Қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негізі ретінде



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ЖЕДЕЛ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Қаржы саясатының түсінігі, сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Қаржы саясатының негізгі құрамдас бөліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Кәсіпорынның қаржы саясатының негізі және оның қысқа мерзімде жүзеге асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2 «БОНАТТИ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.1 «Бонатти» ЖШС ұйымдастырушылық.экономикалық қызметіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.2 «Бонатти» ЖШС қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3 «Бонатти» ЖШС қаржылық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.4 «Бонатти» ЖШС қаржылық саясатын қысқа мерзімде жедел басқару көрсеткіштерін бағалау мен есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.5 Кәсіпорынның қаржылық саясатын қысқа мерзімде жедел басқару бизнес.жоспарын құру әдісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

3 ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
3.1 Қазақстандық кәсіпорындардың қаржылық саясатын жетілдіру жолдары..51
3.2 Кәсіпорындардың ағымдағы қызметі негізінде қаржылық саясатын қамтамасыз етудегі талдау және жоспарлау жүйесінің қазіргі кездегі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары рыноктық қатынастарға көшуге байланысты Қазақстан экономикасында көптеген өзгерістер туындады. Экономиканың қайта қалыптасуы байқалды, көптеген шағын кәсіпорындар нақты түрде еркіндікке қол жеткізді, қаржы нәтижелері мен экономикалық тиімділіктерді басқару шешімдерін қабылдауда негізгі критерий ретінде қолданыла бастады.
Экономиканың дамуы көп жағдайда қаржы жүйесінің рационалды қалыптасуына, соның ішінде қаржы саясатының тиімді жүргізілуіне тікелей байланысты.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және қаржылық саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Мемлекет экономикалық жағдайды реттеу және бақылау мақсатында мынадай салық түрлерін қолданылады: тұтынушыдан алынатын табыс және инфляция салығы, қосылған құнға салық, сонымен қатар кез- келген пайда көзіне салынатын салық. Салықтың салынғаннан кейін мемлекет қоғам тауарларының көлемін белгілейді. Бұл жерде қаржылық саясаттың кері әсерінің мәні өндіруші, тұтынушы және мемлекет пайдасынан қалыптасады. Экономикада зиянды қалыптастыратын салық және инфляция әсерін талдауға болады.
Шағын кәсіпорынның қаржысын басқарудың мазмұны экономикалық заңдардың әсерін ескере отырып және даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы түрде ұйымдастыру мен пайдалану болып табылады.
Нарықты экономикалық қатынастар жағдайныда кез-келген шаруашылық субъектісі қызметін тиімді ұйымдастыру, қаржылық тұрақтылыққа, еркіндікке жету мақсатында қаржылық саясатын тиімді жүзеге асыруы тиіс. Шағын кәсіпорынның қаржысын басқарудың мақсаты: бәсекелестік күресте жеңіп шығу; банкроттыққа ұшырамау; бәсекелестермен күресте жетекшілікке жету; шағын кәсіпорынның рыноктық құнын көтеру; өндіріс және өткізу көлемін өсіру; шығындарды төмендету; қызметтің рентабельділігін қамтамасыз ету. Осындай мақсаттарға жету үшін шағын кәсіпорының қаржы саясаты оның қызметінде ерекше роль атқарады.
Нарықтық қатынастардың, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы жағдайында экономикада бәсекелестік күрес жеңіп шығу және рынокта өз үлесін жаулап алу үшін шаруашылық субъектілері өз қызметтерін, әсіресе қаржылық қызметін тиімді ұйымдастыруға тырысады. Бұл мақсатқа жетуде дұрыс ұйымдастырылған қаржы саясаты, оны жүзеге асыру жолдарын дұрыс таңдай білу маңызды болып табылды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты – қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйелерін ұйымдастыру, оны жүзеге асыру жолдарын анықтап, рынокты экономика жағдайында қызмет ететін шаруашылық субъектісі үшін қаржы саясатының ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу пәні – бәсекелестік орта жағдайындағы қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін ұйымдастырушылық және экономикалық аспектілері болып табылады.
Зерттеу болжамы – Қазақстанның кәсіпорындары және және «Бонатти» ЖШС бизнес-жоспарын талдау болып табылады.
Зерттеу міндеттері келесідей :
а) жалпы қаржы ғылымындағы қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесіұғымына түсініктеме беру;
ә) "Бонатти" ЖШС қаржы қорлары мен қаржы ресурстарын тарту жолдарының негізін анықтау;
б) кәсіпорын мысалында оның қаржылық-шаруашылық жағдайына, техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
в) экономикалық саясаттың бір бөлігі ретіндегі қаржы саясатын кәсіпорында жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны – Қазақстанның кәсіпорындары және «Бонатти» ЖШС болып табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесінің ерекшеліктері және қызметтерін талдаудың мазмұны, оның әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастар жүйесіндегі, ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі туралы көптеген атақты отандық және шетелдік ғалымдар еңбектер жазған. Дипломдық жұмысты орындау барысында танымал авторлардың еңбектері қолданылды. Мысалы, Қ.К. Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Родостовец В.К., Родостовец В.В., Шмидт О.Н.«Бухгалтерский учет на предприятии», Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов н.А., Жантаева А.А. «Қаржылық есеп», Нидлз Б, Андерсон Х, Колдуэлл Д «Принципы бухгалтерского учета», т.б. әдебиеттер қолданылды. Отандық және жақын шетелдердегі экономикалық әдебиеттерде шағын кәсіпорындар қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері және қызметтерін талдау бойынша жазылған еңбектер көбіне оқу құралы ретінде жарық көрген.
Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері, Қазақстан статистикалық басқармасының мәліметтері, «Бонатти» ЖШС 2009 жылдық есебі осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері – қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін талдаудың теориясының мәселелері, тұрақты даму теориясы, сондай-ақ күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені стратегиялық басқару сұрақтарын жан-жақты талдаған танымал отандық және шетелдік ғалымдардың еңбегі дипломдық зерттеудің жалпы теориялық негізі болып табылады. Мәселені зерттеу барысында жүйелік, логикалық, статистика – экономикалық, салыстырмалы талдау, топтастыру, сараптама әдістері қолданылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу салыстыру әдістерін қолданумен және сараптаушылық бағалауды ескерумен жүйелік және факторлық талдау қағидаларымен жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін талдаудың концептуалды алғышарттарын әзірлеу және маңызды бағыттарын негіздеу болып табылады. Ғылыми жаңалықтың негізгі тұстарына мыналар жатады:
- қаржылық шығындарды төмендету мақсатында құрылған және жеке субъектілердің экономикалық тәуекелінің бірігуіне негізделген қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін талдаудың экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны анықталды;
- «Бонатти» ЖШС қарыз қаражаттарын есептеу үлгілерін көрсету процесіндегі орны мен мәні дәлелденген;
- зиянды қайтару мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде, заңды және жеке тұлғалардың қызығушылықтарын қорғау жүйесіндегі қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін талдаудың экономикалық мазмұны дәлелденген;
- рыноктың қазіргі даму ерекшеліктерін ескере отырып, қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін талдау жүйесі қалыптастырып, қаржы ресурстарын жетілдіру стратегиялары әзірленді.
Практикалық маңыздылығы дипломдағы теориялық жағдайлар мен практикалық ұсыныстарды «Бонатти» ЖШС Қазақстан Республикасы кәсіпорын қызметін қаржыландырудағы қарыз қаражаттары, қаржылық ресурстарының басқарушылар кеңінен пайдалануы мүмкін ғылыми зерттеудің материалдарын «Қаржылық менеджменті» курсы бойынша лекцияда және семинарлық сабақ жүргізуде қолдануға болады.
Практикалық базасы ұсыныстарды «Бонатти» ЖШС және Қазақстан Республикасы кәсіпорындардың қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін талдау болып табылады.
Диломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқарудың теориялық негіздерін құрайтын қаржы саясатының түсінігі, сыныптамасы, қаржы саясатының негізгі құрамдас бөліктері, кәсіпорынның қаржы саясатының негізі және оның қысқа мерзімде жүзеге асуы жөнінде қаралды.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында экономикалық өсу процесіндегі «Бонатти» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негізін құрайтын «Бонатти» ЖШС ұйымдастырушылық-экономикалық қызметіне сипаттама, «Бонатти» ЖШС қаржылық жағдайын талдау, «Бонатти» ЖШС қаржылық көрсеткіштерін талдау, «Бонатти» ЖШС қаржылық саясатын қысқа мерзімде жедел басқару көрсеткіштерін бағалау мен есептеу, кәсіпорынның қаржылық саясатын қысқа мерзімде жедел басқару бизнес-жоспарын құру әдісі ретіндегі жүйесі жөнінде қаралды.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында Қазақстанда қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негізі ретіндегі даму перспективасы негізін құрайтындар: Қазақстандық кәсіпорындардың қаржылық саясатын жетілдіру жолдары, кәсіпорындардың ағымдағы қызметі негізінде қаржылық саясатын қамтамасыз етудегі талдау және жоспарлау жүйесінің қазіргі кездегі жағдайы мәселелері келтірілді.
Диломдық жұмыс көлемі. Диломдық жұмыс компьютерде терілген 66 бетте, оның ішінде 12 кесте, 2 сурет, 3 қосымшада баяндалған.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ілиясов Н.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”- Алматы: 2005, 208-211 бб.
2. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник для экономических специальностей вузов. – Алматы, Экономика, 2001.78С.
3. Мельников В.Д., Ли В.Д. общии курс финансов. Учебник. – Алматы, Институт развития Казахстана.2004. 67С
4. Интыкбаева С.Ж. Финансовые индикаторы экономического роста. Материалы международной научно-практической конференции. Сб. научных трудов. – Алматы: Экономика, 1999. 46С.
5. Қаржы, ақша айналысы және несие: оқу құралы / Р. О. Смағұлова және т. б.- Алматы: Экономика, 2008.- 161, [2] б.
6. Ильясов, А. А. Денежно-кредитная политика: учеб. пособие - Алматы: Экономика, 2007.- 113, [6] с.
7. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Оқу құралы, Алматы: Экономика 2002.102б.
8. Ковалев В.В., Ковалев Вит. В. Финансы организаций (предприятий): учеб. – М.: ТК «Велби», Изд-во Проспект, 2006. – 32 с.
9. Баканов М.И. Теория экономического анализа. Учебник для вузов. / М. И. Баканов, М. В. Мельник, А. Д. Шеремет Под ред. М. И. Баканова/ - М.: Финансы и статистика. 2006. –35 с.
10. Большаков С.В. Финансы предприятия: теория и практика. Учебник. - М.: Книжный мир, 2005. – 17 с.
11. Левчаев П.А. Финансовые ресурсы предприятия: теория и методология системного подхода / Науч. ред. проф. П.В. Шичкин. - Саранск: Изд-во Мордов. ун-та, 2002. - 14 с.
12. Дыбаль С.В. Финансовый анализ: теория и практика. - М.: "Бизнес-Пресса", 2006. - 31 с.
13. Турманидзе Т.У. Финансовый анализ хозяйственной деятельности предприятия. - М.: "РДЛ", 2006. - 99 с.
14. Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры. - М.: "Финансы и статистика", 2006. - 59 с.
15. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П., Маркарьян С.Э. Финансовый анализ. - М.: "КноРус", 2006. - 27 с.
16. Селезнева Н.Н., Ионова А.Ф. Финансовый анализ. Управление финансами.- М.: "ЮНИТИ", 2003. – 64 с.
17. Родионовой-М.: Финансы под редакцией В.М. Финансы и статистика, 1993 г. 25С.
18. Колчина, Г.Б. Поляк, Л.П. Павлова и др; под ед.проф.Н.В. Коляиной. Финансы предприятий: Учебник для вузов/Н.В..-М.: 2004 89С.
19. Банк В. Р., Банк С. В., Тараскина А. В. Финансовый анализ. - М.: "Проспект", 2007. - 44 с.
20. «Бонатти» ЖШС Жарғысы , 2009 жыл
21. «Бонатти» ЖШС жылдық есебі, 2009 жыл Тәуелсіз аудиторлар есебі
22. Колчина Н.В. Финансы предприятий. Учебник. — М.: ЮНИТИ, 2007. – 368 с.
23. Мельник М.В., Бердников В.В. Финансовый анализ: система показателей и методика проведения. - М.: "Экономистъ", 2006. - 19 с.
24. Тронин Ю.Н. Анализ финансовой деятельности предприятия. - М.: "Альфа-Пресс", 2005. - 22 с.
25. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Негашев Е.В. Методика финансового анализа деятельности коммерческих организаций. -М.: ИНФРА-М, 2005. -107 с.
26. Қазақстан Ұлттық Банктісінің жылдық есебі, 2009 жыл
27. Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есебі, 2009 жыл
28. Бочаров В.В. Финансовый анализ. - С.-Пб.: Питер, 2008. 67 с.
29. Гиляровская Л. Т., Лысенко Д. В., Ендовицкий Д. А. Комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности. - М.: "Проспект", 2007. - 60 с.
30. Гиляровская Л.Т., Ендовицкая А.В. Анализ и оценка финансовой устойчивости коммерческих организаций. - М.: "ЮНИТИ", 2007. - 59 с.
31. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу туралыбасқармасының қаулысы, 2009 жылғы 20 наурыз № 23, Алматы қ.
32. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 164 қаулысымен мақұлданды
33. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
34. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылєы 24 сәуірдегі N 387 Қаулысы

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Экономика және басқару факультеті

Қаржы және есеп кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Қаржы және есеп кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.к., аға оқытушы
________________________
Утепкалиева К.М.
____ ______________2010 жыл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ НЕГІЗІ
РЕТІНДЕ

050509 - Қаржы

Орындаған: күндізгі оқыту бөлімінің
4-курс, 410 топ студенті Ахатов Б.Г.

Ғылыми жетекшісі:
Экономикалық теория
кафедрасының профессоры, э.ғ.к. Жуманов Қ.Ж.

Атырау, 2010
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ЖЕДЕЛ БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..7
1.1 Қаржы саясатының түсінігі,
сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Қаржы саясатының негізгі құрамдас бөліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Кәсіпорынның қаржы саясатының негізі және оның қысқа мерзімде жүзеге
асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .19

2 БОНАТТИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫ
САЯСАТЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.1 Бонатти ЖШС ұйымдастырушылық-экономикалық қызметіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .28
2.2 Бонатти ЖШС қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3 Бонатти ЖШС қаржылық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.4 Бонатти ЖШС қаржылық саясатын қысқа мерзімде жедел басқару
көрсеткіштерін бағалау мен есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.5 Кәсіпорынның қаржылық саясатын қысқа мерзімде жедел басқару бизнес-
жоспарын құру әдісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

3 ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ЖЕДЕЛ
БАСҚАРУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 51
3.1 Қазақстандық кәсіпорындардың қаржылық саясатын жетілдіру жолдары..51
3.2 Кәсіпорындардың ағымдағы қызметі негізінде қаржылық саясатын
қамтамасыз етудегі талдау және жоспарлау жүйесінің қазіргі кездегі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары рыноктық қатынастарға
көшуге байланысты Қазақстан экономикасында көптеген өзгерістер туындады.
Экономиканың қайта қалыптасуы байқалды, көптеген шағын кәсіпорындар нақты
түрде еркіндікке қол жеткізді, қаржы нәтижелері мен экономикалық
тиімділіктерді басқару шешімдерін қабылдауда негізгі критерий ретінде
қолданыла бастады.
Экономиканың дамуы көп жағдайда қаржы жүйесінің рационалды
қалыптасуына, соның ішінде қаржы саясатының тиімді жүргізілуіне тікелей
байланысты.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі
міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы
қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол
мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Демек,
қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және
экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің
міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден
саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның
экономикалық және қаржылық саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді,
яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын –
ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі
құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Мемлекет экономикалық жағдайды реттеу және бақылау мақсатында мынадай
салық түрлерін қолданылады: тұтынушыдан алынатын табыс және инфляция
салығы, қосылған құнға салық, сонымен қатар кез- келген пайда көзіне
салынатын салық. Салықтың салынғаннан кейін мемлекет қоғам тауарларының
көлемін белгілейді. Бұл жерде қаржылық саясаттың кері әсерінің мәні
өндіруші, тұтынушы және мемлекет пайдасынан қалыптасады. Экономикада зиянды
қалыптастыратын салық және инфляция әсерін талдауға болады.
Шағын кәсіпорынның қаржысын басқарудың мазмұны экономикалық заңдардың
әсерін ескере отырып және даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы түрде
ұйымдастыру мен пайдалану болып табылады.
Нарықты экономикалық қатынастар жағдайныда кез-келген шаруашылық
субъектісі қызметін тиімді ұйымдастыру, қаржылық тұрақтылыққа, еркіндікке
жету мақсатында қаржылық саясатын тиімді жүзеге асыруы тиіс. Шағын
кәсіпорынның қаржысын басқарудың мақсаты: бәсекелестік күресте жеңіп шығу;
банкроттыққа ұшырамау; бәсекелестермен күресте жетекшілікке жету; шағын
кәсіпорынның рыноктық құнын көтеру; өндіріс және өткізу көлемін өсіру;
шығындарды төмендету; қызметтің рентабельділігін қамтамасыз ету. Осындай
мақсаттарға жету үшін шағын кәсіпорының қаржы саясаты оның қызметінде
ерекше роль атқарады.
Нарықтық қатынастардың, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
жағдайында экономикада бәсекелестік күрес жеңіп шығу және рынокта өз үлесін
жаулап алу үшін шаруашылық субъектілері өз қызметтерін, әсіресе қаржылық
қызметін тиімді ұйымдастыруға тырысады. Бұл мақсатқа жетуде дұрыс
ұйымдастырылған қаржы саясаты, оны жүзеге асыру жолдарын дұрыс таңдай білу
маңызды болып табылды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты – қысқа мерзімді қаржы саясаты
кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйелерін ұйымдастыру,
оны жүзеге асыру жолдарын анықтап, рынокты экономика жағдайында қызмет
ететін шаруашылық субъектісі үшін қаржы саясатының ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу пәні – бәсекелестік орта жағдайындағы қысқа мерзімді қаржы
саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін
ұйымдастырушылық және экономикалық аспектілері болып табылады.
Зерттеу болжамы – Қазақстанның кәсіпорындары және және Бонатти ЖШС
бизнес-жоспарын талдау болып табылады.
Зерттеу міндеттері келесідей :
а) жалпы қаржы ғылымындағы қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын
қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесіұғымына түсініктеме беру;

ә) "Бонатти" ЖШС қаржы қорлары мен қаржы ресурстарын тарту жолдарының
негізін анықтау;
б) кәсіпорын мысалында оның қаржылық-шаруашылық жағдайына, техника-
экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
в) экономикалық саясаттың бір бөлігі ретіндегі қаржы саясатын
кәсіпорында жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны – Қазақстанның кәсіпорындары және Бонатти ЖШС болып
табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын
қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесінің ерекшеліктері және
қызметтерін талдаудың мазмұны, оның әлеуметтік-экономикалық және қаржылық
қатынастар жүйесіндегі, ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі туралы көптеген
атақты отандық және шетелдік ғалымдар еңбектер жазған. Дипломдық жұмысты
орындау барысында танымал авторлардың еңбектері қолданылды. Мысалы, Қ.К.
Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов Бухгалтерлік есеп
принциптері, Родостовец В.К., Родостовец В.В., Шмидт О.Н.Бухгалтерский
учет на предприятии, Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов н.А.,
Жантаева А.А. Қаржылық есеп, Нидлз Б, Андерсон Х, Колдуэлл Д Принципы
бухгалтерского учета, т.б. әдебиеттер қолданылды. Отандық және жақын
шетелдердегі экономикалық әдебиеттерде шағын кәсіпорындар қаржысын
ұйымдастыру ерекшеліктері және қызметтерін талдау бойынша жазылған
еңбектер көбіне оқу құралы ретінде жарық көрген.
Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы рыногы
мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері,
Қазақстан статистикалық басқармасының мәліметтері, Бонатти ЖШС 2009
жылдық есебі осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып
табылады
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері – қысқа мерзімді
қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін
талдаудың теориясының мәселелері, тұрақты даму теориясы, сондай-ақ күрделі
әлеуметтік-экономикалық жүйені стратегиялық басқару сұрақтарын жан-жақты
талдаған танымал отандық және шетелдік ғалымдардың еңбегі дипломдық
зерттеудің жалпы теориялық негізі болып табылады. Мәселені зерттеу
барысында жүйелік, логикалық, статистика – экономикалық, салыстырмалы
талдау, топтастыру, сараптама әдістері қолданылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу салыстыру әдістерін қолданумен және
сараптаушылық бағалауды ескерумен жүйелік және факторлық талдау
қағидаларымен жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы қысқа мерзімді қаржы саясаты
кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін талдаудың
концептуалды алғышарттарын әзірлеу және маңызды бағыттарын негіздеу болып
табылады. Ғылыми жаңалықтың негізгі тұстарына мыналар жатады:
- қаржылық шығындарды төмендету мақсатында құрылған және жеке
субъектілердің экономикалық тәуекелінің бірігуіне негізделген қысқа
мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі
жүйесін талдаудың экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны анықталды;
- Бонатти ЖШС қарыз қаражаттарын есептеу үлгілерін көрсету
процесіндегі орны мен мәні дәлелденген;
- зиянды қайтару мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі
ретінде, заңды және жеке тұлғалардың қызығушылықтарын қорғау жүйесіндегі
қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз
ретіндегі жүйесін талдаудың экономикалық мазмұны дәлелденген;
- рыноктың қазіргі даму ерекшеліктерін ескере отырып, қысқа мерзімді
қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін
талдау жүйесі қалыптастырып, қаржы ресурстарын жетілдіру стратегиялары
әзірленді.
Практикалық маңыздылығы дипломдағы теориялық жағдайлар мен практикалық
ұсыныстарды Бонатти ЖШС Қазақстан Республикасы кәсіпорын қызметін
қаржыландырудағы қарыз қаражаттары, қаржылық ресурстарының басқарушылар
кеңінен пайдалануы мүмкін ғылыми зерттеудің материалдарын Қаржылық
менеджменті курсы бойынша лекцияда және семинарлық сабақ жүргізуде
қолдануға болады.
Практикалық базасы ұсыныстарды Бонатти ЖШС және Қазақстан
Республикасы кәсіпорындардың қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын
қаржысын жедел басқару негіз ретіндегі жүйесін талдау болып табылады.
Диломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде,
суреттерде және қосымшаларда келтірілген.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында қысқа мерзімді қаржы саясаты
кәсіпорын қаржысын жедел басқарудың теориялық негіздерін құрайтын қаржы
саясатының түсінігі, сыныптамасы, қаржы саясатының негізгі құрамдас
бөліктері, кәсіпорынның қаржы саясатының негізі және оның қысқа мерзімде
жүзеге асуы жөнінде қаралды.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында экономикалық өсу процесіндегі
Бонатти жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқа мерзімді қаржы
саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негізін құрайтын Бонатти ЖШС
ұйымдастырушылық-экономикалық қызметіне сипаттама, Бонатти ЖШС қаржылық
жағдайын талдау, Бонатти ЖШС қаржылық көрсеткіштерін талдау, Бонатти
ЖШС қаржылық саясатын қысқа мерзімде жедел басқару көрсеткіштерін бағалау
мен есептеу, кәсіпорынның қаржылық саясатын қысқа мерзімде жедел басқару
бизнес-жоспарын құру әдісі ретіндегі жүйесі жөнінде қаралды.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында Қазақстанда қысқа мерзімді қаржы
саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негізі ретіндегі даму
перспективасы негізін құрайтындар: Қазақстандық кәсіпорындардың қаржылық
саясатын жетілдіру жолдары, кәсіпорындардың ағымдағы қызметі негізінде
қаржылық саясатын қамтамасыз етудегі талдау және жоспарлау жүйесінің
қазіргі кездегі жағдайы мәселелері келтірілді.
Диломдық жұмыс көлемі. Диломдық жұмыс компьютерде терілген 66 бетте,
оның ішінде 12 кесте, 2 сурет, 3 қосымшада баяндалған.

1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ЖЕДЕЛ БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қаржы саясатының түсінігі, сыныптамасы

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Қоғамдық
қатынастардың өрісіне қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе
техникалық, қаржы немесе несие, ішкі немесе сыртқы саясаттар болады.
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің қызметтері мен міндеттерін
жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.
Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі
міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы
қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы жүйесі. Қаржы
саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады
[1].
Қаржы саясаты түрлі басқа саясат сияқты қондырмаға жатады, ал қаржы
саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір
экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары
базистік болып табылады. Қаржы саясаты экономика және әлеуметтік өріске
ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау
және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің
міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, несие, баға және кеден
саясатын кірістіреді.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына
негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы
тармақтары қатысады. Қаржы саясатын жасаудағы басымдық экономикалық саясат
сияқты Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы
Жолдауында ағымдағы жылға және келешекке арналған қаржы саясатының басты
бағыттарын анықтайды. Үкімет сол Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жсауы тиіс.
Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы
саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды
қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай
мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып
бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып,
келешекке есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы
саясатының ұзақ мерзімді курсы. Қаржы саясатының мазмұны экономикалық
жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып
отырады. Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне
үйлестіре отырып жасайды.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп
отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы
кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін
міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және
елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға аударта
отырып, стратегиялық нұсқаманы анықтайды [2].
Қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы өзара байланысты.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, себебі қоғам қаржы
саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, обьективті
шындықтың шарттарына сүйенеді.
Қазіргі жағдайдағы қаржы саясатының негізгі бағыттары:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының аясында нарықтық
қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2) дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Қаржы саясаты бірінші кезектегі міндеттерді – мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы мен ішкі және сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы нарығын дамыту,
қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және
т.б. шешу үшін пайдаланылады.
Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады.
Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы
Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық үлгілеу және жобалауды
пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге қаржы ресурстарының босалқы қорын
құру қажет. Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге және
оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Елдің қаржы жағдайын сипаттаушы көрсеткіштер:
1) жалпы қоғамдық өнім және ұлттық табыс;
2) инвестициялаудың ауқымы;
3) негізгі қорларды (капиталдарды) жаңартудың қарқындары;
4) еңбек өнімділігінің өсуі;
5) халықтың тұрмыс деңгейі;
6) мемлекет бюджетінің тапшылығы.
Қаржы саясатына ақша-несие саясаты қосылады.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып
табылады. Фискалдық саясат орталықтандырылған мемлекеттік қорларды
толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен
байланысты [3].
Қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Мемлекет
қоғамның ұзақ келешекке арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының
стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды
және оған жетудің жолдарын анықтайды. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде
қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына
негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы
тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық
ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын
жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл
сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы
саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты
бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз
ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай
биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске
асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау
үшін Президентке тапсырады (Сурет 1.1).

ҚОНДЫРМА

Қаржы органдары

Қаржы саясаты
Қаржы механизмі

ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ

ҰДАЙЫ ӨНДІРІС

Экономикалық категориялар

Экономикалық заңдар
Өндірістік Өндіргіш
қатынастар күштер

БАЗИС

Мезгілінің ұзақтылығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай
қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегия мен
анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді
шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол
макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның
шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің
кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны
экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі
анықталып отырады [3].
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, сондықтан ол
келесі дәйекті жүзеге асыру сатыларын қамтиды:
1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуының келешегі негізінде елдегі қаржының
ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей
отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын
тұжырымдау;
3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы іс жүзінде жүзеге
асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.
Экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды
дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану
мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.
Қаржы саясатының шешетін басты міндеттері:
1) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы
ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
2) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің өрістері арасында, ұлттық
шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану,
ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
3) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы
механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру.
Таяудағы мақсат – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және
экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын
сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке қағидалар
жатқызылады.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның келесі қағидаларын жүзеге асыру қажет:
1) бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің
барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың
мүдделерін сақтау;
2) қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
3) қаржы жүйесінің барлық аялары мен буындарында кірістер мен
шығыстардың теңгерімділігі;
4) қаржы резервтерін жасау;
5) мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы
ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржы саясатының негізіне алынатын жалпы қағидалар:
- объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескеру;
- нақты тарихи жағдайларды ескеру;
- өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені
ескеру.
Қаржы саясатының жеке қағидаларына жататындар:
- қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынастарын
жоспарлы ұйымдастыруды, қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағыв кірістер мен
шығыстардың тепе-теңдігі;
- бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы
резервтерін жасау;
- қаржы және ақша-несие саясатының тепе-теңдігі және тағы
басқалары.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы жүзеге
асырылады. Қаржы механизмі – бұл қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және
басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы
нәтижелерге айналдырып, іске асырады [4].
Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы
жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру
нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің
жиынтығы. Қаржы механизмі қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін,
нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын
кірістіреді.
Қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық механизмі
және мемлекет қаржысының механизмі болып екіге бөлінеді. Өз кезегінде бұл
аялардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет
қаржысының механизмі бюджеттік механизм және бюджеттен тыс ресурстар
механизмі болып бөлінеді.
Жалпышаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі
құрылымы бар және ол айтарлықтай күрделі.
Қаржы механизмінің құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде
анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі, блогы, элементі сияқты
ұғымдарын пайдаланған орынды.
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші
болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қарж тұтқалары мен
ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі,
қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы механизмінің блогы – бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі
бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы [5].
Қаржы механизмінің элементі – бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол
арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Әрбір элемент бірыңғай қаржы механизмінің құрамдас бөлігі болып
табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап
етеді.
Қаржы механизмі элементтерінің – қаржы қатынастарын ұйымдастырудың
нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі “қаржы механизмінің
құрылғысын” құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін
белгілеу жолымен қозғалысқа келтіріледі.
Шаруашылық және қаржы механизмдерінде қаржы-экономикалық нормативтер
мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер – шығындардың немесе ресурстарды
бөлудің есептік түрде негізделген мөлшерлері. Ал лимиттер – ресурстарды
пайдаланудың шекті мөлшерлері, олар қаржылық жоспарлауда пайдаланылады [6].

1.2 Қаржы саясатын жүзеге асыруда пайдаланатын құралдар

Қаржы саясатының жүзеге асыруда пайдаланатын құралдарға қаржылық
басқару, қаржылық жоспарлау мен қаржылық бақылау құралдары жатады.
Осылармен қаржы саясаты құралады.
Қаржыны басқару – бұл қаржылық және аралас экономикалық-әлеуметтік
жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатында әсер ету процесі.
Сөйтіп, қаржыны басқару – бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты;
қаржы механизмі – бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты – қаржыны
басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерімділікте, бюджет
профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,
мемлекет пен қоғам барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде
көрінетін қаржының тұрақтылығы мен тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқару негізіне қойылатын қағидалар:
1) басқарудағы демократизм;
2) қаржы мәселелеріне саяси көзқарас;
3) басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы
үйлесуі(ұштасуы);
4) басқарудың ғылымилығы;
5) орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
6) басқарудағы жауапкершілік;
7) шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудың екі қыры бар: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның
формаларын экономика мен әлеуметтік өрісті басқарудың тетігі, тұтқасы
ретінде пайдаланады, сөйтіп ол қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал
жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы
қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы
мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір өрісінде,
олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі
көзқарасты айқындайды.
Қаржыны басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік
әдістері мен нысандарын пайдаланады. Қаржыны басқару элементтері: ақпарат,
жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де,
сондай-ақ бүкіл қаржы процесін жедел басқару үшін де зор маңызы бар.
Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шешімдер қабылдауды
қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және жедел
есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқару жүйесінде маңызды орын алады. Бұл –
жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және
оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша
қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық
бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу;
ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б [7].
Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,
айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару
қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы
құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне
жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен
бірге жедел басқару сатысында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы
процестерін жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету
жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы
аппараттарының қызметін қамтиды.
Қаржыны басқаруда объектілері мен субъектілері болады. Басқару
объектілері ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, ал
басқару субъектілері басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар.
Қаржы аппараты – бұл қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық
құрылымдардың жиынтығы.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды
кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен қызмет
орындары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың
қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын басқаруды министрліктердің,
ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың,
серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы қызмет
орындары жүзеге асырады [8].
Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі,
саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-
экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі.
Қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болады және көптеген бағалауларды
жүзеге асырады. Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар
нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер,
оларды іске асырудың дәйектілігі, таңдалған мақсатқа жетуге көмектесетін
әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу,
қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағыталған
процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының
бірі болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың обьектісі шаруашылық жүргізуші субьектілері мен
мемлекеттің қаржылық қызметі. Қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен
мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің қаржы жоспарына дейінгі қаржы
жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге
белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің буындары
мен байланыстары анықталады [9].
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері:
- жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен
олардың көздерін анықтау;
- кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау;
- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында
қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және
басқалары.
Жоспарлау экстенсивтілігімен, қарқындылығымен, тиімділігімен
сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда қолданылатын тәсілдемелер:
а) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың
санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс
бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және олар мүмкіндіктермен
үйлестіріледі).
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды
жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың
күні бұрын анықталған мүмкіндігі ретінде көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса
маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Нарықтық экономикада көптеген факторлардың екі үштылығына байланысты
көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Қаржылық болжау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала
көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу).
Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам)
болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау сатысынан бұрын
болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының
тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты – болжанған кезеңдегі қаржы
ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың
көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады.
Қаржылық болжау келесі әдістерді қолдануды қажет етеді:
- қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп
көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
- корреляциялық-регрессиялық талдау;
- тікелей сараптық бағалау әдісі.
Нарықтық экономикада индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық)
жоспарлау пайдаланылады. Ол ақпараттық-үйлестіруші рөлді орындайды және
қаржы қызметінің субьектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама
түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік
реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда
маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл
шегі анықталады [10].
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. 1996
жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік
бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық
жоспарлау болып табылады. Бұл жоспарлаудың басты мақсаты – болжанған дамуды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың
бағытын анықтау.
Қаржылық жоспарлау келесі қағидаларға негізделеді:
-орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі.
Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) –
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төмен) бастаманы
барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді.
- бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр.
- жоспарлаудың үздіксіз қағидаты келешектік және жылдық (ағымдағы)
қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған келешектік жоспарлаудың
іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін
нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидасы ағымдағы және
келешектік жоспарлаудың іс-қимылының арасында үзілісті болдырмауға,
шаруашылық жүргізуші субьектілерді, олардың нақтылы даму келешегін анықтай
отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа
кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше
бастады. Бұл бизнес-жоспар.
Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық
негізіне сайма-сай болатын құжат.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды - өнім
өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен
кірістердің балансын кірістіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен
пассивтердің балансын және графигін қосымша жасайды.
Қаржылық көрсеткіштер – шаруашылық жүргізуші субьектілердің,
салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен
қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі
жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немес есеп-қисаптың мәліметтері
пайдаланылады. Қаржылық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы
мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде
белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы
қатынастарының элементін бейнелейді [11].
Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі абсолюттік қаржылық көрсеткіштер:
- өнімді (қызметті немесе жұмысты) өткізуден түсетін түсім;
- өткізілген өнімнің өзіндік құны;
- жалпы табыс;
- кезең шығындары;
- негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян);
- табыс салығының сомасы;
- таза табыс (немесе зиян).
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің көлемдік көрсеткіштері:
- инвестициялардың көлемі;
- жарғылық капиталдың мөлшері;
- өндірістік және әлеуметтік даму қорларының мөлшері;
- жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен есеп
айырысудың көрсеткіштері;
- төленген дивидендтердің, үлестердің мөлшері;
- айналым қаражаттары көздерінің көлемі.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің салыстырмалы көрсеткіштері:
- табыстылықтың (рентабелділіктің) деңгейі;
- акциялар бойынша табыстылық;
- негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері;
- өтімділіктің көрсеткіштері.
Банкте, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларда айрықша
көрсеткіштер пайдаланылады.
Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан
шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа
көрсеткіштер қолданылады.
Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер бойынша
шығыстардың көрсеткіштері қолданылады.
Жиынтық қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының,
сондай-ақ олардың жеке құрамдастарының көрсеткіштері мен олардың үлес
салмақтары, бюджеттер тапшылығының сомасы, мемлекеттік бюджет кірістерінің,
шығыстарының, тапшылығының ұлттық табысқа жалпы ішкі (ұлттық) өнімге
қатынасы (пайызбен) және басқалары жатады.
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер
пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми
негіздеуге арналған.
Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда
көрсетіледі.
Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың ең төменгі, орташа және ең жоғарғы шекті нормалары мен
нормативтері қолданылады.
Қаржы нормалары мен нормативтері бекітілетін және есеп-қисаптық болып
бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен
белгіленеді, есеп-қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады.
Қаржы қатынастары құқықтық реттеуді қажет етеді. Соған қатысты қаржы
құқығының әр түрлі нормалары қолданылады [12].
Қаржы құқығы – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің
міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және
пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң
нормаларының жиынтығы. Қаржы құқығы жекет бағыттар бойынша: бюджет
құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына бөлінеді. Қаржы құқығына
сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банк құқығын, мемлекеттік
несиені, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
ерекше қызмет.
Қаржылық бақылау ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны жедел
басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде
жүзеге асырылады.
Қаржының бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық
бақылау қаржыға тән обьективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын
практикалық қолдану болып табылады.
Қаржылық бақылаудың мақсаты ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді
қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу. Қаржылық бақылаудың көмегімен
қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы
тексеріледі.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді:
- экономикалық заңдардың талаптарының сақталуы;
- жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу
үйлесімдерінің оңтайлылығы;
- бюджетті жасау және және оның атқарылуы;
- шаруашылық жүргізуші субьектілердің, мемлекеттік мекемелердің,
қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың еңбек, материал
және қаржы ресурстарының қаржылық жәй-күйі және оларды тиімді пайдалану.
Қаржылық бақылау іс-әрекетінің аясы бақылаудың басқа түрлерімен:
әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура
келуі мүмкін [13].
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру;
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражаттарды уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидалары:
- бақылаудың реттілігі, жаппайылығы, әмбебаптылығы;
- бақылаудың првентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
- әрекеттілік, жариялылық;
- бақылаудың аламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның
шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылау микро- немесе макродеңгейде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекетін бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық жүргізуші субьектілер деңгейіндегі бақылау. Шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың обьектісі,
ал қаржылық көрсеткіштер оның предметі болып табылады.
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субьектілердегі айырмашылықтарға,
бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне
(әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай қаржылық бақылау үш бағыт
бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша
жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын
субьектілерге қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау
обьектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін
тексеру. Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері – Қазақстан
Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар және тағы басқалары.

1.3 Кәсіпорынның қаржы саясатының негізі және оның қысқа мерзімде
жүзеге асуы

Кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы саясатының бұл кәсіпорынның
экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану
жөніндегі кәсіпорынның нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті
мақсаты, оның нақтылы жүйесі. Қаржы саясаты кәсіпорынның бизнес-жоспарының
құрамды бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық саясатының маңызды факторларының бірі – активтердің
тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын
дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері –
кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының
ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық саясаттың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық саясатына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық
тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында
есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық саясатына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы
төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
• шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік теуші техника мен технология, төлеу қабілеттілігі
бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және
несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелеген іскерлік қатынаста болу –
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да
кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясыбойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық
өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны
беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша
мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайшы, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің
және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалыұ қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін
бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың
ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық саясаттың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражаттың болмауына, ал көп болуы –
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін [14].
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайн талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
• қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
• активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті
зерттеу;
• айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
• қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын
зерттеу;
• ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
• баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық саясатының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ
олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп
шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық саясатын ұзақ және қысқа мерзімді болжау,
яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұд оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамыан
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің
қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен
өзарар тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе
оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын
төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала
қарастырыған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге
сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады
[15].
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіруі және өткізу кәсіпорынның
қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде
өнім сапасының төмендеуі және оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Қаржылық жоспарлау және болжау
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау
Кәсіпорын қаржысының тұрақтылығын талдау
Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі
Қаржылық жоспарлау әдістері
Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
Пәндер