«Деканат» - автоматтандырылған ақпараттық жүйе


МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы

Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектеріАқпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалауДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдауАЖО-ның тілдік жұмыс орнын сұрыптау2. «Деканат» - автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қамтамасыздандыру

2. 1 Аналитикалық шолу және міндеттер

2. 2 Деректер қорының жобалау кезеңдері

2. 3 Delphi 7. 0 ортасында локальды деректер қорын қолданып ақпараттық жүйелер құру

2. 4 Программалық қамтамасыздандыру

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша

3

5

5

9

12

16

19

22

22

23

28

36

50

51

52

Кіріспе1. Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясыАқпараттық жүйенің құрамды бөлшектеріАқпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалауДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдауАЖО-ның тілдік жұмыс орнын сұрыптау2. «Деканат» - автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қамтамасыздандыру2. 1 Аналитикалық шолу және міндеттер2. 2Деректер қорының жобалау кезеңдері2. 3 Delphi 7. 0 ортасында локальды деректер қорын қолданып ақпараттық жүйелер құру2. 4 Программалық қамтамасыздандыруҚорытындыПайдаланған әдебиеттер тізіміҚосымша:
35591216192222232836505152:

КІРІСПЕ

Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.

Автоматтандыру - техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. /1/

Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.

Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т. б. жүйелерді басқара алады.

Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.

Автоматтандыру - ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.

Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.

Автоматтандыру дәрежесі - автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.

Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанн талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.

Мәліметтер қоры - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды.

Мәліметтер қоры деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.

Delphi жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер басқару жүйесі ) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған Delphi құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыс мақсаты - AСCESS МҚБЖ және Delphi ортасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, деканат құрал-жабдықтарын тізімге енгізу, өзгерту; жарамдылық мерзіміне қарай тізімнен шығару, жасалған өзгерістер бойынша есеп беру, қағаз бетіне шығару әрекеттерін орындайтын қосымша құру болып табылады.

Дипломдық жұмыс өзектілігі - кез келген деканат ақпараттық жүйені есепке ала отырып, жарамдылық мерзіміне қарай есептен шығару жұмыстарын орындау мүмкіндігі.

Диплом жұмысының құндылығы - бағдарламаның қолдануға тиімділігі, қарапайымдылығы.

Бірінші тарауда жүйенің сипаттамасы және ортаға қойылатын талаптар келтірілген. Мұнда қойылған автоматтандыру маңыздылығы, көкейтестілігі және оны іске асыру үшін қойылатын программалық, ақпараттық және аппараттық талаптар келтірілген.

Екінші тарау программаны дайындауға қолданылған Delphi ортасы жайлы қысқаша мәлімет берілген. Мұнда Delphi программалау ортасы, ондағы негізгі түсініктер және мәліметтер қорымен жұмыс істеу принциптері келтірілген. Мұнда программадағы негізгі формалардың дайындалу барысы және олардың қолданылуы жайлы ақпарат береді.

  1. Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясыАқпараттық жүйенің құрамды бөлшектері

Ақпарат жүйелері (ағылш. Information systems ; қысқаша: IS) - деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды оқу. Қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде - мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.

Ақпараттық жүйені жобалау деп - жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі. Ақпараттық жүйені жобалауды осы тұрғыдан алғанда ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің әр түрлі кезеңдерінде жобалық шешімдерді ретпенен формализациялауға келіп тіреледі. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің кезеңдеріне: жоспарлау және талаптарды талдау, техникалық және жұмыстық жобалау, ақпараттық жүйені ендіру және пайдалану жатады.

Ақпараттық жүйені жобалау объектілері болып, функционалдық және қамтамасыз ету бөліктерінің дербес элементтері немесе олардың кешендері табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға сәйкес функционалдық элементтерге есептер, есептер кешендері және басқару функциялары жатады. Ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету бөлігі құрамындағы жобалау объектілері қызметін жүйенің жүйенің ақпараттық, программалық және техникалық қамту элементтері мен кешендері атқарады.

Ақпараттық жүйені жобалау субъектісі болып, жобаны жүзеге асырушы мамандар ұйымы мен ақпараттық жүйені құруға тапсырыс берген мекеме жатады.

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының жеке мүлікті сақтандыру жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.

Бұл талаптар мыналар:

  • Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
  • Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
  • Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
  • Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
  • Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) - бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптамаларын, нормативті - анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

Ақпараттық база (АБ) - бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база - ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті - анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті - анықтамалы құжаттар - шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз - ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат.

Машина ішіндегі ақпарат базасы - бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш - дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.

Ақпарат жүйесі бақа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.

Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдықүлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады.

Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:

- үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін басқару деңгейлеріне байланысты;

- үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты.

Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:

- басқару объектісінің дамуын болжау;

- басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;

- басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;

- басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;

- басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;

- басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.

Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер былай бөлінеді:

- ғылыми - зерттеу немесе тәжірибелік жұмыстарды басқару;

- объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруды басқару;

- негізгі өнімді өндіруді басқару;

- объектінің қосымша - қызмет көрсетуші өндірісін басқару;

- көлік үрдісін басқару;

- негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;

- математикалық - техникалық жабдықтауды басқару;

- еңбек қорларын басқару;

- өнім өткізуді басқару;

- объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару;

- басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.

Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.

Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:

- ақпараттық жабдықтау;

- техтикалық жабдықтау;

- математикалық жабдықтау;

- бағдарламалық жабдықтау;

- ұйымдастырумен жабдықтау;

- ленгвистикалық жабдықтау;

- құқықтық жабдықтау;

- эргономикалық жабдықтау;

Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:

- ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті - басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;

- техникалық жабдықтау - ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар жиынтығын құрайды;

- математикалық жабдықтау деп - жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;

- бағдарламалық жабдықтау - ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;

- лингвистикалық жабдықтау - есептеу техникасы арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;

- құқықтық жабдықтау -ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттрінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;

- эргономикалық жабдықтау - ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.

1. 2 Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау

Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан тұады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.

Бұл сатылардың әрқайсысы өңделу нәтижесінде мақсатты өнімді қалаптастырады.

Жүйелік зерттеулер сатысында (1 саты) жүйенің жүзеге асырылу мүмкіндігі туралы қорытынды тұжырымдалып, келесі сұрақтар қарастырылады:

  • Мәселе шынымен де қажет пе, немесе оны басқа жолдармен шешуге болама?
  • Жаңа ақпараттық жүйе тұрғызылғаны қолайлы ма?
  • Оны шынымен де жүзеге асыру мүмкін бе?

Жүйелік зерттеулер стратегиялық барлау қызметін атқарып, бұл сатыда өзекті болып отырған мәселе бар ма, оны болашақ жүйе шеше алама және ол қандай болуы қажет деген сұрақтарға да жауап беріледі. Ол үшін зерттеушілер жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдап, орындау мүмкіндігін меңгереді, әрі орындалу мүмкіндігі туралы есеп береді.

Ұйымның мүддесін қолдайтын жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдау барысында ұйымның ерекшелігімен танысу және қарастырылатын мәселеге ұқсас немесе оған дайын жобалардың сипаттамасымен танысу жүргізіледі.

Жүйенің орындалу мүмкіндігін меңгеру кезінде оны тұрғызуға кететін үлкен шығындар мен ұзақ уақыт мерзімі ақталатындай болуы тиіс, яғни келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • Қолданушының ақпараттық тұтынушылығын алдын ала анықтау;
  • Жаңа өңдеуді жасаудың мүмкіндігін анықтау немесе қолданылып жүрген ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін анықтау;
  • Өңдеу жоспарын тұрғызу.

Жүйенің орындалу мүмкіндігі туралы есеп беруде зерттеу нәтижелерін құжаттандыру және алдын ала зерттеу нәтижелерін қолданушылар мен жетекшілер назарына ұсыну шаралары жүргізіледі.

Ондағы есеп беру құжаттарында:

  • Ұйымдастырушылық, яғни ұсынылатын ақпараттық жүйенң мүмкіндіктері мекеменің стратегиялық жоспарымен сәйкес болуы;
  • Экономикалық, яғни мүмкін болатын шығындарды, инвестицияны зайтып, кірісті көбейту;
  • Техникалық, яғни техникалық құралдар мен бағдарламалардың сенімді, келешекке арналған, қорғалған, керек мезетінде қолданылуы секілді мүмкіндіктердің болуы;
  • Амал жасау немесе қолданушыға өз мәселелерін шешуде нәтиделі қызмет етуі баяндалады.

Жүйелік талдау сатысында (2-саты) жаңа ақпараттық жүйенің жобалау негізінде қолданушының ақпараттық тұтынушылығы тереңірек қамтылады. Сатының қорытынды өніміне - жаңа ақпараттың жүйе қойылатын жүйелік талаптардың құжаттандырылуы жатады.

Жүйелік талдауда келесі адымдар қарастырылады:

- ұйымдастырушылық ауқымды таңдау адымы. Бұл адымда жүйені тұрғызушылар тобы ұйымның қызметін, ерекшеліктерін, басқару құрылымы мен әдістерін, ішкі бөлімдердің байланысын, қызмет барысындағы ақпараттың алмасу қозғалысын және т. б жақсы меңгерулері қажеттігі ескеріледі;

- қолданылып жүрген ақпараттық жүйелерді талдау адымының қажеттілігі, бұрыннан қолданылатын жүйелердегі барлық жабдықтаушы бөлімдердің (ақпараттық, бағдарламалық, математикалық, тнхникалық) ерекшеліктері меңгеріліп, метаақпаратты жинау, ұйымдастыру, сипаттау және мағынасына зер салу жұмыстарының атқарылуы мен сипатталады;

- жүйе талаптарын талдау сатысында зерттеуші басқару есептерін шешетін негізгі типтік әдістерді білуі тиіс. Жүйе талдаушы маман өзі тұрғызғалы отырған жүйенің атқарымдық ерекшеліктерін де жетік меңгеруі керек;

- жаңа ақпараттық жүйеде не қамтылуы тиіс екендігін қарастыратын жүйелік талап адымында бұрыннан қолданылып жүрген жүйелер мен жаңа жүйені талдауда шатаспайтын сақтық қажет;

- келесі, жаңа жүйеге қойылатын талаптарды құжаттандыру адымы. Ол аналитикалық материалдарды қорытындылап, жаңа ақпараттық жүйеге қойылатын атқарымдық талаптарды құжаттарда сипаттайды. «Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Атқарымдық талаптар» құжаттары ақпараттық бөлім мамандары жұмысының негізі болып есептеледі. Сонымен бұл адамда жаңа жүйеге қор (ЭЕМ, құралдар мен байланыс жабдықтары, бағдарламалар, мәліметтер қоймасы, мамандар және т. б. ), енулер (ақпараттық қайнар көздер, мәліметтерді жинау әдістері, ену әдістері, мәліметтер көлемі және т. б. ), өңдеу, шығу, сақтау және мәліметтерді басқару тараптарымен қисынды байланысқан және құжаттандырылған талаптар қойылады.

Жүйелік жобалау сатысы (3-саты) - мағынасы мен өңдеушілерге қойылатын талаптары бойынша күрделі саты. Бұл сатының мақсаты - жүйелік ерекшеліктерді өңдеу.

«Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Ақпараттық талаптар» құжаттарды мәліметтерді өңдеушілер үшін жобалаудың бастамасы болып, жүйелік ерекшеліктерді өңдеу - жүйелік жобалау сатысының мақсаты болып келеді. Ал жүйелік ерекшеліктер - оның өнімі болып, келесі төртінші саты - жаңа жүйені ендіру сатысы үшін негізгі құжат ретінде қарастырылады. Мұндағы ерекшеліктерге:

- қолданушылар интерфейсінің ерекшеліктері;

- мәліметтер қоймасының ерекшеліктері;

- бағдарламалық жабдық ерекшеліктері;

- компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері;

- мамандар ерешеліліктері;

- жүйелік ерекшеліктері жатады.

Осы ерекшеліктер мазмұнына жекелеп тоқталайық. Қолданушылар интерфейсі ерекшеліктерінің мазмұнына қолданушыларға бағытталған ақпараттық объектілер: дидар (экран) форматы, интерактивті пікір алысу форматы мен адымдарды, ену-шығу құжаттарының барлық түрі жатады.

Мәліметтер қоймасының ерекшеліктеріне - концептуальді және сыртқы нобайлар, құрылымы мен құрамы, сөздік пен сәйкестік кестесі, енулерді басқару әдісін сипатталу саналады.

Бағдарламалық жабдық ерекшеліктері - сатып алынуғы тиісті бағдарламалар пакетін, ақпараттық өнімді қалыптастыру үшін өңделген қолданбалы бағдарламаларды, үрдестерді басқарушы және бақылаушы программаларды қамтиды.

Компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері - компьютерлік жабдықтар, байланыс жабдықтары, көмекші материалдар мен жабдықтар бойынша сипатталады.

Жүйелік құжаттар ерекшеліктерінің мазмұны жобалаудағы барлық тараулар бойынша жүйелік құжаттар тізбегімен, ақпараттың жүйені қолданушылар мен техникалық мамандарға арналған барлық технологиялық нұсқауларды қамтиды.

Жүйелік жобалау сатысы ақпараттық жүйені жұмысшы жобасын қалыптастыру мен аяқталып, ол жоба ерекшеліктерді және қолданушыға арналған нұсқауларды сипаттайды. Жобалау барысында логикалық және физикалық жобалаулар мен жүйелік ерекшеліктер адымдары болады.

Логикалық және физикалық жобалаулар мәліметтер қоймасын жобалауға тығыз қатысты. Мәліметтер қоймасы қолданбалы ақпарат жүйесін жобалау барысында ұдайы назарда болып, бұл жерде ақпараттық объектілерді, олардың құрылымын және ондағы элементтердің өзара байланысын сипаттауды тауып, әрі қалыптастыру басты жағдайға саналады.

Қолданбалы ақпарат жүйесін іс жүзінде жобалау, төмендегі элементтерді өңдеу түрінде жүргізілуі мүмкін, яғни олар:

- ақпарат пен жабдықтау;

- қолданушылар интерфейсі;

- бағдарламалық жабдықтау.

Ақпарат пен жабдықтауды өңдеуді қарастырсақ, пікір алысу мен қолданбалы программаларды өңдегенге дейін мәліметтер қоймасының логикалық құрылымдары, әрі оның сөздігі мен басқа файлдардың логикалық құрылымдары да анықталынып, ерекшеленіп және құжаттану тиіс. Себебі пікір алмасуда және бағдарламаларда МҚБЖ арқылы тұрғызылмайтын мәліметтер қоймасы мен қосымша файл элементтері қолданылады.

1. 3 ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау

Автоматтанған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» кез-келген мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары, оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан құралдар және т. б.

Дүние жүзінде IBM PС архитектурасы бар маманданған ДК негізіндегі АЖО ең көп таралған.

АЖО нгізінен есептегіш техниканы пайдалану бойынша арнайы дайындығы жоқ пайдаланушыға бағытталған. АЖО-ның маңызды белгіленуі жұмыс орнында мәліметті орталықтанбаған өңдеушілігін, АЖО және ДК локальдік желіге ал кейде қуатты ЭЕМ-мі бар есептегіш желілерге бірдей уақыт ішінде ену мүмкінлігі кезінде «өзінің» тиісті мәліметтер қорын пайдаланушылығын есептеуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу бағдарламасын басқарудағы автоматтандырылған бағдарламаны қолдану
Алматы энергетика және байланыс университетінің қабылдау комиссиясының жұмысын автоматтандыру
Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - мәтінді талдау
Студенттердің сабаққа қатысу және үлгерімін есепке алу ақпараттық жүйесін жобалау
Жергілікті есептеу торабтарын түрғызу негіздері
Есепті шығару алгоритмі
Мәліметтер қорының жіктелуі
Мәліметтер базасы түсінігі
Студенттің сабаққа қатысу деректер қорының қосымшасын программалау
Университетте студенттер контингенті ДБ жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz