Қазақ жеріндегі радионың пайда болуы мен даму кезеңдері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Қазақ жерінде радионың пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қазақ жеріндегі радионың пайда болуы мен даму кезеңдері
туралы тарихи деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
ІІ тарау. Кеңес дәуіріндегі қазақ радиосы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы радио ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Соғыс жылдарындағы радионың идеологиялық рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Соғыстан кейінгі және тоқырау жылдарындағы қазақ радиосы ... ... ... ... .14
2.4 Қайта құру мен жариялылық жылдарындағы қазақ радиосы ... ... ... ... ... .21
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

КІРІСПЕ
Адам санасы қалыптасып, сөйлеу мен тыңдау қасиетіне ие болған бағзы замандардан бастап, адамзат бойында ақпаратқа деген құлшыныс ұялады. Көне дәуір мен орта ғасырларда ақпарат алмасу ағыны айтарлықтай жоғары деңгейде болмады, бірақ, арнайы шабармандар, не болмаса сапарда жүрген жолаушылар, сауда керуендері арқылы халық өзге елдердегі оқиғалар жайында ақпарат алып отырған. Ал бүгінгі күн, бұрынғыдан өзге. Жер бетінде алғаш газет пайда болуына байланысты ақпарат алмасу жаңа сатыға көтерілген болатын, ал Ресейде алғаш радио пайда болған күннен бастап, бұл саты өте жоғары деңгейге көтерілді.
Бүгінгі, әлемде ақпарат майданы орнап жатқан дәуірде радио өзінің негізгі ақпарат таратушы құралы, адамдар санасын қалыптастырушы, қоғам ұйтқысы ретіндегі өз рөлін жоғалтпай келеді. Рас, теледидар мен интернет радионың қоғамлағы рөлін біршама төмендетті, дегенмен, оны бір жола ығыстырып шығара алмады. Себебі, уақыттың бұрынғындай аймен, жылмен емес, минут, секунтпен есептелетін ХХІ ғасырда, арнайы уақыт бөлмей, көшеде жүріпте, үй шаруасын немесе жұмыс атқарып отырыпта ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірден-бір ақпарат құралы ол-радио.
Радиожурналистика бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде де, өзіндік ерекшелігі мен табиғаты, әдіс-тәсідері мен қырлары бар ғылым саласы ретінде мойындалған. Радиожурналистика бүгінде сала аралық ғылым ретінде қарастырылады. Радио заманға лайықты бола түсу барысында әр заманға сай үнемі өзінің кейпін, бағытын өзгертіп жаңаша қырға түсіп отырады. Бірақ, негізгі міндеті халыққа ақпарат жеткізу мен мәдени-ағартушылық бағытынан ауытқымақ емес.
Біздің осы курс жұмысында қарастырып отырған тақырыбымыз, "Қазақстанда радионың пайда болуы мен оның қоғам дамуына ықпалы". Бұл еңбекті жазу барысында негізгі әдебиеті ретінде қазақ радио ғылымының атасы Н.Омашевтің және Телевизияның атасы М.Барманқұлов еңбектін алып қарастырдық.
Курс жұмысы негізгі екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда, Қазақ жеріндегі алғаш пайда болған радиостанциялар туралы, және қазақ радиосының дүниеге келуіне байланысты ғалымдардың пікір алуандығы мәселелері қарастырылады. Осы тарау аясында қазақ радиосының пайда болуы туралы жоғарыда аттары аталған ғалымдардың және өзге де радиожурналистиканы зерттеуші ғалымдар ұсынған деректер көрсетіледі. Алғашқы радиостанциялардың қандай мақсатта құрылып, олардың атқарған негізгі қызметтеріне тоқталып өтеміз.
Келесі екінші таруда, Қазақ радиосының дамуының негізгі кезеңі ретінде көрсетілетін КСРО замандаы қазақ радиосы қарастарылады. Бұл тарау аясында, Кеңес үкіметінің құрылған кезеңіндегі радионың идеологиялық, насихаттаушы құрал ретіндегі рөлін, атқарған қызметтерін саралап өтеміз. Және ҰОС жылдарында, халықты жаппай басқыншыларға қарсы күш біріктіруге шақырудағы, азаматтардың бойындағы потриоттық сезім отын лаулатудағы радионың орнын айқындап өтіп, соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары мен социолизм құрылысына, алдағы жарқын болашақ, комунизмге деген халық сенімін оятудағы маңызын көрсетеміз. Қайта құру мен жариялылық жылдарындағы қазақ радиосының тарихына үңілеміз.

1. М.Барманқұлов, Журналистика. А., 1975 ж. 125-б.
2. Қазақ журналистикасы, ІІІ том, А: Таймас, 2008 ж. 6-7 б.
3. Қазақ журналистикасы, ІІІ том, А: Таймас, 2008 ж. 10-11 б.
4. Н.Омашев, Радиожурналистика, А: Эканомика, 2005 ж.120-122 б.
5. Қазақ журналистикасы, ІІІ том, А: Таймас, 2008 ж. 32-34 б.
6. Қазақ журналистикасы, ІІІ том, А: Таймас, 2008 ж. 15 б.
7. Н.Омашев, Радиожурналистика, А: Эканомика, 2005 ж.23-25 б.
8. Н.Омашев, Радиожурналистиканың теориясы мен тәжрибесі.
Астана: ,2009 ж. 45-56 б.
9. Полвека в пути. – Алматы, 1969.
10. Ружников В. Так начиналось. – М., 1987.
11. Основы радиожурналистики. – М., 1984.
12. Очерки истории советского радиовещания и телевидения. – М., 1972.
13. Гурефич П., Ружников В. Советское радиовещание. Страницы истории. – М., 1976
14. Әуе толқынында – Қазақ радиосы. – Алматы, 2001.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Қазақ жерінде радионың пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қазақ жеріндегі радионың пайда болуы мен даму кезеңдері
туралы тарихи деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5
ІІ тарау. Кеңес дәуіріндегі қазақ радиосы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы радио ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .10
2.2 Соғыс жылдарындағы радионың идеологиялық рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3 Соғыстан кейінгі және тоқырау жылдарындағы қазақ радиосы ... ... ... ... .14
2.4 Қайта құру мен жариялылық жылдарындағы қазақ радиосы ... ... ... ... ... .21
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
КІРІСПЕ
Адам санасы қалыптасып, сөйлеу мен тыңдау қасиетіне ие болған бағзы замандардан бастап, адамзат бойында ақпаратқа деген құлшыныс ұялады. Көне дәуір мен орта ғасырларда ақпарат алмасу ағыны айтарлықтай жоғары деңгейде болмады, бірақ, арнайы шабармандар, не болмаса сапарда жүрген жолаушылар, сауда керуендері арқылы халық өзге елдердегі оқиғалар жайында ақпарат алып отырған. Ал бүгінгі күн, бұрынғыдан өзге. Жер бетінде алғаш газет пайда болуына байланысты ақпарат алмасу жаңа сатыға көтерілген болатын, ал Ресейде алғаш радио пайда болған күннен бастап, бұл саты өте жоғары деңгейге көтерілді.
Бүгінгі, әлемде ақпарат майданы орнап жатқан дәуірде радио өзінің негізгі ақпарат таратушы құралы, адамдар санасын қалыптастырушы, қоғам ұйтқысы ретіндегі өз рөлін жоғалтпай келеді. Рас, теледидар мен интернет радионың қоғамлағы рөлін біршама төмендетті, дегенмен, оны бір жола ығыстырып шығара алмады. Себебі, уақыттың бұрынғындай аймен, жылмен емес, минут, секунтпен есептелетін ХХІ ғасырда, арнайы уақыт бөлмей, көшеде жүріпте, үй шаруасын немесе жұмыс атқарып отырыпта ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірден-бір ақпарат құралы ол-радио.
Радиожурналистика бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде де, өзіндік ерекшелігі мен табиғаты, әдіс-тәсідері мен қырлары бар ғылым саласы ретінде мойындалған. Радиожурналистика бүгінде сала аралық ғылым ретінде қарастырылады. Радио заманға лайықты бола түсу барысында әр заманға сай үнемі өзінің кейпін, бағытын өзгертіп жаңаша қырға түсіп отырады. Бірақ, негізгі міндеті халыққа ақпарат жеткізу мен мәдени-ағартушылық бағытынан ауытқымақ емес.
Біздің осы курс жұмысында қарастырып отырған тақырыбымыз, "Қазақстанда радионың пайда болуы мен оның қоғам дамуына ықпалы". Бұл еңбекті жазу барысында негізгі әдебиеті ретінде қазақ радио ғылымының атасы Н.Омашевтің және Телевизияның атасы М.Барманқұлов еңбектін алып қарастырдық.
Курс жұмысы негізгі екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда, Қазақ жеріндегі алғаш пайда болған радиостанциялар туралы, және қазақ радиосының дүниеге келуіне байланысты ғалымдардың пікір алуандығы мәселелері қарастырылады. Осы тарау аясында қазақ радиосының пайда болуы туралы жоғарыда аттары аталған ғалымдардың және өзге де радиожурналистиканы зерттеуші ғалымдар ұсынған деректер көрсетіледі. Алғашқы радиостанциялардың қандай мақсатта құрылып, олардың атқарған негізгі қызметтеріне тоқталып өтеміз.
Келесі екінші таруда, Қазақ радиосының дамуының негізгі кезеңі ретінде көрсетілетін КСРО замандаы қазақ радиосы қарастарылады. Бұл тарау аясында, Кеңес үкіметінің құрылған кезеңіндегі радионың идеологиялық, насихаттаушы құрал ретіндегі рөлін, атқарған қызметтерін саралап өтеміз. Және ҰОС жылдарында, халықты жаппай басқыншыларға қарсы күш біріктіруге шақырудағы, азаматтардың бойындағы потриоттық сезім отын лаулатудағы радионың орнын айқындап өтіп, соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары мен социолизм құрылысына, алдағы жарқын болашақ, комунизмге деген халық сенімін оятудағы маңызын көрсетеміз. Қайта құру мен жариялылық жылдарындағы қазақ радиосының таризына үңілеміз.
Аталған тарауларды қарастыру барысында негізгі әдебиет ретінде Н.Омашевтің "Радиожурналистика" кітабын пайдаланамыз.
Курс жұмысының мақсаты:
Радионың бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі рөлінің қандай екендігін, және пайда болған кезі мен осы күнге дейінгі халыққа ақпарат таратудағы қызметтерін білу.
Курс жұмысының міндеті:
Қазақ радиосының алғаш пайда болған күнінен бастап бүгініне дейінгі тарихи деректерге шолу жасап өту. Және, солардың негізінде әр кезеңдерде атқарған қызметтеріне жекелей тоқталу. Осы бағытта жазылған ғылыми еңбектерді қарастырып, бүгінгі күннің радиосына тоқталу.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ РАДИОНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Қазақ жерінде радионың пайда болуы мен даму кезеңдері туралы тарихи деректер
Қазақ жерінде ең алғашқы радио қай уақытта пайда болды деген сауалға, әлі күнге еш ғалым тура жауап бере алмай келеді.Бұл орайда ғалымдар арасында сан түрлі тұжырымдар, пікірлер көрсетіліп келеді. Қоғамда қазақ радиосының пайда болуы туралы сан алуан пікірдің қалыптасуы, олардың бір байламға түсірлмеуі қазақ радиосының туған жылын белгілеуде жаңсақтыққа ұрындыруда. Белгілі ғалым Марат Барманқұлов радионың пайда болуы жайындағы пікір алуандығын былай түсіндіреді: "Қазақстанда жаппай хабар бере бастау уақытын анықтаудағы кездесетін қиындықтар мынаған байланысты,зерттеушілер бұл хабарды: а) өзіндік хабарға, ә) Мәскеу хабарына, б) республика хабарына, в) жергілікті хабарға, г) радио хабарға, ғ) Морзе әліппесі көмегімен берілетін деп деп бөледі. Ал бұған республика астанасының Орынбордан Қызылордаға, одан кейін Алматыға көшірілгені келіп қосылады.[1]
Ғалымның бұлай деуіне негіз бар. Мысалы "Полвек в пути" жинағында жаряланған мақалаларында осы салаға біраз жетекшілк жасаған Н.Сыздықов пен И.Колчин: "Қазақстанда радио алғаш рет 1923 жылы жұмыс істеді" -дейді. Бірақ олардың қандай дерекке сүйенгені көрсетілмеген. Радиостанцияларды қабылдап таратушы, тек қабылдаушы немесе таратушы болып бөлінетінін ескерсек, олардың тұжырымына күмән көбейе түседі.
Қазақ радиосының тарихын зерттеушілерінің бірі- Р.Сағымбеков "Алматыдан сөйлеп тұрмыз" кітабында : "1912 жылы Александр фортындағы радиостанцияның меңгерушісі Шпанов-Егоров, Түркістан пошта-телеграф округінің жоғары мәртебелі бастығына кезекті шағым жолдап,стансаға іргелес салынған тұрғын үйлерді жөндеуге қаржы сұрайды"-дейді.
Профессор М.Барманқұлов алдыңғы зерттеушілерге қосылып, "Қазақстандағы алғашқы радиостанция 1913 жылы Форт-Александровскіде жұмыс істеді. Ол Ресейдің бұрыш-бұрышындағы 16 радио станцияның бірі еді",-деп жазады.
Қазан револютциясынан бұрынғы патша Ресей тұсындағы байланыстың жүйесін қарастыратын кітаптың (Развитие связи в СССР, М,1967) "Радио байланыс" деп аталатын бөлімшесінде осыған байланысты біраз нәрсе айтылады. Ресейдің пошта және телеграф басқармасына қатысты комерциялық радиостанциялар құрылысы 1909 жылы жаңадан салына бастайды. Оған ашық теңіз үстіндегі корабільдермен байланыс жасау үшін жағалаулардағы радиостанциялар салу жөніндегі халқаралық конвенция түрткі болыпты. Осындай радиотелеграфтық желі Ресейдің оңтүстік бөлігіндегі Форт-Петровскіні байланыстыратын.
Осында келтірілген деректерден шығатын қортынды мен біз жоғарыда талдаған мұрағаттық деректер сәйкес келеді. Егер радиостанца жұмысын 1912 жылы бастаған болса, оған қажетті бөлшектердің жетпеуі жайлы шағымның 1913 жылы жазыуы, тұрғын үйдің тарлығы, жарамсыздығы жайлы екі-үш жыл өткізіп барып шағымдануы заңды құбылыс.
Қазақстанның сол кездегі халқының үштен бір бөлігі қоныстанған Сырдария мен Жетісу губерниялары Түркістан Республикасына қарады. Сондықтанда осы Республиканың орталығы, қазіргі Өзбекстан астанасы, Ташкент қаласында таратыла бастаған радио хабарларды тек өзбек ағайындарға теліп қою біржақтылық болар еді. Өйткені ол округте тұратын барлық халықтардың тұрғылықты тілдерін қолдануы бірдей болған еді. Оған "Радиослушатель" журналында (1928,№ 5) басылған мына бір мақала дәлел бола алады. "Қарақұм қаласынан Ташкентке жергілікті ұлтынан өкіл келді. Ол Ташкеттің радиостанциясына қазақ тілінде хабар тарату өтініш жасады. Болыстың көптеген қыстаулары мен ауылдарында дауыс үдеткіштер мен қабылдағыштар барлық бартын. Радиостанция өз бағдарламасына қазақ тілінде хабарларды енгізді".
Сонымен, Қазан революциясына дейін Форт-Александровскі мен Түркістанда радиостанцалар болды. Олардың жұмысы мынаған саяды.
Біріншіден, радиостанциялардың жалпы халыққа арналған кең аудиториясы болған жоқ. Ұйымдастырушылар мен алдына ондай мақсатты қойған жоқ. Радиохабарды тек байланыс үшін қолданып желілі телеграфты қайталады.
Екіншіден, Радиостанцияалар мемлекетке қарағанымен,шын мәнісінде түрлі ведомостваларға қызмет етті. Олар: әскери және әскери-теңіз,сол сияқты пошта-телеграф ведомоствалары еді. Еліміздің барлық радиостанцияаларын бір мақсатқа бағындыратын,оның дамуын қадағалап отыратын жеке ұйым болған жоқ.
Үшіншіден, Қазақстан жеріндегі балық радиолар негізінен әскери бөлімшелер арасын байланыстыратын желі қызметін атқарды. Олардың әскери байланыстағы рөлімен салыстырғанда шаруашылық, әкімшілік және саяси өмірге араласуы жоқтың қасы еді.[2]
Қазақ радиосының туғын жылын нақтылауда бір мәселенің басы ашық болуы керек. Егер радио мекемесінің толық атауы "Радиовещание", яғни радио тарату екенін ескерсек,радионың алғашқы байланыс құралы ретіндегі рөлін бұған жатқызуға болмайды.
Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1921 жылға 29 кыркүйектегі шешімінің республикалық радионың дүниеге келуіне тікелей әсері болды. Онда қазан айынан бастап Орынбордағы радиостанца арқылы күн сайын 1600 сөзден тұратын өздері дайындаған радиобюллетеньді республикаға тарату құқы берілді. Ендеше 1921 жылдың қазан айын республикалық Қазақ радиосының туған күні деп атауға толық негіз бар. Өйткені бұған дейін ресми түрде ондай құқық беріліп,республика әуе толқынына тараған радио хабар болған жоқ. Дәл осы айдан бастап арнайы кесте (сетка) бойынша республикада жұмыс істеп тұрған радиостанциялар арқылы елді мекендердің барлығына дерлік жүйелі түрде хабар таратылғанын айғақтайтын дәлелдер бар. Мысалы, Орынбордағы орталық станца тәулігіне екі рет белгілі уақытта Мәскеуден берілетін РОСТА-ның хабарын транцляциялады. Ертеңгісін және кешкісін бір сағаттан өздері дайындаған бюллетень түріндегі радиохабарын тарататын.[3]
Радио 1914-1917 жылдарда дүниеге даңқы тараған Қысқы сарайдан саяи-тәрбиелі мәні бар ел зиялыларының сөздерін, патшаның нұсқауларын таратып, радиограммаларды басып шығарып, үлестіріп, ақпараттық-үгітшілдік саясаттың бір қызметін атқарған болатын. Сол тұста Ресейдің отар аймағы болып тұрған Түркі халықтары оның ішінде жерінің асты мен үсті қазынаға толы Қазақ жері патшалық өкімет назарынан тыс қалмады. Бұрата халықты уысына ұстаудың басты құралы етіп радионы пайдаланғандығы тарихи деректерден мәлім.
1912 жылы Форт-Александровскте құрылған радиостанция ақпарат тарату үшін емес байланыс құралы ретінде қызмет атқарды. Ол 1909 жылы теңіздегі корабльдермен байланыс орнатылу керек деген әлем елдерінің конвенциясы негізінде салынған болатын. Соның барысында ашық теңіз бетінде жүрген балықшы кемелерімен, әскери кемелермен байланыс орнатылып, күн райының өзгеруі, теңізден келетін қауіп немесе кемелердің апатқа ұшырағандары жайында ақпараттар беріліп отырды.
Қазақ халқының үштен бір бөлігі қоныстанған Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына қарған болатын. Сол губернияның астанасы Ташкент қаласында да радиостанция жұмыс жасап тұрғандығын жоғарыда айтып өттік. Бұл радиостанция Қазақ тілінде бағдарлама жасап халыққа таратып отырған.
Ал 1921 жылдың қазан айынан бастап ресми түрде Қазақ автономиясының орталық радиосы дүниеге келді. Ол еліміздегі станциялардың барлығына күн сайын хабарларын тарататын. Онда бүкіл өлкенің сан қырлы өмірі, қоғамдық құрылысы,халықтың мәдениеті мен күнделікті тұрмысы жайында ақпараттар берілетін.
Алғашқы қазақ радиосында жұмыс істеген тілшілердің қызметі шамамен мынадай бөлімдерден тұрды:
1. Партия совет аппаратының жұмысы;
2. Жұмысшылардың кәсіби өмірі және еңбек мәселесі;
3. Экономикалық жағыдай;
4. Мәдени-ағарту жұмысы;
5. Қызыл армия өмірі;
6. Тұрмыс хронмикасы.
Радио ұлт басына түскен зобалаң аштық жылдарында цензураға қарамастан жұқалап болса да өз хабаршылары арқылы елдегі жағдайды эфирге шығарды.
Қостанай. 15.ХІІ.- Желтоқсанның 15-іне қарай аш адамның саны 62 000 болды. Көмек мүлдем жеткіліксіз. Мал індетінен төрт ай ішінде 7 000 жылқы өлді, қасқырлар 1 000- нан аса малды қырып кетті, 20 адамды жеді.
Қазақ халқының мәдениетін, тілін, тарихын. дінін тб ұлттық нақыштарын ғасырдан-ғасырға жетелеп, насихаттап келе жатқан радиожурналистика,бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы ретінде қалыптасты. Журналистиканың басқа да салалары тәрізді ол да тарихта өз ізін қалыптастырды. Тәуелсіздік алған тұсқа дейінгі қоғамдық дамуымыз Ресей империясымен байланысты болғандықтан,әрі радионың отаны да сол ел екенін ескеріп, қазақ радиожурналистикасының дамуы да сол елмен сәйкестендіріліп зерттелуде. Ресейлік ғалымдардың тұжырымдамасын негіздей отырып қазақ радиосының даму кезеңдерін, төмендегіндей кезеңдерге бөліп қарастырамыз:
1. Радио бағдарламалардың қалыптасу кезеңі 1921-1927 жж.
2. Тоталитарлық мемлекет радиосы 1927-194 жж.
3. ҰОС жылдарындағы радио 1941-1945 жж.
4. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын
қалпына келтіру кезеңіндегі радио 1945-1950 жж.
5. Тоталитарлық мемлекет
және әлеуметтік тоқырау дәуірі 1950-1985 жж.
6. Қайта құру және жариялылық радиосы 1985-1991 жж.
7. Нарық кезеңіндегі радио 1991ж. - бері қарай
Қазақ радиожурналистикасының пайда болуы,дамуы, нақты қызмет көрсетуі, хабарлар таратуы тікелей РОСТА-ның жұмысымен байланысты өрбіді. Патшалық Ресейдің ықпалымен қазақ даласында Түрік РОСТА-ның құрылуы үлкен жаңалық болды. Түрлік РОСТА-ның міндеттері мен атқарған қызметтері жөнінен зерттеу деректері төмендегіндей: "Түркістан телеграф агенттігі алғашқында ақпараттық хабарларды түр-түрге бөлген жоқ. Олар негізін орталықтан түскен және жергілікті ақпарат болып шартты түрде екіге бөлінді. Орталықтан алынған ақпарат елімізде болып жатқан саяси жаңалықтар,совет үкіметінің дерективалары жөнінде жөнінде түсінік береді. Түрік РОСТА репортерлері жұмысындағы басты міндет тыңдаушыға ақиқат факті жеткізуге болады. Бұқара халықты совет үкіметін орнатуға қатыстыру жолында жүргізіліп жатқан табанды күрес кезінде, шыншыл хабар беруге аса үлкен көңіл бөлді. Жұртты жаңылдыратын материялдар бергеннен гөрі тексеруден өткізіп барып, тарату негізгі принціпке айналды.
Ресейдегі радио қозғалыс өрістеген сайын Түрік РОСТА-ның қызметі де жандана түсті. "Алғашқы РОСТА радиогазеті 1924 жылдың 24 қарашасында эфирге шықты,1928 жылдың ортасына қарай 80 радиогазет, 1930 жылы-300-дей, бұдан басқа фабрика завоттан-179, колхоздардан-100-деген радиогазеттер 29 халықтың тілінде шығып тұрды",-деген деректер келтірілген еді "Әуе толқынында-Қазақ радиосы" атты еңбекте.
"Осы жылдар хабарларын әлеуметтік-саяси бағыттарына қарап төмендегіндей бөлуге болады:
- қоғамдық-саяи;
- ағартушылық;
- көңіл көтерушілік;
Ал пішіндік жағынан:
- радиожиналыс;
- радиотеатр;
- радиоүндесу;
- радиоконцерт"- деп "Қазақ радиожурналистикасы" атты еңбекте қарастырылғанын ескерсек,бұл анықтаманың Қазақ радиосының соңғы жылдардағы хабарларына да қатысты екенін,тіпті көп тұста қайталанып та келгені анық.[4]
Қазақстанда 20-жылдардың басында радиостанциялары бар жерлерде радиоәуесқойлар үйірмелері ұйымдастырыла бастады. Олар әуесқойларға радио ісінің негіздерін оқытумен қатар, детектролық радиоқабылдағыштар жасауды үйретті. Еңбекшілердің бұл бастамасы Қазақстанда, Радио Достар Қоғамын құруға алып келді. Сөйтіп ол радионы насихаттау жөнінде радиоқабылдағыштар жасау мен орнатуда, әуесқойларға көмек көрсету жөнінде, қалалар мен селоларда радиоландыру ісінде үлкен жоспарлы жұмыстар басталды.
Сөйтіп радио шалғайдағы ауылдар мен қалаларды,деревнияларды орталықпен байланыстырда және оларға күн сайынғы еліміздің саяси,мәдени және өнеркәсіптік өміріндегі соңғы жаңалықтарын жеткізді. Әрине олардың дүние танымы да кеңейтілді. Осылайша халықтардың жалпы мәдени және саяси деңгейін арттыра отырып,ол ғасырлар бойы қатып-семген түсінікке қарсы күрес үшін қуатты қару, біздің артта қалған ауыл шаруашылық өндірісімізді айтарлықтай алға бастыратын тұтқа болды. Радиоқондырғыларды деревнияларда молайта отырып, сол арқылы саяси ағарту жүрігізіп қана қоймай. экономикалық қуатын күшейтті.[5]
Кеңес үкіметі алғаш орнай бастаған күннен бастап комунисттік идеологияны халық санасына сіңіру жолында аянбай тер төкті. Бұл орайда қызыл үкімет басшылары, Ресей тәрізді бірнеше ұлт аймақтарынан құралған, әрі сол аймақтармен қатынасудың машақаты бол, жолдары жоқ, ұлан ғайыр империя тізгінін қолдарына алғанда, ең әуелі, сол алыс қыйырлармен байланыс орнатып, ішкі Ресейде орын алып жатқан өзгертулермен хабардар етіп отыруды, және қалың бұқараны тап жауларына қарсы күреске жұмылуға насихаттауда осы радионы қолдануды жөн көреді. Бұған дәлел ретінде Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-револютциялық комитеттің төрағасы болған Пестковскийдің "Таптар күрес" газетіне жазған мына мақаласын ұсынуға болады:
"Мәскеуге партия съезне немесе Кеңестер съезне келген сайын мен Ильичпен көптеген сұрақтар төңірегінде кеңесетінмін...
Осындай әңгімелесу үстінде... мен өзге емес өз тілінде не жаза, не оқи білмейтін көшпелі қазақ ауылдарының арасына партиялық және ағарту жұмыстарын жүргізудің қиындығын айттым. Владимир Ильич ойланып отырып: - Мен сізге практикалық кеңес берейін. Кеңес үкіметінің Конституциясын,Компартияның принціпін,ұлттық саясат туралы бірнеше баяндама ұйымдастырыңыз. Бұл баяндамаларды грамафон күйтабағына түсіру керек. Сонсоң біздің орган арқылы граммафонды көбейтіп алуға болады. Граммафон мен күйтабақты көшпелі қазақ ауылдары арасына үлестіріңіз. Осылайша үгіт пен насихат жұмысының негізін салыңыз"-деді.[6]
Бұдан бөлек ҰОС жылдарында кеңес халқын отанды қорғау жолында жаппай еңбек етуге үндеп, әскерлердің рухын ояту барысында осы радионың еңбегі ерекше зор болды. Күндіз-түні бел жазбай завот стандарында, колхоз шаруашылығында еңбек етіп жүрген қарапайым халық елде, майданда болып жатқан жаңалықтарды осы радио торпатарынан алып отырды. Және үкімет басшыларының жаудан елді азат ету туралы үндеулерін ести отырып, қанша жерден шаршап жүрсе де, еңбекке жаңаша сипатта беріле түсіп, құлшыныстарын арттырды.
Соғыстан кейінгі социалистік құрылыс орнату кезеңінде де радионың ағартушылық міндеті мен қоғамдық сана қалыптастыру және азаматтардың жүрегінде комунисттік қоғам орнатуға деген сенімді нығайтуда бұқаралақ ақпарат құралдарының, оның ішінде радионың орны ерекше болды.
Насихат нанымыңды қалыптастырса, үгіт сендіру арқылы іске жұмылдырады деген орнықты қағида бар. Насихат санаға әсер етеді, үгіт түйсікке күш салады. Дегенмен, екеуінің де түпкі мақсаты бір. Бұдан шығатын қорытынды қандай жағдай болмасын, қай хабар болмасын радио қоғамның жетілуіне, мәдениеттің өсуіне жолбасшы болуға тиісті [7].
ІІ ТАРАУ. КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚ РАДИОСЫ
2.1 Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы радио
Қазақ жеріндегі алғашқы радиостанция 1912 жылы Ресейдегі патшалық биліктің әлсірей бастаған тұсында пайда болды. Ал оның алдағы дамуы Кеңестер тұсында шарықтау шегіне жетеді. Ресей билігіне келген компартияның басшылары радионың қоғам санасына тікелей әсер ете алушы күш екендігіне бірден баса назар аударып. Адамзаттың осы бір жаңалығын өз мүделеріне пайдалануға тырысып бақты. Қазақ жеріндегі радио азамат соғысы кезінде ақ мемлекет тағдырын шешетін айтулы жұмыстар атқарған болатын соларға тоқталып өтер болсақ.
1919 жылы Астрахан өлкесі Уақытша әскери-револютциялық комитеттің төрағасы С.М.Кировтың бұйрығы бойынша Еділ-Каспий флотиласы әскери теңізшілерінің десанттар отряды Александр фортын қолдарына алып, Колчак горнизонын басып алады. Фортта жұмыс істеп тұрған радио еш ақаусыз қызыл әскерлер қолына өтеді, ал ондағы жұмысшылар шифрлардың құпиясын ашып берген. Мұны ұтымды пайдалануды ойлаған С.М.Киров Астраханға жолданған дұшпандардың радиожазбаларын Колчак әскерлері үшін Гурьевке, Деникиншілер үшін Петровскіге эфирге береді. Іле шала құпия депаша түсіп, онда генерал Гришин Алмазов бастаған Деникин әскери делегациясы Гурьевке, адмирал Колчакқа жүріп кеткендігі айтылады. Және Флот комнадасына теңіздегі кемені қабылдап, Гурьевке дейін лесіп баруға бұйрық беріледі. Радисттер генералдар басшылығын күзетке алып, шығарып салатынына сендіреді. Ал 5 мамырда крейзер тоқтатылып, делегация мүшелері мен кемеден табылған құнды құжаттар Астраханға жөнелтіледі. Соның барысында конрреволютциялық күштердің әскери жоспарлары айқындалып, қызыл әскерлерге жаңаша бұйрықтар жеткізіледі.
Екінші мысал, радионың насихаттау құралы ретіндегі өзінің рөлін көрсете білген Орал қаласын қоғау кезіндегі қыйын қыстау шақта, қызыл әскерлерге қолдау беру мақсатында радиотелеграф арқылы Лениннің үндеуі жеткізіледі. Онда ол қаланы қоғаушыларға ыстық сәлем жолдау отырып, тағыда бірер апта қаланы дұшпанға бермей шыдай тұруларын өтінеді. Радио арқылы берілген үнде қаланың қорғаушыларының жеңіске деген сенімін ұлғайтып, жігерін жаниды соның арқасында олар жеңіске жетіп, қыйын-қыстау сәттен аман-есен өтеді.
Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңдерінде Ресейдегі шалғай аймақтармен байланыстың жоқтығы, жолдардың нашарлығы, және көп ұлтты республика халқының басым бөлігінің сауатсыз болуы салдарынан компартия үндеулерін газет арқылы тарату тиімсіздік танытты, ал сымсыз радио хабарлар беру, және оны жергілікті халық тілінде шығару үгіт-насихат жұмысына жаңаша серпін алып келген болатын.
2.2 Соғыс жыдарындағы радионың идеологиялық рөлі
1941 жылдың 22 маусымында, КСРО-ға Герман басқыншылары опасыздықпен басып кірді. Бұл тарихи оқиға Ресей тарихында үлкен өзгерістерге алып келді. Отан соғысының басталуымен көптеген хабар таратушы радиостанцияларды батыстан шығысқа қарай эвакуациялау міндеті жүктелді.
"Соңғы хабардың" ең алғашқы әскери саны неміс фашистерінің Ресейге шабуылы жөнінде үкімет хабарламасынан кейін 45 минуттан соң эфирге шықты. Осындай жедел ақпарат тарата білген ресейлік радиостанциялар 1943 жылы соғысқа дейінгі дәрежесінен асып түскен. Осы алғашқы ақпараттан бастап соғыс аяқталғанға дейін "Совинформбюроның" 7 мың корреспонденциясы берілген. 1941 жылдың 7 қарашасында жау Мәскеудің түбінде тұрғанда Ұлы Қазан мерекесіне арналған парадтың өткізілуі жайында репортаждың радиодан берілгені ел қорғаушыларының қайратын қамшылап, рухын көтеріп, жаңа ерліктерге бастағаны тарихтан мәлім. Яғни, радиоэфирдің қуатты күші, мықты әсері, жүргізер тәрбиесінің ықпалдылығын баян етеді. Тіпті, радиохабардың маңыздылығына, әсерлілігіне көңіл бөлінгендігі соншалықты, Бүкілодақтық радио ақпараттарынан басқа арналарды тындауға рұқсат берілмеген. Сымдық хабар таратушы репродукторлардан басқа радиоқабылдағыштардың бәрін үкіметке өткізу жөнінде шаралар қолданған, өткізбегендерді жазалауға дейін барған. Мұның өзі бір ғана идеологияның үстемдік құруын, басқа насихаттың жүрмеуін қадағалау негізінде, Қызыл армияның даңқына нұқсан келтірмеу жолындағы әрекеттер екені аян.
Бүкілодақтық радионың шығысқа эвакуацияланған себебінен және күшті радиостанциялардың көшірілуінің әсерінен Қазақ жеріндегі радио қызметі де жандана түсті. Қазақстандағы халық майдандағы хабарларды жиі әрі сапалы тыңдап отырды. Жамбыл ақынның "Ленинградтық өрендерім" өлеңінің сонау Ресей қаласының аспанында қалықтауы да осы таратушы станциялар жұмысының әсерінен деуге болады. Мәскеуде Левитанның дауысы қалай саңқылдап, жауды түршіктірген болса, қазақ жерінде Әнуарбек Байжанбаев дауысының құдіретті әсері елді ерлікке, еңсесін түзеуге шақырды.
1943 жылдың 1 тамызынан бастап Бас қолбасшының кеңес жауынгерлерінің жеңісін жариялаған бұйрықтары беріліп тұрды. Бұйрық оқылған соң артиллериядан салют берілді. Соғысқа дейінгі музыка және әдебиет бөлімі кейін бірігіп, әдеби драмалық хабарлар бөлімі деп аталды. Олардың негізгі жанры публицистика мен деректі проза болды. Осы кезде радиофельетон, памфлет дамыды. Жауынгерлік радиопублицистика өріс алды. "Әдеби күнделік" деп аталатын, айына бір рет шығатын жаңа радиохабар пішіні пайда болды. Оған қатысқан журналистер, әдебиет өкілдері қоғамның келелі мәселелерін сөз етіп, сахна саңлақтары да радиодан жиі өнер көрсетті. "Мәскеу театры - фронтқа" деген айдармен радиоспектакльдер беріліп тұрды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы хабарлар әсері отандас әскерлерге қуат қосып, ерліктерге жігерлендіріп отырған. Сол қаһарлы соғыстың бағыт-бағдарын халқымыз бақылап, жеңістерге куанып, жеңілістерге күйініп отырғандықтары жайлы бүгінгі күнге дейін айтылып, жазылуда.
Гитлерлік Германияның жеңілуіне жүргізіліп отырған идеологияның белсенді құралы бола алған Қазақ радиосының да қосқан үлесі зор. Сол жылдардағы Қазақ радиосынан берілген хабарлардың мазмұндық, жанрлық, пішіндік ерекшеліктері молыға түскен. Көбінесе елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қысқа ақпараттар берілген. Мысалы, 1943 жылдың 13 шілдесінде берілген ақпарат мазмұны келелі бір радиоочерк немесе радиосуреттемеге негіз болатындай:
"Ұлы Отан соғысы кездерінде 1941 жылдың 12-14 маусым күндерінде Қазақстаннның астанасы Алматыда 336 атқыштар дивизиясы құрылды. Дивизия атақты Чапаевтың үзеңгілесі генерал-майор Панфиловқа тапсырылды. Генерал дивизияға жауынгерлік тәрбие беріп, 18 тамызда майданға аттанды. Бауыржан Момышұлы сияқты командирлер тәрбиелеп өсірді, политрук Мәлік Ғабдуллин мен қызыл әскер Төлеген Тоқтаровқа Совет Одағының Батыры атағы берілді", - (ҚазТАГ) делінген.
Сонымен қатар майданға материалдық көмек көрсетіп жатқан тылдағы еңбеккерлер ерліктері жайлы да көптеген хабарлар берілген. Семей облысы, Абай ауданы Қызыл адыр колхозының тұрғыны, 110 жастағы Тоқтай есімді қарияның сөзі берілген: "Германияның жендеттері елімізге бас салғанда мен өзімнің 11 баламнан тараған 40 немереме елін қорғау үшін аянбай күрес деп нұсқау бердім. Немерелерім менің бұл өсиетімді орындады. Олардың бәрі де ордендер мен алғыстар алып қайтты...". Міне, бұл хабарда сол тұстағы идеологияның қуатты күші байқалады. Мұндағы бір ғана отбасының ерлікке пара-пар өмірі үлкен бір очеркке немесе әдеби туындыға өзек болар сөзсіз.
Соғыс кезіндегі радиохабарлары көбінесе митингтік, насихаттық түрде берілетін. Соның бірі - ақын Виктор Гусевтің "Тыңда, фронт!" атты күн сайын бір сағаттан берілетін бағдарламасы. Майдандағы бауырласқан, бір мақсат үшін күресіп жатқан жауынгерлер ерліктері тақырып болған небір тамаша өлеңдер, әндер, пафосқа толы туындылар соғыс кезіндегі радиопублицистиканың көрнекті мысалдары бола алады. Тіпті, "Евгений Онегин" операсынан үзінділер берілуі, "Василий Теркин" поэмасынан, "Соғыс және бейбітшілік" романынан бөлімдердің оқылуы, әрине, үлкен рухани күш бергені анық. Музыкалық хабарлардың көптеп берілуі де жауынгерлерді жеңіске бастады. Мысалы, Ресей әскерлері "Священная война" әнін салса, қазақ жауынгерлері "Жас қазақ" әнін шырқады. Әр тілде, әр жүректе айтылғанымен жеңіске жетуге деген арман ортақ болатын.
1942 жылдың 1 маусымында партизандарға арналған бағдарламаның алғашқы саны шықты. Жер-жерде партизандық күресті дамыту арқылы да кеңес әскерлері көп жеңіске жеткен. Сондықтан мұңдай хабардың ашылуы қажеттіктен туған. Майдан шептерінен жеткен жеңістерді хабарлап, партизандардың еңсесін көтеретін радиотуындылар берумен бірге "Партизандарға кеңес", "Қалай жаудың қатынас құралдарын жою керек?", "Маскировка жасау шеберлігі" т.б. айдарлардың өз тыңдармандарына көп көмегін тигізгені ақиқат. Сонымен бірге радиодан туған-тусқандардың, жолдастардың бір-біріне амандық білдірген хаттары да берілді, мұның өзі пошта қызметінің мүмкіндігі жоқ кезде адамдарды моральдық тұрғыдан демеуге көмек берді. Осы кезде тылдағы адамдар да майдандағы жауынгерлерден кем қалмай еңбек майданында күресті. Сондықтан, көптеген хабарлар беріліп, айдарлар ашылып, еңбек жеңістерінен хабардар етіп отырған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz