Заңды тұлғаның ұғымы, түсінігі


Мазмұны:

Кіріспе 3

I - тарау.

1. Заңды тұлғаның ұғымы, түсінігі 5

1. 1 Заңды тұлға ұғымы және құқық субъектілігі 5

1. 2 Заңды тұлғаның құрылуы, қайта құрылуы және таратылуы 16

1. 3 Заңды тұлғаның түрлері мен ұйымдық - құқықтық нысандары 28

II - тарау.

2. Заңды тұлғаның атауы және белгілері 47

2. 1 Заңды тұлғаның атауы 47

2. 2 Заңды тұлғаның белгілері 55

Қорытынды 59

Қолданылған әдебиеттер тізімі 61

Кіріспе

«Заңгердің қалыптасуы тек азаматтық

құқықты оқумен қамтамасыз етіледі»

Рене Давид

Экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз функцияларын орындайтын жеке және мемлекеттік меншіктің үйлесуі мен өзара әрекеттесуімен бәсекелестік бастауларға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыруға мемлекетіміздің ұстанған бағыты тиісті инфрақұрылым және соның ішінде нарықтық құқықтық қатынастардың аса маңызды қатысушылары - заңды тұлғалардың мәнін түсінуге өркениетті ыңғайларды құру міндетін алға тартады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: «Біз қазіргі кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып, соңғы жеті жылда қалыптасқан нарықтық экономикамызға серпін беретін шараларды қабылдауымыз қажет. Бұл шаралар өсіп - есейіп, әрі қарай өркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай қажет» деп атап өтті.

Нарықтық экономикаға көшу мүліктік қатынастардағы азаматтардың құқықтық мәртебелерінің өзгеруіне әкеп соғып, шаруашылық өмірдің дамуы азаматтық құқық субъектілерінің бірі - жеке тұлғалардың құқықтық реттелуіне ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.

Заңды тұлғаның құрылымының өзін, оның ұғымын, белгілерін, осы феноменның даму тарихын, сол сияқты ұйымның жекелеген нысандарының құқықтық жағдайын зерделеуге, шын мәнінде, әрі ғылыми-теориялық, сол сияқты оқу қолданбалы, кешенді әрі арнаулы кең көлемді еңбектер арналған.

Дипломдық жұмыстын жалпы мақсаты заңды тұлғаның түсінігін және белгілерін ашып түсіндіру. Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде мен, заңды тұлғаның ұғымы, құқық субъектілігі, заңды тұлғаны құру (құрылуы, қайта құрылуы және таратылуы) және түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысанына тоқталып өттім. Сонымен бірге материалдардың жүйелілігі, негізінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі баптардың орналасу тәртібіне сәйкес келеді. Ал екінші бөлімінде заңды тұлғаның атауы мен белгілерінің ерекшеліктерін қарастыру жоспарлануда. Қазақстанда бұл мәселелерге Басин Ю. Г., Грешников И. П., Диденко А. Г., Жакенов В. А., Жанайдаров И. У., Климкин С. И., Маметова Р. А., Мукашева К. В., Мұханова А. А., Покровский Б. В., Сүлейменов М. К., Ташмұхамбетова Ш. Ж., Худяков А. И және басқа авторлар өз еңбектерін арнаған.

Дипломдық жұмысты жазу барысында мен, Басин Ю. Г., Грешников И. П., Климкин С. И., Мукашева К. В., Мұханова А. А., Сүлейменов М. К., сияқты авторлардың еңбегін пайдаландым.

Дипломдық жұмыстың мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен (екі тараудан), қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттен тұрады.

1. Заңды тұлғаның ұғымы, түсінігі

1. 1 Заңды тұлға ұғымы және құқық субъектілігі

Азаматтық құқықтың негізгі субъектілерінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 бабының 1тармағының 1бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларында берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз.

Жоғарыда айтылып кеткен анықтама тым дәстүрлі болып табылады. Салыстыра кетейік: заңды тұлғалар деп оқшау мүлкі бар, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алатын және міндеттер атқара алатын, сотта, төрелік сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады (ҚазКСР АК-тің 23 бабы) . Тағы бір нұсқаны көрелік: заңды тұлға деп меншігінде, толық шаруашылық иелігінде немесе жедел басқаруында оқшау мүлкі бар, өзінің міндеттемесі бойынша осы мүлкімен жауап беретін және сотта, төрелік сотта өз атынан сөз сөлейтін ұйым танылады. Заңды тұлғалар мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие бола алады (1991 жылғы 31 мамырдағы КСР Одағы мен республикалардың Азаматтық заңнама негіздері 11 бабы, 1 тармағы) .

Сонымен, жаңа Кодексте ұсынылған анықтама іс жүзінде 1963 жылғы АК-тің, сол сияқты 1991 жылғы АК-тің негіздерінің идеясы мен рухын сақтап қалды. Бұрынғыдай біз заңды тұлғаның өз атынан құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігі туралы, оның іс жүргізушілік құқық субъектілігі туралы сөз етілгенін көреміз. Сондай-ақ, АК-тің негіздермен қатар, анықтамаға заңды тұлғаның өз міндеттемелері бойынша оқшау мүлкімен жауаптылығы туралы ереже де «ауысты».

Заңды тұлға - мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары мен міндеттер берген субьект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық - құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының тәжірибелік маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».

Құқұқтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерінде бір мағыналы анықтамасы жоқ.

Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған -ды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болады.

Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А. В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиетеріне «ұжым теориясы» деген атпен енді. [6. 39б]

Қазіргі уақытта тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның «мақсатты мүлік ретіндегі» анықтамасын атап көрсетуге болады. Е. А. Сухановтың пікірі бойынша « . . . осы заманғы коммерциялық тәжірибеде азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін «мақсатты мүлік» теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті». [10. 76б]

Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған - жалған теория және шыңдық теориясы, бұларға ортақ нәрсе - ұжымдық құрылымдардың құқық субьектілерін дәлелдеу.

Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері XXI ғ. пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы К. Ф. Савиньидің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субьектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдалған. Оның тұжырымдамасы мынаған негізделеді: Заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субьектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері - жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болып қала береді.

Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. [5. 78б]

Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.

Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі қағидасы болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д. Маршалдың корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен практикада мәлім болды: «Корпорация дегеніміз - бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым». [5. 78б]

Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретінде, әлде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.

Шын мәнінде, Гирке де «нақты» одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра отырып, Савиньи ұстанған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқықтық тәртібі мен құқықтар мен міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.

Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде түсінеді. [19. 37б] Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермеуді артық көреді. (ФРГ-де 1978ж. дейін «заңды тұлға» деген терминнің өзі болған емес, Италияның АК-де 1942ж. заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектелген. Мәселен, Швейцарияның 1907ж. Азаматтық заңдар жинағының 54 бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрмасы ретінде анықтайды.

Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің Азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865ж. Азаматтық кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді: «Құқықтарды жүзеге асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады». Колумбияның, Сальвадордың, Эквадордың Азаматтық кодекстерінде де осындай анықтамалар бар.

Жоғарыда келтірілген заң тәжірибесінің негізінде заңды тұлға институты азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.

Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық - құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.

Сонымен жоғарыда айтылып кеткендей заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33 бабының 1 тармағының 1 бөлімінде баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.

Азаматтық құқық заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:

1) ұйымдық бірлігі;

2) мүліктік оқшаулығы;

3) дербес мүліктік жауапкершілігі;

4) азаматтық айналымға өз атынан түсуі

Заңды тұлғаның құрылымдық талдауы оның даму жолын анықтау үшін маңызды. Дегенмен заңды тұлға мәселесін оның құқық субъектілігінің мазмұнын ашпай терең түсіну мүмкін емес. Жаңа құқықтар беру, не кейбіреулерін алу жолымен жиі өзгерістерге ұшырағыш құқық субъектілік ұйымдардың әр қилы жақтарын сипаттайды.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігіне жалпы ыңғайлар ҚР АК-тің 35 бабында бекітілген.

Азаматтық құқық қабілеттілігі - азаматтық құқықтағы дәстүрлі ұғым. Ол бойынша тұлғаның азаматтық құқықтарға ие болып, міндеттер орындау қабілеттілігі деп түсіндіріледі. Бірақ жеке тұлғаларға қарағанда, ұйымдар жөнінде айтқанда заң қандай да бір «іс әрекетке қабілеттілікті» сөз етпейді. Бұл «іс әрекетке қабілетті», яғни өздерінің іс әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болып, жүзеге асыруға, өздері үшін азаматтық міндеттер тудырып, оларды мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап орындауға қабілетті болып заңды тұлғалардың өздерінің мәнісімен туындаған. Сондықтан АК-тің 35 бабы тұрғысынан «құқық қабілеттілігіне» кеңейтілген түрде түсінік берілуге тиіс, өйткені оның мазмұнына іс әрекетке қабілеттіліктің барлық элементтері де кіреді. [17. 102б]

Заңды тұлғалардың жалпы (әмбебап) және жарым-жартылай (арнаулы, мақсатты) құқық қабілеттілігін бөліп көрсетуге болады. Мұндай бөлудің мағынасы келесіде: әмбебап құқық қабілеттілігіне ие болып, ұйым кез келген, заңнамалық актілермен тыйым салынбаған қызмет түрлерімен айналысуға құқылы. Мұндай құқыққа (демек, әмбебап құқық қабілеттілігіне де) мемлекеттік кәсіпорындардан басқа барлық коммерциялық ұйымдар ие.

Осыған байланысты Е. А. Сухановтың пайымдаулары біршама қарама- қайшылы болып көрінеді. Мәселен, бір жағынан, ол заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі шектеулі (мақсатты) болып ұйғарылады деп жазса, екінші жағынан жаңа АК азаматтық заңнаманың жалпы қазіргі даму теңденцияларына негізделіп, дерлік барлық коммерциялық ұйымдар артынан жалпы құқық қабілеттілігін бекітті деп атап өтеді. [10. 76б]

Р. А. Маметованың келесі сөздері де күтпеген болып көрінеді: «Ортақ құқық субъектілігі бар азаматтарға қарағанда заңды тұлғалар арнайы құқық субьектілігіне ие», «сондықтан кез келген заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі арнаулы сипатқа ие болады». Алайда, әрі қарай ол коммерциялық емес ұйымдардың құқық субьектілігі жөнінде жеке ой жүгіртіп, «олардың құқық қабілеттілігі арнаулы деп бір мағыналы сипаттаған жөн» деп атап өтеді. [9. 117б]

Р. А Маметованың соңғы қорытындысы алғашқы екеуімен белгілі бір қайшылыққа келетіні анық. Ол барлық ұйымдарда арнаулы құқық қабілеттілігінің болуын атап өткенімен де, бұл ойға соңына дейін беріліп, артынан өзінің пікірлерінің дұрыстығына күмән қалдырды!

АК-тің 35 бабының 1 тармағы жекелеген қызмет түрлерімен шұғылдануға шектеу мүмкіндігіне заңнамалық актілермен, сол сияқты құрылтай құжаттарымен жол берілетініне назар аударған жөн. Соңғысы заңды тұлғаның қатысушыларының өзі осы жоғарғы органмен тиісті шешім қабылдау арқылы (сонымен бірге құру кезінде, сол сияқты қызмет барысында - құрылтай құжаттарына өзгертуле енгізумен) әмбебап құқық қабілеттілігін арнау етіп өзгіртуі мүмкін. К. В. Мукашева атап өткендей, «мұндай шектеулер не аталмыш заңды тұлға үшін рұқсат етілетін қызмет түрлерінің жеткілікті тізімін белгілеу жолымен, не оның қаңдай да бір түрімен жүзеге асыруға тыйым салуды белгілеу жолымен белгіленуі мүмкін». [7. 133б]

Заңды тұлға сан алуан қоғамдық қатынастардың қатысушысы, құқық жүйесінің әр қилы салаларының субьектісі болғандықтан, оның құқық субьектілігіне көп салалы сипат тән болып келеді. Заңды тұлға мәртебесі арқылы ұйым әкімшілік, еңбек, азаматтық және өзге де құқық субьектіліктің ұстаушысы болуы мүмкін. Заңды тұлғаның мақсаттары мен жүзеге асыратын қызметтері арқылы оның құқық субъектілігін білуге болады.

Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.

Құқық қабілеттілік дегеніміз - бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.

Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік қатынастардың субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1 бабы), ол құқық қабілеттігіне ие болуға тиіс. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір мезгілде пайда болатындықтан (АК-ның 42 бабының 3 тармағы) және таратылған сәтте (заңды тұлғалар мемлекеттік реестріне заңды тұлғаның таратылуы туралы жазба енгізілген соң) тоқтатылады, заңды тұлғалар үшін бұл санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.

Жалпы құқық қабілеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігі болады.

Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35 бабы) және жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарын сәйкес міндеттері болуы мүмкін.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілер негізінде пайда болады. Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең алдымен мәмілелер болып табылады. Сондықтан заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінін мазмұнын анықтауда ең алдымен заңды тұлға жасауға құқылы мәмілердің ауқымы назарда болады. Бұрынғы заңдар барлық заңды тұлғаларға, заңдарға немесе құрылтай құжаттарында көзделмеген мәмілелерді, яғни жарғылық мақсаттарға сай келмейтін мәмілелерді жасауға тыйым салатын. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі «рұқсат етілгеннен басқанын бәріне тыйым салынған» деген принципте бейнеленеді.

«Алайда объективтік мағынада алғанда заңды тұлғаларға қатысты жалпы немесе әмбебап құқық қабілеттілік жайында сөз қозғауға болмайды, өйткені заңды тұлға дегеніміз - бұл белгілі бір мақсаттар үшін құрылатын және сондықтан жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін өзінің құрылтайшысынан нақты құқықтар мен міндеттер алатын құқық субъектісі болып табылады. Сондықтан кез келген заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі арнайы сипатта болады. Олардың кейбіреуінің құқық қабілеттілігі қатаң шектелген, құрылтай құжаттарында егжей-тегжейлі көрсетілген. Басқа түрлерінің құқық қабілеттілігі, әмбебап қабілеттілікке барынша жақындатылған. Мұның ең алдымен, коммерциялық заңды тұлғаларға қатысы бар (АК-ның 35-бабының 1-тармағы) . Олардың құқық қабілеттілігін «тыйым салынғаннан басқанын бәріне рұқсат етілген» принципімен бейнелеуге болады. Алайда кейбір заңды тұлғалардың, ең алдымен, мемлекеттік кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі арнайы сипатта болады. »

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен, тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігімен, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез-келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтың міндетін де атқарады.

Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жоғары мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі, әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.

Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа да (құрылтай) қызметпен айналысуы шектеледі.

Ал, коммерциялық ұйымдар болса, арнайы құқық қабілеттілігі жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез-келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшелігімен дараланады.

Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілік көздеген Осы заңды тұлғалар тек жарғыда немесе құрылтай құжаттарында көзделген қызмет мақсаттарына сәйкес құқықтарға ие болып, мінндеттер атқара алады. Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР Заңының 32 бабында көрсетілгендей, коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған және коммерциялық емес ұйымның мақсаттарына сәйкес келетін, оның құрылтай құжаттарында көзделген бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыра алады. Яғни, коммерциялық емес ұйымның жарғысында осы ұйым атқаратын қызметтің мақсаты мен пәні көрсетілуі мүмкін.

Коммерциялық ұйымдар, керісінше, арнайы емес, жалпы құқық қабілеттілікке ие. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы ұйымдар заң актілерімен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрімен айналыса алады. Кейбір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін заң шектеуі мүмкін. Шектеу заңды тұлғаға тек белгілі бір қызмет түрімен айналысуға рұқсат беру, не керісінше кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу арқылы білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
ҚР азаматтық құқығы пәнінің лекция тезисі (жалпы бөлім)
Кінәнің түсінігі
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Қылмыстың арнайы субъектісі
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Құқықтық қатынастарының ұғымы, олардың белгілері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz