Кескіндеме өнерінде натюрморт жанрын салу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ НАТЮРМОРТ ЖАНРЫ
1.1 Бейнелеу өнеріндегі кескіндеменің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Натюрморт жанрының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Шетел суретшілерінің шығармаларында натюрморт жанры ... ... ... ... ... ...22
1.4 Қазақстан суретшілерінің шығармаларында натюрморт жанры ... ... ... ... .24
2 КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІНДЕ НАТЮРМОРТ ЖАНРЫН САЛУДЫҢ
ӘДІСТЕРІ
2.1 Натюрморт жанрында композиция, перспектива заңдылықтары ... ... ... ... 26
2.2 Геометриялық денелерден құралған натюрмортты салу әдісі ... ... ... ... ... .32
2.3 Кескіндеме өнеріндегі бояу түстері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.4 Жеміс.жидектерден құралған натюрморт жанрының салыну әдістері ... 41
2.5. Жұмыс барысы, натюрморт жанрын майлы бояу техникасында салудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
2.6 Тақырыптың педагогикалық, эстетикалық маңызын аша отырып, мектептерде сабақ беру әдіс . тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
2.7 Натюрморт жанрын салуды мектепте үйрету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

КІРІСПЕ
Сурет салуды сүю - өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ой, парасатын өсіреді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқыңа, еліңе, жеріңе деген сүйіспеншілікке баулиды.Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе, осы бейнелеу өнерін жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер тартады.
Бейнелеу өнерінің мақсаты – бұл адам баласы заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері тек жеке ғана бір өнер саласы емес, бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған.
Кескіндемеші дүниенің тіршілігі мен әдемілігін түрлі түстерге бай екендігін, өмірге деген сезімімен табиғатпен тілдесу арқылы көрсетеді. Суретші картинаны жазған кезде, натураға сүйенеді. Үлкен картинаға келмес бұрын ол көп ізденеді, ойланады. Көптеген нобайлар, этюдтар, т.б. жолдар мен үйлесімділік іздейді. Мысалы, портрет жанрын алайық. Әр суретші әр адамның мінезін, бетінің әрбір сызығын дәлме-дәл және басты адам дене бітімін келтіру үшін ол мамандандырылған тұрғыда болу керек. Мамандандырылған суретші бояумен сызықты шебер қиыстыра отырып, кісінің бет пішінін, қимыл-қозғалысын, жарықтың сәулесімен көлеңкені дәл белгілейді. Осындай іс жүзінде мамандандырылған болмаса шеберлік шығарма дұрыс ойлағандай шықпайды.Суретшілер адамдарды күнделікті өздеріне үйреншікті тұрғыда бейнелеген. Осылайша мамандық шебері болу үшін бейнелеу өнерінің теориялық жағынан оқып білуі керек. Суретші күнде сурет салып, жазып, өзімен бірге қалталы дәптер алып жүріп, әр түрлі нобайларды, керекті заттарды, небір қимылдарды салып алу қажет. Осындай күнделікті жаттығулар болмаса суретшіге қиын болады. Сол сияқты түс туралы да айтуға болады. Түстерді көріп, біліп, олардың әдемілігін көрсетудің өзі үлкен өнер деп есептеймін.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақ сурет тарихында көптеген жанрлар бойынша кесек-кесек туындылар жетерлік. Алайда соларды оқушыларға жете түсіндіру шаралары ақсап тұр деуге болады. Неге десеңіз солардың бірі «Натюрморт» жанрын айтуға болады. Мектептегі оқыту сабақтарының аздығынан бұл жанрды кең түрде насихаттау жүргізілмейді. Сондықтанда оқушыларды көркемдікке, әсемдікке, қоршаған ортаға жақсы көзқараста болу үшін сурет өнеріндегі бұл жанрдың оқытылу барысы өзекті болып қала бермек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Мұқашев М., Сейтімов А., Хамзин Н.. «Бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесі», «Фолиант» баспасы, 2008.
2 «Мектептегі өнер» республикалық ғылыми-әдістемелік
педогогикалық журнал, қараша-желтоқсан №6,7 2011, №1, «Бейнелеу өнері және сызу мектепте және ЖОО-да оқыту»№4 2005.
3 Уәлиев Б., Иманбеков Қ. «Сурет» оқу әдістемелік құрал, «Фолиант», Алматы., 2010.
4 Қаржаубаева С., Амандықова Д. «Бейнелеу сауаттылығының негіздері»., «Фолиант», Астана. 2010.
5 Каменева Е. Кемпір қосақтың түсі қандай? Алматы., «Өнер» 1981.
6 Айдарова З., Дирксен Л. «Бейнелеу өнері»., оқу құрал, «Фолиант», Астана-2010.
7 Әмірғазин Қ. Қазақтың бейнелеу өнері. Алматы., “Өнер”., 1969.
8 Мизамбаев Р. Живопись. Алматы., «Өнер».,1999.
9 Шипанов А.С. Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге Алматы., «Мектеп»., 1986.
10 Любимов Л. Батыс Европа өнері. Алматы., «Өнер»., 1982.
11 Төлебиев Ә. «Сурет сала білесің бе?» Алматы., «Өнер»., 1990.
12 Ғалымбаева А.Альбом. Алматы., «Өнер» баспасы 1985.
13 Ғалиев В.З. Қазақстан ХIХ ғасыр суретшілерінің шығармаларында. Алматы., «Өнер»., 2005.
14 Шорохов Е.В. «Композиция негіздері»., Москва 1981.
15 Ералин Қ., Түрікпенова С.Ж. «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі»., АрМПИ баспасы, Арқалық, 2008.
16 Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері. Атырау., «Өнер»., 2005.
17 Ғалиев В.З. Қазақстан XIX ғасыр суретшілерінің шығармаларында., Алматы., «Өнер»., 2005.
18 Түрікпенова С.Ж. Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі., 5 – 6 сыныптар., Арқалық., 2005.
19 Асылбекова А.М., Қайдаров Д. Әлемдік өнер тану. Бейнелеу өнері., «Өлке»., 2008.
20 Нысанбаев Ә., Әбиев С., Әйтімов Б. Қазақстан ұлттық энциоклопедиясы 7 том., Алматы., 2005.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ НАТЮРМОРТ ЖАНРЫ
1.1 Бейнелеу өнеріндегі кескіндеменің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .6
1.2 Натюрморт жанрының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Шетел суретшілерінің шығармаларында натюрморт жанры ... ... ... ... ... ...22
1.4 Қазақстан суретшілерінің шығармаларында натюрморт жанры ... ... ... ... .24
2 КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІНДЕ НАТЮРМОРТ ЖАНРЫН САЛУДЫҢ
ӘДІСТЕРІ
2.1 Натюрморт жанрында композиция, перспектива заңдылықтары ... ... ... ... 26
2.2 Геометриялық денелерден құралған натюрмортты салу әдісі ... ... ... ... ... .32
2.3 Кескіндеме өнеріндегі бояу түстері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.4 Жеміс-жидектерден құралған натюрморт жанрының салыну әдістері ... 41
2.5. Жұмыс барысы, натюрморт жанрын майлы бояу техникасында салудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
2.6 Тақырыптың педагогикалық, эстетикалық маңызын аша отырып, мектептерде сабақ беру әдіс - тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
2.7 Натюрморт жанрын салуды мектепте үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
КІРІСПЕ
Сурет салуды сүю - өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ой, парасатын өсіреді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқыңа, еліңе, жеріңе деген сүйіспеншілікке баулиды.Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе, осы бейнелеу өнерін жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер тартады.
Бейнелеу өнерінің мақсаты - бұл адам баласы заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері тек жеке ғана бір өнер саласы емес, бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған.
Кескіндемеші дүниенің тіршілігі мен әдемілігін түрлі түстерге бай екендігін, өмірге деген сезімімен табиғатпен тілдесу арқылы көрсетеді. Суретші картинаны жазған кезде, натураға сүйенеді. Үлкен картинаға келмес бұрын ол көп ізденеді, ойланады. Көптеген нобайлар, этюдтар, т.б. жолдар мен үйлесімділік іздейді. Мысалы, портрет жанрын алайық. Әр суретші әр адамның мінезін, бетінің әрбір сызығын дәлме-дәл және басты адам дене бітімін келтіру үшін ол мамандандырылған тұрғыда болу керек. Мамандандырылған суретші бояумен сызықты шебер қиыстыра отырып, кісінің бет пішінін, қимыл-қозғалысын, жарықтың сәулесімен көлеңкені дәл белгілейді. Осындай іс жүзінде мамандандырылған болмаса шеберлік шығарма дұрыс ойлағандай шықпайды.Суретшілер адамдарды күнделікті өздеріне үйреншікті тұрғыда бейнелеген. Осылайша мамандық шебері болу үшін бейнелеу өнерінің теориялық жағынан оқып білуі керек. Суретші күнде сурет салып, жазып, өзімен бірге қалталы дәптер алып жүріп, әр түрлі нобайларды, керекті заттарды, небір қимылдарды салып алу қажет. Осындай күнделікті жаттығулар болмаса суретшіге қиын болады. Сол сияқты түс туралы да айтуға болады. Түстерді көріп, біліп, олардың әдемілігін көрсетудің өзі үлкен өнер деп есептеймін.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақ сурет тарихында көптеген жанрлар бойынша кесек-кесек туындылар жетерлік. Алайда соларды оқушыларға жете түсіндіру шаралары ақсап тұр деуге болады. Неге десеңіз солардың бірі Натюрморт жанрын айтуға болады. Мектептегі оқыту сабақтарының аздығынан бұл жанрды кең түрде насихаттау жүргізілмейді. Сондықтанда оқушыларды көркемдікке, әсемдікке, қоршаған ортаға жақсы көзқараста болу үшін сурет өнеріндегі бұл жанрдың оқытылу барысы өзекті болып қала бермек.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Натюрморт жанрында салынған әлем суретшілерімен Қазақстан суретшілерінің туындыларының тарихымен салыну жолдарын, боялу техникасын түсіндіру басты мақсат болмақ.
Дипломдық жұмыстың міндеті: Оқушыларға натюрморт жанрын оқыту барысында мынандай төмендігі міндеттерді алға қояды:
Оқушыларға натюрморттың шығу тарихын үйрету;
Оларға натюрморттың салыну жолдарын түсіндіру;
Түсіндіру барысында натюрморт жанры туралы түрлі мәліметтер мен көрнекіліктер көрсету;
Олардың натюрморт жанрына салған суреттерін қадағалау;
Салынған суреттерде жіберген қателіктерін айту;
Сонымен қатар үйрете отырып, олардың көркемдік,эстетикалық қабілеті мен талғамын қалыптастыру.
Практикалық маңыздылығы: Оқушыларға бұл жанрды оқыту барысында оларды дәлдікке үйрету, сонымен қатар салыну жолдарын үйрету маңызды болмақ.
Дипломдық жұмытың құндылығы: Оқушыларға дәріс ретінде, студенттердің өзіндік жұмыстарына, мұғалімдердің ашық сабақ барысында қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың дереккөзі: Жұмысты жазу барысында бейнелеу өнерінің тарихын зерттеген Мұқашев М, Сейтімов А, Хамзин Н, Уәлиев Б, Айдарова З, Қаржаубаева С, т.б. суретшілердің еңбектері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша материалдардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың зертттеу обьектісі: Ш. Уалиханов атындағы №1 жалпы білім беретін профильді орта мектеп.
1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ НАТЮРМОРТ ЖАНРЫ
1.1 Бейнелеу өнеріндегі кескіндеменің даму тарихы
Сурет салу өнерінің тарихы тереңде жатыр. Алғашқы қауым кезіндегі суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтармен түрлі бұйымдар, жануарлар, тіпті адам бейнесін де асқан шеберлікпен сала білген. Бұл туралы Қазақстан жартастарында бейнелеу шығармашылығы толық хабардар етеді. 1950 жылдың аяғында Аңырақай тауынан Тамғалы жартас суреттері табылып, оны зерттеу 1970 - 80 жылдарда басталды. Сурттегі адам бейнесі Тамғалы жартасының орталық бөлігінен алынған көріністен үзінді болып табылады. Бұл суреттердегі бейнелерге қарап отырып, бейнелеу сапасының биік дәрежедегі көрінісін көріп, суретшінің орындау шеберлігіне таңданасың. Бұл сөз жоқ суретшінің бақылау қабілетінің дамыған және көп жылдық тәжірибесі нәтижесінде пайда болған бейнелер. Өнерлі өрге жүзеді деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Бейнелеу өнері өнер жолындағы талпыныс, ізденісіңе жол көрсетіп, үйреншікті нәрседен әсемдікті таба білуге, көргенді есте сақтауға және қиялдау қабілетіңді дамытып, шығармашылықпен жұмыс жасау жолына жетелейді. Адамдар өздеріне үй салуды, үй тұрмысына қажетті бұйымдар жасауды, бейнелеу өнері шығармаларын өмірге келтіруді бірден үйрене қойған жоқ. Олар біртіндеп өмірден тәжірибе жинақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Ал алғашқы суретшілердің шәкірттері болды ма, ол өз өнерін қалай үйретті немесе шәкірттері шебердің жұмыс жасау кезіндегі әдіс-тәсілін бақылап, оны қалай қабылдайды оны айту қиын.Сурет салуды адам кәсіпшілікке пайдаланғаны белгілі, нақтырақ айтсақ, көзешілік, яғни құмыра жасауда оның суреттері қарапайым жолдармен меңгере бастады. Сурет салу өнерінің даму кезеңі қала құрылысының дамуы, қоғамдық орындар, ірі - ірі сарайлар салудың өркендеуі кезінде дамыды, арнайы өнер мектептері ашылып, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер дайындау қолға алынды.
Өнер - қуаныш көзі, өнер - адамдардың ақылшысы, жан серігі, рухани азығы. Өнер деген жалпы атауды алып қарасаң, адамзат не болмаса тірі жануарлардың күнделікті өмірдегі іс-әрекеті, тіршілік қамының бір-бірінен артықшылығы, жетістігі деп көруге болады. Адамзат өнеріндей өнер атауы саналылығымен, көркемдік ойлауымен ерекшеленеді. Музыка өнері, бейнелеу өнері, спорт өнері, жалпы қай өнер саласындағы халықтардың бәрі де санадан туындайды. Өнер өзінен - өзі пайда болмайды. Оған қоғам, тарих, біреудің қуанышы, біреудің мұң - мұқтажы, топтың қуанышы мен әлемде немесе белгілі бір елде болып жатқан елеулі оқиғалар әсер етеді. Ал мұны сезіну үшін осы көріністердің бейнесі болуы тиіс. Көріністі сезіну арқылы ой - пікір және идеялар туындайды. Осы идеяны толықтырып, екінші біреуге жеткізуге, айту немесе көрсету үшін белгілі бір күш жұмсалады. Осы күш сөз қоры, бейнелеу шеберлігі, музыка, ақындық, жасампаздық адам бойындағы қасиеттерді туындатады. Өнер шынайы талант, шындық, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой, көркемдік сұлулықты талап етеді. Келе - келе сурет өнерінің дамуы арқасында сәулет, мүсін, живопись, кескіндеме өмірге келді. Адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құрылыстарын салды, ғажайып мүсіндер тұрғызды. Б.э.д. ІҮ ғасырда кеңінен дамыды. Осы кезеңдерде адам жасаған ұлы өнер туындылары бірінен кейін бірі өмірге келіп жатты. Фараондар салған Египет пирамидалары, Греция еліндегі әйгілі Зевс және Радос мүсіндері, Ұлы Қытай қорғаны және ЕсіктегіАлтын адам. Бұлардың бәрі бейнелеу өнерінің құдіретін өмірге тән еткен қайталанбас асыл мұралар еді. Өнер - өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер өмірдің көрінісі. Өнер халық ескерткіші. Өнер тарихы дегеніміздің өзі адамзат тарихы. Адамзат ес жиып, етек жапқаннан бері өнер мен бірге жасасып келеді. Мұнан ондаған жалдар бұрын өнердің бастапқы белгілері байқала бастады. Адамның арғы тегі болып табылатын неондартальда сезімдік түйсік пен ойлау қабілетінің қылаң беруі оларды өмірге қажетті алғашқы еңбек етуге талпындырды. Бірақ олардың ойлау қабілеті мен сезімдік қасиеттерінің әлі толық жетілмеген кезі еді.
Түйіндей айтқанда өнер адамның дүниеге, болмысқа деген наным сенімдерін дамытушы, саналылық пен білімділікке жетелеген қозғаушы күші және әсемдік пәк сезімдердің қайнар көзі болды. Сондықтан да өнер адамның әлеуметтік дамуындағы бірден - бір негізгі белгі болып табылады. Өнер нышандарын немесе өнерлілікке ұқсас әрекеттерді кейбір хайуанаттар, түрлі құстарда жасай алады. Бірақ адамдардың олардан айырмашылығы әр кез істеген ісінің бәрін саналылықпен, ойланып - толғанып байыппен істеді және мақсатты түрде өзінің материалдық, рухани қажеттерін өтеу үшін жасады. Қазіргі кезде бізге белгілі ең көне өнер алғашқы қауымдық өнер немесе тас дәуірі өнері деп аталады. Тас дәуірінде өндіргіш күштер мен қоғамдық қатынастар тез дами бастады. Мұның алдындағы кезеңдермен салыстырғанда тас дәуірі 10 немесе 100 есе жылдамдықпен дамыды. Бұрындары тек тас пен ағашты пайдаланса, енді неше түрлі сүйектерді, аңдардың мүйіздерін пайдаланып құрал - сайман, әшекей заттар жасады. Тас дәуірінің алғашқы кезеңі палеолит заманында, адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып қана қоймай, оны ары қарай дамытты. Алғашқы айқыш - ұйқыш ретсіз сызық белгілерден бастап, сан түрлі аңдардың, адамдардың нобайына дейін бейнелейтін дәрежеге көтерілді.Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі адамдардың өнерін зерттеу барысында олардың шығармаларынан аңдарға көңіл бөлу қатты байқалады. Кездескен суреттердің ішінде әсіресе мүсін кейіптері адамның назарын аударады.
Полеолит дәуірінің аяққы кезеңі мен меолит дәурінде жартас суреттері кең етек жайды. Бұрындары тек жабайы хайуанаттарды ғана белгілеп келсе, енді белгілі бір кішігірім тақырыптарға құрылған адамдар мен аңның қарым-қатынасын көрсететін суреттер пайда болды. Полеолит дәуіріндегі өнердің бір топ үлгісі Испанияның атақты Альтамира үңгірінен табылды. Үңгірде ертедегі адамдар салған көптеген аңдардың, негізінен қодастың, жылқының, қабанның әр түрлі қимыл - қозғалыстағы кейіптері шеберлікпен кескінделген. Адамдар өздерімен күнделікті кездесіп, аралас-құралас жүрген жабайы аңдарды жете зерттегені сондай, олардың ерекше қасиеттерін, жүріс - тұрысын дөп басып айнытпай белгілеген.
Кескіндеме - өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрыңғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап, дами берді. Басқа өнерлердің арасында живопись суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы - осының бәрі живопиське өз міндеттерін шешу үшін берілген. Рыцарь сауыттарының жылтылын, жібек маталардың асқан әдемілігін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан живописьшіге қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды, мөлдір-сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы живопись өнері көрсетіп бере алады. Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады - міне енді одан сендерге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге шалына қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтарын таңғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан-дүниесін ашып берген.Живописьтің ұлы мәні мынада: ол сансыз жүректерді бір мәнді ойда, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл: оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді [10,154б].
Кескіндеме - бейнелеу өнерінің бір түрі, белгілі бір заттың бетінде бояу арқылы салынатын көркем шығарма. Осы тұрғыдан кескіндеме қазір де қоғамдық күрестің құрамына айналады. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы, оның бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше өз қорытынды жасауына себепкер болады. Сонымен қатар қоғамдық тәрбиелік мәні зор деректемелік мағлұматтар да береді. Суреткер өмірді өз тұрғысынан қарап, оның түрлі құбылыстарын шығармаларында өзінше бағалайды. Кескіндеме нақтылап көрсетілетіндіктен, оның көрерменге әсері күшті. Кескіндеменің пайдаланылатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәуленің бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құрлыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суреткер шеберлерінің әсем көрінер жеріде осында. Заттың сыр сипатын, нәрсемен кеңістіктің қарым қатынасын, сәулемен көлеңкесінің құлпыруын қысқасы, кең дүниенің барлық жаратылысын, жарасымын тауып бейнелейді. Кескіндеменің тілінде нәзік те өткір тіл жоқ. Ол көрермендерді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады, оның данышпандық туындыларында адамзаттың мәңгі мақтанатыны да сондықтан. Суреткердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманының, сол дәуірдің ортасына сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тербелістерінен дерек береді, көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі сюжетпен үлкен оқиғаларды, шытырман соғыстарды да бейнелеп, олардың мәніні ашады. Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде кескіндеменің ролі орасан зор. Кескіндеме - өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата бабаларымыздың үнгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды., бір стильдің орның екінші стиль басты, бірақ бәрі бір кескіндеме жасап, дами берді.
Кескіндеме - ең ежелгі өнер. Мынандай бір аңыз бар: Бірде грек суретшісі Зевксис сағағына толып тұрған жүзім суретін салыпты да, бояулары кепсін деп терассада қалдырыпты. Сөйтсе құстар суретті шын жүзім екен деп, бірінен соң бірі ұшып кеп шұқи бастапты [5,44б].
Бәлкім мұндай оқиға өмірде ешқашан болмаған шығар. Бірақ, бұл аңыз кескіндеме өнері төңірегіміздегі сол қаз-қалпында айнытпай жеткізе алатынынан хабар бергендей. Бейнелеу өнерінің орыс тілінде живопись (суреттегі нәрсені өмірдегідей қылып тірілте бейнелеу) деп аталатыны да осыдан. Кез - келген бояу арқылы салынатын шығармалар сурет өнеріне жатады. Ол көне дәуірі мен қайта өрлеу дәуірінде де, Ежелгі Египетпен Грецияда да өмір сүрді. Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оны бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл күтпеген контрастары, бейнелеп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешу үшін берілген.
Кескіндеме өнеріндегі акварель техникасы.
Акварель деген атау латынның адиа - „су" деген сөзінен шыққан бұл сөз суға езілген бояуларды да, сол бояулармен салынатын шығармаларды білдіреді. Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Мөлдір жағылғандықтан бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады. Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Алайда соның өзінде де суретшілер акварель бояуының артықшылығын - оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады. Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын шек, кереғары айырмашылық болмайды олар бір - бірімен жымдасып, бір-біріне жігі білім бей, жұмсақ реңкпен жалғасып жатады. Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері. Біріншіден, алғашқыда бояулармен өте жеңіл, заттың өзіне қарағанда әлдеқайда әлсіз және мөлдір болып келетін ортақ төсем жасай отырып, ал одан кейін кепкен алдыңғы қабат түсіру арқылы түсті біртіндеп күшейте отырып, құрғақ қағазда көп қабатты жұмыс жасауға болады. Екіншіден, тиісті түсті бірден барлық күшінде, мозайкадағы сияқты, ұсақ жағындылармен түсіре отырып, құрғақ қағаз бетінде, бірақ бір қабат етіп те жұмыс істеуге болады. Мұндай жекелеген жағындылар көрші бояу жағындылармен дәнекерлене отырып, бір түстен екінші түске біртіндеп көшуге мүмкіндік жасайды. Үшіншіден, дымқыл қағазға, түсті бірден түсіре отырып, бір қабат етіп те салады, бұл кезде бояу жағындылары азды - көпті жайылып, бір - бірімен араласып жатады. Акварель бояуында жұмыс жасау. Техникасында ақ тусті қолданылмайды. өйткені оның орнына қағазды өз түсі қолданылады. Акварель бояуының материальы - пигмент жабыстырушы зат. Акварель бояуларының плитка тәрізді қаттысы да фарфор ыдысқа салынған іркілдегі де, тюбик етіп қойған жұмсағыда болады. Акварель бояуларымен жұмыс жасағанда пигментті еріту үшін су пайдалынады. Акварель бояулары магазиндерде метериалдан және пласмассадан жасалған ыдыстарда сатылады. Лененградтағы "черная речка" фабрикасы жасаған бал аралас акварель бояуы ең жақсы сортты бояу болып табылады. Акварель болу үшін әдетте беті бұдырлақ (ватман немесе жартылай ватман ) қағаздарын пайдаланады. Ерте заманда акварельмен салатын суретшілер суреттерін ерекше әдіспен иленген ешкі терісіне - пергаментіне салған көрінеді. Акварель бояуына арналған қағаздың барлық түрі де таза зығырдан жасалған болу керек. Жылтыр қағаздарға қарағанда беті бұдырлақ (ватман немесе жылтыр ватман) қағаздарға акварель бояулары жұғады. Әрине, суреттің сыртқы көрінісіне және сапалы шығуына материалдарды сапасы да әсер етеді. Сондықтан да акварельмен жұмыс жасаған қағаз көтеріліп тұрмас үшін оны тегіс тақтайға керіп, жиектерін желімдеп алған дұрыс. Желімдерін ыңғайлы болуы үшін қағаздың жиектері тақтайдан үш - төрт сантиметр асып тұруы керек. Қағаз жиырылмай жақсы керілуі үшін ең алдымен сулаған щеткамен немесе дымқыл гупкамен сүртеді, содан соң желімді тақтайдың айналасына жағады да қағаздың әлгі артқы шеттерін қайырып жапсырады. Дайындалған қағазға суретті әбден кепкеннен кейін салу қажет.
Акварельмен жұмыс жасаған кезде күзеннің немесе тиынның түгінен жасаған қаламдар пайдаланады. Акварельге арналған қылқаламдардың қылшықтары жұмсақ әрі қалыңдатып жағуға мүмкіндік береді.Үлкен қылқаламдармен үлкен таңдақтарды ал кішкене қылқаламдармен шығарманың ұсақ бөлшектерін бояйды. Қылқаламдардың сыртында 1,2,3,4, және одан да көп сандар қойылған . Бұл сандар неғұрлым жоғарлаған сайын қылқалам да соғұрлым үлкен болады. Акварель бояуларымен жұмыс жасауға арналған қылқаламдардың қылшықтары ұзын, сондықтан олар бояуды молырақ жұқтырып алуға ыңғайлы. Бояуды біркелкі жағып болған соң қылқаламды таза суға жуып, суын сығып, сорғытып отыру керек. Акварель бояуымен сурет салғанда жарық пен көлеңкені айырып көрсетуден бұрын суретті қарындашпен түсіріп алған жөн. Өшіргіш өте қажет жағдайда болмаса, ретсіз пайдаланбау керек, өткені өшірілген жерге бояу нашар жұғады. Обьектінің суретін салған да оның жарық, көлеңке, түстік рецктерін дұрыс айырып, дәл нұсқасын жазып алу керен. Акварель бояуларын пайдаланғанда бір түстің үстіне екінші түсті бояуды бірте - бірте жағып отыру керек , егер бұлай етпесе, жаңсақ алынған түс суретті бүлдіріп жіберу мүмкін.Әдетте бір түсті екінші бір түске ауыстыру, немесе түстерді табу үшін палітра (тақтайша) немесе оның орнына кішкене жалпақ тарелка тіпті болмаса қалың ақ қағаз пайдаланады. Акварель бояулармен сурет салып отырған кезде тамып кетуі жиі болып тұрады. Сол себепті жағылып жатқан түстің сызықтан шығып кетпеуін және тамып кетпеуін жағын жиі қадағалап отыру керек. Әдетте жұмыс аяқталған соң келесі жұмысқа даяр даяр тұруы үшін тарелканы жуып, он кептіріп қою қажет. Ал қыл - қаламдарды да суға жақсылап шайып, таза құрғақ шүберекпен сүртіп, басон жоғары қаратып, кішкентай вазаның ішіне салып қойған дұрыс. Жарықтың түстері өзгерту. Затқа қарап отырып сурет салғана заттардың формаларын анықтау жарықтың қандай мөлшерде тусуіне тікелей байланысты. Жарық неғұрлым мол түсетін болса, зат солғұрлым жарқырап анық көрінедіде, ондағы бояу түстері мол болады. Ал жарық неғұлым аз түссе, зат солғұрлым көмескі көрініп, оның түстері солғын тартады, әрі олар көленкеленіп күрделені түседі. Заттарға түсетін жарықтың мөлшері жарық пен көленкенің ара қатынасына байланысты болып келеді. Ал гуашь - бояудың бір түрі. Оныда Акварель сияқты қағазға тигізбес бұрын әуелі суға езіп алау керек. Бірақ ол акварельдей емес, қағаз бетіне мөлдіреп түспейді, қалың жағылады. Өткені гуашьтың ақ ұнтақ қосып әзірлейді. Гуашь масатының бетіндей бір тегіс жұмсақ болып жағылады. Балалар, әсіресе сәбеилер, осынау айқын да жарқын бояуды өте жақсы көреді. Онымен жұмыс істеу де өте оңай.
Акварельмен жұмыс жасаған кезде пайдаланатын қылқаламдар
Егер қағаз бетіне жаққан бояуың ұнамаса, оны үстінен басқа бір түстібояу жағып өзгерте саласың. Міне, мынау - кішкентай француз баласы Жан Луи салған сурет. Соншалықты айқын ал қызыл, ашық көк бояулардан қуаныш лебі еседі. Кішкентай суретші дүниені дәл осындай жарқын , нұрлы деп түсінеді .
Натюрмортта қолданылатын техникалық құралдар. Қағаз. Акварельді живопись тек қана ақ қағаздың бетінде орындалады. Олай болса, оған керекті қағаздың түрлері мен олардың сапасын білуіміз керек. Қағаздың бірнеше түрі бар. Оған сурет салуға арналған қағаз, жартылай ватман, торшон, арнайы акварель қағазы Госзнак т.б жатады. Егер қағаз беті толық болып келетін болса, онда қағаз сурет салуға, сызуға арналған деп түсіну керек. Бұндай қағаздарды бейнелеуге болмайды. Себебі, жазылған бояу біркелкі түспейді және бояулардың сапасын ұстап тұру қасиеті төмен болады.
Тақта (планшет) бетіне акварель қағазын дайындау не көру. Акварель живописі тақта керілген акварель қағазына ыңғайлы да ықшам жазылады. Алдымен көлемі, ені 500х600 мм болатын рамасының қалыңдығы 18 - 20 мм етіп тақта дайындаймыз. Енді қағаз көлемін осы тақта бетінен 20 - 30 мм артықтау етіп дайындап, оның екі бетін де сулаймыз. Сулы қағазды тақта бетіне дәл орналастырып, канцелярлық батырмалардың көмегімен алдымен тақтаның ортасынан бастап алдымен ұзынша жағын, одан кейін енін тартамыз. Тартқанда қағаз жарылмауы керек. Орталық ось сызықтарының бойы тартылған соң, бірте-бірте екі жақ беттерін кезек тартып, бұрыштарға жақындаймыз. Бұрышты тартүан кезде алдымен артық олқы қағаздарды кесіп алып тастаймыз да, қарама - қарсы бұрыштарды тартамыз. Батырманың орнына құрылыс желімін де пайдалануға болады. Ол кезде қағаз бетінің бір жақ сыңарын ғана сулаймыз. Тақта керіліп біткен соң, оны тегіс жерге, қағаз бетін жоғары қаратып, бір-екі сағатқа жатқызып қоямыз. Тегіс жерден тақта бетіндегі қағаз біркелкі тартылып, тақта беті таза керіледі.
Қалам. Акварель живописі графикалық суретсіз бейнеленеді. Әсіресе, бастауыш курстарда графикалық суреттерді көп қолданамыз. Графикалық суреттер бірнеше қаламдардың көмегімен орындалады. Айталық Т қатты қаламы, Т1,Т2,Т3,Т4. Саны өскен сайын қаламның қаттылығы да күшейе түседі. Сол сияқты М жұмсақ қаламы. М1, М2, М3 жұмсақтық жағы төмендей береді. Акварель сабағын ТМ қаламымен жүргізген қолайлы, өйткені ТМ қаламы өте қатты да, жұмсақ та емес екеуінің ортасындағы қалам. Соңғы кездері дүкендерімізде шетел қаламдары көптеп кездеседі. Бұл қаламдар латын әріптерімен белгіленген. Мысалы: В жұмсақ, Н қатты. Ал, акварель живописінде НВ қаламын пайдаланған жөн, бұл жердегі НВ орташа қалам түріне жатады.
Өшіргіш.Тәжірибесіз оқушы өшіргішті жұмыс барысында көп пайдаланады. Жұмыстың соңына келгенде акварель живописінің сапасы төмен екені байқалады. Себебі, өшіргіш қолданған жер, бояу сапасын бойларына сіңіріп алып, келесі бояу түрін кірлетіп жібереді. Сол себепті өшіргішті мүмкіндігінше аз қолданған жөн. Жұмсақ өшіргіш қалам іздерін жеңіл алады, қағаз бетін аз кірлетеді. Егер өшіргіштің уақыты өтіп, ескіріп кетсе, онда екі-үш күнге керосин майына салып қою керек. Белгілі мерзім өткен соң кір сабынмен тазалап жуып, болашақ іске пайдалануға болады.
Майлы бояу қылқаламы. Майлы бояу жұмысы барысында жұмсақ қылқаламды пайдаланамыз. Жұмсақ қылқаламға дөңгелекті және жалпақ қылқалам жатады. Олардың бірнеше нөмірленген түрі бар, ең кішкентай нөмірі №0, үлкені №24. Суретшінің өзі, акварель живописінің аумағына байланысты әр түрлі акварель қылқаламын пайдаланады. Мысалы, үлкен аумақты жазғанда 6 - 14 қылқаламын пайдалануға болады. Жұмыстың соңынан қылқаламды жақсылапкір сабынмен жуып, оны қағазбен орап, келесі жұмысқа әзірлеп қойған жөн.
1.2 Натюрморт жанрының шығу тарихы
Натюрморт - бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет ХVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған. XVII ғасырда голланд тілінде бұл жанр stillever қозғалмайтын табиғат деп аталды. Ал қазіргі өнердегі натюрморт өлі табиғат термині XVIII ғасырда француз сөзінен алынған. Натюрморт жеке жанр ретінде танылғанға дейін, ол белгілі бір туындыларда қосымша бөлшек ретінде бейнеленіп келеді. Мысалға, XV- XVI ғ.ғ. Венециялық суретшілер шығармаларын алуға болады. Натюрморт жанрының дамуына үлес қосқан мынандай Голланд суретшілерін атауға болады: Давид Байли (1584-1657 ж.ж), Рембрандт (1606-1669 ж.ж), Фердинат Боль (1616-1680 ж.ж), Виллем Кольф (1619-1693 ж.ж). Майлы бояулармен тығыз, қою салынған голланд натюрморттарында көбіне сан түрлі тағамдар: нан, жемістер, әдемі кесілген майлы ветчина (шошқаның тұздап, сүрленген майлы еті) жабайы аң - құстар, хрусталь бокалдардағы немесе күңгірт сәуле шашатын күміс кубоктардағы шарап бейнеленеді (сурет 1). Мұндай картиналарды салдырған адам, рухани нәзік талап талғам дейтіннің иісін де білмейтін саудагер немесе қала шонжары суреттегі дәмді, мол тағамға ғана қызығатын, өйткені оның өмірінің басты қызығы да тамақ құлқы болатын. Бейнелеу өнерінде натюрморт - тақырыптық натюрморт, сәндік натюрморт және оқу натюрморты болып үш топқа бөлінеді. Тақырыптық натюрморттардың композициясы қарапайым, шынайы, яғни ол заттарды иесі жаңа ғана пайдаланып, белгілі бір уақытта ғана тастап кеткендей, ол заттар арқылы туындыдан тыс болып жатқан уақиғаны немесе сол заттардың иесінің мамандығын, мінез - құлқын, әлеуметтік жағдайын білуге болатындай әсер қалдырады.
Сурет 1 Голланд натюрморты
Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюрморттың тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін: Ғасыр үні, Күз сайын, Өнер мәңгі жасайды, Молшылық т.б.Қарапайым натюрморт салудағы мақсат - екі үш бұйымның бейтарап фондағы бір жақ қырынан түскен жарық бойынша бір мазмұндық топ құрушы екі үш заттың тондық және түстік қатынастарын беру. Кескендемеге үйрету тапсырмасының басында жеке заттарды фонсыз және бейтарап фонды, сондай - ақ түсті фонды пайдаланып сурет салу тапсырылған. Жаттығуларды орындау барысында алынған теориялық білімен практикалық тәжірибе натуралық қойылымда ұйымдастырылған заттар тобын бейнелеуге өтуге мүмкіндік береді. Натюрморт кескіндеме сауаттылығының негізін меңгеру үшін бейнелеудің құнды обьектісі болып табылады. Заттың түсін, формасын натураға қарап шынайы бейнелей білу- бұл құрлым, перспектива, түстік қатынас, пропорция, көлем, материал, кеңістікте орналасу және олардың тұтас кескіндемелік этюдтегі сипаты арқылы бере білу. Бұйымды сауатты шынайы бейнелеудегі бұл қасиеттер олардың эстетикалық ерекшелігімен әсемдігін айқындауға бағытталған. Суретпен кескіндеме натюрморт қойылымда бір-бірімен тығыз байланысты болады. Сондықтан натюрморт ежелден ақ жеке суретшінің түстік гармониямен форма пластикасының заңдылықтарын жете түсінетін ең тәуір реалистік кескіндеме болып саналады. Оқушы бұл арқылы техникалық әдістермен натураға деген шығармашылық қатынаста меңгеруге үйренеді. Шығармашылық натюрморттың оқу суретімен айырмашылығы ол заттарды топтау мен жинақтауға белгілі бөлігін жібере алады. Суретші В.С.Кеменов: Натюрморт- көркем білім мектебінің берік нық тұра алатын жері болуы керек, деп жазды. Жеке затты салудан натюрмортқа өтуден бұрын гризайль техникасында заттарды тондық бейнелеу процесімен танысқан пайдалы, содан кейін акварель бояуымен натюрмортты түс арқылы орындауға кірісуге болады.
Гризайль - француз сөзі, сұр дегенді білдіреді натюрмортты тондық бейнелеу. Жаңадан бастаған кескендемешілердің әдеттегі қатесі - көлемді тонмен беруге зиян тигізетін түспен тым қатты айналасуы. Олар тонның, кескіндеменің ажырамас бөлігі болып түспен берілетінін ұмытып кетеді, ал бұл өз кезегінде түстік гармонияның бұзылуына алып келеді. Көптеген мектептерде кескендемелік натюрмортқа үйрету гризайль техникасында, яғни қылқалам мен тек қара немесе қоңыр түсті бояу пайдаланатын әдіспен жаттығу жасаудан басталады. Натюрморт екі вариантты гризайль және түстік бояумен орындалады. Екі вариантты орындау мен дайындық суреттерін орындаудың бірізділігі бірдей жазықтық бетіне заттарды композициялық топтау және содан кейін форманы таяныш нүктесі бойынша сызықтық - құрылымдылық құру қажет. Гризайль әдісімен орындауда алдымен мұқият қарап, бақылап, натюрмортты ахроматтық қатынас позициясынан бағалау қажет. Бір зат екіншіге қарағанда қаралау немесе ашықтау болып, бірінің көлеңкесі тұтастай ауыр, ал екіншісінде ашық, жеңіл болып көрінеді. Жарық пен көлеңке қатынастарын дұрыс алу үшін заттардың ашықтық жарық қасиетін, олардың бір - біріне, фонға деген қатынасын теңдей бере білу қажет. Практикалық жаттығуларды орындауға кірісейік. Ақ қағаз бетін таза сумен ылғалдап алу қажет. Кішігірім ыдыста қара немесе қою қоңыр бояуды қажетті шамада оның құрғаған кездегі қанықтылығының өзгеруін ескере отырып дайындау қажет. Тонды жағу арқылы сурет салғанда жасайтын ең қара түсті заттан ашық түске енгенше жасау керек. Барлық заттарда мөлдір бояу суымен көлеңкелерді рефлексті жаба отырып және жартылай көлеңке таза сумен жуылған қылқалам көмегімен жұмсақ түстер арқылы өткізе отырып көрсетуге болады. Жоғары қабатына жарық түскен заттарды алдымен тонмен тұмшалмаған жөн. Келесі, әрі қарайғы жұмыс фонға назар аударуды талап етеді. Оны алдын ала, форманың қатпарларына тоқталмай, мөлдір бояу қабаттарымен құйып тастау қажет. Осылайша, алдын ала жағылған тондық қабаттардың негізгі жарық - көлеңке қатынасын, зат формасының бөлігі мен жарық түскен жерлерінің арасындағы негізгі жарық пен көлеңкені аламыз. Осымен жұмыстың алғашқы кезеңі - негізгі қатынастарды табу аяқталады. Екінші кезеңде әрбір заттың оларды бір - бірімен салыстыра отырып, тондық күшін нақтылаймыз. Ол үшін заттардағы көлеңке мен көлеңкені ғана салыстыру емес, жартылай көлеңке мен жартылай көлеңкені, заттың жарық түскен жерін, сондай-ақ өзіндік және түспелі көлеңкені де салыстыру қажет. Заттың жалпы тоны мен қойылымы толығымен табылғанда әрбір затты жекелей алып, оның көлемі, материалы мен кеңістікке орналасуын толығырақ өңдеу қажет. Осылайша, үшінші кезеңде заттың ашық түсті жерлерін жарықтығы бойынша оларда болатын фонды ескере отырып, салыстыру арқылы бейнелеуге кіріскен жөн. Бояу жағылымы қажетті тонға сай келіп, заттың үстіңгі қабатының формасына лайық болуы керек.Көп қабатты жағуды лессировка тәсілімен, әсіресе жарық пен көлеңке арасындағы шекараны күшейте түскен жөн. Заттар арасындағы қатынасты салыстыра отырып, жарық пен көлеңке грациясын анықтауға жету қажет. Әрбір заттың өзінің тоны болатынын және басқаға қарағанда, айырмасы бар тағы басқа тонға ие екендігін естен шығармаған жөн. Натурадан қарап сурет салу әдісінде оқу тапсырмасы ретінде натюрморттың қызметі өте зор. Ол шынайы суреттің негізгі бөліктерін айқындауға мүмкіндік береді және перспектива мен рең шынайы суреттің негізгі бөліктерін айқындауға мүмкіндік береді және перспектива мен реңнің ерекшеліктеріне мұқият көңіл бөлуді талап етеді.
Сурет 2 Жеміс жидектер натюрморты
Натюрморт көркем бейнелеу өнерінің дара және өз бетінше бөлек түрі болып табылады, ол күнделікті заттардың сұлулық дүниесін және поэмасын нығайтушыү Оқу қойылымдарында натюрморт өзіндік ерекшеліктерінің арқасында суреттің қарапайым салатын игеруге үлкен мүмкіндік береді: Заттардың дұрыс перспективалық және конструкциялық салынуы,бейненің реңдік жапсырмалануы, мұның барлығы суретті реңдік және композициялық тұтастық қалпына келтіреді.
Сурет 3 Геометриялық денелер жиынтығынан құралған
натюрморттың салыну сатысы
Неше түрлі заттардан тұратын натюрморттың суретін салу кезінде оқушылар бейненің сызықты-конструкциялы суреттелу принципін тереңірек игеруге, перспектива теориясымен кеңірек танысуға, реңді еркін қолдануды үйренуге мүмкіндік алады: оларға суреттің бойында тек қана заттың көлемін көрсетпей, сонымен қатар фактурасын, (түсін)құралдығын бейнелеу қажет болуы мүмкін.Натюрморттың реңдік шешімін айқындау фонның көрінуімен күрделенеді.
Сурет 4 Тілінген қарбыз бен жеміс жидектер натюрморты
Суреттегі фон кездейсоқ деталь немесе тек сыртқы әсер емес, ол қажетті және алдын ала ойластырылған суретшіге нақты кеңістікті көрсетуге көмектесетін элемент. Кескіндемелік суреттеу процесі натурадан қарап натюрмортты, пейзажды, адамның басын денесін салуда бірдей тәртіптерге жүгінеді. Бұл тәртіптерді нақтынатуралы қойылымдары тәжірибеде суреттеудін алдында қарастырған дұрыс. Шынайы суреттеудің талаптары елесті дәлдікке қол жеткізуде емес. Көркем суреттеудің негізінде өмір туралы терең шыншылдық және суретшінің ол жайлы ойлары жатыр. Натураны дәл көздің көруіндей етіп суреттеу нақ шығарма болмайды.
Кескіндемедегі шынайы және сыртқы ұқсастық - бұл заттың мінездемелі және көрікті бөлігінің ұқсастығы. Тек натуралистік бейнелеу емес кез - келген жалпылауыш, жорамал шешімдер бейне мен бояуды қысқарту шығарманың эстетикалық көріктігін арттырмайды.Әр жұмыста натюрморт болсын, пейзаж болсын немесе портрет болсын барлығының бойында ең алдыменбасты, маңызды, көңілді қызықтыратын бөліктері болуы керек. Мұндай мінездемені ерекшеліктер суреттемеде басты мағынада болуы тиіс. Мысалы, аспанда күн күркіреп, жолдың шаңы көтеріліп тұр. Жарықтың жалпы қараюы,бұлтты аспан, бұлттардын ғажайып көкшіл түсі дәл осы белгілер табиғаттың құбылысын суреттеуде маңызды рөлді атқарады. Ал табиғаттың басқа элементтері - шөптер, ағаштар, басқа майда бөлшектер қосымша сатыға ауысады. Немесе жаңа кесілген қарбыз бен газетке оралған жемістерден құрылған натюрмортты суреттеу керек болса, мұндай жұмысты әр түрлі орындауға болады. Егер де өте манызды емес мазмұнды мұқият бейнелейтін болсақ, қарбыздын көленкелі жағындағы жолақтарын анық суреттейтін болсақ, газет пен жемістердің бойындағы элементтерін нақты айқындасақ, онда мұндай жұмыс ешқандай сезімді туғызбайды. Заттардың бойындағы өте маңызды емес бөлшектері өздеріне назар аударуды талап етіп, көрермен басты және маңызды түсінігін байқамай қалады. Мұндай шығармаларды, әдетте (протоколды) жұмыс деп атайды. Бұл жұмысты басқаша орындауға да болады. Ол қосымша мазмұны бойынша екінші сатыдағы сапаларын көрсетпей, ал қарбызға тән мінез - құлықты айқындау: кесілген бөлігінде алуан түрлі бликтерді және рефликстерді қалдыру, көлеңкелерін қою жазып, тереңдігін, мөлдірлігін және ауалық жеңілдігін көрсету. Жұмыс істеудің осындай тәсілін қолдану мінездемелі ерекшеліктерді алдыңғы қатарға қойып, көрерменнің назарына аудартады. Этюд көрермендерге ұнап, эстетикалық қанағаттандыруды береді. Кез келген жұмыста натураны жалпылап, оның кескіндемелік сапасын арттыруға ұмтылу керек. Егер кескіндемеші натураның бойынан өзіне тән көріктікті таппаса, оның сұлулыққа деген түсінігі инертті болып, қағазға немқұрайлы көшіреді. Натураға қарап сурет салу мен көшіріп алу - екі түбегейлі айырмашылықтары бар процесс. Көшіруші жазықтық бетінде бейнеленген нәрсемен жұмыс істейді. Оның алдында суретшінің қолынан шыққан дайын жарықты көлеңкелі және түстік қатынастары бар нысан. Затты бейнелеуде қойылатын пропортциясын, көлемін, перспективасын көрсету деген талаптар шешілген. Көшіру жұмысы суретшіге қажетті белгілі бір сапаларды дамытады. Суретшінің әдістерін палитрасын зерттеп, үйренуге мүмкіндік береді.Бірақ көшіру жұмыстарына қызығушылық әдетке айналып, оқушы әрмен қарай өз бетінше жұмыс істей алмай қалуы мүмкін. Ал натурадан қарап сурет салған кезде жалпылау және талдау қажеттілігі туындайды, бейнелеушігі заттың мінездемелі, өзіндік ерекшеліктерін айқындау қызметі қажет болады. Оригиналдан көшіру жұмыстарында мұндай талаптарда жойылады. Өйткені, оны автор орындап қойған. Ірі суретшілердің жұмыстарын көшірудің үлкен пайдасы да бар, оны пайдалану үшін оқушы натурадан қарап сурет салуға жақсы дайындалған болуы керек, бқл қабілеттер ұлы шеберлердің шығармаларын саналы зерттеуге мүмкіндік береді. Көркем бейнелеу сауатын тек жоғарғы дарынды адамдар ғана игере алады деуге болмайды. Бейнелеудің дәл заңдылықтары және тәртіптері бар: заттарды құрастыру заңдылығы, жарықтану заңдылығы қағаз бетінде заттарды құрастыру заңдылығы. Қағаз бетінде екі өлшемді және үш өлшемді заттарды, нысандарды суреттеу заңдылықтары бар. Егер оның заңдылықтарын үйреніп, жүйелі түрде жаттықса, кез келген адамды сурет салуға үйретуге болады. Сурет салу математика сияқты дәл ғылым, оның бойында зерттеуді талап ететін заңдылықтар бар. Суретті және кескіндемені оқып- игерудің негізінде көркем бейнелеу теориясының сауаты жату керек. Көптеген мұғалім - суретшілердің пікірінше, суреттеу дегеніміз - ойлау деген сөз.
Кескіндеме жұмыс бастаудың алдында оның тәсілдерін және орындалуын түсіндіру керек. Леонардо да Винчи былай деп жазған: Тәжірибеге теорияны танымай жатып ғашық болғандар, теңізге рульсіз және компассыз шыққан, қайда барарын білмейтін адамға ұқсайды. Дәрежеге әрқашанда жақсы теорияда құрылуы тиіс, оның көмегінсіз еш нәрсе жақсы орындалмайды. Жүйесіз, тәртіпсіз оқыту сәтсіздікке ұшыратады, өз қабілеттерін жоғалтып, шеберлік пен көркем бейнелеу өнерін меңгеру мүмкіншілігінен айырады. Егер бір натуралық қойылымда көп тәртіпті бірден айтсақ, онда оқушы оның бәрін бірден игере алмайды. Тек көркем бейнелеу сауатын жүйелі оқудың арқасында ғана кескіндеме шеберлігінің сауатын тез үйренуге болады.Оқушыларды терең және жан- жақты дайындау үшін оқу барысында кескіндеменің өзіндік әдістемелік ұсыныстарына көп көңіл бөлінуі керек. Оған ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz