Бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанры


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕ ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1. 1 Бейнелеу өнерінің даму тарихына шолу . . . 6
1. 2 Пейзаж жанрының даму тарихы . . . 14
1. 3 Кескіндеме өнерінде ауыл пейзажының алатын орны . . . 16
1. 4 Пейзаж жанрында бояу үйлесімділігі, композиция, перспектива заңдылықтары . . . 19
1. 5 Суретшілер шығармаларында пейзаж жанры . . . 25
2 ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ САЛЫНУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2. 1 Ауыл пейзажын майлы бояумен салу әдіс-тәсілдері . . . 48
2. 2 Бейнелеу өнері сабағында табиғат көрінісін бейнелеу . . . 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 66
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР . . . 67
КІРІСПЕ
Табиғат - қоршаған ортаны бейнелеу, табиғи көрінісін бейнелі түрде көрсету. Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны, шындық өмірді әсерлі және нақты бейнелейді. Табиғаттың суретін бастамас бұрын алдымен сюжет пен композицияны қарастыру керек.
Негізінен бұл жерде акценттік көріністі анықтайтын тақырыпты сезініп, түсініп алу қажет. Білімгер айналадағы ерекше жерлерге көңіл аударып, композициялық шешімнің белгілі типіне жататын пейзаждың объектісін таңдау қажет. Кейде суретші композициялық бірлестік үшін кейбір жерлерін, мысалы, тал сияқты көріністерін алып тастап, немесе кейбір бөлшектерді қосып, төмен түсіріп және тағы басқа да жағдайларды өзгерте алады. Мұның бәрі көркем шығармашылық мақсаттарға және жекеленген қабілеттерге байланысты.
Табиғаттың мінездемесінде ең бастысы - композицияның дұрыс шешімін және ең жақсы көріністі таңдау. Табиғаттың көрінісін тұрғызу үшін дайындық нобайларынан бастау керек. Мұнда суретші бөлек бөлшектерді салмай жатып, ең бастысына көңіл аударып, композицияның негізгі идеясын бөліп көрсету керек. Композициялық табиғаттың шешіміндегі ең басты нәрсе - қиындығы суреттеліп жатқан орынға дұрыс мінездеме беруінде. Бұл үшін табиғаттағы бөлшектердің бір-бірімен жақсылап тұйықталуын және де бөлшектер композициясының жалпы идеясын білдіруге көмектесу керектігін қадағалау қажет.
Табиғаттың композициялық суретін шешу кезінде табиғаттың жеке және кездейсоқ бөліктерін немқұрайлы алуға болмайды, бұл жерде ең негізгісін, ең типтік жерлерін көрсетіп, көрініп тұрған көрініске өзінің қатынасын білдіру керек.
Эстетикалық - эмоционалдық және айқын пейзаждың суреті суретшінің жарқын сезімін және ойын көрсетеді. Дайындық нобайлардың ішінен пейзаждың жақсы композициялық шешімді тауып алғаннан кейін суретті бастай беруге болады. Бұл жерде оқытушы білімгердің аз жұмысын әдістемелік дұрыс жүргізілуін қадағалауы керек. Яғни, басында қаламды қағазға жаймен тигізіп тұрып, заттың жалпы сызбасын, заттың пішінін, мінездемесін және олардың пропорциясын белгілейді. Осыдан кейін дұрыс, сауатты перспективалық тұрғызуға кіріседі.
Суретші ережелерді еркін қолдануы қажет және перспективаны осы ғылымның барлық ережелерімен тұрғызу қажет.
Суреттің тереңдігін (кеңістігін) айқын және түсінікті етіп көрсету үшін білімгер көкжиекті дұрыс құрып алуы (біздің көзіміздің деңгейі), көкжиек сызығындағы тоғысу нүктесін және заттың масштабын дұрыс беруі қажет. Суретте перспективалық көріністі дұрыс беру үшін жас суретші өзінің суретін 2-3 перспективалық жоспар бойынша (алдыңғы, ортаңғы және артқы) бөліп тұра алады. Оларды өзара салыстыра отырып, білімгер заттың масштабын оңай анықтап және суреттің үндестік мақсатын дұрыс шешеді. Сондай-ақ ауа перспективасы белгілі заңдарға ие: егер де заттың айқындығы көріну деңгейінен алыстай беретін болса, онда көрушінің көру ықтималдығы әлсірей береді. Зат көрушіден неғұрлым алыс тұрса, соғұрлым оның кескіні бұлдырап көрінеді.
Реңдік қатынас күші - қарама-қайшылық (заттың үстінің жарығы мен көлеңкесінің айырмашылығы) көрінуден алыстаған сайын әлсіреді. Затты көрушіден алыстатқан сайын оның түсінің айқындығы әлсірейді. Леонардо да Винчи былай деп жазған: «Белгілі арақашықтықтың шегінде талдар соғұрлым жарық болып көрінеді, неғұрлым олар көзден алыстаған сайын, тіпті соншалықты олар соңында көкжиектегі ауаның жарықтығымен ұласып кетеді. Бұлар осы талдар мен көздің арасында орналасып, ауадан пайда болады».
Ауа перспективаның пайда болуын берумен қатар білімгер жұмыстың техникасын қадағалап отыруы қажет. Заттарды бірінші жоспарда сала отырып, білімгер қаламды қағазға бар күшімен басады, екінші жоспарда заттар жұмсағырақ салынады, ал артқы жоспарда қаламның қағазға жеңіл тигізуі арқылы бейнеленеді. Бұл арқылы суретші ауа перспективасының берілуіне жетеді.
Бұл ережеден шегіну тек теңіздің көрінісін салуда мүмкін. «Толқып тұрған теңізде түстің жалпы түрі болмайды, бірақ кімде-кім оған жерден қарап тұрса, сол оны қара (жабық, қараңғы) болады».
Табиғаттың суреті жарықтанылуда айқын болуы үшін заттан түсіп тұрған көлеңкенің ерекшелігіне көңіл аудару және көлеңкенің теориясымен танысу қажет. Перспективада көлеңкені тұрғызу кезінде, ең алдымен жасанды және табиғи (күннің жарығы немесе лампа) жарықталуды көру керек. Егер жасанды жарық болса, жарықтан түскен сәулелер сәулелік пирамиданы құрастырғандай етіп жан-жақты үлестіреді.
1 Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Студенттер ауыл пейзажын бейнелеу шеберлігіне түсінік алады.
2 Ғылыми жаңашылдығы: Пейзаждық кескіндеме жайында жаңа мәліметтер жазылған.
3 Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Кескіндеме жанры бойынша оқушылар игеретін мәселелерді кейінгіге жеткізу. Композиция мен перспектива заңдылықтарын, бояу үйлесімділігін қолдануды үйрету.
4 Дипломдық жұмыстың құндылығы: Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттері болашақтағы практикалық жұмыстарына теориялық және практикалық түсінік алады.
5 Зерттеу объектісі: Ы. Алтынсарин атындағы гимназия.
6 Теориялық және әдіснамалық негіздері: Әдістемелік деректер жинақталған.
7 Практикалық бөлімі: Дипломдық жұмыс сатыларының орындалуы мен 60\90 см өлшемдегі төрт картинаны қамтиды.
1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕ ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1. 1 Бейнелеу өнерінің даму тарихына шолу
Пейзаж ұзақ уақыт бойы дәрежелі болып саналып келген. Ол суреттің шеберлігін, күрделі композициялық шешімдерді талап етпейтіндей түстік палитрасы шектеулі. Бірақ бұл тек сыртқы белгілерге негізделген болжаулар ғана. Пейзаждың жоғары шеберлікті талап ететін терең мазмұнды тең жанр болып табылатындығын көптеген мысалдар дәлелдейді.
Пейзаж француздың сөзі peysage (pays-ел, жергілікті жер) сөзінен шыққан. Пейзаж - бұл бейнелеу өнерінің жанры. Ол жерде бейнелеудің негізгі заты болып жабайы немесе қандай да бір деңгейде адаммен қайта қалыптасқан табиғат болып табылады. Пейзажда жергілікті жерлердің, сәулеттік құрылыстардың, қалалардың (ветуда), теңіз көріністерінің (марина) нақты немесе өзгерген түрлері қайта өндіріледі.
Көбіне пейзаж кескіндемелік, графикалық, скульптуралық жанрлардың көрінісі болады. Адамды қоршаған табиғат құбылыстары мен нысандарын бейнелей отырып, суретші өзінің табиғатқа қатысын, оның қоғаммен қабылдануын білдіреді. Осыған сәйкес пейзаж сезімталдық пен елеулі түрдегі мазмұнды алады.
Адамды қоршаған ортаның жекелеген элементтерін алғашқы адам неолит дәуірінде тау шатқалындағы жазуларында бейнелеген. Мысалы, Алжир Сахарасындағы Тассиланджер ұңғымасындағы суреттерде - аңшылық сценаларында, мал қуу кезінде жүйелі түрде ағаштар, тастар, су бейнеленеді. Олар белгілі бір әрекет орнына жол сілтеп тұрғандай. Бірақ, нақты бір жердің бейнесін жасамайды. Пейзаждық мотивтердің анағұрлым кең таралуы Ежелгі Шығыс пен Криттің өнеріне бастау алды. Әсіресе фараондар аңшылығымен немесе жабайы аңдардың бейнесі көбіне көп кездесіп отырды (мысалы, б. э. д. ХХ ғасырда Бени-Хасанның мазарындағы жазу. Ол жабайы мысықтың аңшылығы бейнеленген; куропаттар-тау шатқалында, б. э. д. ХV ғасырда Криттегі Кносс сарайындағы бір жазуларда) . Европалық орта ғасырдың өңірінде, мысалы, ежелгі орыс икона жазбасында табиғат жүйелі түрде бейнеленеді. Ежелгі орыс иконаларында пейзаждың фигуралық сценаларына сілтеме жасалғанын байқаймыз. Таулар жарды жерлерді, белгісіз породалы жеке ағаштар-орманды, тегіс ғимаратты палаталарды, храмдарды білдірген. XVI-XVII ғасырға дейін еуропалық өнердегі пейзаж тақырыптық суретпен немесе портреттік сурет үшін тек көрініс ретінде ғана болды. Мұндай рөлді Леонардо да Винчи белгілі Мона Лиза портретінде де орындайды. (ок. 1503, Лувр, Париж) .
Мұсылмандық Шығыс елдеріндегі орта ғасырлық өнерінде пейзаж элементтері алғашында сараң жасалған, егер эллинистік дәстүрге негізделген сирек үлгілерді санамағанда ХII-XIV ғасырдан олар кітап миниатюраларында барған сайын елеулі орын алуда. Ол жерде XV-XVI ғасырда тебризді және гераттық мектептің туындыларында бояулардың әсем тазалығымен ерекшеленетін пейзаждық көріністер тұйық сиқырлы бақ ретінде табиғат туралы көріністі бейнелейді. Үлкен эмоцианалдық күштерді Үндістандағы (әсіресе, монғолдық мектептен бастау алған миниатюралық бастауларда) Үндіқытайдағы және Индонезиядағы (мысалы, аңыздық және эпикалық тақырыптарға арналған рельефтердегі тропикалық ормандардың бейнесі) өнерде орта ғасырлық ландшафтық детальдар бар.
Дербес жанр ретінде пейзаж алғаш рет орта ғасырлық Қытайда ХV-ші ғасырда пайда болды. Ол жерде мәңгі жаңартылып отыратын табиғат әлемдік заңның (дао) анағұрлым жүзеге асырылуының көрінісі байқалады. Бұл концепция шань-шуй (таулар-сулар) пейзаждық типінде тікелей көрініс табады.
Қытайлық пейзаждың жеке кеңістік жоспарлары шектелмейді, ал суреттік теңдіктің декоративтік шешіміне бағына отырып, бір-біріне өтеді. Қытай суретшілерінің пейзаждары өте рухталған және ақындығы басым. Олар табиғат әлемінің шексіздігі туралы көріністі таңдайтын секілді. Х ғасырдың суретшісі Дунь Юаньнің өзіндік кеңістік шексіз болып, су алқаптары ұлан-ғайыр болып, ал жолдар жұмсақ, тұманды түтінмен жалғасқан. Ол жібекпен жасалған туынды. Қытай кескіндемесінің әсерінен жапондық пейзаж қалыптасты.
Батыс - Еуропалық өнерге ХII-XV ғасырларда әлемнің сезімталды бағындағы қарқын пейзаждық көріністің бейнелеу өнерінің туындыларының маңызды бөлігі ретінде түсіндірілуіне алып келеді.
Шартты көріністер әлемнің кең панорамасына айналған пейзаждармен алмасуда (Италияда Джотто, А. Лоренцетти XV - ғасырда Нидерландыда, Х-ғасырда Я. Ван Эйк) . Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері натураның тікелей зерттелуіне жүгінеді, суреттерде кеңістік орнатады. Олар ғылыми негізделген желістік және ғарыштық перспектива негіздеріне негізделеді. Пейзаж оларда персонаж өмір сүріп, әрекет ететін нақты орта ретінде болады. XV ғасырдың алғашқы жартысында швейцарлық суретші К. Винцтің суретінде нақты орынның пейзажы - Женевалық өзеннің жағасы көрінеді. Нидерландылық суретші И. Патинирдің, немістер А. Дюдер және А. Алтдорфердің графикалық және кескіндемелік туындыларында пейзаж алғашқы жоспарлардың сценаларында шексіз басымдық танытады.
Антверпендік шебер Иоахим Патинир (1475-1524 жылдар аралығы) өнер тарихында алғашқы пейзажист ретінде саналады. Патинир жер қабатын бейнелеудің бір мезгілде сыйымды және қарапайым тәсілін тапты. Бұл кейінгі уақытта классикалық болып саналатын пейзажды үш түсті: жақын жақ үшін суретші жылы қоңыр-сары бояуларды алған, орта үшін жасылдың әр түрлі түстерін, алыс жақты көк түспен бейнелеген. Патинирдің ұлы пейзаждарында библиялық персонаждардың фигуралары жоғалып, алға табиғат қойылады, жолдармен көмкерілген ұзақтықтар, қимылды жарлармен, жағаға беткейлеп жатқан теңіз бұқаздармен. Бұл кезде Италиян суретшілерімен және солтүстік Қайта өрлеудің шеберлерінде табиғат көрінісіне әртүрлі көзқарас қалыптаса бастады. А. Маньтени, Джордоне, Тициан италияндық суретшілердің суреттерінде табиғат адаммен гармониялық түрде үйлескен. Оларда көп орынды сәулет ортасы орын алады. Нидерландылық шеберлер Ян ван Эйк, Хуго ван дер Гус және басқалары, сонымен қатар немістерде А. Дюрер, М. Нитхардт, Л. Кранаха туындыларының өзінде адам мүсінін ерітетіндей жабайы табиғаттың бейнесі кездеседі. XV ғасырдың ортасында П. Брейгель пейзаждық циклдарында әлемді көрудің алыптылығы адам өмірінен ажырамас қоршаған табиғаттың, халықтың өміріне терең енуімен сипаттайды. Брейгельмен 1956 жылы жасаған («жылдар уақыты») суретінің циклі суретшімен өзінің суретінде үйлескен әлем ретінде қабылданады. Брейгель үшін болмыстың әрбір шегіндегі әлем сұлулығы - ақылдылық пен мейірімділік заңының өмір сүру кепілі.
ХVII ғасырда классицизм өнерінде идеалды пейзаждың қағидалары рәсімделді. Онда басты орынды әлемнің саналы құрылымының заңына бағынатын табиғаттың бейнесі алды. Француздық кескіндемеші Н. Пуссеннің шығармасында идеалдық пейзаж батырлық түрге жатқызылған, оған интикалдық мифологиядан сценалар енгізілген. Керісінше, барокко суретшілерінің пейзаждарында табиғаттың стихиялы күштілігі айтылады. Адам онда табиғатпен ажырамас бірлікте өмір сүреді. Ол табиғат стихиямен күрестің сезімімен тереңделген. Д. Веласкес натурасындағы пейзаждық этюдтарда пленэрдің элементтері пайда болады. Яғни, күн сәулесі мен атмосфераның әсерінен ғарыштық ортаның өзгерістерінің қайта өндірісі орын алады. Голландық кескіндемешілердің суреттерінде біз құмды даланы, балшықты жиектерді көреміз. Аса назар аспан мен ондағы бұлттарға аударылған. Голландық шеберлермен теңіздік пейзаж - марина типі жасалды.
XVII -XVIII ғасырларда жекелеген жерлермен әсіресе қалалардың қайта жасалған түрлері типографиялық дәлдіктегі пейзаж таралады. Бұл жекелеген мотивтерді кенепке немесе қағазға дәлдікпен түсіруге мүмкіндік беретін камира обскураны қолданумен байланысты. Мұндай типтегі пейзаж XVIII ғасырда Каналеотти Б. Белоттанның ауа мен күннен толтырылған ветуттарында өзінің шарығына жетеді. Ол күнді ауалы ортадағы ерекшеленетін Ф. Гварди туындыларындағы пейзаж тарихында жаңа сапалы сатыны ашты. Көріністі пейзаж XVIII ғасырда дербес пейзаждық жанр болмаған, еуропалық елдердегі пейзаждың қалыптасуына шешуші үлес қосты. Ерекше орынды Дж. Б. Пиранезидің графикалық пейзаждары алды. Ол ескерткіштер мен олардың адамы жоғары ұлылығымен бөлінетін рококко (француз Ю. Робердің руни бейнесі бар пейзажы) дәуірінде алды. Бірақ жанрдың классикалық жүйесінде екінші қардағы орынды алатын «идеалды» пейзаж жалпы XVII ғасыр бойы классикалық композицияның заңдарына берілген табиғи мотивтерге бағынатын академиялық бағытта туындайды.
XVIII ғасырдың соңында XIX ғасырдың алғашқы жартысынды пейзажды романтизмнің қарқыны басымдылық танытты. (Дж. Кром, С. Котмен, Дж. Р. Козенс, Дж. М. У. Тернер) . Романтизмнің көркем жүйесіндегі пейзаждың маңызды мәні романтиканың адам жаны мен табиғат өмірін байланыстыруымен түсіндіреді. Онда адамның моральды және әлеуметтік кемшіліктерін түзеу үшін құрал ретінде табиғи ортаға қайтуы көрінеді. Олар табиғаттың жекелеген жағдайының индивидуалдық қайталанбайтындығына және ұлттық ландшафттардың өзіндігіне ерекше назар аударды (Дж. Констебль) . Жалпылық әлемді қабылдаудың поэтикалық ағартушылығы, сонымен қатар пленер мәселесңне қызығушылық еуропалық реалистік пейзаждың ұлттық мектептерінің қадамында туған шеберлер үшін (К. Коро Францияда, К. Блехен Германияда, А. А. Иванов Ресейде) тән сипат болып табылады.
XIX ғасырда орыс пейзажында романтикалық дәстүрлер М. Н. Воробьевтің және И. А. Айвазовскийдің шығармашылығында маңызды рөлді алады. Ал суретші табиғатты бейнелеген кезде өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны, шындық өмірді әсерлі, нақты береді. И. А. Айвазовскийдің теңіз тақырыбына арналған белгілі «Тоғызыншы толқыны» атты шығармасын алып көрейік. Ол күнмен бірге тұрып, таңертеңгісін астан кейін қолына өзінің қылқаламын алған. Суретін түске дейін салып, одан кейін барып теңіз жағалауында дем алуды жөн көрген. Тынығып алып, кешке дейін жұмысын жалғастырған. И. А. Айвазовскийдің ішкі жан дүниесі мен еңбекқорлығы ерекше таң қалдырды. Ол бірнеше күндер бойы жалғыз өзі кеменің үстінде отырып, теңіз жағалауында сурет салған екен. Оның суретінде тынымсыз дабыл қаққан қатігез теңіз бейнеленген. Ашулы толқын аспанға теңіз кемені сан бөлікке аяусыз бөлшектеп сындырды. Жасыл-көк толқынның арасында тек бірнеше адамдардың жан ұшырап тірі қалғанын көруге болады. Олар кемеден қалған соңғы қалдықтарға жабысып, ең қорқынышты зардапты күтуде. Адамдар соңғы сынақтан тірі қала ма, жоқ әлде ауыр толқын оларды жұта ма? Міне, қою бұлттардың арасынан күннің сәулесі үшкір найзағайдай жарқырап көрініп келе жатыр. Күн, жарық күн.
Бар үміт осы жаратылыста. Ол үмітін үзген жандарға қатігез теңізді жеңуге көмек көрсетеді. Суретшінің бұл драмалық көрінісін қарап отырып, жан дүниең ақтарыла тебіренеді. Теңіздің иісі мұрныңа келіп, оның толқынынан шашыраған толқынның тулап барып құлаған дауысы естіліп, бір мезет ойыңнан селт ете қаласың. Өйткені, суретші суретте тынымсыз теңіздің көрінісін бейнелеу арқылы адамзаттың өмір үшін күресін, қайсарлығын көрсете білген [1, 6 б. ] .
XIX ғасырдың екінші жартысында алдыңғылардың қызметімен тығыз байланысты реалистік пейзаждың гүлденген шағы болады. Алғашқы табиғатты бейнелеуші суретшілер де табиғатты ғажайып әсемдігімен, шындығымен бере білген.
Кескіндеме - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулер портретті, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи э соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Тарихи жанр белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма. Батальдық жанр соғыс оқиғаларын бейнелейтін шығарма. Маринистік жанр теңіз көл сияқты табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. Анималистік жанр жан-жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. Осы айтылғандардың барлығы да тақырыптық жанрға жатады, яғни белгілі бір тақырып бойынша жазылған шығарма.
Кескіндеменің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне саяды шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 40-8 мың жылдықта. Мысалы Оңтүстік Франциядағы Альтамир үңгірлерінде жартастың бетіне салынған суреттер. Ежелгі дәуір кескіндемесінде жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояуларда қолданылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі кескіндеме өнері өркендеді. Көне дүние кескіндемесі архитектура мен мүсінді өз ара үндестіре қолданды. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифологиялық сюжеттермен қатар тұрмыс-салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленеді, портрет, натюрморттар жасалды. Кескіндеме архитектура кеңістігі мен формасы жағынан өзгеріп отырған. Біздің заманымыздың I мың жылдығында Алдыңғы және Орта Азия елдерінде монументтік кескіндеме дамыды. Адам мен табиғаттың келбет, көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық реңді, қанық бояулы Қиыр Шығыс кескіндемесі дамыды, яғни Қытайда, Кореяда, Жапонияда.
Қайта өрлеу дәуірінде Батыс Еуропада өмірге жанасымды гуманистік өнер үрдістері қалыптасты. Болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған кескіндеменің маңызы артты. ХІV ғасырда Италиялық суретші Джоттоның кескіндемелері қайта өрлеу дәуіріндегі біраз өнер үлгілерінен асып түсті. Майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану Ян ван Эйктің, яғни Нидерланд суретшісінің кескіндеме табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне себепші болды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін бейнелеу, айрықша тұлғаларды даярлау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар жан сұлулығын да асқақтата бейнелеу кескіндеменің негізгі мақсатына айналды. Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэлъ, Джорджоне, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо, Тинторетто, бұлар Италия суретшілері, Нидерландыдан Ян ван Эйк, П. Брейгелъ, Германиядан А. Дюрер, X. Холъбейн - кішісі [2, 93 б. ] .
ХVІІ - ХVІІІ ғасырларда Еуропада кескіндеменің дамуы одан әрі жалғасты. Франция елінен Н. Пуссен, А. Ватто, Ж. Б. Шарден, Ж. Л. Давид, Италиядан М. Караваджо, Б. Тъеополло, және тағы басқа елдерден де бар, яғни Испаниядан Элъ Греко, Д. Веласкес, Фландриядан П. П. Рубенс, Я. Иорданс, Ян ван Дейк, Голландиядан Рембрандт, Я. Вермер, Ресейден Ф. С. Рокотов, Д. Г. Левицкий, В. Л. Боровиковский. Кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Кескіндемеде жаңа идеялар көтерілді, нақтылы өмірді алуан түрлі қырымен адамды қоршаған ортамен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді. ХІХ ғасырда Еуропа мен Америкада кескіндеменің жаңа ұлттық мектептері қалыптасты. Кескіндеменің нәзіктік ерекшелігін, сезімталдық дербестігін жоққа шығаратын натуралистік үрдісте бой көтерді. XIX ғасырда Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы кескіндеме кең өріс алды, Майлы бояулы кескіндеменің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды [2, 107 б. ] .
XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырда дүние жүзі бойынша кескіндеме өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz