Дін,қоғам,мемлекет,саясат



Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

II Негізгі бөлім

2.1 Ислам дінінің шығуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2 Ислам дінінің Қазақстанға келуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.3 Дін туралаы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.4 Дін . қоғам ішіндегі рухани күш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.5 Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.6 Діннің халықаралық саяси мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.7 Тәуелсіз Қазақстан және ислам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
КІРІСПЕ
Діннің әлемдік деңгейдегі азаматқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. КСРО кеңістігінде кезінде коммунистер басшылығымен дінсіз, социолисттік мемлекет құрылды, атеизм үстемдік құрған сондай қоғамда өмір сүрдік.Есте болатын жай, Қазақсатанда ислам діні дәстүр, қажет десеңіз ұлттық дәстүр, ғұрып арқылы сақталады. Сондықтан, бүгінде дінді дәстүрден ажыратуға тырысушылық ел санасына дағдарыс әкелетін іс. Бүкіл адамзат баласының тарихын сұрыптап қарастырсақ, өткен тарихта – ешқандай қоғам дінсіз болмаған. Қоғамда діни сана үнемі болып келеді. Дін мен қоғам бір – бірінен ажырамайтын феномендер.
Турасын айтсақ, атеизмнің өзіде дінді жоққа шығара алмағандықтан бір шарасы. өрғкениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен ажыратылған, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мелекеттің субстанциясы.
Жер – біреу, күн – біреу, ай біреу, жұлдыздар ортақ. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп, оның дене мүшелері бірдей, сөз сөйлеудің жүйесі ортақ, тек тілдері мен түрлері ғана басқа. Айта берсек, адамзатқа ортақ нәрсе көп. Біз қазір ортақ көліктерді пайдаланамыз, ақпараттық қоғам жағдайында электрондық пошта, ұялы телефон – соның бәрі ортақ. Олай болса, біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақ өркенниетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. өйткені осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін – дінге бөліп, бөлек – бөлшектепе келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгірсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар апат болды. Қасірет кешті.
Қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды.
Саясат ол – қоғамның саяси саласы.
Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады.
Мәселен, «саясат және дін», онда діннің саясатпен байланысын көреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттардың өзі діни тұрғыда болған.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Х.Ақназаров «Ислам діні және өмір шындығы»
2. Жамбылов Д. « Саясаттану », Алматы,2003.
3. Д.Исабеков «Ислам және Қазақстан мәдениеті»
4. Масанов Н. У политического ислама в Казахстане нет перспектив.
5. Ә.Дербісәлі «Ислам және Заман»

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II Негізгі бөлім

2.1 Ислам дінінің шығуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2 Ислам дінінің Қазақстанға келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
2.3 Дін туралаы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.4 Дін - қоғам ішіндегі рухани күш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.5 Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.6 Діннің халықаралық саяси мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...11
2.7 Тәуелсіз Қазақстан және ислам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...15

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...18

КІРІСПЕ
Діннің әлемдік деңгейдегі азаматқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. КСРО кеңістігінде кезінде коммунистер басшылығымен дінсіз, социолисттік мемлекет құрылды, атеизм үстемдік құрған сондай қоғамда өмір сүрдік.Есте болатын жай, Қазақсатанда ислам діні дәстүр, қажет десеңіз ұлттық дәстүр, ғұрып арқылы сақталады. Сондықтан, бүгінде дінді дәстүрден ажыратуға тырысушылық ел санасына дағдарыс әкелетін іс. Бүкіл адамзат баласының тарихын сұрыптап қарастырсақ, өткен тарихта - ешқандай қоғам дінсіз болмаған. Қоғамда діни сана үнемі болып келеді. Дін мен қоғам бір - бірінен ажырамайтын феномендер.
Турасын айтсақ, атеизмнің өзіде дінді жоққа шығара алмағандықтан бір шарасы. өрғкениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен ажыратылған, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мелекеттің субстанциясы.
Жер - біреу, күн - біреу, ай біреу, жұлдыздар ортақ. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп, оның дене мүшелері бірдей, сөз сөйлеудің жүйесі ортақ, тек тілдері мен түрлері ғана басқа. Айта берсек, адамзатқа ортақ нәрсе көп. Біз қазір ортақ көліктерді пайдаланамыз, ақпараттық қоғам жағдайында электрондық пошта, ұялы телефон - соның бәрі ортақ. Олай болса, біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақ өркенниетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. өйткені осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін - дінге бөліп, бөлек - бөлшектепе келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгірсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар апат болды. Қасірет кешті.
Қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды.
Саясат ол - қоғамның саяси саласы.
Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады.
Мәселен, саясат және дін, онда діннің саясатпен байланысын көреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттардың өзі діни тұрғыда болған.

Негізгі бөлім
2.1 Ислам дінінің шығуы
Дін адам баласының балаң кезінде туған. Санасының жетіле қоймаған шағында адам табиғаттың сан қилы көріністері алдында дәрменсіз болды. Күннің күркіреуін, жарқ-жұрқ еткен найзағай отын, аспан әлемінің о шеті мен бұ шетіне тартылған кемпірқосақ құбылысын, көк жүзінен шелектеп құйған нөсер - осылардың бәрін халық қайдағы бір кереметтің жасап жатқан кесапаты деп түсінді де оған құдай деген ат тақты. Адам өлімін де, оның қуанышын да сол құдай есімімен байланыстырды. Жеті қабат жерді көтеріп, алты қабат аспанды тіреп тұрған кім? Ол - құдай, құдай әмірімен солай болып тұр дейтін ұғымда адам санасының сол бір балаң шағында туған еді. Өмір құбылыстарының бәрін құдай есімімен байланыстыру көне замандарының өзіне тән ерекшелігі болатын. Оқыған-тоқыған жоқ мәдениеті төмен халықтың құдайға құлшылық ете табынуын өлердей қорғайтын дін де,оның уағыздары да түрліше болып келеді. Бір дін жақсылық атаулыны өзіңнен өзіңнің еңбегіңнен күтпей, көктен күт деп адамдарды аспанға қаратып қойса, басқа бір дін оларды айға жалбарындырды немесе күнге телміртті. Әрине біздің мақсатымыз барлық діндерді атап,олардың шығу тегін,көздеген мақсатын айту емес, біз бір ғана ислам діні туралы әңгімелекпіз. Өзге діндер сияқты бұл діннің де шығу тарихы, таралу жолы көздеген мақсаты болды. Ислам діні алдымен Таяу және Орта шығыс пен Африканың біраз елдеріне тарады. Ол осы елдерді әлі де болса жайлап, өзінің дәрменсіз бұғауымен бірқатар халықтарды матап отыр. Толық емес мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде осы дінді ұстайтын мұсылмандар саны 1500000 адам болып отыр. Аталмыш дінді әлемнің басқа халықтары ұстамай, Таяу Орта Шығыс және Африка елдері халықтарының иеленген себебі не? Егер бір сөзбен айтар болсақ, мұның себебі сол тұстағы араб қоғамының материалдық тұрмыс жағдайларына, сол жағдайлардан туған өзгерістерге тығыз байланысты еді. Арабия түбегі ерте замандардан-ақ тоқсан жолдың торабында жатты. Азия, Африка мен Европа елдерінің де сауда-саттығы осы түбек арқылы өтті. Бір елден алған тауарын екінші елге бұлдап өткізіп, араб саудагерлері байи берді. Соның нәтижесінде араб елі әлденіп өзге елдердің көзіне ілінді. Біздің заманымыздың жетінші ғасырында өзінің асқан дәулетімен, байлығымен аты шығып құлпырған әсіресе Мекке қаласы еді. Мекке қаласын сол тұста арабтармен бірге христиандар да, еврейлер де мекен еткен. Бүкіл Арабия түбегіндегі сияқты бұл қалада да бытыраңқы тайпалар көп еді. Осылардың басы қосылмай, өз алдарына бір-біріне бағынбай өмір сүретін. Қаланың билеуші топтары осы тайпалардың басын қосып, біріктіруді ойлады және бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрмақ болды. Ол үшін тайпа атаулыны бағындырып, бір қолда ұстайтын бәрін билеп, бәрін көріп отыратын құрал керек болды. Мұндай құрал дін еді. Міне осы дін арабтар тарихында тіршілік атаулының бәріне өктемдігін жүргізетін құдіреті күшті бір құдайға табынудың басталған дәуірін паш етуге тиісті болды.

2.2 Ислам дінінің Қазақстанға келуі

Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714 жылы басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мәуереннахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түргеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш пен Ферғананың, Самарқант пен Бұқараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджапқа жорығы түргештердің Орта Азиядағы шекара маңына шоғырлануға бастау болды.
Түргештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым қаған араб экспенциясына сәтті тойтарыс берді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды.733 жылы қарай түргеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі түргеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады. 714 жылы Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты өз ордасына айналдырып. Испиджап бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стртегиялық маңызы қызықтырды: Испиджапты алып Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды. Жорыққа сарбаздармен бірге миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Орта Азиядағы арабтарға қарсы қозғалыста Муканна көтерілісі маңызды орын алды. Ол Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда да кең қолдау тапты. Көтерілістің 783 жылы жеңілісінен кейін арабтар бар күштерін жинап, жаңа жерлерді жаулап алуға, исламды таратуға кірісті. Әскери жорықтар тұрғылықты адамдардың исламдануына игі ықпал етті. Атап өткеніміздей, VІІІғ. сарбаздарды іле-шала дін уағыздаушылар да жетті. Якут бізге халиф Хишиннің кезінде арабтардың исламды қабылдауды ұсынып, түркілерге елші жібергені туралы мәліметті жеткізді. Қаған әскери күштерін сапқа тұрғызды,елшілерге олардың қатарында қолөнершілер, шаштараз, ұста, тігінші жоқ екенін айтты, егер олар исламды қабылдаса оның барлық рәсімдерін орындаса қайтіп күн көрмек деді. Шығыс түркілерінің әлемдік мәдени кеңістікті игеруге деген талпынысы жаңа дінінің таралу қарқынына оң ықпал етті. Жаңа дін архаикалық дәстүрлі нанымдардың ыдырауы кезінде біріктіруші дінге деген қажеттілікке берілген жауап болып табылды. Исламның табысқа жетуінің кепілі дәл осында деп ойлаймыз. Өйткені, ол Шығыстағы қалыптасып келе жатқан Ортағасырлық қоғамның қажеттілігін бейнелейтін еді.

2.3 Дін туралаы түсінік

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамдармен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін туралы арнайы ғылымды - дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық - әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos - халық, logos - ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология - (көне грек тілінде teos - құдай, logos - ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio - мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.
Дінді философиялық - әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз - оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және "діндарлық генінің" болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялықанықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақта оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.
Дін этностардың оқшаулану факторлардың бірі болып табылады және әтнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.
Діни сана күнделікті және консептуалды болып 2-ге бөлінеді:
Күнделікті - діни түсінік, дағды, қағида дәстүр.
Консептуалды - осының бәрі белгілі бір дін түсінігіне ие болады, теориялық негізінде жасалып ақиқаттылығы дәлелденеді.
Діни қызмет: ілімдік және ғұрыптық болады. Діни қызмет дегеніміз - діни ілімді жинақтап, саарлау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру.
Діни бірлестіктердің мынадай түрлері бар: діни мекеме (мешіт, шіркеу, діни оқу орны т.б.), діни секта және деноминация.Бұлардың ішінде шіркеу, мешіт т.б. бірлестіктің неғұрлым кең түрі саналады. Олардың орталықтандырылған құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар.
Секта (латынның "ойлау тәсілі, ілім, бағыт"деген мағынадағы сөзінен шыққан) әдетте орнықты діни ілімге оппозициялық ағым, әлеуметтік, дүниетанымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болады, тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Секталарға тән нәрсе - өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау.
Деноминация - (латынның denomen - "атын өзгерту" сөзінен) не басқа діни бірлестіктерден бөлініп шығады, не әуелгі бастан дербес қалыптасады.Сенушінің құдайдың қалауы пенделеріне рухани қайта тууна қоғам және белсенділік т.б.
Мифология рухани адамдардың өздерінің қоршаған орта туралы түсінігін тарихи, өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер кейіпкерлер арқылы жеткізеді. Мифтер мазмұнына қарай: космологиялық (әлемнің жаралуы туралы), астраномиялық (планета, жұлдыздар туралы), теологиялық (құдайдың пайда болуы туралы), антропологиялық (адамның пайда болуы туралы), этногенездік (рулар,тайпалардың пайда болуы туралы) эсхатологиялық (ақырзаман, топан су туралы).
Діннің түрлері:
Діндер докторинасына және сенім жағына байланысты 2-ге бөлінеді:
1) тек тәңірлік (монотейстік)
2) көп тәңірлік (политейстік)
Діндер құрылымына қарай:
1) құрушысы бар
2) әдет - ғұрыптарға сүйенген діндер
Діндер мазмұны мен ерекшеліктеріне қарай 3-ке бөлінеді:
1) алғашқы
2) ұлттық
3) әлемдік
Алғашқы діни наным сенімдер:
1) Анемизм - жан рухқа сенуші яғни жанның өлімсіздігі мен жанның табытқа сену (мысалы көне түріктерде әруақтарға сену)
2) Фитишизм - жансыз заттарға сену және оларды қастерлеу.Фитишизм барлық діндерге тән құбылыс.
3) Тотемизм - кульптерге сену, жануарлар мен өсімдіктерге, ата - баба культіне сену және тотемдік рәміздерге сену.
Магия - грек тілінде сиқыр деген мағынаны береді. Алғашқы қауымдық құрылыстан бері күнімізге дейін жалғасын табуда.

2.4 Дін - қоғам ішіндегі рухани күш

Қай қоғамда болсын діндердің айырықша орны бар. Мысалы, орыс қоғамында православиенің ықпалы айтарлықтай. Қазақстанда ислам дінінің ықпалы зор болуы табиғи жағдай. Баршамыз осы мақсатта жұмыс істеуіміз ққажет. Бізді болашақ ойландырады. Мен Қазақ елі - мәңгі дегенді қайталап айтуды ұнатам. Мәңгілік болу үшін не керек? руханият соның ішінде дініміз таза болғаны абзал.
Өркениеттің жоғарғы сатысына көтерілген батыс Еуропа, Шығыс Азия елдерінің қатарына кіруге тек әлеуметтік - экономикалық ахуалдың кемелдігі жеткілікті ме? Жетілген елдер арасында енсемізді тік ұстайтын, елді ел ететін мәдени - рухани өзегіміз - дінімізбен діліміз, тіліміз, яғни қоғамдық санамыз кемел ме? Бұл сауалға дәстүр қазіргі уақытта толық иә деп жауап бере қою қиынырақ та шығар, себебі қоғамдық сананың дінсіз кемелденуі толығымен бола қоятын іс емес. Құран Кәрімді меңгермей, қоғам жайлы, жеке адамның жан - дүниесі туралы жақсы, жетік білеміз деуге де болмас. Қоғамдық сананы қалыптастыруға қызмет етіп жүрген ғалымдар ілімді тануда, әлемді тануда Құран Кәрімді негізге ала жүргізбесе, адамды да қоғамды да адастырып алу қауіпіміз бар екенін мойындайтын да мезгіл келді. Сондықтан, біз бұдан былай қоғамға қызмет ететін мамандарды Құран Кәрімді меңгерген, зайырлы мемлекет қызметшісін дайындауды қолға алуымыз қажет. Сөздің қысқасы, сауатты, білімді мұсылман интеллигенциясын қалыптастыруымыз қажет. Әрине, бұған жетпіс жыл бойы атеизм қанына сіңірген қазақстандықтардың бір парасы көне, қоймауы да мүмкін, бірақ Құран Кәрімді меңгерген малайлықтарға, олардың қарқындап өсіп, бәсекеге қабілетті жиырма төрт елдің қатарына енуге Ислам діні еш кедергі болған жоқ.
Дінді бірыңғай діни сенім негізінде ғана оқыту қалай дегенмен бір жақты жүреді. Ал егер сол түлектер зайырлы университеттің білімін, мемлекеттік үлгідегі дипломын алып шықса, мемлекеттік қызметтерде, яғни жоғарғы және жергілікті билік орындарында, ұлттық қауіпсіздік комитетінде де, өзге құқықтық мекемелерде де, кеңесші қызметін ойдағыдай атқара алар еді. Ғылыммен ұштасқан діни ілім мемлекетті нығайтуға ғана емес, оның қауіпсіздігін нығайтуға да қажет.
Мемлекет, қоғам және ел деген ұғымдар бар. Мемлекеттің саясатын Президент жүргізіп отыр. Шекараны анықтау, халықаралық байланыстар орнату, мемлекеттілікті нығайту одан ары жүргізілуде. Үкметте атқару шараларшын орындауда. Қалған мәселе қоғамда. Ал сол қоғамдағы негізгі күш - зиялылар. Мемлекет пен үкімет халықтың хакл - күйі мен олардың рухани - мәдени және қоғамдық белсенділігін зиялылардың үнінен тануы керек. Өкінішке орай, егемен елге лайық зиялылық бізде толық пісіп жетілген жоқ. Елдік мәселені көтеріп отырмыз деп, ұлт мәселесіне қайта айналып соға береміз. Ұлт мәселесі отаршылдық жағдайына айналатын мәселе, егемендікке, саяси тәуелсіздікке қол жеткізген біздің мүддеміз биік болуы керек. ол идеяның өзегі дін, діл және оларды нығайтып, кемелдендіретін мұсылман зиялылары болмақ. Сонда мұсылман зиялылары деп кімдерді айтамыз? Олар имандылық пен әділеттілік жолындағылар, олар ілім, ғылым игерген білікті мамандар. Мұндай азаматтарға корупция және тағы басқа әділетсіздіктер жат болмақ.
Дін тазалығы - ел амандығы.
Астанамызда 2003 жылы өткен әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер басшыларының тұнғыш съезі адамзат дамуының кезеңінің бастауы боды десек қателғеспейсіз. Оның көңілімізді қуантып, мақтаныш сезімін тудырар басты ерекшелігі, мұсылманы басым елде өтуі - Ислам дінінің артықшылығын мойындап, Алланың тыныштығына бөлген халықты басқарған Президентінің ізгі бастамасының жүзеге асуы дер едік.
Діндер ішіндегі ең соңғысы, ең ақиқаты - Ислам. Ол ешқандайда ұлтқа - ақ, ақ, қара, сары деп нәсіліне бөлмейтін, байлығына, мансап - дәрежесіне қарамай бүкіл адамзаттың құқық теңдігін жоғары қоятын шынайы дін, қазіргі әлемдегі 254 мемлкетке 2 млрд. Християн 172 мемлекетке 1,5 млрд. Ислам, 86 мемлекетте 750 млн. будда дінің ұстанатындар тұрады. Қалғандары иуда және басқа дін өкілдері құрайды.
Өтпелі кезеңдегі діннің қоғамдағы орны мен қызметтері- аса күрделі мәселердің бірі. Қазақстан хылқының 70 пайызы мұсылман дінін, 20 пайызы христиан дінін, қалғаны басқа дін ұстанатын өкілдерден тұрады.
Егемендік алаған кезімізде негізгі діндердің ғана өкілдері болған Қазақстанда 1995 жыл басында дінип конференциялар 30 - ға жетсе, соңғы деректер 60 тан асақынын айтуда. Ел Президенті Жолдауының басты мұраты - қоғамның идеялық бірлігі, тұрақтылығы мен топтасуында делінген. 1992 жылы 15 қаңтарда қабылданған Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы заңға өзгерістер енгізетін уақыт әлде қашан жетті. Оған себеп - салдар жеткілікті. Демократия үзілді - кесілді баға беруді көтермейді дегенмен бір кезде елдің қас - қабағын бақсақ, енді басқалы недеп қалады деп жалтақтайтын сыңайлымыз. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кеткен діни ағымдардың залалы халықтар арасында іріткі салып отбасы, ағайын туыстарынан ажыратып, орынды ренішін тұғызуда.

2.5 Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны

Қоғамның саяси өмірінде дін де айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шеттетілуінің, атеистік (құдайға сембеушілік) идеологиясының үстемдік етуінің салқыны елімізде әлі айыға қойған жоқ. Сондықтан біздің жұртшылыққа бұл мәселені толық түсіне қою оңай емес. Ал шетелдерде діни идеологиялық адамдар іс - әрекетіне елеулі ықпалы бар және ол түрлі түрде көрініс береді. Мысалы, Италияда жастардың 80%- ы дінге сенеді, олардың 67.3% - ы өз өмірлерінде құдай маңызды рөл атқарады деп есептейді. Бұдан олар үшін дүниеге діни көзқараспен қараудың ерекше орын алатындығын байқаймыз.
АҚШ - тағы ұлт - азаттық күрес кезінде діни қайраткерлердің көбі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат және мораль, дін
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Ибн Халдунның мемлекет және саясат туралы тұжырымдары
Адам табиғаттың тамаша туындысы
Мемлекет пен діннің қатынасы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері
Әлемдік саяси ой тарихы
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Саяси философия
Пәндер