Қазақ мәдениетінің бастаулары. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Қазақ мәдениетінің бастаулары . . . 5

1. 1. Ежелгі дәуір мәдениеті . . . 7

1. 2. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мәдениет . . . 11

2. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы . . . 12

2. 1. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде . . . 14

2. 2. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары . . . 16

2. 3. Ұлы Жібек жолының Қазақстан тарихи-географиялық және қалалық мәдениеттің дамуына ықпалы . . . 21

2. 4. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы . . . 23

Қорытынды . . . 25

Қолданылған әдебиеттер . . . 26

Жоспар:

Кіріспе

1. Қазақ мәдениетінің бастаулары

1. 1. Ежелгі дәуір мәдениеті

1. 2. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мәдениет

2. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.

2. 1. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде

2. 2. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары

2. 3. Ұлы Жібек жолының Қазақстан тарихи-географиялық және қалалық мәдениеттің дамуына ықпалы

2. 4. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.

Кіріспе

«Мәдениет дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» - кала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды алътерінативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні - мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» дегеп мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицеронның еңбектерінде (б. з. д. 45 ж. ) бұл сөздің мағынасы тереңнен жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдедиет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «кұрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманның сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықnамалар берілген:

а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және. т. б. ;

б) мәдениет - адамдық өркениеттің белгілі бір саласыныц жетілу деңгейі (сөйлеу мәдеииеті, еңбек мәдениеті, кұқық мәдениеті және т. б. ) ;

в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т. б. )

Ал осы ұғымдардың ішіндегі мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымды, тікелей қатысуы екендігін аңғаруға болады. Мәдниет ұғымы тарихи қалыптасудыңі ұзақ даму жолдан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни Ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық - адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асканға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір модельденген термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды Көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей Бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарасгырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәде-ниет» ұғьмының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақикат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табыладьі сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылык» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала адамдары меп қала азаматтарын бәло-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар Гелилік эллинист. Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді Полис дегеніміз - шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады қажстті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халык, жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына жәие т. б. қатысуы мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өндеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. (. Гректср бұл процесті «пайдейя» (бала) деген ұғым аркылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель) ; б) адамзат мәдениеті үздіксіз дамып өркендей отырып, революция мен прогресі жалпы заңдарына сөзсіз бағынады. Бірақ біз қарастырған мәдениеттің материалдық негізіне мән берілмей (әңгіме Л. Г. Морган мен Тайлордан бас-қа Маркске дейінгі мәдениет жайындағы концепциялар туралы болып отыр), мәдениетті тек құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып, бұл ұғымға мәдениеттің ғылым, адамгершілік, өмір, философия, құқык. және т. б. сияқты салаларын ғана енгізгенМәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет - адам жасаған «екінші табиғат».

Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.

Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.

1. Қазақ мәдениетінің бастаулары .

Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар - Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман суниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уықыт ағынында мәдениеті қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ еуразиялық Ұлы дала кө шпелілерінің кеңістікте мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды нормалдық өркениет ерекшелітерінен бастайық.

Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәнгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің мағызды қасиеті - оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен көлдерден, аңғарлар мен тқбелерден, аруақтар жататын молалардан т. б. тұрады. Олардығ қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздер болашақ ұрпақтрға мұра ретінде қалдырылған [1-228] .

Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмаседі. Кеңістікке үйлесімді мәдениетті адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауапдеген ұғымдармен тікелей байланыстырылады.

Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мідениетке тынымсз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбайды, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.

Енді қарастырып отқан өркениеттің кеңістіктк игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзаткеңістікті меңгеру ісіне үлкен қадам жасады.

Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгеннін түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен Үндіге көшпенді түрік-монғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі ғұлама А. Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеру «халықтардың ұлы қоныс аударуы» атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі өркениеттердің қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан адамзат тарихында жылқыны пйдалана білудің маңызы зор [1-230] .

Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қоқан, Қырым, Ыстамбол, Хиуа, Алтай, Қазан, Ордос т. б. түріктердің өз жері, ал бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес елдер болып есептелген.

Батыстық мәдениеттанудың көптеген өкілдерң өздерінікінен бөлек өркениеттер болды деген ойдың өзін бекрге шығарған. Олардың пікірі бойынша, тек бір үлкен әріппен жазылған Өркениет бар, ал басқа кеңістік «тағылары мәдениетті адамға айналдырудың полигоны» болып табылады. Батыстық миссионерлер жергілікті тұрғыларды «туземдіктер» деген кемсіту атымен атап келді. Бұрын бұл сөз адамгершілік қасиеті жоқ жабайы адамдар дегенді білдірген. Олар сол территориядағы жануарлар және өсімдіктер дүниесінің бір бөлігі деп қарастырылды. Ал флора мен фаунаға көзқарас екі түрлі: не олар - арамшөптер мен зиянды жануарлар, сондықтан оларды құрту парызға жатады. Егер, «туземдіктер» пйдалы болса, оларды өсіріп қолға ұстауға болатын жағдайға жеткізу керек. Сонын өзінде олар»адамсымақтар» деңгейінен көтеріле алмайды.

Батыстың көптеген ғұламалары осындай көзқарастардың жалпғандығын өз шығармаларында көрсете білді. А. Тойнби былай дейді: «Адамға «туземец» деп немқұрайлы аяусыз караудан оның белгілібір нәсілге жататындығы негізінде адамдық, тұлғалық намысын аяққа басуға дейін бір-ақ қадам бар. Бұл хайуандықтың ең бір өрескел көрінісі. Біріншіден, ол адамдардың белгілі бір тобында тұлғалық қасиеттердің барлығын, оны дәлелдемей-ақ бекерге шығарады. Екіншіден, адамзаттың нәсілдік дихотомиясы барлық діни, мәдени, саяси-экономикалық дихотомиялардан озгеше, адамзаттың арасынан өте алмайтын және абсалютті жыра қазады. Үшіншіден, нәсілдік өлшем ретінде адамзаттық табиғңаттың сыртқы, мәнді емес, қарапайым белгісін қабылдайды» [1-231] .

1. 1. Ежелгі дәуір мәдениеті.

Б. з. д. II мыңжылдықта қазақстан аумағында Андронов мәдениеті қалыптасты (Алғашқы қазбалар Кросноярск жағындағы Андронов деревнясынан табылған) . Андронов мәдениетінің негізгі аумағы - Қазақстан, Сібір және оған жалғасып жатқан Орал таулары. Андронов мәдениеті 8-9 ғасыр өмір сүрген. Одан қабірлер, малды ұстаған орын, адамдар қонысының іздері қалған.

Андроновтықтар алғашында отырықшылықта өмір сүрген, жер өңдеумен, мал шаруышылығымен айналысқан. 20-25 жылдан кейін жайлауды ауыстырып, жаңа орынға көшіп келеді, одан кейін де малды айдапбағумен айналысты. Малшылар үйір-үйір малмен жазғы жайлауларғакетті. Бұлкезеңде бейбітшілік заман болған тәрізді. Мал басының көбеюіне байланысты андроноатықтар көшпенді өмірге ауысады. Олар негізінен, жылқы мен қой бақты, өйткені қойлар қыста тұяқтарымен қардың астынан өздеріне азық тауып жеді. Б. з. д. ХII-IX ғасырларда үй жануарлары ішінде жылқы малының саны көбейе түседі. Кейінгі кезеңде екі өркешті түйелер - бактрия түйелері пайда болады. Бұны тасқа қашалып жасалған бейнелер және түйелердің өыштан жасалған мүсіндерінен көруге болады. Үнемі көшіп жүрген адамдар төрт дөңгелекті, үсті киізбен жабылған арбаларда өмір сүрген.

Анроновтықтардың бет-бейнесін қалпына келтірегн - антрополог В. П. Алексеев. Анроновтықтар еуропалық нәсілге жатады. Алексеев олар туралы: « . . . Мұрындары өте үлкен, көздері кең ашылған, казказдықтардың түрлерін есіңе түсіретіндей . . . Бет-бейнесі қатағ бірақ әдемі адамдар, денесі мықты . . . » деп жазады.

Андроновтықтардың қоғам ішінде өзара бөлінгені туралы олардың қабірінен табылған заттар мағлұмат береді. Қарапайым адамдар жерленген қабірлерден қыштан жасалған ыдыс тамағымен, пышақтар тастан жасалған садақтар, ал бай адамдар қабірінен жылқының сүйектері, құралдар, мыстан және күмістен жасалған әшекей заттар табылған [2-180] .

Арилердің діні - зороастраизм. Пайғамбар Зороастр - зороастраизмнің негізін қалаушы, оның өмір сүрген кезі белгісіз. Зороатраизмнің киелі кітабы - Авеста иран шахтары Сасни әулеті кезеңінде тұңғыш рет жазылып алынған.

Арилердің орнына сақтар келді. Олыр б. з. д. IX-VIII ғасырларда б. з III ғасырда өмір сүрген. Сақтар туралы жазбаша мәліметтің екі түрі сақталған: ахемени әулеті патшалардың сына жазулары мен жартастарға жазғандары және «тарих атасы» деп аталатын Геродоттан басталатын грек-рим авторларының шығармалары.

Қазқстан аумағында өмір сүрген сақ тайпалары - андроноатықтардың тікелей ұрпақтары. Бірақ олардың сыртқы бет бейнесі өзгере бастаған. Жаңа дәуірінің басында олардың басқа тайпаларымен араласуынан азиялық нәсілдес адамдардың саны көбейді. Шаруашылық өмірі де өзгереді. Қола дәуірінен темір дәуіріне өту басталады. Көшпелі халық ретінде халық сақтар ауа райы жағдаына тәуелді болды. Сақтардың мүліктері туралы олардың, жерленген қабірлерінен мәлімет алуға болады. Белгілі, атақты адамдардың қабіріне топырақтан және тастардан қорғандар салынған.

Қ. Ақышев өз кітабында: «Есіктен табылған өнер өнімдері» сақ-сібір өнеріндегі аң стилінежататынын айтады. Ғалым аң стилінің негізгі екі ерекшелігіне назар аударады. Ол - өмір шындығына сәйкес келуі және стилизация. Өмір шындығына сәйкес келуі -киімде, ыдыстарда және құралдарда бейнеленген аңдардың танылуы. Белгіленген аңдардың ерекше белгілерін көрсету - оның стилін анықтайды.

Аң стилінің дамуы өнердің шығуына әкеледі. Ең алдымен ол жануарлар мен құстардың орнына ою-өрнектерді бейнелеумен, орнаментализм түрінде болды.

Б. з. б. IV ғасырда Орталық Азияда ғұндардың көшпе тайпалары пайдаболабастайды. Ғұндар монғол типтес болған. Ең алғаш ғұндардың мемлекет ретінде құрылуы өз әкесі мен ағасын өлтіріп, таққа отырған Модэ билікті өз қолына алады.

Қытайлар ғұндар туралы «Тек уй малының етіментамақтанады, жануарлардың терісінен киім киеді», - деп жазған. Алайда ғұндар тұрғын жерлердің түпкіп аймақтарында халық мал шарушылығымен ғана емес, жер шаруашылығымен де шұғылданған. Бурятияда, Улан-Удэге жақын Иволга өзенінің Селенга өзеніне құяр тұсында ғұндар тұрған жерлердің қалдықтаоы табылған Иволга қалашығының жер көлемі - 75га, ол 4 ормеп, 4 дуалмен қоршалған, барлығы 80 тұрғын үй орындары қазылған. Олардан темір жасау және қола құю өндірісінің іздері байқалады, содай-ақ темір орақ, тастан жасалған бидай ұнтағыштар табылған.

Ғұндар шарушылығында тұтқындарды құл ретінде пайдаланған. Ғұндар көп мал ұстағанғолардың ішінде жылқы бірінші өатарда тұрған. Ғұндардың мемлекеттік бірігуі Қытай және көршілермен үнемі соғысу нәтижесіндеболды.

II ғасырда Қытай әскерлерінің қуғынына ұшыраған ғұн тайпаларының бөліктері қазіргі Шығыс Қазақстан және Жетісу өңіріне көшіп келді. IV-V ғасырларда ғұндар Орал маңы, Каспий маңына және және Волга далаларына жылжиды. 376 жылы ғұндар Рим империясының шекарасына жақындайды. Ғұндардың көшуі олардың қытайлардық куғындаумен байланыстырылады. К. А. Иностранцев шатастырып алмау үшін, Еуропағұндарын «гундар», ал азиялық ғұндарды «хундар» деп атауды ұсынады.

Л. Н. Гумилев өзінің «Азия және Еуропадағы ғұндар» атты кітабында гундарлың жоғары дәрежеге жетуі, олардың көсемі Аттила есімімен байланысты екенін көрсетеді[2-184] . «Аттиланың бойы ұзын емес, иығы кең, қара шашты, жалпақ мұрынды, кең сақалды. Оның қысық көзінің тесіле қарауынан оған жақындағанда оның күшін сезіп, сескенген». 90 жыл өмір сүрген гундар мемлекеті Аттила ұлдарының таққа таласуынан құлайды. Ал ғұндардың өзі басқа басқа халықтармен араласып кетеді.

Материалдық мәдениеттің дамуы.

Материалдық мәдениеттің дамуы ең алдымен еңбек құралдарын дайындаудан көрініс тапты. VI-VIII ғасырларда еңбек құралдарының негізгі түрлері көбңне темірден дайындалы. Қазіргі кездің өзінде темір кенін өндірудің ежелгі орындары аса терең емес үңгірлер мен забойлар түрінде сақталған. Ежелгі металлургияның дамуы ұсталық өнердің - теміршіліктің өсуіне ықпал етті. Кәсіби ұғым «темірші» - ұста шебер VI ғасырдан бастап белгілі бола бастады[7-76] . XI-XII ғасырларда қалаларда ұсталық өнер үлкен деңгейге жетті. Құрал-жабдықтар, металл саймандар және әсемдік бұйымдар жасау қолөнершілік сипатта болды. Бидайды, әсіресе тарыны ұнтақтау үшін ағаш «келі» орнатылды. XI ғасырларда ұсталық өнер үлкен деңгейге жетті. Құрал-жабдықтар, металл саймандар және әсемдік бұйымдар жасау қолөнершілік сипатта болды. Бидайды әсіресе тарыны ұнтақтау үшін ағаш «келі» қолданылды. XI ғасырда бидай тарту үшін тек қалақтары үлкен қол диірмендер ғана емес, су ағысымен қозғалатын үлкен диірмендер де кеңінен қолданылды. Егін шаруашылығы және құрылыс ісімен кетпен, қайла, күрек тәрізді құралдарды дайындау байланысты болды. Темілден қару-семсерлер, қылыштар, қанжарлар. Сауыттар сүңгірлер, жиналмалы садақтар мен жебе ұштары дайындалды.

Материалдық мәдениеттің дамуы тұрғын үй мен үй жиһаздарында да орын алды. VI-XII ғасырларда үйдің екі түрі болды: киізбен жабылған киіз үй және дқңгелектер үстіне орнатылған үй. Олардың құрылысы жөніненбір-бірінен айырмашылығы болды. Олардың құрылысы жөнінен бір-біріне айырмашылығы болды. Киіз үй дқңгелекформалы, керегелер мен уықтардан, шаңырақтан тұрса, дөңгелектер үстіне орнатылған жылжымалы үйдің жабындары аса көркемділігімен, байлығымен ерекшеленеді. Оның үстін оюлы киізбен, түрлі-түсті жібеккпен жабатын болған . Жылжымалы үйлер балардың меншігі еді. Қысқы үйлер саздан, шымнан, орманда жерлерде кесілген ағаштан дайындалды. Қысқы үйлердің едені қамыспен, шимен жабылып, оның үстіне киіз төселді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолы
Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары
Ұлы Жібек жолы мәдени феномен ретінде
Алматы қаласының тарихы
Жiбек жолының Қазақстанның экономикасына әсерi
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Қытай империясының көне астанасы Чаньаннан шыққан алғашқы көпестердің жолдары
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Ұлы Жібек жолының ежелгі тайпалар өміріндегі рөлі
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz