Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері


Мазмұны
1. 2 Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері . . . 10
1. 3 Әдістемелік дайындыктын жүзеге асырылуы . . . 22
Кіріспе
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жеткіншек ұрпаққа білім беру мәселесін жаңа сатыға көтеруді қажет етіп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдары мектеп реформасы мемлекеттік деңгейде жүзеге асуда. Яғни оқытудың мақсаты мен принциптері, құрылымы, жекелеген пәндердің білім мазмұны, тағы басқа жақтарда үлкен өзгерістер болып жатыр. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақтың шынайы дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын география пәні де шетте қалған жоқ. Заман талабына сай жаңа технологияларды пайдаланып оқушылардың оқу-танымдылық құзіреттілігін қалыптастыру үшін мектепте барлық жағдай жасалған.
Ақпаратты технологияны қолдану арқылы пәнді оқыту: оқушыларға сабақ барысында мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты өз көзімен көру арқылы қабылданған ақпарат есінде жақсы сақтап қалуына мүкіндік туады. Пәнді оқыту барысында мұғалімнің оқушыларға қойылатын талаптардың бірі: ақпаратты мәдени дамуы, яғни: ой- өрісінің дамуына, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істей білу және оны оқушыларға түсінікті етіп жеткізу арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Егер де оқушының пәнге деген қызығушылығы жоғары болса, ол оқушының пән бойынша білім сапасының жоғары болуына әсер етеді.
Пәнді оқыту үрдісінің негізгі өлшемдері: танымдылық, ақпараттық қарым-қатынас, мақсаттылық, жаңашылдық, жағдаяттық, өзара қызметтестік болып келеді. Осының арқасында білім беру жағдайы, нақты іскерлікті, біліктілікті жоғары деңгейде дамытуға жағдай жасайды.
Әр оқушының белгілі бір қабілеті болады. Сондықтан оқушының қабілетін анықтау мақсатында қолданатын арнайы құралдар: тест, түрлі деңгейдегі тапсырмалар, сауалнамалар арқылы анықтап, болашақта сол қабілеттерді сабақ барысында дамыту. Топтық қызметті ұйымдастыру барысында оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бірлескен топтық жұмыс жүргізу барысында әр оқушы оларда не күтілетінін түсінуі үшін, оқушыларға арнайы нұсқаулар, кеңестер беру арқылы олардың топтық жұмыс жүргізу біліктілігін дамыту .
Оқушыларға білім берудің барлық сатысында берілетін әр деңгейлі тапсырмалар оқушының өзіндік білім алуын қамтамасыз етеді. Оқушының танымдылық сұраныстарын қамтамасыз ете отырып, бұл тапсырмалар оқушының ойлау қабілетін оятады.
Оқушының өзіндік білім алуы, алған мағлұматты жетік меңгеруіне септігін тигізіп, өзіндік ойлау қабілеті, зейінін алған мағлұматты талдау барысында дамиды.
Қазіргі таңда ақпаратты технологиялардың жедел дамуы жалпы білім беру саласындағы педагогтардың білім беру үрдісін ұйымдастыру, әдіс- тәсілдерді қолдану, пәннің мазмұнын оқушыларға түсінікті жеткізуге бағытталған.
Зерттеу обьектісі: Оқытудың әдіс - тәсілдері.
Курстық жұмыстың пәнi: Оқытудың әдіс - тәсілдерін қалыптастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты Оқушының өзіндік білім алуына оқыту құралдарының, тәсілдерінің әсерін қарастыру.
Курстық жұмыстың мiндеттерi:
- Оқыту әдістерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттерін айқындау;
- Оқу пәнін оқытудың әдіс - тәсілдерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде курстық жұмыс тақырыбына жалпы кіріспе, осы зерттеу тақырыбының объектісі, зерттеу тақырыбының пәні, зерттеу тақырыбының мақсаты, зерттеу тақырыбының міндеттері беріледі.
Курстық жұмыстың бірінші тарауы «Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым», -деп аталады.
Екінші тарауы «Оқу пәнін оқытудың әдістемелік теориясы», - деп аталады.
Қорытындыда зерттеу проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар беріледі.
1 Әдістемелік дайындықтың теориялық негіздері
- Оқыту әдістері, тәсілдері туралы ұғым
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады [1] .
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Ю. К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. М. И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген [2] . Оқыту әдістері:
а) ақпарат беру әдісі,
ә) түсіндіру әдісі,
б) ынталандыру әдісі,
в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т. б. ) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т. б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады.
Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды) [3] .
Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз. Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады.
Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді.
Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т. б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.
Міржақып Дулатов оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді [4] .
Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді. Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
• әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
• әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
• ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
• әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
• әңгіменің әсерлілігі;
• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру - жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады. Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
• сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
• себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
• салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік [5] .
Түсіндіру - оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады
Әңгімелесу - оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді.
Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады [6] .
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады. Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• ес пен тілді дамытуы;
• оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• оқушылардың білімінің белгілі болуы;
• жақсы диагностикалық құрап;
• үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау.
Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет. Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады [7] .
Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс - оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар.
Олар:
• конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
• мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау.
Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
• тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
• цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру.
Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
• аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
• рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
• справка жазу - тапқан кітап, т. б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т. б) түрде болады;
• формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
• тақырыптық тезаурус - бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.
Оқушылар үшін білім көзі - бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми - көпшілік әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - мәтінді талдау [8] .
Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері:
1. Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып шығу. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде мәтінді қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді бір рет оқып шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды.
2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе энциклопедия арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті мәліметтерді конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Мұғалім оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін мәтіндер бір-бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау беріледі.
3. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті болуы керек. Оқушылардың кітаптар мен журналдарды сыни тұрғыдан оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру [9] .
1. 2 Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері
«Педагогика» оқу пәні ретінде бұрыннан бері оқытылып келеді. Оқытудың әдіснамалық, теориялық, әдістемелік негіздері анық және толық меңгерілген. Педагогиканы оқытудың әдістемесін оқу пәні ретінде оқыту көбінде эмпирикалық ыңғайға негізделген. Педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасуы мен әдістемелік жүйенің қалыптасу үдерісі қатар жүргендіктен, педагогиканы оқыту әдістемесі әлі жеке тұтас жүйе бола қойған жоқ. Айта кеткен жөн, педагогиканы оқытушылардың тәжірибесі және жоғары мектептегі дидактика саласындағы жекелей түрдегі ғылыми зерттеулер педагогиканы оқыту әдістемесіндегі теориялық ұстанымдар, қағидалар, ережелер мен ұсыныстарды жүйелеуге мүмкіндік берді.
Педагогиканы оқыту әдістемесі екі бөлімнен тұрады (жалпы және жеке) . Әдістеменің жалпы бөліміне педагогиканың әдіснамалық және жалпы педагогикалық негіздері кіреді.
Әдістеме қолданбалы дидактика ретінде қарастырылған кезеңде, әдіснаманы жасап шығаруға қажеттілік болмады, себебі мұндай түрде дидактика әдіснама ретінде саналған еді. Оқыту әдістемесінің әдіснамасын ұғынбастан, берілген ғылым саласының негізін, оның тәжірибелік қолданылуын да, таным үдерісінің ерекшеліктерін де түсіне алмаймыз. Педагогиканы оқытудың оқу құралдарында әдіснама жайлы сұрақтар тура қойылмаған, алайда олардың авторлары әдіснамаға әдістеменің нысаны мен пәнін, арнайы ғылыми саламен дидактикамен, философиямен, психологиямен байланысын жатқызады. Зерттеушілер әдіснамалық негіз ретінде философиялық және педагогикалық концепциялар мен теорияларды, оқытушылардың, психологтар мен әдіскерлердің еңбектерін санайды. Осыдан оқу пәнінің әдістемелік әдіснамасы деп нені түсінеміз деген сұрақ туындайды [22] .
Ғылым әдіснамасының жалпы сипатына қысқаша тоқталсақ. Анықтамалық әдебиеттерде әдіснама танымның ғылыми әдісі ретінде; теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілдері мен принциптерін зерттейтін ілім ретінде; ғылымдарда қолданылатын әдістердің үйлесімділігі ретінде анықталады
Философияда әдіснаманың мазмұнына біртұтас көзқарас қалыптаспаған. Оны көп жағдайда белгілі саладағы іс-әрекеттің қисындық ұйымдастыруына, әдістері мен құралдарына жатқызады
Әдіснаманың философиялық және арнайы-ғылыми деңгейлері бар. Осы деңгейлерді педагогиканы оқыту әдістемесіне қатысты қарастырамыз. Әдіснаманың жоғарғы деңгейі - философия. Педагогиканы оқыту әдістемесіне келсек, кеңес кезінде философиялық негіз ретінде сөзсіз материалистік диалектика танылды. Қазіргі уақытта педагогиканы оқыту әдістемесінің көптеген әдіснамалық жағдайы қайтадан қарастырылып отыр. Алайда, көптеген ғалымдар қазіргі кездегі амалдардың көптүрлілігіне қарамастан, бұрынғыдай әдістеменің философиялық негізі ретінде диалектиканы есептейді. Олар келесі көзқарасты ұстанады: диалектиканың жағдайы жалпылама болып табылады, сондықтан да тәрбие, оқыту, педагогикалық жүйе құбылыстарына қолданылады [23] .
Сондықтан философиялық теориялардың маңызды негіздерін еске түсіргеніміз жөн, өйткені педагогиканы оқыту әдістемесі тұрақты түрде онымен байланысты болады.
Философияда ғылымның белгілері болып идеялар, принциптер, заңдар, заңдылықтар, ұғымдар, категориялар саналады. Бұл белгілердің мазмұндық жағы педагогиканы оқыту әдістемесінде ерекше. Материалистік диалектиканың басты идеялары ішінен детерминизм, құбылыстар мен дамудың өзара жалпы байланысы принциптерін ерекшелейік.
Әлеуметтік және көптеген күрделі құбылыстар, яғни жалпылама педагогикалық үдеріс пен оны құрайтын қосалқы үдерістер (оқыту мен тәрбие) педагогиканы оқыту әдістемесінде қолданылатын даму қағидасы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық үдерісті құраушылар өзара байланысты және өзара әрекеттеседі, мысалы, қоғамның сұранысы мен оқытудың, тәрбиенің мақсаттары, педагог пен оқушы, оқытылатын материал мен ақпаратты алу, беру әдістері, оқытушы қадағалауымен жүргізілетін сабақ пен оқушының өзіндік жеке дайындалуы, оқу және тәрбиелік жұмыстар және т. б.
Педагогиканы оқыту үдерісіндегі даму жайлы айтсақ, кешегі мектептің оқушысы студент болып, оқу жылының аяғында таңдалған мамандығына деген тұрақты және оң уәжі болып, педагогикалық мәселелерді шешу мен талдауға қажетті нақты білім жүйесіне иеленеді. Ал балалармен бірге жұмыс істеу қажеттілігі, педагогикалық мәселелерді шығармашылық түрде шешуге тырысу, педагогикалық ойлау қабілетін иелену сияқты басқа сипаттық өзгерістер 3-4 курстарда педагогикалық іс-тәжірибеден өту кезінде байқалады. Соның бәрі даму қағидасымен анықталады.
Педагогиканы оқыту әдістемесінде ұдайы қарама-қайшылықтармен күрес және тұтастық заңы көрініс табады. Осыдан қарама-қайшылық туралы сұрақ туындайды. Қарама-қайшылықтар дегеніміз бір-бірін жоққа шығаратын кереғарлықтар бірлігі. Қарама-қайшылықтардың өзара әрекеттесуінде кереғарлықтың жүргізу күші тұр. «Кереғарлық барлық қозғалыс пен өміршеңдіктің тамыры», - деп Г. Гегель жазған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz