Алиметтік міндеттемелерді құқықтық реттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 112 бет
Таңдаулыға:
РЕФЕРАТ
Магистрлік диссертация жұмысының өзектілігі 1993 жылғы ҚР-ның Конституциясы Қазақстан Республикасын әлеуметтік мемлекет ретінде танып, саясатын адам және азаматтардың өмір сүруі мен дамуына қолайлы жағдай тудыруға бағыттады. Бұл өз кезегінде ҚР-ның саяси және экономикалық негізін қалады. Бұл Конституцияның қабылдануы, осыған дейін ел аумағында әрекет еткен отандық заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге алып келді. Құқықтың әрбір саласына, оның ішінде неке және отбасы құқығына да реформалау жүргізілді. Соңғы жылдарда неке және отбасылық заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар алименттік қатынастарды реттеуге байланысты енгізілуде. Отбасы құқығы, отбасының беріктілігі еліміздің дамуына, көркеюіне септігін тигізеді. Сонымен қатар отбасының құқықтық негізде бектілуі, қоғамдағы белгілі бір мүдделерді қорғап, оның жүзеге асырылуына маңызды әсер етеді.
Магистрлік жиссертацияның зерттеу объектісі болып барлық алименттік қатынастар танылады.
Магистрлік зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Аталған магистрлік диссертациялық зерттеу - бұл алименттік міндеттемелер қатынастарын құқықтық реттейтін заңнамалардың өзекті мәселелерін зерттей отырып, олардың алдын алу шарларын анықтау.
Бұл магистрлік диссертациялық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде тұлғаның құқықтық қорғалуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының, экономикалық, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуына кепілдіктердің қарапайымдалуына басты назар бөлінуі керек екендігі айтылған.
Бірінші тарауда жалпы түсінік қаралып, сонымен қатар алименттік міндеттер институтының Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша негізгі категориялары көрсетілген. Екінші тарауда - ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттерінің ерекшеліктері, Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша алимент өндіріп алу тәртібі зерттелген.
Қорытындыда осы магистрлік диссертациядағы нақты талқыланған құқықтық мәселелердің туындауы және оларды шешудің жолдары туралы көрсетілген.
Берілген жұмыста мынандай негізгі ұғымдар: міндеттеме, жанұя, ата-аналар, алименттер, алименттік міндеттер, келісім, алименттік келісім, алиментті өндіру және басқалары табылады.
Магистрлік диссертация жұмысын орындауда көптеген аса отандық және шет ел авторларының арнайы оқу, монографиялық әдебиеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері қолданылды.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОТБАСЫ ҚҰҚЫНДАҒЫ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 15
1. 1 Алименттік міндеттемелердің құқықтық реттейтін заңнамалар негіздері, тарихы мен қазіргі жағдайы 15
1. 2 Алименттік міндеттеме түсінігі 25
1. 3 Алименттік міндеттеменің түрлері 43
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША АЛИМЕТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ 52
2. 1 Кәмелетке толмаған балаларды асырауға байланысты ата-аналардың міндеттері 52
2. 2 Кәмелетке толмаған еңбекке жарамсыз балаларды асырауға байланысты ата-аналардың міндеттері 57
2. 3 Ата-аналарын асырауға байланысты балалардың міндеттері 62
2. 4 Алиментті өндіру тәртібі, алименті еріксіз өндіру 65
2. 5 Алимент төлеу туралы келісім 74
ҚОРЫТЫНДЫ 86
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 94
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Магистрлік зерттеу жұмысының өзектілігі Бүгінгі күнде отбасы заңнамалары дамып, қалыптасып үлгерді оның айғағы 26 желтоқсан 2012 жылы қабылданған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы жаңа кодекстің қабылдануы. Жаңа кодекс бұрынғы 1998 жылғы Неке және отбасы туралы заңға қарағанда алименттік қатынастарды құқықтық реттеуді толығымен қамтыған.
Кодексте қамтылған алдыңғы жағдай халықтың ең материалдық қамтылмаған және қорғаусыз әлеуметтік-демографиялық тобы - балалар мен қарттар мүдделерін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін қалыптастыруға байланысты мәселелер қойылады.
Отбасы қоғамнан оны қоршаған ортадан алшақтанып өмір сүрмейді. Отбасылық орталықты заңды және жеке тұлғалармен байланыстыру тұғырына жетпеген мәселелерді шешуге негіз болады. Олардың арасындағы қатынаста тек заң ғана емес, мораль да әрекет етеді. Бұл міндеттерді шешу тек қана құқықтық нормаларды қолданумен байланысты емес, сонымен қатар оларды білу және басқа да біліктіліктің орын алуы.
Отбасы - бұл әр түрлі байланыстармен біріктірілген ұжым. Олардың кейбіреуі сезіммен байланысса, ал келесілері адамгершілік немесе материалдық, кейде іскерлік тәртіпте байланысады. Қоғамдық бағалылық жүйесінде отбасының алатын орны ерекше. Отбасы құқықтық нормалармен көрсетілген өзара құқықтар мен міндеттердің бастамасын құрайтын адамдар тобы.
Отбасы - қоғамның ең басты ұясы, Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар заматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке - бұл ерлі-зайыптылар арасндағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқытық одақ.
Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандлықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынстарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.
Неке және отбасы құқығының негізгі әрі бірегей институттарының бірі алименттік міндеттемелер институты болып табылады. Бүгінгі таңда тәжірибе көрсетіп отырғандай алименттік қатынастар даулы қатынастардың бірі болып отыр, сондықтан да мемлекет тарапынан қатаң бақылауды талап етуде. Осындай даулы қатынастар сотта қаралғанда әділ де дұрыс шешім қабылдаған жөн, себебі бұл әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың өмір сүру жағдайына тікелей әсер етеді. Өкінішке орай, алименттік міндеттемелер құқықтық қатынастарын оқытатын отандық әдебиеттер көптеген уақыт бойы жоқтың қасы болды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясы Қазақстан Республикасын әлеуметтік мемлекет ретінде танып, мемлекеттің негізгі саясаты адам және азаматтардың өмір сүруі мен дамуына қолайлы жағдай тудыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде ҚР-ның саяси және экономикалық негізін қалады, еліміздің экономикасын нарықтық қатынастар бағытында дамыту, отандық заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге алып келді. Құқықтың әрбір саласына, оның ішінде неке және отбасы құқығында да реформалау жүргізілді. Соңғы жылдарда неке және отбасылық заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар алименттік қатынастарды реттеуге байланысты енгізілуде.
Алименттік қатынастар институтына қатысты алғашқы өзгерістер мен толықтырулар 1998 ж. 27 - қарашадағы «ҚР Неке және отбасы» заңымен енгізілді. Дегенмен де бұл заң қоғамдық өзгерістерді толық көлемде шеше қойған жоқ. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Неке және отбасы заңнамаларын толық көлемде жаңарту қажеттілігі туды. Жаңа «Қазақстан Республикасы Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің жобасы дайындалды. Алайда ол елдегі өзгерістің болмысын толық мәнде ескере алмады. ҚР отбасылық заңнамасын түбегейлі жаңарту қажеттілігі туындады. Кодекс дайындауда үлкен жемісті жұмысты ҚР Үкіметі жанындағы Заң шығару және салыстырмалы құқықтану институтының, ҚазҰУ мемлекет және құқық институтының ғалымдары, ҚР Парламент депутаттар атқарды.
Бұл жобаны дайындауға кеткен бес жылдың қорытындысы 2011 ж. желтоқсанда ҚР -ның «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің қабылдануы болды. Бұл өз кезегінде неке және отбасылық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі базасына айналды.
Бүгінгі таңда материалдық жағдайы төмен, әлеуметтік көмекке мұқтаж, еңбекке қабілетсіз азаматтарды, оның ішінде балаларды, қарттарды, мүгедектерді, ең бастысы олардың күнкөріс жағдайын ескеретін болсақ, бұл өз кезегінде алименттік қатынастарды реттеу институтына тікелей байланысты экономикалық жағдайға әсер ететін алиментті өндіріп алу механизмін қолға алып, оның дұрыс жұмыс істеуін қадағалауымызды талап етеді.
Неке және отбасы құқығының негізгі әрі бірегей институттарының бірі- алименттік міндеттемелер институты болып табылады. Бүгінгі таңда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, алименттік қатынастар даулы қатынастардың бірі болып отыр, сондықтан да мемлекет тарапынан қатаң бақылауды талап етуде. Осындай даулы қатынастар сотта қаралғанда әділ де дұрыс шешім қабылдаған жөн, себебі бұл әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың өмір сүру жағдайына тікелей әсер етеді. Өкінішке орай, алименттік міндеттемелер құқықтық қатынастарын оқытатын отандық әдебиеттер көптеген уақыт бойы жоқтың қасы болды.
Қоғамның өркениет деңгейі, ұлт беделі ондағы баланың алған орны, мемлекет тарапынан және отбасыда көрсетілетін қамқорлық пен көмектің деңгейі мен тереңдігіне тікелей тәуелді.
Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыты: отбасы, аналық, әкелік пен бала құқығын қорғау мәселелерін қамтитын нормативтік құқықтық актілер кешенін дайындау мен қабылдаумен байланысты және оның бастапқы негізі ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050: барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, өсіп-өркендеу және қауіпсіздігі» болды. Бұл жолдауда Нұрсұлтан Назарбаев басты мақсаттар мен жүзеге асыру стратегиясының бірі Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты деп таныды [1, 3 б. ] .
Бұл жағдайда отбасының басты рөл ойнайтынын атап өткен жөн. Тіпті Карл Маркстың өзі туындысында отбасы қоғамның «табиғи базисі» болып табылады деп жазған [2, 3 б. ] . Сондықтан отбасы мен оның мүшелерін, әсіресе толық емес отбасылардағы балаларды алсақ, жанжақты қорғау қажет. Бұл мәселе бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында былай дейді: «Біз жергілікті деңгейде де отбасы, әйелді жүктілік кезінде және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа деңгейлерін табуымыз керек» [3, 3 б. ] .
Неке және отбасы институтын нығайту және жалғыз басты аналар мәселесін шешуді дұрыстап талқылау қажет. Егер біз жоғары деңгейдегі адамгершілік құндылыққа толы қоғам болғымыз келсе, онда жұбайлардың бір-бірі алдында және ең бастысы балалары алдында жауапкершілігін күшейтуіміз керек. Ата-аналар балаларына, есейген балалар қартайған ата-аналарына қамқорлық көрсетсе, әйел отбасы мен қоғамда беделге ие болса, біз өз елімізге көңіліміз толады. Бұл қағидалар Қазақстан халқына барлық уақытта тән болатын және оларды жандандыру қажет. Қоғам отбасы туралы заңда көрсетілуі тиіс дұрыс шешімдерді айтуы керек» [4, 4 б. ] .
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Аталған магистрлік диссертациялық зерттеу - бұл алименттік міндеттемелер қатынастарын құқықтық реттейтін заңнамалардың өзекті мәселелерін зерттей отырып, олардың алдын алу шарларын анықтау.
Бұл магистрлік диссертациялық зерттеу жұмысында алименттік міндеттемелер институтының құқықтық табиғаты анықталды; АҚШ, Англия, Германия, Франция елдерінің аналогиялық заңнамаларына белгілі бір көлемде талдау жасалды; бұрын қолданыста болған заңнама мен қазіргі 2011 ж. ҚР -ның «Неке(ерлі-зайыптылық және отбасы туралы» кодексіне салыстырмалы талдау жасалды.
Магистрлік диссертациялық зерттеу міндеттерін алға қойған мақсаттар айқындайды және олар төмендегідей:
- бұрын қолданыста болған заңнамадан алименттік құқықтық қатынас тәртібін жеңілдететін, олардың даулы мәселелерін кемітетін, қажеттілікке мұқтаж, еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерін күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге көмектесетін ережелерді табу;
- алименттік қатынастардан туындайтын дауларды уақтылы, тиімді әрі дұрыс шешу жолдарын іздестіру;
- қазіргі өмір сүру жағдайында осы құқықтық қатынас төңірегінде туындайтын өткір де даулы мәселелерді тауып, олардың алдын алу, жолын кесу шараларын анықтау;
- неке және отбасы саласындағы заңнамаға қатысты нақты ұсынымдар мен тұжырымдар ұсыну; отбасылық заңнаманы жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстарды негіздеу.
Зерттеу объектісі болып барлық алименттік қатынастар танылады.
Зерттеудің нормативтік негізі неке және отбасылық, азаматтық, азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық заңнамалардың тиісті нормалары, алимент, сондай ақ зерттеу мәселелерінің статистикалық көрсеткіштері құрайды.
Зерттеу жұмысының әдістемелік, теориялық, негіздері. Өкінішке орай, отандық заң әдебиеттерінде айтарлықтай уақыт аралығында алименттік міндеттемеден туындаған құқықтық қатынастардың зерттелуіне қажетті назар аударылмады. Бұл сұрақтар жөнінде шағын оқу құралдары, кітаптар мен мақалалар негізінен өткен ғасырдың 50-60 жылдардағы кеңестік кезенде жазылды. Оларда, бүгiнгi Қазақстан үшiн ерекше маңызды, iске аспаған көп ұтымды ойлар бар. Сондықтан магистрлік диссертацияның пәнін құрайтын мәселені зерттеу кезінде автор, кеңестік кезеңде отбасылық құқық саласының жетекші мамандармен құрастырылған теориялық ережелерге сүйенді, оларға А. М. Белякова, Е. М. Ворожейкин, С. П. Гришаев, Джандарбек Б. А., Д. И. Курск, Г. К. Матвеев, Мукашева Г. М., Мукановаа М. Ж., А. И. Пергамент, В. А. Рясенцев, Г. М. Свердлов, В. Тадевосян т. б. сияқты ғалымдарды атауға болады. Оған қоса, магистрлік диссертациялық зерттеудің теориялық-методологиялық негізін отбасы құқығының мәселелеріне арналған ғалымдарының еңбектері құрайды : М. В. Антокольская, Л. М. Пчелинцева, А. М. Нечаева, Н. И. Марышева, М. Г. Масевич, С. А. Муратова, Ю. А. Королев, И. М. Кузнецова, О. А. Хазова т. б. .
Бүгінгі күнге дейін, алименттік міндеттемелерді ғылыми зерттеу аймағында бұрын қолданылған отбасылық заңнама мен Қазақстан Республикасы отбасылық заңнамаларының қазіргі ережелерінің салыстырмалы талдау жүргізілмеді, ешкім толық көлемде алименттік қатынастар, алиментті өңдіріп алу туралы талап арыз мөлшері, материалдық қатынас аясында отбасылық жанжалдың шиеленісуі сияқты сұрақтарды реттейтін демографиялық, экономикалық, әлеуметтiк жағдайлардың заңнамалармен байланыстыру, осы мәселелерді шешіп анықтауға талпынбады.
Алимент өндіріп алу мәселесін және оның нәтижелілігін реттейтін отбасы құқығының нормаларын қолданудың нақты көрінісін анықтау үшін әлеуметтік зерттеулер мен статистикалық талдаулардың әр түрлі амал-тәсілдері қолданылды. Бұл бүгінгі күнге ҚР-ның еңбекке жарамсыз, мұқтаж азаматтардың алименттік күтіп-ұстаудың нақты жағдайын көрсетуге мүмкiндiк бердi.
Шетел мемлекеттерінде алименттік міндеттемелерді реттеу саласында заңнамалық шешімдер де жеткіліксіз зерттелді. Оған қоса, 2011ж. «ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне енгізілген ережелерден кейін алименттік міндеттемелерді реттеуге қатысты, олардың тәжірбиелік маңыздылығы мен нәтижелілігін бағалауға жаңа ережелерге теориялық мазмұнын анықтау қажеттілігі туды.
Аталған негіздерді неке және отбасы мәселелеріне арналған заңгер - ғалымдардың монографиялары, еңбектері мен оқулық - әдебиеттері құрайды. Атап айтқанда: М. В. Антокольской, Л. М. Пчелинцевой, А. М. Нечаевой, Н. И. Марышевой, М. Г. Масаевич, С. А. Муратовой, Ю. А. Королева, И. М. Кузнецовой т. б.
Магистрлік диссертациялық жұмысты жазу барысында мемлекет және құқық теориясы, неке және отбасы құқығы, азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық құқық ғылымдары бойынша жазылған еңбектер де қолданылды.
Аталған міндеттерді тиімді орындау жолында әлеуметтік зерттеудің әр түрлі әдіс - тәсілдері мен статистикалық талдау қолданылды. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы көмекке мұқтаж, еңбекке қабілетсіз азаматтарының алиментпен қамтамасыз етілгендігінің нақты көрсеткішін көрсетті.
Зерттеу жұмысында зерттеу міндеттерін шешу үшін қажет әдіс-тәсілдер кешені қолданылды, соның ішінде соттық статистикалық талдау; бұрынғы және бүгінгі таңдағы алименттік төлемдерді өндіріп алутуралы қаралған істер жөнінде сот қызметкерлерінен, сот орындаушыларынан, нотариат қызметкерлерінен, сонымен қатар сот істеріне қатысушылардан алынған ақпараттық талдау.
Бұл зерттеулерде тарихи әдіс те қолданылды. Аталған мәселелердің осы күнге дейінгі даму сатыларын қарастыруға және осының нәтижесінде оның болашағын бағалауға мүмкіндік беретін тарихи әдіске баса назар аударылды. Автормен бұрын қолданыста болған және қазіргі қолданыстағы заңнамаға салыстырмалы талдау жасалып қана қойған жоқ, сонымен қатар алименттік қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін арттыру мақсатында неке және отбасылық заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды.
Зерттеу жұмысы барысында тиісті заңнамалық актілер, алимент өндіріп алу жөніндегі істердің статистикалық көрсеткіші, 1996-2013 жыл аралығында қаралған істердің соттық тәжірибесі, зерттеу мәселесіне тікелей қатысты БАҚ материалдары кеңінен қолданылды.
Аталған қатынастарға қатысты оқу құралдары, оқулықтар, мақалалар негізінен Кеңестік уақытта 50-60 жылдары жазылған болатын. Сондықтан да аталған мәселелерді зерттеу барысында автор зерттеу жұмысында кеңестік уақыттағы неке және отбасылық құқық саласындағы мамандардың теориялық зерттеулерін қолданды. Зерттеу тақырыбын қолданудың теориялық негіздері Белякова А. М., Ворожейкин Е. М., Гришаев С. П., Курский Д. И., Матвеев Г. К., Пергамент А. И., Рясенцев В. А., Свердлов Г. М., Тадевосян Г. т. б. сынды ғалымдардың құнды еңбектерінде қозғалған.
Осы уақытқа дейін алименттік міндеттемелерді ғылыми зерттеуде бұрын қолданыста болған неке және отбасылық заңнама мен қазіргі ҚР -ның «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне салыстырмалы талдау жүргізілмеген; ешкім толық көлемде алименттік қатынастарға тікелей әсер ететін демографиялық, әлеуметтік, экономикалық құбылыстардың заңнамамен байланысын, алименттерді өндіру жөніндегі талап арыздар көлемін, материалдық қатынастар тұрғысындағы отбасылық даулар санының өрши түсуін т. б. анықтауға тырыспаған. Шет елдердегі алименттік қатынастардың құқықтық реттелуі толық зерттелмеген. Сонымен қатар 2011ж. ҚР -ның «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің қабылдануымен оның тәжірибеде қолданылып, бағалануы тұрғысынан алименттік міндеттемелерді құқықтық реттеу саласында жаңа теориялық зерттеулер жүргізу қажеттілігі туды.
Аталған қатынастарға қатысты оқу құралдары, оқулықтар, мақалалар негізінен Кеңестік уақытта 50-60 жылдары жазылған болатын. Сондықтан да аталған мәселелерді зерттеу барысында автор зерттеу жұмысында кеңестік уақыттағы неке және отбасылық құқық саласындағы мамандардың теориялық зерттеулерін қолданды. Зерттеу тақырыбын қолданудың теориялық негіздері Белякова А. М., Ворожейкин Е. М., Гришаев С. П., Курский Д. И., Матвеев Г. К., Пергамент А. И., Рясенцев В. А., Свердлов Г. М., Тадевосян Г. т. б. сынды ғалымдардың құнды еңбектерінде қозғалған.
Осы уақытқа дейін алименттік міндеттемелерді ғылыми зерттеуде бұрын қолданыста болған неке және отбасылық заңнама мен қазіргі ҚР -ның «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне салыстырмалы талдау жүргізілмеген; ешкім толық көлемде алименттік қатынастарға тікелей әсер ететін демографиялық, әлеуметтік, экономикалық құбылыстардың заңнамамен байланысын, алименттерді өндіру жөніндегі талап арыздар көлемін, материалдық қатынастар тұрғысындағы отбасылық даулар санының өрши түсуін т. б. анықтауға тырыспаған. Шет елдердегі алименттік қатынастардың құқықтық реттелуі толық зерттелмеген. Сонымен қатар 2011ж. ҚР -ның «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің қабылдануымен оның тәжірибеде қолданылып, бағалануы тұрғысынан алименттік міндеттемелерді құқықтық реттеу саласында жаңа теориялық зерттеулер жүргізу қажеттілігі туды.
Сонымен, алименттер дегеніміз - заңда белгіленген жағдайларда отбасының бір мүшелерінің оның екінші бір мүшелері пайдасына телеуге тиісті белгілі бір ақшалай қаражаттары. Алименттік міндеттемелердің негізі - отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты - отбасының еңбекке жарамсыз және мұктаж мүшелерін асырап-бағу. Алименттер сот шешімі бойынша (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімі бойынша (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттеме - бұл сот шешімі немесе тараптардың келісімі негізінде туындайтын кұқықтық қатынастар. Оған байланысты алименттік міндеті бар адам (төлеуші) басқа адамға (алимент алушыға) оны асырап-бағуға қажетті қаржы төлеп тұруға міндеттенеді, ал алушының талап етуге қақысы бар. Алайда кодексте алименттік төлемдер индексін ескерген өмір сүрудің ең төменгі деңгейіндегі алименттік төлем көлемін бекітетін нормалар толықтай жоқ.
Заңнаманың алименттердің ең төменгі көлемін есептеу критерийлері, бір, екі, үш және одан да көп балаларға алимент алу нормалары туралы жайттары шешілмеген күйінде. Атап айтқанда, бір баланы асырауға төлеушінің кірісінің 1/4, ал екі балаға 1/3 алынатыны түсініксіз, өйткені әр балаға есептегенде төлеуші кірісінің 1/6 келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz