Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер



Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
2.1. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер
2.2. Мердігерлік шартының тараптары
2.3. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгі бір тұлғаның жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Осы курстық жұмыста біз мердігерлік шартының жалпы ережелерімен онын элементтерімен, тараптардың құқықтары және міндеттерімен, сондай-ақ мердігерлік шартының жекелеген түрлерімен танысамыз. Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне: тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлік, жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік, ғылыми-зерттеу, тәжирибелік – конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік жатады. Осылардың әрқайсысынына түсінік беріп, қандай қызмет атқаратынын жеке қарастырамыз.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін. Бірақ бұл мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды болып келеді. Осы қызметті негізінен онды қызмет деп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге қатынастарының бірге жүзеге асырылатын қызмет деп реттеледі.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол тұлға мердігерлік шартын жағдайларына сәйкес жұмыстын толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де, жасалған мүліктін өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу – сату шартымен ортақтығы болып келетінің тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтың әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады. Бірақ негізімен мердігерлік қатынастарды сатып алу – сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі»
3. «Азаматтық құқық» ерекше бөлім
Авторы: Жайлин Ғ.А.
4. «Азаматтық құқық» оқулық
Авторы: М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин
5. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заң
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық: оқулық
Авторы: Төлеуғалиев Ғ.
7. ҚР-ның Президентінің халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан»

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Пәннің аты: Азаматтық құқық
Мамандығы: Құқықтану
Тақырыбы: Мердігерлік шарты

Алматы 2013

Курстық жұмыстың мазмұны

Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгі бір тұлғаның
жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Осы курстық жұмыста біз мердігерлік шартының жалпы ережелерімен онын
элементтерімен, тараптардың құқықтары және міндеттерімен, сондай-ақ
мердігерлік шартының жекелеген түрлерімен танысамыз. Мердігерлік шартының
жекелеген түрлеріне: тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлік, жобалау
немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік, ғылыми-зерттеу, тәжирибелік –
конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік жатады. Осылардың
әрқайсысынына түсінік беріп, қандай қызмет атқаратынын жеке қарастырамыз.

Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
2.1. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер
2.2. Мердігерлік шартының тараптары
2.3. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгі бір тұлғаның
жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Осы курстық жұмыста біз мердігерлік шартының жалпы ережелерімен онын
элементтерімен, тараптардың құқықтары және міндеттерімен, сондай-ақ
мердігерлік шартының жекелеген түрлерімен танысамыз. Мердігерлік шартының
жекелеген түрлеріне: тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлік, жобалау
немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік, ғылыми-зерттеу, тәжирибелік –
конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік жатады. Осылардың
әрқайсысынына түсінік беріп, қандай қызмет атқаратынын жеке қарастырамыз.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін. Бірақ бұл
мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы қызметті негізінен онды қызмет деп мінездеуге болады,
сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге қатынастарының бірге
жүзеге асырылатын қызмет деп реттеледі.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол
тұлға мердігерлік шартын жағдайларына сәйкес жұмыстын толық орындалуына
жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса
тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды.
Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген
қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де, жасалған
мүліктін өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік
шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу – сату
шартымен ортақтығы болып келетінің тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтың
әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады.
Бірақ негізімен мердігерлік қатынастарды сатып алу – сату және еңбек
қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының
қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың
мазмұнына айқын көрінеді.

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырмасы
бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның
нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін
қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстын бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігерлік шарты консесуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау
үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу
кезі және онын орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға
тәуелдікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді.
Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы
мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары тез фотосуреттер дайындау мен
байланысты мердігерліктін осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша
қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының
себебтенуші негізінде болуы мүмкін.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне (616-683-б) ұсталынып келеді. Одан басқа Қазақстан
Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету Қазақстан Республикасының
мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. № 97-қаулысымен бекітілген, құнды
және антимонопольді саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексін ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін
құрылыс аясында мердігерлік қатынастар бұрын қолданған, Қазақстан
Республикасының құрылыс министірлігінің 3-ші наурыз, 1994. № 5-5 - өкімімен
бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылысында мердігерлік
шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының құрылыс
министірлігінің 30.06.1994. № - 7-5 – қаулысымен бекітілген бас
мердігерлерді ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара
қатынастарының ережелері үшін жойды. Азаматтық заңнамада мердігерлік
қатынастардың түрлерінің ең маңызды және ерекше белгілері барлары
реттелген. Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіреді:
1) тұрмыстық мердігерлік
2) құрылыс мердігерлік
3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік
4) ғылыми-зерттеу, тәжирибелік – конструкторлық және технологиялық
жұмыстарға мердігерлік.
Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге
арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының
жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы
ережелер де қолданылады.
Мердігерлік шартының элементтері. Мердігерлік шарттарының тараптары
болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы - екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген
белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде
азаматтық құқықтық қатынастарының кез-келген тұлғасы болады. Мердігерлік
шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшелері жеке заң актілермен белгіленген,
мысалы, Қазақстан Республикрасының көлік және коммуникация министрлігінің
18.01.1998.№123-бұйрығымен бекітілген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды
ұйымдастыру және өткізу тәртібінің ережелері.
Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін
тұлға, көбінесі кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке
кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті негізде мердігерлік жұмысты
кез-келген әрекет қабілеттілігі бар және тұлға атқара алады. Кейбір
жағдайда, лицензиялау туралы 17.04.1995ж. Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және толықтырулармен)
мердігерлердің қызметті лицензиялану тиіс. Мысалы, жобалау – іздестіру,
құрылыс монтаждық жұмыстарды ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.
Сондықтан мердігерлік, мердігерлік шарты жалпы жасап, шартты орындауға
басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де
тұлғалар қатысытын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстын мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа
тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 619 – б. 1-ші тармағы) тартылған тұлға
қосалқы мердігер болып табылады. Алқашқы мердігер оның алдында тапсырысшы
болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға
тапсырысшының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының алдында
мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген орындауға үшінші
тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігерлердің келісімі барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап
етіледі, болмаса бас мердігерлердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе
жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысының
алдында іс жүзінде ортақ немесе үлесті борышкерлер болып келеді, себебі
олардың жасалған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың
ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек
бір-біріне байланысты емес құқықтық қатынастарының субъектілері, өйткені
олардың әрқайсымен бөлек мердігерлік шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында біршене тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін,
осы жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық
қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір
айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып
міндеттеме затының бөлінбей келуі мүмкін (ҚР АК 287 б-ның 1-тармағы),
сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметтермен байланысты болуы себебінен
бірнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе
алады. (ҚР АК 287 б. 2-тармағы).
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша келісімдер жасалу мүмкін және
олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде
түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акцессорлық
келісімдер, олар аталғандай мәселерді шешуге көмектесетініне қарамастан
өзге тұрғындағы мәселердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ю.Г.Басин мұндай
мысал келтіреді: Төрелік сот тәжірибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы
үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты орындауға келіскен соң пайда болған
дау орын алды. Алғашқы шартты жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара
бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы
мердігерлердің біреуінің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа
мердігерлерден сомманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен.
Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған
және шарт бойынша төлем ақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге
қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сілтенген.
Келтірген мысалы талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу
туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде
тоқтатылғасын негізді деп тануға болады. Қосымша мердігерлер өзара
келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы
қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы – бұл мердігер мен орындаған жұмыстың
нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін
белгілі заттармен, материалдармен байланысты, олар да өзінің бейнелеуін
табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттын
тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты
кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көк ала алаңдарды қию, киімдерді химиялық
тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға
бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігерлердің қызметтерінің өзі де
реттеленеді. Кейбір жағдайда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі орындауға
міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды
орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер
жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі материалдарды арзанға
ауыстыруы мүмкін және т.б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін. Мердігер
бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты
наразылық ұсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін. Мердігерлердің
қызметінің өзі реттелетінің растайтын келтірілген өзге де мысалдарды
кетіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы
нәтижесіне де өз әсерін тигізетін түсінікті.
Шарттың бағасын орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Баға
әр кезде ақша соммасымен белгіленеді. Бірақ төлеудің нысандары әр түрлі
болуы мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстық бағасы немесе оны
анықтау тәсілдері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және
тараптар баға туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған
ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді.
Бағаны есептеу үшін, тараптарға келтірген шығындар еске алынуы қажет. Егер,
шарт негізінде орындалатын жұмыстың күрделі құрамы болса яғни сол жұмыстың
өзі бірнеше олардың түріне құрылса, бірнеше кезеңдерді қамтыса және т.б.
жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Смета бұл
мердігерлік шарт бойынша орындалатын барлық жұмыстың құны жұмсалатын
материалды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердігер жұмыстың және материалдардың құндай жөнінде біліктілеу
болған соң смета көбінесе онымен дайындалады. Сонымен қатар тапсырысшының
өзінің де сметаны жасалуына шек қойылмайды. Мердігерлермен жасалған смета,
тапсырысшымен бекітілген және шарттың ажырамас бөлігіне айналады. Өз
кезегінде тапсырысшы дайындаған смета мердігердің келісімін талап етеді.
Жалпы смета жөнінде келісуде оны смета жасау тәртібімен салыстырғанда
ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны
көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете
алмайды. Тұрақты сметаны бір жақты өзгертуге құқық шартты жасау кезінде
орындалуға тиіс. Жұмыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті
шығындарды анықтау мүмкін болмаса да пайда болмайды. Шарт жасасқаннан кейін
мердігер беруге тиісті материалдармен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшінші
тұлғалар көрсететін қызметтердің құны едәуір өскен кезде мердігерлердің
белгіленген бағаны көбейтуді талап ету құқығына иеленеді. Егер тапсырысшы
осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердігердің шартты
бұзуды талап ету құқығына пайда болды.
Шамалас сметаның ерекшелігі оны қарастырған жағдайда мердігер өзі
шығындарының көлемін оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың
шамамен белгіленген бағасын елеулі өсуге қажет бола қалса, мердігер бұл
туралы тапсырысшыға уақытылы өзгертуге және жұмысты тоқтату тұруға
міндетті. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындай керектігі
анықталғасын немесе материалдарға үшінші тұлғалардың қызметтерің бағалары
өссе, осындай қажеттілік болуы мүмкін. Бағаны елеулі өсіруге көбейтуге
келіспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер
өзіне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлігінің бағасының төлеуді талап
ете алады. Шартта көрсетілген бағаны өсіру қажеттігі туралы тапсырысшыға
уақытылы ескертпеген мердігер жұмысқа шартта белгіленген алғашқы баға
бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындау міндетті.
Мердігерлік шартты мерзімі мердігердін және тапсырысшынын олардын
шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінін уақытылық
өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгіні мерзімге мердігерге
материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғарғы мән жұмыстың
орындалуының мерзімдерінде болады. Себебі мердігерлік шарттарының орындалуы
сол мерзімге тікелей тәуелді болады. Оны аралығында жұмыс толығынан жасалып
бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен
қатар шартта жұмыстар орындалуы үшін қарастырылған ақырғы мерзімдерде
бекітіледі. Жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталуы мерзімдері – аралық
мерзімдер де көзделуі мүмкін.
Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың
орындалуына байланысты мердігердің қызметін бірдей етіп бөлінуі қамтамасыз
етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын бақылауын
қамтамасыз етеді. Егер жұмыс жайы, уақытылы емес орындалса және оны
белгіленген мерзімде аяқталуы мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы
шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтуге талап етуге құқылы.
Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса оны орындауға
уақытылы көріспеседе осы нәтиже орын алады.
Тараптардың құқықтары және міндеттері. Мердігер шартта келісілген
жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігерлердің мойындап
ол кәсіби субъект болған соң оны жұмыстың орындамағандығына байланысты
қолайсыз салда болып келеді. Мердігердің осы міндеттінің мазмұны
тапсырысшыны орын алған заңсыз мінез-құлқы ескеріліп тиісті дәрежеде
өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны
үшін мердігерді жауапкершілікті босайтын жағдайларда әсер етеді.
Мердігер жұмысты өз материалдармен күштермен және құралдармен
орындауға міндетті. Егер материал онымен берілсе, ол тапсырысшының алдында
материалдардың сатушысы болып табылады және олардан тиісті сапасы үшін
жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады
және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек.
Мердігерлік шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға
жатқызылмайды, сондықтан оның тиісті орындалуының негізгі белгісі ретінде
тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердігер мемлекеттік
стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақтауға және
нормативті-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті.
Осындай талаптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасайтын
мердігерлерге қолданылады, бірақ кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау
кезінде міндетті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті
талаптарды орындамаса оның қызметіне тыйым салынуы тиіс. Бұл жаңа заттарды
жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе
толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар
негіз ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті талаптармен
салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін
жұмысты орындау міндетін шарт блойынша өзіне алу мүмкін.
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде болуын
қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының
оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартты
өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ
материалдар мен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де
орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен
пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану үшін
жауапты болады. Жұмыс аяқталынғаннан кейін мердігер тапсырысшыға жұмсалған
материалдар туралы есеп беруге міндетті. Егер материалдардың қалдықтары
болса, мердігер оларды тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшының
келісімінен қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың
бағасын кемітіп сол материалды өзінде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол материалдарды
сапасына қарай қабылдап алуға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген
жабдықтарды техникалық құжаттарды және өндеуге берілген заттың өзінде
қабылдап алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және т.б-қа
жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінен кәсіби тәжірибесіне
байланысты бағалайды.
Мердігер:
1) Тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық
құжаттаманың немесе өндеуге берілген заттын жарамсыздығы немесе
сапасыздығы;
2) Оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан
тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) Орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне
қауіп туғызатын не оны мерзімінде ақтауға мүмкіндік бермейтін
мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда
тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты
тоқтата тұруға міндетті.
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап
алу үшін қисынды мерзімнің аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру
туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған
мердігердің тапсырысшы оған тиісті талаптар қойған кезде аталған мән-
жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ. Осы норманың мағынасы бойынша
тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзімінің
ішінде беруі тиіс.
Егер мердігер белгіленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының
берген сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың
кемшіліктерін тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың
сапасын тиісті бағаламауда мердігердің кінәсі болуы керек. Осыған
байланысты, жұмыс мердігердің материалынан орындалса, мердігерлік шартында
тапсырысшының кепілдігі көбірек болады. Себебі материалдарды қамтамасыз
еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына
қарамастан жауапты болады.
Мердігер тапсырысшы берген мүліктін сақталуын қамтамасыз етуге
міндетті және мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігерден иелігіне
өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүліктін жабдықтардың
сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады. Бұл жауапкершілік мердігерлік
шартының орындауына арналған мүлікке ғана емес мердігердің иілігіне түскен
басқа да мүлікке де қатысты болады. Мысал қылып мердігерге тыңығу үшін
бүлініп берілген бөлмелерді, жөңдеу кезінде оны алып кету қажеттілігі
болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлікті айтуға болады. Осындай мүліктің
сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып әдетте орын алатын меншік иесінің
өзінің шаруашылық ұқыптылығы келеді, бірақ жұмыстарды орындау үшін арналған
жабдықтар мен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда
мердігердің кәсіби субъект ретінде қараушылық дәрежесі жоғары болуы керек
екенің танимыз. Кез-келген жағдайда егер мүлік сақтауды қамтамасыз ететін
барлық шараларды қолданбаса мердігер кінәлі болып табылады.
Мердігерде үнемдеуге құқығы бар. Бұған қатысты норма заңнамада және
бұрын ҚКСР АК-сында ол болмаған еді. Оны кірістіру мердігердің тиімді
шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда онын қолданылуына байланысты
үнемдеуге тікелей мүліктің мүддесі пайда болады. Үнемдеу әдеттегіге
қарағанда шығындарды азайтатын жаңа технологияларды енгізетін мердігердің
жоғары дәрежелі кәсіпқойлығының салдарынан болады. Нақты шығыны бағаны
белгілеу кезінде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда егер тапсырысшы
мердігер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер еткенің
дәлелдей алмаса, мердігер шартта көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу
құқығын сақтайды.
Мердігерлік шартта мердігер алған үнемде тараптар арасында бөлу
көзделуі мүмкін. Осы жағдайда тапсырысшымен шарт бойынша төленетін баға
азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуі орын алмаса бұл
норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келеді. Басқа жағынан нарықтың
экономика жағдайында мердігердің қызметін пайдалану үшін, онын тұрақты
әскерлік атағы пайда болуы үшін, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша
ынталандыру болуы мүмкін.
Мердігер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесімен бірге, шарттың нысанасын
пайдалану немесе өзгеше іске асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
Осы міндетті қарастыратын нормада азаматтық кодексте жаңа болып келеді.
Мердігерден осы міндетті тағы шартты да көрсетілуі тиіс. Кейбір жағдайларда
осы жұмыстын нәтижелерін шартта көрсетілген мақсаттарда пайдалану тиісті
ақпаратсыз мүмкін болмаса онда сондай сипаттағы ақпарат мердігердің осы
жөніндегі міндетті шартта бекітілмей-ақ берілуге тиіс болады. Осындай
ақпараттарда белгілі технологиялық схемалар, нұсқаулар, түсініктемелер және
т.б. жатады. Жалпы мердігердің ақпарат беру бойынша міндеті мердігерлік
нәтижесінің ерекшелігіне жасалған бұйым арнайы күтімді талап ететініне және
т.б. себептерге байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс 638-бабы әрбір тарапқа
қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүліктің объектісімен
сияқты иеленуіне байланысты мүдделердің қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.
Бір тарап шарт бойынша өзінен міндеттемесін атқарудың арқасында басқа
тараптан жаңа техникалық шешімдер мен білімдер туралы ақпарат алса, сол
ақпаратты үшінші тұлғаларға өзге тараптың келісімінсіз бере алмайды.
Мердігерлік шарты бойынша жалпы тәртібіне құқықтық қорғау болмайтын ақпарат
және де тараптардың біреуінен коммерциялық құпиясы болып келетін ақпарат та
қорғалады. Осындай ақпаратты жарияламау міндетті тараптар оның шартта
бекіткеніне, бекітпегеніне байланысты болып келеді, бірақ ақпарттарды
пайдалану тараптары мен тәртібі тараптардың келісімімен анықталады. Мұндай
ақпаратты пайдаланудың тәртібі мен талаптары тараптардың келісімімен
белгіленеді.
Мердігер жұмысты атқарған сон оған тапсырысшы шартты орындау үшін
берген құралдарды қайтаруға міндетті. Сол сияқты тапсырысшы мердігер
жұмысты орындауға кіріспегені немесе тым баяу орындағанына немесе орындаған
жұмыста елеулі және жойылуы мүмкін емес кемшіліктері болғаны себебінен
шартты бұзса, онда мердігер тапсырысшымен берілген материалдарды,
жабдықтарды өңдеу үшін берілген затты немесе өзге мүлікті қайтаруға
міндетті. Мүлік тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкін. Егер
мүлікті қайтарып беру мүмкіндігі жоқ болса, мердігер материалдардың құрал-
жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүліктің бағасын қайтаруға
міндетті.
Тапсырысшыға мердігерге жәрдемдесу міндеттері жүктеледі. Бұл
тапсырысшы мердігермен бірге белгілі бір жұмыстың бөлігін істеу керектігін
білдірмейді. Жұмыс мердігердің қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының
материалдарды беру міндеті болмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 629-бабының мағынасы
бойынша, тапсырысшы мердігердің міндетін тиісті орындауы қажет ұйымдастыру
шараларын жүзеге асыру керек, егер осы шаралар тапсырысшының әрекеттеріне
байланысты болса. Мысалы, тапсырысшы салынып жатқан объектіге жолды
тазалауға, тиісті мерзімде, егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды,
бөлмелерді беруге міндетті. Мердігерге көмектесу міндетті тапсырысшы оған
жұмыстарды орындаудың бұдан бұрын бекітілген тәртібін қайта құрауды талап
етпеу керек екенің, оған жұмыстын орындалуында өзге кедергі жасамау керек
екенің, керісінше онымен ынтымақтастықта болу керек екенін білдіреді.
Тапсырысшы осы міндеттерін орындамаған жағдайда мердігер зиянды сонын
ішінде жұмыстын тоқтап қалуына, жұмыстың орындаудың мерзімдерінің өзгеріне
немесе жұмыс бағасы көбеюіне байланысты келтірілген шығындарды өтеуді талап
етуге толық құқылы. Егер мердігерлік шарты бойынша жұмысты орындау
тапсырысшының әрекеттерінің мүмкін болмай қалса, мердігер жұмыстың
орындалған көлеміне сәйкес келетін мөлшерде жұмыс үшін ақыны алу құқығын
сақтап қалады.
Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге міндетті
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында жұмысты қабылдау
тәртібі реттелген және ол шартта да көрсетілуі мүмкін. Жасалған жұмысты
қабылдау шартта көрсетілген мерзімде егер сол мерзімдер шартта
қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзімдерде жүргізіледі. Қабылдауға
жұмыс нәтижелерін тексеру кіреді. Егер жаңа зат жасалынса немесе бар затты
жөндеу, оны жақсарту жүргізілсе қабылдау міндетті затын иелікке алу бойынша
іс жүзіндегі әрекеттерді де өз құрамына енгізеді. Орындалған жұмысты
қабылдаудың мерзімін өткізіп алу меншік құқығы жаңадан жасалған затқа
тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетініне әкеледі. Сілтеме жасаған
норманың мәтінінде біздің ойымызша қателік бар. Себебі жұмыс нәтижесін
қабылдап алу мерзімін өткізіп алу тапсырысшыға меншік құқығы өту сәтін
анықтауға байланысты болуы тиіс емес, мерзімді өткізіп алған несие берушіде
осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер оның қабылдау мерзімін
өткізіп алудағы кінәсі болмаса онда ол мүлікті қабылдауға міндетті болған
және оны қабылдаған сәттер арасындағы уақыт аралығындағы мүлікті күтіп
ұстау бойынша шығындарда оған жүктелетініне әкеледі. Тапсырысшы жщұмысты
нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы өзге кемістіктерді
анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердігерге хабарлауы тиіс. Болашақта
тапсырыс беруші қабылдау сәтінде анықталған кемістіктерді жою туралы талап
қоймақ болса онда кемістіктер қабылдауды куәландыратын актіде немесе өзге
құжаттарда көрсетілсе ғана, ол соларға сілтеме жасай алады. Осы қойылатын
талаптарды ескерсек, біз мердігерлік жөніндегі нормалар мердігерлік
шартының нысанасын қабылдау бойынша сатып алу – сату шартына қатаңдау
талаптар бекітілетінін айта аламыз.
Егер тапсырысшы жұмыстың нәтижесін тексеріссіз қабылдаса, онда ол
қабылдаудың кәдімгі болып келетін тәсілдерін қолданғанда анықталуы мүмкін
болған кемістіктерге сілтеме жасау құқығынан айырылады. Егер тапсырысшы
жұмыс нәтижелерін қарап қабылдағаннан кейін қарапайым қарағанда
көрінбейтіндей кемістіктерді сол сияқты оларды мердігер қасақана жасырған
кемістіктерді анықтаса, онда тапсырысшы бұл туралы мердігерге қисынды
мерзімде хабарлауға міндетті. Тапсырысшы мердігерге оның орындаған
жұмысының кемшіліктері туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзімі кемшіліктер
табылғаннан, яғни жұмыс нәтижесі қабылдағаннан кейін бір жылды құрайды.
Мердігерге ғимараттардың, құрылыстардың кемістіктері туралы немесе мердігер
қасақана жасырған кемістіктер туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзімі үш жылды
құрайды. Көрсетілген мерзімдерді кепілдік мерзімдері ретінде бағалауға
болады. Аталған мерзімдер заң актілерімен немесе шарттармен ұзартылуы
мүмкін. Сапа кепілдігі, егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс
нәтижесінің барлық құрамаларына тарайды. Егер мердігерлік шартында бұл
өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі тапсырысшы жұмыс нәтижелерін
қабылдағаннан кейін бастап немесе тапсырысшы оларды қабылдауы керек сәттен
кейін бастап есептеледі.
Егер тапсырысшы мен мердігер арасында жасалған жұмыс кемшіліктері
немесе оның себептері туралы тартыс болса, олардың әрқайсысының талабы
бойынша сараптама жүргізілуі мүмкін. Сараптау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шарты
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Мердігерлік шарты жайында
Шарт жасасудың кезеңдері
Шарт: сақтау шарты, мердігерлік шарт
Кәсіпкерлік шарттар
Мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
Мердігерлік шартының жауапкершілігі
Мердiгерлiк шарт туралы
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Пәндер