Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ҚОР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ БИРЖАЛЫҚ САУДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТАРАУ
ҚОР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ БИРЖАЛЫҚ САУДАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 6
1. 1 Биржасының мәні және қызметтері . . . 6
1. 2 Қор биржасының түрлері және оның ісін мемлекеттік реттеу . . . 16
1. 3 Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері . . . 27
2 ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОР БИРЖАСЫНДАҒЫ БИРЖАЛЫҚ САУДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ . . . 34
2. 1 Қазақстан Қор биржасының қызметін және ондағы биржалық сауданы жүргізу механизмін талдау . . . 34
2. 2 Биржалық саудаға қатысушылар және биржалық тауарды саудаға түсіру . . . 46
2. 3 Биржалық тауарлар - биржалық сауданың объектісі . . . 53
3 ТАРАУ
ҚОР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ БИРЖАЛЫҚ САУДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ДАМЫТУДЫҢ БОЛШАҚТАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 68
3. 1 Қазақстанның қор биржасы және биржалық сауда қарқынын ағымдағы жағдайы және оның қызметін болжамдау . . . 68
3. 2 Қазақстанның қаржы нарығын тұрақтандырудағы негізгі міндеттердің бірі қор биржасы және биржалық сауданы дамыту перспективалары . . . 76
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 88
Пайдаланған әдебиеттер . . . 91
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Биржа» деген сөздің екі түрлі этимологиясы бар. Біріншіден, кейінгі латынның «bursa» сөзі әмиян деген мағынаны білдірсе французша да, грекше де әмиян және студенттік шәкірт ақы деген мағынаны білдіреді екен. Екіншіден, қазіргі Бельгияның Брюгке қаласындағы Вандер Бурзе деген дворяниннің үйінде үш әмиян салынған белгі ілінген. Сол үйдің алдындағы алаңда Еуропа қалаларынан келген саудагерлер сауда - саттық жүргізген, әсіресе ақша айырбастаумен шұғылданған. Сөйтіп алғашқы биржа 1406 ж. пайда болып, онда Еуропаның әртүрлі қалалары мен елдерінен тауарлар айырбасталған. Ал қазіргі биржа - сауданың ұйымдасқан түрі, сұраныс пен ұсыныстың негізінде белгілі бір тәртіппен және еркін баға белгілеу принципіне сай стандартты биржалық активтерді сатып алу - сатуға биржалық саудагерлер кездесетін орын.
ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қор биржасы бойынша шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері бар. Биржа саудасы, оның қатысушылары, биржа саудасының жүргізілу механизмі ресейлік ғалымдар А. А. Галанов, Я. Миркин, Е. Ф. Жуков, М. В. Романовский, Т. С. Селеванова, Б. Б. Рубцов еңбектерінде көрініс тапты. Шетелдік экономистер Д. Кидуэлл, Э. Найман биржалық сауда және шетелдік қор нарығының даму сипатын көрсетті. Шетелдік және ресейлік экономистермен қатар, көптеген қазақстандық ғалымдардың да бағалы қағаздар нарығы бойынша ғылыми еңбектері аз емес. Қор биржасы және биржалық сауданың теориялық және тәжірибелік тұстарын зерттеуде Г. Т. Абдрахманова, У. М. Искаков, Д. Т. Бохаев, Э. Рузиева, Б. А. Көшенова, А. А. Ильясов, А. А. Адамбекова, А. А. Арыстанов, Г. Н. Шалгимбаева, Г. С. Сейтқасымов ғалымдардың еңбектері қарастырылды.
Диплом жұмысын жазуда Қазақстанда дамымай отырған қор биржасы проблемасының маңыздылығы “Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру” тақырыбын таңдауға себепші болды.
Аталған мәселелердің маңыздылығы мен тақырыптың осы күнге дейін толыққанды зерттелмегендігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысының мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндетте р анықталған:
- қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастырудың теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;
- Қазақстан қор биржасындағы сауда жасаудың үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;
- Қазақстан қор биржасындағы сауда жасаудың дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;
- Қазақстан қор биржасындағы сауда жасаудың жағдайына талдау жүргізу;
Зерттеу жұмысының пәні Қазақстан Республикасының Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастырудың теориялық және экономикалық қатынастардағы ролін қарастыра отырып, Қазақстан қор биржасының дамыту процесстері болып табылады.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының Қор биржасы және ондағы биржалық сауданы жүргізілуін талдау саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар монографиялары мен мақалалары, қор биржасы және биржалық сауда қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.
Жұмыстың ақпараттық базасы ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың қызметін реттейтін Агенттіктің, Қазақстан қор биржаның материалдары пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімде Қазақстандағы қор биржасының мәні және оның Қазақстанда пайда болуының маңыздылығы ашылып жазылған. Сонымен қатар биржалық сауданы ұйымдастыру, биржалық сауданы жүргізудің тәртібі, Биржа мүшелерінің және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың өзара есеп айырысу тәртібі жолдары келтірілген.
Екінші тарауда Қазақстандағы қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру үрдістерін талдау туралы қаралған. Нақтылағанда биржалық саудаға қатысушылар, биржалық тауарды саудаға түсіру, сауда тапсырмасы, биржалық сауданы жүргізу механизмдеріне талдау жасалған.
Үшінші тарау Қазақстандағы қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру үрдістерінің даму бағыттары жөнінде қарастырған. Қазақстандағы қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастырудың қазіргі жағдайы және оларды дамыту шаралары, Қазақстандағы қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастырудың әлемдік қаржы дағдарысындағы қазіргі жағдайы туралы қарастырған
Диломдық жұмыс көлемі 93 бетті құрайды. Онда 18-суреттер, 4-кестелер және 4-қосымшалар келтірілген.
1 ТАРАУ ҚОР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ БИРЖАЛЫҚ САУДАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. 1 Биржасының мәні және қызметтері
Қор биржасы нарықтың ауыстырылмайтын қаржылық делдалы болып табылады, өйткені қаржылық құралдардың негізгі үлес салмағы сонда айналыста болады және ол ресурстардың бір субъектіден екіншісіне қозғалысын реттейді.
«Биржа» терминінің пайда болуы жайлы екі түрлі түсінік қалыптасқан. Біріншісі жаңа латынның «bursa», яғни әмиян деген сөзіне негізделеді. Сонымен қатар, француз тілінде «bourse» сөзі де әмиян және студенттік шәкіртақы мағынасын береді; неміс тілінде «bursе» және итальян тіліндегі «borsа» да сол мағынаны береді [1] .
Екіншісі бельгиялық Брюгге қаласында тұрған Вандер Бурсе атты голландық көпестің атынан пайда болды делінеді. Ол тұрңн үйде үш әмияның суреті бар таңба болған. Оның үйі орналасқан жер стаушылардың жиналуына ыңғайлы алаң болатын, мұнда олар ақшаларын ауыстырып, өздерінің істерін жастайтын істерін жастайтын, сондықтан көпес мүмкнідігін жібермей өз істерін жасайтын, сондықтан көпес мүмкіндігін жібермей өз үйін белігілі бір төлемге алғашқы биржашыларға берген.
Қазіргі заман талаптарына сай сырт көрінісі өзгергенмен, бұл сөздің мағынасы сол күйінде сақталған.
Егер заң тұрғысынан қарайтын болсақ, биржадағы операциялар қомақты табыс көзін әкеледі, бірақ ол өз клиенттеріне ғимараттар мен қызметтер ұсына отырып, тек қана өзін өзі қаржыландыра алатын, шығынсыз мекеме болып қана отыр. Құқықтық қатынастардың тәуелсіз агенті бола отырып, биржа барлық түсімдерін қызметшілер жалақысына жібереді. Кірістер шығыстардан асып түскен уақытта, сол ақша қаражаттары сауда процесін жүргізуге және оған қызмет көрстеуге, ондағы айырма биржа қызметкерлеріне сыйақы беруге, сауда алаңдарын кеңейтуге, жаңа құралдарды сатып алуға, жаңа технологияны енгізуге және зерттеуге кетеді.
Биржаның табысы мен мүлігі листингтегі бағалы қағаздарды оны қалыпты ұстап тұру және тағы басқа қызмет көрсетуден түсетін түсімдерді қоспағанда, Есептік палатаға түсіп тұратын төлемдерден, пайлық қабылдау және жыл сайынғы биржа мүшелерінің төлемдерінен, биржалық операциялар алымдарынан, көрстеілетін қызметтер үшін төлемдерден, сауда ережесі бұзылғандығы үшін төлемдерден айыппұлдардан қалыптасады.
ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес қор биржасы - акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен құрылған және қызметі өзін - өзі қаржыландыру қағидасына негізделген коммерциялық емес ұйым. Қор биржасы ҚР мемлекеттік органдарына тәуелді емес. Оның қызметі ерекше болып саналады және басқа да қызметтің түрлеріне сәйкес келмейді. Ол лицензия негізінде әрекет етеді және басқа биржалар қызметін атқара алмайды. Қор биржасы бағалы қағаздармен операциялар жүргізе алатын қосымша құрылымдық бөлімшелерді ашуға құқығы бар, сонымен қатар филиалдар мен өкілдіктерді де аша алады [2] .
Ұйымдастырушылық тұрғыдан қор биржасы төмендегілермен айналыса алады:
- бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге арнайы құрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсыну;
- бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;
- бағалы қағаздарға баға белгілеу;
- өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес беруші қызметін көрсету;
- жеке талдаулықзерттеулерді жүргізу;
- құқықтық қатынастар субъектілері арасында клиринг жүргізу;
Экономикалық тұрғыда қор биржасы мына функцияларды атқарады:
- баға белгілеуші - биржа экономикалық тұрғыда негізделген бағаны белгілеуге мүмкіндік береді;
- бағаны болжау және ақпраттық - талдаулық - биржа мүмкін болатын сұраныс пен ұсыныстың даму үрдісін анықтау бойынша ғылыми - зерттеу орталығы болып табылады;
- тәуекелді сақтандыру;
- бағаны тұрақтандырушы функция - биржада бағаның ауытқу амплитудасы ескеріле отырып, күн сайынғы баға тербелісі анықталады. Мұның асяынан тыс әрекет ету мүмкін емес;
- қор биржасы кез келген заңды тұлға ретінде өз клиенттері алдында белгілі бір жауапкершілікте болады. Ол бағалы қағаздар нарығы субъектісінің шеккен зиянының орнын толтыруға және өз функциясын дұрыс орындамаған, заңды бұзған, биржалық сауда ережесін немесе коммерциялық құпияны ашып қойған жағдайда жауапқа тартылуы тиіс.
Қазақстан Заңында «Биржа - қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығындарын өтеуге, биржа мен биржалық инфрақұрвлымды ақпараттық - техникалық және әлеуметтік дамытуға пайдаланатын субъект» деп жазылған.
Әлемде алғашқытауар биржалары 16 ғасырда Еуропаның сауда орталықтарында: 1531 жылы - Антверпен (Нидерландыда), 1549 жылы - Лион, Тулуза ( Францияда), 1556 жылы - Лондон ( Ұлыбританияда) пайда болды. Ресейде алғашқы биржа I - Петрдің басшылығымен Санк - Петербургте 1703 - 1705 жылдарда құрылды. АҚШ - та (Чикагода) 1848 жылы пайда болды [3] .
Әдетте көп мөлшердегі тауарларды сату арнайы орындарда, мыс., базарда, жәрмеңкеде, дүкенде өткізіледі. Тарихи осындай жерлердің бірі биржа деп аталады. Осыдан биржа ұғымының негізіне сауда жүргізілетін және тауарды сатушы мен сатып алушы кездесетін орын жатады. Міне осы белгілер биржа деген ұғымды басқа да сауда жүргізетін ұйымдармен біріктіреді. Әйтсе де, әшейін саудадан биржалық сауданың ерекшеліктері бар:
- биржада тауардың өзі сатылмайды, тауардың үлгілері немесе арнайы сипаттамасы бойынша тауарды сатып алу - сатуға шарт жасалады;
- биржалық саудаға ұсақ тауар өндірушілер немесе жеке сатып алушылар қатыспайды, әдетте оған тауарлардың үлкен партияларын сататын және сатып алатын сатушы - делдалдар қатысады.
Биржа ұғымы оның мәнін, яғни сауда жүргізетін алаң екенін білдіреді. Бірақ кез - келген сауда жүргізетін орын биржа деп аталмайды. Биржа ұғымының элементтерін 1-суретпен өрнектеуге болады.
Көтерме
сауда нарығы
1 Сурет. Биржа ұғымының құрамдас элементтері
Алғашқыда тауар биржасы саудаға нақты тауар түсетін орын ретінде, яғни онда тауарлар сатылатын және сатып алынатын биржа ретінде пайда болды. Алайда экономиканың қарқынды дамуы және сауда көлемінің жедел өсуіне байланысты бүкіл тауарлар қозғалысын биржа арқылы ұйымдастыру мүмкін емес еді. Нәтижесінде XX - ғасырда нақты тауарлар саудасы биржадан тыс айналымға ауысты. Дегенмен тауар биржасы біржола жойылған жоқ. Әрі қарай ол екі түрлі жолмен дами бастады. Еуропаның көптеген тауар биржалары тауар нарықтарының конъюнктурасын айқындайтын, кеңес беретін және т. б. іс - шаралар жүргізетін орталықтарға айналды. Бірсыпырасы фьючерстік тауар нарығын меңгеріп, яғни фьючерстік тауар нарығын меңгеріп, яғни фьючерстік шарт жасасу негізінде тауарларды сатып алу - сатуды ұйымдастырды. Фьючерстік биржалық сауданың механизмі әмбебап болғандықтан оны қор биржалары да, валюта биржалары да меңгерді. Нәтижесінде бір жағынан әртүрлі биржаның арасындағы көптеген өзгешеліктер жойылса, екінші жағынан барлық биржалар әмбебап биржалар ретінде қызмет етуде [4] .
Тауар биржасы қазіргі биржалардың алғашқы нұсқасы. Оларда сатылған активтер түріне (тауар, бағалы қағаз, валюта) байланысты кейін қор биржасы және валюта биржасы бөлініп шықты.
Биржа дамуының болашағын айтатын болсақ, қазіргі кезде ғылыми - техникалық прогресті пайдалану электрондық биржаны тарихи аренаға шығарды, яғни биржалық сауданың бүкіл процесі компьютерленген. Осы бағытта биржалық және биржадан тыс нарықтардың айырмашылығы жойылып, нарықтық активтердің барлық түрін сататын, басқаратын және ұйымдастыратын бірегей электрондық нарық пайда болады. Сөйтіп, 16 ғасырда пайда болған ежелгі «биржа» атауы жаңа типтегі бірегей электрондық нарық компаниясына өтуі мүмкін. Сонда биржа ұғымының мәні қазіргіден мүлдем басқаша түсіндірілетін болады. Осы айтылғандарды 2- суретпен өрнектелік.
Тарихи мәліметтер биржа ұғымы үнемі өзгеріп отыратын түсінік екенін аңғартады. Егер 1. суретте сауда өтетін орынға және көтерме сауда нарығына көңіл бөлінсе, ал келесі 2. суретте электрондық сауда формасын пайдалануға байланысты сауданы қызмет орнында да өткізуге болатыны аңғарылады. Сондықтан қазіргі кезде саудаға арнаулы орын - сауда залын дайындаудың қажеттілігі жойылды. ал биржаның көтерме сауда нарығы сияқты міндетті белгісі де өзгерді. Себебі, электрондық жүйе арқылы бұрынғыдай активтердің үлкен партиясы емес, кез - келген мөлшерін сатуға мүмкіндік туды. Айта кететін жайт, биржаның клиенттерін, яғни сатып алушы мен сатушыны бір - бірімен өзара кездестіретін биржалық делдардар қазіргі уақытта да нарықтық қатынастардың негізі ретінде өз маңызын жойған жоқ. Алайда автоматтық жүйе арқылы сатушы мен сатып алушыны іздестіру болашақта биржалық сауданың бұл негізін де керек қылмайтын сыңайы бар.
2 Сурет. Биржаның эволюциясы
Келешекте жойылатынын болжауға болмайтын тек бір нәрсе ғана бар, ол биржаның мәні. Себебі биржа сауданы ұйымдастырушы, басқарушы және бақылаушы ұйым. Сайып келгенде, биржаның тарихи даму кезеңдерін төмендегідей қорытындылауға болады: [5] .
- XVI ғасырда - биржа - импортталатын көтерме сауда орны.
- XVII - XIX ғасырларда - биржа - тауарлармен, бағалы қағаздармен, валютамен көпшілік ірі сауда ұйымдастыратын ұйым;
- XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың I жартысында - биржа - бағалы қағаздармен және тауарларға фьючерстік шарттармен ашық, көпшілік сауда жүргізетін ұйым;
- XX ғасырдың 70 - 80 ж. - биржа - бағалы қағаздармен және фьючерстік шарттармен ашық, көпшілік және электрондық сауда жүргізетін ұйым;
- XXI ғасырдың бас жағына болжам - биржа - бағалы қағаздармен және фьючерстік шарттармен электрондық сауда жүргізетін ұйым;
- XXI ғасырдың орта шеніне болжам - биржа компьютерлік жүйемен сауданы басқаратын ұйым.
Биржаның қызметіне тек биржаның өзі ғана айналысатын, басқа бірде - бір сауда ұйымдары жүргізбейтін істер жатады. Оны 3-суретпен өрнектеуге болады.
Биржа жиналысын ұйымдастыру
- сауда
- сауда ережесін дайындау
- материалдармен, кдрлармен жабдықтау;
Ақпараттық қызметі
- баға
- компаниялар
- нарықтар
Баға белгілеу қызметі:
- бағаны анықтау
- бағаны реттеу
- бағаны болжау
- бағаны белгілеу
3- Сурет. Қазіргі биржа қызметтері
Суретте көрсетілген қазіргі биржалардың негізгі қызметтерін таратып айтатын болсақ, ол:
Біріншіден, ашық көпшілік сауда жүргізу үшін биржа жиналысын ұйымдастыру керек. Ол үшін:
- биржалық сауданы ұйымдастыру;
- биржалық сауданың ережесін дайындау және бекіту;
- сауданы материалдық, техникалық жабдықтау;
- биржа қызметкерлерін оқыту және білімін жетілдіру;
- саудаға қатысушыларға мамандық талаптарын дайындап, оны түсіндіру керек.
Сауданы ұйымдастыру үшін биржа ашық сауда жүргізетін көптеген сатушы мен сатып алушы сиятын жақсы жабдықталған нарық орнын (биржалық зал) дайындауы керек. Қазіргі электрондық байланыс құралдарын пайдалну сатушылардың бір жерде болуын қажет етпей - ақ, сауданы электрондық компьютерлік терминалмен жүргізуге мүмкіндік тудырады. Сондықтан биржалық сауда залы жоғары нәтижелі электрондық сауда жүйесімен жабдықталуы керек [6] .
Сауданы ұйымдастыру биржадан сауда ережесін, яғни залдағы саудаға қатысушылардың жүріс - тұрыс ережелерін және нормасын дайындап, оның қатаң орындалуын қадағалауды қажет етеді.
Сауданы материалдық - техникалық қамтамасыз етуге биржа залын, саудаға қатысушылардың жұмыс орнын жабдықтау, биржадағы бүкіл процестерді компьютермен қамтамасыз ету жатады.
Биржалық сауданы жүргізу үшін биржада жоғары маманданған, білім деңгейін қайта жетілдірген қызметкерлер штаты болуы қажет.
Биржалық саудаға қатысатын биржа мүшелерінің биржадағы жұмыс тәртібін білуі, биржалық саудаға байланысты қажетті білімі мен іс - тәжәрибесі болуы керек.
Екіншіден, биржалық шарттарды дайындау қызметі:
- биржалық тауардың сапалық сипаттамасына қойылатын талаптарды стсндарттауды ( бір үлгіге салуды) ;
- шартқа енгізілген активтер партиясының мөлшерін стандарттауды;
- биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуға бірыңғай талаптарды жасауды (шарт бойынша жүк жеткізу, өзара есептесу және биржамен есеп айырысу мерзімі мен жағдайларын қоса алғанда) біріктіреді.
Үшіншіден, биржаның арбитраж қызметі, немесе биржалық сауда барысында жасалған биржалық мәміле бойынша туындаған дауды шешу. Биржаның бұл қызметінің маңызы аса зор. Бір жағынан алдау - арбаумен іс - әрекет жасағысы келген сатушыларды анықтау шарасы болса, екінші жағынан мәміледе жіберілген қате жазулардың, компьютер жүйесінің ақауларының және техникалық қателердің әсерінен кеткен кемшіліктерді түзету тәсілі.
Төртіншіден, биржалық мәміленің орындалуына кепілдік беру қызметі биржалық клиринг және есеп айырысу жүйесін қолдану арқылы орындалады. Ол үшін биржа қолма - қол ақшасыз есеп айырысу және саудаға қатысушылардың өзара тараптары мен міндеттерін есептеу жүйелерін қолданады. Сонымен бірге олардың орындалуын ұйымдастырады.
Бесіншіден, биржаның баға құру қызметі - ол екі жақты жағдайды көрсетеді:
Біріншісі, биржаның мақсаты - нарықтық дәл бағаны анықтау болса, сонымен қатар бағаны заңсыз өзгертудің болмауын реттеу міндетін орындауы. бұл қызметін таратып айтсақ, биржа биржалық тауарлардың барлық түрлеріне баға қалыптастыруға және оны реттеуге қатысатын бірден - бір ұйым. Биржада сұраныс пен ұсыныстың шоғырландырылуы, сондай - ақ көптеген мәмілелердің жасалуы бағаға нарықтан тыс факторлардың әсерін жойып, нақты бағаның сұраныс пен ұсынысқа сай белгіленуіне әсер етеді. Биржалық баға биржаның ең маңызды қызметі ретінде баға кесу (белгілеу) процесінде белгіленеді. Баға кесу депбиржаның күнбе күнгі қызметінде валюта немесе бағалы қағаздардың, биржалық тауарлардың бағасын белгілеуді айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz