Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. 1 Білім беруді ақпараттандыру және оның приоритеттері . . . 8

1. 2 Мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру . . . 11

1. 3 Білім беруде жаңа ақпараттық технологияны қолданудың мүмкіндіктері және негізгі бағыттары . . . 16

2 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ.

2. 1 Математика сабағында оқушылардың пәндік құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны . . . 34

2. 2 Оқушылар шығармашылығының тәрбиелік мәні . . . 42

2. 3 Оқушылардың ойлау қабілеттерін ұлттық және логикалық есептер арқылы дамыту . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 77

ҚОСЫМША . . . 80

КІРІСПЕ

Республика ұстаздарының негізгі мақсаты - қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.

Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т. б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; . . . оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.

Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабылетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы: мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірде, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек. Танымның қиын жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.

Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.

Адамның ақыл- ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болады.

Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілетті әрі қалай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

М. Жұмабаев өзінің педогогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін жазады.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.

Шығармашылық- жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Ал «шығармашылық» сөзінің мәні неде? «Шығармашылық сөзінің төркіні (этимологиясы) «шығару», «іздену», «ойлап табу»» дегенге келіп соғады. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я. Н.

Понаморев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы, баланы жаңа психологилық сапаға көтереді [1, 522б] .

Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгісі белгісі «жаңалық» болғанымен, ондағы тұлғаның, адамзаттың қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.

Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің деңгейге көтерілуі неге байланысты? - деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды деп ойлаймын. Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық- адамның іс- әрекетінің түрін іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Оқушыларының қабілеттері 2 түрлі әрекетте дамиды:

Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білімі, білік дағдыны қабылдайды.

Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс- тәсілдер.

Оқушыларының кез-келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.

Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:

Біріншіден-баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы; біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнер қабілеті өте ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа?

Екіншіден-баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-қатынастар шығармашылық қабілеттерді дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.

Үшіншіден-шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуында үлкен нәтиже береді.

Төртіншіден-және ең негізгі шарт-бала әрекетінің әр түрімен айналысуға, тыңдауға деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылды.

Енді осы кезеңдердің мақсат- міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі Математиканы оқытуды жақсарту мақсатында әртүрлі технологияларды пайдалануға арналған жаңа әдістерді ары қарай шығарған жөн. Бұл орайда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының маңызы үлкен. Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан қарастыратын болса, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады. Мұғалімнің негізгі міндеті - оқушымен қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.

Диплом жұмысын зерттеудің ғылыми жаңалығы жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту жолдарын шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.

Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы Орта мектепте математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамытып, сабақтар жүргізу жүйесін дайындап, әдістемесі практикалық қолданыс деңгейіне жеткізілді.

Диплом жұмысының қазіргі уақыттағы жағдайы. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау. Оқушыларға математикалық бiлiм дағдылар жүйесiн берумен қатар, математика пәнi мектепте басқа да бiлiм беру мiндеттерiн атқарады.

Олар: а) оқушылардың бiздi қоршаған ақиқат болмысты танып бiлудiң математикалық әдiстерiн игеруiне жәрдемдесу; ә) оқушыларды ауызша және жазбаша математика тiлiне үйрету (қарапайымдылық, анықтық, қысқа да нұсқалық, толықтық) ; б) оқушыларды математика бойынша алған бiлiм, дағдыларын оқу және өз бетiмен бiлiм алу барысында белсендi түрде бiлуге үйрету.

Диплом жұмысының мақсаты. Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту және жаңа ақпараттық технологияны математика сабағында қолдану арқылы білім сапасын көтеру

Диплом жұмысының міндеттері:

  • оқытудың жаңа технологияларына қысқаша сипаттама;
  • математиканы оқытудың мақсаттары мен ұйымдастырылу әдістеріне шолу;
  • математиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиясының дамытушылық ролін айқындау, оқушылардың құзыреттілігін артыру арқылы шығармашылықтарын дамыту;
  • ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру.

Дипломдық жұмысының зерттеу пәні математиканы оқыту әдістемесі.

Дипломдық жұмысының зерттеу объектісі математиканы оқытудағы оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту

Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, мемлекеттік білім беру стандарты, математиканы оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері.

Диплом жұмысының практикалық базасы Арқалық қалалық әмбебап кітапханасы, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханасы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

  1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРБілім беруді ақпараттандыру және оның приоритеттері

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бәсекеге қаблетті Қазақстанның болашағы-білімді жастаржолдауында «Оқытудың тиімділігін, әр оқушының білім мен білігі деңгейін бағалаудың бірыңғай жүйесін жасау». Оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу» деген.

Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген.

Математика пәнін оқыту үрдісінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп келеді. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз-ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс болып табылады.

Әлем ақпараттық коғамға аяқ басқан қазіргі заманда ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр.

Қазақстан үшін тактикалық әрі стратегиялық дамудың басым міндеттерінің бірі-білім беру жүйесін ақпараттандыру саласында прогресшіл саясат жүргізу.

1997 жылы республикада орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы бұл істі мемлекет көлемінде қолға алудың басы болды. Бағдарламаны орындау барысында еліміздің бардық мекпептері компьютерлендірілді, 58 оқушыға бір компьютерден келеді [2, 282 б] .

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компыотерлік
сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттык мөдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға зейін салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Білім бepyдi ақпараттандыру - бұл ақпараттыкқ коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудін психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі.

Білім берудің ақпараттандырудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кeңicтiгiмeн сабақтастыруға мүмкіндік береді.

Білім бepyдi ақпараттандырудың негізгі міндеmmepi:

  • ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
  • білім беруді акпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
  • оқу-тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
  • мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпаратгық жүйені құру;
  • білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық бағдарламаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
  • педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жуйелі түрде біліктіліктерін көтеру.

Білім бepyдi ақпараттандырудың қағидалары:

  • қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
  • жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • білім мен тәрбиенің бipiзділігі;
  • жалпы компьютерлік сауаттылық;
  • оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы (интенсификация) .

Білім бepyдi ақпараттандыру процесі мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:

  • білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның колданылу аясын жетшдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;
  • ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;
  • үйренушінің ителлектуалдық қaбілeтiн дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;
  • үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тecтiлeyдi құру мен оны қолдану.

Нәтижелер:

  • жаңа акпараттық технологияны колдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
  • жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
  • біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
  • мультимедиялық электрондық оқулыктарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау бағдарламаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
  • отандык білім беру жуйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;
  • білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;
  • республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттык желісін құру.

Білім беруді ақпараттандыруды дамыту индикаторлары:

І. Нормативтік-құқықтық қамтамасы ету;

1. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің № 3645 өкімімен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекітілген)

2. Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік оқу мекемелерін ақпараттандыру бағдарламасы (ҚР Үкіметінің № 616 қаулысымен 2001 жылдыц 10-мамырында бекітіген)

3. Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2001 жылғы 6 тамыздағы № 1037 қаулысымен қабылданған «Қазақстан Республикасының білім беру жүйсін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы »

II. Мамандармен қамтамасыз ету

Кезендер бойынша мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру:

І-кезең «Ақпараттық технология негіздері» (компьютермен жұмыс жасау технологиясы )

ІІ-кезең «Электрондық оқулыктармен жұмыс жасау технологиясы»

ІІІ-кезең «Интернет-технология. Web-сайтты құру технологиясы»

IV-кезең «Жаңа қолданбалы бағдарламалық құралдардың мүмкіндігін шығармашылық бағытқа пайдалану технологиясы»

III. Глобальды коммуникациялық құралдар

Интернетке қосылу арқылы әлемдік білімдік кеңістікке шығу. Қашықтықтан оқыту формасына көшу [3, 32 б. ] .

1. 2 Мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру

Технология ұғымы біздің жүзжылдықта негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың бірі болып саналады. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасы контексінде қарастырылады. Мәні жағынан ажыратыла отырып, теория мен практика әрқашанда бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Бұл әрекеттестіктің өзгешелігін сипаттай отырып К. Поппер теория мен практиканың бірлігін бұзбау қажеттілігін атап көрсеткен. Философтардың дәлелдеуінше, теория адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып, өзі туындап шыққан практикаға қызмет ету оның бағытын анықтайды, тәжірибелік процестердің барысына тікелей емес, технологиялық үлгілер арқылы жанама түрде әсер етеді. Теорияның практикадан ажырауының негізгі себептерінің бірі - нақты қолданбалы теориялар мен технологиялардың жоқтығы. Осыған байланысты қазіргі уақытта педагогика ғылымында да технологиялық тәсілге қызығушылық арта түсті. Өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік тәрбиені меңгеруге дайындау сапасын жоғарылату мақсатында қазіргі кезеңдегі технологияларды пайдалану талпыныстары көптеген педагогтар мен тәжірибелі мұғалімдердің оқыту және тәрбиелеуді жүйелі, тиімді процесуалды ұйымдастыруға деген ұмтылыстарынан туындады деп айтуға болады.

Технология сөзі (techne-өнер, шығармашылық, logos-ілім) грек тілінен аударылғанда:

а) өндіріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу, дайындау, өзгерту әдістерінің жиынтығы, мысалы: металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;

б) өндірістің сәйкес келетін құралдарымен шикізат, материал немесе жартылай фабрикатқа әсер ететін тәсілдер туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.

40-50-ші жылдары оқу процесіне техникалық оқыту құралдарын ендіру басталғанда, «оқыту технологиясы» ұғымы пайда болып, келесі жылдары бұл ұғым «педагогикалық технологияға» өзгертілген. 50-60 жылдардың ортасында бұл ұғым еліміщдің және шетелдің педагогикалық басылым беттерінде, халықаралық конференция материалдарында кеңінен талқыланып, оған түсінік берудің екі бағыты анықталды. Алғашқы бағыт техникалық оқыту құралдарымен байланысты болған, ал екінші бағыт «оқыту технологиясы» ретінде белгіленді. 60-шы жылдары оқытуға технологиялық тәсіл қалыптасты. Оның қалыптасуы американдық психолог Б. Скиннер негізін қалаған материалды меңгеруді ақпараттың бөліктерін жүйелі бағдарлама ретінде құрастыру және оны бақылау арқылы басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынған бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. 70-ші жылдары компьютерлік-бағдарламалық құралдарыды қолдану арқылы ақпаратты өңдеудегі өзара байланысты процестерінің құрылымы ретінде түсіндірілетін «оқытудың ақпараттық технологиясы» туындады. Кейінірек жоғары білім беру саласында мамандарды дайындаудың болашақтағы жүйесінің бірі өзін ақпараттық, бағдарламалық, әдістемелік құралдардың күрделі кешені ретінде көрсететін дистанциялық оқыту технологиясы пайда болды. 80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан «педагогикалық технология» және «оқыту технологиясы» ұғымдары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде жете түсіндіріле бастады [4, 63 б. ] .

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі - мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.

Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: Педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекші қағидасы - оқушының белсенділігі боулы. Мұнда ең бастысы - білімді меңгеруге іштей дәлелденген, қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі» - деп жазады.

Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектерін және басқа еңбектерді зерттей отырып, педагогикалық технологияларды атқаратын мақсат-міндеттеріне және олардың іс-әрекетіне қарай жүйелеп бір схемаға келтіруге болады (Сурет 1) сәйкес.

Сурет 1. Педагогикалық технологиялардың түрлері

Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі:

  • мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да - субъект, мұғалім де - субъект;
  • оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
  • оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Математиканы оқытудың нақты әдістері
Бастауыш мектеп математикасында құзіреттілікті қалыптастыру.
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Математиканы оқыту әдістемесі
Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы
Физика пәндерін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz