«ҚазМұнаГаз» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайына талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. «ҚазМұнайГаз» акцинорлік қоғамына жалпы сипаттамалар
1.1 «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының пайда болуы және оның даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының табыстылығын талдау ... ... 10

2. Қазақстандағы автокөліктерге және жер салықтарын салуды есептеу
2.1 Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Заңды және жеке тұлғаларға жер салығын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ...15
3. Қазақстандағы «Темiрбанк» акционерлік қоғамы.
3.1 «Темiрбанк» акционерлік қоғамының пайда болуы жәнеде қазақстанда орналасқан мемлекеттік мекен.жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қосымшалар
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Практикалық жұмыстың өзектілігі бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау болып отыр, нақтырақ айтатын болса кәсіпорынның банкроттық қаупінің деңгейін Э. Альтманның 5 факторлы моделімен анықтау болып табылады.
Бұл практикалық жұмыста «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының өндірісі көрсетілген.
1-ші бөлімінде «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының жалпы пайда болуы және даму тарихы көрсетілген.
Компания қызметінің негізгі бағыттары:
• Мұнай өнімдері мен газдың көтерме және бөлшек саудасы.
• Сұйытылған газды сату.
• Жанар-жағар май станцияларын, мұнай базаларын, газбен толтыру станцияларын, автомобильдік газбен толтыру компрессорлық станцияларды пайдалану және жөндеу.
• Мұнай өнімдерін сақтау бойынша қызметтерді ұсыну.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС компаниясы Қазақстан
нарығындағы өз қызметін 2009 жылдың сәуір айында бастап, «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май станцияларының жүйесі мен мұнай өнімдері мен газдың көтерме-бөлшек саудасы үстінен толық қаржы және жедел бақылуын жүзеге асыра бастады.
Парктикалық жұмыста салық жүйесі көрсетілген. Оның ішінде салық жүйелері, салық саясаты және де салықтың түрлері көрсетілген. Одан кейін транспортқа салық салу көрсетілген соның ішінде ауыр жүк тасымалдайтын машиналарға және жеңіл автокөліктерге және де барлық транспорт құралдарына салық ставкалары көрсетілді.
1. http://www.salyk.gov.kz
2. http://egov.kz
3. www.kase.kz
4. http://www.kmg.kz/
5. www.wikipedia.org
6. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Практикалық жұмыстың өзектілігі бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау болып отыр, нақтырақ айтатын болса кәсіпорынның банкроттық қаупінің деңгейін Э. Альтманның 5 факторлы моделімен анықтау болып табылады.
Бұл практикалық жұмыста ҚазМұнайГаз Акционерлік Қоғамының өндірісі көрсетілген.
1-ші бөлімінде ҚазМұнайГаз акционерлік қоғамының жалпы пайда болуы және даму тарихы көрсетілген.
Компания қызметінің негізгі бағыттары:
* Мұнай өнімдері мен газдың көтерме және бөлшек саудасы.
* Сұйытылған газды сату.
* Жанар-жағар май станцияларын, мұнай базаларын, газбен толтыру станцияларын, автомобильдік газбен толтыру компрессорлық станцияларды пайдалану және жөндеу.
* Мұнай өнімдерін сақтау бойынша қызметтерді ұсыну.
ҚазМұнайГаз Өнімдері ЖШС компаниясы Қазақстан
нарығындағы өз қызметін 2009 жылдың сәуір айында бастап, ҚазМұнайГаз жанар-жағар май станцияларының жүйесі мен мұнай өнімдері мен газдың көтерме-бөлшек саудасы үстінен толық қаржы және жедел бақылуын жүзеге асыра бастады.
Парктикалық жұмыста салық жүйесі көрсетілген. Оның ішінде салық жүйелері, салық саясаты және де салықтың түрлері көрсетілген. Одан кейін транспортқа салық салу көрсетілген соның ішінде ауыр жүк тасымалдайтын машиналарға және жеңіл автокөліктерге және де барлық транспорт құралдарына салық ставкалары көрсетілді.

1. ҚазМұнайГаз акцинорлік қоғамына жалпы сипаттамалар
1.1 ҚазМұнайГаз акционерлік қоғамының пайда болуы және оның даму тарихы

Он бес жылдан астам Қазақстан өз табиғи байлықтарын, сонымен қатар көмірсутек қорларында өздері игеруде. Қазақстанның мұнай туралы ғасырлық тарихы болса да, ең айрықша мәнді оқиғаның біразы - Қазақстан өз егемендіген алып, мемлекет болғаннан кейін болды.
1991 жылдың аяғында, жалпы республикада мемлекетті басқару ісінде өзгерістер болғандықтан, Қазақстанның энергетикалық секторын басқаруда да өзгерістер болды. Бұл сала, Қазақстан Республикасының энергетика және электрлендіру министрлігіне және Қазақстан Республикасы геология және жер қойнауларын күзету атты мемлекеттік комитеттің басқармасына өтті. Ал 1992 жылы мұнай шығатын Теңізден - Новороссискіге, одан әрі Қара теңіз портына дейін мұнай тасымалдау үшін жол салу және жабдықтандыру жайын жоспарлай отырып, Қазақстан мен Ресей, Оман-Каспий құбыр консорциумын құрды. Дәл осы жылы Қарашығанақ мұнайгаз шығатын кен орнын игеруге, Қазақстан Республикасымен, Аджип (Италия) және Бритиш газ (Ұлыбритания) компанияларымен келісім шартқа қол қойылды
1993 жылы 4 ақпанда ең алғаш Республикамызда газ мұнай саласындағы кәсіпорынмен бірлесе - Қазақстан-Түрік ҚазақТүрікМұнай кәсіпорны құрылды. Сол жылы наурызда, Қазақстан секторындағы Каспий теңізіне барлау өткізу қажеттілігімен, Қазақстан үкіметі қаулысымен ҚазақстанКаспийШельф компаниясы іске қосылды. Ал 6-сәуірінде ғасыр келісім шарты жасалынды. Қазақстан Республикасы үкіметі мен Американың Шеврон компаниясының ұзақ мерзімді (40 жыл) келісім шарт осылай атанды. 1993 жылдың 3-желтоқсанында Қазақстан Каспий шельфінде геологиялық барлау жұмыстарын жасау үшін, осы жобада оператор ретінде өздерін көрсететін жеті шетел компанияларынан (Аджип, Бритиш Петролеум, Статойл, Бритиш Газ, Мобил, Тоталь, Шелл ) және Қазақстан-КаспийШельф құралған. Халықаралық консорциум жасау туралы келісімге, мұнай саласы аймақтарына үш жыл қатарынан геологиялық зерттеулер туралы келіміге де қол қойылды.
1993 жылы республикада Германия қаржысының үлесімен ең үлкен компания - Қазақстан-Герман кәсіпорны ҚазГерМұнай құрылды.
1994 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы бойынша , Қазақстан Республикасы Энергетика және жанармай ресурсы министрлігінен, Қазақстан Республикасы Энергетика және көмірөнеркәсіп министрлігін және мұнай және газ өнеркәсіп министрлігін болып бөлінді. 1994 жылы шілдеде Қазақстан Каспийдің қорларын өңдеу туралы әлемдік деңгейде жоба ұсынды, ол жобада Каспий табиғи қорларын игеру және өндеу туралы сұрақтар бойынша өздерінің принципалдық көзқаратарын білдірді 1994 жылдың аяғында ең маңызды шешімдер бойынша, Республика үкіметі, Қазақстанда мұнайгазды кешені бағдарламасын қабылдады:
1. Өңдеу қуаттылығын нығайту;
2. мұнай өніміндегі ішкі қажеттеліктерді толық қамтамысыз ету;
3. Мұнай экспортын өсіру.
ҚазМұнайГаз Өнімдері ЖШС компаниясы Қазақстан
нарығындағы өз қызметін 2009 жылдың сәуір айында бастап, ҚазМұнайГаз жанар-жағар май станцияларының жүйесі мен мұнай өнімдері мен газдың көтерме-бөлшек саудасы үстінен толық қаржы және жедел бақылуын жүзеге асыра бастады.
ҚазМұнайГаз АҚ -- ҚазМұнайГаз -- өңдеу және маркетинг АҚ-ының 100% еншілес компаниясы. Компания ҚМГ-Жайық ЖШС, ҚМГ-Астана ЖШС және ҚМГ-Алатау ЖШС сияқты ҚазМұнайГаз -- өңдеу және маркетинг АҚ еншілес ұйымдарының құрылымдарын оңтайландыру нәтижесінде құрылған болатын. Бұл орайда Shell Global Solutions сараптамалық ұсыныстарын қоса алғанда, көтерме-бөлшек сауда жүйесін басқаратын вертикальды-біріктірілген халықаралық мұнай газ компанияларының озық тәжірибесі ескерілген еді.
Мұнай өнімдерінің көтерме-бөлшек саудасымен айналысатын бірыңғай компанияны құру туралы шешімі ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ының Ұзақмерзімді стратегиясына сәйкес қабылданған болатын. Қайта құрылымдаудың мақсаты -- нарық өзгерістері мен тұтынушылардың тілек-мұқтаждарына ілтипатпен және жедел жауап беруге қабілетті компанияны құру. Жаңа құрылым бизнес-процесстерді едәуір жақсарту, шешімдерді қабылдау жолындағы мөлдірлікті арттыру, операциялық шығындарды қысқарту және қайталанатын басқарма қызметтерін жою мүмкіндігін берді.
Бүгінгі күні ҚазМұнайГаз бөлшек сауда жүйесі 341 жанар-жағар май станциясын (ЖМС саны үнемі өзгеріп отырады. ЖМС жүйесін кеңейтіміз қараңыз), 12 АКҚС, 1 АГТКС және 9 мұнай базасын қмтиды. Дамудың стратегиялық жоспарында 2015 жылға қарай мұнай өнімдерінің қазақстандық бөлшек сауда нарығындағы өз үлесін 20%-ға дейін арттыру мақсаты тұр. ҚазМұнайГаз ҰК АҚ бөлшек сауда жүйесінің тарихы 1999 жылы басталған болатын. Осы кезде алғашқы жанар-жағар май станциясы ашылған еді.
ҚазМұнайГаз ҰК АҚ дамыту Стратегиясына сәйкес, ҚазМұнайГаз -- өңдеу және маркетинг Акционерлік қоғамы 2003 - 2005жж. арналған мұнай өнімдері мен газдың бөлшек сауда жүйесін Дамыту инвестициялық жобасын жүзеге асыруға кірісті. ҚазМұнайГаз Өнімдері АҚ-ымен біріккен жұмыс 2006 - 2010жж. арналған мұнай өнімдері мен газдың бөлшек сауда жүйесін Дамыту жобасында жалғасты. Аталмыш жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде, 2014 жылға дейін қазақстандық нарықта ҚазМұнайГаз сауда маркасымен 341 ЖМС пайда болуы жоспарланып отыр.
Компания қызметінің негізгі бағыттары:
* Мұнай өнімдері мен газдың көтерме және бөлшек саудасы.
* Сұйытылған газды сату.
* Жанар-жағар май станцияларын, мұнай базаларын, газбен толтыру станцияларын, автомобильдік газбен толтыру компрессорлық станцияларды пайдалану және жөндеу.
* Мұнай өнімдерін сақтау бойынша қызметтерді ұсыну.

1.2 ҚазМұнайГаз акционерлік қоғамының қаржылық тұрақтылығын талдау

Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталғаг капиталға бөлумен анықтайды:
Ктс = Мк:Ак
Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк - меншікті капитал
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны,)
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
Яғни біздің кәсіпорнымыздың тәуелсіздік коэффициентін есептейтін болсақ, бұл дегеніміз:
Біздегі меншікті капитал=2185813,
авансталған капитал болса=586555014
ал енді тәуелсіздік коэффициентін есептеу үшін меншікті капиталды бөлеміз авансталған капиталға сонда биздин тәуелсіздік коэффициенті шығады
Ктс=2185813586555014=0,037265578 - ке тең екенін көреміз
0,037265578 коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетіп отыр және алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың 0,037265578 азаятындығын көрсетеді.
Ал тәуелділік коэффициентін есептейтін болсақ, ол дегеніміз:
Кт- тәуелділік коэффициенті
Қк - қатыстырылған капитал;
Ак - авансталған капитал
Ктс - тәуелсіздік коэффициенті
Кт=Қк:АК немесе Кт=1-Ктс
Яғни біздің кәсіпорнымыздың тәуелсіздік коэффициентін есептедік ол бизде 0,037265578 - ке тең болды. Ал енді тәуелділік коэффициентін есептейтін боламыз.
Оны есептеу үшін тәуелсіздік коэффициенті 1-дің айырмасына тең.
Кт=1-0,037265578=0,962734422-ке тең екенін көреміз.
Сонда біздің тәуелсіздік коэффициенті 0,962734422-ке тең екенін есептеп шығардық.
Ал келесі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті каптиалдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландырі коэффициенті болып табылады
Кқ=Мк:Қк
Мұндағы: Кқ - қаржыланлыру коэффициенті;
Мк - меншікті капитал
Қк - қатыстырылған капитал
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.
Бұл коэффициент кәміпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті 1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
Ал енді кәсіпорнымыздың қаржыландыру коэффициентін есептейік.
Меншікті капитал бізде 2185813-ке тең.
Бізде қатыстырылған капитал бухалтерлік баланста көрсетілмегендіктен оны біз жоғарыда қолданылған формулар арқылы қатыстырылған капиталды есептеп шығарамыз.
Қатыстрылған капитал = тәуелділік коэффициенттін * авансталған капиталға, сонда бизде қатыстырылған капитал шығады және сол арқылы біз қаржыландыру коэффиценттін есептеп шығара аламыз.
Қк=0,962734422*58655014=56469201

Бізде қатыстырылған капитал 56469201 - ге тең, ал енді қаржыландыру коэффиценттін есептейміз.
Кқ=2185813: 56469201=-ке тең болып отыр
кәсіпорын қызметінің 0,038708056 коэффициент бөлігі өз қаражатымен және қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті 0,038708056 1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетіп отыр.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті
Кқ\м=Қк:Мк
Мұндағы Кқ\м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;
Кқ - қатыстырылған капитал
Мк - меншікті капитал
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған қаражаттың әр бір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқан көрсетеді. Біздің кәсіпорнымызда бұл көрстекіш келесі берілгендермен сипатталады.
Кәсіпорнымыздікін есептейтін болсақ қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффицентін
Кқ\м=56469201:2185813=25,83441539 - ке тең екенін көреміз
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың 25,83441539 теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді
Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әр бір теңгесіне қарыз қаражатының 25,83441539 теңгеге тартқанын дәлелдейді.
Арнайы әдебитетерде бұл көрстекіш үшін қалыпты шектеу; Ккм1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қаті нүктеге жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салады ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығының жоғары кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгң қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің шектелуі қажет.
Бізідің кәсіпорнымыздың бұл коэффициенті 25,83441539 - ға тең болып отыр біздің бұл коэффициентіміз 1 ден үлкен болып отыр, яғни бұл дегеніміз кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге жетіп отыр.
Кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицяларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады
Мұндағы Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффиценті
Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ак - авансталған капитал
Бізідң кәсіпорнымыздың коэффициенттін есесптейтін болсақ . біздегі
ҰМ-250743798
Ак - 586555014
Мк-2185813
Қкт=(2185813+250743798) 586555014=0,43121209 - ке тең
Батыс тәжирбисеіндегідей бұл коэффициент 0,9 - ға тең болуы керек ,алайда бізде 0,431 - ге тең болғандықтан бұл кәсіпорын үшін қауіпті болып отыр.

1.3 ҚазМұнайГаз акционерлік қоғамының табыстылығын талдау

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші - таза табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады
Де = Дж - Рк
Мұндағы Де - негізгі қызметтен алынған табыс
Дж - жалпы табыс
Рк - кезең шығындары
Бізідң кәсіпорнымызды негізгі қызметтен алынған табысын есептейік.
Де= 535335365 - 30747927=504587438-ге тең

2013-2012 жыл аралығындағы кәсіпорынның табыстылығының талдануы
көрсеткіштер
2013
2012
өзгеріс
Сатудан түскен түсім
3252719115
2960418491
292300624

Өзіндік құн
2354108926
2090818113
263290813

Жалпы табыс
898610189
869600378
8116500811

Таза табыс (шығын)
488642187
413423159
75219028

Бұл кестеде сатудан түскен түсім 292300624 - ке тең болып отқаны бізге мәлім, ал өзіндік құн 2632290813 - ке тең , жалпы табыс - 8116500811, таза табыс - 75219028 - ге тең, яғни бұл екі жыл арасындағы өзгеріс ауытқуларын көрсетіп отыр.
Ал осы жылдың ативтерінің өзгерісін талдайтын болсақ, ол төменде көрсетілген кесте бойынша жүзеге асырылады, және де бұл кестені толықтыру яғни толтыру үшін бізге 2012 жыл - 2013 жылғы бухалтерлік балансы қажет, және бұл талдауды жасау үшін активтердің мәліметі керек, толығырақ айтатын болсақ ол активтердің ішінен ұзақ мерзімді активтер және қысқа мерзімді активтердің мәліметтер қажет.
2012 жыл - 2013 жыл арасындағы бухгалтерлік баланстың активтерін талдау

Активтер
Сомасы мың тг
Өзгеріс (+;-)

2012 Жыл
2013 Жыл

Ұзақ мерзімді активтер
4985746381

39914691371

3941128944990
Негізгі құралдар
3423256395
3739035749
33975779354

Аяқталмаған өндіріс
45625121
33641217
-11983904

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар
2487515
81935736
79448221

Алдағы кезең шығындары
10469751
14192163
3722412

Жиыны
8467585163

43783496236

68975911073

Қысқа мерзімді активтер
7864660163

4625538686

-74021062477

Тауарлы материалдық қорлар
203281273
204342042
1060769

Дебиторлық борыш
14326455
13222376
-1104079

Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
659577808
814592127
155014319

Ақша қаражаттары
415085451
407326766
365818215

Басқа да қысқа мерзімді активтер
74084738
130586188
56501450

Жиыны
79639379988

6195608185

-73443771803

Барлығы
88106965151

83639104421

4467860730

Бұл кестеде біз екі жылдың айырмасы арқылы өзгерістерді таптық, және көргеніміздей өзгерістер кестенің көп бөлігі теріс сан болып шығып отыр яғни бұл дегеніміз - кәсіпорынның қысқа мерзімді активтер, дебиторлық борыштары теріс болып шығып отыр, бұның себебі 2013 жылы 2012 жыл мен салыстырғанда дебиторлық борыш қысқа мерзімді активтер түсімі аз болып отыр, соған байланысты активтердің өзгерісінің жиыныда теріс санға тең болып отқан жайы бар.

2. Қазақстандағы автокөліктерге және жер салықтарын салуды есептеу
2.1 Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
1. реттеушілік;
2. фискалдық;
3. қайта бөлу.
Көлік құралдарына салынатын салық - мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады.
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың қаржылық жағдайын ақпаратпен қамтамасыз ету және қаржылық әдістерді пайдалану
Қазақстан Халық Банкі Ашық Акционерлік Қоғамының несие қоржынының жағдайын талдау
ҚР-ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы
Қаржы мамандығы бойынша практика есебі
Қазмұнайгаз барлау өндіру акционерлік қоғамының қаржылық тұрақтылығын талдау
Несие қоржыны
Ақша қаражаттары
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қарыз алушы туралы ақпарат
Құрылыс кәсіпорнының қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары
Пәндер