Қазақстан сақтандыру компаниялары: инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚСТАН САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7
1. 1 Сақтандыру компанияларының мәні және олардың түрлері . . . 7
1. 2 Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің маңыздығы . . . 14
1. 3 Сақтандыру компанияларының инвестициялары ішкі инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі . . . 22
2 ҚАЗАҚСТАН САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ . . . 27
2. 1 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының қызметінің қазіргі жағдайына талдау жасау . . . 27
2. 2 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жүзеге асырылуына талдау жасау . . . 34
2. 3 «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамының қызметін талдау . . . 47
3 ҚАЗАҚСТАН САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ . . . 52
3. 1 Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру компанияларының қызметін жетілдіру жолдары мен дамыту перспективасы . . . 52
3. 2 Қазақстан сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру механизмі . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау - сақтандыру компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау - сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.
Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады.
Сақтандырудың инвестициялық қызметінің толыққанды дамымауын бірнеше негізгі себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Қазақстанда қор рыногы әлі де дамымай отыр, ал сенімді қор құралдарының саны шектеулі. Кепілдемелік табыстылық пен өтімділікті тек ғана мемлекеттің борышқорлық міндеттемесі, табиғи монополиялар мен қаржылық институттардың бағалы қағаздары ғана қамтамасыз етеді.
Екіншіден, еліміздегі тұрақсыз инвестициялық жағдай туғызып отырған инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің жеткіліксіздігі көзге айқын көрініп отыр.
Үшіншіден, шетелдік сақтандыру компанияларымен салыстырсақ, қазақстандық сақтандыру ұйымдарында әлі күнге дейін инвестициялық қызмет саласында қажетті қомақты қаражат көлемі жоқ. Өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және зейнетақыны сақтандырудың аз көлемі инвестициялық қызметтің жоғарылауына септігін тигізбей отыр.
Төртіншіден, осы салада білікті мамандар мен сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, сақтандыру бизнесінің инвестициялық моделінің, инвестициялардың тиімділігін бағалау әдісінің болмауы, сондай-ақ сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын ашу механизміне қатысты ғылыми әдебиеттерде зерттеулердің аздығын және т. б. айтуға болады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі таңда сақтандыру рыногының Қазақстанда дамуы барысында сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жақсарту өте маңызды болып табылады. Соңғы жылдарда институционалдық инвесторлардың (бұған сақтандыру компаниялары да жатады) активтерін басқарудың портфельді әдістерін қолдану және теория, практикалық негіздеу саласында үлкен өзгерістер болып жатыр.
Сақтандыру резервтерін портфельді басқару мәселесіне ғана қатысты емес, сонымен қатар бүкіл қор рыногына қатысты, оның ішінде инвестициялық менеджмент, портфельді инвестиция, пайыздық мөлшерлеме және келтірінді құн теориясы туралы Ч. Доудың, Б. Грэхэмнің, Д. Доддтың, И. Фишердің, Р. Элиоттың, Г. Марковицтің, Д. Тобиннің, У. Шарптың, Ф. Розенфельдтің, Р. Эдвардстың, Ю. Фаманың, Дж. Линтнердің, Р. Претчердің және Дж. Мейджидің қомақты, терең еңбектерін жатқызуға болады.
Жалпы инвестициялық қызметтер және портфельді инвестициялар теориясына қатысты үлкен үлес қосқан қазақстандық экономист-ғалымдар: О. Баймуратов, М. Кенжегузин, Ч. Атаниязов, Л. Жексебаева, Г. Абдрахманова, Б. Жұманова, А. Кәрімжанов және т. б.
Сақтандыру резервтерін инвестициялық басқару мәселесіне тікелей қатысты жұмыс жазған авторлар - У. Искаков, В. Мельников, В. Ли, К. Жүйріков, В. Додонов, Н. Нурланова, Ж. Құрманов, А. Назина, А. Құрманғалиева, Н. Батыргожин, Г. Маянлаева.
Дегенмен, Қазақстандық экономика мектебінде инвестициялық портфельдің тәуекелін бағалау және Қазақстанда сақтандыру компанияларының инвестициялық портфельдер жүйесіндегі кейбір инструменттерді бағалауға арналған зерттеулер жоқтың қасы. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тиімділігін бағалаудың математикалық әдістері нашар дамыған. Сондықтан, бұл бағытта әлі де болса кешенді талдау жүргізу қажеттігін және зерттеу аясының кеңдігін көрсетеді. Осыған байланысты бұл мәселе бойынша тоериялық, практикалық және әдістемелік тұрғыдан кешенді талдау мен саралау қажеттігі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтауға түрткі болды.
Дипломдық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Дипломдық зерттеудің мақсаты - сақтандыру компанияларының инвестициялық погртфелін талдау, сақтандыру компанияларының инвестициясын оңтайландыру әдістерін және осылардың негізінде сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін зерттеудің логикалық тұтастығын қамтамасыз ететін келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
- Қазақстанның экономикалық мектептерінде портфельдік талдауды құру мен даму кезеңдерін қадағалау;
- қазіргі порфельдік теория негізінде сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелінің қалыптасуын талдау;
- шетелдердегі инвестициялық ағымдардағы сақтандыру резервтерінің мағынасы мен рөлін нығайту кезеңдерін айқындау;
- Қазақстанның сақтандыру және қор рыноктарының қазіргі кездегі жай-күйі мен даму перспективаларын талдау;
- Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің инструменталдық құрылымына баға беру;
- Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің негізгі бағытын зерттеу, институционалды инвесторлардың портфельдік инвестицияларының көлемін бағалау;
- Қазақстанның сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелінің құрылымының перспективалық моделін жасау.
Зерттеу пәні - сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің үдерісінде туындайтын қатынастар.
Зерттеу объектісі - Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - отандық және шетелдік сақтандыру рыногының дамуының теориялық және практикалық аспектілерімен айналысатын отандық және шетелдік экономистер мен қаржыгерлердің классикалық және қазіргі таңдағы еңбектерінде ұсынылған және дәлелденген теориялар мен гипотезалар, тұжырымдамалар, қазақстандық ғалымдардың қор рыногының дамуы мен портфельді талдау мәселелері бойынша зерттеу жұмыстары жатады.
Осы зерттеулерде монографиялық зерттеу әдісі, ғылыми-абстрактілік әдісі, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс қолданылды. Жұмыста, сонымен қатар, қаржы рыногына қолданбалы және техникалық талдау жүргізілді.
Зерттеудің ақпаратттық базасы ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттік, Қазақстан Республикасында қаржы рыногының жекелеген агенттерін реттейтін құқықтық және нормативтік құжаттар, осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады.
Жұмыста Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің есептері, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының даму бағдарламасының жүзеге асуы туралы есептер, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы мен сақтандыру рыногын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары кеңінен пайдаланылды.
Дипломдық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің концептуалдық жай-күйін әзірлеу және маңызды бағыттарын негіздеу болып табылады. Ғылыми жаңалықтың негізгі элементтері мыналардын тұрады:
- теориялық аспектілерді ғылыми жүйелендіру мен зерттеудің негізінде «инвестициялық портфель» ұғымына авторлық анықтама берілген, яғни ол сақтандыру компанияларына тән қаржылық инструменттердің жиынтығы деп түсіндіріледі;
- сақтандыру компаниялары қызметінің ерекше түрі ретіндегі портфельдік инвестициялаудың концептуалдық және ұйымдастырушылық негіздері зерттелген;
- сақтандыру компанияларының қаржылық ресурстарын қалыптастыру жүйесіндегі қаржылық қорғау институты ретінде сақтандыру резервтерін инвестициялық басқару жүйесінің қызмет ету ерекшелігі анықталған;
- сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелдерін төмендету әдісі ретіндегі «сыни сызығы» әдісіне ғылыми баға берілді және іс жүзінде мақұлданды;
- сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын бағалау параметрлері, олардың ЕуроОдақ стандартына бейімделуінің қажеттігі айқындалды;
- автормен әзірленген сақтандыру резервтерін орналастырудың экономика-математикалық моделін қолдануда халықтың жинақтарының ағындарын көбейтуге мүмкіндік туғызатын механизмдер ұсынылған.
Қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелер. Ғылыми-практикалық әзірлемелерді енгізетін сақтандыру компанияларының портфельдік инвестициялау бойынша теориялық жағдайларын, оның тиімділігін арттыру бойынша практикалық тұжырымдамалар қорғауға ұсынылады. Тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, соның ішінде маңыздылары мыналар:
1) сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік жағынан қарастырылуы;
2) тәуекелді басқарудағы талаптарды, тәуекелді бағалаудың кезеңдері мен әдістерін қосатын тәуекел-менеджменттің көпвекторлы жүйесі;
3) Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін қалыптастыру механизмін оңтайландырудың экономика-математикалық моделі;
4) Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша заңнамалық, нормативтік, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар ұсыныстар.
Зерттеу нәтижесінің практикалық маңыздылығы дипломдағы теориялық жағдайлар мен практикалық ұсыныстарды сақтандыру ұйымдары мен брокерлік компаниялар қызметтерінде, сақтандыру резервтерін басқарушылар кеңінен пайдалануы мүмкін. Ғылыми зерттеудің материалдары «Сақтандыру» курсы бойынша лекцияда және семинарлық сабақ жүргізуде пайдаланылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломның құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, 7 кесте, 12 сурет 4 қосымшалары қамтиды.
1 САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Сақтандыру компанияларының мәні және олардың түрлері
Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал - сақтандыру компаниясы. Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын қалыптастыру және қолдану процесi жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болады, жеке, топтық және ұжымдық қызығушылықтар туады.
Сақтандыру компаниясы - сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтық экономикаға өту, оның рөлiн, ұйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесiндегi орнын анықтайды. Oл елдiң шаруашылық өмipiнің толық құқылы субъектiсiне айналады [1] .
Сақтандыру компаниясы - коммерциялық ұйым. Ол өзінің қызметiн лицензия негiзiнде сақтандыру келiсiмшарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге асырады. Қазақстанда сақтандыру компаниялары, олардың құрылтайшылары мен акционерлерi заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік қоғам формасында құрылады. Сақтандыру компаниясының құрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ ол тек Қазақстан Республикасының Үкiметi ретiнде ғана болады. Сонымен қатар, жарғылық капиталының 50%-ынан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды [2, 30б. ] .
Сақтандыру компаниясың жарғылық капиталы тек қана ұлттық валютада төленедi. Сонымен қатар мұнда тартылған акция мен карыздық қаражаттарды қолдануға тиым салынады. Оның құрылуына рұқсатты Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiгi мынадай қaжeттi құжаттарды ұсынғаннан кейiн бередi:
- сақтандыру компаниясын құруға руұқсат алy үшiн өтініш;
- құрылтайшылық құжаттар;
- сақтандыру компаниясын құру туралы шешiм;
- құрылтайшылар туралы мәліметтер және т. б. сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға лицензия aлy үшiн
Агенттiкке мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- лицензия беру туралы өтiнiш;
- мемлекеттiк тiркеу және статистикалық карта туралы куәлiктердiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
- құртайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
- жарғылық капиталдың минималды көлемiн толық төлегенiн растау және меншiк капиталы көлемi бойынша минималды талаптарды орындауы туралы құжаттар;
- басқару қызметiндегi жұмысшылар туралы мәлiметтер;
- сақтандыру ережелерi;
- iшкi аудит қызметi туралы ереже.
Сақтандыру компаниялары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебiнен қалыптастырады және жинақталған қаражаттарды инвестициялық салымдарды жүзеге асыруға бағыттайды. Қазақстанда сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелiнiң әртараптандыруын шектеу бойынша нақты талаптар бар. Онда бағалы қағаздардың қандай түрлерiнде салымдарға лимиттер бар екендiгi көрсетілген [3, 86б. ] .
Сақтандыру компаниясына тән ерекшелiктердiң бipi - қаражаттарды тартудың ерекше формасы - сақтандыру полисiн сату. Олар алынған табысты бiрiншiден, басқа компаниялардың облигациялары мен акцияларына және мемлекеттiк бағалы қағаздарына салады. Сонымен қатар олар мемлекет пен кәсiпорындарға ұзақ мерзiмдi несиелер бередi.
Қазақстан Республикасы аумағындағы сақтандыру компаниялары «өмiрдi сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша лицензия негiзiнде жұмыс iстейдi. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызмет «өмiрдi сақтандыру» саласындағы қызметпен бiрлесе және кездейсоқ жағдайлар мен ауруларды, медициналық сақтандыруды қоспағанда, жинақтауды сақтандыру формасында жүргiзіле алмайды.
Сақтандыру компаниялары негізгі қызметтен өзге мынадай қызметтердi атқарады:
- инвестициялық қызмет;
- жинақтаушы сақтандыру келiсiмшартына сәйкес қарастырылған сома шегiнде өзiнiң сақтанушыларына займдар беру;
- сақтандыру компанияларының қызметiн автоматтандыру үшiн ерекше бағдарламалық қамтамасыз етудi сату;
- сақтандыру бойынша арнайы әдебиеттердi сату;
- өзінiң қажеттілiктерi үшiн алдын ала сатып алынған немесе сақтандыру келiсiмшартының қорытындысына байланысты өзiнiң иелiгiне түскен мүлiктi жалға беру немесе сату;
- сақтандыру бойынша консалтинг,
- сақтандыру немесе қайта сақтандыру салаларында білiктiлiктi жоғарылату мақсатында оқытуды ұйымдастыру және жүргiзу;
- сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы.
Сақтандыру компанияларының қызметiн қадағалауды Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiгі осы ұйымдар үшiн әлем қабілеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылық нормативтерiнен тұратын пруденциалдық нормативтердi бекiту жолымен жүзеге асырады. Сақтандыру компанияларының жеке келiсiмшарттары бойынша максималды мiндеттемелер көлемi қызмет етушi сақтандыру келiсiмшарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындаумен байланысты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру үшін ғана берілген меншiк капиталы мен сақтандыру резервтерi сомасының 10%-ынан аспауы керек [4, 25б. ] .
Сақтандыру компаниялары сақтандырушылар одақтары мен қауымдастықтарына бiрiктiрілуi мүмкін. Қазақстан Республикасында әдiстемелiк және ұйымдастыру ақпараттарын беру, сақтандыру бойынша нормативтiк және занды актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру қызметкерлерiнiң біліктілігін жоғарылатуға арналған семинарлар мен курстар ұйымдастыру, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын нығайту туралы ұсыныстарын құрастыру және т. б. үшін сақтандырушылар одағы құрылған. Қaзipгi уақытта Ресейде көптеген компанияларды бiрiктiретiн 50 кәсiби салалық одақтар мен қауымдастықтар қызмет өткенде, Қазақстан да тек сақтандыру компанияларын бip ғана кәсiби одағы қызмет етедi. Олардың көбісі мамандандырылған, мысалы медициналық сала сақтандырушыларын ғана бipiктipeдi. Ел ауқымында сақтандырушылардың мүдделерiн қорғайтын негiзгi ұйым құрамында 350 сақтандыру компаниясы бар Бүкiлресейлiк сақтандырушылар одағы болып табылады [5, 44] .
Қазақстандық сақтандыру нарығының құрылымы оған қатысушылар мен сақтандыру салалары арқылы көрсетiлген.
Аталған нарықтың қызметi ҚP Конституциясына, ҚP Азаматтық кодексiне, « Сақтандыру қызметi туралы» Заңға негiзделген нормативтiк-құқықтық актiлермен, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiмен реттеледi.
Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметi туралы» Заңына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру компаниясы, сақтандыру брокерi, сақтандыру агентi, сақтандырушы, сақтандырылған, табыс табушы, актуарий, өкiлеттілiгi бар аудиторлық ұйым (өкілеттiгi бар аудитор), өзара сақтандырушыға байланысты басқа да жеке және заңды тұлғалар сақтандыру нарығына қатысушылар болып санаалады [6, 77] .
ҚР-дың сақтандыру нарығында сақтандыру қарым-қатынасының мына төмендегiдей қатысушылары бөлiнiп шығады:
- сақтандыру нарығының қызметiне сұранысты жасаушы сақтандырушылар;
- осы сұранысты қанағаттандырушы тікелей сақтандыру (сақтандырушылар) компаниялары;
- келтiрiлген зиянды сақтандыру операцияларына таратып отыруды, сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын жалпы түрде қамтамасыз етушi қайта сақтандыру компдниялары; сақтандыру қызметтерiн сақтандырушы мен сақтандырылушының арасында ретке келтiрiп отыратын сақтандыру сарапшылары;
- сақтандыру инфрақұрылымының компаниялары.
Сақтадыруға бақылау жүргiзушi өкілеттi мемлекеттiк орган ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк peттey және қадағалау агенттiгi болып табылады (Сурет 1) .
«Қазақстан» сақтандыру пулі энергетикалық, инвестициялық, жауапкершілiк және т. б. ipi тәуекелдердi сақтандыру үшiн сақтандыру индустриясының бастапқы кезеңiнде тұрылған болатын. «XXI ғасырдың тұрғын үй қоры» деп аталатын пул тұрғын үйлердің иелepi болып табылатын азаматтардың шығындарын, қозғалмайтын мүлiктердiң, зақымдануы мен жойылып кетуiн, табиғи және техногендiк аппаттардың салдарынан адам өлiмiне байланысты өтемдердi жүзеге асыру мақсатымен құрылған.
Сурет 1 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының түрлері
Қазақстан нарығының сақтандыру құралдарына көз жугiрте отыр, оның құрылымының қандай болатындығын төмендегiден (Сурет 2) көруге болады.
Қазақстан Республикасында нарықтың негiзгi екi түрi орын алған. Олар: өмiрдi сақтандыру мен жалпы сақтандыру. Мұнымен қатар мiндетті және epiктi сақтандыру топтары ерекшеленiп отыр. Бiздің елiмiзде «Сақтандыру қызметi туралы» Заңға сәйкес мiндеттi сақтандырудың сыныптары айтылмайды. Бұл ретте әpбip түр сақтандырудың жеке тобы болып табылады. Сақтандырудыың міндетті түрiндегi әрбiр сыныптың мазмұны және оны өткiзу шарты жөнiндегi қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын peттeyшi заң актілерiмен бекiтіледi. Бүгінгі күнге дейiн мiндеттi түрде сақтандырудың төмендегiдей 5 қаулысы бар: автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық құқықтық жауапкершілігі (АҚЖ) (1996 ж. 31-қазанынан) ; тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ-сы (1996 жылдың 14-қазанынан) ; ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi түрде сақтандыру (1996 жылдың 10-желтоқсанынан, енгiзiлген өзгерiстер мен қосымшалар 1997 жылдың 2-cәyipiнeн) ; жеке нотарустардың АҚЖ-сы (1998 жыллдың 29 мамырынан) ; соттар мен олардың мүлiктерiн, медициналық қызмет пен санаторий курорттық елдердi мiндеттi түрде мемлекеттiк сақтандыру (1997 жылдың 19-наурызынан) [7, 20б. ] .
Бұдан басқа көпшілігінің жүзеге асырылуының нақты шарттары заң жүзiнде анықтала қоймаған мiндеттi түрде сақтандырудың 15-ке жақын түрлерi бар. Мысалы, еңбек ету мiндеттepiн атқару кезiнде қызметкерлердің өмipiнe төнген қayiптiң алдын алу жауапкершiлiгi («ҚР еңбек туралы» Заңы 10. 12. 99 ж. N 493-1), мұнай операцияларын жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер («Мұнай туралы» Заң, 28. 06. 95 ж. N 2350), мiндеттi түрдегі экологиялық сақтандыру («Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң, 15. 06. 97 ж. N 160-1) және т. б. мiндеттi сақтандыруға жатады.
Қазақстанның сақтандыру компаниялары филиалдар, өкілідіктер, және еншілес компаниялар құруы мүмкін.
Сурет 2 Қазақстан сақтандыру нарығының құрылымы
Сақтандыру компаниясы - бұл сақтандырушының сақтандыру қорын ұйымдастыруының нақты үлгісі. Сақтандыру келісімін жасау және оған қызмет көрсетуді сақтандыру компаниясы жүзеге асырады [8, 18] .
Сақтандыру компаниясы - оның қорларының толық бөлінгендігі және сақтандыру және қызметтің басқа түрлерін жүзеге асырудағы дербестігі көрсетілетін сақтандыру нарығының экономикалық бөлінген звеносы. Сақтандыру компаниялары арасындағы экономикалық арақатынастар бірлескен және қайта сақтандыру негізінде жүзеге асырылады [9, 126] .
Сақтандыру компаниялары орындалатын сақтандыру операцияларының сипаты, бкомпаниясы, қызмет көрсету аймағы бойынша құрылымданады. Сақтандыру компаниялары бкомпаниясы бойынша акционерлік, жеке және өзара қоғамдық сақтандыруға бөлінеді.
Акционерлік сақтандыру компаниялары - бұл акционерлік қоғам түрінде сақтандырушы ретінде жеке капитал қатысатын мемлекеттік емес ұйымдастыру үлгісі. Акционерлік сақтандырушының жарғылық капиталы шектелген қаржы кезінде сақтандыру компаниясының қаржылық әлеуетін едәуір көбейтуге мүмкіндік беретін акциялар мен басқа құнды қағаздардан қалыптасады. Дамыған елдердің сақтандыру нарығында сақтандырушының акционерлік үлгісі басым болады.
Жеке сақтандыру компаниялары бір меншік иесіне немесе оның отбасына тиесілі. Жеке сақтандырушылардың бірегей үлгісіне заңды тұлға емес, жеке тұлғалар бірлестігі «Ллойд» ағылшындық корпорациясын жатқызуға болады.
Мемлекеттік сақтандыруда сақтандырушы ретінде мемлекет болады.
Өзара сақтандыру қоғамы - бұл жеке және заңды тұлғалар тобы арасында сақтандыру ережесімен бекітілген анықталған үлеске сәйкес болашақтағы мүмкін шығындардың орнын толтыру туралы уағдаластықты көрсететін айрықша мемлекеттік емес ұйымдастыру үлгісі. Өзара сақтандыру мәні жөнінен өз қоғам мүшелері мүліктік мүддесінің сақтандыру қорғанын қамтамасыз ететін сақтандыру қоры компанияларының коммерциялық емес үлгісі. Заңдылық тұрғысынан алғанда өзара сақтандыру қоғамының әр мүшесі - бір мезгілде әрі сақтандырушы, әрі сақтанушы. Мұнымен қатар өзара сақтандыру қоғамы капиталына иелік ету құқығын, оның түсімі мен сақтандыру қорғанын куәландыратын құжат полис болып табылады [10, 215б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz