Инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Ивестицияның мәні, түрлері және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Инвестициялық саясатың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Қазақстанда инвестициялық саясатты мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.4 Инвестициялық жобаның мәні және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

2 ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... 37
2.1 Қазақстанда инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.2 Инвестициялық саясатты қаржыландыру жүйесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ..49
2.3 Қазақстандық экономикадағы инвестициялық саясатытың белсенділікті бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

3 ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
3.1 Қазақстанда инвестицияларды саясатты дамыту туралы мәселелер және жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
3.2 Нарықтық жүйелердегі мемлекеттік және кәсіби менеджменттің ерекшеліктерін ескере отырып инвестициялық саясатты тиімді реттеуші ортаны моделдеуден және оны одан әрі жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75
3.3 Қазақстан Республикасыныңда инвестициялық жобаларды қаржыландыруды дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 85

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..88

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыстың тереңдеуі жағдайында елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында көп салалы инвестициялық әлеуетті қолдануда ерекше контроллинг жүйесін жасаудың маңызы зор. Көптеген елдердің бүгінгі күні дайындаған дағдарысқа қарсы бағдарламаларында ерекше маңызды ресурстар ағымын реттейтін жаңа құралдар бар, соған сәйкес осы дағдарысқа қарсы кеністіктегі іске асырылатын шараларды келісу мүмкін болады және объективті тұрғыда қажет. Кез-келген дағдарысқа толқын тәрізді үрдіс тән болғандықтан, осы дағдарыстың тереңдігіне дер кезінде икемделу керек, яғни бұл – инвестициялық ағымдарды реттеу бойынша сәйкес шаралар жүйесін қабылдауды талап етеді. Сонымен бірге жалпы экономикалық жүйенің тұрақтылығына әсер ететін экономиканың ерекше маңызды салаларын мемлекеттік қолдау шаралары да өте маңызды болып табылады. Әртүрлі елдерде жасалынып жатқан жаңа бағдарламаларда ерекше маңызды ресурстық ағымдарды реттейтін жаңа құралдар бар екендігі белгілі, соған байланысты осы дағдарысқа қарсы кеңістіктегі тәжірибелік шараларды алдын ала келісіп іске асырудың қажеттілігі бар. Сонымен қатар, осы кезеңде экономикалық жүйелердің белгілі-бір тұрақтылығына қол жеткізу үрдісі және дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылу реті әртүрлі елдердің келісілген саясаттары негізінде жекелеген салалардың экономикалық тепе-теңдігін сақтап қалуға бағытталған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау негізінде оларды қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Зерттеу нысаны – Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау бойынша заңдық негіздеріне сүйене отырып, оның ұйымдастырылу тәртібін жетілдіру мен басқару қызметін көтеру. Осыған орай, Қазақстан Инвестициялық қоры мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасы және Атырау облысы бойынша шетел және тікелей инвестициялар аясын дамыту базасы зерттеудің объектісіне алынған.
Зерттеу пәні – Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру және қаржы қызметінің салалас бөлігі инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау мазмұны болып табылады.
Зерттеу болжамы – экономикалық-әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жолындағы инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалауды жүзеге асырудың қазіргі заманғы қағидалары еліміздің тарихи және рухани даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі қаржылық мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген болжамға негізделген. Біздің ойымызша Қазақстан үшін Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Норвегия сияқты экономикасы табиғи байлыққа (мұнайға) негізделген елдердің тиімді жүзеге асырып отырған мемлекеттік борышын қалыптастыру тәжірибесін ескерген дұрыс болар еді.
Зерттеу міндеттері келесідей:
а) бәсекеге қабілеттіліктің ғылыми тұжырымдамаларын зерттеу, оның инвестиция менеджментінде қолдану ерекшеліктерін анықтау;
б) Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалауды тиімді пайдалану индикаторларының жүйесін айқындау;
в) қазақстандық экономикадағы салалық аспектілерді көрсете отырып инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау қозғалысына кешенді баға беру;
г) Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалаудың тиімділігін анықтау арқылы оны пайдаланудың негізгі бағыттарын зерттеу;
д) қазақстандық экономикадағы инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалаудың дамуының стратегиялық басымдығын негіздеу;
е) үдемелі халықаралық менеджмент арнасындағы инвестициялық аяның ресурстық ағымын оңтайландыру тетігін жасау.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Осы жұмыстың ғылыми аспектілері отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарын зерттеу, талдау және қайта ой-елегінен өткізу негізінде қалыптасқан.
Ғылыми әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты көптеген жарияланымдарды кездестіруге болады. Мұнда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау әрекеттерінің ең тиімді әдістері көрініс табады. Бұл зерттеулер Д. Норткотт, Г. Бирман, С. Шмидт, И.В. Черевко, И. Тихомирова сияқты шетелдік экономистердің еңбектерінде көрініс тапқан.
Бұл мәселелерді нақты тәжірибеде шешуге байланысты аспектілері және инвестициялық әлеуеттің бірқатар сұрақтары Н.К Мамыров, У.Б. Баймұратов, Л.Б. Айманова, О. Сабден, С.Д. Тәжібаев, Н.К. Нұрланова, Г.Б. Нұрлихина, Ж.М. Андреева, Ә.Н. Дауренбекова., Т.М. Рогачева, А. Бейсенбина сияқты отандық ғалым-экономистердің еңбектерінде де қарастырылған.
Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері, Қазақстан статистикалық басқармасының мәліметтері осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады. Осы жұмыста монографиялық зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері – Зерттеу негіздерін ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге ҚР статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құжаттары, күрделі салымдар аясындағы ұйымдардың құжаттары, отандық және шетелдік монографияларда жарияланған ғылыми материалдар, әлеуметтік зерттеулер, мемлекеттік үкімет органдарының заңнамалық және нормативтік актілері және басқа да анықтамалық және инструктивтік материалдар құрады. Зерттеу барысында жүйелік-құрылымдық, жүйелік функционалдық, факторлық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу салыстыру әдістерін қолданумен және сараптаушылық бағалауды ескерумен жүйелік және факторлық талдау қағидаларымен жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:
- бәсекеге қабілеттіліктің базалық тұжырымдамаларын жүйелік жалпылау негізінде Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалаудың әдістемелік көзқарастары айқындалды;
- геофакторлардың әсер етуін кеңейту жағдайында инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалауды тиімді пайдаланудың айрықша индикаторларын негіздеу арқылы бәсекеге қабілеттілік қағидалары нақтыланды;
- салалық және аймақтық факторлардың өзара байланысындағы әртүрлі ресурстық ағымдардың қозғалыстарының ерекшеліктерін бағалай отырып қазақстандық экономикадағы инвестициялық саясатты дамытудың ұйымдастыру-экономикалық параметрлері жалпыланды;
- экономиканың дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі айрықша реттегіштерді көрсете отырып экономиканың нақты секторындағы инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау белсенділікке баға берілді;
- қазіргі геоэкономика үрдістерін ескере отырып инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалаудың келешекке арналған дамуының басты бағыттары негізделді;
- дағдарысқа қарсы шараларды және пайдаланылатын менеджментті бағалау арқылы инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалауды ресурстық ағымдарды оңтайландыру тетігін жасау.
Практикалық маңызы - Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалауды жетілдіру бойынша автордың ұсынған ұсыныстары әртүрлі шаруашылық құрылымдарының тәжірибелік қызметінде пайдаланылуы мүмкін. Нәтижелерді пайдалану ұлттық экономикадағы инвестицияларды ұйымдастыру әдістерінің нысандарын оңтайландыруға әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, жұмыстың нәтижелерін осы мәселе бойынша ғылыми зерттеулерді одан әрі қарай жетілдіру үшін ғылыми қызметкерлер пайдалануы және экономикалық теория мен экономиканы басқару курстарын оқыту бағдарламаларында қолданылуы мүмкін.
Практикалық базасы күрделі салымдар мәселелері жөніндегі теориялық зерттеулерді іс-тәжірибеге жеткізуге, деректердің сәйкес электрондық базасымен нығайтылған инвестицияны басқарудың толық бағалы стратегиясын дайындаудан тұрады. Зерттеу нәтижелері, диплом бойынша қорытынды мен ұсыныстар экономикалық дамуды тұрақты арттыру, экономиканың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындаған кезде пайдаланылды.
Диломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауы инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды экономикалық мәні деп алынды. Онда мынадай мәселелер қаралды: ивестицияның мәні, түрлері және даму тарихы, инвестициялық саясатың маңыздылығы, Қазақстанда инвестициялық саясатты мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, инвестициялық жобаның мәні және оның түрлері.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауы Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау деп алынды онда мынадай сұрақтар қаралды: Қазақстанда инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістері, инвестициялық саясатты қаржыландыру жүйесін талдау, Қазақстандық экономикадағы инвестициялық саясатытың белсенділікті бағалау.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауы Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды дамыту мәселелер мен шешу жолдары деп алынды. Онда мынадай мәселелер қарастырылды: Қазақстанда инвестицияларды саясатты дамыту туралы мәселелер және жетілдіру жолдары, нарықтық жүйелердегі мемлекеттік және кәсіби менеджменттің ерекшеліктерін ескере отырып инвестициялық саясатты тиімді реттеуші ортаны моделдеуден және оны одан әрі жетілдіру жолдары, Қазақстан Республикасыныңда инвестициялық жобаларды қаржыландыруды дамыту жолдары.
Диломдық жұмыс көлемі. Диломдық жұмыс компьютерде терілген 80 бетте, оның ішінде 15 кесте, 10 сурет, 3 қосымшада баяндалған.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Ә.Әшімханұлы. Ел экономикасына инвестиция тартудағы кейбір кедергілер// Саясат март 2001,бет 8-10
2. Е.Д.Аманкулов. Тенденции в динамике инвестиционных процесов в РК// Қаржы және қаражат. 2001 N5 74-89 бет.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2007 жылғы халқына Жолдауы
4. “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау” Заңы//Егіменді Қазақстан 30.02. 2000 ж
5. «Инвестиция туралы» Қазақстан Республикасының заңы 2004 жыл
6. Богатырев А. Г. – Инвестиционное право. М., 1994 г.
7. Богусловский М. М. Иностранные инвестиции. М., 1998 г.
8. Караусов Ф., Асильбеков А., - Инвестиционные советгики на рынке ценных бумаг Казахстана. А., 2000 г.
9. Морозов С. П. Инвестиционное право. Алматы, 2005 г.
10. Г.Балеахметова. Инвестиционный климат в Казахстане: сущность и основные факторы// 2001. N3, стр 92-98.
11. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2008 жылғы халқына Жолдауы
12. ҚР-ның “Шетелдік инвестициялар туралы” Заңы //Егіменді Қазақстан 12.1996ж
13. Л.Н. Сысоев, Н.С.Сутюшеева.Инвистиционный климат: привлечение и регулирование иностранных инвестиций// Саясат. Март 1999.
14. Киреева К, Тлеужанов Е. Инвестиционный спрос: особенности формирования// Транзитная экономика, N1, стр 46-54. 2001.
15. «Инвестициялық қор туралы» Қазақстан Республикасының заңы 2005 жыл
16. М.Жанабишов. Привлечение иностранного капитала в нефтегазовую отрасль// Транзитная экономика, N4. 2001.
17. Аманбаев У. Банковская оценка инвестиционных проектов стала намного жеще. Азия: Экономика и жизнь, №19 1999 г.
18. Бабак В.Ф., Новгородов А.а. Финансирование и кредитование инвестиций коммерческими банками. ЭКО, 1997, №4.
19. Инвестиции и инновационная деятельность. Сб. Науч. Трудов под ред. В. А. Бажановой, Л.П. Буфетовой. Новосибирск, 1994 г.
20. Михеев Ю. Рейтинг инвестиционной привлекательности акций приватизированных предприятий РЦБ. 1997 г. №5
21. Л.Сысоев, Н.Сутюшева. Источники инвестиционных ресурсов для структурной перестройки экономики// Экономика Казахстана, январь 1999.
22. Қазақстан Республикасының төлем балансы жəне сыртқы борышы 2009 жылғы 1 жартыжылдық, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазан, 2008 (қысқартылған версиясы) 12-20 бет
23. Н.Нурланова, А.Бейсенбина. Оценка потенциальных инвестиционных возможности регионов// Экономика и статистика N3 2001.
24. М.Кенжегулин. Международные портефельные инвестиции// РЦБК N11, 2001. С 13-15.
25. Сайденов А. О притоке прямых иностранных инвестиции в Казахстанский экономике //Правительсвенный вестник 2001 N4. .
26. Аленичева Т.Д. Инвестиционная деятельность финансово-кредитных учреждениий. Деньги и кредит №10 1997 г.
27. Қазақстан Республикасының мұнай өндіруші саласына инвестицияларды тарту механизмдері.//Алматы, Ізденіс.- 2009 .-№1.17-19–Б.
28. Учет рисков как направление совершенствования оценки эффективности инвестиционных проектов.// Түркістан, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы.-2009.-№2. 202-205–Б.(бірлескен авторлықпен).
29. Шоханова А. Шетелдік инвестициялау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі тетіктері.// Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. -2009. -№2. 214-221–Б.
30. Кайненов П. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекеттерді жандандыруда трансұлттық компаниялардың қызметін жетілдіру. // Хабаршы ХҚТУ №3, 2009.201-206-Б. (бірлескен авторлықпен).
31. Маханов М. Аймақтық және жалпы ұлттық деңгейде шетел инвестициясын пайдалануды және оны тиімді қолдануды талдау. // Хабаршы ХҚТУ №3, 2009 . 235-243-Б.
32. Раханов П. Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы қаржылық қамтамасыз ету мәселелері // Материалы Международной научно-практической конференции «Государственная поддержка предпринимательства, расширение и укрепление позиций малого и среднего бизнеса в странах центральной Азии», Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, С. Демирел атындағы Университеті, 2007, Б. 362-367,
33. Татуов Р. Инвестиция-Қазақстан экономикасының бәсекелестік деңгейін жетілдіретін негізгі фактор // Материалы Международной научно-практической конференции. «Инновационное развитие и интеграция Казахстанской экономики в условиях глобализации», Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2009, Б. 124-128, .
34. Куртов Р. Бәсекеге қабілетті елдердің базалық тұжырымдамалары, «Модернизация высшего образования как залог конкурентоспособности экономики Республики Казахстан» // Материалы Международной научно-практической конференции, Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010, Б. 646-651
35. Галымжанова Р. Елдердің бәсекелестік түсінігі, оның негізгі тәсілдері мен қайнар көзі // ҚазЭУ хабаршысы, № 3 (57) 2008, Б.28-31
36. Сейтова Н. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз етудің қаржы-инвестициялық көздерін бағалау // Халықаралық Бизнес Университетінің ХАБАРШЫСЫ, № 2 (12) 2010, Б.52-56

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕШЕНДІ
БАҒАЛАУ

Мамандығы: 050509 Қаржы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Ивестицияның мәні, түрлері және даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 7
1.2 Инвестициялық саясатың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
1.3 Қазақстанда инвестициялық саясатты мемлекеттік қаржылық реттеу
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.4 Инвестициялық жобаның мәні және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

2 ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕШЕНДІ
БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... 37
2.1 Қазақстанда инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..37
2.2 Инвестициялық саясатты қаржыландыру жүйесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . .49
2.3 Қазақстандық экономикадағы инвестициялық саясатытың белсенділікті
бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

3 ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..68
3.1 Қазақстанда инвестицияларды саясатты дамыту туралы мәселелер және
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...68
3.2 Нарықтық жүйелердегі мемлекеттік және кәсіби менеджменттің
ерекшеліктерін ескере отырып инвестициялық саясатты тиімді реттеуші ортаны
моделдеуден және оны одан әрі жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75
3.3 Қазақстан Республикасыныңда инвестициялық жобаларды қаржыландыруды
дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...79

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..85

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .88

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге
асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың
негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың
басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың
маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру
өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса
жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге,
сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен,
елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда
кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп
қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның
тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік
шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыстың тереңдеуі жағдайында елдің
экономикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында көп салалы инвестициялық
әлеуетті қолдануда ерекше контроллинг жүйесін жасаудың маңызы зор. Көптеген
елдердің бүгінгі күні дайындаған дағдарысқа қарсы бағдарламаларында ерекше
маңызды ресурстар ағымын реттейтін жаңа құралдар бар, соған сәйкес осы
дағдарысқа қарсы кеністіктегі іске асырылатын шараларды келісу мүмкін
болады және объективті тұрғыда қажет. Кез-келген дағдарысқа толқын тәрізді
үрдіс тән болғандықтан, осы дағдарыстың тереңдігіне дер кезінде икемделу
керек, яғни бұл – инвестициялық ағымдарды реттеу бойынша сәйкес шаралар
жүйесін қабылдауды талап етеді. Сонымен бірге жалпы экономикалық жүйенің
тұрақтылығына әсер ететін экономиканың ерекше маңызды салаларын мемлекеттік
қолдау шаралары да өте маңызды болып табылады. Әртүрлі елдерде жасалынып
жатқан жаңа бағдарламаларда ерекше маңызды ресурстық ағымдарды реттейтін
жаңа құралдар бар екендігі белгілі, соған байланысты осы дағдарысқа қарсы
кеңістіктегі тәжірибелік шараларды алдын ала келісіп іске асырудың
қажеттілігі бар. Сонымен қатар, осы кезеңде экономикалық жүйелердің белгілі-
бір тұрақтылығына қол жеткізу үрдісі және дағдарысқа қарсы шаралардың
жүзеге асырылу реті әртүрлі елдердің келісілген саясаттары негізінде
жекелеген салалардың экономикалық тепе-теңдігін сақтап қалуға бағытталған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанда инвестициялық саясат және
инвестициялық жобаларды кешенді бағалау негізінде оларды қаржыландыру
көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін
кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Зерттеу нысаны – Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық
жобаларды кешенді бағалау бойынша заңдық негіздеріне сүйене отырып, оның
ұйымдастырылу тәртібін жетілдіру мен басқару қызметін көтеру. Осыған орай,
Қазақстан Инвестициялық қоры мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасы
және Атырау облысы бойынша шетел және тікелей инвестициялар аясын дамыту
базасы зерттеудің объектісіне алынған.
Зерттеу пәні – Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру және қаржы
қызметінің салалас бөлігі инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды
кешенді бағалау мазмұны болып табылады.
Зерттеу болжамы – экономикалық-әлеуметтік мемлекет қалыптастыру
жолындағы инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді
бағалауды жүзеге асырудың қазіргі заманғы қағидалары еліміздің тарихи және
рухани даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі
қаржылық мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы
пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген
болжамға негізделген. Біздің ойымызша Қазақстан үшін Сауд Арабиясы,
Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Норвегия сияқты экономикасы табиғи
байлыққа (мұнайға) негізделген елдердің тиімді жүзеге асырып отырған
мемлекеттік борышын қалыптастыру тәжірибесін ескерген дұрыс болар еді.
Зерттеу міндеттері келесідей:
а) бәсекеге қабілеттіліктің ғылыми тұжырымдамаларын зерттеу, оның
инвестиция менеджментінде қолдану ерекшеліктерін анықтау;
б) Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды
кешенді бағалауды тиімді пайдалану индикаторларының жүйесін айқындау;
в) қазақстандық экономикадағы салалық аспектілерді көрсете отырып
инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау
қозғалысына кешенді баға беру;
г) Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды
кешенді бағалаудың тиімділігін анықтау арқылы оны пайдаланудың негізгі
бағыттарын зерттеу;
д) қазақстандық экономикадағы инвестициялық саясат және инвестициялық
жобаларды кешенді бағалаудың дамуының стратегиялық басымдығын негіздеу;
е) үдемелі халықаралық менеджмент арнасындағы инвестициялық аяның
ресурстық ағымын оңтайландыру тетігін жасау.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Осы жұмыстың ғылыми аспектілері отандық
және шетел ғалымдарының жұмыстарын зерттеу, талдау және қайта ой-елегінен
өткізу негізінде қалыптасқан.
Ғылыми әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты көптеген жарияланымдарды
кездестіруге болады. Мұнда инвестициялық саясат және инвестициялық
жобаларды кешенді бағалау әрекеттерінің ең тиімді әдістері көрініс табады.
Бұл зерттеулер Д. Норткотт, Г. Бирман, С. Шмидт, И.В. Черевко, И.
Тихомирова сияқты шетелдік экономистердің еңбектерінде көрініс тапқан.
Бұл мәселелерді нақты тәжірибеде шешуге байланысты аспектілері және
инвестициялық әлеуеттің бірқатар сұрақтары Н.К Мамыров, У.Б. Баймұратов,
Л.Б. Айманова, О. Сабден, С.Д. Тәжібаев, Н.К. Нұрланова, Г.Б. Нұрлихина,
Ж.М. Андреева, Ә.Н. Дауренбекова., Т.М. Рогачева, А. Бейсенбина сияқты
отандық ғалым-экономистердің еңбектерінде де қарастырылған.
Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы рыногы
мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері,
Қазақстан статистикалық басқармасының мәліметтері осы проблемалар бойынша
басылымдар мен монографиялар болып табылады. Осы жұмыста монографиялық
зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар,
жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер,
баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері – Зерттеу негіздерін
ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге ҚР статистика жөніндегі
агенттігінің статистикалық материалдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
құжаттары, күрделі салымдар аясындағы ұйымдардың құжаттары, отандық және
шетелдік монографияларда жарияланған ғылыми материалдар, әлеуметтік
зерттеулер, мемлекеттік үкімет органдарының заңнамалық және нормативтік
актілері және басқа да анықтамалық және инструктивтік материалдар құрады.
Зерттеу барысында жүйелік-құрылымдық, жүйелік функционалдық, факторлық және
салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу салыстыру әдістерін қолданумен және
сараптаушылық бағалауды ескерумен жүйелік және факторлық талдау
қағидаларымен жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:
- бәсекеге қабілеттіліктің базалық тұжырымдамаларын жүйелік жалпылау
негізінде Қазақстанда инвестициялық саясат және инвестициялық
жобаларды кешенді бағалаудың әдістемелік көзқарастары айқындалды;
- геофакторлардың әсер етуін кеңейту жағдайында инвестициялық саясат
және инвестициялық жобаларды кешенді бағалауды тиімді пайдаланудың
айрықша индикаторларын негіздеу арқылы бәсекеге қабілеттілік
қағидалары нақтыланды;
- салалық және аймақтық факторлардың өзара байланысындағы әртүрлі
ресурстық ағымдардың қозғалыстарының ерекшеліктерін бағалай отырып
қазақстандық экономикадағы инвестициялық саясатты дамытудың
ұйымдастыру-экономикалық параметрлері жалпыланды;
- экономиканың дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі айрықша реттегіштерді
көрсете отырып экономиканың нақты секторындағы инвестициялық саясат
және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау белсенділікке баға
берілді;
- қазіргі геоэкономика үрдістерін ескере отырып инвестициялық саясат
және инвестициялық жобаларды кешенді бағалаудың келешекке арналған
дамуының басты бағыттары негізделді;
- дағдарысқа қарсы шараларды және пайдаланылатын менеджментті бағалау
арқылы инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді
бағалауды ресурстық ағымдарды оңтайландыру тетігін жасау.
Практикалық маңызы - Қазақстанда инвестициялық саясат және
инвестициялық жобаларды кешенді бағалауды жетілдіру бойынша автордың
ұсынған ұсыныстары әртүрлі шаруашылық құрылымдарының тәжірибелік қызметінде
пайдаланылуы мүмкін. Нәтижелерді пайдалану ұлттық экономикадағы
инвестицияларды ұйымдастыру әдістерінің нысандарын оңтайландыруға әсер етуі
мүмкін. Сонымен қатар, жұмыстың нәтижелерін осы мәселе бойынша ғылыми
зерттеулерді одан әрі қарай жетілдіру үшін ғылыми қызметкерлер пайдалануы
және экономикалық теория мен экономиканы басқару курстарын оқыту
бағдарламаларында қолданылуы мүмкін.
Практикалық базасы күрделі салымдар мәселелері жөніндегі теориялық
зерттеулерді іс-тәжірибеге жеткізуге, деректердің сәйкес электрондық
базасымен нығайтылған инвестицияны басқарудың толық бағалы стратегиясын
дайындаудан тұрады. Зерттеу нәтижелері, диплом бойынша қорытынды мен
ұсыныстар экономикалық дамуды тұрақты арттыру, экономиканың ішкі
ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындаған кезде
пайдаланылды.
Диломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде,
суреттерде және қосымшаларда келтірілген.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауы инвестициялық саясат және
инвестициялық жобаларды экономикалық мәні деп алынды. Онда мынадай
мәселелер қаралды: ивестицияның мәні, түрлері және даму тарихы,
инвестициялық саясатың маңыздылығы, Қазақстанда инвестициялық саясатты
мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, инвестициялық жобаның мәні және оның
түрлері.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауы Қазақстанда инвестициялық саясат және
инвестициялық жобаларды кешенді бағалау деп алынды онда мынадай сұрақтар
қаралды: Қазақстанда инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың
әдістері, инвестициялық саясатты қаржыландыру жүйесін талдау, Қазақстандық
экономикадағы инвестициялық саясатытың белсенділікті бағалау.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауы Қазақстанда инвестициялық саясат және
инвестициялық жобаларды дамыту мәселелер мен шешу жолдары деп алынды. Онда
мынадай мәселелер қарастырылды: Қазақстанда инвестицияларды саясатты дамыту
туралы мәселелер және жетілдіру жолдары, нарықтық жүйелердегі мемлекеттік
және кәсіби менеджменттің ерекшеліктерін ескере отырып инвестициялық
саясатты тиімді реттеуші ортаны моделдеуден және оны одан әрі жетілдіру
жолдары, Қазақстан Республикасыныңда инвестициялық жобаларды қаржыландыруды
дамыту жолдары.
Диломдық жұмыс көлемі. Диломдық жұмыс компьютерде терілген 80 бетте,
оның ішінде 15 кесте, 10 сурет, 3 қосымшада баяндалған.
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАНДА
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ

1.1 Ивестицияның мәні, түрлері және даму тарихы

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып
табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар
бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту
олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін
оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар
табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық
тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының
басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті
қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны
қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған
байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге
келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және
жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және
тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық
инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу
тәжірибесін қарастырады [1].
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны
жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және
техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық
құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына
таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске
асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға
бөлінеді [2].
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді
кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға
жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары,
өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған
ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің
денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын
қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу
көзделеді [3].
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге
жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып
жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар,
жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық
интелектуалдық құндылықттар.
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өту кезінде
пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде
жалпы капиталдың салымдары деген түсінік қолданылатын, осы түсінік
бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар), түрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрлысқа
(өндірістік емес капиталдық салымдар) жүмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатындакәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір
жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде
инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың
бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге
асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар
екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика
жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен
ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған
елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.
Инвестиция термині investire - жұмылдыру сөзінен алынған. Бұл
термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми
әдебиеттерде инвестицияны анықтауда әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон
инвестицияландыру туралы былай жазған: Біз қоғамның нақты капиталының таза
өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс- материалдық
запастар және т. б. ) таза инвестицияландырунемесе капитал қалыптасуы деп
айтамыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздар немесе
меншіктік кез келген түрін сатып алу инвести цияландыру болып табылады.
Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі
инвестицияландырса, басқа біреуі дезиинвестицияландырады. Таза
инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.

У. Шарп инвестицины былайша анықтайды Нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда
жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар
сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі
бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың
үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық
инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне
едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-
бірін толықтырушы болып табылады. В. Бочаров инвестицияны табыстық тұтынуға
жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық
іскерліктің капиталдық құнының табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі
алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамас: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да
табыс әкелмейді. Сонымен қатар, капиталды орналастырудың түрлі
факторларымен ерекшеленетін әр түрлі нысандарды бар: құнды қағаздар мен
жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондармен акцияларға;
шағын емесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және
жанама [4].
Статистикалық есеп пен экономикалық талдауда нақты инвестицияларды
капитал тудыратын инвестициялар деп атайды. Бұл инвестициялар келесідей
элементтерден тұрады: негізгі капиталға салынатын инвестициялар; капиталды
жөндеуге кеткен шығындар; жер учаскелерін және табиғатты пайдалану
объектілерін сатып алуға кеткен инвестициялар; материалды емес активтерге
(патенттер, лицензиялар, ғылыми- зерттеу және тәжірибе- конструкторлық
жасақтамалардың бағдарламалық өнімдері және т.б.) салынатын инвестициялар;
материалдық айналым құралдарының қорларын толтыруға салынатын
инвестициялар.
Инвестиция деңейі ұлттық табыстың көлеміне мәнді әсер етсе, оның
динамикасы ұлттық экономикадағы макротеңдіктерге байланысты.
Инвестициялау процесі пайданың күтілетін нормасы, немесе салынатын
капиталдың рентабельділігі сияқты маңызды факторларға байланысты. Егер
инвестордың ойынша рентабельділік өте төмен болса, онда салым жүзеге
асырылмайды. Сонымен қатар, инвестор шешім қабылдау кезінде, капитал
салымының балама мүмкіндіктерін есепке алады және бұл жерде проценттік
ставка деңгейі шешуші роль атқарды. Инвестор жаңа завод немесе фабрика
құрылысына, ал мүмкін өз ресурстарын банкке орналастыруы мүмкін. Егер
процент нормасы күтілетін пайдадан жоғары болса. Онда инвестициялау жүзеге
аспайды, және керісінше, егер процент нормасы, пайданың күтілетін
нормасынан төмен болса кәсіпкерлер капитал салу жобасын жүзеге асырады [5].
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізінде түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде
мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияларға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) мешік түрлері;
6) инвесторлардың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
- ақша құралдар, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
- жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
- авторлық құқықпен, тәжірибемен жне басқа да интеллектуалды құндылықтармен
байланысты мүліктік құықтар;
- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік
құықтар;
- қандайда бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хауемес)ұйымдастыруға
қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген
техникалық, технологиялық, коммерйиялық сауаттылы.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді:
- нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге
салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және
айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материялды
емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер-
ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын
өнімдерге айналдырылған құралдар;
- материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнамаға және кадрлардыдайындауға кеткен
шығындар;
- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құралдарының салыну - депозитте, құнды қағаздар, банктік
салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойыншаинвестициялар келесі
түрлерге бөлінеді:
- тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша
құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы
қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің
барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін
инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін
жобалау мен тұтызуға, дайын өнім өндірісіне;
- жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық
делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге
асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға
қатысады, ал алатын табыстарын клиентері арасында бөледі. Тұтас
басқарылатын құнды қағаз салатын салымдардыпортфельдік деп те
атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге
бөледі:
- Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды(қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
- Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
- мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің
бюждет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түрлеріне байланысты:
- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе
шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену
(шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық
жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы
немесе басқада құнды қағаздар түрінде алу;
- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығна, басқа да
мүліктік құқықтарға концессия алу;
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа
мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп
саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз
қойылымдыанықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел
нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
- тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел
немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі
сияқты факторларға тәуекел. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейін
кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеру инвестицияландырудың
мерзіміне жіне жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді,
сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын
әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрлерін құру,
өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік
тапсырыстарды орындау және т. б. ) Дәрежені бағалау критерийлері
мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алу
мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік
табысты жоңалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестициясын келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
- жаңа алаңдарда және бастапқы бекітілген жоба бойынша іске асып
жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың
салынуы;
- шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі өндіріс
қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс
кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе
қызымет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
- шаруашылыық жүргізіп жүрген кәсіпорындарды қайта құру- моральды
тұрып қалған физикалық жағынан тозған қондырғылардыауыстыру
арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен
өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтаудың ортақ жоба
бойынша жүзеге асыру;
- техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың,
өндірістердің, учаскелердің, өндірістік техникалық-экономикалық
деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктеулі қазіргі заманның инвестициялық
жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-
жақты бағалау үшін қажет.
Коммерциялық тәжірибеде инвестицияның келесідей түрлерін бөліп
қарастырады:
- физикалық активтерге салынатын инвестиция;
- ақша активтеріне салынатын инвестиция
- материалдық емес активтерге салынатын инвестиция

1.2 Инвестициялық саясатың маңыздылығы

Мемлекеттің инвестициялық қызметі экономикаға, соның ішінде
мемлекеттің инвестициялық саясатына тікелей байланысты болып келеді.
Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестициялық қызметті дамыту мақсатында
шаруашылықтың барлық обьектілеріне жағымды жағдай қалыптастыруға
бағытталған мемлекеттің жүргізетін шаралар жиынтығы. Инвестициялық
операциялар, әдетте көп емес. Бірақ кәсіпорын өміріне тигізетін әсері өте
маңызды және елеулі. Өйткені инвестициялар кәсіпорын қызметінің әрі қарай
өркендеп дамуына жағдай жасайды. Инвестиция салымдарын, әсіресе шетел
инвестицияларын тарту үшін субьект басшылығы өз акционерлері мен
инвесторларын инвестициялық қызмет жөнінде толық және шынайы ақпаратпен
қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да субьект басшылары қаржы
есептемелеріндегі инвестиция жөніндегі ақпараттардың дұрыстығы мен
шынайылығына көз жеткізу үшін арнайы даярланған, яғни біліктілік
комиссиясынан өткен және аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін лицензиясын
алған тәуелсіз аудитордың қызметіне жүгінеді. Инвестицияның құрылымының
ғылыми және тәжірибелік маңызды мағынасы бар. Бұл талдаудың тәжірибелік
мәні инвестициялық құрылымының өзгергерісінің тенденциясын анықтауға
мүмкіндік береді және осының негізінде неғұрлым тиімді инвестициялық
саясатты жасақтауға негізделеді. Инвестицияның құрылымының теориялық мәні
бұл талдаудың негізінде инвестициялық қызметке және инвестцияны тиімді
пайдалануға әсер ететін бұрын белгісіз жаңа факторлар пайда болады, бұл
инвестициялық саясатты жасақтауды өте маңызды [6].
Әлеуметтiк-экономикалық салада жалпы iшкi өнiмдi екi есе ұлғайтуды,
сөйтiп, негiзiнен алғанда, кедейшiлiк пен жұмыссыздық проблемасын шешудi
мiндетiмiзге алғанымызды ecкe саламын. Осыған орай экономика саласында 2005
жылы экономикалық өрлеудiң барынша жоғары қарқынына жету басты мiндет
ретiнде алға қойылып отыр. Мұның өзi инвестициялардың тез өсуiне және жалпы
iшкi өнiмдегi жинақтау нормасының артуына тiкелей байланысты.
Шетелдік инвестицияларды жеке және мемлекеттік деп екіге бөледі.
Шетелдік инвестициялардың мемлекеттік түріне бір немесе бірнеше мемлекеттің
бірігіп басқа мемлекетке несие, заем беруі және бұл қатынастар халықаралық
құқық нормалары қолданылатын халықаралық келісім-шарттармен реттеледі.
Шетелдік инвестициялардың жеке түрі бір елдің жеке кәсіпорны немесе азаматы
басқа елдің территориясында орналасқан инвестиция обьектісіне
инвестицияларды жүзеге асырумен түсіндіріледі.
Шетелдік инвесторлар ҚР-да инвестициялардымынадай формада жүзеге
асыруға құқылы: [7].
- ҚР-ң азаматтары мен заңды тұлғаларының бірігіп құрған
кәсіпорындарында үлестік қатысу;
- Толығымен шетелдік инвестор иелігіндегі кәсіпорындарды құру;
- Мемлекеттік кәсіпорындардың, жерлердің және т.б. табиғат
ресурстарын пайдалану құқығын алу;
- Басқа да мүліктік құқықтарды алу.
Аталған формалардың ішінде ең негізгісі – біріккен және шетелдік
кәсіпорындарды құруға үлестік қатысу формасы болып табылады. Біріккен және
шетелдік кәсіпорындар шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам, сонымен
қатар ҚР-ң заңдарына қайшы келмейтін басқа да ұйымдық-құқықтық формаларда
құрылуы мүмкін.
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын өңдеу, ол мемлекеттің
инвестициялық қызметінің шегінде жүзеге асады. Мемлекеттің инвестицияны
ұзақ уақыт жоспарлауы қазіргі уақытта бірнеше этаптардан тұрады:
- инвестицияны төмендету және кәсіпорындарға инвестиция тарту;
- бюджеттің орындалмауын төмендету, оны инфляциялық емес көздерден
түскен қаржымен орнын жабу және елдің ішіне тартылған инвестицияны
бақылау;
- инвесторлар мен акционерлердің құқықтарын қорғау.
Ол үшін тек қана заңдарды жетілдіру қажет емес, сонымен қатар
кәсіпорындардың ішінде қатаң бақылау болуы керек. Ол кәсіпорынның шынайы
бастығын көрсетеді. Кәсіпорынның бастығы - кәсіпорындарды тиімді басқаруды
ұйымдастырады. Кәсіпорынды жоғары тиімділікпен басқару ол экономиканы қайта
құрудың жаңа бағыты болады.
Кез-келген меншік саласындағы кәсіпорындар мемлекет тарапынан егерде
олар шығындарын азайтса, тауардың сапасын жоғарлатса, өндірісті қайта
жаңартса мемлекет тарапынан қолдау көрсетеді [8].
- жеке инвесторларды ынталандыру арқылы инвестициялық процестер
орталықсыздандыру және "дәлме-дәл" жекешелендірі. Өсім нүктесінің
бөлінуі жеке мекемелермен, жобалар деңгейінде жүргізіледі;
- тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды бюджет тарапынан
қаржыландыру кәсіпорындарды мемлекеттік несиелендіру ол кері
қайтарылып алынатын және пайыздық мөлшерлеме негізінде жүзеге
асырылады;
- мемлекеттік үлесі бар инвестициялық жобаларды қаржыландыруды
кеңейту, соның ішінде шетелдік инвесторларды тарту.
Инвестициялық қызметті жоғарылату ол әрбір кәсіпорынның міндеті емес,
ол мемлекеттің міндеті. Ол әр жылда бюджетті дайындауда кездеседі. Осы
экономикалық өзгерістердің негізгі қиындығы елдегі ішкі салымдардың
шектеулі мүмкіндіктері мен жеке инвесторлардың толық дәрежедегі
экономикалық құлдырауды болдырмауға, қаржылық салымдардың аздығынан, жабу
мүмкіндігінің жетпеуі болды. Жоғары деңгейдегі құнсыздану мемлекеттерді
салықтардың салмағынан нақты жағдайда қаржылай дамуын тежеді. Жоғары
банктік пайыздың әсерінен орта және ұзақ мерзімді қарыз алу мүмкіндігін
азайтты.
Отандық және шетелдік инвесторлар тәуекелдігі жоғары өндіріс ортасына
қаржы салу оларға тартымды емес.
Инвесторлар өз қаржыларын жоғары табыс әкелетін және сенімді қаржы
активтеріне салуды жөн көреді, соның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарға.
Қазіргі кездегі мемлекеттік инвестициялық саясаттың әлсіздігі
инвестициялық бағыттарға бюджет шығындарының қорғалмауы [9].
Инвестициялық ортада бюджет шығындарын жабу бірнеше рет жүзеге
асырылады, ал бірақта несиелік бережақ жылма-жыл өсіп отырды, өндіріс
ортасында тартылған инвестициялар көлемі кеміп кетті.
Қалыптасқан жағдайға байланысты мемлекет уақытында тез мерзімді
қайтарымы бар инвестициялық жобалардың өзін қаржыландыра алмады. Соңғы
жылдар тәжірибесі көрсеткендей қазіргі уақытта инвестициялық тұйықтан
шығудың жолдарын байқауға болатындай. Бюджеттің жетпестігін тұрақты
деңгейде ұстауға мүмкіндік туғандай.
Сонымен қатар, ақша көлемін бақылау арқылы ақшаның құнсыздануын
едәуір тежейді де Қазақстан Республикасының Орталық банкінің пайыздық
жарақтандыру нарқының төмендеуіне жағдай жасайды. Есептерге қарағанда 12-15
пайыздық жылдық есеппен берілген қарыз тікелей инвестиция үшін жеткілікті.
Инвестициялық механизмді өлі нүктеден қозғап жіберудің бірден-бір жолы
бюджеттің даму жолын енгізу ұсынылады.
Бюджеттің даму жолын дұрыс басқаруды, ұйымдастыру, қосымша иеленген
жеке инвесторлар қаржысын экономиканың нақты секторына жинақтау. Өндірістік
саясаттың айрықша бағыттарына: мұнай өндіру, газ, мұнай өңдеу, ағаш өңдеу,
алмаз өндіру және қайта өңдеу, машина жасау өндірісі, машина және
қондырғылар шығаруды қамтамасыз ету және т.б. жатады [10].
Қордың инвестициялық қызметі – ұйымдардың жарғылық капиталдарына
инвестиция салуды, инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеуді,
маркетингтік, инжинирингтік және өзге де зерттеулерді, жоспарлы-болжамдық
және жобалау-сметалық құжаттаманы қамтамасыз етуге қатысуды, сондай-ақ
инвестицияларға бақылау ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды
жүзеге асыруға байланысты қызметі болып табылады.
Қазақстанның инвестициялық қоры акционерлік қоғам нысанындағы
коммерциялық ұйым болып табылады, оның жалғыз құрылтайшысы – Қазақстан
Республикасының Үкіметі.
Қордың міндеттері:
1) шикізат пен материалдарды тереңдеп өңдеуді жүргізетін, жаңа
технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын, сондай-
ақ өз қызметін өнеркәсіпте жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарға
өндірістік қызметтер көрсететін жаңадан құрылып жатқан, сондай-ақ жұмыс
істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге
асыру;
2) Қордың инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруы (ұйымдардың
жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды
басқаруға қатысуы арқылы экономиканың шикізаттық емес секторына жеке
инвестицияларды ынталандыру;
3) отандық және шетелдік ұйымдар арасындағы өндірістік кооперацияны
қамтамасыз ететін, толықтырушы, аралас өндірістерді дамытатын Қазақстан
Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру
арқылы шет елдердегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін
арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
Қордың өкілеттіктеріне:
1) Қордың инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялық саясатты
жүзеге асыру;
2) шикізат пен материалдарды тереңдетіп өңдеуді жүргізетін, жаңа
технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын жұмыс
істеп тұрған перспективалық ұйымдарды инвестициялауды жүзеге асыру не осы
ұйымдарға үшінші тұлғалардың инвестицияларын тарту үшін іріктеуді жүзеге
асыру;
3) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатының тиісті
басымдықтарына сәйкес келетін, отандық және шетелдік инвесторлар қатысатын
инвестициялық жобаларды іске асыруды ұйымдастырушы және оларға қатысушы
болу;
4) филиалдар мен өкілдіктер кіру;
5) инвестициялық жобалар жөніндегі құжаттамалар дайындауға шарт
негізінде қатысу;
6) қайта инвестициялау туралы шешімдер қабылдау;
7) уақытша бос ақшаны орналастыру;
8) басқа отандық инвесторлармен бірлесіп, Қордың шет елде жүзеге
асыратын инвестициялық жобаларының орындалуын бақылаудың бірлескен
нысандарына қатысушы болу;
9) өз міндеттерін іске асыру үшін сарапшылар мен кеңесшілерді шарт
негізінде тарту;
10) өзінің инвестициялық портфелін дербес басқару;
11) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы ретінде тиісті
лицензияның негізінде дилерлік қызметті ғана жүзеге асыру жатады.
Қор қызметінің негізгі бағыттары өтемді және тиімді инвестициялық
жобаларды жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарды инвестициялау және оларға
инвестициялар тарту болып табылады. Қордың инвестициялауы Қордың
инвестициялық декларациясына сәйкес жүргізіледі.
Инвестициялық декларация Қордың инвестициялық қызметінде негізгі құжат
болып табылады. Инвестициялық декларация Инвестициялау мақсаттарын,
стратегиясын, бағыттарын, тәуекелдерді басқару саясатын, бағалы қағаздардың
әр түрі бойынша бағалы қағаздар портфелін әртараптандыру нормаларын және
Қордың инвестициялық жобаларға қатысуын тоқтату шарттарын айқындайды.
Қордың Инвестициялық декларациясын Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді. Қордың жарғылық капиталын республикалық бюджеттің қаражаты
есебінен акцияларға олардың нақтылы құны бойынша төлеу арқылы Қазақстан
Республикасының Үкіметі қалыптастырады. Қордың жарғылық капиталын ұлғайтуға
Қордың жалғыз акционерінің шешімі бойынша жол беріледі және акцияларды
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығару мен орналастыру арқылы
жүзеге асырылады. Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге ақша ғана
салынуы мүмкін [11].

1.3 Қазақстанда инвестициялық саясатты мемлекеттік қаржылық реттеу
түсінігі

Инвестициялық құқықтың қаржылық реттелу пәні инвестициялық әрекетті
жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Инвестициялар – бұл
инвестициялық құқықта оларды пайдаланумен байланысты барлық қоғамдық
қатынастарды біріктіретін бастама.
Инвестициялық әрекетті жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық
қатынастар түрлі болып келеді – бұл Қазақстан Республикасындағы
инвестициялармен және шетелдегі инвестициялармен байланысты болатын
қатынастар; займ, несие берумен байланысты қатынастар; еркін экономикалық
аумақтардағы инвестициялармен абйланысты қатынастар және т.с.с. Жекеленген
топтар мемлекеттік инвеситцияларды жүзеге асыру кезінде пайда болатын және
құнды қағаздар нарығында туындайтын қатынастарды құрайды.
Инвестициялық мемелекеттік реттеудің екі құрамдас бөлігі белгіленген:
- тікелей мемлекеттік реттеу – мемлекеттік инвестииця аумағында; кенді
пайдалану аумағында; мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру
аумағында; қаржылық және несие саясатын жүргізу аумағында, сондай-ақ
салық саясатын жүргізу аумағында жүзеге асырылады.
- Инвестиицииялық процестерді жанама реттеу, яғни мемлекетпен
инвесторлардың құқықтарының кепілдігін, мемлекетпен қамтамасыз етуді,
сондай-ақ инвестицияны қолдануды жүзеге асыру.
Әдетте, қаржылық реттелудің екі негізгі әдістері бар – жалпы және
нақты (салалық). Жалпы әдіс – бұл қоғамдық қатынастарға арнаулы нормативті
құралдармен ықпал етудің жиынтығы, салалық – бұл берілген саламен
реттелетін қаржылық қатынас субъектілерінің мүмкін және міндетті мінез-
құлқының қалыптасуына бағытталған, қоғамдық қатынастарға ететін заңда
әдістердің, құралдар мен амалдардың жиынтығы. Салалық әдістерге
императивті және депозитивті әдістер жатады.
Инвестициялық құқықтың қағидалары бұл инвестициялық қатынастарды
реттеудің анағұрлым маңызды кезңдері.
Инвестициялық құқықтың маңызды қағидаларының бірі – инвестициялық
құқық субъектілерінің теңдігі. Бұл қағида мынаны білдіреді: инвестициялық
әрекетті жүзеге асыруда инвесторлардың құқықтары бірдей болады.
Келесі қағидалардың бірі шарттың еркіндігі.
Тағы бір маңызды қағиданың бірі – инвестормен өзінің әрекетін жүзеге
асырудың дербестігі, яғни инвестор инвестицияның объектілері мен нәтижесіне
ие болуға, оны пайдалануға және боған билік етуге құқықты, сондай-ақ
инвестордың ішкі шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдар мен лауазымды
тұлғалардың араласпауын білдіреді.
Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидасы –
инвесторларды, кірістіреді, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
бойынша мемлекеттің кепілдігін білдірреді.
Инвестициялық құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімде келесі қаржылық институттар берілген: инвестициялық
қатынастарды мемлекеттік реттеу, инвестициялық құқытық қатынастар
(субъектілер, объектілер және мазмұны); инвестициялық қорғау
(кепілдіктер); инвестициялық шарт (түсінігі, бекіту тәртібі, шартты өзгерту
және бұзу); инвестициялық қызметті ұйымдастырудың қаржылық нысандары.
Инвестицияның ерекше бөлімінде инвестициялық қызметтің түсінігі мен
түрлері; инвестициялық қызметті лицензиялау; инвестициялық қызмет
аумағындағы салық салу; инвестицияларды басқару; инвестиция аумағындағы
несиелендіру; инвестициялық жоба; инвестициялық жобалардың мемлекеттік
сараптама; инвестиицялық тәуекелді сақтандыру; инвестицияның жеке түрлері;
инвестициялық шарттардың түрлері; инвестициялық қызметаумағындағы
міндеттемелер; инвестициялық дауларды шешу; инвестициялық заңнаманы бұзғаны
үшін жауапкершілік көрсетілген.
Инвестициялық қатынастарды мемлекет реттей отырып, инвестициялық
әрекет субъектілеріне ықпал ету нысандары мен әдістерін қолданады. Мемлекет
инвестициялық қатынастарды арнаулы мемлекеттік органдар арқылы басқарады.
Қазіргі кезде Кдзақстан Республикасының үкіметі басты назарды
инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды.
Қазақстан Республиканың өнеркөсіп құрылымында минералды-шикізат
кешенінің үлесі шамамен 65 % тең. Бұл салада капиталды ерекше 
белсенділігіне   қол  жеткізілгенмен  жер  қойнауын пайдалану мен  жағдайын
талдау   кезінде   оның толықтай игерілмегендігі анықталды [12].
Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекет саясатының минералды-
шикізат ресурстарының корларын ұлғайту мақсатында ізденіс жұмыстарына
инвестиция тартуда қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін
көрсетеді. Оған Казақстан Республиканың үкіметі жасаған республиканың
минералды-шикізат кешенінің даму бағдарламасы маңызды орын алуы тиіс.
“Инвестициялар туралы” заң 2004 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2006
жылы 4 мамыр №48, және 2007 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.
Екінші жағынан бүгінгі күні жоғары косымша құны бар және өңдеуші
салаларды жақсартуға барынша күш салу қажет. Осы мақсаттарды үкімет
"Инвестициялар туралы" заң жобасын дайындады. Заң жобасының басты мақсаты
экономикада отандық және шетел инвесторларының құқықтары мен мүмкіңдіктерін
теңестіру болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға қатысты
мемлекеттік кепілдіктерді болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде
инвесторлар 
мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру болды. Бұл тұрғыда заң
жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел инвесторларына берілген
кепілдік конститутционалды экономикалық іс-әрекет субъектілерінің тең
құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні сөзсіз [13].
Инвестициялық хал-ахуалды нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын
қойылған келісм — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі
қағидалар енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" занның 6 бабынан
біртіңдеп бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси
және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси
және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың құқықтық негіздері мен
әрекет етуші механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан мүмкін болатындау
таластарды шешулін өркениетті әдістерін жасақтауға бір қадам жасады.
Одан басқа Қазақстан Республикада "Жер койнауы мен оны пайдалану" мен
"Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы дайындалуда. Заң
жобасы пайдалы қазбаларды пайдалану құқықтарын беру, мемлекет пен
мердігерлер   арасында   табиғи   ресурстарды   тиімді және кешенді
пайдалану аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар кағидаларды жетілдіру
көзделген.
Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2005-2006 жылдарға тікелей
инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен
мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді.
Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі
қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының
ұлтайтылуы сияқтылары енген.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылдың 6 наурызындағы №
349 жарлығымен Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті
асырушы инвесторлар мен келісім — шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар
беру тәртібі бекітілді.
Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:
1) инвестициялық    жобаның    экономиканың басты секторларына қатысты
болуы;
2) инвестициялық жобаны жүзеге асыруында қазақстаңдық   заң  
тұлғасының   негізгі   қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.
Инвестщиялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша
Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар
беруі мүмкін:
- натуралды мемлекеттік гранттар;
- келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге жер мен мүлік салығынан
босату;
- салық алына бастайтын табыс алу кезінен 5 жылға табыс салығынан
босату;
- инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат,
материалдар импортты кезііще кедендік баға салықтарынан толықтай немесе бір
бөлігінен босату.
Салықтық жеңілдіктер беру мерзімі негізгі қорға инвестиция көлемі мен
экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал
кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында
өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына
сәйкес келмеу жағдайында беріледі.
Мемлекеттік натуралды гранттарға:
1) негізгі қорлар — жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс  құрал-
жабдықтары,   машиналар,   есептеуіш техника және басқалары.
2) бейматериалды активтер-ғимаратты, жермен пайдалану құқығы мен
басқадай құқықтар.
3) өндірістік қорлар, аяқталмаған   құрылыс, салықтар, дайын өнім.
Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-
экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.
Бұл жағдай инвестициялық саясат аясында интеграция процестері мен
әлемдік нарыққа шығумен байланысты шараларды жүзеге асыруын талап етелі.
Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пеп агроөндірістік кешенің бір бөлігінің
потенциалды толықтай қамтылмағандығымен сипатталады.
Реформалардың бастапқы кезеңіндегі болашақ белгісіздігі, көптеген
экономикалық агенттердің әрекет ету мүдделерін қатты өзгеріске
ұшыратқаңдықтан, инвестициялық механизм тиімсіз әрекет етті. Инвестициялық
саланы қалпына келтіру мен халықтың жинақтарын инвестиция түрінде тартуға
бағытталған кешенді шаралар экономика реформасының басты бағыты болып
табылады.
Осыған байланысты отаңдық қор нарығын дамытудың басты бағыттарына ішкі
инвесторлар институтын күшейту мен қаржы құралдар тізімін ұлғайту болып
табылады.
Зейнет ақы жүйесін реформалау негізінде зейнетақы қорлары сияқты
мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда болды. Қазіргі кезде олардың
активтері 530 млн. АҚШ долларына тең көлемге жеткен. Қазақстан
Республикасының орналастырған еурооблигацияларының 45 % дейін көлемі
зейнетақы корларына тиесілі.
Корпоративті бағалы қағаздарға көп мөлшерде инвестицияларды екінші
деңгейлі банктер жүзеге асыра алады. Бүгінде шетел банктерінде ностро-есеп
шоттарында 52 млрд. теңге сәйкес мөлшерде қаржылар сақталуда. Бұл
қаржыларды экономиканың нақты секторына немесе бағалы қағаздарға
инвестицияға бағыттауға болады. Ол үшін республикада несиелеу келешегі мол
жобалардың көп болуы қажет.
Қазақстан Республикасы үкіметінің мәжілісінде сөз сөйлеуде елбасы
Назарбаев Н.Ә. жыл сайын елімізге келетін 1,5 млрд. доллар инвестицияны
еліміздін  ішкі қорларымыздан алуға толық мүмкіндік барын мәлімдеді.
Қазіргі кезде Қазақстаңда шикізат секторының басым болуына қарамастан,
ғылыми сыйымды өндіріс үлесін жоғарлату тенденциясы үстем болуы тиіс.
Реформалар жүргізудің алғашқы кезеңдерінде Казақстан Республикасына
инвестицияларды тарту мәселесі объективті сипатта болды. Ішкі қаржы
ресурстарынын жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің экономикалық
саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту мен қолайлы инвестициялық
хал-ахуалды калыптастыру басты бағыт болды.
Жыл сайын тартылатын тікелей шетел инвестициялар көлемі бойынша
Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші орында болып, шетел инвестицияларының
көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде болды.
АҚШ мемлекетінің республика экономикасына инвестиция ағымынын басты
ерекшелігіне оның 90 жылдардың ортасында күрт өсуі болды. 2000-2001 жылдары
капитал салымдарының көлемі 2.9 млрд. долларға тең болды. 2001 жылдан
бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан төмен болған жоқ. 2002 жылы
республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы
қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық дағдарыс әсерінен
тікелей шетел инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ оның мөлшері 1
млрд. доллардан төмен түскен жоқ.
Тікелей шетел инвестиция көлемі бойынша абсолютті көрсеткішке 2003
жылы қол жеткізілді, бірақ осы инвестиция қайтарым көлемі 1,4 млрд. АҚШ
долларын құрады.
1996 жыл мен 2002 жыл аралығында инвестициялық іс-әрекетті реттейтіи
заң негіздері қалыптастырылып, инвестициялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаны қаржыландыру
Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту
Инвестициялық қызметтің ерекшеліктері мен формалары
Қр-да инвестициялық саясаттың мәні мен мағынасы
Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалардың және оларды басқару
Инвестициялық саясат пен басқару
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Пәндер