Заңды жауапкершіліктің жекелеген мәселелері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МАЗМҰНЫН, МАҚСАТЫ МЕН

ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 7

1. 1 Заңды жауапкершілік қағидасы жүйесіндегі гуманизм қағидасы . . . 7

1. 2 Заңды жауапкершіліктің заңды негізі . . . 11

1. 3 Заңды жауапкершілік институттың теориялық негіздері . . . 16

2 ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 21

2. 1 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және формалары . . . 21

2. 2 Халықаралық құқықпен Қазақстан заңнамасы бойынша геноцид

қылмысы үшін жауапкершілік түрлері . . . 42

2. 3 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және

оның түрлері . . . 48

3 ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТӘЖІРБИЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 64

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

А-ҚОСЫМША- ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕГІЗІ . . . 73

КІРІСПЕ

Заңды жауапкершілік жасалған құқық бұзушылыққа сәйкес қолданы-латын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шара-лары.

Заңды жауапкершілік - жеке адам, қоғам, мемлекеттің мұддесін корғай-тын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген кұқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - құқық бұзушылық болып табыла-ды. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес кел-месе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін заңды жауапкершілік қолданылады. Заңды жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады.

Заңды жауапкершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапкершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады.

Алайда, жауапкершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапкершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Заңды жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.

Заңды жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.

Жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.

Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю. Г. Балин, М. К. Сүлейменов, А. Г. Диденко, О. Ихсанов және ресейлік ғалым Е. А. Ивановтардың пікірінше заңды жауапкершіліктің ескерту- тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.

Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауап-кершілікті адамдардың мінез-құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабыл-дауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен, сауда-саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне, меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға, сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері, өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды. Бұл мінездің қоғамымыздың құқықтық жүйесінің қалыпты орнығуында үлкен маңызға ие заңдық жауапкершіліктің аспектілері болып табылады.

Зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмысты орындау барысындағы шешімі қиын мәселенің бірі заңды жауапкершіліктің теориялық-құқықтық сұрақтары тақырыбының әдістемелік негіздерін, теоретикалық ұғымдарын барынша толыққанды зерттеген ғылыми еңбектердің кеңестік кезеңде жазылғандығын және оларды тауып жұмысты орындау барысында пайдалану мүмкіндігінің тым шектеулі екендігі айтумыз керек.

Заңды жауапкершіліктің теориялық-құқықтық сұрақтары жөніндегі әр жақты мәселелері Қазақстандық баспа беттерінде А. Б. Венгеров, С. С. Алексеев, С. А. Комаров, В. В. Лазарев, Н. И. Матузов, А. В. Малько, А. С. Пиголкин, В. Н. Хропанюк және т. б. сияқты ірі мемлекеттанушы-ғалымдардардың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қаралған. Алайда мәселелері заңды жауапкершіліктің теориялық-құқықтық жөнінде зерттелген еңбектердің көлемі аз.

Зерттеу объектісі мен әдістемесі. Осы жұмысты орындау барысында мынандай зерттеу әдістемесі қолданды:

- диалектикалық әдіс;

- салыстырмалық әдіс;

- талдау және саралау әдістері;

- теория мен тәжірбені ұштастыру әдістемесі.

Бұл жұмысты жүзеге асырудың күрделігі оны қатаң ғылыми негізде жүргізуді талап етеді. Заң әдебиеттерін жүйелеуге негізделген әрі мейлінше түрлерін пайдалану, құжаттардың сұрыптау ұғымы мен түрлері, материал-дарды іріктеп алу және өңдеу тәсілдерін кеңінен пайдаланылады.

Мақсаты мене міндеттері. Заңды жауапкершілікті қолдану мәселелері және оларды шешудің қазіргі кездегі жолдарын айқындау жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойылады :

- заңдық жауапкершілік негізгі ерекшеліктері

- заңдық жауапкершіліктің түрлері және белгілері, түсінігі

- заңды жауапкершіліктің жүзеге асырылу ерекшеліктері

- заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы
- заңдық жауапкершілікті болдыртпайтын мән жайлар және т. б.

Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелері Қазақстанның құқық теориясы жетілдіру мәселелеріне, заңды жауапкершілік институтын жаңаша қарастыру, жетілдіру мәселелеріне пайдалануы мүмкін. Зерттеудің тәжірибелік мәні сонымен қатар оның теориялық қорытындыларын, тәжірибелік ұсыныстарын ғылыми зерттеу жұмысында, әр түрлі оқу үдерісінде пайдалануға болатындығында.

Дипломдық жұмыстың құрлымы мен мазмұны. Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын мәселелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын жұмыстың құрылымы жасақталған. Біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі заңды жауапкершілік табиғатына талдау жасап, зерттеу жүргізу болғандықтан біз заңды жауапкершіліктің жекелеген элементтері немесе олардың белгілері турасындағы қазіргі заманғы құқықтану ғылымындағы пікірталастарды тереңірек талдау міндетін қойғанымыз жоқ. Сондықтан біз өз жұмысымызды орындау барысында осы уақытқа дейін теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған, зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған категориялар мен концепцияларды басшылыққа алдық.

1 ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МАЗМҰНЫН, МАҚСАТЫ МЕН

ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Заңды жауапкершілік қағидасы жүйесіндегі гуманизм қағидасы

Еліміздің тəуелсіздігіне жиырма үш жыл толу қарсаңында қол жеткізген жетістіктеріміздің ішінде ізгілендіру бағытына қарай дамып келе жатқан құқықтық үдерістердің орны ерекше екенін атап өту керек.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялайды. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау жəне қорғау мемлекет міндеті болып табылады. Əрі қарай, Конституцияның 17 бабында «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» [1, б. 96] делінген, яғни жеке тұлғаның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалады. Аталған нормалар гуманизмнің жалпы құқықтық қағидасын қалыптастырады.

Біздің қоғам өмірін, соның ішінде құқық саласын тереңдеп гуманизация-лау қажеттілігінің өсуіне қарамастан, бұл түсініктің нақты мазмұнының айқын көрінісі жоқ екені жасырын емес.

Арнайы əдебиеттерде бүгінде «гуманизм» терминін талқылауда көзқа-растардың бір жерде тоғыспай жатқанын анық көруге болады. Сондықтан да бастапқыда заңды жауапкершілік гуманизмі мəселелерін зерттемес бұрын, гуманизм түсінігінің өзін қарастырып өту қажеттілігі ұсынылады.

Гуманизм батыс философиясындағы елеулі бағыттардың бірі ретінде түсіндіріледі. Ол Қайта Өрлеу дəуірінде (ХV-ХVI ғ. ) пайда болып, ХVIII ғ. ағартушылардың еңбектерінде шырқау шыңына жеткендігін байқай аламыз. Реформация дəуіріндегі Еуропадағы ұзақ азаматтық жəне діни соғысы үрдісінде жаулап алынған буржуазиялық құқықтар мен міндеттерден көрініс тапты.

Ол адамға жаңа заңды мəртебе өзінің «шынайы» табиғатын бекіту мен дамытуы үшін қажет еді [2, б. 254] .

Марксизм көзқарасы бойынша, адамдар арасында шын мəнінде гумандық қатынастар орнату үшін, рақымсыздықты туғызатын талаптарды өзгерту қажет [3, б. 214] .

ХIХ-ХХ ғ. гуманизм мəселелерін талдайтын жаңа философиялық ағымдар туындайды. Персоналистік философия «трагедиялық гуманизм» түсінігін алып келді. Адамның қоғамдағы өмірін зерттей отыра, персоналистер адамзат болмысында, яғни, индивид пен жеке тұлға, тұлғаның ішкі тұрақтылыққа ұмтылуы жəне оның əлемге басқаларға, құдайға ашылуы, өмір мен өлім сияқты трагедияның болуына негіз бар деп есептейді. Ал адамның барлық сыртқы трагедиялары (ауру, өлім, соғыс жəне басқа) адамның ішкі қайғысының кескіні ғана.

Персоналистік философияның маңызды тұжырымы - қоғамдық прогресс критерийі - адам болып табылады.

Экзистенционализм де өз кезегінде гуманизмді философияның орталық категориясы ретінде қарастыра отырып, адамзат тұлғасын зерттеуге көңіл бөледі. Экзистенционалды гуманизм əрбір адамзат баласының қайталанбасты-ғына жəне олардың бостандығына ерекше назар аударады.

«Радикалды гуманизм» атауын алған жаңа философиялық ағымды Фромм атымен байланыстырады. З. Фрейд, К. Маркс, Баховен ілімдерін талдау негізінде Фромм адамзат тұлғасының құндылығы мен жеткіліктілігі, оның сыртқы əсерлерге бағынышты еместігі жөнінде қорытындыға келеді.

Заманауи қоғамдық ғылымдар көзқарасы бойынша гуманизм - мəні адам адамға жоғары құндылық ретінде қарауы, қатынасы болып табылатын қоғамдық болмыс пен сананың түбірлі сипаты деп есептеледі. Ол альтруизм-нен, жақсылық істеуге ұмтылу, мейірімділік, қайғыға ортақтасу, айналадағыла-рға көмектесуден көрініс табады.

Мемлекет жəне құқық теориясы жұмыстарының барлығында дерлік гуманизм қағидасы қарастырылады. Мысалы, О. И. Цыбулевская гуманизм деп жеке тұлғаға, оның абыройы мен құқықтарына деген сый-құрметпен байып-талған қоғам мен құқыққа деген тарихи өзгермелі орныққан пікірлер жүйесі [4, б. 680] - деп пайымдайды. Аталған қағиданың қоғам мен жеке тұлғаның

өзара қарым-қатынасын көрсететінін баса көрсетеді, ол өз кезегінде заңдылық, мемлекеттің қылмыстық жəне еңбекпен түзеу саясатының ажырамас белгісі болып табылады.

Гуманизм идеясына түрлі тұрғыдан келуге болатынына қарамастан, олардың ішінен жалпыға ортақ белгі шығаруға болады. Мұндай жалпылама бастама, біздің көзқарасымыз бойынша келесідей болмақ: біріншіден, гуманизм жалпы қоғам тарапынан болсын, жекелеген индивидтер тарапынан болсын адамға деген белгілі-бір қатынаспен байланысады; екіншіден, мұндай қатынас

Адамды жоғары құндылық ретінде мойындауға негізделеді. Ал ол өз кезегінде азаматқа тиесілі өмір, денсаулық жəне ар-ождан сияқты материалдық емес игіліктерді мойындаудан, сыйлаудан жəне қорғаудан, сондай-ақ тұлғаға қатысты барлық мүмкін деген жүріс-тұрыстың жеңіл, жұмсақ түрін таңдаудан көрінеді. Міне осы жайттар, біздің көзқарасымыз бойынша көзқарастар жүйесі

ретінде гуманизм негізін құрайды.

Жария құқықта жауапкершілік гуманизмі идеясы барлық дерлік нормативтік актілерде нормативті көрінісін тапты. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 38бабы [5, б. 142] бойынша қылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын жаза мен басқа да қылмыстық құқықтық сипаттағы шаралар, физикалық азап шектіруді немесе адамның ар-ожданын қаралауды мақсат тұта алмайды, немесе

ҚР Конституциясының 17бабында «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жəбір көрсетуге не жазалауға болмайды» делінген. Заңды жауаптылық қағидасы ретінде гуманизмге қатысты мұндай ереже адамның ар-ожданын қорлайтын немесе физикалық азап шектіруді көздейтін жауапкершілік шараларын, тек қана гуманды жауапкершілік шаралары бекітілу тиіс заңды қабылдау сатысында-ақ алынып тасталады.

Жеке құқықта гуманизм қағидасы тікелей бекітілмеген, алайда ол азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы нормалардың мазмұнын талдау барысында шығарылып, заңмен қарастырылған жауапкершілік шаралары қатал сипатта емес екендігімен, борышқор тұлғаның ар-ожданын қорлауға бағытталмағандығымен жəне олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруді

көздемейтіндігінен көрініс табады.

Заңды жауапкершілік институтының нормаларындағы гуманизм қағида-сын жүзеге асыру тұрғысындағы даулы сұрақтардың бірі болып өлім жазасы мəселесі табылады. Əрекет етіп тұрған қылмыстық заңда жазаның аталған түрі тек қана аса ауыр қылмыстарға тағайындалатын жаза деп қарастырады.

Өзінің табиғаты бойынша өлім жазасы тұлғаға терең психикалық азап келтіріп, тұлғаны физикалық тұрғыда жоюмен байланысты болғандықтан антигуманды екенін мойындауымыз керек.

Конституциясының 15 бабының 2тармағында өлім жазасына қатысты маңызды тұжырымдамалар бар. Баптың тұжырымдары өлім жазасын реттеуші халықаралық құқық нормаларына сай келетініне баса назар аудару қажет. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс елдерінде күшейген өлім жазасын тоқтату қозғалыстары, ақырындап бірқатар маңызды халықаралық құқықтық құжаттарға сəйкес ұсыныстар енгізілуіне алып келді. Қазіргі уақытта БҰҰ

мақұлдаған құжаттарда, өлім жазасымен жазаланатын қылмыстық істердің шеңберін шектеу қажеттілігіне баса көңіл бөлінеді. Мысалы, азаматтық жəне саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде «Өлім жазасы алынып тасталмаған елдерде, өлім жазасы тек аса ауыр қылмыстар үшін ғана тағайындалады» делінген (6 б. 2 т. ) .

Қазақстан Республикасы Президенті 1994 жылы наурызда бекіткен Құқықтық реформа бағдарламасының өзінде-ақ өлім жазасын кезең-кезеңмен жоюдың перспективасы нақты белгіленген болатын. Қазақстан тəуелсіздігінің алғашқы жылдарында-ақ ұрлық, жалған ақша жасаушылық, валюталық операциялар туралы ережелерді бұзушылық, қарақшылық түзеу мекемелердің жұмысына іріткі салатын əрекеттер, зорлау мен пара алу үшін өлім жазасы заң жүзінде жойылды. ҚР Конституциясының өлім жазасына қатысты 15бабының 2тармағы өзінің əрі қарай дамуы 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жаңа Қылмыстық кодексті қолданысқа енгізілуімен байланысты болды, онда өлім жазасы бейбіт кезде іс жүзінде ауырлататын мəн жайларда қасақана кісі өлтіргені үшін ғана сақталады.

Ең алдымен Конституция талап еткендей, өлім жазасымен жазаланатын қылмыс шеңбері түпкілікті түрде қысқарған. Қылмыстық кодекстің 49 бабына сəйкес жазаның ерекше түрі ретінде өлім жазасы адамның өмірін қиюмен байланысты, сондай-ақ соғыс уақытында немесе соғыс жағдайында, мемлекеттік опасыздық (сатқындық), бейбітшілік пен азамат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, аса ауыр əскери қылмыстар жасалған үшін тағайындалады. ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде мұндай қылмыстарға мыналар жатқызылған: қасақана кісі өлтіру (96 б. 2 т. ), агрессиялық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (156 б. 2 т. ), соғыс жүргізу де тыйым салынған құралдар мен əдістерді қолдану (159 б. ), геноцид (160 б. ), жалдап кісі өлтіру (162 б. ), мемлекетке опасыздық (165 б. ), мемлекеттік қайраткер немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық (167 б. ), диверсия (171 б. ), сот əділдігін жүзеге асырушы немесе алдын-ала тергеуді жүзеге асырушы тұлғаның өміріне қастандық (340 б. ), билікті теріс пайдалану (380 б. ), соғысты жүргізу құралдарын қарсы жаққа беру немесе қолдану (383 б. ) [5] .

Өлім жазасы үкімін шығару мүмкіндігін қарастырушы жоғарыда келтірілген баптардағы санкциялар, соттың өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі балама жазаны тағайындауға жол береді.

Өлім жазасын айыптыға тек барлық судьялардың бірауыздан шығарған шешімі бойынша тағайындау, ал үкімді ол күшіне енген сəттен бастап бір жылдан кейін ғана орындау туралы ережелер заң жүзінде бекітілді.

Өлім жазасын тағайындау туралы үкім шығарылу мүмкіндігін елеулі түрде ҚР Қылмыстық кодексінің 49 б. 2 т. қысқартады. Онда өлім жазасы əйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі қылмыс жасаған тұлғалар, сот үкімі шыққан сəтте 65 жасқа толған ер азаматтарға тағайындалмайды деп бекітілген. Өлім жазасына кесілген тұлғаның кешірім жасау туралы өтініш етуге (ҚР Президентіне) құқығы бар.

Көптеген əлеуметтік сауалнамалар біздің ел халқының басым көпшілі-гінің өлім жазасын толық жоюға əлі ертерек деп санайтындығы қуаттады. Қоғам пікірі ескеріле отырып, жазаның ең ауыр түрін қолдануды одан əрі шектеуге кезекті қадам ретінде өлім жазасын орындауға мораторий таңдап алынды. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің қылмыстық саясатын одан əрі ізгілендіру мақсатында Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий еңгізу туралы Жарлығын қабылдады [6] . Мемлекет басшысының бұл Жарлығы қылмыстық заңнаманы одан əрі ізгілендіру туралы ҚР Құқықтық саясат тұжырымдамасының қағидаларын іске асыруға бағыттал-ған қадам болды. Жарлық бойынша сол уақытқа дейінгі өлім жазасына кесілген

қылмыскерлерге балама жаза ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жа-засына ауыстыру жүктелді.

Осыған байланысты Қазақстанда бүгінде өлім жазасы де-юре ғана бар деген қорытындыға келе аламыз. Осындай түрде, барлық айтылғандар ҚР заңдарында мұндай санкцияның формальды түрде болғанына қарамастан қазақстандық құқық жүйесінде бекітілген заңды жауапкершілік шаралары

қатарына фактілі түрде кірмейді, демек гуманизм жалпыға бірдей, яғни барлық құқық салаларына таралатын заңды жауапкершілік қағидасы деп есептеуге негіз береді.

Алайда заңды жауапкершілік шаралары гуманизмі гуманизм қағидасы-ның жалғыз ерекшелігі емес. Мұнда заңның кері күші, оның заңды жауапкер-шілік гуманизмі қағидасына сəйкес келуі немесе келмеуіне байланысты жол берілуі не берілмеуі жөнінде əңгіме болып отыр. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңының 37 бабына [7] сəйкес гуманизм

қағидасымен заңның кері күшіне жол берілу немесе берілмеуіне байланысты

3 жағдайды айтуға болады:

1. Жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күші болмайды;

2. Жауапкершілікті жоятын заңның кері күші болады;

3. Жауапкершілікті жеңілдететін заңның кері күші болады.

Мұнда жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмей-тіндігі туралы ереже гуманизм қағидасының көрінісіне, ал жауапкершілікті бекітетін заң - əділеттілік қағидасының көрінісіне жатқызылуы арнайы түсін-діруді талап етеді.

Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтiк құқықтық актiлердiң керi күшi болмайды. Жауапкершілікті бекітетін заңның кері күшіне жол берілмеуі əділеттілік қағидасына жатқызылады, өйткені қарама-қайшы норманың əрекет етуі жағдайында теріс қылықтың жасалу

сəтіндегі қоғамдық пікір мен тұлғаға жауапкершілік шараларын қолдану арқы-лы теріс əсер етудің арасында сəйкестілік, ара қатынас бұзылатын еді. Ал жауапкершілікті күшейту орын алса жағдай басқаша болар еді. Мұнда əлде бір əрекетке негативті, заңсыз деген пікір беріп қойылған.

Сондықтан жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмейтіндігін əлдебір теріс қылықты қоғамның бағалауын өзгерте отырып түсіндіру өте қиын. Сəйкесінше бұл норманың заңда болу себебін басқа жақтан іздеу керек. Біздің пікіріміз бойынша мұндай себепті, заң шығарушының жағдайды реттеуге мүмкіндігі бар екі варианттың мейлінше жеңілдеуін таң-дауында деп түсіндіруге болады. Осыған байланысты жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмейтіндігі нормасының қайнар көзі жауапкершілік гуманизмі қағидасы болып табылады деген қорытынды шыға-руға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік-құқықтық актілердің көмегімен жүзеге асыру
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктер
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Құқықбұзушылық түсінігі
Экологилық қылмыстың жалпы сипаттамасы
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы
Құқық бұзушылықтың заңды құрамы
Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері туралы қазақша реферат
Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың өзекті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz