Дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесі


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Әлеуметтік басқарудың теориялық негіздері . . . 7

1. 1 Басқару теориясының негізгі ұғымдары . . . 7

2 Дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесі . . . 9

2. 1 Дене шынықтыру мен спортты басқарудың мемлекеттік органдары . . . 11

2. 2 Дене шынықтыру мен спортты басқарудың қоғамдық

ұйымдары . . . 12

2. 3 Дене шынықтыру - спорттық ұйымдар. Оқушылар мен дене тәрбиесін ұйымдастыру . . . 16

3 Басқару қызметі, принциптері мен әдістері . . . 19

3. 1 Дене шынықтыру мен спорттың дамуын жоспарлау мен болжау . . . 21

3. 2 Дене шынықтыру мамандарын дайындау мен оларды

орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру . . . 24

3. 3 Орындалуын бақылау мен тексеру . . . 27

3. 4 Есепке алу мен есеп беру . . . 31

3. 5 Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру . . . 33

3. 6 Дене шынықтыру мен спортты материалдық- техникалық жабдықтау . . . 36

  1. Дене шынықтыру мен спортты басқару принциптері . . . 36
  2. Дене шынықтыру мен спортты басқару әдістері . . . 40
  3. Басқарудың құқықтық факторлары . . . 43

4 Шет елдердегі спорттық ұйымдастырылуы . . . 45

4. 1 Халықаралық спорт қозғалысының ұйымдастырылуы . . . 47

5 Қорытынды . . . 51

6 Пайдаланылған әдебиетер . . . 53

Кіріспе

Дана халқымыз «Басты байлық- денсаулық», «Тазалық -саулық негізі, саулық- байлық негізі»- деп тегін айтпаса керек. «Қазақстан -2030» мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әр қайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерлді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған.

Жеткілікті құрал болмай тұрған жағдайда күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салтымен дұрыс тамақтануымызды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс- шаралар жүргізілуі қажет», -деп атап көрсетілген. Расында да қоғамдық сана мен мораль, есірткіге, ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс. Кешегі кеңес заманында ішімдік пен қанша күрескені мен біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімсізге, тереңдеп еніп алған болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік нарықтық жағдайдың қиыншылығына кезігіп, күйзеліске түскен шақта да ішікілік мәселесі тиылар емес.

Бұл турасында Президент жолдауында: «Көптеген елдер бұл кеселге тиым салғанымен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбір елдер ұтымды ақпараттық және түсіну саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми түсуде, өйткені кәіпкерлік- денсаулығы мықты жандардың үлесі. Өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады», - деп атап айтылған.

Білімді меңгерту үшін сабақты тек түсіндіріп қана қою жеткіліксіз. Оқушы алған білімін сол қалпында жаңартып қана қоймай, пысықтап отыруы тиіс. Білімді пысықтау жұмысы дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың ойлау белсенділігі артады, өздігінен жұмыс істеу шеберлігі қалыптасады. Осы орайда қарастырып отырған дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Дене шынықтыру және спортты басқару» Дипломдық жұмысымның өзектілігі : Қазастан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты- білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелейтін бәсекеге қаблетті білім негізін қалыптастыру. Дипломдық жұмысымның алдына қойған міндеті :

  • Оқушылардың деңгейін қалыптастыру, өзін тәрбиелеуге, өзіндік білім алуға бейімдеу, тұлғаның үздіксіз білім алуына, өз бетінше біліміні толықтырып тереңдетуге ынта- ықыласын тудыру;
  • Санасын ашу арқылы нарықтық, экономикалық жағдайында оқушылардың өз ойларын жүзеге асыруға жағдай туғызы;
  • Жеке тұлғаның дене тәрбиесін шынықтыруға, спорт туралы заңды білуге, жан- жақты дене қуаты дамыған және спортқа деген қызығушылығын дамыту;

Дипломдық жұмыстың болжамы : Білімді ұрпақ- негеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап- талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны қалыптастырамыз. Зерттеу пәні : Қазақстан Республикасының жалпыға білім берудегі «Дене шынықтыру және спорт» пәнінің мемлекеттік стандарты және бағдарламасы, «Дене шынықтыру» оқулығы және оқыту әдістемесі болды. Зерттеу нысаны : Мектеп жасындағы оқушылардың білімді әрі білікті тұлға болып қалыптасыуна әсер ететін құжаттар, оқушы психологиясы мен физиологиясы. Дипломдық жұмыстың теориялық негізі төмендегі нормативтік документтер құрылған:

  • ҚР жалпыға білім беретін Мемлекеттік стандарты
  • ҚР «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың Мемлекеттік стандарты
  • Базистік жоспар
  • «Дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламасы

Практикалық негізі : Жазылып отырған жұмыс жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, бастауыш сыныптарының оқытушыларына, ата- аналарға көмекші құрал болады деген ойдамын. Дипломдық жұмыс кезіндегі төмендегідей ғылыми әдістер пайдаландым:

  • Тыңдаушының зейінін жандандыру әдісі;
  • Тексеру және кері байланыс әдісі;
  • Практикалық әдіс;
  • Шығармашылық әдіс;
  • Бақылау және саралау;

Дипломдық жұмысымның құрылымы төмендегідей :Кіріспе,

төрт тарау, қорытынды және қосымша материалдардан тұрады.

Дене мәдениеті әрбір адамның жұмыс істеу қаблетін тиімді және түрде жоғарлатуға бағытталған. Осыған байланысты оның дамуы бүкіл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы мен еңбек ету және тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Дене тәрбиесі жан ұядан бастау алып, балабақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындарында, өндірістік ұжымдарда өткізіліп, Мемлекеттік тұрғыдан қаралып тиісті бағасы берілуде. Дене тәрбиесінің адам тәніне тигізетін әсері мен заңдылықтарын жете білу бүгінгі ұрпақтың ертеңгі ұлағатты ұстаздың алдында тұрған негізгі міндеті. Қазақ елінің алдыңғы дамыған елдерден артта қалмауының бірден - бір кепілі оқыған ғылымдарымызбен бірге, дені сау еңбеке теу мен Отанының атын шығаратын, қорғай алатын адамдарымыздың көп болуы да байланысты екені даусыз. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары ой еңбегімен алмастырылып дененің қимыл- қозғалыстары азаюда. Тіптен жас жеткіншекердің теледидар алдында көптеп отыруының өзі де дененің қозғалыс сапаларының шекетулі деңгейде өсуіне әкеліп соғуда.

Қазіргі таңда жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты мақсаты салауатты өмір салты болып табылады.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта халық денсаулығы басты назарда болып келеді.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған денсаулықты нығайту үшін жастарды салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек деген.

Қазіргі таңда жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты мақсаты салауатты өмір салты болып табылады.

Дене тәрбиесімен ерте жастан айналысып, тиімді де уақытылы дем алған адамның оқуға, еңбек етуге қабілеті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне тән керемет қасиеті темекі тарту, ішімдік, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден бойды аулақ салуға тәрбиелейді. Елбасының салауатты өмір салты туралы сөз еткенде - спорттың бұқаралығына ерекше мән беріп отырады. Себебі, денсаулық болмаса тән азабын былай қойғанда, адам нағыз азаматтық асқарына көтеріле алмай, аңсаған армандары көңілді мазалап, жан азабына шалдығады.

“Он екі мүшең сау болса жарлымын деме” - деп халқымыз денсаулықтың адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын ешнәрсемен теңестіруге болмайтыны жайлы ескертіп отырған.

Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі башылық ететін ұғымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу.

Алайда дене шынықтыру деген тек қана денені ғана шынықтыру емес, ол жанды да шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар үстінде адам өзін бір тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дамытады, жаттығу үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап, соған үйренеді. Дене шынықтырумен қатар адамның денсаулығы да күшейеді. Сонымен дене шынықтыру әр түрлі дене жұмысын атқаруға ғана емес, одан басқа да толып жатқан жұмыстарды игеруге қажет және денсаулықты сақтаудың, оны шынықтырудың бірден бір кепілі таймайтын жолы, шыныққан дене жанды да шынықтыруға қажет, оған да жол ашады.

Дене шынықтырудың ерекше бір түрі және көпшілікке мәлім түрі физкультура мен спорт арқылы жасалады. Жас кезінен физкультурамен, спортпен шұғылданғандардың дене құрылысы жақсы дамып, күш-қайраты мол болады. Дене шынықтыру үстінде бұлшықеттердің аса жетіліп дамуынан басқа да көптеген организмнің пайдалы жетістіктер пайда болады. Спортшылардың қан тамыр жүйесі дамып, нығаяды, олардың қызметі жеңіл және пәрменді жүреді. Шыныққан дененің табиғатқа икемделгіштігі де анағұрлым жоғары болады.

Бағдарлама мектептің бастауыш сатысына арналған бағдарламамен сабақтастықты сақтай отырып спорттық пәндер мазмұнын күшейтуді көздейді.

Дене тәрбиесімен ерте жастан айналысып, тиімді де уақтылы дем алған адамның оқуға, еңбек етуге қабілетті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне тән керемет қасиеті темекі тарту, ішімдік, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден бойды аулақ салуға тәрбиелейді.

Дене шынықтыру деген тек қана денені ғана емес, ол жанды да шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар үстінде адам өзін бір тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дамытады, жаттығу үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап, соған үйренеді. Дене шынықтырумен қатар адамның денсаулығы да күшейді.

1 Әлеуметтік басқарудың теорялық негіздері

Дене мәдениеті әрбір адамның жұмыс істеу қаблетін тиімді және түрде жоғарлатуға бағытталған. Осыған байланысты оның дамуы бүкіл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы мен еңбек ету және тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Дене тәрбиесі жан ұядан бастау алып, балабақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындарында, өндірістік ұжымдарда өткізіліп, Мемлекеттік тұрғыдан қаралып тиісті бағасы берілуде. Дене тәрбиесінің адам тәніне тигізетін әсері мен заңдылықтарын жете білу бүгінгі ұрпақтың ертеңгі ұлағатты ұстаздың алдында тұрған негізгі міндеті. Қазақ елінің алдыңғы дамыған елдерден артта қалмауының бірден - бір кепілі оқыған ғылымдарымызбен бірге, дені сау еңбеке теу мен Отанының атын шығаратын, қорғай алатын адамдарымыздың көп болуы да байланысты екені даусыз. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары ой еңбегімен алмастырылып дененің қимыл- қозғалыстары азаюда. Тіптен жас жеткіншекердің теледидар алдында көптеп отыруының өзі де дененің қозғалыс сапаларының шекетулі деңгейде өсуіне әкеліп соғуда.

1. 1 Басқару теориясының негізгі ұғымдары

Дене тәрбиесі- ілім. Оның мазмұны мен құрылымы педагогика тұрғыдан талданып, жан- жақты сарапталуы, пән ретінде жүйеленуі- дене тәрбиесінің теориясы деп аталады.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі үш бөлімнен тұрады.

1. Дене тәрбиесінің теориясы- дене тәрбиесі ілімі мен әдістеменің қоғамда алатын орнын зерттейді.

2. Дене тәрбиесінің әдістемесі- дене тәрбиесі ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп, талдайды.

3. Спорттық жаттықтыру- оны өткізу әдістемесін, мерзімі мен кездерін, артықшылықтарын анықтайды. Бұл дене тәрбиесі маманының кәсіптік деңгейін көрсетеді. Ғылыми мәні мен тәжірибе нәтижелерін жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі процесінің заңдылықтарын ашып береді.

Қазіргі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің негізгі көздері мыналар:

1. Адамдарды Отан қорғау ісіне, еңбек етуге қаблетті, денсаулығы мықты адамдарды тәрбиелеу;

2. Практикалық жұмыс. Теориялық, әдістемелік жаңалықтар, іс жүзіндегі тәжірибе жұмыстарымен тексеріледі. Дене тәрбиесінің теорисы мен әдістемесін байыту.

3. Еліміздегі дене мәдениетінің орны және оны дамытуға байланысты «Қазақстан- 2030» даму стратегиясын жүзеге асыру шаралары.

4. «Қазақстан Республикасы бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар»

5. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің, сондай-ақ басқа ілімдер көлеміндегі ғылыми зерттеулердің нәтежиелері.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педагогика, психология, социялогия, физиялогия, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім бер, оны тәрбиелеу, денсаулығын нығайтудың жолдарын жан-жақты қарасытырады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық заңдылықтарға сүйенеді. Осы пәндерден алынған нақты нәтижелер теорияға негіз болып табылады.

Негізгі ұғымдар. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқытуда «Дене мәдениеті», «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатының қалпына келуі», «Дене қуатының жетілуі», « Дене қуатының білімі» ұғымдарына назар аударамыз.

Дене мәдениеті- адамдардың дене қуатының жетілуі үшін пайдаланытылатын қоғамдық -материядлық спорт ғимараттары, құрал-жабдықтар және руханй арнаулы білім, ғылыми тәжірбие байлығын құрайтын халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Ол негізгі дене мәдениеті болып табылады.

Негізгі дене мәдениеті-адамдардың өз шама-шарқына қарай таңдап алған кәсіби және спорт мамандығының жетілдірудің негізгі мамандығы. Ол жалпы білім беретін мектептерде, оқу-тәрбие мекемелерінде қолданылады әрі егде кісілерге денсаулығын нығайтуға, жұмысқөа ынтаын, төзімділігін арттыруға көмектеседі. Спорт адам психологиясының орнықтылығын, дене ққуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорт қыймылының негізгі мақсаты-спорттың бір түрінен жоғарғы жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілет-қарімін, ептілік қасиеттерін қалыптастыру.

Қолданбалы дене мәдениеті-кәсіптік және әскери дене мәдениеті деп екіге бөлінеді. Ол өмірге аса қажет сан алуан қимыл-әрекеттерді игеруге, дене тәрбиесі арқылы әскери және азаматтық мамандықтарды жақсы меңгеріп, терең түсінуге бағытталады.

Сауықтыру дене мәдениетіне- емдеу дене мәдениеті жатады. Оның мақсаты организмнің уақытша жоғалған функциялық мүмкіндіктерін қалпына келтіру.

Гигиеналық деен мәдениеті- жаттығушылар организмдерінің жұмыс істеу қабілетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста денешынықтыру, өндірістік гимнастика күнделікті демалыста таңертеңгі бой жазу, серуендеу, саяхат т. б. қолданылады.

Дене мәдениеті қызметтерін- арнаулы және жалпы дене мәдениеті деп екіге бөлінеді. Жалпы дене мәдениеті қызметтеріне мыналар жатады: Нормативтік қызмет- адамның қимыл-әрекетін тиімді мөлшерленген оқу бағдарламасынан (бұрыңғы Еңбекке, Отан қорғауға дайындық- ГТО) және еліміздегі спорт разрядтарының нормаларынан тұрады. Эстетика қызметі- әсемділікке деген құштарлық дене сымбаттылығы, әсем қимыл-қозғалыс арқылы қанағаттандыру. Хабарлау қызметі-адамның мүмкіндігін жетілдіру жолдарын жинақтап хабарлау. Қарым-қатынас қызметі-адамджардың бір-бірімен араласуы, өзара түсінісу жолдары. Тәрбие қызметі - адамның эстетикалық, адамгершілік, зейіндік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.

Арнаулы дене мәдениеті қызметтері: білімділік қызметі, - дене мәдениетін оқу-біілім арқылы қимылдың ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға пайдалану. Қолданбалы қызмет- келешек жұмысқа дайындау үшін қолданылатын арнаулы дене тәрбиесінің жүйесі. Тынығу қызметі- дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белсенді демалыс, адам организмінің уақытша жоғалтқан функциялық мүмкіндіктерін қалпына келтіру.

Спорт дегеніміз- әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Спорт, бұқаралық спорт (барлық дамдар қатыса алады) және жоғарғы көрсеткіштер спорты (чемпионаттар, олимпиядалар т. б) деп бөлінеді.

Дене қуатының тынығуы-жаттығу жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен адамның көңілін көтеріп, бір әрекетті екінші әрекетке көшіреді. Дене қуатын қалпына келтіру- адам организмінің ауырған жері н массаж жасау, булау, су прцедуралары арқылы емдеп, қалпына келтіру, дене қуаты қасиетін үйлесімді дамытып, жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі- адамды қимыл ептілігі мен дағдыға үйрету және теориялық біліммен қаруландыру[1] .

2 Дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесі

Бөлiм қызметiнiң негiзгi бағыттары мен функционалды мiндеттерi

Бөлiмнiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары: қоғамдық өмiр, әлеуметтiк саясат, мәдениет, бiлiм беру, халықтың және ана мен баланың денсаулығын сақтау, салауатты өмiр салты саласындағы ҚР Заңдарының, ҚР Президентiнiң жарлықтарының, ҚР өкiметi мен Парламентi қаулыларымен, Алматы қаласы, аудан әкiмдерi қаулыларының орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру.
Халықтың ҚР Конституциясының түбегейлi қағидалары мен нормаларын жазып бiлуi мен түсiнуi, мемлекеттiк рәмiздердi пайдалану жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi.
- ауданның әлеуметтiк - мәдени дамуы, Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлерiнiң сақталуын, Мемлекеттiк және басқа да ұлт өкiлдерiнiң тiлдерiн дамытуды жүзеге асырады.
- Mәдени мекемелердiң қызметiн үйлестiредi және олардың жұмысына жәрдемдеседi, қала, аудан аймағында тұратын немесе бұрын тұрған атақты қайраткерлердiң есiмдерiн мәңгiлiк сақтау жұмысын бағыттайды.
- Тарихи, мәдени ескерткiштердi қорғау жұмысын ұйымдастырады.
- Жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасы күнтiзбесiнiң мерекелiк күндерiне байланысты ауданда мәдени-жаппай шаралардың сапалы дайындалуын және өткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
- Көпбалалы отбасылар одағымен, мүгедектер қоғамымен және басқа да қоғамдық ґйымдармен тґрајты байланыс орнатады, олардың қызметi туралы оқып бiледi, анализдейдi, қамтиды, қажетiнше олардың қызметi туралы материалдарды таратады, қоғамдық бiрлестiктермен өткiзiлетiн жиналыстардың, митингтердiң, демонстрациялардың заңдылығын қадағалайды.
- Аудан аймағындағы дiни бiрлестiктермен қарым - қатынаста болады, дiни бiрлестiктер және дiни сенiм бостандығы туралы заңның сақталуын бақылауға алады, дiни бiрлестiктер қызметiнiң тоқтатылуы туралы ұсыныстар енгiзедi.
- Дене шынықтыру және спорт комитетiмен бiрлесе отырып, жастар саясатын, жастардың әлеуметтiк қорғалуына септiгiн тигiзедi.
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарына жастарды шақыру жөнiнде ауданның Қорғаныс жөнiндегi Басқармасына көмек көрсетедi, аудан аймағында орналасқан әскери бөлiмдермен байланыс орнатады.
- Ауданның еңбек ұжымдарындағы моральдық - психологиялық күйiн анализдейдi, туындаған сұрақтар бойынша кепiлдеме жасайды, қоғамдағы әлеуметтiк жарылыстардың, шиеленiстердiң және т. б алдын алатын мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.
- Ұлттық келiсiмге жету, қоғамда бiрлiк пен татулықты сақтауға бағытталған шаралардың өткiзiлуiн жоспарлайды және ґйымдастырады.
- Халықты аудандық (қалалық) әкiмшiлiк қызметi туралы шұғыл ақпараттандыруды қамтамасыз етедi, халықтың ақпараттық - әдiстемелiк топпен, сонымен қатар қала және аудан әкiмдерi аппараттарының жауапты жұмысшыларымен кездесулерiн ұйымдастырады.

Бөлiмнiң құқықтары :

- белгiленген тәртiпке сай, бөлiм, басқарма, аудан қызметтерiнiң басшыларынан жұмысқа қажеттi ақпаратты сұрап алуға,
- аудан кәсiпорындарындағы, ұйымдарындағы, мекемелерiндегi, олардың бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан, қоғамдық өмiр, әлеуметтiк - мәдени саясат саласындағы iстердiң жағдайын бiлуге,
- мәжiлiстер өткiзуге және бөлiм құзыретiне жататын мәселелер бойынша кеңесберуге,
- құрылымдық бөлiмшелердiң жұмысшыларын олардың жетекшiлерiмен келiсе отырып, аудандық шараларды дайындау мен өткiзуге қатыстыруға,
жағдайы мен мазмұнын бақылауға құқығы бар.

2. 1 Дене шынықтыру мен спортты басқарудың мемлекеттік

органдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт органдарының теориялық негіздері
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
Жоғары білікті спортшыларды жаттықтыру барысының инновациялық технологиялары
Дене мәдениетінің жүйесі
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Спорттық-сауықтыру туризмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz