«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Екінші деңгейлі банктерде тәуекелдерді басқару жүйесінің теориялық негіздері . . . 5

1. 1Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктелуі . . . 5

1. 2Банк тәуекелдерінің түрлері және олардың сипаттамасы . . . 9

1. 3Банк тәуекелдерін басқару және оларды азайту тәсілдері . . . 19

  1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесін талдау . . . 24

2. 1Банк секторындағы несиелік тәуекел-менеджментті басқару ерекшеліктерін сипаттау . . . 24

2. 2Банк жүйесіндегі несиелік портфелді қалыптастыруда тәуекелдер деңгейін бағалау . . . 30

2. 3«Банкцентркредит» АҚ - ның несиелік портфелін талдау және бағалау . . . 40

2. 4«БанкЦентрКредит» банкінің тәуекел-менеджментін басқару әдістері . . . 43

  1. Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары . . . 48

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61

Қосымшалар . . . 64

Кіріспе

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей несиелендіруден түскен пайда банк пайдасының орасан зор үлесін құрайды. Бір уақытта несиелердің кайтпай қалуы, әсіресе үлкен көлемді несиелер қайтпай қалуы құлдырауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан несиелік тәуекелді басқару кез-келген коммерциялық банктердің дамуының стратегиясының бірден-бір қажетті бөлігі.

Қаржылық нарықтағы жағдай коммерциялық банктердің төлемді жүзеге асыру, орта және ұзақ мерзімді несиелер беруге деген қабілетсіздігі, кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне әсерін тигізумен және өндірістің одан әрі құлауына алып келуімен қиындатылады. Жалпы дағдарыс атмосферасында коммерциялық банктер жоғарғы тәуекел жағдайында жұмыс жасайды.

Экономиканың банктік секторының қалыптасуы және дамуы кезеңінде қаржылық-несиелік инструменттердің кең комплексін орынды қолдануынан олардың өздерінің өміршеңдігі, ақша нарығындағы операциялардан пайда табу мүмкіндігі, немесе керісінше капиталды жоғалту және банкроттылық тәуекелділігіне тікелей байланысты.

Егер банк менеджерлері тәуекелдерді бақылайтын болса, оларға төлем қабілетсіздігі туралы уайымдамауға болады. Сондықтан олар үшін бірінші орында сенімділік, табыстылық және тәуекелдерді минималдаудың рационалды үйлесімділік проблемасы тұр. Қазақстанда потенциалды клиенттер үшін банктердің сенімділігін анықтаудың қандайда бір әдістемесі жоқ, тек қана camel жүйесінен басқа, ол тек банктік қадағалау кызметкерлерімен ғана қолданылуы мүмкін, себебі ол өзінің құрамына банктердің дәлме-дәл есеп берулерін оқып білуді кіргізеді, бірақ ол ақпаратта коммерциялық құпия болып саналады. Осыған байланысты банктік тәуекелдер банктің сенімділігіне, табыстылығына, тұрақтылығына үлкен әсерін тигізетін болғандықтан, біз әлемдік тәжірибедегі қазіргі заманғы оларды бағалау әдістемелерін оқып білуіміздің және осы алған білімді еліміздің банктік тәжірибесінде қолдануымыз абзал.

Тақырыптың тағы бір актуалдылығы қарастырылып отырған несиелік тәуекелді бағалау әдістері және басқару әдістері Қазақстанның банктік жүйесінің дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады.

Факторлық талдау негізінде несиелік тәуекелдің банк қызметіне әсерін зерттеу үшін біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз, және соның көмегі арқылы ҚР-да қолдануға тиімді де, пайдалы банктік тәуекелдерді анықтау, одан „қорғану,, үшін әдістерді саралап отырмыз. Осы кешегі күні, отандық банктер үшін тәуекелдерді реттеу сферасында басты проблема болып ссуда бойынша төлемеу тәуекелін басқару саналды. Бұл тәуекелдің түрін реттеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің (келесіде-ҚРҰБ) пруденциалдық нормативтері бағытталған.

Несиелік тәуекелді минималдау және сенімділікті жоғарылату облысындағы зерттеулер Қазақстанның банктік жүйесін реформалауда ең актуалды проблемасы болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға өз әсерін тигізді.

Жұмыстың мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты болып несиелік тәуекелді минимизациялау тәжірибесін зерттеу, сонымен қатар несиелеу жүйесін тиімді жетілдіру мен коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару мәселелерін қарастыру табылады. Тәуекелдерді бағалау әдістері, сонымен қатар Қазақстанның тұрақты банктік жүйесін құру үшін қазіргі жағдайларға оларды тиімді басқару әдістері өңделіп және жетілдіріліп жатыр.

Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:

  • тәуекелдердің пайда болуымен байланысты теориялық сұрақтарды оқып білу, олардың құрылымын анықтау, несиелік тәуекел түсінігінің мазмұнын нақтылау және "несиелік тәуекел" түсінігіне анықтама беру;
  • несиелік тәуекелді бағалау әдістеріне талдау жүргізу және қажетті инструменттердің тиімділігін нақты тәжірибелік мысалдармен дәлелдеу;
  • талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктік мекемелер үшін несиелік тәуекелді басқару бойынша практикалық ұсыныстарды өңдеп шығару.

Жұмыстың пәні және обьектісі. Жұмыстың пәні ретінде несиелік тәуекелді бағалау құралдарымен және әдістерімен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі болып ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің қызметі табылады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін Қазақстан Республикасы Президентінің „Ұлттық Банк туралы,, және „Банктер және бантік кызметтер туралы,, заң күші бар қаулылары, Ұлттық Банктің „Пруденциалдық нормативтер туралы,, ережесі, ҰБ-ң „Банк активтері мен шартты міндеттемелері және олар бойынша екінші деңгейдегі банктердің провизиялар есептеуі туралы,, ережесі, отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың материалдары құрайды.

1 Екінші деңгейлі банктерде тәуекелдерді басқару жүйесінің теориялық негіздері

1. 1 Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктелуі

Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашы-ық байланыстарын орналастырдың жаңа тетіктерін қалып-тастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруа-шылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бақылау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.

Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл - ел экономикасының тұрақсыздығы жағ-дайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуі-мен және нарықтық қатынастардың дамуымен айықындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржа-ларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олар-дың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағждайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономика-лық хал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.

Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.

Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруа-шылық операцияларының өзіндік ерекшеліктерінен туындай-тын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысырыптар қауіпті қаржы тәуекелдерін білдіреді.

Тәуекел - бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың бегісіздік жағ-дайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.

Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақықытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пай-да болуы, ресурстық базаның қатысуы, баланстық операция-лардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты қажетсіз нәтижелердің болу ықтималдығынан көрінеді. Соны-мен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Сондықтан, біріншіден, кез келген өндіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады және бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.

Егер:

проблемалар күтпеген жерден туындайтын болса;

банктің бұрынғы тәжірибесіне сәйкес келмейтін (коммер-циялық банктер институты жаңа ғана даму ала бастаған біздің жағдайымызда әсіресе өзекті) алдыға жаңа міндеттер қойыл-ған болса;

басшылық қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін (қажетті және қосымша пайда алу мүмкіндіктерін нашарлататын) қажетті және жедел шаралар қабылдау жағдайында емес болғанда;

банк қызметінің тәртібі немесе заңдардың жетілдірілме-гендігі нақты жағдайлар үшін кейбір оңтайлы шешімдер қа-былдауға кедергі келтіретін болса, тәуекел деңгейі арта түседі.

Банк операцияларының түгеліне жуық түрлері тәуекел жағдайында болады. Өткен кезеңдегі Қазақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:

  • көптеген ұйымдардың өндірістік құлдырауы және қаржылық тұрақсыздығымен, бірсыпыра шаруашылық байланыстары-ның жойылуымен байланысты экономиканың дағдарысты жағдайы;
  • банк жүйелерін құрудың аяқталмаушылығы;
  • кейбір негізгі заң актілерінің жоқтығы немесе жетілдірілмегендігі, база мен нақты ахуал арасындағы сәйкессіздік;
  • инфляция.

Бұл жағдайлар туындайтын банк тәуекелдері мен оларды зерттеу әдістеріне түбегейлі өзгерістер енгізеді. Дегенмен, аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауы мен олардың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проблемалардың болуын жоққа шығармайды.

Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі болады. Бұл ауытқулар оң және теріс болуы мүмкін.

Тәуекел - бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:

Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.

Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.

Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қателік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше түсіндіріледі.

Теорияға сәйкес, тәуекелге мыналар тән болып саналады:

  • белгісіздік;
  • баламалықты таңдаудың қажеттілігі;
  • баламалықты жүзеге асырудың ықтималдылығын бағалау мүмкіндігі.

Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел ету жағдайында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды. Соған сәйкес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.

Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік сияқты белгілермен сипатталады.

Қарамақайшылық- мынадай жағдайларда көрінеді. Біріншіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеушілікке әкеледі.

Баламалылық - екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау нұсқасын таңдауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.

Белгісіздік - бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.

Тәуекелдің - субъективті және объективті екі тұжырымда-масының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы немесе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъективті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен болуы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұсқаларын таңдауы-на негізделетін тұжырымда болып саналады.

Сонымен, шығындардың (тәуекелдердің) болу мүмкіндігі күні бұрын қаралғанда (ара салмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайда алуға болады. Сондықтан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономикалық тәуекел проблемаларына маңызды түрде назар аударылуы тиіс. Солардың ішіндегі негізгілеріне банк тәуекелдерінің жіктелуі, банктердің, жекелеген қарыз алушылардың, кәсіпорындар топтарының, салалардың экономикалық, саяси және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі баға берулері жатады.

Банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қаланған неғұрлым маңызды элементтерге мыналар жатады:

  • коммерциялық банктің үлгісі (типі) немесе түрі;
  • клиенттердің құрамы;
  • банк тәуекелдерінің пайда болуы немесе әсер ету аясы;
  • тәуекелдерді есептеу әдісі;
  • банк тәуекелінің дәрежесі;
  • тәуекелдерді уақыттар бойынша бөлу;
  • тәуекел есебінің сипаты;
  • банк тәуекелдерін басқару мүмкіндігі.

Тәуекелдер уақыт бойынша ретроспективті ағымдағы және болагақтағы болып бөлінеді.

Ретроспективті тәуекелдердің сипатына және оларды төмендету тәсілдеріне талдау жасау ағымдағы және болашақтағы тәуекелдерді неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді.

Банк тәуекелдерін дәрежесі (деңгейі) бойынша төменгі, баяу және толыққа бөлуге болады.

Банктер өз қызметтерін жүргізу процесінде пайда болған жерлері, олардың деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі фактолардың жиынтығы бойынша бірінен-бірі өзгешеленетін тәуекелдердің әртүрлі жиынтығымен бетпе-бет келеді. сондай-ақ тәуекелдердің барлық түрлері өзара байланысты және банкттердің қызметіне өзіндік әсерін тигізнді. Тәуекелдің бір түрінің өзгеруі қалған барлық түрлерінің түгелге жуығының өзгеруін туғызады. Осылардың барлығы табиғи түрде нақты тәуекел деңгейін талдау әдістерін таңдау мен оны оңтайландыру бойынша шешім қабылдауды қиындатады, көптеген өзге тәуекел факторларына тереңдете талдау жасауға әкеледі. Сондықтан да олардың деңгейін талдаудың нақты әдістерін таңдау мен оңтайлы факторларды іріктеп алу өте маңызды болып саналады.

Банк тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген жіктеу элементтері аса маңызды және өзіндік сипаты бар болып саналады. Енді әрбір элементті қысқаша жеке-жеке қарастырып көрсек.

Банк тәуекелінің үлгісі (типі) немесе түрі. Мамандандырылған, салалық, әмбебап коммерциялық банктер тәуекелдердің әртүрлі жиынына ие, осыған орай, егер бұл инновациялық банк болатын болса, онда тәуекелдің жоғарылылығы жаңа технологияларға несие берумен байланысты болады. Салалық банк - нақты салалардағы тәуекелдерге ие кәсіпорындар, ал холдингтік банктер бағалы қағаздар мен операциялар жасауда тәуекелдерге кездеседі. Әмбебап коммерцтялық банктер сан алуан операциялар жүргізу арқылы кез-келген тәуекелге барады, дегнмен бір операциялардан пайда болған өзінің шығындарын келесі бір операциялардың кірістерімен жабуға атылмыш банктердің үлкен мүмкіндіктері бар.

Клиенттердің құрамы және тәуекелдердің туындауы. Қарыз алушыларға бөлек-бөлек берілген шағын және ірі несиелер банк тәуекелдеріне әртүрліше әсер етеді. Ұсақ қарыз алушылар экономикадағы кездейсоқтыққа көбірек тәуелді немесе бір саланың, аймақтың, елдің бір немесе қарыз алушылар тобына берілетін ірі несиелері өтімдікке, несиелерді банкке қайтаруға, қарыз алушыларды таңдауға күштіәсер ету мүмкін. Олардың несие қабілеттілігін анықтау, өз клиенттерінің қаржылық тұрақтылығын бақылау банктер менеджментінің маңызды қызметі болып саналады. Бір қарыз алушының (топтың) берешек көрсеткіші банк үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген пруденцияалды нормативке жатады.

Банк тәуекелдерінің туындау аясы мен оның әсері. Тәуекелдердің туындау аясы үш топ арқылы берілген: ел (елдердің) тәуекелі; банктің өзінің қаржылық сенімділік тәуекелі (капиталдың жетіспеушілігі, өтімдік тепе-теңдігінің ақталмауы, міндетті резервтердің жеткіліксіздігі) ; операциялардың жекелеген түрлерінің тәуекелі - бұл уақытында төлемеу, қайтармау тәуекелі, банк кепілдіктерінің тәуекелі.

Банк тәуекелдерін есептеу әдісі бойынша. Нарықтық экономика жғдайында елдің орталық банкі (Ұлттық банкі) коммерциялық банктер үшін өтімдік нормативтерін әзірлейді және белгілейді. Тәуекелдерді есептеу әдістері кешенді (банк тәуекелдерінің мөлшерін бағалау және болжау, өтімдіктің бүкіл нормативтерін сақтау кезінде), тәуекел банк операцияларының жекелеген немесе топтары бойынша тәуекел коэффициенттерінің шкалаларын құруға негізделген жеке тәуекел болады.

Тәуекелді салмақтау (өлшеп көру) дәрежесі. Банк тәуекелінің дәрежесі банктің аталмыш операциялар бойынша көрсетілген. Активтердің әрбір тобына тәуекел дәрежесін төмендететін түзету коэффициенттері беріледі. Кепілдік беру мүмкіндіктеріне қатысты сол, бір тәуекелдің өзі тәуекелді салмақтаудың әртүрлі дәрежесіне ие болу мүмкін.

Операциялар мен тәуекелдерді есепке алу сипаты. Бұл баланстық және балансқа кірмейтін операциялар бойынша тәуекел.

Банк тәуекелдерін басқару мүмкіндіктері . Бұл жерде тәуекелдер реттеуге мүлде жатпайтын ашық тәуекелдер мен реттелетін, ол бойынша шектеулер енгізілген жабық тәуекелдерге бөлінеді.

Сонымен, банк тәуекелдерінің экономикалық жіктеуі (классификациясы) өзінің негізі мен банк қызметіне тереңдеп енуіне қарай алуан түрлі болып саналады.

1. 2 Банк тәуекелдерінің түрлері және олардың сипаттамасы

Банк тәуекелдері өзінің алуан түрде көрінуіне, пайда болу аясына, банк үлгілер мен олардың операцияларына, клиенттердің құрамына қатысты белгілері бойынша ажыратылады және оларды әртүрлі көзқарастар тұрғысынан зерттеу маңызды болып саналады.

Банктің өз бетімен жүргізген операциялары бойынша тәуекелдерге несие, пайыздық, валюталық, қоржындық тәуекелдер мен уыстан шығарып алған қаржы пайдаларының тәуекелдері жатады.

Несие тәуекелі - несие берушіге есептелетін негізгі берешек пен пайыздарды қарыз алушының оған уақытында қайтара алмау қаупі.

Пайыздық тәуекел - коммерциялық банктердің, несие мекемелерінің, инвестицияық қорлардың берілген несиелер бойынша ставкаларының үстінен, тартылған қаражаттар бойынша оларға төленетін пайыздық ставкаларды өсіріп жіберу нәтижесінде шығынға бату қаупі.

Валюталық тәуекел шетел валюталарының бірінің өзге валютаға, оның ішінде сыртқы экономикалық, несие және басқа да валюталық операцияларды жүргізу негізінде ұлттық валютаға қатынасы бойынша бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығындардың болу қаупін білдіреді.

Қоржындық тәуекел - бағалы қағаздар нарығындағы шығындардың болу мүмкіндігі. Уыстан шығарып алған пайдалар тәуекелі - бұл қандай да бір шаралардың жүзеге асырылмауы немесе шаруашылық қызметінің тоқтауы нәтижесінде пайда болатын жанама қаржы залалдарының тәуекелі.

Бұдан тыс қары, банктің әкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеуге қабілетсіздігімен байланысты тәуекел туралы да жиі айтылады.

Атап өткен тәуекелдердің бүкілі бір-брімен өзара байланысты. Пайыздық ставкалар тәуекелі өзіндік тұрғыдан дербес болып саналады, өйткені несие ресурстары нарығындағы коньюнктурамен байланысты болып саналады және банкке тәуекелді емес фактор ретінде әсер етеді. Дегенмен, егер банк нарықтың пайыздық ставкаларының өзгеруіне бейімделмейтін болса, ол тәуекелдердің бүкіл тізбегінде несие тәуекелін арттыра түсетін болады.

Банк тәуекелдерінің сипаттамасы банк қызметіне байланысты тәуекелдердің, сол сияқты банк қызметі мен байланысты емес тәуекелдердің белгілері бойынша беруге болады. Тәуекел түрлерінің жіктеуі төменде беріліп отыр (кесте 1) .

Кесте 1

Банк тәуекелдерінің жіктелуі

Банк тәуекелдері өтімдік (ликвидитті) тәукеліне және табыс тәуекеліне бөлінеді. Оларға мыналар жатады:

  • депозиттік тәуекел;
  • күшін ұзарту (проглонгация) (салымдарды ұзақ мерзімге созу) тәуекелі;
  • несие тәуекелі (ссудалармен олар бойынша пайыздарды қайтарып алмау) ;
  • жаңадан жоспарланбайтын несиелер тәуекелі;
  • жаңа қызмет түрері бойынша тәуекелдер.

Табыс тәуекелі жұмысшылардың кәсіби салаларына қатысты.

Мұндай тәуекелдердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • несие тәуекелі;
  • валюталық тәуекел;
  • ел (елдер) тәуекелі;
  • салалық тәуекел.

Несие тәуекелі - қарыз алушының негізгі борышты уақытылы төлей алмау тәуекелі. Банктер кірістердің негізгі бөлігін несие қызметінен алады. Сондықтан да олардың міндеті клиенттің ссуданы қайтармау ықтималдығына қатынасы бойынша әлеуетті пайданы бағалауынан тұрады. Сондай-ақ мынаны атап өту көзделеді: несие беру кезіндегі әлеуетті шығындар тәуекелі берілген міндеттемелер мен кепілдіктерге, сыртқы сауданы, бағалы қағаздар мен операциялар жасауды акцепттеу мен қаржыландыруға, валюталар айырбасына, фъючерлік контрактыларға, СВОП, опциондарға қатысты болады.

Әлеуетті несие тәуекелдері операцияларға және операциялардың сатыларына байланысты бөлінеді (мысалы, мәміле жасау сәтіндегі «Форвард») .

Банк тәуекелдері негізгі пайда болу факторлары бойынша экономикалық және саяси болады. Саяси тәуекелдер - бұл саяси жағдайдың өзгеруімен байланысты, кәсіпорындар қызметінің нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін, шекараны жабу, тауарларды басқа елдерге шығаруға, елдің аумағында әскери қимылдар жүргізуге тыйым салу сияқты тәуекелдер болып табылады.

Экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер - бұл банктің өзіне немесе ел экономикасындағы қолайсыз өзгерістермен байланысты туындаған тәуекелдер. Тепе-теңдік сақталмаған (несбалансированный) өтімдік тәуекелі (төлем міндеттемелерін уақытылы орындаудың мүмкін еместігі) жеке тәуекелдер шоғырландырылған экономикалық тәуекелдің неғұрлым кең таралған түрі болып саналады. Экономикалық тәуекелде сондай-ақ нарық конъюнктурасы мен басқару деңгейінің өзгеруімен берілген.

Тәуекелдің бұл негізгі түрлері өзара байланысты болып табыады, сондықтан да оларды іс жүзінде бөлу өте қиынға соғады. Саяси және экономикалық тәуекелдер өз кезегінде сыртқы және ішкі әсер ету аясына тәуелділікте болуы мүмкін.

Коммерциялық сыртқы тәуекелдер еларалық, валюталық және кездейсоқ апаттар тәуекелдері болуы мүмкін.

Еларалық (страновые) тәуекелдер банктер мен мекемелер (бірлескен банктер - БББ) қызметін , ңғаламды тәуекелдердің болуымен, тікелей байланысты және клиент-елдердің немесе контрогент-елдердің, импортаушылар мен экспорттаушылардың саяси-экономикалық тұрақтылықтарына қатысты болады. Олар шетел капиталының қатысуымен құрылған барлық банктер мен негізгі лицензиясы бар банк мекемелері үшін маңызды саналады. Банк басшылығының жіберетін негізгі қателіктері шетел контрагентінің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты болады. Тұрақты түрде жариялап отыратын БЕРИ индексі еларалық тәуекел деңгейін талдаудың ұсынылатын тәсілдерінің бірі саналады. Оның көмегімен еларалық тәуекел деңгейі күні бұрын анықталады.

Еларалық тәуекел белгілі ел валютасының өзге бір ел валютасына еркін аударылу тәуекеліне, трансферт тәуекелне немесе төлем муратогийі тәуекелдеріне негізделіп құрылымданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Коммерциялық банктердегі несие саясатына талдау жүргізу (АҚ «БТА» банк тәжірибесінде)
Банктің депозиттік портфелінің құрылымы
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
«Коммерциялық банктің активті операциялары»
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары жайлы
Пайыз қарыз алушыға қарызды тікелей беру сәтінде банк ұстайтын қарыз
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары және олардың дамуы
Банктегі несиелік тәуекелділік. «Алматы сауда қаржы банкі» акцонерлік қоғамының несиелік қызметіне талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz