HTML программасы арқылы құрылған Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І.тарау. HTML программасына түсінік беру
1.1 HTML тілінің атқаратын қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
1.3 HTML тілінің мүмкіндіктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
ІІ.тарау. Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығы
2.1 Adobe Photoshop программасымен таныстыру . . . . . . . . . . . . . . .32
2.2 Adobe Photoshop.тың құралдарымен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . 43
2.3 Мәтінмен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 48
2.4 Adobe Photoshop программасының қолдану салалары . . . . . . . .50
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55

КІРІСПЕ
Оқулығымның HTML тілінде дайындалу себебі, HTML программалау ортасы кез келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тілдердің бірі болуы және де басқа деректер қорымен жақсы байланысатынында. Онда көптеген тәгтер мен атрибуттарды пайдаланып программа дайындау, анимация, форма құру, жүгіртпе жол, мультимедия процестерін ұйымдастыру, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.
HTML тілінің тәгтеріне бірінші қарағанда көзге қиындау болып көрінгенімен, бір үйреніп әр тәгтің қай жерде қалай және қандай параметрлерді қолдану керектігін үйреніп алғаннан кейін бұл пограмма өте оңай болып көрінеді. Әрине барлық программалардағыдай бұл программада да қиындықтар кездеседі. Яғни құрған оқулықтардың кейбіреуінде суреттерді қалағанындай қою үшін біраз тәгтер мен атрибуттарды беру керек және егер де дұрыс болмаса ол тағы орындалмай қала береді. HTML программасы арқылы неше түрлі әдемі сайттар, оқулықтар дайындауға болады. Оларды құруда HTML тілінің пайдасы зор.
Оқулықтын негізгі жұмыстарының бірі ретінде Adobe Photoshop программасының қолдану салалары жатады.
Осы оқулығымды жасаудағы негізгі мақсат Adobe Photoshop программасының қолданылуын үйренушілерге нақты, әрі түсінікті түрде жеткізу. Adobe Photoshop программасының қандай салада және қалай қолданылатынын үйрету.
HTML тілінде құрылған Adobe Photoshop программасының оқулығын үйренушілерге оқып-үйретіп, осы программаның қолданылу мүмкіндіктерін терең игеріп, білімін толықтыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. О.Н.Рева. HTML. Просто как дважды два. Москва: Эксмо, 2007. – 256с.
2. С.Велихов. Справочник по HTML 4.0. Серия книг «Руководство по работе: советы, хитрости, трюки и секреты». Москва: Бук-пресс, 2006. – 412с.
3. Е.Л.Полонская. Язык HTML. Самоучитель.: - М.: Издательский дом «Вильяме», 2003. – 320с.
4. С.Луций. «Изучаем Photoshop». Санкт-Петербург, 2002.
5. Ю.А.Гурский, А.В.Васильев. Photoshop CS 2. Трюки и эффекты. – СПб.: Питер, 2004. – 555с.
6. Ю.Гурский, И.Гурская. Photoshop CS 2. Питер, 2007.
7. Н.Комолова, Е.Яковлева. Adobe Photoshop CS 3. Санкт-Петербург, 2007.
8. М.Владина. Adobe Photoshop CS 2 c нуля! Москва: Лучшие книги, 2007. - 320с.
9. С.И.Пономоренко. Adobe Photoshop CS 2. Петербург, 2007. - 992с.
10. Ю.Гурский, А.Жвалевский. Photoshop CS. Питер, 2005. - 640с.
11. К.Роуз. «Освой самостоятельно Adobe Photoshop за 24 часа». Москва, 2000.
12. www.demiart.ru

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І-тарау. HTML программасына түсінік беру
1. HTML тілінің атқаратын қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . 5
2. HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы . . . . . . . . . . . . . . .
. . . .11
3. HTML тілінің мүмкіндіктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 26
ІІ-тарау. Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығы
2.1 Adobe Photoshop программасымен таныстыру . . . . . . . . . . .
. . . .32
2.2 Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс . . . . . . . . . . . .
. . . . 43
2.3 Мәтінмен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . 48
2.4 Adobe Photoshop программасының қолдану салалары . . . . . . .
.50
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 54
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55
КІРІСПЕ
Оқулығымның HTML тілінде дайындалу себебі, HTML программалау ортасы кез
келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тілдердің бірі
болуы және де басқа деректер қорымен жақсы байланысатынында. Онда көптеген
тәгтер мен атрибуттарды пайдаланып программа дайындау, анимация, форма
құру, жүгіртпе жол, мультимедия процестерін ұйымдастыру, басқа офистік
қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді
орындау мүмкіндігі бар.
HTML тілінің тәгтеріне бірінші қарағанда көзге қиындау болып
көрінгенімен, бір үйреніп әр тәгтің қай жерде қалай және қандай
параметрлерді қолдану керектігін үйреніп алғаннан кейін бұл пограмма өте
оңай болып көрінеді. Әрине барлық программалардағыдай бұл программада да
қиындықтар кездеседі. Яғни құрған оқулықтардың кейбіреуінде суреттерді
қалағанындай қою үшін біраз тәгтер мен атрибуттарды беру керек және егер де
дұрыс болмаса ол тағы орындалмай қала береді. HTML программасы арқылы неше
түрлі әдемі сайттар, оқулықтар дайындауға болады. Оларды құруда HTML
тілінің пайдасы зор.
Оқулықтын негізгі жұмыстарының бірі ретінде Adobe Photoshop
программасының қолдану салалары жатады.
Осы оқулығымды жасаудағы негізгі мақсат Adobe Photoshop программасының
қолданылуын үйренушілерге нақты, әрі түсінікті түрде жеткізу. Adobe
Photoshop программасының қандай салада және қалай қолданылатынын үйрету.
HTML тілінде құрылған Adobe Photoshop программасының оқулығын
үйренушілерге оқып-үйретіп, осы программаның қолданылу мүмкіндіктерін терең
игеріп, білімін толықтыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімдегі екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде қаралып отырған мәселенің өзектілігі және қажетті теориялық
білімге қысқаша шолу беріліп отыр. Кіріспеде аталған HTML тілінің және
Adobe Photoshop программасын білу жұмысты түсінуге көмектеседі.
Бірінші тарау HTML тіліне түсініктер беруге, оқулығымдағы қолданылған
тәгтер мен атрибуттарды түсіндіруге арналған. Бірінші бөлімде HTML тілінің
атқаратын қызметі, оның қолданылулары, қасиеттері мен оның пайда болуы
сипатталған. Екінші бөлімде HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы, яғни
оқулықта пайдаланылған тәгтер мен атрибуттар жайлы және олардың қалай
жазылып, қай жерде қалай қолданылатыны жайлы түсіндірілген. Үшінші бөлім
HTML тілінің мүмкіндіктеріне арналған. Яғни мұнда анимация қосу, жүгіртпе
жол, форма құру, мультимедия ұйымдастыру сияқты HTML тілінің мүмкіндіктері
қаралған.
Екінші тарауда Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығын
дайындауға арналған. Бірінші бөлімде Adobe Photoshop программасымен
таныстыру қаралады. Яғни Photoshop программасына қысқаша түсінік беру мен
оның құралдарының қызметтері қарастырылған. Екінші бөлімде Adobe Photoshop-
тың құралдарымен жұмыс, яғни түсіндірілген құралдармен жұмыс істеуге
бірнеше мысалдар жиыны сипатталған. Үшінші бөлімде мәтінмен жұмыс
қарастырылған. Мұнда мәтіннің әртүрлі типтері және оларды орындауға
мысалдар қаралған. Келесі бөлімде Adobe Photoshop программасының қолдану
салалары сипатталған.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесі және оны қолдануға нұсқаулар
келтірілген.
Қосымшада HTML программасының ортасында жазылған HTML тілінің кодтары
берілген.

1. HTML тілінің атқаратын қызметі
1960 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің перспективті жобаларды
зерттеу агентігінде ARPA компьютерлерді бір-бірімен байланыстыру
экперименттері басталған. Олар телефонның сымдармен байланыстырылды. 1970
жылы ARPA-ның қолдауымен берілгендерді түрлі компьютерлік желілер арқылы
тасымалдау протоколы немесе ережесі өңделді. Бұл протоколдар жалпы интернет
деген атаумен аталады. Олар мемлекеттік шекараларға байланыссыз кез келген
түрдегі компьютерлерді біріктіретін бүкіләлемдік желілердің желісін ойлап
тапты. 70 жылдардың аяғында ARPANET және оның басқа елдердегі контур
объектілері арасындағы байланыс түрлері ойлап шығарылды. Бүкіләлем
компьютерлік желі арқылы бүтін өрмекке айналды. 80-шы жылдары желілер
бірлестігі интернет деген атаумен кең мөлшерде танымал болды. Жүздеген,
мыңдаған түрлі мекемелер бүкіләлемдік желіге өздерінің компьютерлерін
қосты. 90-шы жылдары оның жылдам дамуына қарамастан желіні тек файлда және
форматталған мәтінді ғана тасымалдауға пайдаланған болатын.
Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі – дүние жүзі
елдерінің жергілікті және жан-жақты желілері арнайы қызмет көрсету
программалар бумалары арқылы байланыстырып қойылған. Мұндай желілерді
интернет желісі деп атайды. Интернеттің жұмысы – информациялық кеңістікте
түрлі форматта қызмет көрсету.
Интернетті пайдаланушысының тікелей және кері міндеттері бар.
Пайдаланушының тікелей міндеті – ақпараттардың немесе программалық
әдістерінің бірін таңдау. Әлемдік компьютерлік желілерге сақталатын
деректер біздің ақпарат болып табылады. Пайдаланушының кері міндеті – бұл
тұтынушыға өзінің ақпаратын айналдыруға бағытталған әдістерді таңдау.
Жалғану – бұл ақпараттық – программалық – ақпараттық комплекс. Оны
интернетке қосылумен шатастыруға болмайды. Интернетпен жалғану үшін мынадай
нәрселер қажет:
1. жабдықтар мен байланыс сымдары (ақпараттық бөлік);
2. осы сымдарда деректердің алмасуын қамтамасыз ететін программалар
(программалық бөлік);
3. бүкіләлемдік желіге қосылу үшін мекемелерге келісім-шартқа отыру
қажет. Ол үшін қажетті адрес пен парольды ұсыну қажет. (ақпараттық
бөлік).
Жалғану бөлінген немесе қашықтан болуы мүмкін. Бөлінген жалғану үшін
бөлік жалғану сымы қажет. Егер бөлінген жалғану болса, онда өзіңіз сервис-
провайдері болуыңызға, яғни келісім-шарт негізінде желіге қосылуды
бастауға болады. Басқа жағдайда, қашықтан жалғану арқылы қосылады. Байланыс
сымы ретінде кәдімгі телефон сымы қолданылады. Сервис-провайдер – ол
бүкіләлемдік компьютерлік желіге тұрақты түрде жалғануды қамтамасыз етеді
келісім-шарт бойынша клиенттерді қосуды жүзеге асыратын мекеме. Сервис-
провайдердің қызмет саласы телефон компаниясының қызмет салаларына ұқсас.
Бірақ ерекшелігі, қоюшыға телефондық байланыстың қызмет салаларын
таңдамасақ, онда қоюшыға интернеттің қызмет салаларын еркін пайдалануды
таңдағаны жөн. Сервис-провайдердің қызмет саласынан бас тартып, кез келген
уақытта басқа мекемеге қосылуға болады.
Сервис-провайдердің төмендегідей қызмет ету салалары бар:
➢ желіге ақысыз қосылу;
➢ желіге уақытша қосылу;
➢ желіге шектеусіз қосылу;
➢ интернет-карта бойынша қосылу.
Интернетті қазіргі кезде компьютер арасында мәлімет алмасудың жаңа
хаттамасы пайда болды. Бұл хаттама Hyper Text Transfer Protocol (HTTP) –
гипермәтінді тасымалдау хаттамасы деп аталады. Осы хаттамен қатар HTTP
серверлері кеңейтілген желілері болып табылатын интернет файлдары арқылы
тасымалдайтын World Wide Web (WWW) қызмет бабы болады. Оны қысқа түрде Web
деп атайды. WWW – қызметінің ашылуы интернеттің тарихындағы ең маңызды
оқиғаның бірі болып саналады. Оның авторлары физиктер Тим Бернерс-Ли және
Роберт Кайо болды. Ғалымдар жүйені Европадағы барлық физиктер интернет
арқылы басқа басылымдарға сілтеме етіп иллюстративті мәтін түрінде зерттеу
нәтижелерімен пікір алмасуға мүмкіндік беретіндей етіп құрды. Яғни,
интернет физикалық және логикалық мағыналарда қаралды. Физикалық мағынадағы
интернетті компьютерлер мен компьютерлік желілермен физикалық біріктіруі
деп, ал логикалық мағынадағы интернетті жер шарындағы ақпараттық кеңістікті
қамтитын бүкіләлемдік ақпараттық жүйе деп түсіндіруге болады. Web-тің
негізгі қызметі – қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға
шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер Web-беттер
түрінде дайындалып, сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың
кәдімгі құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Қазіргі уақытта WWW
интернеттің динамикалық дамуындағы қызметі болып табылады. Интернетте
электрондық құжатты құру үшін қолданылатын файлдардың көпшілігі Web
парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу
тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар. Осы файлдарды HTTP серверлерінде
орналастыру жолымен Web парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде
интернетте жарияланған. Web парақтың мазмұны әр түрлі болуы мүмкін және
олар әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Бірақ олардың барлығын негізгі
жариялануы, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының
бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі .htm немесе .html болуы тиіс. HTML
тілі www қызмет бабымен дами отырып Web парақтарының ең жақсы деген
мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып
отырды. Ол www жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең таралуына себебші
болады. HTML тілінің ақпараттарының гипермәтіндік формат түрінде
сипаттайтын және басқа да мүмкіндіктері болғандықтан күннен күнге желіге
жаңа пайдаланушылар қосылды.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішінде арнаулы
код, яғни екпінді элемент (an chor) орналасқан.
Бұл форматтың бір құжатқа мәтіндік, графиктік, дыбыстық және бейне
ақпараттарды кірістіру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар құжаттың өзінде басқа
бір құжатқа gif, jpg форматындағы графикалық иллюстрацияға, бейне
фрагменттерге, музыкалық композицияларға да сілтемелер қоюға болады.
Мәтінді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілген құжат бөлігі
қалай бейнелейтінін анықтайтын айрықша кодты осы мәтін ішіне енгізу.
Гипермәтінді бейнелеу үшін – броузер деп аталатын арнаулы көрсету
программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз
ретінде тұрады. Мәтіннің ерекшеленген сөзіне тышқанды шерткенде сервер
басқа елдердегі континенттердегі белгіленген құжат сол сәтте компьютердің
экранына шығарады.
Web парақтары экранда ықшам түрде безендіріп көрсетілгенімен HTML тілі
мәтіндерді пішіндеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр
түрлі компьютерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана заводтан шыққан бір
компьютердің Windows жүүйсінде жұмыс істей алатын броузер болатын болса,
екінші бір тұтынушы компьютердері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі
броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі
болғандықтан бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі. Құжаттарды әрбір
тұтынушының әр түрлі құралдары да және әр түрлі броузер программаларымен
көретінін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішіндеу тәсілдеріне арналған тіл
деп айтуға болмайды. Ол интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін
анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты
функционалды түрде бейнелейтін тіл болып табылады.
HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету
керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп
көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады.
HTML тілінде программалау үшін арнайы орта құрылмаған. Себебі Web-
беттер құру мен оны безендіруге тек бір ортаны ғана пайдалану оның
мүмкіндіктерін шектейді. Сондықтан көп жағдайда HTML тілінде программалау
кәдімгі мәтіндік редакторлардың көмегімен жүзеге асырылады да, Web-беттің
графикалық безендірілуі және анимациялық мүмкіндіктері басқа орталарда іске
асырылады. Windows ортасында Блокнот редакторы HTML-дің ең кеңінен тараған
құралы. Ол Windows жүйесінің нұсқаларында кездеседі. Электрондық поштаны
өңдейтін программаның бірі Mail команда. Ол коорпаративті желілерге ыңғайлы
фильтрациялау мүмкіндіктерімен өңдеу кориспонденцияларымен сұраныстарды
есепке алу кіріс және шығыс хабарламалық архивтерін құру және т.б.
мүмкіндіктерге ие. Бір адресатқа немесе бірден бірнеше адресатқа
информацияны осы программа арқылы жөнелтуге болады. Бағдарламаға қойылатын
негізгі талап қарапайым, ыңғайлы интерфейстің болуы. Mail команда арқылы
тексттік хабарламаларды және графикалық HTML беттерден тұратын информацияны
жөнелтуге болады. Әрине хабарламалардың алатын көлемі шектеулі болады.
Тексттік информацияда оны тасымалдауда шрифтерге байланысты проблема
туындауы мүмкін. Ол жағдай MS DOS және Windows операциялық жүйесінде
әртүрлі кодтау жүйесін қолданудан шығады. Бұл мәселені шешу үшін кодты
шешетін программалар (перекодировщиктер) құрастырылған және олар кейбір
тексттік редакторларға кірістірілген. Интернетпен жұмыста кейде CIOS
кестесі, кейде ASCII коды қолданылатындықтан Web беттерді сақтау, Mail
хабарламаларын сақтау мынадай екі тәсілмен қолданылады:
1. HTML тілінің форматын қолдану.
2. Құжатты дәстүрлік тексттік файл түрінде сақтау.
HTML – интернетте программалау тілі. WWW құжаттарын сипаттау әдісі,
гиперсілтемелік тіл болып табылады. HTML құжатты Web шолушы көмегімен қарап
шығуға болады.
2. HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы
Әрбір тілдің өзінің құрылымдық логикалық ерекшеліктері болатыны
белгілі. Сол сияқты HTML тілінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алайды ол ең
қарапайым, қатаң логикалық ережелерге онша бағына бермейтін тәуелсіз тіл.
Дегенмен оның да өз синтаксисі, басқарушы құрылымдары бар. Тілдің негізгі
басқарушы құрылымдары бар. Тілдің негізгі басқарушы құрылымы, яғни мәтінді
белгілейтін командалары тәг (tag, оны кейде элемент деп те атайды) деп
аталады. Тәг – белгілі бір әрекетті анықтайтын HTML элементі. Тәгтер
символдар тізбегінен тұрады. Тәгтердің мүмкіндіктері мәндерге ие бола
алатын атрибуттарды қолдану арқылы толығымен ашылады.
HTML тәгтері дербес ережелерге бағынумен қатар, жалпы ережелерге де
бағынады. Бірінші ереже барлық тәгтер “кіші” () символынан басталады да
“үлкен” () символынан аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық
жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып
табылатын түйінді сөз – тәг орналасады. HTML тілінде әрбір тәг бір арнаулы
қызмет атқарады.
Келесі ереже тәгтерді ашу және жабу компоненттерін қолдануға арналған.
HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне (мысалы,
абзацқа) ғана әсер етеді. Осыған орай екі тәг қатар қолданылады: бірі –
ашады, екіншісі – жабады. Мұны қосарланған тәг деп атайды. Ашатын тәг
белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг сол әсерді аяқтайды.
Тәгтерді жабу қисық сызық () символымен басталуы тиіс.
HTML тілінде жалқы тәгтер де кездеседі. Мұндай тәгтер де бұрыштық
жақшалардың ішіне жазылады. Жалқы тәгтер ашылады, оларды жабудың қажеті
жоқ.
Жалпы ережеге тәгтерді төменгі немесе жоғарғы регистрде жазу тәсілі де
кіреді. Әдетте тәг атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында, яғни түсінікті
болу үшін оларды жоғарғы регистрде жазу қалыптасқан. Бірақ кодтаудың жаңа
әдіснамасы – ХHTML-да тәгтерді төменгі регистрде де жазуға болады.
Тәгтерді жазудағы тағы бір маңызды мәселе бос орындар қалдыру. HTML
кодтарының кейбір тұстарына бос орын қалдыру міндетті болса, кейде артық
қалдырылған бос орын броузерді қатты шатастыратыны сонша, ол ешқандай да
ақпарат бере алмай қалады.
Жоғарыда айтылған атрибуттар тәгтердің әрекетін анықтайды. Көп жағдайда
тәгтер атрибутсыз жұмыс жасайды. Алайда міндетті түрде атрибуты болуы тиіс
тәгтер кездеседі. Атрибуттар тәгтердің атауынан кейін бір бос орын
тасталып, мән меншіктеліп жазылуы керек. Тәгтерде бірнеше атрибут болса,
олар бос орын арқылы ажыратылып жазылады.
HTML тілінде тәгтерге атрибуттар тіркеліп, атрибуттарға мәндер
меншіктеліп жазылған сөйлем жол деп аталады. Атрибуттарға міндетті түрде
мән меншіктелуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда HTML тәгті қабылдамайды.
Атрибуттарға меншіктелетін мәндер сандық, мәтіндік, пайыздық, т.с.с. болуы
мүмкін. Атрибуттардың алдына теңдік белгісі (═) қойылады және он алтылық
мәндерден басқа типтегі мәндер тырнақшаға (“”) алынып жазылады. Бұл HTML-да
жол жазудың жалпы ережелерінің бірі. Жабылу тәгінің ешқашанда атрибуттары
болмайды.
HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен
тұрады да қарапайым символдар жиыны болып табылады.
1. HTML құжатының кез келгені HTML ашылу тәгінен басталып, соған сәйкес
HTML түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында
құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі
орналасады.
2. Құжаттың тақырыптық бөлігі HEAD және HEAD тәгтерінің ортасында
тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікте
TITLE...TITLE тәгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы
орналасады. Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын
файл аты есебінде пайдаланады.
3. Жазылатын мәтін құжат тұлғасы деп аталатын BODY және BODY
тәгтерінің ортасына жазылады.
Осы айтылған төрт тәг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. HTML
тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала
тұтынушының қандай броузер пайдаланатыны, оның қалай жұмыс істейтіні
программа құрушыға белгісіз.
Құжатта қолданылып жатқан тәгтер мен әрекеттерге берілетін
түсініктемені құжат денесінің кез келген тұсына енгізуге болады.
Түсініктеме үлкен Web-беттер құрғанда өте тиімді. Түсініктеме арнайы
символдардан !- басталады да, түсінік беретін мәтін осыған жалғаса
жазылады. Түсінік мәтін соңына - символдары жазылуы тиіс, түсінік мәтін
“үлкен” таңбасынан () өзге кез келген символдардан құрастырыла береді.
HTML құжатының денесі орналасатын негізгі бөлігі BODY...BODY
тәгтері арқылы іске асырылады. Құжат денесіне енгізілетін ақпарат келесідей
болуы мүмкін:
Мәтін. Құжат құрамында кездесетін мәтіндер. Олар оқылуы жеңіл әрі
түсінікті болу үшін форматталуы да мүмкін.
Графикалық кескін. Құжатта жылжытуға немесе ақпаратты көрнекі түрде
беру үшін енгізілетін графикалық ақпарат.
Сілтеме. Web түйіннің ішінде оңай жылжуға және желінің басқа да
тұстарына жылдам өтуге арналған сілтемелер.
Мультимедиа және арнайы программалар. Бейнероликтер, Java аплеттерімен,
Flash, Shockwave программаларымен жұмысты басқаратын тәгтер құжат денесінде
орналасуы тиіс.
Мәтіндерді жаңа жолдардан басталатын абзацтарға қалай бөлу керек? Ол
үшін P және P тәгі қолданылады. Оны абзацтың басына қою керек. Алдын
ала көру программасы бұл тәгті кездестіргенде абзацтың алдына бос қатарды
қояды. Бір абзацты жаппай, жаңа абзац бастап кетсек, алдыңғы абзац
автоматты түрде жабылады. Сондықтан көбіне P жабылу тәгін жазбауға да
болады.
P тәгінің жазылу түрі:
P мәтін P.
Абзац мәтінінің бетте орналасуы тәгтің ALIGN атрибутына меншіктелетін
параметрлерге байланысты. ALIGN атрибутының туралау параметрлерін де беруге
болады:
• RIGHT – оң жағынан туралау;
• LEFT – сол жағынан туралау;
• CENTER – ортасымен туралау;
• JUSTIFY – енінен туралау.
Мәтінді туралаудың тағы бір әдісі бар, яғни мәтіннің сол және оң
жағының қашықтығы бірдей болады, оның жазылу түрі:
CENTER мәтін CENTER.
Егер мәтінді жаңа жолдан бос орын қалдырып жазу керек болса, онда Р
тәгінен кейін бос орынды білдіретін бірнеше белгіні қою керек, яғни  .
Мысалы,
Тақырып
Р Мәтін.
Мәтіннің логикалық бөліктерін белгілеу үшін әдетте тақырыптарды
пайдаланады (headings). Олар латынның бас әріптерімен (Н) немесе кіші
әріптерімен (Һ) белгіленеді. әріптер кейінгі цифр тақырыптың өлшемін
білдіреді және олар алты түрлі болады. Кез келген мәтін тәрізді тақырыпты
сол жақ шеті бойынша, оң жақ шеті бойынша және ортасымен туралауға болады.
Тақырыпты тасымалдауға болмайды.
Мәтіннің логикалық бөліктерін ерекшелеуде қандай элементтерді
пайдалануға болады? Ең жақсы бір әдіс – көлденең сызығы (Horizontal Rule).
Ол HR тәгімен сипатталады, мұнда жабылу тәгін қолданбауға болады. HR
тәгінің алдына немесе одан кейін P немесе BR тәгін қою керек. Егер
сізді мәтіннің сызықтан қашықтығы қанағаттандырмаса, онда HR тәгінен
кейін бірнеше BR тәгін бірінен кейін бірін орналастырыңыз.
Мысалы,
Тақырып
HR
BRBRBR Мәтін
BR көп болған сайын мәтін сызықтан алшақтайды. Мұны сызықтан басқа
жағдайда да қолдануға болады.
HR тәгінің міндетті емес атрибуттарын да айта кеткен жөн:
HR ALIGN=”...” COLOR=”...” NOSHADE SIZE=”N” WIDTH=”N”
Мұндағы,
- align=”...” – тырнақшаның ішіне туралау түрлері көрсетіледі, яғни right
(оң жақ), left (сол жақ) және center (ортадан). Сәйкесінше сіздің
сызығыңыз оң жақ, сол жақ және ортада орналасады.
- color=”...” – тырнақшаның ішіне сызық түсі орнатылады. Ол стандартты
түрде беріледі (бұл туралы кейінірек әңгіме етіледі). Бұл атрибут тек
Internet Explorer 3 немесе 4 программаларында жұмыс істейді.
- Noshade алдын ала орнатылған қалың сызық.
- size=”n” – сызықтың қалыңдығы, мұндағы n –пиксельмен берілген
қалыңдығы.
- width=”n” немесе width=”n%” - мұнда n пиксельмен немесе пайызбен
берілген сызықтың ені.
Ең көп қолданылатын параметрлер сызықтың қалыңдығы мен мөлшері. Олар
size немесе width параметрлері арқылы беріледі: HR SIZE=2 WIDTH=”10%”.
Көлденең сызықты кез келген графикалық редакторда салуға болады, одан
кейін HTML-кодын қою керек.
Кез келген графикалық редакторда түрлі-түсті сызықты сызып, оны 1.gif
түрінде өзіңіздің құжаттарыңызға, яғни осыған қатысты құрылған файлдары
тұрған бумаға сақтаңыз. Сызылған сызықты параққа код арқылы орналастыру
керек. Ол үшін img src тәгін пайдаланыңыз:
img src=1.gif
HTML тілінде программа құру барысында сіздің парағыңызда мәтінді
өзгеріссіз, яғни форматтау элементтері сол күйінде (қаріп түрін, өлшемін,
кестені, т.б.) берілу үшін PRE және PRE қосарланған тәгін пайдалану
керек.
PRE және PRE тәгтерінің арасына мәтіндік редактордан көшірілген
кез келген мәтіннің бірнеше абзацтарын орналастыруға болады. Бұл тәгтердің
қалай жұмыс істейтінін толық түсіну үшін кесте орналасқан кез келген
мәтінді таңдап, орналастырып, нәтижесін көре аламыз.
HTML-де сіз Web-парақтарыңызды әшекейлеу барысында - өте қажет элемент
– тізімдерді қолдану. Тізімдер пайдаланушыға Web-беттегі ақпараттың негізгі
бөліктерінің басты мәселелерімен таныстыруда үлкен маңызға ие. HTML тілінде
тізімдер ақпаратты логикалық элементтер тізбектеріне бөліп қарастыруға
мүмкіндік береді.
Тізімдер сонымен қатар Web-дизайнда да көп пайдасын тигізеді. Оның
көмегімен маңызды ақпараттар тізбегін ерекшелеп қоюға, глоссарийлер, т.с.с.
жасауға болады.
HTML тілінде тізімдерді құруда қолданылатын тәгтер:
- UL ... UL - маркерлі тізім;
- OL ... OL - нөмірленген тізім;
- LI - тізім элементі;
- DL ... DL - анықтамалар тізімі.
Тізімдер әр түрлі болады, яғни маркерленген, нөмірленген және ішкі
тізімдер.
Нөмірленген тізімде (Ordered List) әрбір элементтің тізбектелген
нөмірден тұрады. Программа алдын ала орнатылған араб цифрларын (1, 2, 3, 4,
...) орналастырып шығады.
Маркерленген тізімде (Unordered List) тізімнің әрбір элементіне маркер
қойылады. Маркерленген тізімді құру үшін келесі тәгтер қолданылады:
ul .. ul.
Ішкі тізім (Nested Lists) маркерленген және нөмірленген тізімдердің
екеуінен құралады. Сондықтан оны құру үшін маркерленген және нөмірленген
тізімдердің тәгтері қолданылады.
UL тәгінің TYPE атрибуты – маркердің типін білдіреді. Оны көрсету
шарт емес. Оның параметрлері:
- ul type=”circle” - дөңгелек;
- ul type=”disk” - бос дөңгелек;
- ul type=”sguare” - шаршы (квадрат).
OL тәгінің шартты емес атрибуттары ol start=”n” type=” ”
- start=”n”, n – тізімнің басталатын нөмірі;
- type=”...” – тырнақшаның ішіне әріптер немесе цифрлар жазылады, яғни A –
бас әріптер (яғни A, B, C, ...); а – кіші әріптер (a, b, c, ...); I – рим
цифрлары (I, II, III, IV, ...); 1 – араб цифрлары (1, 2, 3, ...).
Терминдер сөздігін параққа кірістіру үшін DT немесе DD тәгтерін
пайдалану керек. DT - парақтың сол жағынан отступсыз жазылады. DD -
парақтың сол жағынан отступпен жазылады.
Енді құрған құжатымыздың парағын әшкейлеп, бояп, қаріптің түсін, фонын,
түсқағазды кірістіруді қалай жасаймыз? Яғни қандай тәгтер мен атрибуттарды
қолданатынымызды айтып өтейін:
Web-бетті түспен әшекейлеу:
- BGCOLOR – құжаттың жалпы мәтіндік фон түсін анықтайды, егер ол
көрсетілмесе, ақ түс қолданылады.
- TEXT – мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім
бойынша қара түс қабылданған. Фон түсін өзгеркенде соған үйлесімді
символдар түсі бекітіледі. Егер FONT COLOR=”...” FONT параметрі
берілсе, онда мәтіннің түсі өзгереді. Бұл әрекетті түсіндіру үшін
парақтың фонын жасыл түспен, ал қаріп түсін сары түспен боялған
әрекетті көріңіз: BODY BGCOLOR=”green” TEXT=”yellow”. Бұл әрекетті
керісінше жасап көруге болады.
- LINK – гипермәтіндік сілтеме ретінде сөз тіркесінің түсін белгілейді.
Егер көрсетілмесе, ол көк түс болып саналады.
- VLINK – пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім
бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады. Бірақ VLINK-тің көмегімен
түс өзгермейді.
- ALINK – гипермәтіндік сілтемені курсор көрсетіп тұрған кездегі оның
түсін белгілейді. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі.
- BACKGROUND – мәтіннің фонында орналасатын суретті анықтайды, ол
түсқағаз (обои) ролін атқарады. Суреттік файлдың типі gif немесе jpg
болуы тиіс.
Түстерді ағылшын тіліндегі аттарымен сипаттауға болады, яғни black,
white, green, blue, yellow және т.б. Бірақ түсті сипаттаудың басқа түрі де
бар.
HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен
берілуі де (color=”#COFFCO”) мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы
алғашқы екі сан қызыл () түс бөлігін, келесі екі сан – жасыл түс ()
бөлігін, соңғы екі сан көк () түс бөлігін анықтайды. Жоғардағы көптеген
параметрлер түсті пайдаланады, олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс
атымен немесе солардың кодтарымен беріледі.
HTML-құжатына түсқағаз (обои) BODY тәгінің BACKGROUND параметрінің
көмегімен орналастырылады. Түсқағаздың графикалық файлы 5 Кбайттан аспау
керек. Түсқағазды желі арқылы табуға болады. Интернетте табылған түсқағазға
тышқанның оң жақ түймесін шертіп, Save Picture as (Сохранить рисунок как)
командасын таңдап, сонан соң HTML-құжаттары тұрған бумаға атау беріп сақтау
қажет. BGCOLOR түсі түсқағаз түсіне ұқсас болуы керек. Қаріптің мөлшері
үлкендеу болуы тиіс, себебі мәтін түсқағаз фонынан ерекшеленіп және анық
оқылуы тиіс.
Мысалы,
BODY BACKGROUND=”Saltanat.jpg” BGCOLOR=”blue”.
Интернет желісін пайдаланушылар арасында байланыс болмаса, онда желі
жай ғана ақпарат баспаханасы ретінде жұмыс істер еді. Кез келген желінің
негізі – байланыс болып табылады. Web-беттің негізгі мәні осы байланысты
ұйымдастыру. HTML құжаттарында гиперсілтемелерді ұйымдастыру өте жеңіл.
Сілтемелерді абсолютті және салыстырмалы түрлері бар.
Абсолют сілтемеде толық URL адрес арқылы беріледі, яғни мұнда Web-
адресі толық пайдаланылады. Абсолют сілтеме қажетті Web-бет орналасқан Web-
түйіннің алғашқы бетін ашады. Бұл сіздің броузеріңізге қажетті серверді
тауып, оған ауысуға мүмкіндік береді.
Салыстырмалы сілтеме сіз өзіңіз орналасқан сервердегі адреске кіруде
қолданылады. Бір Web-түйіннің ішінде, бір буманың ішінде орналасқан бет
үшін тек файл атауын беру арқылы, оны ашып алуға болады.
Алғашқы кездері гиперсілтеме деп аталған әдіс уақыт өте келе
дамытылып, сілтеме ретінде мультимедиа құралдарын да қолдануға болатындығын
көрсетті. Осыған байланысты қазіргі кеде гипермедиа термині пайда болды.
HTML тілінде сілтемелік байланысты А ... А қосарланған тәгі
ұйымдастырады. Бұл тәгтің HREF=”...” атрибуты бар. Оның мәні көбіне сол
сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе URL адресінен тұрады. Сілтеме
сөз броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк түспен
бейнеленеді. Сол сілтеме желі бойындағы URL адреске көшуді қамтамасыз
етеді.
A ... A қосарланған тәгінің арасына жазылған кез келген мәтін
гипермәтіндік мәтін болып табылады. Сонымен қатар гиперсілтеме ретінде тек
сөз тіркесін ғана емес суреттерді де пайдалануға болады. Суреттер мәтін
сияқты сілтеме бола алады. Бұл үшін IMG ... тәгі сілтемелерді анықтайтын
A ... A тәгтерінің арасында орналасады. Суреттік сілтеме көк түсті
қоршаудың ішіне орналасады.
HTML тілінде мәтін форматтаудан Web-дизайнға өтудің алғашқы қадамы Web-
бетке сурет орналастырудан басталады. Суреттер Web-бетті тек безендіріп
қана қоймай, пайдаланушыға ақпараттың түсінікті берілуіне, беттегі
ақпараттың логикалық тізбектерін құруға т.с.с. Web-беттің негізгі
сипаттамаларына әсер етеді. Суреттік бейнелер Web-беттерді әшекейлеп
безендіру кезінде маңызды құралдар рөлін атқарады. Суреттердің өздері
HTML-құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, алайда олар
броузер арқылы Web-беттердің ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу
ережелерін былай беруге болады.
1. Суреттерді құжаттардың ішінде орналастыру үшін IMG жеке, яғни
жабылмайтын жалқы тәг қолданылады.
2. Бұл тәгте міндетті түрде SRC=”...” атрибуты болуы керек, оның мәнін
абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-
адресі көресетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде
құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол IMG тәгі тұрған
орыннан көрінеді. Мысалы мына жол:
IMG SRC=”1.gif”
экранға 1.gif файлындағы суретті шығарады.
❖ Егер графикалық файл HTML-құжаты орналасқан бумада болса, онда
файлдың атын төмендегіше көрсетсе жеткілікті:
IMG SRC=”1.gif”
❖ Егер сол серверде, бірақ басқа бумада болса, онда буманың және
файлдың аты былайша көрсетіледі:
IMG SRC=”LG1.gif”
❖ Егер файл басқа серверде орналасса, онда оның URL-адресін, яғни толық
адресін көрсету қажет:
IMG SRC=”http:www.mktu.kzlg1.gif”
Суреттерді кез келген графикалық редакторларда салуға немесе сканерден
өткізіп алуға болады, бірақ олар jpg немесе gif форматында болуы қажет, ал
басқа форматтарды Web қабылдамайды. Кез келген jpg немесе gif форматындағы
суреттерді тауып, оны LG бумасына көшіріп, суретті ортаға орналастыруға
болады.
Web-парақтарында қолданылатын графикалық бейнелеулердің қосымша
параметрлері төмендегідей:
▪ MIDDLE немесе CENTER – ортасымен туралау (ALIGN=middle немесе
center);
▪ LEFT - өрістің сол жағымен туралау (ALIGN=LEFT);
▪ RIGHT - өрістің оң жағымен туравлау (ALIGN=RIGHT);
▪ TOP – жоғары шетімен туралау (ALIGN=TOP);
▪ BOTTOM – төменгі шетімен туралау (ALIGN=Bottom);
▪ Alt=“...” – суреттің орнына оның сипаттамасын шығаруға мүмкіндік
береді.
▪ HSPACE=“...” – суреттің оң және сол жағынан бос орындар қалдыруға
мүмкіндік береді. Оның мәні сан түрінде анықталады.
▪ VSPACE=“...” – суреттің жоғарғы және төменгі жағынан бос орындар
қалдырылады. Мәні сан түрінде анықталады.
Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып Web-парағына орналасады.
Егер суретті ықшамдап бейнелеу кезінде оның масштабын өзгерту қажеттігі
туса, суреттің қажетті көлемін WIDTH=(ені) және HEIGHTһ(биіктігі)
атрибуттарының көмегімен беруге болады. Осы екі атрибуттардың мәні Web-
парақтағы суреттің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен
(нүктелермен) көрсетеді.
Төмендегі жол
IMG SRC=“1.gif” WIDTH=500 HEIGHT=250
суретті 500х250 нүктелерден тұратын төтрбұрышты аумаққа орналастырады.
Сурет айналасындағы жақтау (рамка-border) сызығының қалыңдығын да параметр
ретінде пиксельмен көрсетуге болады:
Border═пиксельдер саны
HSPACE және VSPACE атрибуттары көлденең және тік жиекті (отступ)
білдіреді. Олар бейненің шетінен мәтінге дейінгі жиекті көрсету үшін
қолданылады. Мәтін мен бейненің тым жақын орналасқаны әдемі көрінбейді.
Кесте – мәліметтердің үлкен көлемін ұсынудың ең ыңғайлы әдістерінің
бірі. Кестелердің HTML құжаттарға енгізілуі кестелік берілгендерді экранға
шығару мақсатында пайда болды. Онда мәтіндік берілгендермен қатар
графикалық берілгендерді де орналастыруға болады.
HTML құжатына кестелер TABLE және TABLE қосарланған тәгтері арқылы
орналастырылады. Көбінесе жабылу тәгін жазбай ұмытып кетеді, осы қатенің
нәтижесінде алдын ала көру программасы кестені шығармайды.
TABLE тәгінің параметрлері:
- BORDER – шекараның немесе сызықтың ені;
- WIDTH – кестенің ені;
- BGCOLOR – кесте түсінің фоны.
Тәгтердің арасында келесі элементтер орналасуы мүмкін.
1. CAPTION - кесте атауы. Кесте атауының орналасатын орнын
анықтайтын CAPTION тәгінің бір ғана ALIGN параметрі бар. Ол екі
мәнді қабылдай алады:
- ALIGN = top – кестенің жоғарғы жағында;
- ALIGN = bottom – кестенің төменгі жағында.
1. . TR Кесте қатары TR. Бұл тәгтің үш параметрі бар:
- ALIGN – қатардың ішінен туралау, оның мәндері LEFT (сол
жағынан), RIGHT (оң жағынан), CENTER (ортасынан);
- VALIGN – кесте қатарының ішін тігінен туралау, оның мәндері TOP
(жоғарыдан), BOTTOM (төменнен), MIDDLE (ортасынан);
- BGCOLOR – қатардағы ішіндегі түстің фоны.
2. . TD Кесте бағаны TD. Кесте бағанының тәгі келесі
параметрлерді қабылдайды:
- ALIGN – бағанның ішінен туралау, оның мәндері LEFT, RIGHT,
CENTER;
- VALIGN – кесте бағанының ішін тігінен туралау, оның мәндері
TOP, BOTTOM, MIDDLE;
- COLSPAN, ROWSPAN – ұяшықтарды бірнеше қатарға, бағанға созу;
- BGCOLOR – бағанның ішіндегі түстің фоны.
Қатарға немесе бағанға атау беру үшін TH Тақырыбы TH қосарланған
тәгін пайдалануға болады. Ол келесі параметрлерді атрибуттарды қабылдау
мүмкін:
- ALIGN – туралау;
- VALIGN – тігінен туралау;

- WIDTH – атаудың ені;
- BGCOLOR – атаудағы түстің фоны.
Жоғардағы айтылған атрибуттарды пайдаланып кестеге атау енгізуге
болады.
Web-парақтарды қарастырғанда қарапайым кестелер сирек кездеседі.
Көбінесе ұяшықтарды қамтитын күрделі кестелер жиі кездеседі. Ұяшықтарды
біріктіру үшін COLSPAN және ROWSPAN атрибуттары қолданылады.
COLSPAN атрибуты броузерге кестенің ұяшықтарын бірнеше бағандарға
жылжыту командасын береді. Мысалы, екі бағанның ұяшықтарын біріктіргіңіз
келсе, онда COLSPAN═2 деп жазу керек. ROWSPAN═2 параметрі кестенің ұяшығын
екі қатарға созады.
BORDER атрибут жиектің енін орнатады және 0-ден 10-ға дейінгі кез
келген мәнді қабылдайды. COLSPAN және ROWSPAN атрибуттарын қолданып жазуға
болады.
Кей жағдайда кесте ұяшықтарының параметрлері бір-бірімен сәйкес келе
бермейді, яғни ұяшықтардың ені, биіктері, ішіндегі ақпараттың орналасуы,
т.с.с. түрліше болуы мүмкін. Бұл жағдайда ұяшықтардың атрибуттары
қолданылады.
Кестені құрғанда оның бағанының ені осы бағанның енді элементімен
сәйкес келеді. Бірақ оның енін дәл беру үшін оған WIDTH атрибутын
пайдаланған жөн.
HTML-де кестенің ерекшелігін мәтінді форматтауға қолдануға болады.
Мысалы, сізге мәтінді шетінен жылжытып, сол жақ шекарамен туралау керек
болса, онда кестенің жиектерін көрсетпей, яғни BORDER═0 деп кестенің
тәгтерін пайдалануға болады.
Web-сайт негізін құруда пайдаланылатын тағы бір қосымша – фрейдер. Бұл
Web-парақтардағы мәліметтерді көрсетіп отыратын күшті механизмдердің бірі.
Фреймдердің көмегімен экран беті бірнеше облыстарға бөлінеді, олардың
әрқайсысында жеке парақтардың мазмұны көрініп тұрады.
Фреймдерді құру үшін FRAMESET және FRAMESET қосарланған тәгі
пайдаланылады, ал оларды сипаттау үшін FRAME тәгі қолданылады. Web-
парақтарды фреймдердің көмегімен құру үшін HTML-дің бір ғана құжаты
жеткіліксіз. Әдетте онда негізгі құжат құрылады, содан кейін қосымша
құжаттар құрылады.
Бұдан басқа FRAMESET тәгінің COLS атрибуты арқылы экран теңдей екі
бағанға бөлініп тұрады (COLS ═“50%”, “50%”).
Фреймдерді көлденеңінен де орналастыруға болады. Фреймдерді тігінен
орналастырғанда FRAMESET COLS тәгін пайдалану керек. Ал көлденең
орналастыру үшін FRAMESET тәгінің ROWS атрибутын пайдалану керек.
1.3 HTML тілінің мүмкіндіктері
Web-беттің дизайн тиімділігі оның қаншалықты деңгейде дайындалғанын
анықтайды. Дизайн тиімділігі деген не? Бұл Web-беттің сыртқы түрінің
түсінікті әрі әдемі безендірілуі. Қаріптермен жұмыс істей білу осы дизайн
тиімділігіне қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі. Сондықтан әрбір Web-
бет құрушы қаріптермен жұмыс істеу тәсілдерін толық меңгеруі тиіс.
Қазіргі кезде қаріптер өте көп болғандықтан оларды төмендегідей үш
топқа бөлуге болады:
1. Категория – қаріптердің негізгі класы (мысалы, serief, sans-serif
және т.б.).
2. Гарнитура – белгілі бір қасиеттеріне байланысты топтастырылған
қаріптер класы (мысалы, times, arial және т.б.).
3. Кескін – әрбір қаріптің қайталанбайтын өзіндік ерекшелігі (мысалы,
қалыңдатылған, қисайтылған, т.б.).
Мәтін жазуда сөзді ерекшелеудің әртүрлі жолын пайдалануға болады.
Мәтін фрагментін қалыңдатылып қарайтылған қаріптермен (Bold)
ерекшелеуге болады. Сонда мәтіннің түрі осы абзацтағыдай болып көрінеді. Ол
үшін B ашылу тәгі мен B жабылу тәгі пайдаланылады.
Мысалы, B мәтін B.
Кейбір ерекше сөздердің астын сызуға (Underline) болады.
Бұл жағдайда U және U тәгтері қолданылады.
Көп жағдайда сөздерді ерекшелеуде қисайтылған (курсив) (Italic) қаріп
түрін пайдаланады. Ол үшін I және I тәгтерін пайдаланған жөн.
Егер мәтінді бір уақытта қалыңдатып қарайтылған және қисайтылған
қаріптердің түрлерімен ерекшелегіңіз келсе, онда келесі түрдегі тәгтерді
қолданыңыз:
IB мәтін BІ
BІ мәтін ІB
HTML-де қаріптермен жұмыс істеу FONT тәгімен жұмыс істеуге
негізделген. Қаріптерді басқаратын FONT тәгінің өз атрибуттары бар:
- size – мәтін таңбаларының биіктігі;
- color – қаріп түсі;
- fase – қажетті қаріп атауының типі.
Қаріптің өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге болады. Олар пунктпен
есептеледі, яғни 1 пункт 172 дюймге немесе 0,353 мм-ге тең. Ол
программадағы орнатылған қаріптің өлшеміне салыстырмалы түрде беріледі:
FONT SIZE=+N мәтін FONT
FONT SIZE=-N мәтін FONT
мұндағы n – қаріптің өлшемін үлкейтетін немесе кішірейтетін пункттің саны.
font size=±n және font тәгтерінің арасында орналасқан қаріптің түрі
үлкейтіледі немесе кішірейтіледі.
FASE атрибуты қаріптің типін береді. Осы атрибуттың мәні компьютерде
орнатылған қаріптер атының біріне сәйкес келуі керек. Бірақ интернетте
орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компьютерінде қандай қаріптердің
орнатылғанын алдын ала білу қиын. Сондықтан бұл атрибутты көрсетпеген
дұрыс.
Интернет броузері кез келген ақпарат орналаса беретін универсал орта.
Сондықтан онда мәтіндік, графикалық ақпараттармен қатар мультимедиалық
ақпаратты да кірістіруге болады. Мультимедиалық ақпарат көбіне дыбыстық
және анимациялық құбылыстар түрінде бейнеленеді.
HTML құжатқа дыбыс немесе анимация құбылыстарын шығару үшін оларды
ойнайтын программалық модульдің компьютерге алдын ала орнатылып қойылуы
тиіс. Мұндай модульдерге MS MediaPayer, AppleQuickTime, RealPlayer G2
т.с.с. программалық өнімдер жатады.
HTML құжаты келесі типтегі мультимедиалық ақпаратты бейнелей алады:
.avi – дыбысбейне интерфейсі (AudioVideo Interface). Windows
жүйесінде дыбыспен және бейнеклиптермен жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін
қолданылады. Бұл форматағы файлдар өте шағын болып келеді және желі бойынша
ұзақ жүктелмейді. Сондықтан пайдаланушылар көп жағдайда .avi форматтағы
файлдарды қолданады;
.mp3 – бұл формат негізінен дыбыстық және бейне файлдарды сығымдау үшін
қолданылады. Файлдарды кодек әдісімен (сығымдау және қалпына келтіру
әдістері) сығымдағанда олардың көлемі өте шағын болғанмен, сапасы жоғары
күйінде қалатындықтан Internet желісінде бұл формат пайдаланушылар арасында
кеңінен танымал;
.mpeg – стандартталған бейнеформат. Сонымен қатар ол өте тиімді және
оның сығымдау техникасы жоғары деңгейде, т.с.с.
Дыбыс және бейне файлдардың Web-бетте орналасуы екі түрлі тәсілмен
жүзеге асырылады: A тәгін немесе EMBED тәгін қолдану.
Бұл тәсілдердің екеуі де мультимедиалық файлды іске қосу үшін сыртқы
модуль программаны қолданады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы бірінші
тәсіл бойынша сыртқы модуль-программаны бейнеклипті броузерден тыс
орындайды да, екінші тәсіл бойынша бейнефильм пайдаланушы броузерінің
ішінде орналасады.
Бейнефильмді бірінші тәсілді пайдаланып орнату үлгісі:
A HREF = СуреттерСурет.avi Бейнефильм A
EMBED тәгінің бірнеше атрибуттары бар:
- height=“pixelpercent”. Бейнеклиптің орындалатын аумағының биіктігі;
- Width=“pixelpercent”. Бейнеклиптің орындалатын аумағының ені;
- autopla =“truefalse”. Егер атрибут мәні true болса, бейнеклип Web–бет
іске қосылған мезетте бірден орындала бастайды, ал мән false болса,
бейнеклипті орындауға жіберу үшін модуль-программаның басқару
панеліндегі іске қосу түймесіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz