Факторинг шарты


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ФАКТОРИНГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰҒЫМЫ, ПАЙДА БОЛУЫ; ДАМУЫ 8
1. 1 Факторинг қызметінің пайда болу тарихы дамуы 8
1. 2 Факторинг қызметінің түсінігі 10
2 ФАКТОРИНГ ШАРТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ 14
2. 1 Факторинг шартының түсінігі 14
2. 2 Факторинг шартының тараптары мен нысаны 17
2. 3 Факторинг шартының негізгі элементтері (пәні мерзімі бағасы) 24
2. 4 Факторинг шартының мазмұны 29
3 КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ФАКТОРИНГ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 32
3. 1Факторингтік операцияларының дамуы 32
3. 2Факторингтік операцияларының Қазақстанда даму бағытының мәселелері мен оларды шешу жолдары 44
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
Кіріспе
Факторингті құқықтық қамтамасыз ету бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы және тағы басқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен құқықтық реттеледі.
Диплом жұмысының өзектілігі. Елімізде орын алып отырған экономикалық жол ашады. Экономикамыздың нарықтық жағдайдағы даму бағыты елімізде жаппай қаржылық операцияларды жүзеге асыратын банктер мен кредиттік ұйымдардың дамуына әкеліп соғуда. Соңғы жылдары банктер бәсекелестік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қалыптасқан қызметтерден басқа жаңа қызмет түрлерін ұсына бастады. Олар мысалы: электронды қызмет көрсету, трасталық қызмет, ақпаратық- анықтамалық қызмет, факторингтік қызмет.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері болып мыналар танылады: факторинг қызметінің пайда болу мен даму тарихын зерттеу; факторинг қызметінің түсінігі мен белгілерін анықтау; факторинг шартының түсінігі, тараптары мен нысаны, факторинг шартының елеулі ережелері: пәні, мерзімі, бағасына қатысты туындайтын құқықтық мәселерді анықтау, факторинг шартының мазмұны, тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау, факторингтік операциялардың дамуы, факторингтік операциялардың Қазақстанда даму бағытының мәселелері мен оларды шешу жолдарын айқындау болып табылады.
Факторингтің алғаш дамуы 16-17 ғасырларда пайда болған. Оның пайда болуына саудагерлердің қызметі ықпал еткен, өйткені олар тауар өндірушілерге әр түрлі сауда делдалдық қызметтер көрсеткен, яғни бұл тауарды жаңа нарықтағы өткізуге көмек беру, сатып алушылардың сатып алушылық қабілетіне кепілдеме беру арқылы іске асқан. Міне, осылай факторинг пайда болған, бірақ алғашында оны тек қана жәй несиелеуді қолдану мүмкін болмаған кезде ғана қолданған. [1, 25 б. ]
Факторинг ең алғаш рет батыс елдерде дами бастады. Ең алғашқы факторинг Римде қолданыла бастады. Факторингті саудагерлер ойлап тапқан болатынды.
Батыс Еуропалық елдерде факторингтік операциялар іс-тәжірибесінде өткен ғасырдың 60-80 жылдарында қолданыла бастады. Ол Австралияда, Таяу Шығыста және Оңтүстік-Шығыс Азияда кең тарады. Бастапқы уақытта Еуропадағы факторингтік компаниялар АҚШ-тың тестильдік өнеркәсібі тәжірибесінің схемасын пайдаланған, кейінірек олар мұндай қызметті кең түрдегі тауарлар мен қызметтерді өндіретін кәсіпорындарға қолдана бастады.
Факторингтің шарықтауы 1980 жылдарға келді, осы жылдары батыс елдерде экономиканың көтерілуімен сипатталады. Факторингтік компаниялар саны үш ретке өсті, мұнда олардың айналым жиынтығындағы Американың үлесі екі ретке кеміп, ал Батыс Еуропа үлесі бір жарым ретке өсті.
Факторинг өндірушілердің тауарларын өткізумен айналысқан сауда агенттерінің қаржы-коммерциялық операцияларынан пайда болды және ол толық кешенді қаржылық қызмет көрсетуге бағытталған қаржыландыру механизміне айналды. Міне осылай бүгінгі күні факторинг қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесіне айналды, оның ішіне бухгалтерлік, ақпараттық, жылжыту, несиелеу, сақтандыру және құқықтық қызмет көрсету кіреді. Клиентке тек қана өндірістік қызмет корсету саласымен айналысу ғана қалып отыр. [2, 32 б. ]
Жалпы азаматтық құқықтағы факторинг шарты зерттелмеген тақырыптардың бірі. Факторинг операциясын банктік операция ретінде қарастыра отырып, осы банктік қызмет көрсетуге қатысты зерттеу жүргізген бірқатар ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Кеңестік дәуір кезінде банктік қызмет көрсетуге қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар М. М. Агаркова, П. Д. Каминской, Э. Г. Полонского, Н. С. Малеинакларды атауға болады. Ал нарықтық эконмикаға өткенннен кейін банктік операцияларға қатысты ғылыми мақалалар жазған мынандай ғалымдарды атауға болады: С. А. Абдыкаримова, Д. Г. Алексеева, А. Г. Братко, Е. В. Вавилин, В. В. Витрянский, А. А. Вишневский, А. А. Груздева, Н. Ю. Ерпылева, Л. Г. Ефимова, Ю. Н. Извеков, А. Ю. Кабалкин, Ф. С. Карагусов, Е. Ю. Коваленко, В. А. Лапач, Р. А. Маметова, Д. А. Медведев, Л. А. Новоселова, Е. Б. Осипов, Н. В. Щербак, С. В. Сарбаш, А. Е. Шерстобитов, Н. В. Фомичева, А. Курбатовтар және т. б. б.
Ал арнайы зерттеген ғылыми еңбек жазған ғалымдарға С. С. Алексеев, Ю. Г. Басин, М. И. Брагинский, К. И. Забоев, О. С. Иоффе, О. А. Красавчиков, Л. А. Лунц, Б. В. Покровский, М. Х. Рахманкулов, Ю. В. Романц, М. К. Сулейменовті, Е. А. Сухановты арнайы атап өту керек.
Факторингтің жалпы құқықтық негізін қалау үшін 1988 жылы халықаралық факторинг туралы Конвенция қабылданды. Конвенцияда факторинг шартының негізгі ережелерін, субъектілерін көрсетті. [3, 65 б. ] .
Сонымен қатар факторинг негізінен мемлекет аралық белгісі бойынша ішкі және халықаралық болып та бөлінеді.
Ішкі факторинг бұл егер сатушы мен сатып алушы бір елдің ішінде орналасып және есеп айырысулар сол елдің валютасымен жүрсе есептелінеді. Негізінен жоғарыда аталған факторинг түрлерін осы ішкі факторингке жатқызамыз[4, 11б. ]
Ал халықаралық факторинг керісінше әр түрлі мемлекеттерде есеп айырысуларды жүргізетін серіктестерге қызмет етеді. Факторинг Қазақстан Республикасында тек қана банктер ғана қолға алып отыр. Негізі факторингті делдалдар яғни жеке тұлғаларда жүзеге асыра алады. Факторингтің бір тиімдісі Қарызға берілмейді, тек жеке тұлға өзі бизнес ашқысы келген жағдайда факторингті колданса онда оған фактор яғни қаржы агенті сол бизнесі жүрісіп кеткенше қаржымен қамтамасыз етіп отырады. Бизнес жүрісіп сол бизнестен түскен пайданы фактормен яғни қаржы агентіне тең жартысын беріп отырады. [5, 51б. ] .
Диплом жұмысының объектісі: азаматтық құқықтағы факторинг (ақшалай талапты беріп қаржыландыру) шартының құқықтық реттелуі.
Диплом жұмысының пәні факторингтік қызмет, факторинг шартының мазмұны, қаржы агенті мен клиенттің құқықтары мен міндеттері, факторинг шартына қатысты туындайтын теориялық және тәжірибелік мәслелерді құқықтық зерттеу.
1 Факторинг қызметінің пайда болу тарихы және түсінігі
1. 1Факторинг қызметінің пайда болу тарихы
Ең басты факторинг 16-17 ғасырларда пайда болған. Оның пайда болуына саудагерлердің қызметі ықпал еткен, өйткені олар тауар өндірушілерге әр түрлі сауда делдалдық қызметтер көрсеткен, яғни бұл тауарды жаңа нарықтағы өткізуге көмек беру, сатып алушылардың сатып алушылық қабілетіне кепілдеме беру арқылы іске асқан. Міне, осылай факторинг пайда болған, бірақ алғашында оны тек қана жәй несиелеуді қолдану мүмкін болмаған кезде ғана қолданған.
Батыстағы банк ісін әмбебаптандыру процессі, сонымен қатар несиелік мекемелердің мамандандырылуы процессі арнайы мамандандырылған мекемелердің мердігерлік қызметінің дамуына алып келді, тіпті соның нәтижесінде клиентке саудалық - мердігерлік қызмет көрсетудің әмбебап жүйесіде пайда болды. Өз бизнесін әмбебаптандыруға ұмтылған банктер факторингтік қызмет көрсетудің жаңа бағытын қамтамасыз етті: сауда делдалы қызметі енді айналым капиталын несиелеу жүйесімен толықтырылды. [6, 65 б. ]
1960 жылдары факторлық операциялар вексель формасындағы коммерциялық несиелеудің орнын басты және өнімді өткізу процессіне қызмет көрсету үшін кеңінен қолданыла бастады. Бұл сол кездегі бірқатар елдердің экономикасындағы тұрақсыздық және инфлияцияның өрбуінен пайда болды, өйткені инфляция жағдайында өнімді тезірек өткізу талап етіледі, яғни капиталды тауар түрінен ақшаға айналдыруды жылдамдату қажеттілігі пайда болған. Нарықты экономикалы елдерде кеңінен қолданылатын есеп айырысудың вексельді формасы барлық уақыттада қаражатты дер кезінде алып және өнімді өндіруге кеткен шығындарды толық өтеуге кепілдік бере алмады. Сондықтанда жабдықтаушылар үшін дебиторлық қарыздар мәселесі бірінші қатарға шыққан. Батыс Еуропалық елдерде факторингтік операциялар іс-тәжірибесінде өткен ғасырдың 60-80 жылдарында қолданыла бастады. Ол Австралияда, Таяу Шығыста және Оңтүстік-Шығыс Азияда кең тарады. Бастапқы уақытта Еуропадағы факторингтік компаниялар АҚШ-тың тестильдік өнеркәсібі тәжірибесінің схемасын пайдаланған, кейінірек олар мұндай қызметті кең түрдегі тауарлар мен қызметтерді өндіретін кәсіпорындарға қолдана бастады.
Факторингтің шарықтауы 1980 жылдарға келді, осы жылдары батыс елдерде экономиканың көтерілуімен сипатталады. Факторингтік компаниялар саны үш ретке өсті, мұнда олардың айналым жиынтығындағы Американың үлесі екі ретке кеміп, ал Батыс Еуропа үлесі бір жарым ретке өсті [7, 82 б. ] .
Факторинг өндірушілердің тауарларын өткізумен айналысқан сауда агенттерінің қаржы-коммерциялық операцияларынан пайда болды және ол толық кешенді қаржылық қызмет көрсетуге бағытталған қаржыландыру механизміне айналды. Міне осылай бүгінгі күні факторинг қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесіне айналды, оның ішіне бухгалтерлік, ақпараттық, жылжыту, несиелеу, сақтандыру және құқықтық қызмет көрсету кіреді. Клиентке тек қана өндірістік қызмет корсету саласымен айналысу ғана қалып отыр.
Қаржылық компаниялар контракт бойынша толық қызмет көрсетуді мойнына алады. Сонымен қатар, факторинг кәсіпорынның айналым қаражатына деген сұранысын қанағаттандырады, тауар-ақша айналысын жеделдетеді, бірақ олардың басқа мәселелерін шешпейді (өндірісті қайта жабдықтау, инвестиция, технологиялық өңдеу, және тағы басқа) .
Факторинг арнайы "Фактор" қаржы ұйымдары қамтамасыз ететін, кіші және орта кәсіпкерлердің қарыздарымен жұмыс жасауға қосымша мүмкіндіктер ашады. Қазақстанда әдетте олар коммерциялық банктердің филиалдарымен, ішкі құрылымдық бөлімшелерімен, сонымен қатар арнайы мамандандырылған фактор компанияларымен іске асырылады.
Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша факторинг шартынның құқықтық реттелуіне көп бола қойған жоқ. Ең алғаш факторинг шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) қабылданған кезде жаңадан тарау ретінде енгізіді. Бұған қоса, факторинг Қазақстан Республикасы банк және банктік қызметтер туралы заңмен қосымша реттелді (1995 жыл 31 тамыз) .
Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі қолданылып отырған факторинг, сатушының сатып алушыға сатылған тауарлары үшін төлемді кейінге қалдыру түріндегі беретін тауарлары несие формасындағы коммерциялық несиені білдіреді, сонымен қатар сатушы мен сатып алушы арасындағы есеп айырысумен несиелік қатынастарда ашық шотты қолдануды білдіреді.
Мұнда сатушы мен сатып алушыға тиеп жіберіп оның мекен-жайына тауар құжаттарын жібереді, қарыз сомасын сатып алушының атына ашылған шоттың дебетіне жазылады. Мұндай шарттарда контрагенттер арасындағы қарым-қатынас тәуекелді және бұл тәуекелділікті өзіне фактор компания алады.
Сондықтанда дамыған елдердің факторинг базасы ретінде қазіргі күні сатылған тауар үшін төлемді кейінге қалдыру түрінде коммерциялық несиелендіру болып табылады, көп жағдайда ол ашық шот формасында болады. Сатып алушы қарызын келісім шартта келісілген мерзімде өтелуі тиіс. Төлемнің дер кезінде түспеуі немесе мүлдем төленбей қалуы тәуекелділігі өзіне толығымен фактор алады, ол өзіне өткізілген қарызды міндеттеме сомасын төлейді. [8, 21 б. ]
1. 2Факторинг қызметінің түсінігі
Қызмет көрсету ұғымы азаматтық заңда әртүрлі мағынада қолданылды. Ең алдымен, «қызмет көрсету» ұғымы азаматтық құқықтың объектісі ретінде қарастырсақ, екіншіден өтелмелі қызмет көрсету шарты, үшіншіден азаматтық қызмет көрсету міндеттемелер топтамасының жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ең алдымен қызмет көрсету міндеттемелеріне тоқталмас бұрын, «қызмет» сөзіне мән берер болсақ, «қызмет» ұғымы бұл- ағылшынның (conditional deposit) сөзінен шыққан. Қызмет дегеніміз- еңбек қатынастарынан туындайтын қызметтерден басқа қызметтерді көрсету үшін, белгілі бір тұлғалардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі [9, 464 б. ] .
Экономикалық мағынада «қызмет» дегеніміз- тәжірибе жүзінде іске асатын кез-келген тиімді қызмет, яғни бұл тұрғыдан алғанда қызмет барлық азаматтық шарттарды құрайды.
К. Маркстың белгілі сөзіне сүйенер болсақ, нәтижесінде тауар пайда болатын, нәтижесінде тауар пайда болмайтын қызметтер деп бөледі [10, 414 б. ] .
Ресей ғалымы М. В. Кротовтың пікірінше, қызмет - бұл мүліктік қатынастардың бөлігі, себебі зат белгілі бір еңбек өнімінің нысанын құрайды және тауардың барлық қасиеттерін иеленеді. Материалдық емес қызметтер- еңбек өнімі мен оны өндіру процесін құрайды, яғни материалдық емес қызмет өнімі тек көрсетілген қызметтің физикалық нысанында көрінеді, яғни материалдық қызмет көрсетуден қарағанда, материалдық емес қызмет көрсету нәтижесінде қандай да бір заттай көрініс таппайды. Ал материалдық қызмет нәтижесінде белгілі бір өнім өндірілуіне қызмет көрсетілуі мүмкін немесе белгілі бір физикалық еңбек арқылы заттай нысан көрінеді [11, 13 б. ] .
Жоғарыда атап өткендей, қызмет ұғымына ғалымдар әртүрлі анықтамалар береді. Барлығынан шығатын қорытынды «қызмет» ұғымы кең мағынада да, тар мағынада да қолданылады. Бірақ бұлардың ішіндегі маңыздысы - қызмет көрсетудің азаматтық міндеттеменің пәні ретінде көрінуі. Құқықтың дербес объектісі- қызмет көрсету жөніндегі іс-қимылдан басқа пайдалы нәтижесі болмайды [12, 263 б. ] .
Жалпы алғанда, қызмет көрсетуде материалдық нәтиженің болуы міндетті емес, бұл қызмет көрсету шарттарының басты белгісі болып саналады [13, 246 б. ] .
Бұдан шығатын қорытынды қызмет көрсету - тапсырысшы тараптың белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, заттай шығарылмайтын жеке немесе заңды тұлғаның іс-қимылы.
Факторингтің жалпы құқықтық негізін қалау үшін 1988 жылы халықаралық факторинг туралы Конвенция қабылданды. Осы Конвенция қабылдаудан факторинг түсінігінің мазмұны біріңғайланды және соның арқасында оны әлемде қолдануды кеңейту мүмкіндіктері арта түсті [12, 92 б. ]
Дегенменде факторингтік қызмет көрсету ерекшелігін сипаттағанда, әсіресе ол түсінікке енгізілетін операциялар жиынтығында, әлі күнге дейін мемлекет аралық айырмашылықтар бар. Мысалы, АҚШ-да: жабдықтаушыға әкімшілік қызмет көрсету, оған берілген комерциялық несие бойынша қарыздарын басқару (сату есебін жүргізу, дебиторлық қарызды дер кезінде инкассалау) ; несиелік тәуелділіктен сақтандыру (регресс құқығының болмауы), алдын-ала төлем бойынша несиелеу. Әрбір елде дерлік факторингттік операциялардың оны басқада активті операциялардан айырып тұратын ерекшелігі жіне табиғаты түрліше түсіндіріледі. Халықаралық факторингтік операциялар бойынша УНИДРУА Оттавалық конвенцияның 1 бабына сәйкес факторлық операциялар бойынша контракт деп факторлық операция бойынша бір тараптың (жабдықтаушы) екінші тараппен (фактор-фирма) келісім шарты, бұл келісім шарт бойынша: жабдықтаушы тауарларды сатып алушылармен сату-сатып алу туралы контрактысы бойынша пайда болған қарыздық міндеттемелерді фактор компанияға өткізуі тиіс, ал фактор өзіне төменде келтірілген міндеттердің кемінде екеуін өз міндеттемесіне алуы керек.
Регресс құқығына ие немесе айналымды факторинг, яғни сатушыдан төлеген соманы кері талап ету құқығы немесе бұндай құқықсыз факторингтер бар. Берілген шарттар егер сатып алушы қарыздық міндеттемесін өтемеуі жағдайында туындайтын тәуекелділікпен байланысты, яғни несиелік тәуекелділікпен. Регресс құқығымен келісім шартқа отырғанда сатушы факторингтік компанияға сатқан қарыздық міндеттемелері бойынша белгілі бір несиелік тәуекелділікке ие. Фактор бұл регресс құқығын сатып алушы өз қарызын төлемеген жағдайда пайдалана алады және қаласа қарыздық міндеттемені сатушының өзіне қайта сата алады. Бұл шарт егер сатушы өз сатып алушысына жоғары сенімді болған жағдайда ғана қарастырылады.
Іс тәжірибесінде факторингтің тағы бір түрі конфиденциалды факторинг бар. Онда тек фактор клиенттің қарыздық міндеттемесін талап етіп және шот-фактуралардың есебін жүргізумен шектеледі. Бұл факторинг түрі клиенттерге несие алудың жабық қаражат көзі болып қызмет етеді. өйткені қызметтің қымбат бағалы болуы тәуекелділіктің болуы клиенттердің сақ болуын талап етеді. Бұл жағдайда клиенттің қарсылас жағы (немесе сатып алушылар) факторингтік мәмле жайында бейхабар болады, яғни мұндай жағдайда сатып алушы жабдықтаушымен тікелей өзі есеп айырысады, ал жабдықтаушы төлемақыны алған соң тиесілі бөлігін факторингтік-фирмаға өзі төлейді.
Конфиденциалды факторинг тек кейбір операцияларды қамтамасыз етеді, олар: ақша қаражатын алуға құқықты өткізу, қарызды төлеу және тағы басқа. Конфиденциялды факторинг жабдықтаушы үшін жіберілген тауарларына несие алуды қамтамасыз етеді, ал сатып алушыға төлем несиесін береді. Клиенттер болса келісім шартта белгіленген төлемақысын өтеуі тиіс, мұның мәні кәдімгі несие үшін пайыздық мөлшерлеме сияқты болуында.
Факторингтің тағы да бір түрі ол "тынық" факторинг, ол клиент арасында келісілген келісім-шарт ьойынша клиент соңғысына серіктестері мен келіскен мәмілелері бойынша шоттардың көшірмесін өткізуге тиіс, ал банк сол шоттардың бір бөлігін дереу төлеуі тиіс. Серіктестерінен мәміле бойынша келісілген бүкіл соманы алған соң клиент банкке алған қарызын пайыздық мөлшерлемесімен қоса қайырады. Егер клиенттің серіктесі шотты келісілген мерзімде төлемесе онда клиент қарыздық міндеттеме бойынша талап ету құқығын банкке өткізеді, ал олар ақшаны қайыру үшін шаралар қолдана бастайды.
Факторингтің кең тараған түрі Конвенциондық немесе кең факторинг банктермен клиенттерге толық қаржылық қызмет көрсету жүйесі, мұнда банк өзіне қарызды қайтарғанға дейін клиентті несиелеу мен қарызды талап ету міндетімен шектеліп қана қоймай сонымен бірге клиенттерге бұғалтірлік, өткізушілік, жарнамалық, сақтандару, несиелік қызметтерді қоса көрсетеді.
Факторинг негізінен мемлекет аралық белгісі бойынша ішкі және халықаралық болып та бөлінеді. Ішкі факторинг бұл егер сатушы мен сатып алушы бір елдің ішінде орналасып және есеп айырысулар сол елдің валютасымен жүрсе есептелінеді. Негізінен жоғарыда аталған факторинг түрлерін осы ішкі факторингке жатқызамыз. Ал халықаралық факторинг керісінше әр түрлі мемлекеттерде есеп айырысуларды жүргізетін серіктестерге қызмет етеді.
Халықаралық факторинг экспорттық және импорттық болып екіге бөлінеді. Біздің еліміз үшін маңызды орынға экспорттық факторинг ие болуы тиіс, өйткені экспорттық факторингте экспорттаушы-клиентті авансылаумен бір мезгілде оларды валюталық және несиелік тәуекелділіктен сақтандырады.
Импорттық факторингте фактор-компания өз клиенті үшін төлем кепілдігін береді, сонымен бірге түсімді инкассалап оның дер кезінде экспорттаушы факторының есеп шотына аударылып отыруын қадағалайды.
Сыртқы саудалық факторингтің ерекшелігі оның әр кезде ашық сипатта болуы, сонымен қатар экспорттаушыға регресс құқығынсыз болуында. Бұл экспорттаушыны несиелік тәуекелділіктен қорғайды. Ішкі факторингтегідей халықаралық факторингте бүкіл тауар айналымын несиелеу сирек кездеседі, мұнда негізінен бір елдің нарығын немесе бір өнім нарығына қызмет етеді. Халықаралық факторинг импорттаушыға әркез тауар төлемін кейінге қалдырып қарызға алуға мүмкіндік береді (әдетте үш айға дейін) . Қарыздық міндеттеме импорттаушыдан ол тауарды саны мен сапасын тексеріп алып қабылдағаннан кейін талап етіледі.
Халықаралық саудада факторингтің төрт моделі қолданылады: қосфакторлы, тікелей импорттық, тікелей экспорттық, "бэк-ту-бэк" (back-to-back) . Енді осылардың атқаратын қызметін қарастырайық. Қосфакторлы моделде импорттаушы елдегі импорт-фактор мен экспорттаушы елдегі экспорт-факторлар арасында атқарылатын қызметтер мен тәуекелділікті теңдей бөлуге мүмкіндік береді. [14, 54 б. ] . Тікелей импорттық факторинг бұл төлемділікті қамтамасыз ету мақсатымен шет импорттаушы елдің факторингтік компаниясымен келісім шартқа отыру. Ол экспорт бір немесе екі елге жасалғанда ғана мәні бар. Ал егер экспорттаушының бірнеше елдерде серіктестері болса онда, оған өз елінің бір факторингтік компаниясымен келісім шартқа отырғаны тиімді болады. Тікелей импорттық факторинг жағдайында импорттаушы елдің фактор-фирмасы экспорттаушымен қарыздық міндеттемені сату туралы келісімге келеді, ол несиелік тәуекелділіктен сақтандыруды, қарыздардың есебі мен оларды инкассалауды іске асырады.
Халықаралық факторингтің үшінші моделі тікелей экспорттық факторинг. Тікелей экспорттық факторингте импорттаушы елдің фактор-фирмасын іске қосудың қажеті жоқ. Бұндайда экспорттаушы импорттаушының төлем қабілетін тексеру қажеттілігі жоқ, оны факторингтік компания өз мойнына алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz