Коммерциялык емес уйымдар туралы жалпы ережелер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1. Коммерциялык емес уйымдар туралы жалпы ережелер . . . 6

2. КЕҰ-ды заңды тұлға ретінде тіркеудегі артықшылықтар мен кемшіліктер . . . 24

3. Қазақстан Республикасында коммерциялық емес ұйымды құру үшін ұйымдастыру-құқықтық нысанын таңдау . . . 31

4. Қазақстан Республикасында коммерциялық емес ұйымды құру және тіркеу . . . 40

5. Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдарға салық салу . . . 47

Қорытынды . . . 51

Пайдаланылған әдебиет . . . 53

Кіріспе

Кез келген тауарларды өндіру, қызметтер көрсету, игіліктер шығындармен байланысты болғандықтан, қызметтің аталған түрлері олардын ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз ету үшін қаржыландырылуы тиіс. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қызметін қаржыландырудың көзі де әр түрлі болып келеді.

Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әркайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен коммерциялық қызметке тән функцияларды айқындайтын құрылымдарды кіріктіреді. Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпорындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйымның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі. Мұндай өнім өндіріс шығындарын жабатын және нормаланатын деңгейде пайданы (таза табыс) қалыптастыратын бағалар бойынша: қолайлы өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету және ұйымның - кәсіпорын иесінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін сатылады. Сөйтіп, өнім, әдеттегідей, бәсекелік рынокқа шықпайды, коммерциялық ұйымның ішінде қолдануға арналады (әскери-өнеркәсіптік кешен өнімі, медициналық техника мен саймандар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, мамандандырылған өнімнің басқа түрлері) .

Алайда шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесі өндіріс, айналыс сферасындағы анық шекараларды анықтамайды және экономикада болып жатқан өзгерістер бірқатар коммерциялық емес салалар қызметінің уәждемесінде бейнеленеді. Олардың көптеген құрылымдары өзінің өнімімен және қызметтерімен ашық рынокқа шығады, сөйтіп, өз құрылымының және жалпы осы сала жүйесінің жақсы дамуын қатамасыз етеді. Мысалы:білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің ақылы қызметтері кеңінен дамып отыр. Ал сыныптау мен қаржыландыру критерийлері бойынша бұрын аралық жағдайда болған халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты салалар коммерциялық негіздерге көшті. Пәтер меншіктенушілердің кооперативтерін ұйымдастырумен тұрғын үй секторын коммерцияландыру кезеңі аяқталды. Осы сияқты трансформациялаулар (түрлендірулер) қызметтің коммерциялық емес түрлерінде пайдаланылатын қаржылық ресурстардың құрамы мен құрылымына әсер етеді.

Коммерциялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелерді қаржыландырудың көздерін бұл құрылымдардың жұмысына мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады.

Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, орғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Басқа бағыттарда мемлекет қадағалаушы-үйлестіруші рөлді жүзеге асырады, ал қаржыландыру көздері мемлекеттік арнаулы бюджеттен тыс қорларда орталықтандырылатын шаруашылық жүргізудің барлық субъектілері аударатын қаражаттардың міндетті аударымдары бояып табылады. Бұл, мысалы Қазақстанда 1998 жылға дейін әлеуметтік қамсыздандыруды (Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы), медициналық сақтандыруды (Медициналық сақтандыру қоры арқылы) қаржыландыру үшін қолданылды. Қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыруда мемлекет ерекше орын алады: өндірістің экологиялық зиянды жағдайлары бар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттарын жұмылдыру бойынша мәжбүрлеуші іс-шараларды қолданады. Осылайша, өтемақы немесе мекендеу ортасын қалпына келтіру бойынша шараларды қаржыландыру үшін Табиғатты қорғау қоры қалыптастырылады.

Мемлекет әлеуметтік міндеттемелермен кепілдендірілген деңгейлердегі білім беру мен денсаулық сақтауды қаржыландыру жөніндегі шығындарды өзіне алады.

Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Бұл мұндай зерттеулердің нәтижелері дереу нәтиже бере қоймайтындықтан, ұзақмерзімнен кейін қолданылуы мүмкін болатындықтан барып шығады, ал олардың маңыздылығы қоғамның болашақ дамуы үшін өте айтарлықтай.

Бюджеттік ресурстар сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле- және радиостудияларды, киностудияларды және т. б. қолдап отыруға пайдаланылады.

Берілген «Комерциялық емес ұйымдар» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспенден, 5 бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Курстық жұмыс барысында қойылатын мақсаттар: комерциялық емес ұйымдардың жұмысын зерттеу және оларды құрудың негізгі ережелерімен танысу.

  1. Коммерциялык емес уйымдар туралы жалпы ережелер

1. Коммерциялық емес ұйымның мәні, коммерциялық ұйымнан айырмашылығы, мемлекеттік емес және мемлекеттік коммерциялық емес ұйымдардың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының (ҚР) Азаматтық кодексі (АК) коммерциялық емес ұйымға (КЕҰ) өз қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіру болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөліске салмайтын ұйым ретінде анықтама береді. Азаматтық кодекс коммерциялық ұйымды өз қызметінің негізгі мақсатын табыс келтіру көздейтін ұйым ретінде анықтайды. 1 Осылайша, КЕҰ мен коммерциялық ұйым арасындағы айырмашылық деп (1) КЕҰ-ның қызметінде табыс келтіруден басқа мақсаттарының болатындығы; (2) КЕҰ үшін табыс келтіру қызметінің негізгі мақсаты бола алмайтындығы; (3) КЕҰ-ға қатысушылар арасында таза табысты үлестіруге тыйым салынғандығы. Одан әрі айырмашылық ерекшеліктердің әрқайсысы жеке қарастырылады.

КЕҰ-дың коммерциялық ұйымдардан елеулі өзгешелігі - біріншісін табыс келтіру мақсатынан ерекшелейтін белгілі бір мақсаттарының болуы керектігі болып табылады. (оны көбінесе жарғылық деп те атайды) . ҚР-ның «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңының 4 бабында КЕҰ-ның мүмкін болатын бірнеше жарғылық мақсаттары көрсетілген, бұл - «әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқарушылық мақсаттар; азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, дау-дамай мен келіспеушілікті шешу; азаматтардың рухани және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту; заңгерлік көмек көрсету». Сөз жоқ, КЕҰ жүзеге асыра алатын барлық мақсаттарды қандай да болсын бір заңнамалық кесім аясында қамтып шығу мүмкін емес, олардың негізінде қоғамда туындап отырған және әлі де туындай беретін сан түрлі зор әлеуметтік талаптар мен коммерциялық емес мүдделер жатады ғой. Сондықтан «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңда көрсетілген тізбенің жеткіліксіз болып табылатындығы және КЕҰ-дардың «қоғам игілігі мен өз мүшелерінің (қатысушыларының) игілігіне бағытталған» басқа да мақсаттарда құрыла алатындығы айтылған.

КЕҰ-дың коммерциялық ұйымдардың басқа айырмашылығы КЕҰ үшін қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді талап етпейтіндігі. Іс жүзінде жүзінде КЕҰ өзінің қызметін құрылтай құжаттарында өзі белгілеген мәні мен мақсаты аясында жүзеге асырады. 2 КЕҰ-ның мәні мен қызметінің мақсаттары оның құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін. Мәселен, ҚР Экологиялық кодексінің 14-бабында экологияны қорғау саласына қатысты қоғамдық бірлестіктерге арналған бірқатар арнайы құқықтар бекітілген; алайда бұл құқықтардың көпшілігін жарғылық мақсатына басқалармен бірге қоршаған ортаны қорғау мәселесі кіретін қоғамдық бірлестіктер ғана пайдалана алады.

КЕҰ-дың коммерциялық ұйымдардан тағы бір басты айырмашылығы таза табысты қатысушылар арасында үлестіруге заңнамалық тиым салынуы болып табылады. Таза табыс деп мемлекетке барлық салықтық және салықтан тыс төлемдерді тапсырғаннан артылған, соның ішінде салықтан босатылған ақшалай табыс деп түсіндіріледі.

Таза табысты үлестіруге тыйым салу КЕҰ-ның құрылтай құжаттарына сәйкес алдын ала қарастырылмағанын, немесе іс жүзінде қатысушыларына таза табыстан ақша төлей алмайтындығын көрсетеді. КЕҰ-ның қызметінен түскен таза пайда жарғылық мақсаттарды іске асырумен байланысты шығындарды өтеуге кетеді. Егер заңнамада қарастырылса КЕҰ-ның жарғылық мақсаттарының шеңберінде қатысушыларға қызмет көрсету және басқа да игілікті шаралардың мұндай тыйымнан тысқары болатынын атап айтқан жөн. Тұтынушылар кооперативі сияқты осындай КЕҰ-дар, жекеменшік мекемелер немесе акционерлік қоғамдар өздерінің қатысушыларының арасында заңнамамен бекітілген жарғылық мақсаттар шеңберінде экономикалық тиімділікті үлестіреді. КЕҰ-ғы «қатысушы» термині заңнамалық тұрғыдан анықталған, алайда ҚР-ның «Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңында көбінесе «мүше» немесе «құрылтайшы» терминдеріне ұқсас мағынада қолданылады. «Қатысушы» термині мүше болмаған КЕҰ-дың ұйымдастыру-құқықтық нысандарында қолданылады. Іс жүзінде көбінесе КЕҰ-мен қарым-қатынасы реттелген КЕҰ-дар қызметіне атсалысушыларды, құрылтайшыларды, мүшелерді, басқа да тұлғаларды қатысушы деп түсінеді.

КЕҰ-да табыс келтіруге бағытталған «негізгі мақсатының» болмауын оның кәсіпкерлікпен айналысуына толық тыйым салу деп түсінбеу керектігін атап айтқан жөн. КЕҰ-дар кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарының сәйкестігі шегінде ғана айналыса алады. 3 Заңнамада «жарғылық қызметке сәйкестік» ұғымы нақтылы реттелмеген. Тәжірибе жүзінде КЕҰ-дардың көбінесе жарғылық мақсатқа қарама-қайшылық туғызатын қызметпен айналыса алмайтындығы аңғарылады. Мысалы, балалар қоғамдық бірлестігі спирттік ішімдіктер мен темекі түрлерін сатумен айналыса алмайды.

ҚР-ның заңнамасы КЕҰ-ды мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі. Мемлекеттік емес КЕҰ азаматтардменан және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен құрылатын КЕҰ болып табылады. Олардың қатарына барлық қоғамдық және діни бірлестіктер, пәтер иелерінің кооперативтері, тұтынушылар кооперативтері, адвокаттар коллегиялары, аудиторлар палаталары, қоғамдық қорлар, жекеменшік мекемелер кіреді. КЕҰ-дың жекелеген түрлері, мысалы мемлекеттік қорлар, тек мемлекеттік қана болуы мүмкін.

Тәжірибе жүзінде және заңнамада «мемлекеттік емес ұйым» деген терминнің қолданылатынын ескерген жөн.

ҚР-ның «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» жөніндегі заңында берілген анықтамаға сәйкес, мемлекеттік емес ұйымға жататын КЕҰ-дар ҚР-ның заңнамасы негізінде (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда), ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтардан және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардан ерікті түрде құрылады. 4

Сонымен қатар ҚР-ның бірқатар заңдарында «мемлекеттік емес» деген термин Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік және халықаралық мемлекеттік емес коммерциялық емес мекемелерді белгілеу үшін қолданылады. 5 Тәжірибе жүзінде Қазақстанда бұл термин КЕҰ-ның синонимі ретінде қолданылады. Арнаулы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік коммерциялық емес ұйым құрылып, және бұл мекеменің ресми мемлекеттік емес болып аталу жағдайы белгілі. 6

2. Коммерциялық емес ұйымдардың мәртебесін реттейтін заңнама жүйесі:

КЕҰ-ның құрылуы, қызметі қайта құрылуы мен таратылуына қатысты жалпы мәселелер. ҚР-ның АК-мен реттелуі ҚР АК-де коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдар арасындағы айырмашылықпен бірге КЕҰ-дың негізгі ұйымдық-құқықтық нысандары анықталған.

АК-тің 2 тарауындағы VII бөлімі КЕҰ-ға арналған және коммерциялық емес ұйымдардың негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарына қатысты ережелер мен нормаларды қамтиды.

ҚР-ның коммерциялық емес ұйымдар туралы заңы 2001 жылдың 16 қаңтарында қабылданды. Ол мемлекеттік емес және мемлекеттік коммерциялық емес ұйымдардың жұмысын реттеуді «қалыпқа түсірген» құқықтың нормативтік кесім болып саналады. Осы заң баптарының басым көпшілігі КЕҰ-дың барлық ұйымдық-құқықтық нысандарына, түрлеріне кеңінен қолданылады. Онда қызмет мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, КЕҰ-дың құрылуына, қызметіне, қайта құрылуы мен таратылуына қатысты арнайы ережелер «Коммерциялық емес ұйымдар» туралы заңда АК-ке қарағанда қор мен заңды тұлғаларды біріктіретін ассоциация (одақ) сияқты жекелеген түрлерінің ұйымдық-құқықтық нысандары едәуір нақтыланып реттелген.

Қазақстандағы КЕҰ-дың ұйымдық-құқықтық нысандарына және жекелеген түрлеріне қатысты арнаулы заңдар қабылданған. Оның қатарында 1992 жылғы 15 қазанда қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы, 1993 жылғы 9 сәуіріндегі «Кәсіптік одақтар туралы» заңы, 1996 жылғы 31 мамырында қаабылданған «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң,

2002 жылғы 15 шілдесіндегі «Саяси партиялар туралы» заңы, 1997 жылғы

16 сәуіріндегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң, 1994 жылғы 21 шілдесіндегі «Ауылдық тұтыну кооперациясы» туралы» заң және 2001 жылғы 8 мамырдағы «Тұтыну кооперативі туралы», 2003 жылғы 8 сәуіріндегі «Суды пайдаланушылардың ауылдық тұтынушылар кооперативі туралы» заң бар. Қазақстан Республикасының заңнамасында 2003 жылғы 8 мамырындағы «Акционерлік қоғам туралы» заңын ерекше атаған жөн, өйткені онда «Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырған жағдайда» акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанында коомерциялық емес ұйым құрыла алатындығы қарастырылған.

Жоғарыда санамаланған заң құжаттарын КЕҰ-дың түрлері мен ұйымдастыру-құқықтық нысандарының құрылуына, мемлекеттік тіркелуіне, қызметіне, қайта құрылуы мен таратылуына байланысты барлық мәселелерді жеткілікті түрде нақтылып реттеп берді.

Қоғамдық бірлестік заңнамада едәуір реттелген коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарында қоғамдық бірлестіктердің жекелеген түрлері жөнінде арнаулы ережелер бар. Мәселен, 2010 жылғы 4 маусымындағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңда тұтынушылар бірлестігі реттеледі («қоғамдық бірлестік» ұйымдастыру-құқықтық нысаны ретінде тіркеледі) .

2005 жылғы 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңда - мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, 2004 жылы 7 шілдесіндегі «Жастар жөніндегі мемлекеттік саясат» туралы заңда - қоғамдық бірлестіктер түріндегі жастар ұйымдары; ҚР Экологиялық кодексінде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер жөніндегі заңдарда реттеледі.

Бұл заңдар қоғамдық бірлестіктердің тиісті түрлерін құруға, мемлекеттік тіркеуге, басқаруға, қайта құруға немесе жоюға қатысты бір арнаулы ережелер тағайындамайды, олар тек тиісті қызмет саласына сәйкес арнайы құқықтар мен міндеттерді ұсынады немесе мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді белгілі бір түрде қарастырады.

Сондай-ақ экономиканың жекелеген салалары мен тармақтарының арасындағы қатынасты реттейтін көптеген заңдарға, тиісті салаларға қызмет атқаратын заңды тұлғалардың бірлестіктерін құру мүмкіндігін қарастыратын арнайы ереже қосылады. Мәселен, заңды тұлғалар аасоциацияларын (одақтарын) құру туралы ереже 1995 жылғы 31 тамыздағы «Банктер және банк қызметі туралы» заңда, 2000 жылғы 25 желтоқсанындағы «Ауыл шаруашылық серіктестері мен олардың ассоциациялары (одақтары) », 2001 жылғы 13 шілдедегі «Туристік қызмет туралы», 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңда орын алған.

Жеке кәсіпкерлерді және (немесе) заңды тұлғаларды қауымдастық (одақ) түрінде біріктіруге арналған бұл заңдарда Азаматтық кодекстің 110 бабымен салыстырғанда қандай да бір арнайы ережелер мен нормалар жоқ, олар тек қауымдастықтардың (одақтардың) әрбір нақтылы жағдайға қатысты қызметінің мақсаты мен мәнін айқындайды.

1997 жылғы «Нотариат туралы» заң, 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» заң, 1998 жылғы 28 қарашадағы «Аудиторлық қызмет туралы» заң, 2000 жылғы 30 қарашадағы «Бағалау қызметі туралы» заңдар жеке топты құрайды. Бұл заңдардың әрқайсысы нотариустарды, адвокаттарды, аудиторлар мен бағалаушыларды жеке құқықтық коммерциялық емес ұйым түрінде құруды мемлекеттік тіркеу қызметін, қайта құрылуы мен жойылуына байланысты мәселелерді реттейді.

Сондай-ақ, 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңды ерекше бөле жара айтуға болады. Онда кәсіпкерлер бірлестіктеріне (мемлекеттік ереже тәртібімен аккредитацияланған) кәсіпкерлердің құқығына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптамадан өткізуге арнайы құқық беріліп, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің нормативтік актілер жобаларын сараптамадан өткізуге міндеттілігін жіберуге анықталды.

3. Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары

ҚР-ның заң құжаттарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар тек белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысандарының негізінде құрылуы мүмкін. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңда бұлардың қатарында қоғамдық бірлестіктер, қорлар, заңды тұлғалар қауымдастығы (одақтары), тұтыну кооперативтері коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, пәтер иелерінің кооперативтері, нотариалдың палаталары, адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы, сауда-өнеркәсіптік палатасын жатқызады. 7

Сонымен қатар ҚР АК-і КЕҰ-дың осындай ұйымдық-құқықтық нысанын жеке кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастыққа (одаққа) бірігуі ретінде қарастырады. КЕҰ-ның басқа ұйымдық-құқықтық нысандары заңнама актілері бойынша енгізіледі. 8

КЕҰ-дың ұйымдық-құқықтық нысандары өзара қызметінің мақсаттары мен сипаттарына қарай, қатысушылар құрамына мүше болу болмауына, мүліктің қалыптасуы мен оған билік ету, басқару және бақылау жүйесіне және басқа да бірнеше өлшемдерге байланысты ерекшеленеді, сондықтан олардың әрқайсысына түрлі құқықтық реттеу тәртібі қолданылады. Кейбір жеке коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары, атап айтқанда қоғамдардық және діни бірлестіктер, тұтыну кооперативі бойынша бүгінде арнайы заңңдар қабылданып, қолданылуда, ал басқа нысандар бойынша мұндай заңдар қабылданбаған. Бір ұйымдық-құқықтық нысанындағы КЕҰ-дар қызметінің жарғылық мақсаттарынан тыс, мүшелік құрамына және бірқатар басқа белгілеріне қарай бірлестіктер арасынан саяси партияларда кәсіптік одақтар, тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдары, 9

Заңнамалық актілерге конституциялық заң, ҚР Президентінің жарлықтары, кодекстер, заңдар, ҚР Парламентінің қаулылары, Сенат пен Мәжіліс қаулылары жатады. (ҚР-ның «Нормативтік актілер туралы» заңының (24. 03. 1998) 1 бабы. ұлттық мәдени орталықтар ерекшеленеді. Олардың кейбіреуінің құрылу ерекшелігі, қызмет ерекшелігі арнайы заңдармен реттелуі мүмкін.

Бір ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық құқықтық нысандары мен түрлерін ажырата білу керек (елеулі айырмашылықты ұйымдық-құқықтық нысандарына КЕҰ-дың ресми атауының құрамдас бөлігі ретінде сілтеме берілуі тиіс) . 10

Әрі қарай біз жекелеген коммерциялық емес ұйымның мәселелерінің құқықтық реттеуін неғұрлым тиянақтырақ қарастыратын боламыз.

Қоғамдық бірлестіктер

Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың ҚР заңнамасына қайшы келмейтін ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін ерікті бірлестік нәтижесінде құрылған ұйым болып табылады. 11

Бұл анықтауыш КЕҰ-ның ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде қоғамдық бірлестіктің мынадай айырмашылықтарын ерекшелеуге мүмкіндік береді. Біріншіден, қоғамдық бірлестік азаматтардың бірлестігі болып табылады. Бұл бір жағынан алғанда заңды тұлғалар оны құруға бастамашы да, мүше де бола алмайтындығын көрсетеді. Екіншіден, бірлестік ерікті болу керек және бірлестік құқығын іс жүзіне асыруға қызмет етуі керек.

Азаматтар бірлестіктерді қалай құруға құқылы болса, солай құрмауға да және құрылған бірлестіктерге кірмеуге де құқылы екендігі осы ұйымдық-құқықтық нысаны шеңберінде олардың конститутциялық құқықтары жүзеге асырылады. Үшіншіден, бұл - ұйымдық-құқықтық нысанының маңызды белгісі бірігуші азаматтардың мүдде ортақтығы болып табылады. Қоғамдық бірлестік, ең алдымен, ақшалай қаржымен мүліктің бірігуінен емес, азаматтардың ортақ (жақын) мүдде тұрғысынан күш біріктіруі және онда бірлескен қатысушылардың (мүшелердің) өз ұйымының қызметіне қатысуы қарастырылған. Төртіншіден, қатысушылар үшін ортақ мақсатты таңдау тек заңнама тұрғысынан тікелей тыйым салу арқылы шектелуі мүмкін (мысалы, бір ғана мақсаты пайда келтіру болуы мүмкін емес) . Қоғамдық бірлестікте ұйымға мүше болу үшін құрылтай құжаттарына өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Мүшелікке қабылдау тәртібі құрылтай құжаттарында реттеліп, ереже бойынша азаматтық мүшелікке қабылдау жөнінде берген өтінішінен кейін бірлестіктің жоғарғы органында қаралып, мүшелікке қабылдау жөнінде шешім шығарылады. Әдетте ұйымнаң барлық мүшелері бірдей құқықтар мен міндеттерді пайдаланады. Мүшелердің бірлестік қызметіне қатысы кіру және мүшелік жарналаларын төлеу арқылы жүзеге асырылады, алайда кіру және мүшелік жарнаны төлеу талабы бірлестіктер үшін барлық міндетті емес. Жарнаны төлеу мәселесін, оның мөлшерін және мерзімін т. б. ұйымның өзі шешеді. Қоғамдық бірлестіктің басқа КЕҰ-дың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарағанда маңызды ерекшелігі - бірлестіктің таралу аумағының шектеулілігіне қатысты заңды құжаттың бекітілуі қызмет ету аумағына байланысты қоғамдық бірлестік республикалық, өңірлік немесе жергілікті дәрежеде болуы мүмкін.

Республикалық мәртебе алу үшін қоғамдық бірлестік ҚР-ның тең жартысынан артық облыстар аумағында филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеуге тиіс; өңірлік мәртебе үшін - тең жартысына жуық облыстар қамтылады. 12

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде
Заңды тұлғаның жарғысында
Халықаралық есептеулер формасы
Заңды тұлғалар құқығы
Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері
Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
Заңды тұлға азаматтық құқық субъектісі ретінде
Заңды тұлғаны тарату тәртібі
Заңды тұлғалардың таратылуы
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz