз ету диломдық жұмыстың өзектілігін және маңыздылығын көрсетеді.

Аудандардың нақты әлеуметтік-экономикалық дифференциациясының анализі келешекте олардың даму деңгейлерін толықтай теңестіру мүмкін болмайды деген қорытындыға әкелген. Мұнда экономикалық тұрғыдағы шамалы дамыған аудандардың артта қалуы туралы айтылады. Бұл жағдайға барлық аудандарды республика нарығына енгізу жолымен жетуге болады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қоғамдағы әлеуметтік тепе-теңдік әлеуметтік - экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ете алады.

Осыған байланысты, Қазақстандағы 1990 жылы болған процестер әлеуметтік дифференциацияны күшейткен болатын және бұл жағдайдың өзгерісін әлеуметтік саясаттың басты приоритеттерінің қатарына жатқызуға болады. Әлеуміттік саясатсыз Қазақстан республикасында жүргізілетін трансформациялық процестердің жетістігі н қамтамасыз ету мүмкін емес. Позитивті дамудың негізін қалаған мәселелерді шешу бүгінгі әлеуметтік - экономикалық жағдайлардан шығуы қажет.

Қазіргі жағдайда жұмыссыздықпен күрес және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекет тарапынан жүргізілетін шаралар жүйесінде еңбек нарығының белсенді саясатын жүргізу дамуда. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, көпшілігінде белсенді шараларды қолданудың өсуі байқалады, жаңа жұмыс орындарын құруға, қайтадан біліктіліктен өткізу шығындары еңбек нарығындағы белсенді саясат шығындарының 25-30%-ін алады. Мысалы осыған қатысты Германиядағы тәжірибені алып қарастырсақ, фидералды және үкімет деңгейінде белсенді және енжар көмек қатынастары 70% және 30% құрайды. Әрбір жұмысқа алынған жұмыссыз үшін кәсіпорын 40 мың марка алады, бұл шағын және орта кәсіпорын үшін үлкен ынталау құралы болып табылады.

Қазақстанның даму стратегиясында 2030 жылға дейін ұзақ мерзімді ерекшеліктер рөлінде экономикалық ресурстар аяқталған, олардың тиімді қолданысы экономикалық өсімнің тұрақтануына және қазақстандықтар өмірінің артуына әкеледі.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазіргі кезде қалыптасып отырған ұлттық экономикадағы ақша-қаражат жүйесінің салдарынан туындап отырған халықтың әл-ауқатын арттырудағы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының рөлін жан-жақты зерттеу өте маңызды. Қазақстан Республикасы мемлекетінің бюджетін құру мен орындаудың ерекшеліктерінің мазмұны, оның әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастар жүйесіндегі, ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі туралы көптеген атақты отандық және шетелдік ғалымдар еңбектер жазған. Олардың ішінде К. К. Жүйріков, У. Б. Баймұратов, К. Г. Воблый, Э. А. Вознесенский, А. Г. Грязнова, Е. Ш. Качалова, А. К. Сембеков, Е. Р. Хандшке, Э. С. Гребенщиков, Ю. М. Журавлев, С. Л. Ефимов, Л. А. Мотылев, А. М. Годин, В. Д. Мельников, О. Э. Лер, Ө. Қ. Шеденов, Қ. Е. Құбаев, Қ. Алтынбекұлы және т. б. көптеген ғалымдар бар. Отандық және жақын шетелдердегі экономикалық әдебиеттерде бюжеттік ұйымдарды қаржыландыру бойынша жазылған еңбектер көбіне оқу құралы ретінде жарық көрген.

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты -халықтың әл-ауқатын арттырудағы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының рөлін ерекшеліктерінің теориялық негіздерін нақтылап, бәсекелестік жағдайдағы Қазақстанның бюжеттік ұйымдарды қаржыландыру талдау, сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындау болып табылады.

Зерттеу нысаны -халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының ерекшеліктерінің негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы саяси институт ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.

Зерттеу пәні - халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының ролін қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктерінің өзара байланысы.

Зерттеу болжамы - экономикалық-әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жолындағы халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясаты еліміздің тарихи және рухани даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі қаржылық мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген болжамға негізделген. Біздің ойымызша Қазақстан үшін Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Норвегия сияқты экономикасы табиғи байлыққа (мұнайға) негізделген елдердің тиімді жүзеге асырып отырған мемлекетінің бюджетін құру мен орындаудың ерекшеліктерінің тәжірибесін ескерген дұрыс болар еді.

Зерттеу міндеттері келесідей :

а) халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының маңыздылығын теориялық әдіснамалық негізін зерттеу;

ә) халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының маңыздылығының саяси институттар мен үрдістерде алатын орнына әдіснамалық талдау жүргізу;

б) экономикалық-әлеуметтік мемлекет құру жағдайында Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдардағы ерекшеліктерінің үлгілеріне талдау жасау;

в) Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдардағы халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының ерекшеліктерінің негізгі бағыттарын анықтау;

г) қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары мен негізгі бағыттарын айқындау.

Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері, Қазақстан статистикалық басқармасының мәліметтері осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады. Осы жұмыста монографиялық зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық әдістер қолданылды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - ғылыми бюджет жүйені қалыптастырушы ойшылдар мен ғалымдардың, еуропалық, ресейлік және отандық саясаттанушы, философ, әлеуметтанушы, экономист, құқықтанушы ғалымдардың теориялық еңбектерімен қатар Президент Н. Ә. Назарбаевтың да еңбектері басшылыққа алынды.

Халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының маңыздылығының зерттеуде тарихи-философиялық, институционалдық, жүйелік, пәнаралық, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы сараптау әдістері кеңінен қолданылды. Бұл әдістерді қолдану арқылы әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жағдайындағы халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының маңыздылығы ерекшеліктерінің күрделі, кешенді әрі тұрақты даму үстінде болатын жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік алдық.

Зерттеу әдістері. Зерттеу салыстыру әдістерін қолданумен және сараптаушылық бағалауды ескерумен жүйелік және факторлық талдау қағидаларымен жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы көтеріліп отырған мәселенің қазіргі кезең талаптарына сай өзектілігімен, жеткілікті зерттелмегендігімен, зерттеу нысанасына ілінбеген тың мәселелерді жүйелеуімен әрі саралап талдауымен, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне тікелей байланысты қажеттілік талабынан туындайды және әрбір тарауда көтеріліп отырған мәселелерге сай анықталады. Қазақстан Республикасының халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының маңыздылығынның мынандай жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:

  • халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының қағидалары, бағыт-бағдарлары және даму жолдары нақтыланып, айқындалып көрсетілді;
  • халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының маңыздылығының мәні мен мағынасы, қоғам дамуындағы орны мен рөлі теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттелді;
  • халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатын реттеуге бағытталған заңнамалық және құқықтық нормаларын саяси талдау арқылы саяси институттардың саяси үрдістерге қатысу жолдары нақтыланды;
  • халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының тиімділігін арттырудың кейбір бағыттары мен жолдары жөнінде қолданбалы маңызы бар өзіндік ұсыныстар жасалды.

Практикалық маңызы - дипломдық жұмыстағы ұсыныстарды, қорытындылар мен тұжырымдарды халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының маңыздылығының басым бағыттарын айқындаудағы және қалыптасу үрдісіндегі қаржылық саясат үлгісін жетілдіруде үкіметтік құжаттар мен актілерді жасау үшін, үкіметтің қаржылық саясатты жетілдіру бағытындағы іс-шаралары мен бағдарламаларын іске асыру үшін, билік, саяси институттар, азаматтық ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастық пен байланысты реттеуде кеңінен пайдалануға болады. Дипломдық жұмыс материалдарын Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында теориялық және қолданбалы саясаттану бойынша дәріс материалдарына немесе арнаулы курстар жасау үшін қолдануға болады.

Практикалық базасы халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының маңыздылығының теориялық тұрғыдан дәйектелуіне ұмтылыс жасалуында. Дипломдық жұмыстағы халықтың әл-ауқатын арттырудағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатын реттеуде, мемлекеттік билік органдарының рөлі мен орнын анықтауда саясаттану, әлеуметтану, заң ғылымдары мен экономика ғылымдарының қажетті салаларында пайдалануға болады.

Диломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.

Диломдық жұмыс көлемі. Диломдық жұмыс компьютерде терілген 71 бетте, оның ішінде 6 кесте, 9 сурет, қосымшада баяндалған.

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 «Әлеуметтік - экономикалық саясат» категориясын ғылыми зерттеу

Қазақстан Республикасы экономика мен қоғам өзгерісінің кезеңінен зардап шеккен. Бұл кезеңнің нақты процестері қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының талдануы үшін аса зор көлемде материал береді. Сонымен қатар, біздің пікірімізше, Қазақстанға сай ерекшкліктерді ескеру қажет. Біріншіден, Қазақстан әлеуметтік экономиканың құрылымынан шыққан және оның келешекті дамуында әлеуметтік экономикаға тән ерекшкліктері айтылмай кетуі мүмкін емес. Екіншеден, Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіз мемлекет болған, осыған орай қоғамның дамуында өзінің жолын таңдау мүмкіндігіне иеленген. Бұл таңдау нарықтық қатынастар мен қоғам демократиясының дамуына стратегиялық курстың пайдасына жасалынған [1] .

Айналым құралдарының жетіспеуі және несие ресурстарының жоқ болуы, өндірістің өсімін тоқтататын факторлардың бірі болғанына қарамастан, банктер соңғы 2-3 жылдарда дамудың ынталандырушы рөлін атқара бстаған еді.

Осыған орай, ҚР экономикасының қазіргі таңдағы күйін талдау, елдің тұрақты өсім траекториясын нақты түрде шыққанын дәлелдейді. Елдің экономикалық өсім ғылыми және әдістемелік сипаттардағы проблемаларды тудырған болатын. Олардың шешімдеріне көптеген мақалалар, монографиялар және әртүрлі деңгейдегі докладтар арналған.

Арнайы басыламдардағы ғылыми-экономистердің мақалалары экономикалық өсім проблемалары жөніндегі пікірлер мен көзқарастарының кең көлемін сипаттайды. Сондықтан, экономикалық өсім проблемаларына қатысты белгілі бір пікірлерді қайталамай, керісінше, бүгінгі таңда ғылыми бастамаларда талқаланатын басты мәселелерге назарымызды шоғырландырып көрелік.

Ең алдымен, бұл «өсім» және «даму» категорияларының қатынасы туралы айтылады. Мемлекеттік реттеудің басты мақсаты болып жай ғана өсім емес, даму табылатынын айтуға болады. Сонымен, Нобелев сыйының лауреаты П. Самуэльсон, өндірістің жай ғана көлемді өсіміне ұмтылу қажет емес, деп жазған еді. Ең бастысы, қоғамның бүкіл әлеуметтік - экономикалық құрылымының ішкі дамуы болуы қажет. Көптеген шетелдік және отандық авторлар атап өткендей, бақылаусыз өсім бүкіл адамзат өміріне қауіп төндіруі мүмкін, өйткені ол экологиялық, энергетикалық, шикізаттық және басқа да глобальді мәселелерді тудырады. Сонымен қатар, көптеген зерттеушілер өсім деп даму ұғымын түсінетінін ескеру қажет [2] .

Мұндай пікірлерге қарама-қайшы көзқарастар да бар. Сонымен, қазақстандық ғалым У. А. Имамбаева экономикалық өсім, оған әсер ететін факторлар мен экономикалық өсіммен бірге жүретін көптеген басқадай түсініктер мен категориялар стадияларын және үлгілерін терең, нақтылай сипаттай келе, экономикалық өсім және даму түсініктерін ажырата білу қажеттілігін ұсынған. Оның пікінше, экономикалық өсім экономикалық дамудың құрамды бөлігі болып келеді [3] .

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің бағдарламаларында көбінесе даму жөнінде емес, экономикалық өсім туралы айтылып келеді. Мұның себептерінің бірі, экономикалық өсім дамуға қарағанда жеңіл бағаланады және сондықтан оны тәжірибелік қызметте оңай қолдануға болады.

Даму проблемасы білімнің әлеуметтік-экономикалық саласы үшін ғылыми және тәжірибелік жоспардағы маңызды бөлімі болып келеді. Даму құрамын анықтайтын ескі критерийлер жеткіліксіз болған кезде, ол Қазақстанның қазіргі даму сатысында айқын көрініс тапқан еді.

Бұрын зерттеушілермен дамудың қарапайым түсінігі (экономикалық факторлардың көлемді сипатына негізделген) ұсынылған еді. Мұндай ұғымның кемшілігі алғаш рет 1970 жылдары байқалған. Бұл жағдай даму мәнін терең түсінуге және көптеген елдердің даму деңгейін талдау үшін мүмкіндік туғызған. Көрсеткіштердің кең жиынтығының басты кемшілігі дамушы және әлеуметтік елдердің бірқатар қауіп-қатер салдарын сезінгеннен кейін айқын көзге көріне бастаған еді. Мұның барлығы, қазіргі жағдайдағы даму проблемасын қалай түсіндіру керектігіне әкелген [4] .

Осылайша, Ресей профессоры Р. Аваков бұл мәселе туралы былай деген, « . . . даму белгілермен және адам, ұлт, қоғам қызметтерінің аспектілерімен шектелмейтін, барлығын қамтитын категория ретінде көрінеді. Оны материалды-экономикалық элементтерге жатқызуға болмайды. Бамуда ең бастысы - оның мәдени негізі. Сондықтан бұл процесс те, оның құрылымы да тек қана критерийлермен бағаланбауы мүмкін. Дамудың біртекті және сипалы табиғатын сипаттайтын басқа да бір тәсілдер қажет» [5] .

Әртүрлі көрсеткіштерді есептеу техникасы жаңарып жатқанына қарамастан, олардың көбі саналуда. Ресейлік зерттеуші В. Малышев «санаулы критерийлер әлемдік экономиканың қазіргі даму сатысында дұрыс бола бермейді» деп есептейді және елдің даму бағыты мен деңгейі ретінде бүгінгі таңда экономиканың қызметіндегі сапалы белгілеріне назар аудару қажет деген.

Даму деңгейін есептеу әдісінің сыны абсолютті күштің көлемді-математикалық есептеу әдісіне қарсы бағытталған, себебі соңғысы дамудың мінін жалған етеді.

Сондықтан, Р. Авакодовтың ұйғаркынша, даму зерттейтін әдістемелерді жаңарту, параметрлердің жиынттығын жетілдіру қажет, көрсеткіштер мен әдістерді әрқилы қылу қажет. Осыған байланысты, дамуды үш факторлардың тобы ретінде көрсетуге болады (материалды-мәдени, мәдени және әлеуметтік) .

Егер даму процесінде оның мәдени компоненті еленбесе, онда материалды-тұтыну элементтері ісінеді, ал бұл қоғамның төмендеуіне әкеледі. Ұлы империялар қаржылы - экономикалық сүргін нәтижесінде емес, ең алдымен мәдени деградация, сынаудан және төмендеуден болмыссыз болған еді.

Осыған орай, көптеген ғалымдар таза санаулы көрсеткіштер қолданылмайтын экономиканы кеуделейді. Олардың пікірінше, тиімділігін талдау негізінде қоғамдық нәтижелер - денсаулық, еңбек шарты, қоршаған ортаның күйі және т. б. болуы қажет. Экономикалық бағалауда дамудың өндірістік және әлеуметтік аспектілері көрінуі қажет деп ұйғарады. Бұл бағалар әлеуметтік - экономикалық миханизм құрылымына ену қажет, оның негізі тікілей әлеуметтік нормативтер мен стандарттар болып табылады.

Өкінішке орай, бұл барлық көрсеткіштер коммерциялық қатынастар жүйесінде дәл мәнге иеленбеген. Экономикалық өсім факторларын талдаудағы басты мәселе сапалы факторлар есебінде құрылды. Өзінің мәні бойынша ол мөлшерлі және сапалы талдау әдістерінде қорытылады.

Осыған байланысты, А. В. Барышевтың ұйғаруынша, «экономистердің әрекеттері квантталған факторлардың математикалық-статистикалық тәуелділіктерін нақтылауға емес, талдаудың жаңа әдістерін жасауға және оны басқарудың құрылымына енгізуге бағытталуы қажет. Бұл ең алдымен әлеуметтік индикаторлардың жүйесін құруға, оларды әлеуметтік - экономикалық дамудың бақыланатын элементтеріне ауыстыруға қатысты болып келеді. Бұл көрсеткіштер экономикалық шешімдердің әлеуметтік тиімділігін өлшеуге, және де экономикалық өсімді жиынтықты талдауға мүмкіндік береді» [6] .

Әлеуметтік эффектінің бағалары жуықталған болып келеді, оларды әлеуметтік нәтиженің ақшалай эквиваленті ретінді субъекті - эксперттық жолмен немесе экономикалық - метематикалық үлгі негізінде алады.

Әлеуметтік тиімділікті бағалаудың ең кең таралған тәсілі қоғам байлығының агрегацияланған көрсеткіштері болып табылады. бұл индекаторлар жүйесінде тұрғындар мен қоршаған ортаның күйлерінің сипаттарымен байланысты экономикалық және ғылыми - техникалық көрсеткіштер біріккен. Жүйенің негізгі әлеуметтік көрсеткіштері келесідей: денсаулық және білім, үй жағдайлары, қоршаған ортаның күйі, еңбек сипаты, кауіпсіздік, адамдар арасындағы қарым-қатынас.

Батыс зерттеушілерінің жұмыстарында әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік және муниципалды жоспарлаудың негізгі болып келетін әлеуметтік индикаторлардың кең тобы қарастырылады. Осыған байланысты объективті және субъективті индикаторлар өмірлік шартының жеке әсерін сипаттайды [7] .

Әлі күнге дейін өмір сапасының біртекті ғылыми негізделген критерийлер табылмаған, әртүрлі субъективті көзқарастарын қалай интеграциялау керек екендігі туралы мәселе шешілмеген. Сондықтан тәжірибелік қызметте көбінесе жай және түсінікті әлеуметтік индикаторлары- кедейлік көрсеткіші, білім индикаторы, үй құрылысы, балаларды тәрбиелеу құны және тағы басқа қолданылады.

Экономикалық өсімді жиынтықты бағалау үшін әлеуметтік әділдік нормативі қажет, яғни мұнда әлеуметтік қорғаныс туралы айтылады. Бұл нормативтер мемлекеттің әлеуметтік кепілдерінің жиынтығы ретінде көрініс тапқан. Олар нақты мерзімге қатысты экономикалық өсімнің әлеуметтік мақсаттарын реттейді. Қоғамның материалдық және қаржы ресурстарының арту шамасына байланысты осы кепілдендірілген минимум шекарасы жоғарылауы мүмкін (қажет) .

Сонымен, әлеуметтік индикаторлардың нақты қалауы басқарудың ағымды және ұзақ мерзімді мақсаттарымен анықталады. Олардың қолдануы әлеуметтік факторлардың теңестірілуіне, оларды бағалау мүмкіндігіне және шешімдердің тиімділігіне тәуелді. Сондықтан әлеуметтік - экономикалық ақпараттарды жинау және жаңарту тәсілдерін арттыру экономикалық өсімнің жаңа сапасына жатудің бірі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйенетін болсақ, әлеуметтік - экономикалық даму процесін зерттеу жеткілікті түрдегі шешімді талап ететін сауалнамалар мен мәселелерге байланысты. Осы айтылған міселелердің ішіндегі бүгінгі күнде ең өзектісі дифференция және дезинтеграция категорияларын меңгеру болып келеді.

Соңғы уақыттарды, мұндау заттарды зерттеуге ғалымдар мен мамандардың бірнеше еңбектері арналған. Ірі ғылыми көзқарас - бұл саладағы ресейлік ғалым - профессорлары В. Н. Лексин мен А. Н. Швецовтың көп жылдық зерттеулері болып табылады. Олардың жұмыстары дифференция және дезинтеграция секілді түсініктер жүйесіне арналған болатын, сонымен ұатар мұндай категориялар жүйесінің тұрақтылық негізі болып келеді. Бұл түсініктерді талқылай келе, жалпы мемлекеттің үш маңызды құрамдас бөлігі бар деген нәтижелерге келген: 1) аймақтық біртұтастық; 2) кеңестіктің жүйелі құрушы бірлестігі; 3) аймақтық интеграция. Мұндай түсініктерге қарама - қайшы келетін ұғымдар бар: аймақтық сецессия (жердің белгілі бір бөлігінен айрылу), дифференция және дезинтеграция [8] .

Авторлардың пікінше, аймақтық дифференция - мемлкеттің жеке аймақтары арасындағы айырмашылықтардың қалыптасу нәтижесі және процесі болып келеді. Осыған сәйкес аймақтық дифференцияның екі басты ерекшелігі айқындалады: 1) қатыстылық; 2) әртекті көрсеткіштермен сипатталу мүмкіндігі, сонымен қатар аймақтық дифференцияны бағалау үшін мұндай көрсеткіштердің арнай түрлері тағайындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу, әсер етуші факторлар
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ
Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі бюджеттің рөлі
Экономикалық өсу қарқынының тұрақты экономикалық өсу ауытқымалылығы тұрақсыз экономикалық өсу
Зейнетақы заңы
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттің рөлі
Халықтың жоғарғы өсу қарқыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz