Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары



М А З М Ұ Н Ы

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Шығармашылық жеке тұлғаны дамытудың негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Оқушыладың оқу танымдық іс.әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2. Оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылық іс.әрекетін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПЕ.
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі.
Бала тәрбиесі- аса жауапты іс. Ұстаз- оқушыларға білім беруші ғана емес, олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжандылық, адамгершілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді қалыптастырушы басты тұлға.
Баланың болашақта қандай азамат болатындығы, өсетіндігі мұғалімнің балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдісіне де тығыз байланысты.
Ел ертеңінің сәулелені, Қазақстанның тәуелсіздік тұғырында нық орнауы да оның болашағын сомдайтын бүгінгі жас өркен- ертеңгі біртуар тұлғаны тәрбиелеу негізінің мықты болуында.
Сондықтан мектепте тәрбие жұмысын жүргізудің негізгі мәселелерін қамтитын мектеп мұғалімдеріне, тәрбиешілерге арналған көмекші құрал-тәрбие жұмысының әдістемесін жазу қажеттілігі туындайды. Бұл курстық жұмыс ауыл, қала мектептерінде тәрбие жұмысы бойынша жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жазылды.
Бұл курстық жұмыстың негізгі бөлімі үш тақырыптан тұрады.
Бірінші тақырыпта оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролін « Мұғалімнің педагогтық әдебі» туралы И.Е.Синицаның еңбегінен қарастырдым. Автор тәрбиелеу және оқыту өнеріне, мұғалімнің оқушымен қатынас жасай білуіне талдау жасайды. Ол мұғалім еңбегінің өзіне тән ерекшелігін ашып, сыныпта іскер қарым-қатынасты қалай қалыптастыруға және мектеп оқушылары бойында өз абыройын сақтай білу сезімін қалай дамытуға болатынын көрсетеді.
Екінші тақырып оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын Б.А.Тұрғынбаеваның «Дамыта оқыту технологиялары» атты оқу әдістемелік құралынан қарастырылды.
Бұл еңбек мектеп өмірінің, мұғалімдердің жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Үшінші тақырып сыныптан тыс тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылығын дамыту барысы . Мұнда С.Г.Губашева мен А.Ж.Отарбайдың «Тәрбие жұмысының әдістемесі» деген еңбегін пайдалана отырып тәрбие жұмысының негізгі әдістері, мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, тәрбиенің нәтижесін есепке алу мен бағалау туралы әдістері қарастырылады.
Зерттеу объектісі:
Оқушылар мен мұғалімдердің іс-әрекеттері.
Зерттеу пәні:
Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісі барысында іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
Зерттеу мақсаты:
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық
іс-әрекетін дамыту жолдары.
Зерттеу болжамы:
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық
іс-әрекетін дамыту жолдары әлі де болса төмен деңгейде. Өйткені бұл мәселе төңірегінде мұғалімдер көп көңіл аудармайды. Зерттеу мақсаты мен болжамына сай осы жұмыстың мынадай міндеттері болады:
1.Оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына тиімді жағдай жасау.
2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
3. Мұғалімнің өз іскеолігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орната білу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Абдолов, Жақсылық. Оқушылардың тілдік мәдениетін
қалыптастыру [Мәтін]// Қазақ тарихы.- 2006.- № 5.-93-94 б.

2.Абзелова, Л. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің
бір жолы [Мәтін]: Ғылым ғаламында// Ұлағат.- 2007.- №1.- 40-43 б.

3.Азимбаева, Г.Ж. 7-сыныптағы Қазақстан тарихы
оқулығының оқушылардың білімім мен білік сапасын
жақсартудағы рөлі [Мәтін]: Білім беру әістемесі:
дәстүршілдік және жаңа үрдіс// Білім-Образование.-
2007.- № 1.- 19-23 б.

Айтауханова, Д.Х. Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалардың маңызы:
// Мектептегі тарих.- 2005.- N1-2.- 3-4 б.

4.Алдамұратов Ә.Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды
меңгеру психологиясы.- Алматы: Мектеп, 1983.- 152 б.

5.Асқарбаева, К. Оқушы ізденісі- шығармашылық бастауы
Мұғалім тәжірибесінен// География және табиғат.- 2006.- № 3.- 61-63 б.

6.Әбдібекқызы Қаныгүл. Оқушылардың көркем
шығармашылық қабілетін дамыту.- Алматы: Рауан, 1994.-
80с.

7.Әзімбаева, Г. Ж. Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін
дамытудағы модульдік оқытудың ролі: [Оқыту
әдістемесі]// Білім.- 2005.- N 2.- 32-35 б.

8.Әлімқұлова, Света. Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалардың маңызы
Тарих және қоғамдық пәндер оқыту әдістемесі]// Қазақстан тарихы.-
2006.- №5.- 8-10 б.

9.Губашева, С.Г., Отарбаева, А.Ж.
Тәрбие жұмысының әдістемесі.Астана «Фолиант» -2007ж.,240б.


10.Какенова, Д. Оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту: [Тіл сабағы]// Бала тәрбиесі.- 2005.- N 1.- 6-8б.

11.Керейқұлова, Ботан. Оқушылар мен оқытушылардың
шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдары:
[Мұғалім тәжірбиесінен]// Педагогикалық кеңес-
Педагогический совет.- 2006.- № 1.- 6-12 б.

12.Қадірова, Бибігүл Нұрмұханқызы. Оқушылардың
шығармашылық әрекетіне бағытталған өзіндік жұмысты
ұйымдастырудың дидактикалық шарттары [Мәтін]: Пед.
ғылым. канд. ғылыми дәрежсін алу үшін дайын. дисс.
авторефераты мамандығы бойынша 13.00.01 - жалпы
педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагика.- Атырау, 2006.- 30 б.

13.Мырзахметова, Г. Оқушыларды ойдағыдай кәсіптік
мансапқа әзірлеу міндеттеріне сәйкес мектпетің
тәрбиелік жүйесін түзету мақсатымен иұғалімдердің
әкімшілік стильдеін зерттеу туралы білім беру
менеджерлеріне: [Кәсіби даярлық]// Білім берудегі
менеджмент=Менеджмент в образовании.- 2005 .- № 1 .-
С. 41-46

14.Нүрсейтова, Б. Оқушылардың жеке басының дамуын
зерттеудегі психологиялық ойлар: [Психология оқу
орнында// Ұлағат.- 2005.- № 3.- 77-81 б.

15.Өтешова, Б. Оқушылардың дүниетанымын сыныптан тыс
тәрбие жұмыстары арқылы дамыту: [Білім жүйесіне
этнопедагогиканы ендіру тәжірибесінен]// Білім беру
жүйесіндегі этнопедагогика-Этнопедагогика в системе
образования.- 2005.- № 4.- 59-64 б.

16.Райымқұлова, Жанат. Оқушының танымдық іс-әрекетін
ұйымдастырудың кейбір мәселелері [Мәтін]:
Педагогикалық мінбе]// Бiлiмдегi жаңалықтар.- 2006.- №
1.- 53-54 б.

17.Салпынова, Қ. Оқушылардың танымдық қызығушылығын
қалыптастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру [Мәтін]:
Ақыл-ой ұстаханасында// Ұлағат.- 2006.- №3.- 122-123б.

18.Синница, И.Е. «Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік» Алматы «Мектеп» 1987ж. 222б

19.Шағатаева, С. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту
// Валеология. Дене тәрбиесi. Спорт.- 2005.- №10.- 6 б.

20.Шүйіншина, Ш. Оқушыға білім берудің сапалық
деңгейін арттыру жолдары: [Басқарудағы жаңа көзқарастар]
// Білім берудегі менеджмент=Менеджмент в образовании.
- 2005.- № 2.- С. 23-27

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
________________________________у ниверситеті
“________________________ ” факультеті

“______________” кафедрасы

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

_____________________

Тақырыбы: Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін
ұйымдастыру жолдары..

Тексерген:______________
Орындаған:_____________

М А З М Ұ Н Ы

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Шығармашылық жеке тұлғаны дамытудың
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .6

ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Оқушыладың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2. Оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы барысында оқушылардың шығармашылығын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..23

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...30

КІРІСПЕ.
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі.
Бала тәрбиесі- аса жауапты іс. Ұстаз- оқушыларға білім беруші ғана емес,
олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжандылық, адамгершілік,
қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді қалыптастырушы басты тұлға.
Баланың болашақта қандай азамат болатындығы, өсетіндігі мұғалімнің
балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдісіне де тығыз
байланысты.
Ел ертеңінің сәулелені, Қазақстанның тәуелсіздік тұғырында нық орнауы да
оның болашағын сомдайтын бүгінгі жас өркен- ертеңгі біртуар тұлғаны
тәрбиелеу негізінің мықты болуында.
Сондықтан мектепте тәрбие жұмысын жүргізудің негізгі мәселелерін қамтитын
мектеп мұғалімдеріне, тәрбиешілерге арналған көмекші құрал-тәрбие жұмысының
әдістемесін жазу қажеттілігі туындайды. Бұл курстық жұмыс ауыл, қала
мектептерінде тәрбие жұмысы бойынша жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде
жазылды.
Бұл курстық жұмыстың негізгі бөлімі үш тақырыптан тұрады.
Бірінші тақырыпта оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы
педагогтың ролін Мұғалімнің педагогтық әдебі туралы И.Е.Синицаның
еңбегінен қарастырдым. Автор тәрбиелеу және оқыту өнеріне, мұғалімнің
оқушымен қатынас жасай білуіне талдау жасайды. Ол мұғалім еңбегінің өзіне
тән ерекшелігін ашып, сыныпта іскер қарым-қатынасты қалай қалыптастыруға
және мектеп оқушылары бойында өз абыройын сақтай білу сезімін қалай
дамытуға болатынын көрсетеді.
Екінші тақырып оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін
ұйымдастыру жолдарын Б.А.Тұрғынбаеваның Дамыта оқыту технологиялары атты
оқу әдістемелік құралынан қарастырылды.
Бұл еңбек мектеп өмірінің, мұғалімдердің жұмысқа дейінгі және кейінгі
кезеңін салыстыру, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын,
адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық,
төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну,
сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Үшінші тақырып сыныптан тыс тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылығын
дамыту барысы . Мұнда С.Г.Губашева мен А.Ж.Отарбайдың Тәрбие жұмысының
әдістемесі деген еңбегін пайдалана отырып тәрбие жұмысының негізгі
әдістері, мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары, мазмұны, түрлері,
әдістері, құралдары, тәрбиенің нәтижесін есепке алу мен бағалау туралы
әдістері қарастырылады.
Зерттеу объектісі:
Оқушылар мен мұғалімдердің іс-әрекеттері.
Зерттеу пәні:
Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісі барысында іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
Зерттеу мақсаты:
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық
іс-әрекетін дамыту жолдары.
Зерттеу болжамы:
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық
іс-әрекетін дамыту жолдары әлі де болса төмен деңгейде. Өйткені бұл мәселе
төңірегінде мұғалімдер көп көңіл аудармайды. Зерттеу мақсаты мен болжамына
сай осы жұмыстың мынадай міндеттері болады:
1.Оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабілеттерінің
ашылуына тиімді жағдай жасау.
2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
3. Мұғалімнің өз іскеолігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып,
балалармен жылы қарым-қатынас орната білу.

1.1Шығармашылық жеке тұлғаны дамытудың негізі.
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу
дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол
жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық
қайталанбайтын , тарихи қоғамдық мәні бар , жоғары сападағы жаңалық ашатын
іс-әрекет деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выготский шығармашылық
деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген
психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені
әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын
жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі
педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы
жылдары шығармашылық сөзімен жаңалықпен қатар
бастамалылық,белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе,мына төмендегідей
қорытындыға келуге болады:
Шығармашылық өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп
қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне
белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге
болатындығы жайлы көп айтылуда.
Шығармашылыққа деген қажеттілік- күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол
барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару
процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.
Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбен айтқанда
тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-
санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи
процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды.
Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды
басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз қабілеттерін
іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып, оның
әрекет ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық
және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты
тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді,
оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы
шығармашылық қабілеттер қалыптасады әрі қарай дамиды.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы:
И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға
тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды
белгілейді.
А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа
балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу) болжай білу
қабілеттерін атайды.
Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы
қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдам-дығы, икемділігі,
тапқырлығы, дәлдігі алынады.(Тұрғынбаева Б.А.52-54 бет.)

2.1. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйым-дастырудағы педагогтың ролі.

Педагогтық әдеп, кең мағынасында алғанда- мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде
тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп
әкететін кәсіптік сапасы. (И.Е.Синица 20бет).

Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан-
жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және
арнаулы білімінің, мамндығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығы
іспетті.
Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп
болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, еске
сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Ол мұғалім ізденісінің нәтижесі, ол
оның ақыл-ойының көрінісі болып табылады. Мұғалімнің педагогтық әдебінде
еліктеу деген болмайды.
Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін.
Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа да
ерекшеліктеріне байланысты. Педагогтық әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті.
Нақты математикалық есеп бір тәсілмен шығарылады, бірнеше тәсілмен шығатыны
сирек, ал оқушылардың жүрегіне жол табудың тәсілдері екібастан саналуан. Әр
мұғалімнің педагогтық әдебі бірқатар ұқсас жайттарды шешуге жарамды белгілі
бір схемаға және формулаға сыйыспайды. Мұғалімнің оқушылармен тіл табысуы
көбіне оның жағдайға ой көзімен қарай білуіне, оған басқа жағдайлардан да
гөрі айрықша маңыз беруіне байланысты. Әрбір нақты жағдайда оқушылардың
қалай қарайтынын аңғара білу де мұғалімнің біраз білігін танытады. Ал,
оқушылардың нақты жағдайға қалай қарайтыны көбінесе олардың мұғалімдермен
ара қатынасына байланысты.
Кейбір мұғалімнің оқушыларға бірыңғай әдіс-тәсілдермен ықпал-әсер етуі тәп-
тәуір нәтиже берсе, екінші бір мұғалімдерде оның керісінше болатын жайттері
жоқ емес. Тіпті, бір мұғалімнің айтқан мәні шамалы, елеусіздеу сөзінің өзі
кейде оқушыларға жеңіл әзілдей әсер етсе, екінші мұғалімнің айтқан сөзі
ерсілеу естілуі мүмкін. Бірақ, бұған қарамай, әр мұғалімнің дара
ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін
жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады.
Аталған жағдайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік,
байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады. Біз
бүгін бұл қасиеттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.
Байқағыштық.Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің бірі. Байқағыш
мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл-күйлерін
қабақтарынан танып, әр қайсысының мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса
біледі. Мұның бәрі оған әрбір оқушының тілін табуға, әрбір оқушының оның
сезімдері мен ойларына өз сезімдеріндей қуанып, өз ой, сезімдеріндей күйіп-
жанып қабылдауына мүмкіндіктер береді.
Байқағыш мұғалім шәкірттері талап-тілектерін қалай орындайды, қарсыласу
бола ма, жоқ па, бәрі-бәрін тап басып анықтайды. Байқағыш мұғалім, мәселен,
сабақ үстінде, оқушылардың қайсысы тапсырманы орындады, қайсысы орындаған
жоқ, жаңа материалды қайсысы құлықпен тыңдап, қайсысы құлықсыз тыңдап отыр-
бәрін қалт жібермейді. Мұндай мұғалімдер ықтиярсыз көндіру тәсіліне көп
жүгінбей-ақ та кластың бүкіл оқушыларын өзіне тарта біледі жәнеолардың өзді-
өздерін еркін ұстап, іштей ашылуларына ықпал етеді.
Сенім. Педагогтық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де
қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табысының ынтаға, тырысуға байланысты
екеніне сене білуі тиіс. А.Е.Мака-ренконың пайымдауынша,қателесу қаупі
төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын,тәлім
аупіРBөніпРBұрсаР4аРұғалімРқудаР1 олсынЬBәлімП
-BәрбиеР6ұмысындаР1олсынРқушыларға РéзініңР1атылЭ1атылРйларыменРKқпал Р6асау
ыР
-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал
жасауы қажет.
Балалар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін әлі шамалай алмайды.Олар
ересектердің бағасына,әсіресе өздерінің де артық сенетін мұғалімдерінің
бағасына,сүйенеді.Сондықтан мұғалім олардың қабілеттерін бағаларда өте сақ
болғандары жөн.Оқушылардың қабілеттерін,әрине,асырып бағалау дұрыс
емес.Құлдыратып бағалау одан дақушыға оғаштау.
Оқушыға сенім арту тәлім-тәрбие жұмысының принципі деп Макаренко әдемі
айтқан.Шәкірттерге сенім арту мәселесі Макаренко еңбектерінде тиісті орын
алған.Демек,бұл жұртың бәріне әлімсақтан белгілі нәрсе.Сол себепті де мысал
келтірмедім.Ұстаздық дастан-адамның адамға сенімі жайында жазылған
шежіре. Колониядағыларға Макаренконың ең ащы шындықты батыра айтуына
болатын еді ғой,бірақ ол ешқашанда сенімсіздік білдіріп,ешкімнің жанын
жараламады.
Тәжірибелі мұғалімдерде кездесетін оқушыларға деген сенім оларды еңбекке
қатыстыру да маңызы зор көптеген тәсілдердін, бірінен саналады. Әдепті
мұғалім оқушыларының біреуінең түбі ештеме шықпайтынына көзі жетсе де сыр
бермейді.
Сенімсіз жұмыс өнімсіз де көңілсіз. Өнімсіз де көңілсіз болатыны — тиімсіз.
Демек, оқушыларды өз шамалары мен мүмкіншіліктеріне деген сапалы сенімге
тәрбиелеу керек. Сенім деғеніміз, былайынша алып қарасақ, істеген істің
жартысы деген сөз.
Тәжірибелі мұғалімдер кейбір оқушылардың өз шамаларына деген сенімін
қолдап, күшейту үшін олардың алғашқы жетістіктерін өсіріп көрсетуге саналы
түрде барады.
Әлгі муғалімдер әр түрлі әдіс-тәсілге салып, байқатпай бойларында не бар,
не жоқтың бәрін оқушылардың өздерінің сезінуіне, өз жетістіктеріне өздері
қуанып, өздері күйзелуіне мүмкіндік жасайды. Кей-кейде мұғалім әлгіндегі
оқушылардың жұмыстары жайында олардың жеке-жеке өздеріне немесе бүкіл
кластың алдында (жағдайға қарай) жылы лебіз білдіріп, алдағы уақытта басқа
тапсырмаларды да жақсы орындай алатынына қабілеттерінің бар екенін айтады.
Әділдік. Мұғалімдеріңіздің қандай қасиеттерін көбірек бағалайсыздар деген
сауалға оқушылар көбіне көп әділдігін деп жауап қатады.
Әділ мұғалімнің оқушылар кейбір ресімшілдігін, біртоғалығын, тіпті
дөрекілеу кеткен жерлерін де кешіре алады.Егер мұғалім әділ болғанның
үстіне әдебі мол,көңілді,жайдары болса,мектепте одан беделді адам қайсы!
Мұғалімге әділеттсіз деген ат оның тек әділетсіз болғандығынан ғана
емес,сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақтамауынан да
таңылуы мүмкін.Осындай себептерден оқушыларда - мұғалім әділетсіз болуға
тиіс деген сияқты ой-пікір қалыптасып қалуы ғажап емес.Неге десек,өмірлік
тәжірибелерінің аздығынан немесе жете танымағандықтан кейде оқушылар ересек
адамдарды, олардың ішінде мұғалімдер де бар,бірде олай,бірде былай
бағалайды емес пе?
Мұғалім оқушыларына тек әділ қарап-қана қоймай,соған қоса,өз ісінің
дұрыстығына оларды иландыра да білуі керек
Мұғалім оқушылардың кейбіреулеріне ерекше назар аударғандай болса, оның
себептері (біреудің денсаулығы нашар,біреудің үй-жағдайы қиын, біреу
дәлелді себептермен сабақ үлгермейді) басқаларға түсінікті болғаны жөн. Қит
етсе бағаны көтермелеуге дайын тұратын (оқушыларды саналы түрде ынталандыру
мақсатымен баға көтеру) мұғалімдер де оқушыларға әділетсіз көрінуі мүмкін.
Балл бойынша таза білім бағаланады. Мұғалім қорытып-қорытып келіп,
шәкірттерінің әрқайсысының ортақ бағасын шығарады, бірақ ол балл бойынша
бағалауға жуықтамауы мүмкін.Ортақ баға дегеніміз, бұл-оқушының сабаққа
деген ынта-ықыласын жан-жақты ескеру деген сөз.Оқушы артық қате
жіберіп,айталық,үздік баға алар.егер ол бұл бағаға барын салып
дайындалса,оның ол ынтасы ескеріліп,бағаланады.Егерде мұғалім шәкіртінің
ынта-ықыласын ескермесе,онда оның әдеп сақтамағаны.
Мұғалімнің әдеп сақтамауы оның айнымалы мінезінен немесе өзіне-өзінің ұдайы
талап қоймауынан және оқушының білімін бағалай білмегендігінен болуы да
мүмкін.Мұғалімнің түсініксіз мінезі жайында оқушылар: Не дегелі тұрғанын
өзі де білмейді, кеше недегені бүгін есінде жоқ, Үндемеңдер,ертең не
дер екен-деп,негізсіз айтпаса керек қой.Мұғалімнің бұл аумалы-төкпелі
мінезі оқушыларды әуелгі кездері ойда қалдырады,кейін,ақыр соңында тыңдамай
тіпті қйт етсе ерегісіп шыға келетін мінез көрсете бастайды.мұғалімнің
мінезін тұрақсыздығын оқушылар оның осалдығы ретінде қабылдайды. Осыдан
келеді де оқушылар мұғалімін жек көріп,бұл жек көру әрмен қарай ұзаса
ыңғайсыз жағдайға апарып соғады.
Мұғалімнің ар-ұяты кіршіксіз болса,оқушылар оның кез келген қатесін
кешіреді. Керісінше, мұғалім әділетсіз жасап, жалған мінез көрсетсе,
оқушылардың көңілдері қалып, аралары салқындай бастайды.
Төзім және сабыр сақтау мұғалімнің педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен
сабыр сақтау сияқты қасиеттердің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар.
Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы
тиіс деген сөз емес.А.С.Макаренко айтқандай, мұғалімнің кейде әлде неге
шыдамай, түтеп, жарылып кете жаздайтын да реттері бар.Сондай жағдайларда
оған өзін өзі ақылға жеңдірмей болмайды.Өйткені, ашу тасыса ақыл төгілетіні
белгілі. Мысал келтірмей-ақ қояйын, бақылаудан айырылып қалып,өздерін
өздері ұстай алмай ыңғайсыз мінез танытып жүргендер аз ба? Бұл жерде
өздерін өздері ұстай білмейтін педагогтардың көбісінің беделден де, тіпті
мамандықтарынан да айырылып қалатынын айтпасақ та жеткілікті.
Ашу үстінде ешқандай да шешім қабылдауға болмайды.Ондай жағдайда
мұғалімнің асығыс шешім қабылдамауы үшін: Мен сенімен жеке әңгімелесемін,
Сенімен айналысуға қазір уақытым болмай тұр - деген сияқты кінәлау
түрлерін іздестіргені жөн. ашуы соң мұғалім басқашалау ойлайды, шешімі
ақылға сыйымды болады, ол шешімін оқушыларға, яғни класқа бір қапысын тауып
жеткізеді.
Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың
белсенді құралы болуы қажет. Тәжірибесі аз, жас мұғалімдер көп ретте
өздерін ыңғайсыз жағдайға қалдыратын лап етпе мінездерін нерв жүйесі
жағдай-ларынан көреді. Нерв жүйелері жастарға қарағанда әлде қайда осал
байырғы мұғалімдер, әдетте, ұстамдырақ келеді. Демек, мәселе нервте емес,
керісінше , ол әркімнің өзіне тапсырылған іске жауапкершілігі мен өзін-өзі
ұстай білу дағдысына байланысты. Олай болса, ұстамдылық пен сабырлылық
іскерлік пен дағдыға ұқсас болды. Өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелемеген
мұғалім педагогтық әдепке қарадүрсіндеу келеді.
Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын сапа емес, ол адамның басқа
сапасы сияқты жүре-бара пайда болады. Бірақ, бұл ешқандай теориялық
дайындықсыз өзінен-өзі келеді деген сөз емес.
Педагогтық әдеп мұғалімнің психологиялық білімін алдын-ала
қарастырады. Тәжірибе жинақтамас бұрын,- деп жазды К.Д.Ушинский, - педагог
көп оқып, көздеген мақсаты, пәні және өз еңбегінің кілті жайында жатпай-
тұрмай ойлануы керек. (И.Е.Синица Педагогтық әдеп және ұстаздық
шеберлік Алматы. Мектеп 1987ж. – Педагогтық әдеп – мұғалімнің кәсіптік
сапасы 20бет).

2.2 Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
Білім беру саласындағы жаңалықтар:
Ұйымдастырудағы
Технологиялардағы
Оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі деп 3 топқа бөлінеді.
Француз ғалымы Э.Брансуик педагогикалық жаңалықтардың 3 мүмкін түрін бөліп
қарайды.
1.Жаңалық ретінде бұрын еш жерде, еш уақытта қолданылмаған білімдік идеялар
мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңалық өте
сирек кездеседі.
2.Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен ерекшеленген,
қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі
педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.
3.Практикада бұрын болмаған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану жаңа
нәтижелер беретін жаңалықтар.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге
еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері мектептердегі
жаңару процестерін қызу қолдап жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды
практикада қолдануда үлкен белсенділік танытуда. Енді педагогикалық
технология терминінің мәнін ашайық.
Педагогикалық технологияға- В.Л.Беспалько – практикада іске асатын нақты
педагогикалық жүйе, жоба,- деген анықтама береді. Ал педагогикалық жүйені
тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-
бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.
-Оқытудың технологиялары- дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуалдық
бөлігі.
-Педагогикалық технологиялар- оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және
өткізудің ойластырылған моделі. – деген анықтамалар бар.
Ал Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған әдістер,
амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы
деп түсіндіреді.
Технологиялық процесс – технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар
педагогикалық нәтижеге бағытталған.
Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жек бастың даму
теориясына негізделген.
П.К.Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына,
ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:
Қолдану деңгейіне қарай (жалпыпедагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік,
модульдік).
Философиялық негізіне қарай ( материалистік, идеалистік, диалектикалық,
метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т.б.)
Психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік, социогендік,
психогендік)
Ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциативті-рефлекторлық, биховиристік,
гештальтехнология, дамытушылық)
Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық, әрекеттік, сезімдік,
эвристикалық, қолданбалы, өзін-өзі дамытушы)
Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (білімдік және тәрбиелік, жалпы
және кәсіби бағытты, технократтық және гумандық)
Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімдік өрістеріне
қарай төмендегіше топтауға болады.
Тілдік өріс.
Бұл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге
арналған Н.А.Зайцевтің: каллиграфияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуға
үйретуге арналған Е.Н.Потапова және басқа да технологиялармен сипатталады.
Математикалық өріс.
Бұл топқа П.М.Эрдниев және Б.П.Эрдниев т.б.жасаған технологияларды
атқызамыз.
Республикада бастауыш мектептегі оқыту мазмұны жаңартылды. Жаңа мазмұнды
ескі әдістермен болмайтындығы белгілі. Оқулық қанша жақсы болғанымен онымен
жұмыс жасайтын мұғалімдер оқытудың жаңа тәсілдерін меңгермеген болса,
оқулықтардың негізгі идеясы, дамытушылық мәні іске аспауы мүмкін. Сол
себепті бүгінгі күні мектеп мұғалімдерінен жұмыстың жаңа тәсілдерін қолдану
қатаң талап етіліп отыр.
Осыған орай бұдан әрі қарай жұмысымызды мектеп мұғалімдері әлі жете таныс
емес, көпшілік тәжірибесіне ене қоймаған оқыту технологияларына тоқталумен
жалғастыруды жөн көрдік.
Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл.
Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларғат кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,
екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты,
Соро-Қазақстан қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ
тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оны
неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя
білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы қөзқарастармен тепе-теңдікте ұстап
зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек
ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс
түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз
даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері
сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3
деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға
асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай
отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой
толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту.
Үйрену процесі- бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.
Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа
ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы
тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан
басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы
әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін Топтау, Түртіп алу,
Ойлану, Жұпта талқылау, Болжау, Әлемді шарлау т.б. деген аттары бар
әдістер жинақталған. Қызығылушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты –
үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену- енжарлықтан гөрі
белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске
түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни
айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша
шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа
білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны
тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс
істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік
көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға
көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT . Ол бойынша
оқушыға оқу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Жеке тұлға өзіндік құндылық
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Шығармашылық туралы ұғым
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жайлы
Оқу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Пәндер