Қарағанды қаласының колледждерінде кәсіби білім беру дуальды оқыту жүйесінің дамуы


Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет», - деді. Мемлекет басшысы колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеді. Былтыр Қазақстан Халқы Ассамблеясының 19-шы сессиясында «Самұрық-Қазына» қорына арқаулық кәсіпорындар тізімін белгілеп, дуальды модельді бірте-бірте енгізудің жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.
Дуальды жүйенің негізі-студенттерді оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде.
Әлемнің озық елдерінде табысты қолданылып келе жатқан осы жүйе біздің білім беру саламызға да еніп, оқытудың барлық кезеңінде кәсіпорында өндірістік оқыту мен оқу орнында теориялық оқытуды біріктіріп отыр.
Дуальдық жүйе бойынша теориялық оқытудан гөрі тәжірибеге басымдық беріледі, яғни болашақ маманның өз кәсібін жетік меңгеруіне және де жас мамандардың жұмысқа қиындықсыз орналасуына толық мүмкіндігі пайда болып, өндіріс орындары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен біріге отырып, өздерінің талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады.
Осыған орай, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы 22 тамызда өткен Еңбек форумында «Кәсіптік білім берудің дамуына жұмыс берушілердің тікелей белсенді араласпайынша, экономика қазіргі заманғы өндірістің талаптарына сай жоғары білікті мамандарды ала алмайды» деген сөзінің жаны бар.
Осыған байланысты дуальдық оқыту барысында оқу орны басшылары мен кәсіпорын басшылары және білім алушы мен кәсіпорын басшылары арасында әлеуметтік серіктестіктің болуының рөлі арта түседі, себебі кәсіпорындардың оқу процесіне қатысуы кәсіби дайындықтың деңгейін арттырып, оның еңбек нарығы сұраныстарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда осы жүйе бойынша маман дайындауға ден қойған Алманияның Рейнланд-Пфальц аймағында жұмыссыздық деңгейі бар болғаны 3%-ды құрап отыр. Ал Германияда бұл көрсеткіш 7, 8%-дың деңгейінде. Бүгінде Германиядағы 25 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7%- болса, бұл көрсеткіш Грекияда 45, Испанияда 43, Францияда 30, Италияда 28%-ды құрайды. Осыдан-ақ, бұл жүйенің жұмыссыздық мәселесін шешуде қаншалықты маңызды екенін байқау қиын емес.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: кәсіптік колледждердегі дуальды оқыту жүйесін көрсету, қолдану, жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- дуальдық білім беру жүйесінің теориялық негіздері, дуальды оқыту жүйесіне ауысу мәселелері;
- колледждерге дуальды оқыту жүй-есін еңгізу, өндіріспен серіктестік құру, әлеуметтік әріптестік нышаны;
- Қарағанды қаласы бойынша дуальды оқыту жүйесімен қамтылған колледждерді қарастыру,
- «Жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарын жасау;
- күнтізбелік-тақырыптық жоспары бойынша сабақ дайындамаларын әзірлеу
- «Жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік» пәні бойнша электрондық оқулық жасау.
Зерттеу пәні: методикада дуальды оқыту жүйесін практикалық сабақтарда қолдану.
Зерттеу обьектісі: кәсіптік колледждерге дуальды оқыту жүйесін еңгізу.
Зерттеудің құрылымы: кіріспе, төрт тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дуальды жүйені біздің елімізде іске асырудың мәні зор. Өйткені қазір елімізде жастарға кәсіптік-техникалық білім беруге маманданған 896 білім ошағы бар. Олардың 325 лицей болса, 571 колледждер. Бүгінде аталған білім ошақтарында 600, 7 мың жас түрлі мамандықтарды игеруде. Бүгінде кәсіптік техикалық білім ошақтарында тәлім алған жастардың басым бөлігі алған мамандықтары бойына жұмысқа тұра алмай жатады. Сондықтан кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, замануи басқару жүйесін енгізудің маңызы зор. Бұдан басқа оқу бітірген жастарды жұмысқа тұрғызу мәселесін де кезек күттірмей шешуді талап етуде.
Дуальдық оқыту барысында білім алушылар теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы қазіргі заманғы талаптарға сай техника мен технологияларды меңгеріп, танымдық белсенділіктері артып, кәсіптік іскерлігі мен дағдылары оқу процесі кезінде және сабақтан тыс уақытта қалыптасады.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс кәсіби білім беру дуальды оқыту жүйесінің дамуы сонымен қатар Қарағанды қаласындағы техникалық колледждеріндегі дуальды оқытудың мән жайы.
- Дуальдық білім беру жүйесінің теориялық негіздері
1. 1 Дуальдық оқыту жүйесіне ауысу мәселелері
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында кәсіби мамандандырылған қызметтер мен жұмысшылар кадрларының жетіспеушілігі байқалады. Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау мен еңбек министрлігінің ақпараттары бойынша 2010-2014 жылдары экономика саласында кәсіби жұмысшылардың жалпы қажеттілігі 287 мың адамға жуық, олардың ішінен Мемлекеттік бағдарламаның индустриялық-инновациялық даму жобаларына - 106 мың. Еліміздің техникалық және технологиялық парктарындағы өндірісте түбегейлі өзгенрістер, яғни қоғамның жаңаруы, нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуі, жаңашыл реформалар мен саяси жүйенің өзгеруі кәсіптік мамандарды дайындауда жаңаша көзқарас тұрғыдан талап етеді. Қазіргі уақытта экономиканы дамыту жолында дуальдық оқыту жүйесінің қалыптастырып, қолдану маңызды. Болашақ жұмысшы мамандардың тәжірибелік дайындығының жоғарлауына байланысты білім, білім дағдыларының білім алу кезеңінен бастап қалыптасады. Бұл оқу процесіндегі тәжірибелік уақыт көлемінің өсуіне және дәріс алу нақты жұмыс орнында өтуіне байланысты. Дуальдық оқыту жүйесі көптеген европалық және азиялық мемлекеттерде, яғни Германияда, Францияда, Қытайда т. б. іске жақсы қосылды (асырылды) . Дуальдық жүйені жақсы еңгейде дамыту үшін біздің елімізде барлық жағдайлар жасалған [1] .
Дуальдық жүйенің негізгі түсініктемелері. Дуальдық білім беру жүйесі - оқу процесімен практикалық тәжірибе жинақтайтын кезеңдердің алмасуын көздейтін білім жүйесі.
Кәсіби стандарт (үлгіқалып) - білім, білік, дағдылар, тәжірибе, құндылықтар жүйесі және жеке тұлғалық қасиеттерінің жиынтығымен кәсіби біліктіліктілік негіздерін қалыптастыратын құжат.
Білім беру бағдарламасы - оқыту үрдісінде оқытатын пәндердің атауларымен, тізімін, қағидалы және тәжірибелік білім жинақтауға арналған сағат санының көлемін, қорытынды сынақтан өту шарттарын белгілейтін құжат.
Кәсіби біліктілік - тарихи және халықаралық талаптарының, тәжірибелік деңгейінде қалыптасқан кәсіби іс-әрекет, жан-жақты, өз Отанына адал еңбек етуге адамгершілік тұрғыдан дайын, нарықтық экономика сұраныстарына байланысты кәсіби қызығуы, қабілеті мен бейімділіктері қалыптасқан маманның компетенциясы (құзыры) [3] .
Несие беру (несие) - студенттің оқу жұмысының көлемі, біріздендір өлшем бірлігі, бір несие академиялық кезеңінде (аптасында) бір академиялық сағат (дәрісханада) жұмыс жасау.
Оқытудың несие жүйесі - оқу үрдісінде кредит арқылы білім алу көлемі білім алушының өзін-өзі дамытуды, жекелеме негізінде шығармашылықпен білімді игеруді және кәсіпқой маман болуы үшін оқу ақпарат көздерін таңдауды көздейтін технология.
Жалпы мағлұматтар.
а) дуальдық білім берудің мазмұны. Дуальды оқыту жүйесі барлық кезеңінде өндірістік оқыту мен оқу орнында теориялық оқытуды біріктіреді. Оқыту процесінде колледжде, жоғары оқу орнында, лицейде оқып жүрген білім алушы оқуымен қатар болашақта еңбекке орналасуды шелеуге мүмкіндік беретін жұмыс беруші кәсіпорынмен ынтымақта болу керек - бұндай қарым-қатынас өндіріске деген білім, білік, дағдыларын, икемдіділігін байқатады. Дуальдық білім беру жүйені қолданып, қысқа мерзімді курстар арқылы 700 сағат көлемінде білім алушыларды оқытуға мүмкіндіктеріміз бар. Осы курстар адамның жаңа мамандықты игеруге немесе қайта кәсіптік деңгейін қайта даярлау курстарынан өтіп, біліктілігін шындап, біліктілік санатын, разрядын көтере алады, жоғары жетістіктерге қол жеткізеді, функционалдық міндеттерін кеңейте алады. Дуальды оқыту жүйесіндегі оқыту процесінің жоспары, кестесі жұмыс беру кәсіпорынның талаптарымен толығымен сәйкестену керек. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын, сондықтан өндірістің ерекшеліктері ескеріліп, білім алушының біліктілігін тәжірибе арқылы арттыру көзделеді [2] .
Дуальды оқыту жалпы білім беруді дайындығын кәсіби білім берумен үйлестіреді және білім берудің заманауи талаптарын орындайды, яғни, түлей қоғаммен етене араласады. Кәсіпорын білім алушының (практиканттың) барлық жағдайын жасауға, соған байланысты қаржыландыруға міндетті, сонымен қатар дәріс алушыға, мүмкіндіктеріне қарай ай сайынғы еңбек ақысын тағайындайды. Оқу орнымен кәсіпкер (жұмыс беруші) тепе-теңдік негізінде қызмет етеді, өйткені алдарында бір мақсат - білікті маманды, өзінің ісін жетік білетін кәсіби маманды даярлау [1, 3] .
б) мақсаттар:
- дайындау және қайта даярлаудың курстары арқасында бәсенеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау және техникалық білім беру жүйесін дамыту;
- оқыту процесіне жаңа кәсіби технологияларды енгізу;
- кәсіби білім беру үрдісін ғылыми-практикалық ізденіс жұмыстарымен түрлендіріп үнемі дамыту;
- жұмысшыларға және кәсіби мамандарға арналған кәсіби стандарттарды жетілдіріп, ынталандыру.
в) міндеттер:
- Қазақстан Республикасының экономикалық дамыту стратегияның бағытын еңбек нарығының қажеттілігімен, әртүрлі салалардың даму динамикасын сәйкестендіріп, кәсіби мамандар мен жұмысшыларды қызметке орналастыру, ретке келтіру;
- халықтық және еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын көпсалалы, көпфункционалды кәсіби оқу орындарын дамыту;
- кәсіби біліктілік пен жылдамдықты қамтамасыз ету үшін саналы бағдарламаларды дайындап, жүйелі түрде кәсіби мамандарды дайындау;
- кез келген кәсіптік оқу орнында білім алушылардың білімін жетілдіру үшін кадрлық, ғылыми-әдістемелік және материалдық базаны жабдықтап жақсы жағдай қалыптастыру.
г) дуальды оқыту жүйесінің артықшылығы:
- дуальдық білім беру бағдарламалары, кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін технологиялық тәсіл негізінде қалыптастыру, біліктілікті арттыруға қосымша мүмкіндік ашады;
- жаңа кәсіби бағдарламаларды түрлендіріп, арттыруға мүмкіндік туғызады, яғни кәсіби білім беруді диверсификациялауды қамтамасыз етеді;
- жан-жақты кәсіби дамуына ықпал етеді;
- ғылым мен білім беру жүйесі, ғылым мен кәсіби өндірістен байланысы қамтамасыз етіледі, саналы өзгерістерге әкеледі (немесе жеткізеді) .
Өндіріс басшыларына білім беру саласын инвестициялау орынды, өйткені соңғы нәтижесінде өзінің кәсіпорнына кәсіби, жоғары білімді мамандарға қол жеткізеді.
Білім алушылар үшін дуальды оқыту кәсібі бойынша тәжірибе жинақтауымен қатар әлеуметтік-экономикалық профиль бойынша алған білімдерін шындап, қалыптастырып, «шынайы» өмірде қолданады.
Дуальды оқыту жүйесі арқылы даярланған кәсіби мамандар бітіргеннен кейін бірден өндіріс орындарына қабылданады және бейімделуі кезеңін қажет етпейді [4] .
д) білім беру бағдарламаның мазмұны мен қалыптастыру приципі:
- колледж оқу орында, өндіріс кәсіпорында және кәсіпорын жанындағы ресурстық оқу орталықтарында, ғылыми-практикалық білім ұштастырып оқытылады, дамиды;
- негізгі білім беру бағдарламасының құрастыру принципі мамандардың қажеттілігі мен жұмыс берушінің талаптары жоғары деңгейде, мүмкіндігінше есепке алынады, бірақ жалпытеориялық және жалпыпрактикалық дайындыққа зиян келтірмейді.
Білім алушылар контингентін анықтап, қалыптастыру үшін жұмыс берушімен оқуды ұйымдастыратын мекеме арасында келісім шарт ресми түрде жасалып, квалификациялық талаптар, оқу процесінің ұйымдастыруы мен сынақ жүргізуі ескеріледі. Осыған сәйкес жұмыс беруші және білім алу үміткердің арасында келісім шарт жасалады (егер ол жұмыс берушінің қызметкері болмаса) . Келісім шартта екі жақтың қаржылық міндеттері, жұмыс берушінің оқу үрдісіне жұмсалған қаржы шығынын орнына келтіру, ол үшін келісілген тәжірибелік мерзімін міндетті түрде өтеу керек [5] .
Үш жақты келісім шарттың болуы мүмкін, нұсқау арқылы беріледі:
Жұмыс беруші ↔︎ оқу орны ↔︎ оқуға үміткер
Жұмыс беруші және білім беру мекеменің басшылары түрлі тексерістердің (сөйлесу, тест алу) арқасында үміткердің білім деңгейін анықтап, әрі қарай оқу жалғастыру туралы және қандай білім беру бағдарламасы бойынша оқыту туралы шешім қабылдайды. Денсаулығы туралы медициналық анықтаманың болуы міндетті шарт, өйткені үміткердің таңдаған мамандығы оның денсаулығына кері әсерін келтірмеуі керек.
Сөйтіп, оқушы мен оқу орында оқып, таңдаған мамандығы бойынша ғылыми-практикалық жеттік игере алады.
Кәсіби бағдарламаның жоспары мен құрамы жұмыс берушінің сұранысына негізделіп жасалады, білім алушының мамандығы мен біліктілігі ескеріліп оқыту мерзімінің ұзақтығы белгіленеді. Әр пәні бойынша элективті курстардың сағат санын тапсырушымен оқыту мекемесі келісіп анықтайды. Оқыту бағдарламаны құрастырғанда тек қана мамандық талаптарымен шектелмей, тұлғаның болашағына қажет білім, білік дағдыларын - компетенцияларын дамытуды, басшылыққа алып болашақта біліктілігі жоғары тұлғаға мамандықтарды бірнеше рет ауыстыруға мүмкіндікті береді. 15% - ға дейін қажеттілік кезінде міндетті курстарды өзгертуге болады [4, 5] .
Білім алушылар кәсіпорында болып жатқан нақты жағдаяттар және кәсіби міндеттер оқыту барысында тәжірибе жинақтау семинарларда талқыланады, дипломдық қорғау жұмыстардың тақырыбы жұмыс берушімен пікірлесіп белгіленеді.
Ғылыми-теориялық білім алуға арналған сағат саны аптасына 40 сағаттан аспау керек. Ғылыми-теориялық білім алуға 20-25 %, практикалық білім алуға, тәжірибе жинақтауға барлық сағат санынан 75-80 %-ы ұсынылады.
Негізгі кәсіптік білім алу бағдарламасы (колледж) 3 (үш) жылдан аспау керек. 700 сағаттан тұратын қысқа мерзімді курстардың оқыту кестесі жұмыс берушімен бірге жекелеме құрастырылады, келісім-шартқа негізделінеді.
Бәсекелестік пен үздіксіз кәсіптік білім алу жүйесін қамтамасыз ету үшін әртүрлі білім беру орталықтарымен қысқа мерзімді курстардың дамыған инфраструктурасы қажет, олар өндіріс және фирманың ішіндегі оқыту мен қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастырып, іске асырады. Бұл курстар кәсіптік өндірістің барлық қажеттіліктерін ескеріп, бағдарламаларын барынша икемдеп, 72-700 сағатқа дейін жоспарлайды, бірақ 1000 сағаттан аспайды.
Дайындау және қайта даярлау бағдарламаның қаншалықты игерілгені емтихан анықтайды, оған білім беру мекемеден, өндіріс орнынан және тәуелсіз эксперттер қатысады. Емтиханды жақсы тапсырғандарға біліктілігі туралы сертификат беріледі, алған мамандығы бойынша жұмыс істеу құқығына ие болады. Сертификатта кәсіптік оқуға байланысты кәсіби мамандықтың типы, оқытылған мерзімі, мақсаттары және бітірушінің білім, білік дағды компетенциялары туралы тиісті мәліметтер жазылады [6] .
Оқытудың білім саласы тәуелсіз институт механизмдерімен тексеріліп, бағаланады, содан соң мамандықты меңгергені туралы сертификат беріледі.
е) білім беру бағдарламаның компоненттері:
- мамандықтың паспорты, жас маманға қойылатын талаптар, жұмыс жоспары, оқу әдістемелік құралдары, негізгі түсініктемелері және бақылау жұмыстар, тестілеудің мазмұны, бағдарламаның негізгі компоненттері.
ж) тәжірибе жинақтау жұмысын ұйымдастыру:
- өндіріс кәсіпорында білім алушының тәжірибе алу жұмысы төмен тізімдегі қатысушылармен жүргізіледі. Олар:
- педагогикалық дайындықтан өткен өндіріс кәсіпорындарының мамандары, қызметкерлері;
- қайта білім көтеру курстардан өткен білім беру мекеменің мұғалімдері;
- тәжірибелік оқыту арнайы шеберханаларда, зертханаларда, фирмаларда өтеді, білім алушылар кәсіпқой білім алады, сонымен қатар өз ісін шеберлікпен атқаратын өндіріс мамандарымен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтiк әрiптестiк. Кәсiби бiлiмiнiң облысында әлеуметтiк әрiптестiк дегеніміз жұмыс берушiлердiң экономикаcы және салаларының қажеттiлiктерiне, өндiрiспен тәлiм-тәрбиенiң байланыстарын күшейту, қаржыландыруды қосымша қайнар көздермен тарту, құрылу жүйесiн қызметтiк нәтижелерiмен адекватты жоғарылату, кадр даярлаудың деңгейiн жуықтауға бағыттау.
Оқу орындарындағы әлеуметтiк әрiптестiгi (студент-кәсiпорын-оқу орны) шарттың үштұғырлық қорытындымен кәсiби бiлiм берудiң жүйесiн енгiзу дуальд арқылы жүзеге асырылған бола алады [7] .
Кәсiби бiлiмнiң облысында серiктестердiң өзара негiзгi бағыттары:
- жұмыс берушiлердi мемлекеттiк бәрiне мiндеттi стандарттарын бағдарламаларды құрудың, бiр үлгiдегi оқу жоспарларының зерттемесiнде қатысуы;
- арнаулы тәртiптердiң оқытушыларының сынау мерзiмдерiнiң технологиялық базасын қолданумен кәсiби тәжiрибеде өткізу арнайы мамандармен және ұйымдасқан кәсіпорынмен;
- өзара iс-қимылдың жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуі және мамандарды даярлауы;
- еңбек нарығында сиппатталған жоғары деңгейдегі жұмыскермен және мамандармен қамтамасыз етіп сәйкестендіру;
- экономиканың тиiстi салаларында кәсiби қызметтiң тәжiрибе бар мамандарды тәлiм-тәрбиенiң процесiне тарту;
- қорытынды аттестация өткізу кезеңінде мамандарды бақылауға тарту;
- жұмыс берушілердің дамуына кәсіпорындарды қаржыландыру [8] .
Құзырлы ұйымдардың құрылуына келесі функциялар жатады:
- оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекiту;
- оқу жоспарларының әзірлеу және бекiту, әскери мамандықтардың жұмыс оқу бағдарламаларынан басқа;
- жаңа технологияларын енгiзу;
- Қазақстан заңдарына сәйкес кадрларды қайта даярлау және біліктілігін жоғарлатуға қамтамасыз ету;
- Қазақстан заңдарына сәйкес ақылы негізде (жұмыс, қызмет) тауарларды беру;
- Қазақстан заңдарына сәйкес жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін материалдық және қаржылық қосымша қайнар көздердi тарту.
Тапсырыс берушiнiң құзырына келесi функцияларды жатады:
- емтихан кезінде тәуелсіз эксперттік комиссия құрамына кіру;
- студенттердің білімдерінің бағасын өткізу және кандидаттардың біліктілігін бекітуге және растауға қатысу;
- өз ұйымдарына штатты толықтыру мақсатында белсенді, көзге түскен студент-түлектерді және кандидаттарды тарту [9, 10] .
Емтиханды табысты өткізіп және оң нәтижелердi хабарлағаннан кейін тәуелсіз комиссия түлектерге арнайы квалификациялық сертификат құжаты беріледі. Бұл мүмкіндік тәуелсіз экперттік комиссияның шешімімен жұмыс беруші ұйымдарда (басқа ұйымдарға) жұмыс істеуге және орналасуға үлкен кәсіби дайындықпен және жоғары көрсеткішпен келгені туралы мүмкіншілігі болады. Бұдан басқа, бұлар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып қалыптасады. Болашақта куәлiктiң мерейiнде шекараның ар жағында, кәсiби дайындықты өз мамандық бойынша растаудың қосымша рәсімсіз шекараның ар жағында жұмыс iстеуге мүмкiншiлiк алады [7] .
Кәсiби стандарт. Халықаралық стандарттарды қолданумен әр жеке мамандық үшiн кәсiби стандарт мемлекеттiк деңгейде енедi. Бiрлескен (маманның тапсырыс берушiсiмен) жұмыс берушiнің мекемесiмен және оның оқу орнымен өнделеді.
Даярлықтың процесiн негiзiн қалайтын құжат, кадрлық кәсiби стандарт, онда жұмыс берушiнің келiсiмі оқу орнынан беріледi. Кәсiби стандартты толық нұсқасы анықталады.
Мамандықтың квалификациялық сипаттамасы:
- кәсiби қызметтiң саласы кәсiби қызметтiң объектiлерi;
- кәсiби қызметтiң негiзгi функциялары;
- мамандық арналған (білім, білік дағды) кәсiби құзырлығы.
Мерзімнің ұзақтылығы: жалпы, теориялық курс, тәжiрибелiк курс.
Оқу жұмыс жоспары:
а) теориялық курс (аудиториялық оқулар: 20-30 %) (барлық техникалық мамандықтар үшiн) бәрiне арнаулы мiндеттi тәртiптер; элективті тәртiптер
б) тапсырыс берушiнiң тәжірибелік курспен сәйкестенуі (80-70 % оқудың аудиториядан тыс) талаптарымен болып табылады: оқу полигонындағы оқуы, оқу ұстаханасында, (оқытушы басшылығымен) зертханаларда; (тәлімгер басшылығымен) жұмыс орнындағы тәжiрибелiк курс.
Оқу орнына қабылдауы: емтихандық талап; студенттің алынған білім-білік дағдылырының есептеуiмен оқу мерзiмiмен кәсiби бiлiмi, ұйымның кіріспе сынақтары (жазбаша, ауызша емтихан, тестiлеу, әңгiмелесу) .
Білім-білік процесiн бақылау: (сессиялық емтихан) аралық бақылау; (қорытынды емтихан) қорытынды бақылау; (тәжiрибелiк курс) түлектің жұмыс; берілген кесте бойынша санатты (разрядты) сәйкестендіру [9] .
Оқу-әдiстемелiк және техникалық жабдықтаумен қамтамасыз етуге талап:
- әдiстемелiк жөн-жобаларға және оқу әдістемелікке талап;
- электрондық оқу ресурстарына талап;
- тәжiрибелiк курс өткiзу үшiн жабдықтаумен қамтамасыз етуге талап;
- өндiрiстегi тәжірибелік талап.
Қайта даярлау тәжірибелік курсын дуальдық оқыту жағдайда анықталған кәсiби стандартты қысқартылған нұсқаны пайдаланылады:
- мамандықтың мазмұны(атаулары) ;
- оқу ұзақтығы;
- курсқа қабылдау әдiсі;
- оқу процесiн бақылау;
- техникалық қамтамасыз етуге және оқу-әдiстемелiк талап.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz