Өндіріс факторлары



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І.Өндіріс факторлары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Еңбек. өндіріс факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Капитал .өндіріс факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Жер .өндіріс факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ Өндіріс фактоларының тепе.теңдңгі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Өндіріс функцияларының тепе.теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Өндіріс процесінде құн көлемінің тепе.теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ..17

ІІІ.Нарықты экономикада өндіріс факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.1Нарықты экономикада өедіріс факторларының тепе . теңдігі...21
3.2Өндірістік функция мен өндіріс факторларының алмасу заңдалығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қолданылған ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кірсіпе

Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адама қызмет, іс-пайдалыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызмет, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгіме дегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа су т.б игіліктер туралы сөз болуы керек.
Адамзат баласы өз басынан әр түрлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сипаттайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі.
Өндіріс — бұл коғамның дамуы мен омір сүруі үшім қажеті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.Өндіріс ұғымы жалпы қоғмда — бұл абстракцля, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәмінде жалпыламаны мағнаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығың құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс факторлардың - адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралмдары -өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К.Маркс бойышпа) жүзеге асуы мүмкіи. Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшішнісі өндіріс процесінін заттық факторы ретінде жүзегс асады.Осы жағдайды ескере отырыл, К.Маркс былай жазған: "Қоғамдык өндіріс түрлері (нысандары) кандайда болмасын — жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып калады".
Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен кызмет көрсетуінде колданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс- әрекетте болуы кажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл, құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал-саймандары адамыың табиғи мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.
Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен кажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым жәнет.б. нәрселер. Еңбек құрал-саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеікіші болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер

1.Б. Жүнісов, Ұ. Мәмбетов, Ү. Байжомартов нарықтық экономика негіздері. Республикалық баспа кабинеті Алматы-1994 жыл
2.Ә. Әубәкіров, Б. Байжұмаев, Ф. Жақыпова, Т.Табеев Экономикалық теория Қазақ университеті Алматы-1999жыл
3.Н.Қ Мамыров, Қ.С. Есенғалиева, М.Ә. Тілеужанова Микроэкономика Алматы -2000жыл
4.Р. Дорнбуш, С. Фишер Макроэкономика. Білім Алматы – 1997жыл.
5.С. Сатыбалдыұлы Маркетинг нарықтану Білім Алматы- 1999жыл.
6.Н. Ә. Назарбаев — "Ғасырлар тоғысында".-Алматы, Өнер,1996ж,
7. Н, Ә. Назарбаев — "Қазақстан -2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы". Ел Президентінің Қазақстан халқына жо-дауы, Алматы, 1997.
8.Қ.В.Бердалиев, С. Ы Өмірзақов — Менеджмент негіздері-Алматы, ҚазМБА, 1994,
9. К. В. Бердалиев және т. б. — "Басқару негіздері, Алматы, 1995
10. Мескон М. X., Альберт М., Хедоури Ф. — Менеджмент негіздері, М.,1995.
11. Герчикова И. Н, — "Менеджмент"-М. Банки-Биржи, 1994

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.Өндіріс факторлары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 4
1.1 Еңбек- өндіріс
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 4
1.2 Капитал -өндіріс
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.3 Жер -өндіріс
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .12
ІІ Өндіріс фактоларының тепе-
теңдңгі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Өндіріс функцияларының тепе-
теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Өндіріс процесінде құн көлемінің тепе-теңдігі
... ... ... ... ... ... ... ..17
ІІІ.Нарықты экономикада өндіріс
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ..21
3.1Нарықты экономикада өедіріс факторларының тепе – теңдігі...21
3.2Өндірістік функция мен өндіріс факторларының алмасу
заңдалығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 27
Қолданылған
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..28

Кірсіпе

Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды.
Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені
кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте
экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал
және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адама
қызмет, іс-пайдалыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызмет, іс-қимылы.
Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар
қоры. Жер туралы әңгіме дегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам
кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа су т.б игіліктер туралы сөз
болуы керек.
Адамзат баласы өз басынан әр түрлі қоғамдық өндіріс
әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сипаттайтын
ортақ көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы
не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек
құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу
дәрежесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек
құралдарының даму тарихы десе де болады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс
сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және
шарықтау шегі.
Өндіріс — бұл коғамның дамуы мен омір сүруі үшім қажеті материалдық және
рухани игіліктерді құру процесі.Өндіріс ұғымы жалпы қоғмда — бұл
абстракцля, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәмінде
жалпыламаны мағнаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығың құрылыс
сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс факторлардың - адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралмдары
-өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К.Маркс бойышпа) жүзеге асуы мүмкіи.
Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшішнісі өндіріс процесінін
заттық факторы ретінде жүзегс асады.Осы жағдайды ескере отырыл, К.Маркс
былай жазған: "Қоғамдык өндіріс түрлері (нысандары) кандайда болмасын —
жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып калады".
Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және
оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен кызмет көрсетуінде
колданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-
әрекетте болуы кажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып
табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл, құрылыстағы цемент,
тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде
табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал-саймандары адамыың табиғи мүшесінің
жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.
Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен
кажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым жәнет.б. нәрселер. Еңбек
құрал-саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын
адамдардың арасындағы қатынастар көрсеікіші болып табылады.

1.1 Еңбек- өндіріс факторы

Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз
қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның
тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек
деп айтудың өзі де жайдан-жай емесе. Адам еңбек арқылы хайуанаттар
дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне
пайдаланды., еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытт, білім алып,
оқу-өнер, ғылымды игерді.
Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы
деген ұғымдарға да тоқталған дұрыс болар. Еңбек қарқындылығы – белгілі бір
уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейлерлі
тізбекті жұмыс әдісін шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін
жабдықтарды көбейткенде, уақыт ұтып еңбек қарқындылыығн арттыруға болады.
Ғылыми-техникалық революция революция жағдайда , өндірісті кешенді
механизациялау және автамнттандыру мен байланысты жұмысшының дене күшін
жұмсауы азаяды, есесіне ой-ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің
ұзақтығы қысқартылса, еңбек қарқындылығы артады, керісінше, жұмыс күнінің
ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін. Еңбектің
мамандық дәрежесі өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлау кететін уақыт
көбейді, өндірісте күрделі машиналар мен механизмдерді пайдаланумен
байланысты адамдардың дене еңбегінің үлесі барған сайын азаюда, жұмысшы
технологиялық процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі жабдықтармен жұмыс
істей алаты, өздігнен бастама көрсететін дәрежеге көтерілді. Жұмыс күні
бойынша еңбек қажетті және қосымша болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс уақытының
бір бөлігін өзін қажетті өнімдерді өндіруге жұмсайды. Бұл уақыт ішінде
жұмсалған еңбек қажетті еңбек болып табылады. Алайда жұмысшы тек осындай
көлемде өнім өндірумен шекиелсе, қоғам одан әрі дами алмаған болар еді.
өндіріс ұдай өндірісті қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз адамдарға көмек
көрсету, материалдық емес өндіріс салалары қызметкерлерінің
қажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті. Сондықтан жұмысшыға қажетті жұмыс
уақытынан тыс еңбек етуге де тура келеді. Мұндай уақыт ішінде жұмсалған
еңбек-
қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін жәйт еңбектің қажетті және қосымша
болып бөлінуі маркстік әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі батыстық
экономикалық әдебиеттерде бұл жоқ.

1.2 Капитал -өндіріс факторы
өндірістің келесі бір факторы кпитал. Капитал көп мағыналы ұғым: ол
материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес
элементтерді де қамтид, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар
экономистер капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды. Мұндай
пікір саяси экономиканың класиктерінен тарған. А. Самит капиталды
жинақталған еңбек деп, ал Д. Рикардо капиталды өндіріс құрал-жабдықтары деп
тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбегінде, капитал дегеніміз
экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын
игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар,
компьютерлер, жүк машиналары, прокат стандары, өндірістік үйлер т. б.
Жатады. кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы,
Дж. Робинсон Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы деген еңбегінде,
капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған,-деп
жазды.
Маркстік саяси экономикасының маңызды категорясы ретінде капитал
қоғамының бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін қамтитын құбылыс ретінде
сипатталады, яғни капитал капиталистер мен жұмысшылардың қосымша құнды
өндірумен байланысты қатынасын, әрі оны бөлумен байланысты таптар
арасындағы қатынастарды қамтиды. Маркс капиталдың жалпы формуласын шығарды.
Ақша-тауар –ақша осыған орай ол капитал мәңгі қозғалыста болады. Деген
қорытындыға келді. Капиталдың өсуінің көзі капиталистердің ақысыз
иеменденетін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен өндірілетін қосымша құн
болып табылады. Сырт қарағанда капитал мынадай нақты нысандарда орын
алады: өндіріс құрал-жабдықтары -өндіргіш капитал нысанда ақша-ақшалай,
тауарлар-тауарлы капитал болады дегенді айтпайды, олар белгілі бір
өндірістік қатынастар құрамында ған капитал деген көзқарас әр қилы, алайда
олардың бір мәселеде бірлігі де байқалады, табыс әкелетін қабілеті
тұрғысынан капитал меншікпен үндеседі.
Материалдық өндіріс саласында қызмет ететін капитал өнеркәсіп кпиталы
деп аталады. өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылық бөлінген ақша өндірістік
объектіні салуға, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, сол сияқты өнім
өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға жұмсалды. өнеркәсіп
капиталының өндіріс объектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі
өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп айтады.
Шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір
мезгілде пайдаланылады. Да өндірілген өнімге бірден көшеді.
Негізгі капиталдық қызмет етумен байланысты физикалық және моралдық
тозу орын алады. Физикалық тозу процесі негізгі капитал элементтерінің
өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сипаттайды. Негізгі
капиталдың физикалық тозуына көптеген факторлар әсер етеді. Олар ең алдымен
машина мен жабдықтарды пайдалану ұзақтығы мен қарқындылығы, негізгі
капиталды пайдаланатын өндіріс технологиясының құрылымы, атмосфералық
ықпал, материалдың өз бойындағы болып жатқан ішкі процестер. Негізгі
капиталды пайдалану ұзақтығы мен физикалық тозу дәрежесінің арасында
тікелей пропорцияялы тәуелділік бар, машиналар мен жабдықтарды пайдалану
уақыты ұзақ болған сайын, физикалық тозу дәрежесі де жоғары болады.
Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа, оның құнсыздануы нәтижесінде
және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық
тозуы орын алды. Негізгі капиталдың моральдық тозуы оең әуелі ғылыми-
техникалық прогрестің қарқынды дамуымен байланысты. Моральдық жағынан
тозған жабдықтар экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өнімсіз сондай-ақ онымен
өндірілген өнімдердің бәсеке қабілеті де төмен болады. Моральдық тозған,
ескірген жабдықтарды, құралдарды жаңарту белгілі бір бағдарламаға сай
жүргізіледі, ол негізгі капиталға деген үлкен шығындарды қажет етеді.
Осымен байланысты өндірісті техникалық жаңартуға жұмсалған күрделі қаржының
үлесі ұлғаяды. Дамыған елдерде өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалған қаражат бүкіл
күрделі қаржаның 60-80 процентін құрайды.
Заттай және моральдық жағынан тозған, ескірген құралдарға кеткен
шығындар амортизациялық жарна арқылы өтеліп оырады. (негізгі капитал
құнының бір бөлігінің жыл сайын шығарылатын өнімге ауысуы). Амортизациялық
жарна сомасының негізгі капитал құнына процентпен шаққанда қатынасы
амортизация нормасы деп аталады. Ғылыми-техникалық прогрестің жоғары
қарқынмен,негізгі капиталдың моральдық тез тозуымен байланысты мемлекет
заңды жолымен амортизация нормасын көтеріп отырады. Мемелекеттің бұл
әрекеті жабдықтардың құнын шығарылатын өнімдерге тез ауыстырып, моральдық
ескірген, уақыт талабына сай келмейтін құрал-жабдықтарлан құтылуға
бағытталған амортизацияны тездету саясаты деп аталады. Ғылыми-техникалық
прогресс жағдайында негізгі капиталдың моральдық тозған бөлігін қалпына
келтіру қаражаты осы амортизацияны тездету есебін ен түседі. Амортизацияны
тездету пайдадан көптеген соманы амортизация қорына аударуға мүмкіндік
береді. Мұның тағы бір ұтымды жері, амортизация қорына бөлінетін пайда
салықтан босатылады.
Өндірістің кең көлемде жалғастыру үшін, кәсіпкер тапқан пайдасының бір
бөлігін өзінің тұтынуына емес, өндірісті қаржыландыруға жұмсауы міндетті.
Пайданың бір бөлігін үстеме капитал ретінде пайдалануды капиталдың қорлануы
деп атайды. Ол тек жеке капиталдың ғана емес, бүкіл қоғамдық капиталдың
өсуін сипаттайды. Капиталдың өсуінің тағы бір жолы- оның орталықтануы, бұл
фирмалардың бірін-бірі қосып алуы немесе жойып жіберуі нәтижелерінде мүмкін
болады. Капиталдың орталықтануынан экономикада қызмет етуші капиталдың
жалпы көлемі өзгермейді.
Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын
қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Ақша капиталы
жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға жұмсалады. (А-Т).
Өндіріс процесінде (Ө) сатып алған факторлар өзара әрекет етеді және жаңа
өнім өндіреді. Рынокта осы өнімдерді сатып (Т1-А1), кәсіпкер алдын ала
жұмсаған капиталын қайтарып алады. Капиталдың біртіндеп алғашқы жұмсалуы,
өндірісте пайдалануы, өндірген өнімдерді сату және капиталдың алғашқы
нысанға қайтып оралуы капиталдың ауыспалы айналысы деп аталады. өнеркәсіп
капиталының бүкіл ауыспалы айналымы мына формуламен сипатталады.

1.3 Жер -өндіріс факторы.
Өндірістің үшінші факторы –жер бұл фактордың мәнін қалай түсінуге
болады? Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуға
пайдаланылатын игіліктер капиталға жатады. ал адам еңбегінің жемісі емес
өндірістік игіліктер жерге жатады. жердің маңызды бір сипаты оның
ауданының шектелулілігінде. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте
алмайды, оны сол сияқты өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің жемісі
емес, табиғаттың сыйы. Белгілі жер учаскесін пайдалану әуел бастан адамның
қолынан келер істің бәрі. әр уақытта есте болатын жәйт, жер ұғымы ең
кең мағынада қолданылады. Ол белгілі өлшемде табиғат сыйлаған бүкіл
пайдалылық, ол жердің өзі, су ресурстары немес қазбалы кендерге бай
учаскелер қажет, құрылыс үшін құрғақ жердің бір бөлігін пайдалану (мұнда
талғамды табиғат емес, адам анықтайды). Алайда жер туралы әңгіме, ең
алдымен оны ауыл шаруашылығында пайдаланумен байлансты болады. Фермер үшін
жер белгілі бір ауыл шаруыашылығы дақылдарын өсурідің құралы. Жердің
механикалық және химиялық қасиеттері бойынша жер жұмасқ, бірақ суды өте
еркін өткізе бермейтін болуы шарт, сондай-ақ тығыз, батпақты болмауы да
маңызды, өйткені ондай жер өсімдік өсіруге жарамсыздау болады. Жердің
құрамында өсімдіктер өз бойына жеңіл сіңіретін органикалық емес элементтер
керекті мөлшерде болуы керек. Адам механикалық өңдеуді пайдаланып,
органикалық және химиялық тыңайтқыштарды енгізе отырп, белгілі бір көлемде
жер қыртысының сапасын өзгерте алады. Сонымен жердің қасиетін екіге бөлуге
болады, табиғи және табиғи емес, яки жасанды. Алайда учаскенің орналасуы,
табиғи климат жағдайын қамтитын қасиет ең бастысы, өйткені осы қасиет жер
меншігі мен рента теориясына ерекше маңызды сипат береді.
Әрине, адам белгілі бір дәрежеде жер құнарлығына ықпал етеді, алайда
ол шексіз емес. Ерте ме, кеш пе жерге жұмсалған үстеме қаржы қысқарады.
Міне, енді жерге байланыст, жер құнарлығының кеми беруі дейтін заңға
тоқталуға тура келеді. Бұл заң тиімділіктің төмендеу үрдісінің белгілі бір
уақытта агротехниканы жетілдірумен байланысты тежеліп тоқтауы да мүмкін.
Алайда жер өнімдеріне сұраныс шексіз өсетін болса, тиімділіктің төмендеу
үрдісін тоқтату да мүмкін болмайды. Құнарлылықтың кеми беру үрдісі заңын
тек жерге пайдалануға болады, өйткені оның өндірісінің басқа
факторларынан айрықша қасиеті-шектеулілігі. Жерді интенсивті түрде өңдеуге
болады, алайда өңдейтін жер көлемін ұлғайтуға болмайды, себебі өңдеуге
жарамды жер көлемі өзгермейді, ол шексіз емес. Құнарлылықтың кеми беру
заңы табиғат сыйлаған жердің басқа да жағына тарал ма? Көмір өндіретін
шахтаны мысалыға келтірейік. Шын мәнінде адам уақыт өткен сайын қазбалы
байлықты өндірумен байланысты маңызды проблемаларға кезіге береді.
Шахталарда бірдей дәрежеде үздіксіз еңбек пен капитал жұмысан қарамастан
көмір өндірудің азайып отаырғанның байқау қиын емес. Алайда жерді ауыл
шаруашылығында пайдалану бір әңгіме, одан ауыл шаруашылық өнімдері ретінде
түсер тиімділік қайталанған табыс, ал шахтада өндірілетін көмір басқа
әңгіме.

ІІ Өндіріс фактоларының тепе-теңдңгі
2.1 Өндіріс функцияларының тепе-теңдігі

Өндіріс факторларын қарастырып болғаннан кейін, өндірістің өзара
әрекет ететін факторлары ретінде өндіріс процесіннің өзін талдауға
кіреісеміз өнімдерді өндірумен байланысты проблемалар үш дәрежеге
бөлінеді.
1. Кәсіпкерлердің алдында белгілі бір кәсіпорында белгіленген көлемдегі
өнімді қалай өндіру керек деген мәселе тұруы мүмкін. Бұл мәселе
өндірс шығындарын қысқа мерзіиге азайтумен байланысты.
2. Кәсіпкер белгілі бір кәсіпорында көп мөлшерде пайда әкелетін, өнім
өндіретін оптималды (тиімді) өндірістің мәселесін шешуі мүмкін. бұл
пайданы қысқа мерзімге көп мөлшерде алумен байланысты мәселе.
3. Кәсепкердің алдында кәсіпорынның оптималды шамасын анықтау міндеті
тұруы мүмкін. бұл ұзақ мерзімді көп мөлшерде пайда табу мәселесі.
Өнім өндіру үшін өндірістің барлық факторларының өзара әрекеті қажет,
олардың жеке дара өнім өндіруге де, пайда табуға да қабілеті жоқ екендігі
даусыз. Өндіріс процесінде оның факторлары өзара байланысты әрекет етеді,
кей жағдайда бірін-бірі толықтырырады., алмастырады.
Нақты өндіріс жағдайында кәсіпкерді әрдайым толғандыратын мәселе-
өндіріс процесінде белгіленген өндіріс факторларымен өндірілетін өнімнің
саны мен сапасы. Техника мен еңбек өнімділігінің белгілі бір даму
кезеңінде белгіленген өндіріс фактрларының қуатымен өнім өндірудің
максималды шамасына жетуі мүмкін

Бұл ондірістің екі факторының өзара байланысын сипаттайтын өндірістік
функцияның қарапайым мысалы. Өндірітік функңия деп отырғанымыз өндіріс
факторларының жинтық шығындары мен максималды өнім өндіруде өзара
6айланысын сипаттайтын техникалық арақатынас. Маттматикалық белгілермен
былайша анықтауға болады.
У=(аі, а2 ...ап)
Өндірістік фукнция деп отыратынымыз өніріс факторларының жиынтық
шығындары мен максимальды өнім өндіруде өзара байланысын сипаттайтын
техникалық арақатынас. Математикалық белгілермен былайша нықтауға болады.
Өндіріс функциясының мән маңызы альтернативті (бірдей) мүмкіндіктің
барлығына әр қилы өндіріс факторларының үйлесімділігі. өндірістің әр қилы
факторлары орын алатындықтан, олардың оптималды арақатынасын қамтамасыз ету
мүмкіндігі де бар. өндірістік функция өндіріс факторларының бір-бірімен
алмасу мүмкіндігі болатындығын көсетеді.
Өндіріс факторларының өзара алмаса алатындығы жаңа классикалық
талдаудың фундаменталды. Тұжырымдамасы болып табылады. Классикалық
мектептің теоретиктері тауар өндірісіне бір ғана технологияны қолдануға
болады, ал өндіріс бір ғана технологияны қолдануға болады, ал өндіріс
факторларының бір-бірін алмастыруы мүлде орын алмайды деп көрсетті. өндіріс
факторлары бір-бірін қалайша алмастырады? Мысал, тоқыма фабрикасында
технология бойынша бір тоқымашыға келетін станоктар санын тағы да көбейтуге
болады. Сөз жоқ, станок паркінің өсуі, өнім өндіруді арттырады. санын тағы
да көбейтуге болады. Сол жоқ, станок паркінің өсуі, өнім өндіруді
арттырады, дегенмен тоқымашы 12 станокта бұрынғы 10 станоктағыдай немесе 15
станокта бұрынғы 12 станоктағыдай тиімділікпен, сапалылықпен жұмыс істей
алмайтыны белгілі. Бұған, керісішпе, станоктың санын көбейтпей, тоқымашылар
қатарын артыруға болады. Мұндай жағдайда әрбір тоқымашы өзі станокта жұмыс
істейді де, өнім сапасын жақсартады, алайда станок тиімділігі шектеулі
болып қалады да, бір тоқымашыға шаққанда өнімділік те төмендейді.
Графиктен көрініп отырғандай, бір фактор өзгермелі еңбек, екіншісі —
тұрақты (мысалдағы кпитал -станок) жайды сипаттайды. Алғашында шектулі
(қосымша) өнімнің өсу теңденциясы байқалады, өйткіні екі немесе үш тоқымашы
станокта бір адаммен салыстырғанда тиімдірек еңбек ететіні белгілі.
Жалдамалы қызметкер санының көбеюімен (станок паркі өзгерісіз қалғанда)
шектеулі (қосымша) өнім азая бастайды, себебі өзгермелі фактордың көпшілігі
(еңбек) камиталдың тұрақты бөлігімен қосылып кетеді. Еңбеккерді жалдау
белгілі бір шекке дейін орын алады. Осы шек нені түсіндіреді? Ол — еңбектің
рыноктық бағасының дәрежісі, яғни жалақы. Бұл
дәреже кәсіпкерге кімнің жалақысы шектеулі өнімге (ақшалай есептегенде)
теңгерілсе, соны еңбекке жалдауды тоқтату керектігін көрсетеді. Келтірілген
мысалда жұмыс істеушілер санын сипаттайтын көрсеткіш — п. Міне осы
қызметкерлердің (п) шектеулі өнімі (ол штрихпен бейнеленген) жалақыға тең
болады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс пен өндіріс факторлары туралы түсінік
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР
МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Өндіріс факторлары туралы
Экономикалық өсу жайында
Экономикалық жүйедегі өндірістің орны
Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары
Бименгиева Экономикалық теория
Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы
Пәндер