Мемлекет механизмінің жалпы сипаты


I. Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған семестрлік жұмыстың тақырыбы «Мемлекет механизмі» деп аталады.
Семестрлік жұмыстың мақсаты - мемлекет механизмі ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік механзм мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл механизм болып табылады.
Семестрлік жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- мемлекет механизмінің жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.
Мемлекет - бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси - аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
1. Бұқаралық биліктің болуы.
2. Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу.
3. Салық жүйесі.
4. Егемендік. .
5. Құқық.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың саяси - бұқаралық қатынасы. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1. Бұқаралық (көпшілік ) билік.
2. Аппараттық билік.
3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі.
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
- таптық;
- жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат- міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.
Мемлекет функцияларының классификациясы:
а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;
б) маңызына байланысты - негізгі және қосалқы;
в) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады. Мемлекет механизмі - бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.
Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
1) тікелей басқарушылық;
2) құқықтық нысандар.
Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік органдардан;
2) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3) Мемлекеттік қызметшілерден;
4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай -ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы.
Мемлекеттік орган - бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в) өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар заңды міндетті іс - әрекеттер жасайды.
Мемлекеттік органдардың классификациясы:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы- бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау- қадағалау органдарына бөлінеді; .
2. Биліктің бөліну қағидасы бойынша - заң шығарушы, атқарушы және сот.
3. Қызметінің құқықтық нысаны бойынша - құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы.
4. Иерархия бойынша - республикалық және жергілікті.
5. Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын) және уақытша(қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады)
6. Құзырлығының сипаты бойынша - жалпы құзырлықтағы (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер) .
Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері
Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Олардың комплексті пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік билікті, оның қызметі мен міндеттерін іске асыру үшін белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері іске асырылатын органдар жүйесін мемлекет механизмі дейміз. Мемлекет механизмі мынадай бөліктерден тұрады: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік ұйым, мекеме, мемлекеттік кәсіпорын, ақша - қаржы қоры.
Сөйтсе де, мұндай бірлік туралы ережені талдап, түсіндіре келіп, биліктің салыстырмалы түрде үш дербес әрі тәуелсіз тармақтарының (заң шығарушы, атқару, сот) бар екендігін ескере кеткен артық болмайды. Олар бір бірінен оқшауланған, әр түрлі нақтылы міндеттерге акцент жасайды, және түрлі істермен айналыса отырып, тек өздеріне ғана тән қызмет нысанын пайдаланады. Бұл факт билікті бөлу теориясында (Д. Локк, Ш. Л. Монтескье, Т. Джефферсон және т. б. ) негізделген, бұл теория қазір күннен күнге кеңінен қолданыс табуда. Бүгінде оның ережелері мен қағидаларын әлемнің көптеген елдері конституциямен бекітіп берді. Барлық биліктің бір органға немесе бір лауазымды тұлғада шоғырлануына қарсы екендігін айтып, оны мемлекет механизмінің үш тармағының арасында бөлудің пайдасына аргументтерін келтіре отырып, билікті бөлу теориясы: 1) олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауының қажеттілігін ; 2) бір биліктің басқа билікті функциясын орындау жолымен алмастыруына жол бермейді; 3) билік құрылымдарының өзіндік балансын белгілеуді бекітеді.
Мемлекеттік аппарат құрылымына және оның қалыптасуына түрлі тарихи, мәдени, экономикалық, саяси және басқа да факторлар әсер етеді. Қоғам дамуының әр сатысында мемлекеттік аппарат алға қойған нақты мақсат пен құрылымына қарай мемлекеттік аппарат пен органдары өзгеріп отырады. Демократиялық құқықтық қоғамда мемлекет оның органдары мемлекетті құқықпен камтамасыз етіп адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, жалпы қоғам қауіпсіздігін камтамасыз етеді.
Мемлектеттік аппараттың маңызды құрылымының бірі - Мемлекеттік орган. Әр орган жеке бір маңызды қатаң тәртіппен жұмыс істеп, заңмен қадағаланады.
Мемлекеттік органдар басқа мемлекеттік емес, қоғамдық-саяси ұйымдардан айырмашылығы төмендегідей бірнеше белгілермен көрсетіледі:
Біріншіден, мемлекеттік орган қызметі мен конститутциясында және заңдарында көрсетілген бірегей қағидаға негізделген.
Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке зандылықтары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты.
Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіңдік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі.
Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып жатады. Алайда, ойшылдар айтқан постулаттардың, болжамдар мен ережелердің жиынтығы баға жетпес байлық. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық шындықты оның дамуының өзгермелі кезендеріңде адамның ойлау логикасын түсінуге мүмкіңдік бере отырып олардың негізгілерін білудің, әр түрлі ойшылдың пайдаланған аргументтері мен дәлелдерін салыстырып, талдау жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, осы теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына қорытынды жасаудың маңызы зор.
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың жетілмеген, дөрекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалыптасуына мүмкіндік жасай алмады: ол қалдықсыз пайдаланылды.
Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек - қауымның құрамы бойынша одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесе қауымның мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек болды:
- сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіңдік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылығы жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы керек;
- туыстық жағынан аса жақын емес, сондай-ақ таяудағы мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір біріне көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы керек;
Осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы жиналысында қаралып, сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және басқа да адамдарды сайлайды, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық қоғамдық міндеттердің ақысыз-пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес және ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын атап айту аса манызды, ал көсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы-қызметкерлер түріндегі қандай да бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру ұйымы білген емес.
Осы сұрақтардың жауабына қарап басқарудың монархиялық және республикалық нысан екендігін айырады. Монархия басқарудың нысаны ретінде мемлекетте бір адамның - монархтың қолында жоғары биліктің реалды шоғырлануымен немесе жоғары прерогативтің (шексіз құқықтың) тек кейбір нақтылы тиістілігімен сипатталады. Монархияның ерекшеліктерінің қатарына монархтың таққа көп жағдайда мұрагерлік жолымен немесе туысқандық құқықпен, кейде- сайлау жолымен келетіндігі жатады, монархтық міндетті атқарудың белгілі бір мерзімі жоқ, ол өмір бойы атқарылады.
Монархия мемлекеттілігінің дамуының пайда болған кезінен күні бүгінге дейін мемлекетпен бірге келе жатыр. Ол аз болса, алғашқы қауымдық-рулық басқару жүйесінің негізінде құрыл-ан көптеген мемлекеттерде монархияның нысаны болды. Тарихтың келесі кезеңдерінде монархия сақталды, ол өзінің өміршеңдігін, белгілі бір ішкі қуатын, жаңа әлеуметтік-экономиялық және саяси жағдайларға, әрине көптеген өзгерістерімен, бейімділігін танытты. Сондықтан да оған қандай да бір түрлерінің бір біріне онша ұқсас еместігін ескере отырып, нақты-тарихи жақтан келу керек. Республика үшін басқару нысаны ретінде мемлекеттегі жоғарғы биліктің заңмен белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше сайлау органдарының қолында шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғары заң шығару органы (парламент, конгресс, ұлттық жиналыс) және мемлекет басшысы (президент, төраға, кейде президиум) болып табылады. Бүгінгі күні республика өмірді демократияландыру процестеріне мүмкіндік туғызатын құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның принциптерін жүзеге асыруда басты арена болып табылады. Тікелей Қазақстан аумағыңда мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның бекуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар болды, Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып кетуі керек болды.
Парламенттік республикада жоғары билік органдары жүйесіндегі түйінді орындардың бірін парламент иемденеді, ол заңдар қабылдайды және жалпы мемлекеттік маңызды мәселелерді шешеді. Ол елдің мемлекеттік бюджетін бекітеді, өзінің алдында жауап беретін үкімет қызметін бақылап отырады. Егер парламент үкіметке сенімсіздік шығаратын болса, соңғысы отставкаға кетеді. Кейбір елдерде парламент (өзі немесе жергілікті билік органдарының өкілдерімен бірге, ал федеративті мемлекеттерде - штат, жер және басқа мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірге) сондай-ақ мемлекет басшысын сайлайды, алайда бұл үнемі бола бермейді - мысалға, Австрияда президент жалпыға бірдей сайлау құқық негізінде сайланады. Сөйте тұра көпшілік парламенттік республикаларда мемлекет басшысы құқығының шегі аса кең: оның парламентті таратуға құқығы бар, үкімет басшысын тағайындайды, елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болып табылады.
Президенттік республиканың айрықша ерекшелігі - мемлекет басшысының өте күшті билігі болып табылады. Мұнда президент парламенттен тек премьер-министрді (кейде үкіметтің басқа да кейбір маңызды мүшелерін) тағайындауға келісімін ала отырып үкіметті тағайындайды. Сондықтан үкіметтің парламент алдындағы бақылауға алынуы мен есеп берушілігі босаңдау, ал мемлекет басшысы алдында парламенттік республикаға қарағанда әлдеқайда күшті. Оның үстіне, президенттік республика үшін мемлекет басшысының функциясын үкімет басшысының функциясымен толық қосып жіберу, немесе мемлекет басшысының үкіметтің қалыптасу және қызмет істеу процесіне шешуші ықпалы (Франция, Ресей федерациясы, Қазақстан, Өзбекстан) тән, оның арқасында атқарушы биліктің маңызы арта түседі.
Мұның заң және сот биліктерінің қызметіне зияны тимес үшін конституцияға биліктің барлық тармақтарының іс-әрекетінің келісіп істелуін және балансын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тежемелік және тепе-теңдік жүйесі көзделген. Президенттік республикада мемлекет басшысын әдетте халық тура (тікелей) немесе жанама (сайлаушылар алқасы) сайлаулар жолымен сайлайды.
Жоғарыда аталған өкілеттіктерден басқа мемлекет басшысының сондай-ақ парламентті мерзімінен бұрын тарату құқығы, мемлекетке маңызды лауазымды тұлғаларды тағайындау (басқа мемлекеттердегі елдің дипломатиялық өкілдерін және судьяларды қоса есептегенде), кешірім жасау құқығы, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы өкілеттігі және т. б. құқықтары бар. Үкіметті құру кезінде мемлекет басшысы парламенттік республикалар үшін міндетті болып саналатын, оған тек парламентке басым болған партия өкілдері ғана кіретін ережелерді сақтамайды.
XIV-XV ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында тұрақтап қалған қазақ халқы қалыптасқан кезде, мұнда хандық билік нысанындағы феодалдық мемлекеттілік орнықты.
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек.
Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдарды өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар; Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz