Музыканың денсаулыққа пайдасы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Исатай ауданы Атырау облысы
Тақырыбы:Музыканың денсаулыққа пайдасы
Бағыты:
Таза табиғи орта-Қазақстан -2030 стратегиясын іске асырудың негізі
Секция:Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
Өмірбекова Гүлнәзік
11 сынып оқушысы
Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі
Аққыстау селосы
Жетекшісі:
Абренова Жамига Жауғаштовна
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Өркен орта мектебі
Аққыстау селосы
Ғылыми кеңесші:
Медицина ғылымының кандидаты
Медициналық академия
Ақтөбе қаласы
2013
Аннотация
Мақсаты :
музыканың, соның ішінде, классикалық, емдік музыкалардың адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу.
Міндеттері:
Музыканы жан-жақты зерттей отырып, адам ағзасына тигізетін пайдасын анықтау арқылы денсаулықты нығайтуда пайдалану.
Зерттеу объектісі :музыканың адамның ағзасына тигізетін әсері.
Зерттеу әдісі:
Музыка туралы әдебиеттермен танысу, оқу
Интернет ресурстарымен жұмыс жасау
Музыканы жан-жақты зерттеу
Тақырыптың өзектілігі:
Өміріміз музакамен байланыста болғандықтан, музыканың әсерін білу қажет
Гипотеза:
Музыканың пайдалы жақтарын меңгерсек, өз өмірімізде жақсартуға болады.
Жұмыс әдістері:
1. Зерттеу әдісі
2. Музыканың пайдалы тұстарын зерттеу
3. Нәтижені қорытындылау
Жоспар:
1. Тақырыпқа байланысты жоспар құру/қыркүйек 2012/
2. Тақырып бойынша материал жинақтау/қазан 2012/
3. Музыкалық шығармалармен танысу/қазан-қаңтар 2013/
4. Зерттеулер жүргізу/қаңтар-сәуір/
5. Нәтижелерді қорытындылау /сәуір 2013/
Зерттеудегі жаңалық:
Музыканы және аспапты ретімен пайдаланса денсаулыққа пайдасы зор.
Нәтиже:
Музыканы күнделікті өмірде сауатты пайдалана білу.
Аннотация
Цель: исследование влияния музыки, в том числе классической, на здоровье человека.
Задачи: исследуя музыку, выявить пользу музыки, с целью использования использования для укрепления
Объект исследования :определить конкретную пользу для здоровья человека классической и лечебной музыки.
Метод исследования:
Изучение литературы
Изучение материалов из интернета
Разностороннее исследование музыки.
Тақырыптың өзектілігі:
Так как жизнь человека тесно связана с музыкой, звуками, необходимо знать влияние музыки на человека.
Гипотеза:
Зная пользу музыки для здоровья, можно использовать ее для укрепления здоровья.
План:
1. Выбор темы, составление плана (сентябрь 2012 г. ) .
2. Подбор материалов для исследования (октябрь 2012 г. ) .
3. Знакомство с музыкальными произведениями (октябрь 2012- январь 2013 г. ) .
4. Исследование музыки для здоровья человека (февраль 2013- март 2013 г. ) .
5. Подведение итогов (март 2013г. - апрель 2013 г. ) .
Новизна в исследовании: музыка совершенно безвредно при лечении многих заболеваний.
Результат :исследовав пользу музыки для здоровья, я пришла к выводу, что впоследствии буду использовать лечебную музыку для укрепления своего здоровья, а также здоровья родственников, одноклассников.
Annotation
The purpose of the stud: in that a number classic, curative musics to investigate the impression, that touches.
Objectives : to the organ of man benefit, that touches, in detail investigating music, to expose on to strengthen through health to use.
The object of study: Объектісі:классикалық and curative musics, топтамасыклассикалық and curative exact to the organs man music research curative quality, that touches
Method research:
About music to read literature
To Meet by the resources of the internet
In detail to investigate music
Actuality of theme:
Because our die was music on dense connection, impression of music to know it is necessary
Hypothesis:
If we master useful parties music, health us it it is possible to strengthen
Methods :
1. Method research
2. Investigate useful opposite places music.
3. Result to conclude.
Plan:
1. Choosing a theme, a work plan (September 2012) .
2. Work with the literature, searching for information on the issue (October 2012) .
3. To Meet (October 2012 is January 2013 г. ) by compositions musically.
4. On to investigate useful parties music to use(February 2013 - is March 2013 г. ) .
5. Results to conclude. (March 2013г. it is April 2013 г. ) .
New in the study : on to investigate ability of organ to increase for harmlessly on our it is necessary to use. Health my surrounding of environment result, that took from to investigate
Results : my the class-mates me,, family, on to strengthen to use.
Өркен орта мектебінің
11 сынып оқушысы
Өмірбек Гүлнәзіктің
«Музыканың денсаулыққа пайдасы»
тақырыбындағы ғылыми жұмысына
Пікір
Бұл ғылыми жобада оқушы қазіргі кездегі экологиялық, эмоциональдық тұрғыдан денсаулығы нашарлап келе жатқан халықтың төмендеп бара жатқан денсаулығына алаңдаушылық таныта келе, сол тығырықтан зиянсыз, дәрі-дәрмексіз шығудың жолдарын қарастырады. Бұл тұрғыда ол музыканың көмегіне жүгінеді. Музыканы жан-жақты зерттей отырып, ол музыка ұлтқа бөлінбейтінін, жалпы адамзатқа бірдей әсер ететінін ескере отырып, зерттеулер жүргізді.
Зерттеулерінің нәтижесін қорытындылай келгенде, музыка адам денсаулығына әсер ететін бірден-бір зиянсыз және күшті құрал екенін дәлелдеді.
Ғылыми жетекшісі: Абренова Ж.
Мазмұны
1. Кіріспе3 -5
2. Негізгі бөлім5
2. 1. Музыкотерапия5
2. 2Музыканың әсері7-9
2. 3. Классикалық музыканың емдік қасиеті9-12
3. Практикалық бөлім. Зерттеулер12
3. 1. Менің тәжірибелерім12-13
4. Қорытынды14
5. Түйін15
6. Ұсыныс15
7. Пайданылған әдебиеттер мен деректер16
Кіріспе .
Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп, оған пассивті түрде емес активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулық-адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты-денсаулығының мықтылығында. Дені сау адам көңілді жүреді.
Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.
Музыка (грек. musike, тура мағынасында «музыкалар өнері») - белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға өзінің үйлесімді ұйымдасқан сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнердің бір түрі [1] .
Музыка дегеніміз - сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс - табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың үні мен қимылы, жан - жануарлардың боздауы, кісінеуі т. б. дыбыстарға еліктеуден әуен құралады. Мысалы, талантты сазгер Нұрғиса Тілендиевтің ”Құстар қайтып барады” әнінің ырғағына бір сәт құлақ түріп, зейін қоя тыңдаңызшы. Құлаққа құстардың қиқуы келіп, ол үн жүрегіңді баурап, көңілді мұң шалмай ма?!
Халқымыздың білгір сазгері, академик Ахмет Жұбанов музыка жайлы: ”Қазақ халқының талантты күйшілерінің күйлерінде құлаққа әрең естілетін шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушының әні, аспанда қалықтап жүрген қайсар бүркіттің қанатының суылы бар…” - деп ерекше тебірене жазыпты.
Жақсы ән мен сазды музыка - жан азығы. Әсем ырғақты, жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты күйге бөленеді. Солардың арқасында қан айналу, зат алмасу процесі жақсарады. Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады. [2]
Фарабидің аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы болғаны мәлім. Оның бесаспап орындаушылығы жөнінде шығыс халықтар арасында күні бүгінге дейін тарап жүрген мынадай аңыз бар: Шығыс патшаларының бірінің сарайында той-думан қызып, бек-патша, бай-манап, қожа-молдалар жиылып үлкен жиын-тамаша құрып жатқан көрінеді. Оған Фараби да қатысады, бірақ шарап ішіп елірген мас қауым Фарабиге ілтипат жасамайды. Бұған шыдамаған Әбунасыр бір шетке шығып, домбырасын қолына алып, аса бір мұңды күй тартады; оның мүңдылыгы сонша жұрттың бәрі ойын-сауықты тастай салып уайымға беріліп егіліп жылайды; енді бір сәт аса бір қуанышты, көңілді күйді ойнап женелгенде әлгі жұрт еңселерін бірден көтеріп балаша билеп, жын қаққандай сықылдап күліп ойнап кетеді. Мұнан соң Фараби біртүрлі жаймашуақ бір сарынды қоңыр ырғақты күйді ойнағанда отырғандар музыка әуеніне елтіп бірі қалмай ұйқтап қалады. Оларды ұйықтатып тастап, Фараби жайына жүріп кетіпті дейді.
Аталарымыз керемет ән тыңдаса «алпыс екі тамырым босап», ғажайып бір күйге ендім деп жататын бұрын. Яғни, ертеден-ақ музыка өнерінің тозған, шаршаған жүйке талшықтарына қозғау салып, жан бітіретін күшке ие екендігін білген. Музыка мен ән-күй құрамында химиялық уы болмайтын, адамның тәнін уламайтын, жанына рахат сезімін тудыратын, психологиялық әсері күшті таза мөлдір дәрі деуге болатынын өзімнің жиырма жылға жуық шипагерлік қызметімде тәжірибеден өткізіп, оң әсерін анықтай алдым.
Осы жобаны зерттеуде мен мынадай сұрақтарға жауап іздедім:
1. Адамды әр түрлі халге түсіретін музыканың құдыретінің сыры неде:
2. Музыка адамның ойлау қабілетіне әсер ете алады ма?Қаншалықты?
3. Қандай музыканы тыңдаған жөн?
4. Музыканың адамға тигізер қандай пайдасы бар?
Әрине, музыка дыбысы электромагнитті толқын тудырып, ірі қуаттық өріске айналатындықтан, оның жер бетіндегі тірі организмдерге әсері тез болады. Жағымсыз әсер етіп, адамның есін ауыстырып жіберетін де музыка бар. Бос уақытыңызда болмаса қатты шаршап демалғыңыз келсе күңіренген қобыздағы Қорқыт, Ықылас күйлері мен Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Сүгір, Т. Момбеков, С. Тұрысбековтың домбырадағы әсем үнді, жүректі тебірентетін күйлерін тыңдасаңыз рахат күй кешіп, жеңілдегендей боласыз. Өйткені, бұл күйлердің емдік шипасы бар екенін ғалымдар анықтаған.
2. Негізгі бөлім. Музыкотерапия.
Музыкотерапия грек-латын тілінен аударғанда «музыкамен емдеу»деген мағынаны білдіреді.
Музыканың емдік қасиеттерін алғаш рет ХІХ ғасырдың 1899 жылы невропатолог Джеймс Л. Корнинг зерттеген.
Ресейде музыканың адамға әсері туралы ғылыми еңбектер ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басында пайда болды.
В. М. Бехтерев, И. М. Сеченов, И. Р. Тарханов еңбектерінде музыканың адамның нерв жүйесіне, қан айналымына қолайлы әсері туралы мағлұматтар пайда болды.
ХІХ ғасырда француз психиатры Эскироль психиатриялық емханаларда музыкалық терапияны пайдалана бастады. Кейін музыкалық терапия бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін пайдалана бастады. 1930 жылдары әскери дәрігерлердің тәжірибесін неміс терапевтілері асқазан жарасын емдеуде, швейцарлықтар-туберкулездің жеңіл түрін емдеуде пайдаланылды. Австриялық акушерлер музыка көмегімен босандыруды қолға алды. Музыка және дыбысты анестезия ретінде стоматологиялық және хирургиялықпрактикада пайдалана бастады. Осы іс-тәжірибенің барлығы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі музыкалық терапияның дамуына негіз болды.
Музыкотерапия қазіргі кездері невроздар мен неврастения секілді ауруларды емдеу мақсатында шаршап, ұйқы қашқан кезде жүйкені тыныштандыратын ем ретінде пайдаланылып жүр. Музыкотерапия гипертониялық, жүректің ишемиялық аурулары мен нейроциркуляторлық дистония сырқатын емдеуде де қолдау тапты. [3]
Рушель Блаво-медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрігер-натуропат, психотерапевт, музыкотерапевт. Санкт-Петербургтағы Дәстүрлі халық медицинасы және музыкалық терапия Ғылыми институтын басқарады. Музыкотерапевт - емші Рушель Блаво музыканың көмегімен сырқаттарды емдеудегі алғашқы кітаптың «Музыкотерапия көмегімен сырқаттарды емдеу әдістемесі» /2001 ж/ авторы. Ол өзінің көп жылғы тәжірибесіне сүйеніп, музыканың емдік пайдасы туралы былай дейді:». Музыкамен емдеу жолы жылдар бойы адамның өмірін қинаған жүйке- жүйелерін тоздырған және өте қауіпті асқынған сырқаттарын емдеуде зор көмегін тигізеді»-деп жүйелейді. Музыкалық емдік шипаның жүйкенің ауытқуына, гормондық тепе-теңдіктің бұзылуына, шаршап әлсіреуге емдік әсері дәрігерлік -емшілік саласында да нәтижелі болуда. [4]
Рушель Блаво зерттеулер нәтижесінде өзінің жеке емдік музыкасының топтамасын жасақтады. Зерттеулер нәтижесінде ол әр ауруға жеке музыкағана емес, әр ауруды емдеуде жеке аспап қажет екендігін де анықтады. Ол әр аспаптың/сурет 1/ емдік ролін былай бөлді:
Виолончель-жүрек, бүйрек ауруларын емдейді. Рушель Блаво зерттеулеріне сүйенсек, виолончельде ойнаған музыканы тыңдау арқылы ішкі, сыртқыісіктерден құтылуға болады, ағзадағы артық сұйықты сыртқа шығарады.
Орган - омыртқадағы энергетикалық айналымды ретке келтіреді.
Дабыл - жүрек соғысын ретке келтіреді, бауырды емдейді, қан айналымын ретке келтіреді.
Фортепиано- /пианино, рояль/ бүйрек жұмысын реттейді, нерв жүйесін тыныштандырады.
Арфа- жүрек жұмысын ретке келтіреді.
1-сурет. Музыкалық аспаптардың адам ағзасына әсері.
Музыкалық терапия: Дәрігерлер зерттеулері бойынша адамның нерв жүйесін тыныштандыру үшін Брамстың «Бесік жыры», Дебюссидің «Ай сәулесі», Шуберттың «Аве Мария», Шопенның мазуркаларын, Штраустың вальстарын, Бетховенның
«Лунная соната», Бахтың № 2 кантатасын, Гайднның симфониясын,
Бахтың «Итальянский концерт» шығармаларын жүйелі түрде тыңдау қажет. Жоғары қан қысымын ретке келтіруге Мендельсонның «Свадебный маршы» көмектеседі.
Бүйрек, қуық ауруларында: Иоганн Штраустың «Голубой Дунай» шығармасын тыңдаған тиімді
Ми - біздің биологиялық дәріханамыз. Ол өзіне қажетті дәрі-дәрмекті өндіреді. Оған негативті ақпараттан құтылуға жол ашуымыз ғана қажет. Егер оны жоя алсақ, ағзаның жалпы иммунитеті жоғарылап, аурудың негізінен арылады»-деп жазады Рушель Блаво өзінің еңбегінде.
Музыкотерапия көмегімен емдеуге жататын ауруларды топтарға бөлуге болады:
1. Психосоматикалық ауытқулар:
- Стресс салдарынан болатын иммундық жүйенің ауытқуы
- Аллергия /тері аурулары /
- Тыныс алу жолдары аурулары
- Артериялық қан қысымының аурулары, жүрек неврозы
- Гастриттер
- Жасөспірімдер нашақорлығы, шылым шегу, алкогольге құмарлық
2. Гормондық баланстардың бұзылуы:
- Жүрек-қан тамырлары ауруы, асқазан-ішек аурулары
- Әйел және ер адамдардағы климакстық кезеңнің қиын түрде өтуі
3. Невроз
Әрдайым шаршап жүру синдромы
Жоғарыда атап көрсетілген аурулардан басқа музыкотерапия әйелдердің жүктілігі кезінде жақсы әсер етеді. Жүкті әйелдерге арналған бағдарламаны тыңдай отырып, болашақ ана жеңіл босануға дайындалады.
Музыка-ең қауіпсіз профилактикалық құрал. Ол ешқандай кері әсер бермейді. Оның жағымсыз әсерлері жоқ, барлық адамдардың емделуіне болады. Музыканың бұл қасиеттерін РФ Денсаулық Министрлігі дәлелдеген.
2. 1. Музыканың әсері.
Ғалымдар музыканың тіршілікке қандай пайдасы барын анықтау үшін бірде мынадай тәжірибе жасаған. Гүл өсірілген плантацияның бірінде үнемі жанға жайлы сазды музыка ойнап тұрған да, ал екінші бір плантациядағы гүлдер музыкасыз жай тәсілмен өсірілген. Тәжірибенің қорытындысында ғалымдар музыка ырғағымен өскен гүлдердің жақсы да әсем болып өскенін анықтаған.
Өз ұлтымыздың да музыка мен сазды әуенге байланысты неше бір аңыздары бар. Солардың бірі - ботасынан айырылып, көздерінен жас сорғалап боздап тұрған аруанаға сырлы сыбызғымен ән ойнағанда жаңағы түйе боздағанын тыйып, бойы босаңсып, иіген екен. Міне, әннің құдіреті!
Кез келген ән мен күйдің өзіндік ерекше мәні бар ырғағы мен ритмі болғандықтан, оның мәнділігін орындап халыққа жеткізуде әнші мен күйшінің орындау қабілетіне байланысты болады да, әсері де әр түрлі болады.
Ертеде қазақтар ән мен қиссаларды таңға ұйықтамай тыңдағанда, демалып қалдық деп тарқасуы да бұл өнердің шипалық қасиетінен деуге болады.
Осы келтірілген мысалдардан - ақ музыканы тек адам ғана емес, бүкіл табиғат ұнатады екен, ол бәріне қажет екен. Зейін қойып, зер салсаңыз, табиғаттың әрбір құбылысы, әрбір суреті таңғажайып саз, музыка емес пе? Мәселен, ағаш жапырағының сыбдыры, бұлақ суының сылдырай аққаны, құстардың үні, шегірткенің шырылы, араның ызыңы, көбелектің көлбей ұшуы… Сезіне, түсіне білген адамға бәрі әуен, бәрі музыка.
Табиғат аясында бірер сағат болудың өзі адамға бір аптаға қуат, күш - жігер беретіні сондықтан. Мысалы, жұмыстан шаршап келгенде 15 - 20 минут жанға жайлы жеңіл музыка тыңдасаңыз, жаныңыз сергіп сала беретінін, күш - қуат аз уақыттың өзінде қалпына оралатынын байқайсыз. Жігерлі, екпінді де шабытты музыка адамдарға жігер қосып, ерлікке бастайтыны белгілі. Мысал үшін өзіміздің елдің әнұранын (мемлекеттік гимнді) алайық. Ол ойнағанда бойыңда елге деген, халқыңа деген ерекше ұлттық сезім пайда болып, сол елдің азаматы екеніңді ерекше мақтаныш тұтатындай күш пайда болмайды емес пе?
Сазды да сырлы музыка, әсіресе, жасөспірімдер мен жас балалар үшін қажет - ақ. Музыка олардың орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой - өрісін жетілдіреді, рухани дүниелерін байытады, сезімталдыққа, нәзіктікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Расында да, музыка - адамды ерекше рахатқа бөлейтін ұлы күш. Ән - әуен адам сезімін баурап алып, жанға жайлы, мол эмоциялық сәттер туғызады. Тартымды да мәнді музыка - дертке де шипа.
Ресейде арнайы музыканың емдік әсерін зерттейтін орталықтар мен қоғамдық ғылыми зерттеу институттары және Санкт-Петербург қаласында арнайы «Музыкатерапия» мектебі жұмыс істеуде. Бұдан музыканың емдік шипасының болашағы барын аңғаруға болады. Батыс елдерінде классикалық Шопен, В. Моцарт, Ф. Лист және Бетховеннің шығармаларын жүйке ауруларының түріне қарай пайдаланса, қазақ елінде де емдік қолданысқа емдеушілерде пайдаланып келеді. Музыка мен ән - күй адам ағзасына ғана әсер етіп қалмастан, жан - жануарларға, аң - құстар мен өсімдіктерге де оң немесе теріс әсері ететіні анықталуда. Музыка дыбысы электромагнитті толқын тудырып ірі қуаттық өріске айналатындықтан, ол жер бетіндегі тірі организмдерге әсері тез болады. Мешіттерде азан шақырғанда және шіркеулерде қатты қоңырау дыбысы шыққанда эпидемиялық жұқпалы аурулардың таяқшалары мен сары аурудың вирустарын өлтіретін «улътурадыбыстық шағылу тербелісі» болатынын ғалымдар анықтауда. Жапониялық ғалымдар музыканы жемістер мен көкөністерде жақсы көретінін анықтаған. Олардың пікірлері бойынша музыкалық аспаптар сазы өсімдік жапырақтарының араларын кеңейтуі нәтижесінде оттегі, қоректік заттар көбірек сіңіріліп, фотосинтез процесі кұшейтетінін анықтаған. [5]
Музыка дыбысы арқылы жемістердің, көкөністердің тез өскені, пісу уақыты қысқарып, өнімі отыз пайызға артқаны әсіресе классикалық әуендердің жағымды әсерінің күштілігі байқалынған. Музыкалық дыбыстың кері әсерінен жаңбыр жауатынын Қытайдың бір таулы аймағында анықтаған. Қазақ елінде алғаш өлеңмен емдеу ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылының басында басталды. Денсаулық журналы наси-хаттап, халық емделе бастады. Бұның ғылыми қорытындысы әлі белгісіз.
2. 2. Классикалық музыканың емдік қасиеті.
Медицинада музыкалық фармакология дер аталған бөлім бар. Музыкалық фармакология негізгі емдік болып табылатын классикалық музыка болып есептеледі. Ұзақ зерттеулер нәтижесінде классикалық музыканың ауыр науқастан кейін тез қалыпқа келуіне көмектесетіні дәлелденген. Ғалымдар кларнет немесе пикколо сыбызғысынан шыққан дыбыстар қан айналымын қалыпқа келтіретінін дәлелдеген. Гендель шығармалары психикалық ауытқуы бар адамдарға оң әсер етсе, болашақ аналарға Моцарт шығармаларын тыңдаған пайдалы. Моцарт шығармаларының адамның ойлау қабілетін арттыратындығы да дәлелденген.
Ең таңқаларлығы классикалық музыкалар тыңдаған адамдардың барлығына, тіпті классикалық музыканы ұнатпайтындарға да жақсы ықпал еткен. Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде ақ булгілі болып, ол біздің дәуірімізге музыкотерапия немесе вакалотерапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына, ырғағына байланысты адам организмі әрқалай әсер алады. Сондықтан, оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында пайдалатыны белгілі. Мысалы, әсерлі музыка қалқанша, эндокринді бездер қызметін едәуір жақсартады да, гормондар бөлінуі күшейе түседі. Музыка ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді. Музыканың адамға әсері оның қандай аспапта орындалуына байланысты. Мысалы, сыбызғы үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, скрипка мен фортепиано адамның жанын жай таптырып, жүйкесін тынықтырады екен. Ал, қазақтың екі шекті музыкалық аспабы қоңыр домбыраның күмбірлеген үні, киелі қылқобыздың елжіретер сырлы сазы қалай сізді бей-жай қалдыра алады?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz