ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы



Жоспары:

1.20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері.
2.XX ғасырдың басындағы қазақ баспа сөзі және ұлттық мұраттар.
3.XX ғасырдың басындағы жанрлық даму.
4.ҰОС жылдарындағы қазақ лирикасының дамуы.
5. ХХ ғ. 50.60 жылдарындағы әдеби даму және қазақ әдебиеттану ғылымы.
6. ХХ ғасырдың 60.жылдарындағы әдеби сын ұстанымдары.
7. Қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесін зерттеу
8. ХХ ғ.60.жылдардағы қазақ поэзиясының жанрлық өрісі.
9.ХХ ғ 70.80 жылдардарындағы қазақ повесі.
10. Қазақ тарихи романдарының қалыптасу үрдісі
11. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық характер болмысы
12. Қазақ прозасындағы ғұмырбаяндық шығармалар ұстанымы
13.Қазақ әдебиетіндегі замандас тұлғасын сомдау үрдісі
14.Тәуелсіздік кезең поэзиясындағы дәстүрлі желілер
15.Қазақ прозасындағы ауыл өмірін бейнелеу дәстүрі.
Қазақ даласының Россияға қосылыуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы–қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы–әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы –табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу–XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.

Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық, езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек.

2.XX ғасырдың басындағы қазақ баспа сөзі және ұлттық мұраттар.

Қоғамдық өмірдің және әлеуметтік дамудың айнасы баспасөз десек, аталмыш кезеңде оянған сананы алға жетелеген көрнекті басылымдар мәдениет рухын септі. Қазақ тілінде кітап басып шығару XIX ғасырдың басында қайта өрістеді. Бірақ онда да қазақ кітаптары Қазақстанның өз ішінде басылған жоқ. Петербургта, Қазанда, Уфада, Орынборда, Омбыда, Ташкентте басылды. Көбінше Қазанда, Қазан университетінің баспаханасында. Кәрімовтер, Хусайыновтар баспаларынан шықты. Қазақ тілінде кітап бастыру XIX ғасырдың басынан қайта өрістесе де алғашқы кезде де, XIX ғасырдың бірінші жартысында ол аса мандымады. Тек бірді-екілі ғана кітап шықты. Қазақ тілінде кітап бастырып шығару XIX ғасырдың ақырынан бастап қарқынды дамыды. Оған, алдымен, өлкенің осы кезде шаруашылық, мәдениет жағынан ілгері дамуының әсері тиді. Ал XX ғасырдың басында --недәуір дами түсті. Егер XIX ғасырда 70-80 жыл бойы 70 шамалы ғана кітап басылса, XX ғасыр басында, 1900-1917 жылдар арасында қазақ тілінде 200 кітап басылды. Қазақ тілінде XX ғасыр басында шыққан кітаптар арасында діни кітаптармен қатар қазақтың ақын- жазушылары- Абайдың, Ыбырайдың, Ақмолланың, Нұржан Наушабаевтың,
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Википедия беттері.
2. Ғаламтор материалдары.
3. БАҚ беттері.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы

Жоспары:

1.20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің
дамуына тигізген әсері.
2.XX ғасырдың басындағы қазақ баспа сөзі және ұлттық мұраттар.
3.XX ғасырдың басындағы жанрлық даму.
4.ҰОС жылдарындағы қазақ лирикасының дамуы.
5. ХХ ғ. 50-60 жылдарындағы әдеби даму және қазақ әдебиеттану ғылымы.
6. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы әдеби сын ұстанымдары.
7. Қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесін зерттеу
8. ХХ ғ.60-жылдардағы қазақ поэзиясының жанрлық өрісі.
9.ХХ ғ 70-80 жылдардарындағы қазақ повесі.
10. Қазақ тарихи романдарының қалыптасу үрдісі
11. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық характер болмысы
12. Қазақ прозасындағы ғұмырбаяндық шығармалар ұстанымы
13.Қазақ әдебиетіндегі замандас тұлғасын сомдау үрдісі
14.Тәуелсіздік кезең поэзиясындағы дәстүрлі желілер
15.Қазақ прозасындағы ауыл өмірін бейнелеу дәстүрі.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген
қаламгерлерге шолу

1.20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің
дамуына тигізген әсері.

Қазақ даласының Россияға қосылыуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX
ғасырдың басы–қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне
м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне
жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы–әдебиеттің,
қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы –табиғи
заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге
абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев
шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет,
Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет
айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай
бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары
аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу–XX ғасырдың бас кезінде біршама
нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа
қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар
сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа
тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында
қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.

Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ
халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті.
Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін
тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік
қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны
секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі
жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық,
езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз
болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы
шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде
замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында
көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-
әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел
арасына кеңінен тарауы аңғартса керек.

2.XX ғасырдың басындағы қазақ баспа сөзі және ұлттық мұраттар.

Қоғамдық өмірдің және әлеуметтік дамудың айнасы баспасөз десек, аталмыш
кезеңде оянған сананы алға жетелеген көрнекті басылымдар мәдениет рухын
септі. Қазақ тілінде кітап басып шығару XIX ғасырдың басында қайта
өрістеді. Бірақ онда да қазақ кітаптары Қазақстанның өз ішінде басылған
жоқ. Петербургта, Қазанда, Уфада, Орынборда, Омбыда, Ташкентте басылды.
Көбінше Қазанда, Қазан университетінің баспаханасында. Кәрімовтер,
Хусайыновтар баспаларынан шықты. Қазақ тілінде кітап бастыру XIX ғасырдың
басынан қайта өрістесе де алғашқы кезде де, XIX ғасырдың бірінші жартысында
ол аса мандымады. Тек бірді-екілі ғана кітап шықты. Қазақ тілінде кітап
бастырып шығару XIX ғасырдың ақырынан бастап қарқынды дамыды. Оған,
алдымен, өлкенің осы кезде шаруашылық, мәдениет жағынан ілгері дамуының
әсері тиді. Ал XX ғасырдың басында --недәуір дами түсті. Егер XIX ғасырда
70-80 жыл бойы 70 шамалы ғана кітап басылса, XX ғасыр басында, 1900-1917
жылдар арасында қазақ тілінде 200 кітап басылды. Қазақ тілінде XX ғасыр
басында шыққан кітаптар арасында діни кітаптармен қатар қазақтың ақын-
жазушылары- Абайдың, Ыбырайдың, Ақмолланың, Нұржан Наушабаевтың,
М.Ж.Көпеевтің, М.Қалтаевтың, М.Сералиннің,С.Дөнентаевтің,С.Көбее втің т.б.
шығармалары, А.С.Пушкиннің Капитан қызы, И.А.Крыловтың мысалдары сияқты
орыс тілінен аударылған кітаптар бар. Отаршыл әкімшіліктің Түркістан
уәлаяты, дала уалаяты секілді қазақ тілінде шығарылған ресми
газеттерімен бірге жаңа сипаттағы еркін басылымдар дүниеге келді. Серке
(1907), Қазақстан (1911-13), Ешім даласы (1913) газеттері, Айқап
(1911-15) журналы және жалпы ұлттық қоғамдық –саяси һәм көп тиражбен
тараған Қазақ (1913-18) газеті қазақ ұлтының саяси әлеуметтік ой
-санасына түрткі салып, замананың көкейтесті мәселелерін қозғады. Отарлық
саясаттың езгісінде отырған қазақ халқының бостандығы мен азаттығын аңсап,
ел-жұртын ғылымы мен білімі өркендеген халықтар санатында көруді қалады.

3.XX ғасырдың басындағы жанрлық даму.

XIX ғасырдағы Абай қара сөздерінің Ыбырай әңгімелерінің ізімен XX ғасырдың
басындағы қазақ ұлтының болмысын қара сөзді шығармалар арқылы суреттеуді
мақсат тұтқан.Міржақыптың, Спандиярдың, Сұлтанмахмұттың ұмтылыстары өз
нәтижесін бермей қойған жоқ. Қазақ прозасының қанатын кеңге жая
бастағанының куәсіндей роман жанры дүниеге келді. Қазақ қаламгерлері
ұлтымыздың басындағы қасіретті жағдайларды шығармаларына басты тақырып ете
алып, оларды мейлінше терең ашып көрсетуге тырысты. М.Дулатов жазған қазақ
әдебиетіндегі алғашықы роман – Бақытсыз Жамал 1910 жылы дүниеге келді.
Оған қанаттаса өздері роман деп атаған Т. Жомартбаевтың Қыз көрелік
(1912), М.Кәшімовтың Мұңлы Мәриям атты ұзақ әңгімелері, С.Көбеевтің
Қалың мал (1913), Торайғыровтың Қамар сұлу (1914) романдары жарыққа
шықты. Жаңа ғасыр басындағы өзекті мәселелерді көркем өнерде бейнелеуге
әдебиетіміздегі тың да тосын жанрлардың бірі дрматургия қосылды. Қазақ
драматургиясының тырнақ алды туындылары жазылған сәттен-ақ қолданысқа
түсіп, далалық сипаттағы шағын сахналарда қойыла бастады. Мұнда ең алдымен
Б.Серкебаев аты ауызға ілінері сөзсіз. Оның қолжазба күйіндегі пьесалары –
Жер дауы (1912), Қызыл бұзау (1913), Бақсы(1914), Әйел теңдігі
(1915), Ғазиза (1915) белгілі болған. Абай дәстүрін дамыту үшін,
Абайтанудың алғашқы қадамдарының жасалды ("Қазақтың бас ақыны", "Абай",
"Абай (Ибраһим) Құнанбаев" т.б.).

Қазақ ауыз әдебиеті, қазақтың жазба әдебиеті жайлы түрлі әдеби-сын
мақалалардың жазылды. Сынның түрлі жанрларының пайда болды. Замана шындығын
нақты ашуда көлемді жанрлардың (поэма, ұзақ әңгіме, роман) пайда болуы.
Кейбірі жанр табиғатына, көркемдік талапқа сай жазылмаса да, жазба
әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосқаны ("Мұңлы Мариям", "Қыз көрелік").
Поэзиядағы эпикалық жанрдың белең алды. Ш. Құдайбердиев, М. Сералин, М.
Жұмабаев, С. Торайғыров сияқты айтулы шеберлері қалыптасты. Поэма жанрын С.
Сейфуллин. І Жасүгіров сынды жаңа ақындық дарындардың жаңа үлгідегі керемет
туындылары толықтырды. Жалпы алғанда XXғасырдың басындағы әдебиеттің
кейінгі әдебиеттің дамуына жаңа арналар ашқаны белгілі. Қазақ әдебиетінің
нағыз кәсіптік әдебиет деңгейіне көтерілуіне сол тұстағы ақын-жазушылардың
өлшеусіз үлес қосты.

4.ҰОС жылдарындағы қазақ лирикасының дамуы.

ҰОС еліміз бен оның рухани келбетіне өшпес із қалдырды. Бір халықтың
өмірінде болып жатқан оқиғалар сол халықтың әдебиетінен көрініс тауып
отырады.Соғыс жылдарында қазақ поэзиясы айрықша көзге көрінді. Сұрапыл
соғыстың оқиғасы қай ақынды болса да толғантпай, тебірентпей қойған
жоқ.Қазақ халқының қаһарлы кезеңдегі рухани келбетін танытуда поэзияның
атқарған рөлі аса орасан. Халық поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың соғыс
жылдарында шығарған өлеңдері қазақ поэзиясының ірі көркемдік табысы болғаны
мәлім. Ленинграттық өренім, Москва, Отан әмірі, Совет
гвардеецтеріне атты өлеңдері майданның алғы шебінде жауынгарлерді ерлік
күреске рухтандыратын ұран іспетті болды.Соғыс кезіндегі лирикалық
поэзияның басты кейіпкері –халық. Лирикалық поэзияда эпостық сипаттардың
ұшырауы әбден мүмкін. Лириканың өзіне тән белгі-бедерімен қатар, онда
эпикалық суреттеулер де мол кездеседі, өйткені халықтың көңіл күйін, жан
дүниесін бейнелеумен қатар, оның алып тұлғасын, ұлы қимылын аңғарту үшін
ақындарға эпостық сарында жырлау үлгісін пайдалану аса қажет еді. Бірінші
жақтан сөйлеу– лирикалық поэзияға тән. Ақындар осы бірінші жақтан жыр төге
отырып, меннен бізге көшеді, халық, ел атынан сөйлейді. Соғыс
жылдарындағы поэзияда қазақ ақындары халқымыздың алып тұлғасын , рухани
дүниесінің байлығын, тереңдігін, құдіреттілігін жан-жақты суреттеумен
қатар, жаумен күресте ерліктің неше атасының үлгісін танытқан майдан
жауынгерлерінің нақты бейнесін жасауға да көп еңбек сіңірген. Соғыс жылдары
қазақ лирикасындағы жауынгер бейнесі әр түрлі көркемдік тәсілмен
жасалғандығы байқалады. Ең алдымен жауынгердің қаһарлы жылдардағы батырлық
кейпі лирикалық өлеңдердегі лирикалық кейіпкерлердің жан сырының ашылуы
арқылы ибейнеленгенін атап айтқан дұрыс. Бұл ретте біраз ақындардың
лириканық ішкі жанрлық мүмкіншілігін мейілінше мол пайдалануда едәуір
шеберлікке қол жеткізгенін аңғару қиын емес. Қ.Аманжоловтың Сәбитке,
Ғабдоллаға атты лирикалық өлеңдерінде майданда жүрген жауынгерлердің жан-
дүниесі айқын ашылған. Өлеңнің лирикалық кейіпкерлері ел қорғау жолындағы
майданда қорқу, сескенуді білмейтін батыл да батыр, өр де өжет. Ақындар
лирикалық өлеңдеріндегі жауынгер тұлғасын мүсіндеу үшін эпостық баяндау
тәсілін аз пайдаланған жоқ. Жауынгердің майдан үстіндегі ерлік қимылының,
іс-әрекетінің шағын эпизодын бедерлі баяндау, оның тұлғасын қаз-қалпында
беру сияқты әдіс- тәсілдер біраз өлеңдерде ұшырайды. Д.Әбілевтің Жұлдызды
жігіт атты өлеңіндегі үш жауынгердің жаумен шайқасы, Ғ.Ормановтың Ер
арманы атты өлеңіндегі пулеметшінің күші басым дұшпанмен соңғы демі
біткенше алысуы, жарқын жыр жолдарымен баяндалғанын көруге болады. Осы
кезеңде қазақ поэзиясына Қ.Аманжолов, Ж.Жабаев, С.Мәуленов,
Ж.Молдағалив,Х.Ерғалив т.б. қазақ ақындары өз жырларын қалдырды.

5. ХХ ғ. 50-60 жылдарындағы әдеби даму және қазақ әдебиеттану ғылымы.

50-60 жылдардағы әдебие жайын айтқандағ ең алдымен көңіл қоятын нәрсе– бұл
кезеңнің өзіндік заманалық ерекшеліктері бар екендігі. 1956 жылдың басында
КОКП-ның ХХ съезі өтіп , онда Сталиннің жеке басына табынушылықтың қоғамға
орасан зор зиян келтіргені анықталған соң , рухани өмірде біраз өзгерістер
болды. Идеологиялық шылбыр едәуір босаңсып, еркіндік белгілері нышан берді.
Бұл әдебиет пен өнердеге де біраз оң ықпалын тигізді. Ғылымда да солай
болды. 50-60 жылдардағы әдебиетте өткен дәуірдегі халық өмірін , оның
бостандықты аңсаған үміт-арманын көрсету үлкен орын алды. Қазақ әдебиетінде
бұл тақырыпта халқымыздың ХІХ ғасырдағы озат адамдары, ағартушылар:
Абай,Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин т.б. туралы тарихи фактілерге
сүйенген бірнеше көркем шығармалар жарық көрді. М.Әуезоа Абай, Абай
жолы романдарын, Ғ.Мүсірепов Оянған өлке романын, С.Мұқанов Шоқан
Уалиханов пьесасын жазды. Тарихи тақырып Х.Есенжановтың Ақ Жайық
романында көтеріледі. Ақын Т.Жароков Қазыналы Қазақстан өлеңінде бейбіт
өмірдегі еңбек жемісін жырлайды. Көп ақындардың өлең- жырларында Отан
келбеті, бейбіт өмірдің шырайлылығы, еңбекші халықтың тіршілік, тұрмыс
сипаты, жарқын болашақ негізгі тақырып болды. Бірсыпыра шығармалардың
негізгі тақырыбы ҰОС қатысқан ер азаматтардың батырлық бейнесін көрсету,
жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу еді. Бұл кезеңде қазақ әдебиетін ірі
шығармалар, кең көлемді туындылар дамытты.ХХ ғасырдың бас кезінде
әдебиеттану ғылымында С.Мұқановтың ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті зерттеу
еңбегі ғана болса, жылдардан бері қарай көптеген еңбектер жазылды. Атап
айтқанда: Б.Кенжебаевтың Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ
жазушылары, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, М.Әуезов атындағы әдебиет
және өнер институты шығарған Қазақ әдебиетінің тарихы , Б.Шалабаевтың
Қазақ прозасының тарихы, С.Қирабаевтың С.Көбеев ,Ә.Дербісәлиннің
Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті, Т.Әбдірахмановтың
Жаңа ғасыр көгінде т.б. Жалпы ХХ ғасырдағы әдебиеттің келелі мәселелеріне
арналған әр еңбектің әр қилы мақсаты, мүддесі болды. Бір зерттеушілер тобы
сол кезең әдебиетінің жекелеген өкілдерінің өмір жолы мен творчествосын
арқау етсе, екінші бір зерттеушілер ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің жалпы
даму бағыттарын айқындау тұрғысынан қарастырды. Зерттеушілердің үшінші бір
тобы белгілі бір жанрдың қалыптасу, даму сипаттарына зер салды. Әдеби
дәстүр, жаңашылдық мәселелерін де сөз етушілер болды.

6. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы әдеби сын ұстанымдары.

Әдебиеттану ғылымы мен сын бұл дәуірде қанатын кең жая бастады. Теориялық
тұрғыдан да, методологиялық жағынан да пайымдау тереңдеді. Әдебиеттің
кешегісі мен бүгініне жіті қарап, шығармаларын байыппен талдау, тиісті
бағасын беру, болашағын барлау сияқты жалпы әдебиет сынына лайық ой өріс
алды, дамыды. Әдебиет өмірінің өткені мен қазіргісі жайында монографиялар,
іргелі зерттеулер жазыла бастады. Әдебиеттану ғылымы білімді, сындарлы,
пікірлі зерттеулермен толықты. Партияның әр түрлі қаулы шешімдері оларды
саясаттың насихатшысы етуге ұмтылса да, бұл жаңа толқын әдебиет туралы шын
сөйлей бастады. Әдебиет және искусство, Қазақ тілі мен әдебиеті
журналдарында әдеби сындар көбейді. Жыл сайын кеңейтілген әдеби жиындар
өткізіліп, проза, поэзия, драматургия, сын салаларының барысында
қорытындылар жасалды. Әдебиет тануға белсене араласа бастаған орта буын
сыншыларға әдебиеттің аға буыны өнеге көрсетті. М.Әуезовтың Әр жылдар
ойлары, Уақыт және әдебиет,атты ғылыми-сын еңбектері, С.Мұқановтың Өсу
жолдары, Жарқын жұлдыздар атты еңбектері, Ә.Тәжібаевтың Өмір және
поэзия зерттеуі жарық көрді. Аға және орта буын сыншылар бұл жылдары
іргелі әдебиет сынының қанатын қатайтты. Е.Смайыловтың Сын мен шығарма,
Жаңа белеске, Б.Кенжебаевтың Шындық пен шеберлік, Қ.Жұмалиевтің Стиль-
өнер ерекшелігі, М.Қаратаевтың Шеберлік шыңына, Т.Әлімқұловтың Жемісті
жолда, С.Қирабаевтың Өрлеу жолында , Р.Бердібаевтың Әдебиет және өмір
және де Т.Кәкішевтің, Б.Сахаривтің, Т.Сыдықовтың жинақтары жарыққа шығып,
қазақ әдебиеттануы мен сынының білік пен сапа деңгейін көтерді. Аталған
сыншылар көркемөнердің теориясы мен методологиясын меңгергені , әдебиеттің
ұлттық ерекшелігін айыра алатындығы еңбектерінен көрінді. 50-жылдардың соңы
мен 60 –жылдарда әдебиет пен мәдениетке игі ықпал еткен, көркемөнер сынының
шыңдалуына себепші түрлі ғылыми, танымдық, мәдени шаралар тұрақты
жүргізіліп отырды. Ширек ғасырдан астам уақыт тұмшаланып келген әдебиет
туралы азат ой бұл жылдары әсіресе Қазақ әдебиеті апталығанда жиі
жарияланды. Қорғаншақтап, бүгежектеп келген сыншылар бір сәт өздерін саясат
тұсауынан босағандай сезінді.60- жылдардағы сынның өріс алуына қазақ
әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген әдебиетшілер ат салысты. Қоғамның ХХ
съезден соң ептеп түзеле бастауы сыншылар алдындағы идеологиялық
бөгесіндерді едәуір азайтты. С.Қирабаев өз тұсындағы әдеби процеске сын
жазуды өрістетті. Сыншы өз тұсындағы әдеби процеске жіті қарап, Ғ.Мұстафин
мен М.Иманжановтың шығармашылығына зер салды, нәтижесінде Ғ.Мұстафин атты
сыни-өмірбаяндық кітапшасы жарық көрді. Аталған кезеңде Т.Кәкішев идеялық
қарама-қарсылыққа толы 20-жылдардың әдеби процесін зерттеумен қатар сын
тарихы және сын проплемаларын да зерттеді. Р.Бердібаев Әдеби сын өркендей
түссін, Оқушыға ой салу шарт сияқты мақалаларында шынайылықтан ауытқыған
әдебиетшілерді шешімділікке, әділеттілікке шақырды. Әдебиеттің түрлі
салалары туралы сынды тек әдебиетші немесе сыншы емес, жазушылар, ақындар
да айтып жазып жүрді. 60-жылдары әдебиеттану мен сында біраз даму қарқыны
байқалды. Алайда бұл сала кемшіліктен ада емес еді. ХХ съезден кейін
сыншылар жеке басқа табынушылықты, саясаттың әдебиетке тигізген кері әсерін
ара-кідік сынай тұрып, өздері сол саясаттан тысқары тұра алмады.

7. Қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесін зерттеу

Поэзия - өте күрделі құбылыс. Дарынды жеке тұлғаның дүниетанымы, рухани
және интеллектуалдық әлемінің қайнауынан келіп туындайтын танымдық,
этикалық, эстетикалық тылсым дүние. Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен
өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта
жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым.Дәстүр мен
жаңашылдық- әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды,
мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін
ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-
жобалар көзқарас түсініктер жатады.Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі
күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары
заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шығып, болашаққа
кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жалпы өркениеттің дамуына
әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық -
диалектикалық бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен
бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр
мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс - материалдық және рухани
мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің
барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың
нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен
жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа
заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық
тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне
байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл
тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу,
бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен
құбылыстарды аңғаратын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі
жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді
білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды
бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа
сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі
мүмкін. Дәстүр мен жаңашылдық қазақтың көркем әдеби тілінің қалыптасу
процесінен де көрінеді. Сонымен: 1. Халықтың ақындық шығармашылығы, оның
жанрлары мен түрлері, ақындардың стилі мен қолжазбасы жүздеген жылдарда
қалыптасып, дамып отырады; 2. Қазақ әдебиеті өзінің даму процесінде тап
дәстүрлерімен қатар шығыстың, орыстың, еуропалық жалпы жаһан әдебиетінің
көркемдік жетістіктеріне де сүйенеді, жаңа сипаттар табады; 3. Жазба әдеби
тіл де ақындар, жазушылар шығармашылығының ілгерішіл үрдістерін сұрыптап,
жетілдіреді.Көркем аударманың классикалық үлгілерін тудыруыАбай
шығармашылығының жаңашылдығы:

1)Табиғат лирикасын қалыптастыруы 2)Әлеуметтік, сатиралық лирика үлгілерін
жазуы 3)Тіліміздің поэтикалық зор қуаты мен мүмкіндігін танытуы

4)Қазақ өлеңінің құрылысына жаңашылдықтар әкелуі 5)Жаңа ұйқас түрлерін
ойлап табуы 6)Пішін мен мазмұнға әкелген жаңалықтары т.б.

8. ХХ ғ.60-жылдардағы қазақ поэзиясының жанрлық өрісі.

Поэзияелуінші алпысыншы жылдарда қазақ поэзиясы жаңасапада дамыды. Бұл ең
алдымен жеке адамға табыну деген ілгері дәуірдің нәубетінен арыла бастаған
кезең еді де,шығармашылықта біраз еркіндік орын ала бастаған. Көрнекті
қазақ ақындары С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков,
Ғ.Орманов, Қ.Бекқожин, Ж.Саин, Ә.Сарсенбаев, өлең жолдарында жаңа нышын
көріне бастады. Қазақ поэзиясы әр алуан сыр сипатымен танылып, әрбір ақының
жазу мәнері, қолтаңбасы, айшықты стилі айқын көрінеді.Бес ғасырлық дәстүрлі
қалыптасқан қазақ поэзиясының абайдан кейінгі шоқтықты тұлғалар Мағжан мен
Шәкәрім поэзиясының қазіргі жырмен сабақтастығы үзілгенмен, шығармашылық
дамуын қоғам да, қайшылығы бар қоғамдық көзқарас та тоқтата алмады.қазақ
поэзиясының арналы ағысы өмірдің өзіндей бірде баяулап,бірде тасып,
дүниемен тіл табысып жатыр.қанды майданға әкелері қатысып, балалық шақтары
тыл тағдырымен сабақтасқан, елдегі жетім жесірлерді көздерімен көрген, сол
тағдырды кейде өздері де тартқан ақындар толқыны соғыс пен бейбітшілік
тақырыбына қалам тарта келді.Өлеңдерінде баланың жетім,ананың жесір
қалуын,майданнан оралмаған әкені күткен бала сағынышын,жар сағынышын
жырлаған буын 60-шы жылдары әдебиетке жаңа бір леп әкелді.Олардың қатарында
Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев
Ө.Нұрғалиев т.б. ақындар бар. Бұл кездегі поэзияға ортақ кемшілік ақындар
партиялық принцип деген поэзияны қатты ұстанды. Көркемдіктен гөрі
Коммунистік партияны, социализм принциптерін тақырып еткендер бағаланды.
Соларға жол ашылды. Сондықтан әрбір дарын иесі бұл дерттен құралақан қалған
жоқ. Мұнымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ХХ ғасыр басында қазақ прозадағы әйел тағдырының көрініс алуы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
Пәндер