Муниципалдық құқық



1. Муниципалдық құқықтың түсінігі, пəні, реттеу əдістері.
2 Жергілікті өзін . өзі басқарудың құзыреті .
3 муниципалдық құқықтық қатынастар. Муниципалдық құқықтық нормалар
4. Жергілікті өзін өзі басқарудың құрамына кіретін элементтер
5. Муниципалдық құқықтың қайнар көздері.
6. Муниципалдық құқық ғылым жəне оқу тəртібі ретінде.
7. Жергілікті өзін.өзі басқарудың түсінігі.
8. Жергілікті өзін . өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғаларының
қызметіне бақылау жасау.
1. Муниципалдық құқықтың түсінігі, пəні, реттеу əдістері. муниципалдық құқық – бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың
қаржылық-экономикалық, құқықтық, аумақтық негіздерін, жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік кепілдіктері мен ұйымдық-құқықтық нысандарын, жергілікті маңызы бар мəселелерді шешу жөніндегі жергілікті өзінөзі басқару органдарының өкілеттіктерін, сондай-ақ олар жүзеге асыруы мүмкін жеке мемлекеттік өкілеттіктерді реттеп, бекітетін ұлттық құқықтың кешенді саласы.
Муниципалдық құқықтың пəні болып келесі қоғамдық қатынастар табылады:
1. жергілікті өзін-өзі басқаруды азаматтардың тікелей ерік білдірулері арқылы жүзеге асыру процесінде пайда болатын қатынастар;
2. жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғаларының жергілікті маңызы бар мəселелерді шешу жөніндегі қызметті жүзеге асыруда жəне жеке мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруда пайда болатын қатынастар;
3. жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық-экономикалық негіздерінің болуымен жəне оларды пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастар;
4. жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтың негізін белгілеумен байланысты пайда болатын қатынастар;
5. жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктері қатынастары
6. жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі жауаптылық қатынастары
7. жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі муниципалдық қызмет қатынастары
8. жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен мемлекеттік билік пен басқару органдарының, əсіресе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзара қатынастары
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін құқықтық реттеу кезінде екі əдіс қолданылады:позитивтік (рұқсат берушілік) жəне негативтік (тиым салушылық).
Позитивтік əдіс Конституция мен өзге нормативтік құқықтық актілер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуде не істей алатындығын белгілейтіндігін шамалайды.
Негативтік əдіс жергілікті өзін-өі басқару оргшандарының заңмен тікелей тиым саланбаған қызметті жүзеге асыру құқығын танудан туындалады.

2 Жергілікті өзін - өзі басқарудың құзыреті . Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіктері (құзыреті) – бұл Конституция нармаларымен, заңдармен, заңға тəуелді актілермен жергілікті өзін-өзі басқарудың міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін белгіленген муниципалдық құрылымның, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғаларының құқықтары, міндеттері, қарайтын мəселелері.
3 муниципалдық құқықтық қатынастар. Муниципалдық құқықтық нормалар
4. Жергілікті өзін өзі басқарудың құрамына кіретін элементтер
1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізін мыналар құрайды: адам, өндіріс жəне оны жасау жөніндегі еркін қызмет;
2. мүдделері бойынша адамдардың бірлескен қызмет үшін бірігуі;
3. муниципалдық, қауымдық меншік немесе енбек ұжымдарының меншігі;
4. негізінен өз кірістерінен, өз қаржы көздерінен жəне ішінара мемлекеттік дотациядан құралатын жеткілікті қаржылық база;
5. жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру оның қызметін ұйымдастыруда азаматтар мен мемлекеттік органдардың бірлескен қызметі;
6. жергілікті жəне қоғамдық маңызы бар мəселелерді шешуге азаматтардың қатысуы;
1. Муниципальное право РК

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
1. Муниципалдық құқықтың түсінігі, пəні, реттеу əдістері. муниципалдық құқық - бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың
қаржылық-экономикалық, құқықтық, аумақтық негіздерін, жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік кепілдіктері мен ұйымдық-құқықтық нысандарын, жергілікті маңызы бар мəселелерді шешу жөніндегі жергілікті өзінөзі басқару органдарының өкілеттіктерін, сондай-ақ олар жүзеге асыруы мүмкін жеке мемлекеттік өкілеттіктерді реттеп, бекітетін ұлттық құқықтың кешенді саласы.
Муниципалдық құқықтың пəні болып келесі қоғамдық қатынастар табылады:
1. жергілікті өзін-өзі басқаруды азаматтардың тікелей ерік білдірулері арқылы жүзеге асыру процесінде пайда болатын қатынастар;
2. жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғаларының жергілікті маңызы бар мəселелерді шешу жөніндегі қызметті жүзеге асыруда жəне жеке мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруда пайда болатын қатынастар;
3. жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық-экономикалық негіздерінің болуымен жəне оларды пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастар;
4. жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтың негізін белгілеумен байланысты пайда болатын қатынастар;
5. жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктері қатынастары
6. жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі жауаптылық қатынастары
7. жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі муниципалдық қызмет қатынастары
8. жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен мемлекеттік билік пен басқару органдарының, əсіресе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзара қатынастары
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін құқықтық реттеу кезінде екі əдіс қолданылады:позитивтік (рұқсат берушілік) жəне негативтік (тиым салушылық).
Позитивтік əдіс Конституция мен өзге нормативтік құқықтық актілер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуде не істей алатындығын белгілейтіндігін шамалайды.
Негативтік əдіс жергілікті өзін-өі басқару оргшандарының заңмен тікелей тиым саланбаған қызметті жүзеге асыру құқығын танудан туындалады.

2 Жергілікті өзін - өзі басқарудың құзыреті . Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіктері (құзыреті) - бұл Конституция нармаларымен, заңдармен, заңға тəуелді актілермен жергілікті өзін-өзі басқарудың міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін белгіленген муниципалдық құрылымның, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғаларының құқықтары, міндеттері, қарайтын мəселелері.
3 муниципалдық құқықтық қатынастар. Муниципалдық құқықтық нормалар
4. Жергілікті өзін өзі басқарудың құрамына кіретін элементтер
1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізін мыналар құрайды: адам, өндіріс жəне оны жасау жөніндегі еркін қызмет;
2. мүдделері бойынша адамдардың бірлескен қызмет үшін бірігуі;
3. муниципалдық, қауымдық меншік немесе енбек ұжымдарының меншігі;
4. негізінен өз кірістерінен, өз қаржы көздерінен жəне ішінара мемлекеттік дотациядан құралатын жеткілікті қаржылық база;
5. жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру оның қызметін ұйымдастыруда азаматтар мен мемлекеттік органдардың бірлескен қызметі;
6. жергілікті жəне қоғамдық маңызы бар мəселелерді шешуге азаматтардың қатысуы;
7. жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекет пен қоғамды басқарудың біртұтас жүйесіне кіруі;
8. жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекетпен өзарабайланысы;
9. жергілікті өзін-өзі басқарудың функциялары мен өкілеттіктері;
10. өзін-өзі басқарудың заң актілері мен заңға тəуелді актілер негізінде əрекет етуі;
11. жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғам мен мемлекетке тəуелділігі.

5. Муниципалдық құқықтың қайнар көздері. Муниципалдық құқықтың қайнар көздері болып муниципалдық құқықтық нормалардан тұратын актілер табылады

6. Ж.ө.ө басқарудың ҚР заңнамасында реттелуіЖергілікті өзін-өзі басқарудың егемен Қазақстанның заңнамасында реттелуі мəселесіне келсек, 1993 жылғы ҚР Конституциясында жергілікті өзін-өзі басқару туралы ештеңе де айтылған жоқ. 90 бабының 2 тармағында "жергілікті маңызы бар мəселелерді шешу жергілікті өкілді жəне атқарушы органдармен жүзеге асырылады" деп бекітілді. 1993 жылғы 10 желтоқсандағы "ҚР жергілікті өкілді жəне атқарушы органдары туралы" заңда "жергілікті өзін-өзі басқару" термині тіпті еске алынған да жоқ. Тек тиісті аумақтың тұрғын халқының мүдделеріне қатысты аса маңызды мəселелерді қарау үшін поселке, ауыл(село), ауылдық (селолықө) округтің 18 жасқа толған азаматтарынан тұратын азаматтардың өкілдерінің жиналысын өткізу мүмкіндігі ғана бекітілді жəне жиналыстың құзыреті реттелді. 1995 жылғы Конституция 1993 жыфлғы Конституцияға қарағанда 89 бабын жергілікті өзін-өзі басқаруға арнаған. Бірінші рет Конституцияда жергілікті өзін-өзі басқару туралы норма көрініс тапты. Олардың өз өкілеттіктері шегінде дербестігіне кепілдік беріледі. Осылайша жергілікті басқару жəне өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру мен дамыту үшін алғышарттар түзілді. ҚР Конституциясы Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мəселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылатынын бекітті (89 бап., 1 т.). Осы түсіəнікті нақтылау үшін ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі жергілікті өзін-өзі басқаруды былай анықтайды: "жергілікті өзін-өзі басқару - 1995 жылғы Конституцияда тұрғын халықтың жергілікті мəні бар мəселелерін дербес шешетін демократиялық институт". Сонымен бірге Жергілікті мемлекетік және жергілікті өін өзі басқару туралы ҚР заңындада аталған жүйе реттелген.

7. Муниципалдық құқық ғылым жəне оқу тəртібі ретінде. Муниципалдық құқық ғылымы - бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуымен, жергілікті өзін-өзі басқару мəселелерін шешу жөніндегі органдардың қызметінің нысандарымен жəне тəсілдерімен байланысты қоғамдық қатынастар туралы ғылыми идеялар мен ғылыми ережелердің жүйесі. Оқу тəртібі ретіндегі муниципалдық құқық жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы, оларға азаматтардың қатысуы туралы берілетін білімдердің жиынтығы.

8. Жергілікті өзін-өзі басқарудың англо саксондық үлгісі , ерекшелігі
Жергілікті басқаруға арналған əдебиеттерде тиісті негізгі құқықтық жүйелерге жалпы сəйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқарудың үлгілері:
англосаксондық (ағылшындық),
континенталдық (француздық)
кеңестік.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық үлгісі (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, австралия жəне т,б,) жергілікті өкілді органдардың өзіне берілген өкілеттіктер шегінде автономды түрде əрекет ететіндігін жəне төменгі тұрған органдардың жоғары тұрған органдарға тікелей бағынуы болмайтындығын шамалайды. Олай болса, орталық үкіметтің жергілікті өзін- өзі басқаруға қамқорлық ететін (опекать) уəкілдері болмайды.

9. Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігі. Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық Хартиясының ережелерін, Ресей Федерациясы мен өзге егемен мемлекеттердің - ТМД елдерінің ережелерін, Қазақстанның жəне өзге елдердің жетекші ғалымдары-мемлекет танушылардың ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып жергілікті өзін-өзі басқаруға келесідей анықтама беруге болады: жергілікті өзін-өзі басқару - бұл селолық жəне қалалық қауымдастықтың тұрғындарының мүдделеріне сүйене отырып жергілікті маңызы бар мəселелерді дербес шешуді қамтамасыз ететін азаматтардың ұйымы мен қызметінің жүйесі.

10. Жергілікті өзін-өзі басқарудың континенталдық үлгісі , ерекшелігі
Жергілікті басқаруға арналған əдебиеттерде тиісті негізгі құқықтық жүйелерге жалпы сəйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқарудың үлгілері:
англосаксондық (ағылшындық),
континенталдық (француздық)
кеңестік.
Əлемнің көпшілік елдерінде (континенталдық Еуропа, француз тілдес Африка, Латын Америка, Жақын Шығыс елдерінде) жергілікті өзін-өзі басқарудың континенталдық (француздық) үлгісі кең тараған. Бұл үлгіге жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті басқарумен үйлестігі тəн. Олай болса, басқарудың жергілікті органдарына жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты белгілі бір функциялар жүктеледі.
11. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жүйесі: түсінігі және элементтері. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі деп жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, азаматтардың тікелей ерік білдіру нысандарының, муниципалдық құрылымның тұрғын халқы Конституциямен танылған жəне кепілдендірілген билікті жүзеге асырады, өзінің жеке мүдделеріне, тарихи жəне өзге де жергілікті дəстүрлерге сүйене отырып жергілікті маңызы бар мəселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің элементтерін қарастыратын болсақ, олар біріншіден - жергілікті референдум. ҚР Конституциясы жергілікті референдумды қарастырмайды, ал Ресей Федерациясы Конституциясы оны жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың қалған барлық нысандарының ішінде бірінші орынға қояды. Референдум - бұл қоғамдық өмірдің түрлі маңызды мəселелері жөнінде дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың тікелей ерік білдірулері. Референдумдар аумағы бойынша бүкіл халықтық жəне жергілікті болады. РФ заңнамасында "жергілікті референдум" ұғымы түрліше анықталады. Жергілікті референдум түсінігі өзіндік ерекше белгілерге ие:
1. Конституцияға сəйкес биліктің бастауы болып табылатын халықтың
- жергілікті құрылымның азаматтарының билікті тікелей жүзеге асыруы. Тиісті жағдайда билік тікелей ерік білдіру - дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
2. жергілікті референдумға тиісті референдум өткізілетін аумақта тұратын азаматтар ғана қатысады;
3. жергілікті референдум өткізілетін аумақтың шектелуі;
4. референдумның əсер ету аясы жергілікті маңызы бар мəселелермен шектеледі.Олай болса, жергілікті референдум - бұл жергілікті маңызы бармəселелерді шешуге бағытталған, муниципалдық құрылым шегінде жүргізілетін, дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын, Конституцияға, заңдар мен муниципалдық құрылымдардың жарғысына сəйкес өткізілетін тиісті аумақта тұратын азаматтардың тікелей ерік білдіруі. Азаматтардың ерік білдіруінің тағы бір нысаны сұрау алу . Бұл бойынша жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша тұрғын халықтың пікірін, көзқарасын білуге болады. Сұрау жаппай немесе таңдаулы болуы мүмкін. Жаппай сұрау- анкетирование қандайда бір мәселе бойынша бүкіл тұрғын халықтың немесе 50% -дан кем емес бөлігінің сұралуы тиістілігін білдіреді. Ал , таңдаулы сұрау тұрғын халықтың белгілі бір аз бөлігінің көзқарасын анықтауды білдіреді.

12. Мемлекеттік билікпен Жергілікті өзін-өзі басқарудың өзара қатынасы мәні негізделетін қағидалары Ж.ө.ө.б мемлкетпен қоғамды басқарудың біртұтас жүйесіне кіреді. Ж.ө.ө.б - бұл мемлекет шегінде оның белгіленген нормаларына сәйкестікте жүзеге асырлатын қоғамды басқарудың бір нысаны. Тиісті мемлекет аумағында , оның нормалалары шегінде қызмет ете отырып муниципалдық билік мемлекетпен оның органдарымен етене байланыста, өзара қатынаста болады. Мемлекеттік билікпен Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзара қатынасы келесідей қағидаларға негізделген :1) Мемлекеттік билік органдарының ж.ө.ө.б-ға қолдау жаса қағидасы. Ж .ө.ө. б-ды мемлекетік қолдау ж.ө.ө.б - дың қалыптасуына дамуына функцияларын жүзеге асыруна , муниципалдық органдардың қызметінің тиімділігін артыруға бағытталған мемлекет тарапынан жасалатын түрлі көмек нысандары арқылы байқалады. 2) мемлекеттік органдардың азаматтардың ж.ө.ө.б құқығын жүзеге асыруын қамтамасыз ету қағидасы. РФ да азаматтардың ж.ө.ө.б құқығы конституциялық құқығы болып табылады. 3) мемлекеттік билік органдарының ж.ө.ө.б-ды құқықтық реттеді жүзеге асыру қағидасы. 4) заңдылық, өзара жауаптылық қағидасы . Бұл жағдайда мемлекет ж.ө.ө. б органдарына өкілеттіктер жүктеуі мүмкін , бұның барлығы заң шеңберінде болуы тиіс

13. Жергілікті өзін-өзі басқарудың принциптері .Жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидалары - бұл жергілікті істерді басқаруды дербес жүзеге асыратын тұрғын халықтың, ол құратын органның ұйымдастырылуы мен қызметіне негіз болатын, жергілікті өзін-өзі басқарудың табиғатымен себептелген түпкілікті бастаулар мен идеялар.

14. Мемлекеттік билік органдарымен Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзара қатынасының нысандары. Мемлекеттік билік органдарымен ж.ө.өб органдарының өзара қатынасының негізгі нысандары мынадай . 1) жөөб органдарына жеке мемлекеттік өктем өклеттіктер жіктеу. Өкілеттіктер жүктеу екі нысанда жүргізіледі:1) Тапсыру - мемлекеттік органның қандайда бір өкілеттігі оның құзіретінен алынып тасталынады да, жергілікті өзін өзі басқару органының құзіретіне енгізіледі.2) Беру - мемлекеттік орган өзіне тән өкілеттікті бір ретке белгілі бір мерзімгенемесе мерзімсіз уақытқа жергілікті өзін-өзі басқару органына беру .Бұл өкілетілік жүктеудің түрінде белегілі бір міндеттер орындалған соң мемлекеттік органдарға қайтарылып беріледі. 2) мемлекеттік билік органдарының муниципалдық құрылымдық жарғыларын мемлекеттік тіркеу. Осы кезде муниципалдық құрылым шығарған жарғы жоғары тұрған субъектінің заңдары мен конституциялық заңдарымен, конституциямен сәйкестігі тексеріліп, оның бекітілуі жүзеге асырылады. 3) мемлекеттік билік органдарының муниципалдық құрылым аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын жүргізуінен көрінеді. Ол бойынша мемлекеттік билік органдары - қажет болған жағдайда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқықылы. 4) мемлекеттік билік органдарымен жөөб органдарының өзара қатынасының келесі бір нысаны - шарттармен келісім жасасуы. Өкілеттіктер беру осы келісім шарттарды жүзеге асыру негізінде пайда болады. 5) Үйлестіруші және кеңесші органдарды бірлескен жұмыс топтарын құру. Осы бойынша белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталған комиссиялар нақтылы бір органдар құрылады. Бұл органдарға мемлекеттен және жөөб өкілдері қатысады. 6)Ж.өөб органдарының заң шығару бастамашылық құқығын жүзеге асыруы; 7) жөөб органдарының мемлекеттік билік органдарына ұсыныстар мен өтініштер жолдауы ;

15. Жергілікті өзін - өзі басқарудың функциялары. Жергілікті өзін-өзі басқарудың функциялары - ол муниципалдық қызметтің негізгі бағыттары. Олар жергілікті өзін-өзі басқарудың табиғатымен, оның қағидаларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару қол жеткізуге ұмтылып отырған мақсаттар мен міндеттермен себептеледі.

16. Жергілікті өзін - өзі басқарудың кепілдіктерінің түсінігі және жүйесі. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктері ҚР Конституциясында, заң актілерінде, муниципалдық құрылымның жарғыларында жəне өзге де актілерде бекітілген. ҚР Конституциясының 89 бабының 4 тармағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік берілетіндігін бекітеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктерін экономикалық, ұйымдық жəне құқықтық деп үшке бөлуге болады.
17. Жергілікті өзін - өзі басқарудың үлгіліері Жергілікті басқаруға арналған əдебиеттерде тиісті негізгі құқықтық жүйелерге жалпы сəйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқарудың үлгілері:
англосаксондық (ағылшындық),
континенталдық (француздық)
кеңестік.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық үлгісі (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, австралия жəне т,б,) жергілікті өкілді органдардың өзіне берілген өкілеттіктер шегінде автономды түрде əрекет ететіндігін жəне төменгі тұрған органдардың жоғары тұрған органдарға тікелей бағынуы болмайтындығын шамалайды. Олай болса, орталық үкіметтің жергілікті өзін- өзі басқаруға қамқорлық ететін (опекать) уəкілдері болмайды. Əлемнің көпшілік елдерінде (континенталдық Еуропа, француз тілдес Африка, Латын Америка, Жақын Шығыс елдерінде) жергілікті өзін-өзі басқарудың континенталдық (француздық) үлгісі кең тараған. Бұл үлгіге жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті басқарумен үйлестігі тəн. Олай болса, басқарудың жергілікті органдарына жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты белгілі бір функциялар жүктеледі. Жоғарыда аталған үлгілерден "кеңестік" деп аталатын үлгі күрт
ерекшеленеді. Бүгінгі уақытта ол практикалық емес, ғылыми қызығұшылық
тудырады. Бүгінде ол өзін социалистік мемлекет деп есептеуді жалғастырып
отырған бірнеше елдерде (Қытай, Куба, КНДР, Вьетнам) белгілі бір нысанда
сақталып отыр. Социализмнің көпшілік елдері өз заңнамасында континенталдық үлгіні немесе оған жақын үлгіні бекіте отырып, "кеңестік"
үлгіден бас тартты.

18. . Жергілікті өзін - өзі басқарудың ұйымдық және материалдық қаржылық дербестігін қамтасыз ететін кепілдіктер. . Ұйымдық кепілдіктер тікелей жəне өкілді демократия нысандарын пайдалана отырып азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды. Азаматтарға жергілікті референдумға, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымдарға сайлауға, депутатты жəне сайланбалы лауазымды тұлғаны керіп шақырып алуға, құқықшығармашылық азаматтық бастамаға, жиналыстар мен сходтар өткізуге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жолдануға кепілдік берілуі тиіс.
Экономикалық кепілдіктер жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық жəне қаржылық негіздерін қалыптастыру мен дамытуда,муниципалдық меншікті құруда, жергілікті өндірісті дамыту жəне жаңа, қазіргі технологияларды енгізу есебінен жеткілікті салық салу базасын құруда негізделген (заложены)

19. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде өкілді жəне тікелей демократия
нысандарын үйлестіру. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, азаматтардың тікелей ерік білдіру нысандарының, муниципалдық құрылымның тұрғын халқы Конституциямен танылған жəне кепілдендірілген билікті жүзеге асырады, өзінің жеке мүдделеріне, тарихи жəне өзге де жергілікті дəстүрлерге сүйене отырып жергілікті маңызы бар мəселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің элементтерін қарастыратын болсақ, олар біріншіден - жергілікті референдум. ҚР Конституциясы жергілікті референдумды қарастырмайды, ал Ресей Федерациясы Конституциясы оны жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың қалған барлық нысандарының ішінде бірінші орынға қояды. Референдум - бұл қоғамдық өмірдің түрлі маңызды мəселелері жөнінде дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың тікелей ерік білдірулері. Референдумдар аумағы бойынша бүкіл халықтық жəне жергілікті болады. РФ заңнамасында "жергілікті референдум" ұғымы түрліше анықталады. Жергілікті референдум түсінігі өзіндік ерекше белгілерге ие:
1. Конституцияға сəйкес биліктің бастауы болып табылатын халықтың
- жергілікті құрылымның азаматтарының билікті тікелей жүзеге асыруы. Тиісті жағдайда билік тікелей ерік білдіру - дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
2. жергілікті референдумға тиісті референдум өткізілетін аумақта тұратын азаматтар ғана қатысады;
3. жергілікті референдум өткізілетін аумақтың шектелуі;
4. референдумның əсер ету аясы жергілікті маңызы бар мəселелермен шектеледі.Олай болса, жергілікті референдум - бұл жергілікті маңызы бармəселелерді шешуге бағытталған, муниципалдық құрылым шегінде жүргізілетін, дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын, Конституцияға, заңдар мен муниципалдық құрылымдардың жарғысына сəйкес өткізілетін тиісті аумақта тұратын азаматтардың тікелей ерік білдіруі. Азаматтардың ерік білдіруінің тағы бір нысаны сұрау алу . Бұл бойынша жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша тұрғын халықтың пікірін, көзқарасын білуге болады. Сұрау жаппай немесе таңдаулы болуы мүмкін. Жаппай сұрау- анкетирование қандайда бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті өзін-өзі басқару ұғымы
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
ЖЕРПЛІКТІӨЗІН-ӨЗІБАСҚАРУ ҮҒЫМЫ
Елдің әлеуметтік экономикалық дамуындағы жергілікті бюджеттің рөлі
Ресей Федерациясындағы жерге жеке меншік пен жер пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы
МУНИЦИПАЛДЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі, мақсаты, ұйымдастырылуы
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары: құрлымы, мәртебесі, мақсаты және міндеттері
Кадрлар потенциалын ұдайы толықтыру
Кадрлар потенциалының тиімділігі
Пәндер