Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік технологияларды пайдалану


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 тарау. Білім берудегі компьютерлік технология ерекшеліктері
1. 1 . Компьютерлік технологияның бағыттары . . . 7
1. 2 . "Біріктірілген сабақтарды өткізу кезінде компьютерлік
технологияны қолдану әдістемесі . . . 18
2 тарау. Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік
технологияларды пайдалану
2. 1. Электрондық кестені оқыту әдістемесі . . . 26
2. 2. Интерактивті құралдарды пайдалану ерекшеліктері . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алғаннан бері мектептер аудиторияларда оқыту мәселелері терең зерттеліп, көптеген әдістемелік жаңалықтар оқыту үрдісіне енгізілді. Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік дамуы мен қазіргі уақыт сұранысына орай компьютерлік оқыту технолгиясының алатын орны күн өткен сайын зор. Компьтердің кең мүмкіншіліктерінің бірі - интернет жүйесі. Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге ықпал ететін интернеттегі программалардың қоры оқыту үрдісіне жаңа мүмкіндіктер жасайды. Осымен бірге оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы компьютерлік оқыту технолгиясының маңыздылығы күн өткен сайын анық аңғарылуда. Қазіргі заманда ақпараттың көптігі мен жету жылдамдығы, осы мәселенің психологиялық ерекшелігі де мектеп қабырғасында, сабақта компьютерлік технологияны меңгерудің маңызы мен қажеттілігін дәлелдейді. Қазақ тілін мектепте оқытуда қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұстану басты мәселе болып табылады. Қатысымдық тұрғыдан ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту үрдісінің тиімді болуы осы зерттеу жұмысында қатысымдық тұлға - мәтінді компьютер арқылы оқытумен тығыз байланысты. Өйткені компьютердің мультимедиалық мүмкіншіліктері оқушының тілін дамытуды жан-жақты басшылық жасай алады. Қазақстандық білім беру жүйесінде барлық пәндер бойынша электрондық құралдар жасалып жатқаны белгілі. Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен де көп байқауға болады. Зерттеу жұмысының өзектілігі осы айтылғандармен байланысты айқындалады.
Зерттеу нысаны - мектепте қазақ тілі мәтіндерін компьютермен оқыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ тілінде еркін сөйлеу мүмкіндігін арттыру үшін қатысымдық құзыреттілігі мен қазақша сөйлеу біліктілігін жетілдіріп, қазақ тіліндегі мәтіндерді компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысынын міндеттері:
- қазақ тілі мәтіндерін компьютер арқылы меңгерту әдістемесінің әлеуметтік-философиялық, дидактикалық, психофизиологиялық, әдістемелік заңдылықтарын анықтау;
- қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлік технология арқылы жаңашаландыру;
- оқушылардың даму деңгейіне сәйкес мәтіндер жүйесін дидактикалық тұрғыдан іріктеп, олардың мазмұнындағы дидактикалық, тәрбиелік, елтанымдық, дүниетанымдық білім ерекшеліктерін меңгерту әдістерін жүйелеу; Зерттеу жұмысының болжамы. Компьютерлік оқыту технологиясына бейімделген арнайы мәтіндерді окытуға арналған әдістеме қазақ тілін жете меңгеруге игі ықпал етеді. Мәтіндерді компьютер арқылы оқытумен байланыстыру қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлендіру міндетіне сай жана инновациялық әдістемелік жүйе ұсынуға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысында анализ, синтез, салыстыру, салғастыру, бақылау, сұрау әдістері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай елтанымдық, дүниетанымдық, білімдік мақсатқа сай мәтіндер жүйесі іріктеліп, лексикалық және грамматикалық жаттығулар жүйесі жасалынды;
Зерттеудің теориялық маңызы.
Қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлендіру бағдарында анықталған әлеуметтік-философиялық, дидактикалық жене психофизиологиялық негіздер қазақ тілін оқыту теориясын жаңа ұғымдармен байытады. Мәтіннің табиғатын лингвистикалық тұрғыдан талдау мәтін теориясын меңгеруге игі ықпал етеді. Мәтінмен лексикалық және грамматикалық тұрғыдан жасалған жұмыс жүйесі әдістеме ілімінің ғылыми-теориялық негізін түсінуге септігін тигізеді. Қазақ тілін оқытудың жаңа инновациялық жүйесін енгізу интерактив әдістерді мол және тиімді қолданудың компьютерлік мүмккіншіліктерін молайтады.
Зерттеудің практикалық манызы.
Мектепте қазақ тілін оқытуды компьютерлендіру жолдары мен оларды ұйымдастыру амалдары қазақ тілі сабағының сапасын арттырады.
Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді нысаны деп танылған мәтін және оны оқытуда компьютерді қолдану әдістемесі мектепте ғана емес арнаулы, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді терең үйренуге мүмкіндік береді. Комиьютерді қолдану барысында окушының өз бетімен білім алу дағдыларын жетілдіру басты мақсат болғандықтан, "субъект -объект" жүйесінің өз-өзінен ығысып, "субъект -субъект" жүйесіне көшудің оңтайлы жолы тәжірибелік курстарды өткізуге пайдалы. Мәтін бойынша жасалатын жұмыс түрлері лексикалық, грамматикалык, сөздік, тест арқылы топтастырылып, әдістемелік кешен түрінде ұсынылуы оқытушыға сабаққа қажет мәселені тандап алуға жағдай жасайды. Зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелерін мұғалімдер оқу-әдістемелік құрал ретінде, мектеп оқушылары қазақ тілін мемлекетгік тіл ретінде оқып-үйренетін компьютерлік диск (СВ) түрінде дербес компьютер құралы ретінде қолдана алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы .
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Компьтерлік оқыту техналогияның оқушыларға маңыздылығы
Мемлекеттік тілді оқытуда мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында дәстүрден тыс әдістер мен тәсілдерді іздеуде. Өйткені қызығушылық дегеніміз - үйренушілердің шығармашылық және ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізетін ынталылық. Оқытушылық қызметте накты әдістемелік нысандарда, сонымен қатар психологиялық міндеттерде осы әдістердің ерекшеліктеріне сүйенеміз. Олар:
• оқушылардың жеке басының есте сақтау қорлары мен интеллектуалдық белсенділігін дамыту;
• психологиялық кедергілерді меңгеру;
• практикалық сабақ кезінде оқытушы мен оқушылардың белсенділігі мен оқыту әдісін бекіту; Осындай мотивацияны арттыру үшін оқу-әдістемелік жұмыс негізгі амалдар, тәсілдер және жаңа техникалар арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын әдістер мен Интернет секілді қазіргі тәсілдер-жеке бағдарламалық бағытта көмегін тигізеді, курсанттардың қабілетіне қарай оқытудың дифференциациясын қамтамасыз етеді және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ. Әр салада компьютерлік технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті бағытта оқытушы мен оқушыға көмекші құрал. Психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда компьютермен оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды. Егер компьютерлік бағдарлама сауатты құрылса, онда ол оқытушыға уақыт үнемдеуге және үиретудің кейбір тиімді сәттеріне назар аудартуға көмегін тигізеді. Аталмыш технология практикалық сабақты жүйелі ұйымдастыруда маңызды. Ол әдістердің негізгі функциясы - болжамдық болып есептеледі, және негізгі қызметі - жобалау, себебі жоғары білікті мамандарды даярлауда жалпы мақсатты және нәтижелерді, негізгі кезендерді білім-тәрбие процесінің тәсілдері мен ұйымдастыру формаларын жоспарлайды. Әсіресе үйрету технологиясында қарастырылған үйрену мен дағдылану әрекеттерінің қалыптасуы әр сабақта қолданылады
Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты. Үлгерімі нашар оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығатын болады, өйткені кейбір жағдайда компьютер оның білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Балалардың білім сапасының жоғарлауына, жекелей ерекшеліктерінің ескерілуіне ықпал етеді. Жаттығу жұмысын орындау барысында оның жауаптарына машина тура және үздіксіз серпілісті қамтамасыз етеді
І тарау. Білім берудегі компьютерлік технология
1. 1. Компьютелік технологияның бағыты
«Компьютерлік технология» жиырмасыншы ғасырдың соңында, ғылым мен техниканың ерекше дамып, ғылыми-техникалық революцияның негізі қаланған кезеңде кең өріс ала бастады. В. М. Глушковтың пайымдауынша, компьютерлік технология кешенді ғылым мен инженерлік, немесе арнайы пәндерден тұрады, шығармашылықты, жобалауды, ойлап табуды, баға берудің, жасап шығаруды, компьютерленген жүйені функционалдау (іске қосу), олардың әлеуметтік тәжірибедегі әсері мен қолдану аясының негізі болып табылады. ЮНЕСКО-ның құжаттарында «компьютерлік технология» терминіне үлкен мағына берілген: ақпарат жинау, талдау мен өңдеу, оған қоса ақпаратты өңдеу құралдары, микропроцессорларды басқа да электрондық жүйелермен үйлестіре білу.
Компьютерлік технологияның тарихи даму жолына жасаған талдау, оның мынадай бағыттарда дамығанын көрсетеді (1-сурет) . Компьютерлік технологияның дамып, жетілуін оның қай жерде, қалай қолданылуы мен бағытталуына қарай айқындауға болады (2-сурет) . Ол ақпараттық технологиялардың күннен-күнге өркендеуіне байланысты жаңарып отырады. Мысалы, графикалық редакторлауға жаңа түс, материал немесе жаңаша бояулардың әдістері енгізілсе, бұның өзі үлкен жаңалық болып есептеледі.
Компьютерлік технологияны былайша топтастыруға болады: көркем компьютерлік технология; инженерлік-компьютерлік технология; иллюстративті-компьютерлік технология, іс-құжаттық компьютерлік технология, когнитивті-компьютерлік технология және т. б.
1-сурет - Компьютерлік технологияның бағыттары
2-сурет - Компьютерлік технологияның қолданылуы және бағытталуы
Солардың ішінде « Компьютерлік технологияны көркем өнерде қолдану» дегенді - бағдарламалық әрі дербес компьютердің аппарат құралдарын кең көлемде көркем сурет өнерінің дәстүрлі түрлерінде пайдалану деп түсіну қажет. Компьютерлік технология түрлерінің атқаратын міндеттері әртүрлі.
Көркем-компьютерлік технология негізінен кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, көркем және кітап графикасы, мүсін және т. б. графикалық пәндерге бағытталады. Әйтсе де, ол компьютерлік пәндерді толығымен ауыстыра алмайды. Өзіне тән «Adobe Photo Shop», «Adobe illustrator», «Corel Draw». «Fractal Design Painter», «3D Studio Max» және т. б. мүмкіндіктеріне қарай бағытталап жасалған арнайы бағдарламалармен шектеледі.
Иллюстративті-компьютерлік технология белгілі бір ақпаратты (текст, аудио жазбалар және т. б. ) көруге бағытталады немесе оқуға көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бұл түрі арқылы білім алушы бағдарламаны үйренеді және мультимедиа технологиясының көмегімен кез-келген пәндегі ақпараттарды алып қарауға мүмкіндік алады. Иллюстративті компьютерлік технология, сондай-ақ ғылыми ізденістердің нәтижелері мен графикалық мазмұнда жиі қолданылады.
Іс-құжаттық компьютерлік технология офистік тапсырмаларды шешуде: графиктер мен диаграммалар құрастыру, кесте таблицаларды көркемдеу және т. б. құжаттарды өңдеуге графикалық көркемдеу, факстарды, фирмалық стиль жасау және т. б. қолданылады.
Когнитивті-компьютерлік технология болса, бағдарламалық қамсыздандыру мен бағдарламаның интерфейстерін жасауға, әсіресе, тестік шешімдерді қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.
Сонымен, жоғарыда айтылғанның бәрі жаңа компьютерлік технологияны күнделікті өмірде (киноиндустрия, компьютерлік моделдеу және дизайн, білім беру саласы, полиграфия, үш көлемдегі графика және анимация, сәулет, видео өндіріс, мультимедиа және т. б. ) кең көлемде пайдалануға болатынын дәлелдейді.
Ғалымдардың пайымдауынша, соңғы жылдары «мәтіндік өркениеттен» «бейнелеу өркениетіне» ауысу байқалады. Мәселен, егер ғалым В. Паранджанов, И. Г. Песталоццийдің іліміне сүйене отырып, білім беру саласында бейнелеу жолымен білім беру кеңінен қанат жая бастады деп ескертсе, суретші П. Вайбел өнер мен жаңа компьютерлік технологиялардың арасындағы байланыс сонау Леонардо-да-Винчи заманында-ақ тамырын тереңге жайғанын, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында суретшілер мен компьютер мамандарының бірлесуі арқасында күш жиғанын айтады. Компьютер виртуалды шынайылықты көрсетумен шектелмей, оны трансформациялайтынын атап көрсетті. П. Вайбелдің сөзімен айтқанда: «Жаңа компьютерлік технологиялар суретшілер қабылдауына әсер еткені сонша, өнер саласы толығымен өзгерді. Адам баласының қабылдауы - технологиялық процестердің, компьютерді қолдану көп нәрсеге шындық тұрғыда қарау, ойлау және қиялдау - барлығы бірнеше мыңдаған жылдардағы эволюцияның өнімі». Бұл келтірілген деректемелерді компьютерлік технологиялардың өнер саласына қатысты бір қыры ғана деп қабылдауға болады. Ал жалпы адамның компьютерлік технологиямен жұмыс жасау техникасы жылдар бойы, қызықты өркендеу дәуірлері арқылы дамыды. Ақпаратты тіркеу және сақтау әдісі де сонау тасқа белгі, ою, өсімдіктер мен папирустардың қабығына сурет салу кезеңінен бастама алады. Қазіргі заманда ақпарат тасушылардың міндетін қағаз, фотопленка, магниттік таспалар, магниттік дискілер, оптикалық дискілер, желілер атқарады, оларға ақпарат лазерлік сәулелердің көмегі арқылы жазылады және қолданыс табады.
Компьютерлік технологияның даму деңгейі, алдымен, түбегейлі жаңару мен жетілдіру тенденциясына апаратын ақпараттық және бағдарламалық құралдардың жағдайымен айқындалады. Ақпараттық-бағдарламалық сипаттама арқылы білім жүйесіндегі дидактикалық процесті дамыту бағытына септігін тигізіп отырады.
Компьютерлік технология құрамы үш бағытты қарастырады: жеке техниканы пайдалану арқылы ақпараттық жүйенің техникалық жағдайын қамтамасыз ету, ақпаратты бағдарламалық өңдеуден өткізу техникасы және негізгі ақпаратты белгіленген бағдарлама бойынша техникадан өңдеп шығару.
Барлық өндірістік міндеттер, алдымен, функционалдық жүйе бөліктерімен біріктіріледі. Ал, функционалдық жүйе бөліктері басқарудағы міндеттермен және іс-әрекеттің түрлерімен белгіленеді. Жүйе бөліктері немесе міндеттері өндірістік, маркетингтік, қаржылық, есептік, кадрлық, шұғыл болып келеді. Функционалдық міндеттерді атқаруда үш жүйе бөліктері қызмет атқарады: бағдарламамен қамтамасыз ету, ақпаратпен және техникамен қамтамасыз ету.
Компьютерлік технологияны пайдалану, оқытудың мақсаты мен мазмұнын өзгертіп, оқытуды ұйымдастыруда жаңа әдістер мен формалардың төмендегідей мүмкіндіктерін байқатады:
- студенттердің-болашақ өнер мамандарының жеке қабілеттерін ашуға және олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетік дамуына;
- студенттердің танымдық қабілеттерінің қалыптасуына және шығармашылығының, өздігімен жетілуіне ұмтылуға;
- оқыту мен тәрбиелеу процесі мазмұнын, формалары мен тәсілдерін үнемі жаңартып отыруға септігін тигізеді.
Студент компьютерлік технологияны толық меңгермей, оның күрделі де қызықты әдістері мен жолдарын зерделемей, алдында тұрған компьютерлік технологияға қатысты тапсырмаларды шешуі мүмкін емес.
Жоғары оқу орындарында мамандардың кәсіби даярлығын ұйымдастыруда компьютерлік технологияны пайдалану реттілікті болжайды: оқытудың құралдары, пәнді зерттеу, кәсіби тапсырмалардың шешімін іздестіру. Сонымен бірге білім алушыларға мынадай білім дағдыларын меңгертуді көздейді: педагогикалық аспаптық құралдардың тұжырымдамалық тұрғыда жасалуын; оқу-ақпараттық ортаның жас маман даярлығының өзінің кәсіби ортасына бейімделе білуін; ақпараттық технология арқылы студенттердің кәсіби-бағдарлық тапсырмаларды шешудегі даярлық деңгейін. Болашақ мамандардың компьютерлік технологияны пайдаланудан практикалық білім негіздерінен тәжірибе жинақтауын қажет етеді. Компьютерлік технологияны меңгеру: олардың атқаратын міндеттерін; жұмыстың негізгі қағидаларын, қолдану саласын білуді; технологиялардың ұсынған негізгі функционалдық мүмкіндіктерін білуді; бағдарламалық құралдармен жұмыс жасау тәсілдерін жетік білуді, оларды шығармашылықпен практикада пайдалануды қарастырады.
Компьютерлік технологияны оқытуда пайдалану - уақыттың талабы. Бүгінгі күннің басты міндеті, компьютерлерді оқытуда жинақталған тәжірибелерге жан-жақты талдау бере отырып, компьютерлік оқытуды бағдарламалық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру болып табылады. Осыған орай, біз Республиканың бірқатар жоғары оқу орындарының компьютерлік технологияны пайдалану тәжірибесіне талдау береміз және кемшіліктері (адамдармен қарым-қатынастың болмауы; ұжымдық әсердің болмауы; эмоционалдық әсердің құрғақтығы; денсаулыққа зияндығы; консультацияның болмауы; қосымша түсініктемелердің болмауы; білімді тек компьютерлік бағдарламамен бақылау; білімді қолма-қол түзетудің, тұжырымдаманы толықтырудың мүмкіндігінің болмауы және т. б. ) мен жетістіктеріне (курс құрылымының, тұжырымдама құрылымының логикасын көре, түсіне білуі; материалды жаңа талап пен байланысты қабылдай білуі; білімді толықтырып, жетілдіруі; ойының нақты болуы; көзқараспен қабылдайтын ақпараттың дәлелді болуы; ойлау логикасының айшықты болуы; басты мәселеге назар аудара білуі; айтылатын ойдың жүйелі болуы; уақытты реттей білуі; компьютерді меңгеруден шеберлігін шыңдай білуі және т. б. ) тоқталамыз.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен диссертациялық зерттеулерге талдау жасау арқылы компьютерлік технологияны меңгерген мамандар даярлығына қойылатын талаптар мен жоғары мектепті бітірушілердің осы технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлық деңгейінің төмендігі арасында қарама-қайшылықтың бар екенін анықтаймыз. Мұндай қарама-қайшылықтың болуы, болашақ мамандарға дәстүрлі кәсіби білім беруде компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудан арнайы даярлық берілмеуіне байланысты деп ой тұжырымдаймыз.
Осының бәрін ескере отырып және ҚР-ның «Білім беру туралы» заңының басты міндетінің бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу мәселелесін негізге ала отырып, біз «Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау тұжырымдамасын» жасаймыз.
Тұжырымдама студентті қазіргі қоғам сұранысына қарай, өзінің күнделікті әрекетінде компьютер құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай, жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеуді; информатика мен коммуникациялық техника құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыруды, шығармашылық қабілетін іскерлігін дамытуды, компьютерлік даярлықты тұрақты түрде, үздіксіз оқудың барлық кезеңдерінде жүзеге асыруды көздейді. Ақпараттандырылған қоғамда өнер саласы мамандарының үздіксіз компьютерлік даярлығының басты мақсаты болып:
- студенттерді ақпараттық орта жағдайында компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау;
- ақпараттық қоғам тұлғасының менталитетін қалыптастыру;
- ақпараттық қоғамда компьютерлік технологияның теориясы мен практикасын меңгерген тұлғаның өзін-өзі дамытудағы қабілетін қалыптастыру;
- әлеуметтің ақпараттануының тез өзгермелі жағдайында өз-өзінің үздіксіз білімін жетілдіруге қажеттілігі мен қабілетін қалыптастыру табылады.
Үздіксіз компьютерлік даярлықты біз, ақпараттық және компьютерлік технологияны кәсіби мақсатта меңгеру мен пайдалану және білім беру стандарттарының пәндер саласында компьютерлік технологияны пайдалану талаптарына сәйкес білім беру мен кәсіби іс-әрекетті ақпараттандыру міндеттерін шешу арқылы қоғамды ақпараттандыру мақсаттарын жүзеге асырудың көпсатылы процесі деп түсінеміз.
Әдетте, студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау процесі күрделі ұйымдастырылатын объект болып саналады. Мұндай объектіні зерттеудің аса ынғайлы әдісіне жүйелілік тәсілін жатқызуға болады. Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру үшін модель жасау қажет. Іс-әрекеттің түріне қарай тұлғалық әлеуеттің құрылымы өзгереді. Тұлғалық әлеует адамның кәсіби даярлығының жиынтығы және іс-әрекет субъекті ретіндегі физиологиялық, психологиялық, әлеуеттік қасиеті деген түсінік береді.
Тұлғаның қалыптасуы, оның сапалық өзгерісі іс-әрекет барысында жүзеге асады. Тұлғаны іс-әрекеттің алғы шарты деп те, нәтижесі деп те қабылдауға болады. Студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қамтамасыздандыратын оқу-танымдық әрекеттерді жобалау психологиялық-педагогикалық міндеттің бірі болып табылады. Осының бәрін ескере отырып, біз «даярлық», «кәсіби іс-әрекетке даярлық» ұғымдарына тоқталамыз. Ғылыми әдебиеттерге талдау беру арқылы олардың мәнін, құрылымын, мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетеміз. Бірқатар ғалымдардың (А. П. Ершов, А. А. Зенкин, Г. Г. Воробьев және т. б. ) болашақ өнер мамандарының кәсіби даярлығының мәні мен құрылымын дербес компьютерді пайдалану тұрғысында анықтағанын, енді бірінің (М. И. Капранова, А. Краснов, В. М. Оксман және т. б. ) компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану даярлығын ойлау әрекетінен қажетсіз дегендерді алып тастауға мүмкіндік беретін, ойлаудың шығармашылық элементтерінің өресін көтеретін, жаңа идеяны ұсынуға ықпал ететін бүгінгі заман техникасын пайдалану арқылы өзінің іс-әрекетін құра білетін іскерлік ретінде қарастырғанын негізге ала отырып өнер мамандарының кәсіби әрекеттерінің негізгі ақпараттық компоненттерін анықтаймыз:
- міндеттерді қоя білу және мақсатты анықтау;
- кәсіби маңызды ақпаратты анықтау және оны зерттеу;
- ақпаратты жинау, іздестіру, сақтау, өңдеу және көрсете білу технологиясын жасау;
- ақпаратты компьютерлік технологияны (электрондық кесте, мәліметтер базасы, мультимедиа, байланыс коммуникациялары және т. б. ) пайдалану арқылы өңдеу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz