Мұстафа Шоқай.Өмірі.Зерттелуі
Жоспары:
1. Кеңестік идеология және Мұстафа Шоқай
2. «Азаттық» радиосының зерттеуі.
3. Амантай Кәкен. Ақиқат жаршысы (Дархан Қыдырәлиевтiң "МҰСТАФА ШОҚАЙ" кiтабы туралы)
4. Алаш қозғалысының соңғы түйіні Мұстафа Шоқай
5. ТҮРКІСТАН ЛЕГИОНЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА ШОҚАЙ

Тәуелсіз Қазақстанда, елдің тәуелсіздігі жолында құрбан болған арыстарымызға, ұлы тұлғаларымызға тиісті бағасын бере алмай келе жатқанымыз өкінішті. Одан да өкініштісі Қазақстанда оларға Кеңес уақытындағыдай “сатқын” ретінде баға берушілердің табылып жатқандығы.
Демек Қазақстан тәуелсіздік алып Кеңестік қысым мен тиым шектеулерді жойғанына 20 жылдан аса уақыт өтсе де, бұрынғы идеологиялық таным-түсінікпен жүрген азаматтар баршылық. Бұғанда түсіністікпен қарауға болады. Өйткені 70 жыл бойы ұдайы және жан жақты жүргізілген бір идеологияның бір халықтың санасынан 20 жыл ішінде толықтай шығып кетпесі анық. Оған тағы да уақыт керек.
Өскеменде бір қатар журналисттердің Шоқай туралы бұрынғы Кеңес дәуіріндегі “қазақтың Власовы”, “фашистердің құйыршығы” секілді айыптауларды қайталауы мұның дәлелі. Оның үстіне бұл туралы ашылған сотта, сот төрағасының Қазақстанда бүгінгі таңдағы әрқандай бір азаматқа мұндай айыптаулар айтылса қылмыс саналатынын, бірақ Шоқайға айтылса қылмыс саналмайтыны мағынасында үкім беруін Кеңестік идеологияның әсер-ықпалының сыртында қалай түсіндіруге болады. Өйткені бұл азаматтардың пікірлері мен шығарған үкімдері Кеңестік идеологияны еске салады. Кеңес билігі әсіресе Шоқайға қатаң саяст ұстанды. Неге? Өйткені, өздеріңізге белгілі, Шоқайдың саяси күресінің басты мақсаты – Түркістандағы кеңес билігінің орнына тәуелсіз ұлттық басқару жүйесін орнату еді. Сол себепті Кеңестер үшін Шоқайдан асқан жау болған жоқ. Сондықтан да Мәскеу Шоқайды «халық жауы» деп жариялап оның өмірі мен идеялары туралы мәлімет таратуға тиым салды.
Сосын Шоқайдың шығармаларының басылуына, таратылуына және тіпті оқылуына қатаң шектеулер қойылды. Бұл тиым-шектеулерге мойынсұнбағандар, сірә оның атын атағандар аяусыз түрде жазаланды. «Халық жауы» деген желеумен Шоқайға қатысты мәліметтерге оқулықтар мен энциклопедияларда орын берілмеді. Сол себепті Қазақстан мен қазақ халқына қатысты барлық мағлұматтарды қамту үшін үлкен еңбек сіңіріліп дайындалған 12 томдық Қазақ Совет энциклопедиясында Шоқай туралы ешқандай мәліметті кездестіре алмайсыз.
Ал Шоқайдың аты амалсыз тарих кітаптарында аталатын жағдайлар болса, онда Шоқай міндетті түрде отанын сатқан опасыз ретінде көрсетілді. Кеңес дәуірінде Қазақстанның ресми тарихы болып саналған “Қазақ ССР” тарихы атты еңбекте Түркістан автономиясына байланысты оқиғалар баяндалып жатқанда Шоқайдың қарсы төңкерісшіл элемент екендігіне баса назар аударылды. 1961 жылы Алматыда жарық көрген “Қазақ ССР тарихы” атты еңбекте Шоқайға байланысты мына жолдарды кездестіреміз: “…Сонымен қатар ағылшын империалисттерінің нұсқауларымен 1917 жылдың қараша айының соңында Қоқанда Қоқан автономиясы деген бір автономия құрылды. Бұл кертартпа-төңкерісшіл өкіметтің ішінде өзбек буржуазияшыл

Пайдаланылған әдебиеттер.
[1] Шоқайдың Қазақстанда “халық жауынан” халық батырына көтерілу процесі үшін қараңыз. Қара Ә. Мұстафа Шоқай Өмірі Күресі Шығармашылығы. Алматы, 2004, 220 – 255- бет.
[2] Біз бұл байланыстарды өзіміздің Мұстафа Шоқай өмірі, күресі, шығармашылығы атты еңбегімізде “Қоқан және Алашорда үкіметтері арасындағы байланыстар” атты арнаулы тарауда жан жақты тоқталған болатынбыз. Сонда, 85 – 94- бет.
[3] Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы, “Санат”, 1995, 339-340 бет.
[4] Хайит Б. “Türkistan Rusya ve Çin Arasında”. Ыстамбұл, 1975, 254-бет.
[5] Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы, “Санат”, 1995, 340-бет.
[6] Сонда, 263- б.
[7] Нүрпейісов К. “Алаш һәм Алашорда”. Алматы, “Ататек”, 1995, 151-бет.
[8] Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы, “Санат”, 1995, 340-бет.
[9] Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы, “Санат”, 1995, 347-348-бет; Сары арқа, 1918, Nо 31
[10] Алашорда өкіметі мүшелерінің бір бөлігі Семейге өтіп, Алашорданың шығыс бөлігін құрды. Енді бір бөлігі болса, Орал облысындағы Жымпиты қаласына орналасып, Алашорданың батыс бөлімін құрды. Бұл туралы көбірек мәлімет үшін қараңыз: Нүрпейісов К. “Алаш һәм Алашорда”. Алматы, “Ататек”, 1995, 159-160-бет.
[11] Бұл одақтың атын Уәлиди әртүрлі береді: Оңтүстік-Шығыс Мұсылман Өлкелері Федерациясы, Шығыс Ресей Мұсылмандар Федерациясы, Шығыс Ресей автономиялық Мұсылман Өлкелері Одағы және Түркістан Федерациясы. Бұл туралы қараңыз: Тоған З. У. “Türkili ve Türkistan’ın Yakın Tarihi”. Істамбұл, 1975, 370-371-бет.
[12] Сонда, 370-бет. Тоган бұл федерация жоспарынан бір картаны ғана шетелге алып шығады. Бұл карта үшін қараңыз: Сонда, 371-бет.
[13] Ресейдегі тұтқын түрік әскерлері мен офицерлерінің қайтарылуы мәселесі жөнінде көбірек мәлімет үшін қараңыз: Гүвен Е. “I. Dünya Savaşında Rusyadaki Türk Esirleri ve Rusya Türkleri”. Жарияланбаған мастерлик диссертация. Мармара Vниверситеті Түркият Институты, Істамбұл, 1996; Қарақартал О. Dünya Savaşı Sonunda Sibirya’daki Esir Türk Askerleri Sorunu ve Türk Dünyası Gazetesi. “Sibirya Araştırmaları” Дайындаған. Амине Гүрсой-Наскали. Істамбұл, 1997, 317-322-бет.
[14] Шоқай М. Юсұф Акчұра. “Яш Түркістан”. Көкек 1935, Но 65, 11-бет.
[15] Тоған З. У. “Hatıralar Türkistan ve Diğer Müslüman Doğu Türklerinin Milli Varlık ve Kültür Mücadeleleri”. Істамбұл, 1969, 230-231-бет; Тоған З. У. “Türkili ve Türkistan’ın Yakın Tarihi”. Істамбұл, 1975, 370-бет; Шоқай М. Юсұф Акчұра. “Яш Түркістан”. Көкек 1935, Но 65, 11-бет.
[16] Тоған З. У. “Hatıralar Türkistan ve Diğer Müslüman Doğu Türklerinin Milli Varlık ve Kültür Mücadeleleri”. Істамбұл, 1969, 231-бет.
[17] Яш Түркістан туралы көбірек мәлімет үшін қараңыз: Қара Ә. Мұстафа Шоқай Өмірі Күресі Шығармашылығы. Алматы, 2004, 263-273- бет.
[18] Йені Түркістан журналы үшін көбірек мәлімет үшін қараңыз: Сонда, 261 – 263- бет.

МҰСТАФА ШОҚАЙ
ӨМІРІ
ЗЕРТТЕЛУІ
Жоспары:
1. Кеңестік идеология және Мұстафа Шоқай
2. Азаттық радиосының зерттеуі.
3. Амантай Кәкен. Ақиқат жаршысы (Дархан Қыдырәлиевтiң "МҰСТАФА ШОҚАЙ"
кiтабы туралы)
4. Алаш қозғалысының соңғы түйіні Мұстафа Шоқай
5. ТҮРКІСТАН ЛЕГИОНЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА ШОҚАЙ
Кеңестік идеология және Мұстафа Шоқай
Тәуелсіз Қазақстанда, елдің тәуелсіздігі жолында құрбан болған
арыстарымызға, ұлы тұлғаларымызға тиісті бағасын бере алмай келе жатқанымыз
өкінішті. Одан да өкініштісі Қазақстанда оларға Кеңес уақытындағыдай
“сатқын” ретінде баға берушілердің табылып жатқандығы.
Демек Қазақстан тәуелсіздік алып Кеңестік қысым мен тиым шектеулерді
жойғанына 20 жылдан аса уақыт өтсе де, бұрынғы идеологиялық таным-
түсінікпен жүрген азаматтар баршылық. Бұғанда түсіністікпен қарауға болады.
Өйткені 70 жыл бойы ұдайы және жан жақты жүргізілген бір идеологияның бір
халықтың санасынан 20 жыл ішінде толықтай шығып кетпесі анық. Оған тағы да
уақыт керек.
Өскеменде бір қатар журналисттердің Шоқай туралы бұрынғы Кеңес дәуіріндегі
“қазақтың Власовы”, “фашистердің құйыршығы” секілді айыптауларды қайталауы
мұның дәлелі. Оның үстіне бұл туралы ашылған сотта, сот төрағасының
Қазақстанда бүгінгі таңдағы әрқандай бір азаматқа мұндай айыптаулар айтылса
қылмыс саналатынын, бірақ Шоқайға айтылса қылмыс саналмайтыны мағынасында
үкім беруін Кеңестік идеологияның әсер-ықпалының сыртында қалай түсіндіруге
болады. Өйткені бұл азаматтардың пікірлері мен шығарған үкімдері Кеңестік
идеологияны еске салады. Кеңес билігі әсіресе Шоқайға қатаң саяст ұстанды.
Неге? Өйткені, өздеріңізге белгілі, Шоқайдың саяси күресінің басты мақсаты
– Түркістандағы кеңес билігінің орнына тәуелсіз ұлттық басқару жүйесін
орнату еді. Сол себепті Кеңестер үшін Шоқайдан асқан жау болған жоқ.
Сондықтан да Мәскеу Шоқайды халық жауы деп жариялап оның өмірі мен
идеялары туралы мәлімет таратуға тиым салды.
Сосын Шоқайдың шығармаларының басылуына, таратылуына және тіпті оқылуына
қатаң шектеулер қойылды. Бұл тиым-шектеулерге мойынсұнбағандар, сірә оның
атын атағандар аяусыз түрде жазаланды. Халық жауы деген желеумен Шоқайға
қатысты мәліметтерге оқулықтар мен энциклопедияларда орын берілмеді. Сол
себепті Қазақстан мен қазақ халқына қатысты барлық мағлұматтарды қамту үшін
үлкен еңбек сіңіріліп дайындалған 12 томдық Қазақ Совет энциклопедиясында
Шоқай туралы ешқандай мәліметті кездестіре алмайсыз.
Ал Шоқайдың аты амалсыз тарих кітаптарында аталатын жағдайлар болса, онда
Шоқай міндетті түрде отанын сатқан опасыз ретінде көрсетілді. Кеңес
дәуірінде Қазақстанның ресми тарихы болып саналған “Қазақ ССР” тарихы атты
еңбекте Түркістан автономиясына байланысты оқиғалар баяндалып жатқанда
Шоқайдың қарсы төңкерісшіл элемент екендігіне баса назар аударылды. 1961
жылы Алматыда жарық көрген “Қазақ ССР тарихы” атты еңбекте Шоқайға
байланысты мына жолдарды кездестіреміз: “...Сонымен қатар ағылшын
империалисттерінің нұсқауларымен 1917 жылдың қараша айының соңында Қоқанда
Қоқан автономиясы деген бір автономия құрылды. Бұл кертартпа-төңкерісшіл
өкіметтің ішінде өзбек буржуазияшыл ұлтшылдарымен қатар қазақ ұлтшылдары
М.Тынышбаев пен М.Шоқаев орын алды”.
“Қазақ ССР тарихындағы” әрқандай бір бағалау аса маңызды. Өйткені ол еңбек
кеңестердің Қазақстан тарихы туралы ресми көзқарасын байқатады. “Қазақ ССР
тарихы” сынды ресми тарих кітаптары Компартияның көзқарастары мен
принциптерін көрсету барысында, партияның мұқият бақылауында дайындалады.
Кеңес идеологиясын коммунисттік партия белгілегендіктен партия басшылары
өзгерген сайын идеологияда да өзгерістер болып отырды. Соған мезгілдес
Қазақ ССР тарихы да өзгертіліп тұрды. Тұңғыш “Қазақ ССР тарихы” 1943 жылы
жарық көрді. Бірақ дүниежүзілік екінші соғыстан кейін бұл кітапта жаңсақ
пікірлердің орын алғаны алға тартылып, қайта жазуға шешім қабылданды.
Сөйтіп 1948 жылы “Қазақ ССР тарихының” екінші нұсқасы жарияланды. Бірақ
кейіннен бұл кітап та зиянды деп табылды. 1978 жылы үшінші және соңғы
нұсқасы жазылып, оқырмандардың назарына ұсынылыды. “Қазақ ССР тарихы”
секілді маңызды кітаптардың мазмұнын Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық
Комитеті идеология хатшысы тексеріп отырды.
“Қазақ ССР тарихында” жағымсыз пікір білдірілген Шоқай туралы әрқандай бір
адамның зерттеу жүргізіп, әрқандай бір материалды жариялауы мүмкін емес
еді. Өйткені Кеңестер Одағының мүшесі болып саналатын бір елдің тарихына
байланысты Кеңес идеологиясы бойынша жазылған тарих кітаптары зерттеушілер
мен тарихшылар үшін жол көрсетуші бір компас қызметін атқарады. Оған қарай
тарих бағалануға тиісті еді. Сондықтан, айталық, Қазақстанға қатысты
шығарылатын тарих кітаптары мен зерттеу еңбектерінің нәр алатын бұлағы
“Қазақ ССР тарихы” еді. Қазақстан азаматтары, әсіресе ғалымдар мен өнер
қайраткерлері сондай-ақ, ақын-жазушылар мен коммунизмнің болашақ құрушылары
деп айтылған жастар сол кітаптың көзқарастарымен санасуға мәжбүр еді. Сол
себепті “Қазақ ССР тарихында” кертартпа-төңкерісшіл деп сипаттама берілген
Шоқай туралы сөз қозғау әсте мүмкін емес еді.
Кеңестік Қазақстанның ресми тарихында тиым салынған тек Шоқай мен Түркістан
автономиясы емес еді. Алашорда қозғалысы мен жетекшілеріне де тиым салынды.
Алайда, Алаш қозғалысының жетекшілері большевиктер үстемдік орнатқаннан
кейін Шоқай секілді шетке шығып күрес жүргізудің орнына, олармен бірге
істесуді таңдап, Қазақстанда кеңестік басқару жүйесінің ұлттық сипат
алуына маңызды үлес қосты. Олар әсіресе оқу-ағарту, ғылым және өнер секілді
салаларда орасан зор еңбек етті. Міне бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық
мемлекет ретінде халықаралық қауымдастықта тиісті орнын алуда осы жағдайдың
рөлі жоқ деп кім айта алады?
Кеңестер билігі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулат сынды
Алашорда жетекшілері мен мүшелерін 1925 жылдан кейін қудалай бастады. 1930-
1932 жылдары жүргізілген әртүрлі соттарда Алашорданың белсенді мүшелері
халық жауы жәнешетелдердің тыңшылары деген айыптар тағылып бас
бостандығынан айыру, жер аудару немесе өлім жазасына кесілді. Бұл
соттардың қармағына ілікпей аман қалғандары 1937-1938 жылдардағы
репрессиялар кезінде қырғындалды. Алашорда қозғалысы мен оның жетекшілері
туралы зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазуға да 1935 жылдан бастап тиым
салынды.
Шоқай бұл жағдайды тосырқамайды. Оның ойынша Кеңес билігіндегі халықтардың
ұлт-азаттық қозғалыстарын кеңес тарихшыларының бейтарап жазуы мүмкін емес
еді. Өйткені олар, жалпы алғанда,тарих ғылымында бейтараптылықты
қабылдамайды. Сондықтан олар тарихты тап күресі үшін бір құрал ретінде
пайдаланды. Шоқай тарихтың тек өткеннен сыр шертетін ғылым ғана емес,
сонымен қатар болашаққа бағыт-бағдар беруге жарайтын бір құрал екендігін
кеңестік тарихшыларының өте жақсы білгендігіне баса көрсетеді.
Саяси қызметтері мен көзқарастарына байланысты Кеңестер Одағында ат-айдар
тағылып қылмыскер атанған Шоқай ғана емес еді. Оның туыстары да режим үшін
күдікті адамдар санатына жатқызылды. Ол үшін олардың Шоқайдың көзқарастарын
қолдап-қолдамау қажетті емес еді. Оның, яғни халық жауының туысы болу
әртүрлі жазамен қысымға ұшырау үшін жетіп жатты. Сол себепті Шоқайдың
туыстары да кеңестік орындардың қысымына тап болды.
Кеңестер Одағында қандай да бір себепке байланысты Шоқайдың аты атала
қалса, артынан міндетті түрде жағымсыз сипаттарды бірге қосарлау әдетке
айналды. Оған көбінесе ол кезде Кеңестік түркі тілдес республикаларында
ауыр айыптаулар болып табылатын “түрікшіл”, “исламшыл”, “ұлтшыл” немесе
“әлем буржуазиясының тыңшысы” секілді теңеулер жапсырылды.
Өскемендік журналист Данилевский де Кеңес Одағы келмеске кетуіне және
Қазақстан тәуелсіз ел болуына 20 жылдан астан уақыт өткен болса да, Шоқайды
түрікшілдікпен айыптауда. Ол туралы бір газеттің жазғандарын келтірейік:
“Данилевский говорит, что возведение Шокая в ранг национального героя
противоречит политике президента Назарбаева и государственной политике
Казахстана, потому что Шокай боролся за свободу тюркских народов, стало
быть против России. Назарбаев ставит целью интеграцию бывших советских
республик, и в такой обстановке возвеличивание таких героев ведет к
возведению напраслины на Россию, идет вразрез с геостратегическим
направлением Казахстана, говорит Данилевский”.
Яғни оның пікірінше, Шоқайды ұлттық қаһарман тұлғалар арасында көтеру
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан мемлекетінің
саясатына қайшы екен. Неге? Өйткені Шоқай түркі халықтарының тәуелсіздігі
үшін күрескен екен!
Оның ішінде Қазақстан тәуелсіздігі жоқ па? Бар және бүгін Қазақстан
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігінде Шоқайдың сол арманына жетіп
отыр. Сол үшін де орысша айтқанда “герой” болуға лайықты болып отыр.
Соңсоң Қазақстан Президенті Назарбаевтың саясаттарының оған қайшы екенін
алға тартады. Керісінше, Елбасының саясаттары Шоқайдың пікірлерімен
сабақтасады. Шоқайдың “бір тұтас Түркістан” идеясын Президент 2005 жылы
“Орталық Азия Одағы” деп ресми түрде жариялады. Оның үстіне Назарбаев
бұгінгі таңда түркі елдер ішінде түркі халықтарының ынтымақтастығына ең көп
еңбек сіңірген мемлекет қайраткері болып отыр. Сондықтан Түркия президенті
Назарбаевты “Түркі елдерінің лидері” деп жоғары бағалап отыр. Міне осы үшін
де, сонау 1930- жылдары көрегендікпен ойлар тастағаны үшін Шоқай ұлы тұлға
болуға әбден лайық. Сонымен қатар журналист Данилевский түрікшіл Шоқайдың
ұлы тұлға болуының Қазақстанның Ресеймен достық қарым-қатнастарына зақым
келтіретініне меңземек болады. Біз бұған қосылмаймыз. Қазақстан да, Ресей
де өзара тығыз қарым-қатнастарда болуға мүдделі. Бұл халықаралық саясат.
Сонымен қатар Қазақстанның бұрынғы Кеңес елдерімен де тығыз қарым-қатнаста
болуы мүддесіне сай келеді. Екінші жақтан Қазақстан түркі елдерімен де
ынтымақтастықта болады. Бұл бүгінгі таңда “көп жақты” саясат деп аталады.
Бұлардың ешбірінде қайшылық жоқ. Егер Шоқай тірі болса, ол да осы
саясаттарды жүргізер еді.
Данилевский өзі 2012 жылы өмір сүріп отырғанмен көзқарасы, саясат білімі
Кеңес одағының ыдыраған 1991 жылы тоқтап қалған сыяқты. Түркі дүниесімен
ынтымақтастыққа болу бүгін таңда Мәскеудің де саясаттарына қайшы емес.
Қазір Түркия мен Ресей өзара бұрынды соңды болмағандай жақсы достық қарым-
қатнаста. Екі ел арасында виза шектеулері әлдеқашан жойылған. Екі елдің
азаматтары ерсілі қарсылы емін еркін саяхат жасауда. Сонымен қатар
Қазақстан Президенті алғаш рет 1994 жылы ортаға салған, өткен жылдан бастап
Мәскеудің сыртқы саясатының негізгіне айналған “Еуразиялық одақтың” славян
және түркі халықтарының одағы екені жөнінде Ресейлік және Түркиялық
зиялылар арасында пікір таластары жүріп жатыр. Келешекте бұл одақта
Түркияның да орын алуы ғажап емес. Бұның барлығы тек Кеңес одағының
ыдырауымен болып отырған өзгерістер емес. Бұл сонымен қатар бүгінгі
жаһандану дәуірінің талаптары.
Жаһандану дәуірі сонымен қатар ұлттардың әлем өркениетімен қабыса отырып
өзінің ұлттық мәдениетін қастерлеуді талап етеді. Егер олай болмай бір
жақты тек әлемдік өркениетке бет бұрғандар өзге басым мәдениеттердің әсер
ықпалы астына кіріп жойылып кету, керісінше әлемдік мәдениетке есігін тас
бекітіп өзінің ұлттық мәдениетімен қана шектеліп қалғандар жаһандық
дамушылықтарға ілесе алмай түрлі қиыншылықтарға душар болу қаупімен бетбе
бет келетінін ғалымдар айтуда. Сондықтан бүгінгі таңда, сыртқы саясат
сыяқты, мәдениет саласында да көп жақты мықты саясат жүргізген ұлттар
ұтатын болады.
Біз негізгі әңгімемізге оралып одан әрі жалгастырар болсақ, Шоқайға қарсы
кеңестік үгіт-насихат 1968 жылы шарықтау шегіне жетті. Сол жылы КГБ офицері
Серік Шәкібаевтың Шоқай туралы жазған “Үлкен Түркістанның күйреуі” атты
повесі жарық көрді. Деректі повесть екені алға тартылған бұл шығарма
Шоқайды шен-шекпен үшін елін нацисттерге сатқан опасыз ретінде көрсетуге
бағытталды. Кеңес дәуірінде Шоқай туралы тиым салынбаған дара басылым болып
табылатын және 1972 жылы “Падение большого Туркестана” деген атпен орыс
тіліне, 1976 жылы “Чоң Туркестанның қирашы” деген атпен қырғыз тіліне де
аударылған бұл повесть Шоқайдың нацисттердің түрмесінен Фашистік
Германияның Шығыс министрі Альфред Розенбергке хат жазуымен басталады.
Хатында Шоқай Түркістанды тек Германияның құтқара алатындығына
сенетіндігін, сол себепті тұтқынға түскен түркі тектес кеңес әскерлерінен
көмекші отрядтар жасақтап, неміс армиясына көмектескісі келетіндігін
білдіреді. Осылайша Шоқайды фашисттік билік астындағы Түркістанға басшы
болу үшін елін нацисттерге бодан етуге тырысқан сатқын ретінде көрсетуге
бағытталған оқиғалар тізбегі өрбиді. Повесть бойынша Шоқай жақын серігі
Уәли Каюм Хан берген у салдарынан өліп “сазайын” тартады. Мұстафа Шоқайға
“сатқын” деп отырған әлгі Өскемендік журналист Данилевский газеттерге
берген сұхбатында өзінің көзқарасын дәлелдеу барысында атаған кеңестік
еңбектер ішінде Шәкібаевтың осы романы да баршылық. Алайда тарих ғылымы
бойынша, роман, тіпті деректер негізінде жазылды деген ешбір повесь дерек
көзі саналмайды. Қанша деректерге, шындықтарға негізелді десе де, повестің
аты повес. Онда автордың шындыққа сай келмейтін ойдан құрастырған дүниелер
де болады. Әйтпесе ол повесть емес, тарих зерттеу еңбегі болар еді.
Сонымен қатар төменде ашып көрсететініміздей, ол романдағы фактилердің
барлығы үш қайнаса шындыққа сорпасы қосылмайтын жалған дүниелер.
Негізінде Шәкібаевтың повесін құжаттарға сүйене отырып жаздым дегенін
толықтай теріске шығармаймын. Мүмкін солай шығар. Бірақ, пайдаланған
деректеріндегі мәліметтердің қате екенін нақты айта аламын. Өйткені
зерттеулерімізде байқағанымыз Кенес дәуірінде Түркістан легионына қатысты
құжаттар делінгеннің көпшілігі соғыстан кейін кеңестерге қайтарылған
Түркістан легионы мүшелерінің КГБ тергеуінде берген жауаптарының
хаттамалары. Белкім Мәскеудің қолында Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Германия мен Польшадан алып кеткен архив деректерінің ішінде Түркістан
легионына қатысты құжаттар бар шығар. Бірақ Кеңестік дәуірде бұлар емес,
аталған хаттамалар көбірек қоланылатын. Өйткені, архив деректерінде
Кеңестік идеологияның мақсатына сай келетін мәліметтер, қазірде
анықталғандай, болмаған. Сондықтан тергеуде қысым астында легион
мүшелерінен алынған жаңсақ мәліметтер дерек көзі ретінде қолданылған.
Легион мүшелерінін Шоқай туралы білмесе де, тергеудегі азаптау мен қинаудың
салдарынан ойдан құрастырып айтқан сөздеріне негізделген хаттамаларды
Шәкібаев дерек ретінде бағалаған. Сөйтіп оның деректі повес деген еңбегі
дүниеге келген. Өйткені повесте шындыққа қайшы келетін мәліметтерді көптеп
кездестіруге болады.
Енді соларға қарап шығайық:
1. Повестің басында Шығыс министрі Розенбергке хат жазған Шоқай бір жылдан
бері түрмеде отырады. Алайда, Шоқай ешқашан түрмеге отырмаған. Шоқайдың
өмірінде тек үш аптадай Париж маңындағы Компиен лагерінде тұтқында қалғанын
көреміз. Ол жер де түрмеден гөрі бір оқу лагері секілді еді. Сондай-ақ бұл
жердегі орыс эмигранттары және басқа тұтқындармен болған пікірталас ортасы
Шоқайға өте ұнайды. Сонымен қатар ол кезде әлі Шығыс министрлігі құрылмаған
болатын және Розенберг де министр емес еді. Ол министірлікті құру шешімі,
1941 жылы 16 шілде күні Гитлердің қатысуымен өткен жиналыста шығарылды. Бұл
жиналыста, Кеңестер Одағынан басып алынған аймақтармен айналысатын жаңа бір
министрліктің құрылуы мен өкілеттіліктері туралы шешім қабылданды. “Басып
Алынған Шығыс Елдері Министрлігі” деген ат берілген осы жаңа министрлікке
ертеңіне Розенберг министр болып тағайындалды. Сөйтіп, қысқаша Шығыс
министрлігі (Остминистериум) деп аталған бұл жаңа министрлік 1941 жылы 17
шілдеден бастап өз жұмсын бастады.[11]
2. Повесте Шоқайдың Петербургте Заң факультетінде Керенский мен бірге
оқығаны айтылады.[12] Шындығында екеуінің бір уақыттарда студент болулары
мүмкін емес. Керенский оқуын бітіргеннен кейін Шоқай Петербургке келді.
Өйткені, 1881 жылы 22 сәуір күні туылған Керенский Шоқайдан 11 жыл бұрын
Петербург университетіне түскен.[13]
3. Шакібаевтың кітабында Шоқайдың ағылшын тыңшыларымен жұмыс істегені алға
тартылады. [14] Шоқайдың ешбір елге тыңшылық істемегені, мұндай сөздердің
Кеңестік идеологияның әдетке айналдырған тәсілдері екенін жоғарыда атап
өттік.
4. Шәкібаев Шоқайдың Еуропаға жұбайы Марияның қалауы бойынша келгенін алға
тартады.[15] Шоқайдың Еуропаға өз ықтиярымен саяси күрес жүргізу үшін қалай
келгендігін кітабымызда жан жақты баяндадық.[16]
5. Аталған кітапта Уәли Каюмның Шоқайға “ЯшТүркістан” журналын шығаруға
көмектескені аталып өтіледі.[17]. Бұл тура емес. Өйткені, Шоқай
“ЯшТүркістан” журналын шығарып тұрған жылдарында (1929-1939) Уәли Каюмды
танымайтын еді. Олар екінші дүниежүзілік соғыс басталып сол себептен журнал
тоқтағаннан кейін танысады. Шоқайдың зайыбы Мария естеліктерінде Шоқайдың
Уәли Каюммен алғашқы кездесуінің, оның 1940 жылы күз айында Паридегі
үйлеріне болғандығын жазады. Бірақ бұл кездесу одан да бір неше ай бұрын,
атап айтқанда 1941 жылдың көктемінде болуға тиіс. Марияның өзі де кейіннен
Уәли Каюмның екі аптадан кейін сәуір айында екінші рет келгендігін жазады.
Соған қарағанда Уәли Каюм алғаш рет 1941 жылы, наурыз айының екінші
жартысында келген болуы керек. Уәли Каюм да Шоқаймен алғаш рет 1941 жылы
ішінде танысқандығын жазады.
6. Түркістан легионын құру туралы пікірді алғаш Шоқай айтқан екен.
Шоқайдың бұл пікірді айтқандығы туралы ешқандай мағлұмат пен дерек жоқ.
Қайта керісінше Шоқайдың тұтқын әскерлердің майдандардан қайтарылуы және
оқуларға жіберілуі туралы ұсыныстар жасалғандығы жөнінде мәліметтер бар. Ал
сонда бұл идея алғаш кімнен шықты деген сұрақ болса, онда біз мұның
түріктерден шыққаны жөнінде деректер барын айта аламыз. Олар Стамбул Соғыс
Академиясының қолбасшысы (командирі) генерал Али Фуад Эрден, ал, екіншісі –
“Жумхуриет” пен “Сон Поста” газеттерінің ұлтшыл жазушысы, зейнеттегі
генерал Хүсни Эмир Эркилет еді. Османлылар 1941 жылы қазан айында
Германияға барып Берлинде Сыртқы Істер министрлігі қызметкерлерімен
кездескеннен кейін, соғыстың шығыс майданына сапар шекті. Сол жерде олар
Гитлердің қабылдауында болды. Бұл қабылдауда екі паша Гитлерге Түркістан
легионың құру керектігі жөніндегі пікірлерін білдірді. Гитлердің бұл екі
пашамен болған кездесуден үлкен әсер алғандығын айта аламыз. Өйткені,
зерттеушілер Гитлердің тұтқын әскерлерден көмекші отрядтар жасақталуына осы
кездесуден кейін келісім бергендігін айтады.
7. Шәкібаевтың алға тартуына қарағанда, Шоқай ағылшындар мен келісе
алмағандықтан тұтқындалған. Шоқайдың тұтқындалу себебі тек Кеңестерге қарсы
болуы еді. Нацистер Кенес Одағына шабуылдаған 1941 жылы 22 маусым күні
Шоқайды Париждегі үйінен тұтқындап әкетеді. Нацисттердің мақсаты Шоқайды
Кеңес Одағына қарсы пайдалану еді. Бірақ ол ұсынысты Шоқай қабылдамайды.
8. Шәкібаев романында Шоқайдың легионерлерді ұйымдастыру ісіне жан-тәнімен
кірісіп, бұл істің жауапкершілігін мойнына алғанын алға тартады. Бұл пікір
шындыққа толықтай қайшы келеді. Өйткені, Шоқай Түркістан легионына
қатысудан үзілді-кесілді бас тартты. Чағатай Шоқайдың немістердің тұтқын
жерлестерін орыстарға қарсы өз шептерінде соғысуға ынталандыру туралы
талаптарына келіспегендігін атап өтеді. Оның айтуынша, Шоқай мұндай бір іс-
қимылға үлес қоспайтынын ашық түрде білдірген. Шоқай немістерге түркі
тілдес кеңестік тұтқындарды майданға жібермеуге кеңес берді. Оның орнына
оқуларын аяқтамай жатып, Кеңес армиясы қатарында соғысқа айдалып, тұтқынға
түскен жастарды білім алуларын жалғастырулары үшін оқуға жіберулерін, ал,
басқа тұтқындардың болса майдан тылында жұмыс істетілуін ұсыныс етті.
9. Повесть бойынша Зәки Уәлиди Парижге алғаш рет 1937 жылы келеді және оны
Берлинге алып барып, Ғалимжан Идриси мен бірге “Яш Түркістан” журналын
шығару ісін тапсырады. Уәлиди Стамбулға кеткенге дейін Идриси екеуі
журналды шығару ісіне жәрдемдеседі. [25] Бұл сөздердің қай бірін түзетесіз.
Уәлиди Парижге алғаш рет 1937 жылы емес, 1923 жылдың соңында келеді.[26]
Ғалимжан Идриси мен Зәки Уәлиди ол журналда істеген емес. Яш Түркістан
журналы 1937 жылдан емес, 1929 жылдан бастап жарық көрді. Ғалимжан
Идрисидің Шоқайға қарсы адам екенін Шәкібаев білмеуде. Өйткені Сыртқы Істер
министрлігінің Ресей Комитетінде жұмыс істеп жүрген Идриси Шоқай туралы
министрлікке жазған баяндамалары мұны көрсетуде. Неміс архивтерінің бірінде
сақтаулы ондай баяндамаларының бірінде Идриси, Шоқайдың нацисттерге қарсы
“Прометей Одағының” белсенді мүшлерінің бірі болғандығын ескертіп, оған
қарсы сақ болуға шақырады. Міне архивтегі бұл материал да Шоқайдың
нацистермен біргестейтінін көрсетсе керек.
10. Романда сонымен қатар Шоқайдың өлімінен кейін Түркістандық босқындардың
Зәки Уәлидиді Түркістан Ұлттық Комитетіне жақындатпағаны туралы пікір
айтылады және 20 мамыр күнгі (жылы көрсетілмейді) ТАСС хабар агенттігінен
үзінді алынып, түрік полициясының фашистік ұйым мүшелері Нихал Атсыз, Оғуз
Түрккан және Зәки Уәлидидің үйлеріне тінту жүргізгеніне тоқталады. Жазушы
бұл жерде де шындықтан алшақтап кетеді. Уәлиди соғыс кезінде Германияда
ешқашан болмаған. Сол себепті оның Түркістан Ұлттық Комитетіне кіру секілді
әрекеті туралы айта алмаймыз. Екінші жағынан жазушы әдейі жылын көрсетпей
тек 20 мамыр деп атаған оқиғасы Түркияда 1944 жылы болған. Жазушы оқиғаның
жылын көрсетпеу арқылы оқырманға Түркистан Ұлттық Комитетімен Зәки Уәлиди
арасында бір байланыс болғандығын көрсетуге, сөйтіп ол Комитетті түрік заң
орындарының да фашисттік ұйым ретінде қудалағанына меңземек болады.
11. Бұлардың барлығы, егер деректерге негізделген болса, легионда қызмет
атқарған әскерлердің өзара ойдан шығарған аңыз-әңгімелерінен басқа ештеңе
емес. Бұл әскерлер Шоқайдың қашан өлгендігі туралы да нақты білмейді. Сол
себепті 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болған Шоқай Шәкібаевтың романында
1942 жылдың наурызында әлі тірі болып көрінеді. Өйткені, тұтқын
лагерлеріндегі әскерлер Шоқайдың 1942 жылы сәуір айында қайтыс болған деп
сенетін. Тұтқын лагерлеріндегі түркістандық әскерлерден Қарыс Қанатбай
Шоқайдың өлімі туралы хабардың өздеріне сәуір айында жеткендігін айтады.
Қорытындылағанда деректі повесть деп көрсетілген шығармада оқиғалар
желісінің, пайдаланған материалдарының жалған болуына байланысты, шындықтан
алыстап кеткені анық. Сондай-ақ жазушының Шоқайдың қызметтеріне кеңестік
идеология тұрғысынан баға беруге тырысуы оның адасуын одан әрі тереңдете
түседі.
Мысалы, повесть бойынша Розенберг Шоқайға Түркістанның неміс отары
болатындығын және ұлттық армиясы мен мемлекеттігі болмайтындығын айтады.
Шоқай болса, бұған қарсылық білдірместен келіседі. Жазушының Розенбергпен
Шоқай арасындағы кездесуді әрқандай бір дерекке сүйене отырып жазбағандығы
анық. Бұл жерде оның толықтай кеңестік идеологияға сай қиялдан бір бейнелеу
жасауға тырысқандығы даусыз.
Шәкібаевтың кейіннен орысшаға да аударылған повесінің Шоқайдың нацисттермен
ауыз жаласқан сатқын екендігі жөнінде тек Қазақстан азаматтаары емес, бүкіл
Кеңес халықтары арасында кең тараған жаңсақ ұғым қалыптасуына елеулі қызмет
атқарғаны күмәнсіз. Міне біз сондықтан жазушылар, киногерлер ұлттық
тұлғалар, ұлттық тарих туралы көбірек туындылар берсе екен дейтініміз
осыдан. Ғалымдардың жазғандары халыққа көп тарамайды. Бырақ көркем өнер
саласының қызметкерлерінің туындалары халық санасының қалыптасуында көбірек
әсерлі болады. Бұған Шәкібаевтың біз әңгімелеп отырған осы еңбегі дәлел.
Сонымен Шоқайдың саяси қызметтерімен басылымдарынан туған халқына қарсы
ешқандай бір мін таба алмаған кеңестердің үгіт-насихат құралдарының
Шәкібаевтың жалған деректерге негізделген повесі арқылы діттеген мақсатына
қол жеткізуге тырысқан айтуға негіз бар.
Шәкібаевтың Кеңестік идеологияға берілгені соншалық тәуелсіздік кезеңінде
Мұстафа Шоқай туралы шындықтар айдай ортаға шығып оның “халық жауынан”
халық батырына көтеріліп әділеттің салтанат құруын көргенде қайтерін біле
алмай қалды. Оның ой-өрісі бір кезде халық жауы атандырылған Шоқайдың
тәуелсіз Қазақстанда қалайша ұлттық қаһарманға айналғанын түсінуге жетпеді.
Сол себептен Шәкібаев Шоқай тұлғасының тәуелсіз Қазақстан үшін ұлттық
қаһарман болып шыға келе жатқанына қарсы болды және бұл туралы ойларын
көпшілікке таратқан мақаласын жазуда да кешікпеді. “Қазақ әдебиеті”
газетінің 1992 жылы шілде айындағы санында жарық көрген мақаласында
Шәкібаев бұл наразылығын былай деп ортаға салады:
“Бұл мақаланы жазу менің парызым болып табылады. Шоқай менің
қаһармандарымның бірі болғандықтан ол туралы мерзімді баспасөз беттерінде
түрлі пікірлер алға тартылып жатқанында, әсіресе оның фашисттермен ауыз
жаласуын кейбіреулер шүбәлі жәйт секілді көрсетіп, тіпті терістеуге тырысып
жатқан кездерінде менің үнсіз қалуым оқырмандарым үшін түсініксіз жәйт
болатын еді”.
Шәкібаев “Құрғақ долбар – дәлел емес” атты осы мақаласында Қазақстан
баспасөзінде соңғы кездері Шоқаймен оның шығармалары туралы жиі мақалалар
шығып тұруына деген мазасыздығын тілге тиек етті. Шәкібаевтың пікірінше,
мұндай мақалалар халықтың Шоқайдың ұлттық қаһарман екені жөнінде “жаңсақ”
пікір қалыптастыруына себеп болуда. Ал, шындығында Шоқай әсте қаһарман емес
еді. Ол “фашисттердің қолжаулығы болған сатқын”еді. Ол құрған “Түркістан
легионы” Германияның фашисттік армияларымен бірге Түркістанды жаулапалып,
Германияның бір отарына айналдыруды көздеген еді. Шәкібаев осылайша
Түркістан халқын немістердің боданына айналдыруды көздеген адамды қаһарман
мәртебесіне көтеруге болмайтындығын атап өтеді.
Байқалғанындай, Шәкібаев Қазақстан Кеңес Одағынан тәуелсіздігін жариялаған
кездің өзінде, ол өзінің санасы Кеңестік идеологиядан тәуелсіздігін ала
алмағандықтан, бұрынғы кеңестік дәуірде Шоқайға бағытталған айыптауларды
қайталауда.
Шәкібаев сөйтіп мақаласында Шоқайдың отан қаһарманы еместігін,
“фашисттермен ауыз жаласқан сатқын” екендігі туралы кеңестік айыптаулардың
растығын дәлелдеуге тырысып бақты. Оның бұл мақаласына жауап қазақтың
белгілі қаламгері Әнуар Әлімжановтан келді. Әлімжановтың мақаласы “Қазақ
әдебиеті” газетінің Шәкібаевтың мақаласы басылған санында және сонымен бір
бетте жарияланды.
Демек, “Қазақ әдебиеті” газетінің редакция алқасы Шәкібевтың мақаласы
өздеріне келіп түскеннен кейін, онымен Әлімжановтың танысып шығуына
мүмкіншілік берген, сөйтіп, оған жауап боларлық бір мақаланың жазылуын
қамтамасыз еткен еді. “Ұлы адамның аруағымен алыспайық” деген мақаласында
Әлімжанов Шәкібаевтың мақаласын КГБ-ның әдеттегі күйе жағу әдісі ретінде
бағалады. Оның пікірінше, Шәкібаев не осы мақаласында, не “Үлкен
Түркістанның күйреуі” атты повесінде Шоқайдың нацисттермен елінің
мүдделеріне қарсы одақтасқандығын көрсететін ешқандай сенімді дәлел ұсына
алмаған еді.
Әлімжанов мақаласының соңында Шоқайдың отаны үшін жасаған қызметтерінің
айдан анық көрініп тұрғанын және ешкімнің қорғауына мұқтаж еместігін мына
сөздермен атап өтеді:
“Мұстафа Шоқайұлы ешкімнің ақтауына мұқтаж емес. Ол өзін-өзі
шығармаларымен, ерлігімен ақтап отыр. Оны тарих пен уақыт ақтады. Түркі
тілдерінде сөйлейтін халықтар оның өзіне лайық бағасын беруде”.
Әнуар Әлімжановтың бұл мақаласы Шәкібаев үшін қанағаттандырарлық жауап
болмады. Кеңестік дәуірде көптеген медальдармен сондай-ақ Қазақстан Жоғары
Кеңесінің грамотасымен марапатталған Шәкібаев Шоқаймен байланысты кереғар
жұмыстарын одан әрі жалғастырды. Сол кезде Қазақ тарихшыларынынан
ӘбуТәкенов оның Шоқайға қатысты шындықтардың зерттеліп толықтай ортаға
салынбаудан туындаған тұманды ортаны пайдаланып қалуға тырысқандығын
айтады.
Шәкібаев “Үлкен Түркістанның күйреуі” атты шығарманы қайтадан бастырды.
Қазақстанда оқырманын көбейтіп көбірек кірім келтіру мақсатында даулы
мәселелерді күн тәртібіне қоюымен танылған Караван атындағы газетке Шоқайға
байланысты пікірлерін тілге тиек етті. Шоқайдың немістердің жыртысын
жыртқан “Түркістан легионының құрушысы” екендігін, сондықтан генерал
шенімен марапатталғандығын және Гитлермен әскери одақтастық жасағандығын
т.б. алға тартты.
Тәкенов оның осылайша Шоқайды бейбітшілік пен ізгі ниетті жандардың жауы
етіп көрсетуге тырысқандығын айтады. Бірақ Шәкібаев бұл істерінен көздеген
мақсатына жете ала алмады. Сол себептен басқа амалдар іздеп Қазақстан
Республикасы Бас Прокуратурасына қылмыстық іс қозғатуға дейін барды.
Сонымен қорыта айтар болсақ, Кеңестік идеологияның қазақтың ұлы мемлекет
қайраткері Мұстафа Шоқайды туған халқына құбыжық етіп көрсету барысында
оған таңған “халық жауы, қарсы төңкерісшіл элемент, буржуазияшыл ұлтшыл,
кертартпа-төңкерісшіл, шетелдердің тыңшысы, ағылшын тыңшысы, әлем
буржуазиясының тыңшысы, түрікшіл, исламшыл, ұлтшыл, шен-шекпен үшін елін
нацисттерге сатқан опасыз, фашисттермен ауыз жаласқан, фашисттердің
қолжаулығы болған сатқын, Түркістан легионын құру туралы пікірді беруші,
фашисттік билік астындағы Түркістанға басшы болуды көксеуші, Қазақстанды
Германияның отарына айналдыруды көздеуші, Түркістан легионының құрушысы”
секілді бүкіл қылмыстық атаулар мен айыптаулардың толығымен негізсіз
екенін нақты айта аламыз.
Кеңес Одағы 1991 жылы тарих сахнасындан бір жолата келмеске кетті. Бірақ
идеологиялардың адам санасындан шығып кетуі бір күнде бірден болмайды. Ол
бірте бірте іске асып ұзақ уақыт алады. Кейде ол үшін ұрпақтардың ауысуы да
қажет бола біледі. Сондықтан Кеңестік иделогияның жан беру алдындағы соңғы
тұяқ серпуі ретінде кейде елес ретінде бой көрсетіп қалуы ғажап емес. Кеше
ол Өскеменде Денис Данилевский мен Сергей Михеев бейнесінде көрініп Шоқайға
шабуылын жалғастырды. Бұл шабуылдардың тағы да қайталануы мүмкін.
Бірақ, елестің аты елес. Ақиқат, Қазақстанның тәуелсіздік тарихының
көрнекті тұлғасы Шоқайдың күн өткен сайын асқақтай беретіндігі.
Азаттық радиосының зерттеуі.
Санкт-Петербор мұрағаттарында Мұстафа Шоқайға қатысты жаңа құжаттар
табылды.
Азаттық радиосы жүргізген зерттеулер барысында Санкт-Петербордың
мұрағаттары мен кітапханасында Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы
жаңа құжаттар табылды. Бұл құжаттар Шоқайдың Әлихан Бөкейханмен құпия
байланыстары жайын анықтай түседі.
Мұстафа Шоқай – Тәшкенттегі ерлер гимназиясының түлегі. Орталық мемлекеттік
тарихи мұрағат, Санкт-Петербург, Ресей. Қыркүйек, 2009 жыл.
Әңгіме қазақтың жас жігіті Мұстафа Шоқай 1910-1914 жылдары оқыған Санкт-
Петербор Императорлық институтының ісі жайында болып отыр. Санкт-Петербор
мен Ленинград облыстық Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатында сақталған
№281 істе оның аты-жөні Чокаев Мустафа Чокаевич деп жазылған.
Мұстафа Шоқай туралы жаңа мұрағаттық құжаттар кездейсоқ табылды. Өйткені,
негізгі мақсат тағы бір тарихи тұлға – ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-
азаттық Алаш қозғалысының көсемі, Алашорда автономиясының төрағасы Әлихан
Бөкейхан туралы деректер, құжаттар іздеу болатын.
Атап айтқанда, Мұстафа туралы жаңа деректер Әлихан Бөкейханның 1894 жылы
ғалым-орманшының дипломын алумен қатар Санкт-Петербор университетінің заң
факультетінде оқуы, нақтылай айтқанда оны экстернді түрде бітіру мүмкіндігі
жайында материалдар іздеу үстінде табылды.
Мұстафа Шоқайдың ісіндегі №3 парақта оның 18-20 жасар кезде түскен, күні
бүгінге дейін белгісіз болып келген суреті бірден көзге түседі. Ташкенттегі
Д. В. Назаровъ ательесінде осыдан 100 жылдан аса бұрын түсірілген, осы
уақытқа дейін түсін де, сапасын да жоғалтпаған фотосуреттің сақталуына
тіпті қазіргі фото мамандары да қызыққандай.
Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетіне студент
қатарына қабылдауды сұрап ректордың атына Мұстафа Шоқайдың жазған өтініші.
Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Санкт-Петербург, Ресей. Қыркүйек, 2009
жыл.
Бұл істің келесі №4 парағынан Мұстафа Шоқайдың Санкт-Петербор
университетінің ректорының атына оны студент қатарына тіркеу туралы өз
қолымен жазған өтінішін (прошеніе) оқуға болады. Құжаттың төменгі жағында
хатшының: Документы проверены 30 іюня. 1910 (Құжаттар 1910 жылдың 30
маусымында тексерілді) деген мөртаңбасы, ал жоғары жағында: Зачисленъ въ
студенты 6 іюля. 1910. Ректор (Студенттер қатарына 1910 жылдың 6
шілдесінде тіркелді. Ректор) деген мөртаңба басылған.
Мұстафа өтіншінің мазмұнынан барынша қызығушылық тудыратыны оның соңғы
абзацы. Онда өтініш иесі Санкт-Петербор университетінде өзінің оқуының
ақысын кім төлейтіндігін айтады:
...О результате сего прошу Ваше превосходительство уведомить меня чрезъ
канцелярію Ташкенсткой гимназіи, что необходимо иметь для предъявленія въ
главное управленіе учебными заведеніями Туркестанскаго края на предметъ
полученія стипендіи въ память коронованія Ихъ Императорскихъ Величествъ.
Одновременно съ симъ мною переведено по почте на имя г. казначея
Университета двадцать пять руб. (25 р.) въ счетъ платы въ пользу
Университета. Іюня 21 дня 1910 г. Ташкентъ. [Подпись]. Мой адрес: Ташкентъ.
Мужская гимназія. Для Мустафы Чокаевича Чокаева.
(...Жоғары мәртебелім, бұның нәтижесі жайында маған Ташкент гимназиясының
кеңсесі арқылы хабарлауыңызды өтінемін. Бұл маған Императорлар әулетінің
таққа отыру құрметіне орай шәкіртақы алу үшін Түркістан өлкесінің оқу
орындары жөніндегі бас басқармасына ұсынуға керек.
Бұған қоса айтарым, мен пошта арқылы университет пайдасы үшін оқу ақысы
ретінде университет қазынашысының атына жиырма бес рубль аудардым. 1910
жылдың 21 маусымы. Ташкент. (Қолы). Мекен-жайым:Ташкент. Ерлер гимназиясы.
Мұстафа Шоқайұлы Шоқаев үшін.)
МҰСТАФА ӨТЕ ЖАҚСЫ ОҚЫДЫ
Мұстафаның Ташкенттегі ерлер гимназиясын бітіргендігі туралы кәмелеттік
аттестат және кейінірек Санкт-Петербор университетінің заң факультетін
бітіргендігі туралы диплом оның өте қабілетті болғандығын көрсетеді.
Мұстафа Шоқайдың Тәшкенттегі ерлер гимназиясын тәмамдағаны туралы аттестат.

Мұстафа он бір пәннің жетеуінен 5 деген баға алған. Құдай заңын үйренуден
мұсылман дінінде болғандықтан, босатылған (от изучения закона божьего
освобожден в виду принадлежности к магометанскому вероисповеданію).
Латын, неміс, француз тілдері мен математикалық география сабағынан 4-
тік баға алған.
№9 парақта Мұстафаның өзге суреті жапсырылған студенттік билеті (билет для
входа в Императорский С.-Петербургский университет на 1913 - 1914 учебный
годъ) сақталыпты. Мұстафа бұл суретке Санкт-Петерборда түссе керек,
өйткені үстіне кигені студент формасы.
Төменірек, №11 парақта Заң факультеті студентінің жазбасын.. немесе
қазіргі тілмен айтқанда студенттің есеп кітапшасын көруге болады. Мұнда да
Мұстафаның суреті жапсырылып, кітапша 1910 жылдың 6 шілдесінде, яғни
студенттер қатарына тіркеле салысымен берілген.
МҰСТАФАНЫҢ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІ
Бұдан ары Мұстафа Шоқайдың ісіндегі №17 парақта мазмұны қызығушылық
тудыратын куәлік көшірмесі тігілген. Онда патша шенеуніктік аппаратының
бюрократтық дәстүрлеріне тән үрдіспен сөзбе-сөз былай деп жазылған:
1902 года 10 марта. Мы, нижеподписавшіеся киргизы № 3 аула Гродековской
волости, симъ свидетельствуемъ, что отъ законной жены одноаульца нашего
Чокая Тургаева – Бахтыбике – въ 1890 году въ декабре месяце родился сынъ,
которому дано было имя Мустафа.
Мұстафа Шоқайға 1913-1914 оқу жылдары Санкт-Петербургтің Императорлық
университетіне кіру үшін берілген студенттік билет. Орталық мемлекеттік

Въ чемъ удостоверяемъ: Алишь (немесе Аминъ болуы мүмкін – Аутор) Тургаевъ,
Абубакиръ Алишевъ, Шаймухаммедъ Дүйсемановъ и Палмухаммедъ Айтмухаммедовъ
расписались. Мулла, давшій имя ребенку, Абубакиръ Алишевъ расписался.
Настоящее удостовереніе явлено мне, народному судье, Осману Тургаеву.
Записано въ актовую книгу подъ № 3, что удостоверяю приложеніемъ
должностной печати. Османъ Тургаевъ.
Перевелъ письменный переводчикъ, губернскій секретарь Ир. Касымовъ.
Подпись.
(1902 жылдың 10 наурызы. Біз, төменде қол қоюшы Гродеков болысы №3
ауылының қазақтары 1890 жылдың желтоқсан айында ауылдасымыз Шоқай
Торғаевтың заңды әйелі Бақытбикеден ұл туып, оған Мұстафа деп ат
қойылғанын растаймыз.
Растап қол қоюшылар:Әліш Торғаев, Әбубәкір Әлішев, Шаймұхаммед Дүйсеманов
және Палмұхаммед Айтмұхаммедов. Балаға ат қойған молда Әбубәкір Әлішев.
Осы куәлік, маған - халық биі Оспан Торғаевқа әкелінді.
Қазақшаға тілмаш, губерниялық хатшы Ир. Қасымов аударды.)
№38 парақта 1910 жылдың 14 маусымында Ташкентте Сырдария облыстық
басқармасы (Сыръ-Дарьинскимъ областнымъ правленіемъ) берген №15806
куәліктің көшірмесі тігілген. Мұнда да Мұстафа туралы жаңа, қызықты
деректер келтірілген. Онда былай деп жазылған:
Удостовереніе. Дано сіе сыну киргиза Перовскаго уезда, Гродековской
волости, Мустфае Чокаеву въ томъ, что онъ, Чокаевъ, какъ туземецъ
Туркестанскаго края, на основаніи 42 ст[атьи]. Уст[ава]. о воин[ской].
повин[ности]., отбыванію воинской повинности не подлежитъ.
Удостовереніе это, на основаніи ст. 111 Уст. о воин. повин., оплате
гербовымъ сборомъ не подлежитъ.
(Куәлік. Бұл куәлік Перовск оязы, Гродеков болысы қазағының ұлы Мұстафа
Шоқаевқа берілді. Ол, Шоқаев, Түркістан өлкесінің жергілікті тұрғыны
ретінде Әскери қызмет туралы жарғының 42-бабының негізінде әскери қызметке
алынбайды.)
ПЕТЕРБУРГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДИПЛОМЫ
Зерттеушілер үшін келесі құжат та қызығушылық тудыруы мүмкін. Онда жас
қазақ студентінің университетте оқу барысында қандай курстарды тыңдағаны
туралы деректер бар. Атап айтқанда, куәлікте былай деп жазылған:
Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін Мұстафа
Шоқайдың тәмамдағаны туралы куәлік (диплом). Орталық мемлекеттік тарихи
мұрағат, Санкт-Петербург, Ресей. Қыркүйек, 2009 жыл.
Предъявитель сего Мустафа Чокаевич Чокаев, магометанскаго вероисповеданія,
сынъ киргиза (казаха), родившійся въ декабре 1890 года, былъ принятъ по
аттестату зрелости гимназіи Ташкентской отъ 2 іюня 1910 г. за № 1035 въ
число студентовъ Императорскаго С.-Петербургскаго Университета въ іюле 1910
года и зачисленъ на Юридическій Факультетъ, на которомъ слушалъ курсы:
по Исторіи Римскаго права, Догме римскаго права, Исторіи Русскаго права,
Государственному праву, Церковному праву, Полицейскому праву, Политической
экономіи, Статистике, Гражданскому праву и Судопроизводству, Торговому
праву и Судопроизводству, Уголовному праву и Судопроизводству, Финансовому
праву, Международному праву, Энциклопедіи права, Исторіи философіи права
и, по выполненіи всехъ условій, требуемыхъ правилами о зачете полугодій,
имеетъ восемь зачтенных полугодій.
Въ удостовереніи чего, на основаніи ст. 77 Общаго Устава Императорскихъ
Россійскихъ Университетовъ 23 августа 1884 года, выдано это свидетельство
отъ Юридическаго Факультета Императорскаго С.-Петербургскаго Университета
за надлежащею подписью и съ приложеніемъ университетской печати 24 сентября
1914 года, за № 3830.
Свидетельство это видомъ на жительство служить не можетъ.
(Осы куәлікті ұсынушы Мұстафа Шоқайұлы Шоқаев, мұсылман дінінде, 1890 жылы
желтоқсанда дүниеге келген қазақтың ұлы. Ол Ташкент гимназиясын бітргендігі
жөніндегі 1910 жылы №1035 кәмелеттік аттестатпен Санкт-Петербордың
Императорлық университетінің Санкт-Петербург Императорлық университетінің
заң факультетінің студенті Мұстафа Шоқайдың есеп кітапшасы. Орталық
мемлекеттік тарихи мұрағат, Санкт-Петербург, Ресей. Қыркүйек, 2009 жыл.
студенттері қатарына алынып, Санкт-Петербург Императорлық университетінің

1910 жылғы шілдеде Заң факультетіне тіркелді. Онда төмендегі курстарды
тыңдады:
Рим құқығының тарихы, рим құқығының догмасы, Орыс құқығының тарихы,
Мемлекеттік құқық, Шіркеу құқығы, Полиция құқығы, Саяси экономия,
Статистика, Азаматтық құқық және Сот өндірісі, Сауда құқығы және Сот
өндірісі, Қылмыстық құқық және Сот өндірісі, Қаржылық құқық, Халықаралық
құқық, Құқық энциклопедиясы, Құқық философиясының таихы бойынша.)
Бұдан ары заң факультетінің деканы В.Удинцевтің және фамилиялары түсініксіз
жазылған факультет хатшысы мен заң факультеті ғылыми кеңесі хатшысының
қолдары тұр.
Аталған құжаттың ең төменгі тұсында куәлікті 1914 жылдың 29 қыркүйегінде
алғандығы туралы Мұстафа Шоқайдың өз қолтаңбасы бар.
24 ЖАСЫНДА МҰСЫЛМАН ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ
Оқу бітірген Мұстафа Шоқайға берілген №782 куәлікте: выдано выпускнику
Мустафе Шокаю срокомъ по 20 августа 1915 года для свободнаго проживанія въ
г. С.-Петербурге, его пригородахъ и населенныхъ пунктахъ по линіямъ
железной дороги деп жазылған.
(Бұл куәлік оқу бітіруші Мұстафа Шоқайға берілген. Оған 1915 жылдың 20
тамызына дейін Санкт-Петербор қаласы мен оның айналасында, теміржол желісі
бойында еркін тұруға рұқсат етілген.)
Бұдан ары С-Петербуогдан 50 шақырым (верст) қашықтықта орналасқан қала
маңындағы елді мекендердің аттары жазылған.
Бұл жерде айта кететін маңызды бір мәселе, жас Мұстафа Шоқайдың Әлихан
Бөкейханмен кездесуі шамамен 1914-1915 жылдары болған. Әлиханның уәжімен
жас Мұстафаның Петерборда бөгеліп қалуы әбден мүмкін.
Өйткені, 1916 жылы Әлихан Бөкейхан бірінші жалпыұлттық Қазақ газетінің
бетінде Мұстафаны Ресейдің төртінші Мемлекеттік думасының Мұсылман
фракциясының бюросына хатшылыққа ұсынды.
Сонымен бірге, дәл сол Қазақ газетінде кейінірек жарияланған мақалалардан
Әлихан Бөкейханның бұл бастамасы сол жылдары Санкт-Петербургте тұрған қазақ
зиялыларының шағын тобының ашу-ызасын туғызғаны байқалады. Олар Мұстафа
Шоқайды саясат үшін әлі жас және тәжірибесі жоқ деп есептеген.
Мұстафаның қаншалықты жас және тәжірибесіз болғандығын арада бір жыл
өткен соң, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Қоқанда болған тарихи
бетбұрысты оқиғалар көрсетіп берді. Мұнда оның бастамасымен және тікелей
басшылығымен Қоқан автономиясы деген атпен белгілі Түркістан Мұхтариатының
құрылғандығы жарияланды. Шамасы, алғашқы ұстазы Әлихан Бөкейханның саяси
сабақтары мен тәжірибесі бекер кетпеген сияқты.
Ал, қазақтардың көсемі оны мұсылман фракциясының хатшылығына ұсынған 1916
жылдың күзінде Мұстафа әлі 26 жасқа да тола қоймаған еді. Ол 1890 жылдың
желтоқсан айында дүниеге келген.
МҰСТАФАНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ ӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІН КҮТУДЕ
Жоғарыда айтылған барлық мұрағаттық құжаттар мен ондағы жаңа деректер
Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметін зерттеушілер үшін нақты деректер
береді.
Бүгінде Қазақстанда, Ресейде және өзге де бірқатар елдерде Мұстафа Шоқайдың
өмірі мен қызметі туралы барынша мол мақалаларды табуға болады. Тек
Қазақстанның өзінде Мұстафа Шоқайдың Түркістан Советтердің үстемдігі
астында, 2 томдық таңдамалылары, Түркістандағы төңкеріс. Ақпан дәуірі
атты белгілі еңбектері жарияланды.
2002 жылы Мәскеуде шыққан Ресейдегі азамат соғысы:оқиғалар, пікірлер,
бағалар деген кітапта оның Орта Азиядағы ұлттық қозғалыс атты еңбегі
жарияланды.
Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Кавказ елдерінің, Түркияның және Батыс
Еуропаның газеттерінде түрік, француз, ағылшын, неміс тілдерінде
жарияланған Шоқайдың толып жатқан мақаласы әлі күнге дейін қазақ және орыс
тілдеріне аударылған жоқ. Олар өз зерттеушілерін күтіп жатыр.
Алайда, Мұстафа Шоқай өмірінің ең бір маңызды, әсіресе 1910-1917 жылдары
оның қоғам қайраткері және көсемсөзші ретінде қалыптасқан Санкт-Петербор
кезеңі жайындағы замандастарының зерттеулерінен талай кемшілікті байқауға
болады.
МҰСТАФАҒА АҚЫЛШЫ БОЛҒАН ӘЛИХАН
Қазақ және шетелдік ғалымдардың азын-аулақ зерттеулерінде Алаш қозғалысының
көсемі Әлихан Бөкейханның қоғамдық процесстерде ысыла қоймаған Мұстафаның
дүниетанымы мен көзқарасының қалыптасуына ықпал жасаған маңызды кезеңі
айтылмай кетеді.
1912 жылдан Ресей Конституциялық-демократиялық партиясы ОК-нің мүшесі
болған, бұған дейін (шамамен 1907-1908 жылдары) Темірқазық" (Полярная
звезда) Санкт-Петербор масондар ложасына қабылданған Әлихан Бөкейхан жас
Мұстафа Шоқайды Ресейдің жоғары саяси ортасына алып кірді. Өзінің сия көк
түсті туының астына саяси партия басшыларын жинаған масондар ложасының
мақсаты Ресейдегі самодержавиелік билікті құлату болатын.
Мұстафаның саяси публицистикадағы алғашқы сабақтарын Әлихан Бөкейханнан
алғанын да қаперден шығаруға болмайды. Оның алғашқы мақалалары 1916-1917
жылдары Қазақ газетінің бетінде Алаш қозғалысының көсемі Әлихан
Бөкейханмен қосалқы ауторлықта шықты.
Сонымен бірге, Мұстафа Шоқай туралы кейбір зерттеулер, жұмсартып айтқанда,
түпнұсқа мұрағаттық, фактологиялық материалдардың жеткіліксіздігімен,
қандай да бір оқиға датасының және аты-жөндердің дәлсіздігімен ғана емес,
жанынан қосып жазғандығымен де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz