Бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін арттыру


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7-21
1. 1 Бюджетті қаржыландыру мәні . . . 7
1. 2 Бюджетті қаржыландыруды жоспарлау жүйесі . . . 16
1. 3 Бюджеттік ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асыру негіздері . . . 22
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ТАЛДАУ . . . 27-49
2. 1 Бюджеттік қаражаттарды пайдалану тәртібін анықтау . . . 27
2. 2 Бюджеттік қаражаттарды әлеуметтік бағытта пайдалануын бағалау . . . 33
2. 3 Бюджеттік қаражаттарды экономикалық бағытта пайдалануын талдау . . . 39
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫН БОЛДЫРМАУЫН ЖЕТІЛДІРУ . . . 50-66
3. 1 Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларын жүзеге асыру . . . 50
3. 2 Бюджетті қаржыландыру бойынша түсімдердің және төлемдердің пайдалану проблемасын шешу . . . 57
3. 3 Бюджетті орындауды жетілдірудің жолдары . . . 63
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда, алға қойылған міндеттерге жетістіктерге жету үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бюджет түсімдерін кешенді шаралар өткізу үшін жергілікті уәкілетті орган бюджеттің орындалуын толымды және уақтылы есептеу, бюджет қаражатының мақсатты және уақтылы игерілуін қамтамасыз ету қажет. Бюджет қаражатын уақтылы және толық игеру мақсатында Қаржы басқармасы бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджет қаражатын игеруіне күнделікті бақылау жүргізеді, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражаттарын Бюджет кодексінің талаптары мен тиісті нормативтік құқықтық актілер ережелеріне сәйкес пайдалануына талдау жасалады.
Қазіргі уақытта, экономиканың және халықтың өмір деңгейінің тұрақты өсуін қолдау үшін озық ғылым және ақпараттық технологияларға негізделген экономиканың қазіргі түріне көшу қажет. Одан басқа, облыстың коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарын басқаруда көптеген проблемалар бар, соның ішінде мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басқару органдарында мемлекеттің мүддесін білдіретін мемлекеттік органдар, сонымен қатар лауазымды тұлғалар тарапынан мемлекеттік активтерді тиімді басқарудың жеткіліксіздігі.
Кейбір ұйымдардың залалды қызметтерінің нәтижесінде меншік капиталы көлемінің азаюы орын алды, бұл шаруашылық жүргізу құқығында берілген мемлекеттік активтер құнының және коммуналдық меншікке жататын үлестің баланстық құнының төмендеуіне әкелді.
Көптеген ұйымдарда өтелу мерзімі жыл және одан да бұрын келген дебиторлық берешектер бар. Мұндай жағдай мекеменің қаржылық жағдайына өте жағымсыз әсер етеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты - Қазақстан Республикасының бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалау проблемаларының теориялық негіздерін нақтылап, бәсекелестік жағдайдағы Қазақстанның бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру талдау, сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындау болып табылады.
Зерттеу нысаны - Қазақстан Республикасының бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалау проблемаларының негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы саяси институт ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасының бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалау проблемаларының шешу тетіктерінің өзара байланысы.
Зерттеу болжамы - экономикалық-әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жолындағы Қазақстан Республикасының бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалау проблемаларының еліміздің тарихи және рухани даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі қаржылық мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген болжамға негізделген. Біздің ойымызша Қазақстан үшін Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Норвегия сияқты экономикасы табиғи байлыққа (мұнайға) негізделген елдердің тиімді жүзеге асырып отырған Қазақстан Республикасының бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалау проблемаларының тәжірибесін ескерген дұрыс болар еді.
Зерттеу міндеттері келесідей :
а) демократиялық бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудың теориялық әдіснамалық негізін зерттеу;
ә) бюджеттік ұйымдарды қаржыландырудың саяси институттар мен үрдістерде алатын орнына әдіснамалық талдау жүргізу;
б) экономикалық-әлеуметтік мемлекет құру жағдайында бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудың үлгілеріне талдау жасау;
в) бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудың негізгі бағыттарының теориялық мәселелерін анықтау;
г) бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудың саяси-құқықтық негіздерін сараптау және осы саясатты жүзеге асыруда заңнамалардың атқаратын қызметін ашып көрсету;
д) қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудың деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары мен негізгі бағыттарын айқындау.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазіргі кезде қалыптасып отырған ұлттық экономикадағы ақша-қаражат жүйесінің салдарынан туындап отырған Қазақстан Республикасының бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудың жаңа рөлін жан- жақты зерттеу өте маңызды. Қазақстан Республикасының бюджеттік ұйымдарды қаржыландырудың мазмұны, оның әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастар жүйесіндегі, ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі туралы көптеген атақты отандық және шетелдік ғалымдар еңбектер жазған. Олардың ішінде К. К. Жүйріков, У. Б. Баймұратов, К. Г. Воблый, Э. А. Вознесенский, А. Г. Грязнова, Е. Ш. Качалова, А. К. Сембеков, Е. Р. Хандшке, Э. С. Гребенщиков, Ю. М. Журавлев, С. Л. Ефимов, Л. А. Мотылев, А. М. Годин, В. Д. Мельников, О. Э. Лер, Ө. Қ. Шеденов, Қ. Е. Құбаев, Қ. Алтынбекұлы және т. б. көптеген ғалымдар бар. Отандық және жақын шетелдердегі экономикалық әдебиеттерде бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалау бойынша жазылған еңбектер көбіне оқу құралы ретінде жарық көрген.
Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері, Қазақстан статистикалық басқармасының мәліметтері осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады. Осы жұмыста монографиялық зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - ғылыми бюджеттік жүйені қалыптастырушы ойшылдар мен ғалымдардың, еуропалық, ресейлік және отандық саясаттанушы, философ, әлеуметтанушы, экономист, құқықтанушы ғалымдардың теориялық еңбектерімен қатар Президент Н. Ә. Назарбаевтың да еңбектері басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасының бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудың ерекшеліктерін зерттеуде тарихи-философиялық, институционалдық, жүйелік, пәнаралық, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы сараптау әдістері кеңінен қолданылды. Бұл әдістерді қолдану арқылы әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы бюджеттік ұйымдарды қаржыландыруды күрделі, кешенді әрі тұрақты даму үстінде болатын жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік алдық.
Зерттеу әдістері. Зерттеу салыстыру әдістерін қолданумен және сараптаушылық бағалауды ескерумен жүйелік және факторлық талдау қағидаларымен жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы көтеріліп отырған мәселенің қазіргі кезең талаптарына сай өзектілігімен, жеткілікті зерттелмегендігімен, зерттеу нысанасына ілінбеген тың мәселелерді жүйелеуімен әрі саралап талдауымен, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне тікелей байланысты қажеттілік талабынан туындайды және әрбір тарауда көтеріліп отырған мәселелерге сай анықталады. Қазақстан Республикасындағы бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалауға саясаттанулық талдау жасау негізінде мынандай жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
- бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудың негізгі қағидалары, бағыт-бағдарлары және даму жолдары нақтыланып, айқындалып көрсетілді;
- бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудың мәні мен мағынасы, қоғам дамуындағы орны мен рөлі теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттелді;
- алдыңғы қатарлы дамыған елдердің бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудан алынған тәжірибе мен еліміздегі аталған саясаттың ерекшеліктері салыстырмалы түрде зерделенді;
- Қазақстанның бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалауды реттеуге бағытталған заңнамалық және құқықтық нормаларын саяси талдау арқылы саяси институттардың саяси үрдістерге қатысу жолдары нақтыланды.
Практикалық маңызы - дипломдық жұмыстағы ұсыныстарды, қорытындылар мен тұжырымдарды Қазақстандағы бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудың үрдісіндегі қаржылық саясат үлгісін жетілдіруде үкіметтік құжаттар мен актілерді жасау үшін, үкіметтің қаржылық саясатты жетілдіру бағытындағы іс-шаралары мен бағдарламаларын іске асыру үшін, билік, саяси институттар, азаматтық ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастық пен байланысты реттеуде кеңінен пайдалануға болады. Дипломдық жұмыс материалдарын Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында теориялық және қолданбалы саясаттану бойынша дәріс материалдарына немесе арнаулы курстар жасау үшін қолдануға болады.
Практикалық базасы Қазақстан Республикасындағы қаржылық саясаттың даму бағыттарының теориялық тұрғыдан дәйектелуіне ұмтылыс жасалуында. Дипломдық жұмыстағы бюджеттік ұйымдарды қаржыландыруды талдау нәтижелері мен қорытындыларын мемлекеттік бюджет жүйесін реттеуде, мемлекеттік билік органдарының рөлі мен орнын анықтауда саясаттану, әлеуметтану, заң ғылымдары мен экономика ғылымдарының қажетті салаларында пайдалануға болады.
Диломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігі теориялық негіздері теориялық негіздерін құрайтын ұйым бюджетінің мәні және маңыздылығы, ұйымның бас және функциялық бюджеттердің құрылымы, бюджеттік ұйымдарды қаржыландырудың мәні және оларды жүзеге асыру жөнінде қаралды.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында Қазақстан Республикасындағы бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін арттыру талдау негізін құрайтын бюджеттік қаражаттарды пайдалану тәртібін анықтау, мбюджеттік қаражаттарды әлеуметтік бағытта пайдалануын бағалау, бюджеттік қаражаттарды экономикалық бағытта пайдалануын талдау жөнінде қаралды.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында Қазақстан Республикасындағы бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін арттыру проблемаларын болдырмауын жетілдіру негізін құрайтындар: бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларын жүзеге асыру, бюджетті қаржыландыру бойынша түсімдердің және төлемдердің пайдалану проблемасын шешу, бюджетті орындауды жетілдірудің жолдары келтірілді.
Диломдық жұмыс көлемі. Диломдық жұмыс компьютерде терілген 76 бетте, оның ішінде 17 кесте, 11 сурет, 3 қосымшада баяндалған.
1 БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бюджетті қаржыландыру мәні
Бюджеттің атқарылу процесінде қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады ол: нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сай міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылады [1] .
Міндеттемелер бойынша жеке жоспар бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдерін анықтайды.
Төлемдер бойынша жеке жоспар қабылданған міндеттемелерді орындау есебінен төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемін анықтайды.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша мемлекеттік мекемелер мынадай талаптардың:
- бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіткен немесе бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде (бұдан әрі - бюджеттік өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері;
- бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер;
- басқа да нормативтік құқықтық актілер;
- бекітілген паспорттың жергілікті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келуі;
- міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;
- өткен қаржы жылдарында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалу серпіні негізінде;
- шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын ескере отырып әзірлейді.
Экономикалық сыныптама ерекшелiктерi тұрғысынан мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу мiндеттемелердi қабылдау мерзіміне, операциялық жоспарда көзделген iс-шараларды орындау мерзiмiне немесе жергілікті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) паспортында көзделген іс-шараларды орындау мерзіміне, мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстық рәсiмдердi өткiзу мерзiмiне, жұмыстарды жүргiзу маусымдылығына, бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру үшiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау мерзiмiне сәйкес келуi тиiс [2] .
Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу операциялық жоспарда көзделген әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес немесе паспортта көзделген әрбір жергілікті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс.
Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының бюджеттік бағдарламалар нысанында белгіленген іс-шаралар мерзімдеріне сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасайды.
Қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларына орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - басшы немесе ол өкілеттік берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және мемлекеттік мекеменің елтаңбалық мөр бедерімен куәландырылады, жоғарыда көрсетілген тұлғалар қол қойған қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын айларға бөлу есебі мен негіздемелері қаржыландырудың жеке жоспарларымен бірге оларды белгіленген мерзімде бекіту және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне беріледі.
Мемлекеттік мекеме қаржыландырудың жеке жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығын және оларды тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген сомаға сәйкес келуі тиіс, ал жергілікті бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) қаржыландыру жоспарының жылдық сомасы кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің бекітілген сомасына және кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру тұралы жергілікті атқарушы органдар қаулыларының сомасына сәйкес келуі тиіс [3] .
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысы немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға айларға бөле отырып, жоспарларды айға бөлу негіздемесімен бірге:
-бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын;
-жергілікті бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) деңгейінде бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарының жобаларын;
қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын ұсынады.
Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік кредиттер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тұтастай бюджеттік бағдарлама бойынша да, сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша да ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына облыс әкімі, республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пішімде қағаз және магнит (электрондық) тасығыштарда, қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын тек магнит (электрондық) тасығыштарда ғана ұсынады [4] .
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарлары жобаларының шынайылығын, дұрыс ресімделуін және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Республикалық бюджет бойынша түсімдер жоспарының жобаларын жасау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кірістер бойынша түсімдердің, бюджет кредиттерін өтеудің, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің және қарыздардың болжамдық жылдық сомасын бекіту туралы бұйрық, сондай-ақ ерекшеліктер тұрғысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін, бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемін бекіту туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық) әзірлейді. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі түсімдерінің болжамдық жылдық сомасын ерекшеліктер бойынша бөлу кірістердің жалпы көлемінен ағымдағы қаржы жылының іс жүзіндегі (күтілетін) түсімдерінің үлес салмағы және бірқатар жылға іс жүзіндегі түсімдер серпіні назарға алына отырып, жүзеге асырылады.
Іс жүзіндегі (күтілетін) түсімдердегі кірістердің үлес салмағы мен серпінін есептеген кезде жоспарланбаған (біржолғы) сипаттағы түсімдер алып тасталады.
Болжамдық жылдық сомасын ерекшеліктер бойынша бөлу кезінде салық және кеден заңнамасына сәйкес салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу ставкалары мен мерзімдері ескеріледі.
Бюджеттің атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бұйрықты әзірлеген кезде қажет болған жағдайда, салық және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдардан ерекшеліктер тұрғысынан кірістер түсімдерінің болжамды сомасы бойынша ұсыныс сұратады [5] .
Кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің жылдық болжам сомасын және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілген бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бекітеді және бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтары бойынша түсімдер жоспарының жобасын жасау үшін салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдерді, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдарға жібереді.
Жергілікті бюджет кірістері түсімдерінің жоспарын мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысын қабылдағаннан кейін бес күннің ішінде тиісті жергілікті уәкілетті орган қалыптастырады.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жоспары және ерекшеліктер бойынша бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемі кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда бекітілген түсімдердің санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша республикалық бюджет түсімдерінің сомасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің көлеміне, ал ерекшеліктер тұрғысында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына сәйкес келуі тиіс [6] .
Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітілген түсімдердің санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша түсімдердің сомасына сәйкес келуі және кірістердің, бюджет кредиттерін өтеуден, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің және қарыздардың жоспарларынан тұруы тиіс.
Салықтық, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға сәйкес аумақтық және айлар бойынша бөліністерде түсімдер жоспарларының жобаларын ұсынады.
Бюджеттік алымдар түсімдерінің жоспарларын республикалық бюджет туралы заңға немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес және тәртіппен төмен тұрған бюджеттерден алынатын бюджеттік алымдарды ай сайынғы аудару мөлшерін және төмен тұрған бюджеттер кірістерінің ай сайынғы болжамдық көлемін қолдана отырып, есеп айырысулар негізінде жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz