Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жағдайы»



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 Қазақстанда сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғышарттары және оны құрылымдаудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Қазақтан Республикасында сақтандыру нарығын қалыптастыру кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Сақтандыру нарығын құрылымдаудың мәні және экономикалық қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 Қайта сақтандыру . тәуекелдіктерді басқару нысаны ретінде ... ... ... ... ... ..16

2 Республикадағы сақтандыру нарығының қазіргі жай.күйін талдау және даму болашағын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1 Қазақстандағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығы мен кірістілік деңгейін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3 Дүниежүзілік және қазақстандық сақтандыру нарығының даму өрісі мен болашағын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

3 Экономикалық жаңару жағдайында сақтандыру нарығын дамытудың перспективалы бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
3.1 Сақтандыру нарығы қызметін мақсатқа сәйкес реттеу мен қадағалау және оның нормативтік.құқықтық базасын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... 48
3.2 Сақтандыру нарығын реттеудің шетелдік тәжірибесі және оларды қолдану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
Кіріспе
Сақтандыру нарығы – қаржы нарығының ең негізгі салаларының бірі болып табылады. Жалпы, сақтандыру нарығы сақтандырылушы мен сақтандырушының арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын қамтиды. Бұл нарықта сақтандыру қызметін жалпылама танып білу жүзеге асырылады да, оның өмір сүруінің негізгі экономикалық заңдары ретінде құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңдары алынады. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығы қалыптасуының барысында құрылатындықтан екеуінің де пайда болуының шарты ретінде еңбектің қоғамдық бөлінуі мен әр түрлі жекеменшік иелері – ерекшеленген тауар өндірушілердің болатындығы есептелінеді. Бұл нарық нарықтық қатынас субъектілерінің дербестігін, сақтандыру қызметіндегі сатып алу-сатуға байланысты серіктестіктің тепе-теңдігін қарастырады.
Осылайша, сақтандыру барысында екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Атап айтар болсақ, сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп-қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. ХVIII ғасырдың ортасында-ақ мүліктер мен жеке бастарды сақтандырудың жүзден аса түрін жүзеге асырып үлгерген көптеген кәсіпқой сақтандыру қоғамдары пайда болды.
Әлеуметтік-экономикалық кеңістік болып табылатын сақтандыру нарығында сақтандыру қызметін қажет ететін сақтанушылар, олардың талаптарын қанағаттандырушы сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары), сақтандырушы делдалдары мен сақтандыру инфрақұрылымдарының ұйымдары (консалтингтік фирмалар және т.б.) әрекет етеді. Оны құрудың негізіне күтпеген жағдайларды қолайсыздыққа ұшырағандарға ақшалай жәрдем көрсетудің ұдайылылығын үздіксіз қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы: Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жағдайы.
Бүгінде елдегі сақтандыру нарығының құрылымы оған қатысушылар мен сақтандыру салалары арқылы айқын көрсетілген. Аталған нарықтың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға негізделген нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық құжаттармен реттеліп отыр.
Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтандырушы, сақтандырылған, табыс табушы, актуарий, өкілеттілігі бар аудиторлық ұйым (өкілеттігі бар аудитор), өзара сақтандырушыға байланысты басқа да жеке және заңды тұлғалар сақтандыру нарығына қатысушылар болып саналады.
Қазақстанда сақтандыру нарығының негізгі екі түрі орын алған, яғни олар: өмірді сақтандыру мен жалпы сақтандыру. Мұнымен қатар міндетті және ерікті сақтандыру топтары ерекшеленіп отыр. Сонымен қатар, елімізде «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға сәйкес міндетті сақтандырудың сыныптары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» Заңы 02.07.1992 жыл.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Сақтандыру рыногын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдық-құқықтық шаралар туралы» №1658, 16.04.1994 жыл.
3. «Азаматтарды медициналық сақтандыру» туралы Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 15.06.1995 жыл. №23293.
4. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» Заңы 03.10.95 жыл.
5. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы // 2001 жыл 18 желтоқсан
6. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. №548-II 24.04.2004.
7. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Кодексі. №209 - II 01.01.2002 жыл.
8. Страхование в Республике Казахстан (том 1). Сборник норматив¬но-правовых актов из серии «Финансы и кредит Казахстана». - Алматы: Информационное агентство «EconoMix Data», 2000.
9. Страхование в Республике Казахстан (том 2). Сборник нормативно-правовых актов из серии «Финансы и кредит Казахстана». - Алматы: Информационное агентство «EconoMix Data», 2000.
10. Үкіметтің, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл Жоспары.
11. Қазақстан Республикасы Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа Жолдауы. Егемен Қазақстан 06.03.2009 жыл.
12. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.
13. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.
14. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің актілер жинағы. Алматы: 2009 жыл.
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жаршысы. №12, Алматы: 2010 жыл.
16. Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есеп: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің қатысуымен дайындалған. 2010 жылғы желтоқсан.
17. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010 жылғы Жылдық есебі. Алматы.
18. Куашбаев С., Джуманов А.М. Финансы: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2010.
19. Г.С. Серікова. Сақтандыру: Оқу құралы – Қарағанды, 2003.
20. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. – Алматы, 2001.
21. Маянлаева И.Г. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах. ТОО «LEM») Алматы 2005.
22. Гостенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. Алматы, типография ЧП «Мертенов Р.А» , 2003.
23. Искаков Ұ.М.,Бохаев Д.Т.,Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық – Алматы: Экономика, 2008.
24. Балабанов И.Т., Степанов В.Н. Занимательное страхование – Москва, Финансы и статистика, 1998.
25. Құлпыбаев С., Мельников В.Д. Қаржы негіздері: Оқулық. – Алматы LEM, 2009.
26. Ходжаниязова Ж.Т. Нарықтық экономика негіздері: Оқулық. Астана: Фолиант, 2007.
27. Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы: Оқу құралы: - Алматы: Қазақ университеті, 2005.
28. Соколов О.В. Финансы, деньги кредит. Учебник – М.:
ЮРИСТ, 2001.
29. Үмбетәлиев А.Д. Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006.
30. Сембеков А.К. Финансовые аспекты функционирования страховых компаний. – Караганда.: Полиграфия, 1998.
31. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007.
32. Жуйриков К.К. Страховой бизнес Казахстана. – Алматы: Жибек жолы, 1997.
33. Камынкина М.Г., Солнцева Е.Е. Перестрахование. Практическое руководство для страховых компаний. М., 1998.
34. Давильбекова Ж.Х. Инновационное развитие экономики Казахстана. // АльПари. – 2005 жыл. №4.
35. Страхование: принципы и практика. Составитель Дэвид Блэнд. – Москва, Фнансы и статистика, 1998.
36. Шахов В.В. Введение в страхование – Москва, Финансы и статистика, 1999.
37. Искаков У.М.,Бохаев Д.Т.,Рузиева Э.А. Финансовые рынки и посредники: Учебник. – Алматы: Экономика, 2005.
38. Жуйриков К.К. Страхование в Казахстане – пути дальнейшего развития. – Алматы: Жибек жолы, 1994.
39. Ильясова К.К., Мельникова В.Д. Финансы - учебник для экономических специальностей, второе переработанные издание, под ред.– Алматы: Каржы-Каражат, 2001.
40. Гвозденко А.А. Финансово – экономические методы страхования. – Москва, Финансы и статистика, 1998.
41. Смағұлова Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш. Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008.
42. Александров А.А. Страхование – М.: ПРИОР, 1998.
43. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система Казахстана: становление и развитие:моногр. Астана: Изд.КазУЭФиМТ, 2008.
44. Журавлев Ю.М., Секерж И.Г. Страхование и перестрахование: теория и практика. – Москва, 1993.
45. Құлпыбаев С., Ілиясов Қ.Қ. Қаржы. Оқулық. – Алматы: 2007.
46. Лер О.Э. Страховой рыног Казахстана. – Алматы, Қаржы-Қаражат, 1996.
47. Алшынбай А.М. Нарық және баға белгілеу.Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008.
48. Құлпыбаев С., Баязитова Ш., Баязитова А. Қаржы теориясы. Оқу
құралы. - Алматы: Мерей, 2001.
49. Маянлаева Г.И. Организация страхового дела в РК. – Алматы, ТОО «LEM» 2000.
50. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет. – Алматы: Экономика, 2006.
51. Рябикина В.И., Аудит страховых компаний. – Москва, Финстатинформ, 1995.
52. Корчевской Л.И. и Турбина К.Е. Страхование от А до Я (книга для страхователей) – Москва, Инфра-М, 1996.
53. Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық – Алматы: Экономика, 2008.
54. Ефимов С.Л. Деловая практика страхового агента и брокера: учебное пособие. – М.: Страховой полис, ЮНИТИ, 1996.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...4

1 Қазақстанда сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғышарттары және оны
құрылымдаудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 7
1.1Қазақтан Республикасында сақтандыру нарығын қалыптастыру
кезеңдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...7
1.2Сақтандыру нарығын құрылымдаудың мәні және экономикалық
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 13
1.3Қайта сақтандыру – тәуекелдіктерді басқару нысаны
ретінде ... ... ... ... ... ..16

2 Республикадағы сақтандыру нарығының қазіргі жай-күйін талдау және даму
болашағын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..21
2.1Қазақстандағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайына талдау
жасау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...21
2.2Сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығы мен кірістілік деңгейін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..30
2.3Дүниежүзілік және қазақстандық сақтандыру нарығының даму өрісі мен
болашағын
сипаттау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...37

3 Экономикалық жаңару жағдайында сақтандыру нарығын дамытудың
перспективалы
бағыттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..48
3.1Сақтандыру нарығы қызметін мақсатқа сәйкес реттеу мен қадағалау және
оның нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... .48
3.2Сақтандыру нарығын реттеудің шетелдік тәжірибесі және оларды қолдану
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .62
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..65
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 68

Қысқартылған сөздер тізімі
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі
ҚҚА – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
КСРО – Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
БАӘ – Біріккен Араб Әмірліктері
РЕПО – Алдын ала келісілген бағамен белгіленген мерзімнен кейін,
оның қайтып сатып алу міндеттшесімен бағалы қағаздар пакетін
бір жақтың екінттті жаққа сату операциясы
ЖІӨ – Жалпы ішкі өнім
ҰСҚ – Ұлтаралық сақтандыру қоғамдары
ҰҚТ – Ұлтаралық қаржы топтары
ТҰК – Трансұлттық компаниялар
ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы
ЕурАзЭҚ – Еуразиялық экономикалық қауымдастық
АҚ – Акционерлік қоғам
СТКБҚ – Сақтандыру Төлемдеріне Кепілдік беру Қоры АҚ
АҚЖ – Азаматтық-құқықтық жауапкершілік
ЕЖжДБ – Еуропа жаңғыру және даму банкісі

Кіріспе
Сақтандыру нарығы – қаржы нарығының ең негізгі салаларының бірі болып
табылады. Жалпы, сақтандыру нарығы сақтандырылушы мен сақтандырушының
арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты
экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын қамтиды. Бұл нарықта сақтандыру
қызметін жалпылама танып білу жүзеге асырылады да, оның өмір сүруінің
негізгі экономикалық заңдары ретінде құн заңы мен сұраныс және ұсыныс
заңдары алынады. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығы қалыптасуының
барысында құрылатындықтан екеуінің де пайда болуының шарты ретінде еңбектің
қоғамдық бөлінуі мен әр түрлі жекеменшік иелері – ерекшеленген тауар
өндірушілердің болатындығы есептелінеді. Бұл нарық нарықтық қатынас
субъектілерінің дербестігін, сақтандыру қызметіндегі сатып алу-сатуға
байланысты серіктестіктің тепе-теңдігін қарастырады.
Осылайша, сақтандыру барысында екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы
екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Атап айтар болсақ, сақтандыру
адамдарды әр түрлі қауіп-қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың
бұрыннан келе жатқан әдісі. ХVIII ғасырдың ортасында-ақ мүліктер мен жеке
бастарды сақтандырудың жүзден аса түрін жүзеге асырып үлгерген көптеген
кәсіпқой сақтандыру қоғамдары пайда болды.
Әлеуметтік-экономикалық кеңістік болып табылатын сақтандыру нарығында
сақтандыру қызметін қажет ететін сақтанушылар, олардың талаптарын
қанағаттандырушы сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары), сақтандырушы
делдалдары мен сақтандыру инфрақұрылымдарының ұйымдары (консалтингтік
фирмалар және т.б.) әрекет етеді. Оны құрудың негізіне күтпеген жағдайларды
қолайсыздыққа ұшырағандарға ақшалай жәрдем көрсетудің ұдайылылығын үздіксіз
қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы: Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу
кезеңдері және қазіргі жағдайы.
Бүгінде елдегі сақтандыру нарығының құрылымы оған қатысушылар мен
сақтандыру салалары арқылы айқын көрсетілген. Аталған нарықтың қызметі
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне, Сақтандыру қызметі туралы Заңға негізделген
нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа
да заңнамалық құжаттармен реттеліп отыр.
Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы Заңына сәйкес
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті,
сақтандырушы, сақтандырылған, табыс табушы, актуарий, өкілеттілігі бар
аудиторлық ұйым (өкілеттігі бар аудитор), өзара сақтандырушыға байланысты
басқа да жеке және заңды тұлғалар сақтандыру нарығына қатысушылар болып
саналады.
Қазақстанда сақтандыру нарығының негізгі екі түрі орын алған, яғни
олар: өмірді сақтандыру мен жалпы сақтандыру. Мұнымен қатар міндетті және
ерікті сақтандыру топтары ерекшеленіп отыр. Сонымен қатар, елімізде
Сақтандыру қызметі туралы Заңға сәйкес міндетті сақтандырудың сыныптары
айтылмайды. Бұл ретте әрбір түр сақтандырудың жеке тобы болып табылады.
Сақтандырудың міндетті түріндегі әрбір сыныптың мазмұны және оны өткізу
шарты жөніндегі қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттеуші заң
актілерімен бекітіледі.
Қазіргі кезде елімізде сақтандыру саласына бақылау жүргізуші өкілетті
мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі болып табылады. Сондай-ақ, бұл Агенттіктің
сақтандыру нарығын реттеу саласындағы саясаты қазақстандық сақтандыру
нарығының дамуын қолдауға, халықтың сақтандыруға деген сенімін арттыруға,
сақтандыру ұйымдары қызметінің қаржылық тұрақтылығы мен айқындылығын
қамтамасыз етуге және сақтандыру қызметін тұтынушылардың құқықтары мен
мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталуда. Осыған сәйкес, елдегі сақтандыру
нарығының қызметін жетілдіру және осы саладағы мәселелерді реттеу мен оған
ғылыми негізделген ұсыныстар жасаудың қажеттілігі артып отыр. Өз кезегінде,
бұл дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін толық растайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі нарықтық экономика жағдайында
елдің сақтандыру нарығын әлі де болса жетілдіру жолдарын анықтай отырып,
сақтандыру нарығына қатысушылар қызметін реттеудің тиімді әдіс-тәсілдерін
айқындау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттер беріліп, шешу
жолдары қарастырылады:
сақтандыру нарығының құрылымын және атқаратын ролін теориялық тұрғыдан
сипаттау;
елдің қаржылық дамуына сақтандыру нарығының ықпалын анықтау;
сақтандыру нарығын реттеуде қалыптасқан әлемдік тәжірибені зерттеу және оны
қолдану мүмкіндіктерін қарастыру;
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы мен даму
болашағына талдау жасау;
еліміздегі сақтандыру нарығының даму сипатына баға беру және оның қызметін
жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасау.
Зерттеу пәні – қазіргі кездегі елдің сақтандыру нарығын және оның
қызметін реттеуде туындайтын мәселелер болып табылады.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы алынды.
Дипломдық жұмыс құрылымы қысқартылған сөздер тізімінен, кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында Қазақстандағы сақтандыру нарығының
қалыптасу кезеңдері мен алғышарттары, сондай-ақ сақтандыру нарығын
құрылымдаудың мәні және экономикалық қажеттілігі, қызмет ету ерекшеліктері
теориялық тұрғыдан қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында еліміздегі сақтандыру нарығының
қазіргі жағдайы талданады, сонымен қатар сақтандыру нарығының қаржылық
тұрақтылығы мен кірістілік деңгейі, дүниежүзілік және қазақстандық
сақтандыру нарығының даму өрісі мен болашағы сипатталып, бағаланады.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында сақтандыру нарығы қызметін мақсатқа
сәйкес реттеу мен қадағалау және оның нормативтік-құқықтық базасын
жетілдіру жолдары, сондай-ақ сақтандыру нарығын реттеудің шетелдік
тәжірибесі және оларды қолдану мүмкіндіктері баяндалады.
Сондай-ақ, дипломдық жұмысты жазу барысында сақтандыру нарығына
байланысты жазылған шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері
пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР
Ұлттық Банкісінің нормативтік-құқықтық актілері, ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен ҚР Статистика
агенттігінің статистикалық мәліметтері диплом жұмысының қайнар көздеріне
айналды.

1 Қазақстанда сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғышарттары және
оны құрылымдаудың теориялық негіздері
1.1Қазақтан Республикасында сақтандыру нарығын қалыптастыру кезеңдері

Нарық жағдайында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына
тәуекелдіктердің сан алуандығы және көптігі тән. Және де мүмкін болатын
ысырап ықтималдығы артады, бірінші кезекте, жағымсыздықтарды ұлттық
экономиканың түрлі сатылы деңгейлерінде, тәуекелдіктерді реттеп отырып
басқару арқылы, мейлінше азайту қажеттілігі туады. Алайда, мемлекеттік
сақтандыру әлеуметтік, қоғамдық тәуекелдіктерді реттей отырып басқарумен,
сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз
арқылы реттеумен шектеледі. Сондықтан тәуекелдіктерді басқару проблемасы –
шаруашылық жүргізетін субъектілердің бірінші кезектегі міндеттері. Мұндай
жағдайда кәсіпқой сақтандырушылар арқылы сақтандырудың мәні арта түседі.
Нарықтық реформалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін
анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ
көптеген компаниялардың пайда болуына әкелді. Көптеген компаниялар
сақтандыру қызметтің көп түрінің бірі ғана деп есептеді. 1994 жылдан 1998
ж. дейін олардың саны 22-ден 71-ге дейін өсті. Одан кейін бес жыл ішінде
құлдырау жүрді. 2004 жылдың басында барлығы 34 компания жұмыс істеді.
Сөйтіп, әлеуетті сақтандырушылар тараптарынан мүдделілік танытқан кезде
сақтандыру қызметтерінің нарығы Қазақстанда өзін-өзі реттеді. Әлі де ол әрі
республикалық, әрі аймақтық деңгейлерде ұйымдастырудың осы заманғы
түрлерін, аймақтық деңгейлерін іздестіруде. Бұл – қоғамдық бірлестіктер,
әлеуметтік-қаржы топтары, аймақтық одақтар т.б. болуы мүмкін.
Ұлттық нарықтағы құрылымдық-атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік-
экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара
қатынасушыларға бейімделген заңдық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей
байланысты. Сақтандыру нарығының ауқымдарына байланысты, оны қосалқы жүйе
мен сегменттерге бөлуде қатысушылар қызметін реттеуде түрлі тәсілдер
колданылады.
Нарықта сақтандыру қызметтері дамыған елдерде, әдеттегідей, әрбір
қатысушының әрекетіне айқын анықтама беріледі. Сақтандыру жүйесі азырақ
дамыған мемлекеттердің заңдарында сақтандыру қызметтері нарығын құру және
негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірілулер беріледі. Бұл Қазақстанға
да қатысты: Сақтандыру қызметі туралы заңда сақтандыру нарығы құрылымдық-
атқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы
келтірілмейді. Тек қана сақтандыру қызметіне қатысты заңды және жеке
тұлғалардың құрылымдалмаған тізімі ұсынылады. 2003 жылғы 10-шілдедегі
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес
сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады [18]:
- сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;
- сақтандыру қоры;
- сақтандыру агенті;
- сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы;
- актуарий (сақтандыру жарнасын есептеуші маман);
- уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
- өзара сақтандыру қоғамы;
- сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы өзге жеке
және заңды тұлғалар.
Бұл институттардың өзара іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы
жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде
көрсетуі тиіс: сақтандыру саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды,
сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым
нарығының объектілерін, бірақ өкінішке қарай, бұлар заңда жоқ. Біздіп
пікірімізше, сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттің сақтандыруды
дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу сияқты бағыттарда көрінуі тиіс.
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жөніндегі Қазақстан
Республикасы заңын қабылдауға байланысты Қазақстан Республикасының кейбір
заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы 1993 жылғы
қайта құру заңында қазір ешқандай да ерекше мемлекеттік сақтандырудың жоқ
екендігі ескертілген. Ол барлық жағдайларда кәсіпқойлық қызмет түрі ретінде
қарастырылуы керек делінген. Айтылған заңды пайдалану тәжірибесі, бұл жақсы
шешім болмағанын көрсетті және 1995 ж. 30-қазаңдағы (және келесілерінде)
Сақтандыру туралы заңында сақтандыру қызметіндегі мемлекет рөліне қатысты
бағыттар қарастырылды. Мемлекеттік сақтандыруды қадағалау мекемесі құрылып,
оның құқықтары мен міндеттері анықталды, лицензиялау тәртібі нақтыланды.
Яғни ішкі нарықты мемлекеттік бақылау мен біркелкі протекционистік (тамыр-
таныстық) қорғау кезінде сақтандыру қатынасында өркениетті реттеудің
жаңаруы басталды.
Мемлекеттің қатысуы оның орындайтын міндеттерінен айқындалады:
қазыналық, экономикалық, кепілдік, бақылау-мониторингілік және т.б. Бірте-
бірте бұл міндеттердің мәні өзгереді.
Қоғамдық-экономикалық міндетті іске асыру үшін, мемлекет бюджет қорын
қалыптастыруы тиіс. Оған, ең алдымен қаржы ресурстарын толықтыру үшін
қазынашылық міндет тән. Мемлекет, өзара ережелерін заңда белгілеп,
сақтандыру үдерісінің тәртібін реттей отырып, сақтандыру қатынастарына
жанама түрде араласады. Ол мемлекеттік бюджетке, өзінің сақтандыру қорлары
мен резервтеріне аударымдарды белгілейді. Яғни, сақтандыру саясатын
жүргізу, сақтандыру жүйесін құру және сақтандыру қызметін біртұтас
нормативті-әдістемелікпен қамтамасыз ету, сақтандыру заңдарының орындалуына
бақылау, қазынашылықпен тығыз байланысты басқа да міндеттерді және белгілі
бір әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізудегі реттеулер мемлекет
құзырына жатады.
Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін
қалыптастыратын қазір заңдық жәие атқарушы билік органдарының қарамағындағы
халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын
әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар
мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек улесіне емес, адамдардың
бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке жарамсыздық дәрежесімен
анықталады.
Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен
жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған қаражаттан төлеу қажет.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс.
Оның әлеуметтік қорғанысын арттыру мақсатында міндетті сақтандыру тізбесіне
әлеуметтік және медициналық сақтандыруды енгізу ұсынылады. Жарналар
әлеуметтік салыққа енетін түсім бөлігінің есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің міндетті ісі – кепілділік.
Сақтандандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құру міндетті
сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылардың
мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың
құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары -
сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары.
Сақтанушыларға (сақтандырылған) мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор
арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге
асырылады.
Жеке сақтандырудың мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан айырмашылығы -
жеке адамның сақтандыру қорын өз жарналары есебінен оның материалдық
жағдайын жақсартуға бағытталған әрі ол ерікті сипатта болады. Сақтанушы
тәуекелдікті таңдауға да, сақтандыру компаниясын таңдауға да ерікті.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі - әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын
күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру
есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды
шоғырландыруы бағдарланған экономикалық; инвестициялық-уақытша еркін ақша
қаражаттарын мемлекеттік қағаздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің
бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу
есебінен сақтандыру қорларын арттыруы бағыттау; реттеу – сақтандыру
тәуекелдіктерін бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған.
Мемлекеттік сақтандыру саласына жеке сақтандыру фирмалары
шұғылданбайтын сақтандыру түрлері енгізілуі тиіс. Бұл әдетте, үлкен
сақтандыру төлемдерін керек ететін, су тасқыны, жер сілкіну және ауыр
табиғи-климаттық жағдайларға байланысты ірі мемлекеттік міндеттерді шешу
үшін әскери тәуекелдіктерді, сыртқы қарыздар мен кредиттерді сақтандыру.
Сенімсіз тәуекелдіктерге қызмет көрсету үшін, біздің пікірімізше, міндетті
сақтандырудың берілген түрлері бойынша қаржыларын шоғырландыру орынды.
Одан басқа, мемлекет жеке сақтандыру бизнесін реттеуді жүзеге асырады,
және де:
сақтандыру қызметінің дамуына мүмкіндік жасайтын заңдармен қамтамасыз
етеді;
сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың бәсекеге қабілеттігінің артуын
бағдарлайды, ұлттық сақтандыру бизнесі мен сақтанушылардың мүдделерін
қорғайды;
ұлттық сақтандыру компанияларының қаржы тұрақтылығы үдерісін қамтамасыз
етеді және сақтандыру сыйақыларын қайта бөлу тәртібін әзірлейді;
қаржы ресурстарын қаржы секторының даму тұжырымдамасына, оның ішінде
сақтандыру бизнесіне сәйкес қайта бөлу арқылы сақтандыру бизнесінің
құрылымын оңтайландырады.
Мемлекетке сақтандыру қызметін сақтандыру мен реттеу саласында
лиңензиялау, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының бірегей тізілімін
жүргізу, сақтандыру нарығы инфрақұрылымының сақтандыру делдалдары мен басқа
өкілдерін тіркеу заңдардың талабының орындалуын қадағалау міндеттері
жүктелген.
Мемлекеттің сақтандыру бизнесімен байланысының көп жақты жүйесі олардың
өзара тәуелділігінен туған объективті шарттарының нәтижесі болады.
Біріншіден, сақтандыру компанияларының қызметі мемлекеттік қаржы
органдарымен реттеледі, екіншіден, сақтандыру компаниялары сақтандыру
саласындағы қарым-қатынастарды тәртіпке келтіруге мүдделі. Сақтандыру
қызметін басқару мен реттеуде мемлекеттік органдардың күш салу бағыттарын
бөліп көрсетуге болады [19]. Бұл:
сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушылар мүдделерін қорғауға бағытталған
сақтандыру қатынастарын ұйымдастыру нысанын таңдап алудың әлеуметтік мәнді
тәуекелдіктері мен шектерін анықтау;
сақтанушыларға сақтандыруды қорғауды ұсынатын сақтандыру компанияларының
қаржылық тұрақтылығын ынталандыру арқылы ұдайы өндіру үдерісінің
үздіксіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін сақтандыру қызметін
ұйымдастыру;
міндетті әлеуметтік сақтандыруда сақтандыру қатынастарын ұйымдастыру
нысандарын анықтау және сақтанушылардың тікелей қатысуын орнату;
ұлттық сақтандыру нарығы және сақтандыру жүйесінің қызметі инфрақұрылымының
қалыптасуы және қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу
арқылы сақтандыру заңдарын сақтау үшін мемлекеттік қадағалауды дамыту;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және тарататын ұйымдардың қызметіне
бақылауды жүзеге асыру үшін пруденциялық нормативтерден басқа, сақталуы
міндетті нормалар мен лимиттерді белгілеу;
сақтандыру қызметі саудасын реттейтін халықаралық шамаларға сәйкес болатын
сақтандыру ісінің стандарттарын жасау;
сақтандыру операцияларын жүргізу кезіндегі сақтандыру ұйымдары мен басқа
да мүдделі тұлғалардың қызметіне монополияға қарсы бақылау жүргізу.
Жалпы нарықтың анықтамасына және оның ішінде сақтандыруға сәйкес, оның
құрамына сақтандыру ұйымдары мен компаниялар, серіктестер, бәсекелестер,
қайта сақтандыру қоғамдары, сақтандыру делдалдары, сюрвейерлер
(сарапшылар), актуарийлер (сақтандыру жарнасын есептеуші мамандар),
аудиторлар, кеңес берушілер енеді. Сақтандыру өнімдері мен көрсетілетін
қызметтер өндірістік сақтандыру қызметі шеңберінде жасалады, оның
үдерісінде сақтанушыға әлеуетті қауіптіліктен сақтандыру қорғауын беру
жүзеге асырылады.
Қызметтерді ұсынудың ойдағыдай жұмыс істеуі сақтанушының каржы
жағдайына, қалыптасқан коньюнктураны нақты бағалауын, сақтандыру
компаниясының болашағын анықтауға бағытталған әдістер мен құралдарды
пайдалану сипатына байланысты сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары
жүзеге асырады. (сақтандыру ұйымының күй-жайын анықтаған кезде басқарудың
алдын алу әдістерін иайдаланған және объектінің даму баламаларын бағалаған
жөн, себебі, бұл ең алдымен күтпеген жағдайлардан құтылуға және жағымсыз
жағдайларды азайтуға, яғни жағдайдың белгілерін анықтау, оның ішінде бір
қалыпсыз әдістерді жүргізу дамуды болжауды әзірлеудің негізі болады. Бұл
қиындық нышандарын, жағымсыз құбылыстарды табуға және бар мүмкіндіктерді
анықтауға жағдай жасайды. Мұндай жағдайларда ұйымның маркетингілік
сақтандыруын зерттеулер мен қажетті ассортимент пен мөлшерде сақтандыру
қызметтерін көрсетуге бағытталған бүкіл сақтандыру компаниясын басқару
ерекше рөлге ие болады. Сақтанушылар сұранымдары мен қажеттіліктеріне
мақсатқа сай әсер ете отырып, сақтандырушылар бар сұранымды сақтандыру
ұсынысының деңгейіне дейін өсуін ынталандырады. Бұл үшін түрлі әдістер,
тәсілдер мен құралдарды, олардың ішінде жарнама, ұйымдық шаралар,
сақтандыру қызметтері мен сақтандыру қызметін көрсетудің басқа нысандарының
үйлесімін, оның ішінде тарифтерді саралауды пайдалануға болады.
Сақтандыру бизнесі ісінің тәжірибесінде басқарушылық сақтандыру шешімін
қабылдаған кезде тәуекелдік жағдайларға бағдарлану, белгісіз ысыраптан
құтылуға тырысу, сақтандыру тәуекелдігінің кез келген түрін жүйелі бағалау
қажет. Сақтандырушылар, бәсекелестер және басқа сақтандыру қызметтері
нарығына қатысушыларымен бұрынғы оңтайлыларын сақтап, әрі жаңа байланысты
дамыту қажет.
Сақтандыру компаниялары істерінде мына қатерлер жиі кездеседі:
сақтандыру компаниясы қаржы-экономикалық әлеуметінің төмендеуіне
байланысты;
сақтандыру компаниясы басқарымдылығының әлсізденуі мен жоғалуына әкелетін
кадрлық әлеуеттің деңгейінің жеткіліксіздігі;
сақтандыру ұйымының ғылыми және инновациялық мүмкіндіктеріне байланысты;
сапасыз жүргізу нарық үлесін жоғалтуға, сақтандыру сыйақысының көлемі мен
сақтандыру пайдасы мөлшерінің төмендеуіне әкелетін фирманың дамуын
маркетингілік зерттеулеріне байланысты;
тәуекел менеджмент сақтандыруын ұтымды ұйымдастырылмауының салдарынан
сақтандыру компаниялары құнды қағаздарының пайдалылығы төмендеуіне әкелетін
қаржылық тәуекелдіктер;
сақтандыру компаниясының сақтанушыларға қызмет көрсету бойынша нормативтік
параметрлермен салыстырғанда немесе күтпеген жағдайлардан немесе
кәсіпорындағы басқару ұйымы деңгейінің төмендеуінен ағымдағы шығындардың
артуымен анықталатын өндірістік-сақтандыру тәуекелдіктері;
инвестициялық жобаны жүзеге асыру үдерісі себеп болған, жұмсалынған
қаражаттардың қайтарылмауына және табыс ала алмауына әкелетін инвестициялық
тәуекелдік.
Қазақстан сақтандыру нарығындағы сақтандыру компанияларының меншікті
қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі, көбінесі жеке сақтандырушыларға
күрделі қаржы сыйымдылығының тәуекелдіктерін өтеуге мүмкіндік бермейді.
Мұндай жағдайдда, іс-әрекеттерді үйлестіру, мүдделерді қорғау және
бірлескен инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ерікті негізде
сақтандырушылардың бірлестіктері құрылады. Ал, сақтандыру тәуекелдігін
қайта бөлу немесе табыстау сақтандыруды, болмаса қайта сақтандыруды жүргізу
арқылы жүреді. Сақтандыру компаниялары, өздерінің қайта сақтандыру
жиынтықтарынан тәуекелдерді алып, ең қауіпті қатерлілері бойынша тарифтерін
көтере отырып, оларды қауіптілік дәрежесі бойынша топтастырады. Сақтандыру
компаниялары бірлесе және көрсететін қызметтерінің өрісін кеңейте отырып,
бәсекелестік ортада өзінің тұрақтылығын арттырады.

1.2Сақтандыру нарығын құрылымдаудың мәні және экономикалық
қажеттілігі

Сақтандыру нарығы түрлі секторларының арақатынасы, сақтандыру қорының
мөлшерлері бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының
саралау, коммерциялық қызметін әртараптандыру мәселелері бойынша және
ұлттық сақтандыру нарығының құрылымдық тұрғызылуын және оның негізгі
қосымша жүйешесін тұтас алғанда осы уақытқа дейін жалпы танылған белгілері
жоқ.
Мамандандырылған және әмбебап сақтандыру бизнесінің арақатынасы,
сақтандыру қызметтерін ұйымдастырудың тағы да бір шешілмеген
проблемаларының бірі сияқты көрінеді, олардың ішінде міндетті және ерікті
сақтандыру арақатынасын анықтау да бар. Талдампаздардың көпшілігі міндетті
сақтандырудың экономикалық мәні екі ұшты сипатта болады деп санайды. Бір
жағынан, сақтанушылар міндетті сақтандыру қызметтерін сатып алудан бас
тарта алмайды, екінші жағынан нарықтық қатынас кезінде мәміле жасау үшін
нақты сақтандыру компаниясын таңдап алу үдерісі еркін талап етеді. Міндетті
сақтандыру кезіндегі бұл қарым-қатынастың екі жақтылығы сақтандыру қызметі
нарығының елеулі бөлігін іс жүзінде асимметриялық нарықтық қатынастар
саласы ретінде жасайды. Бірінші жақ – сақтанушыларының, екінші жаққа
қарағанда, еркін таңдап алу мүмкіндігі мүлдем аз, демек әрі сатып алушылар
үшін, әрі сатушылар үшін тек сауда серіктесін таңдап алғанда ғана емес,
сонымен бірге нақты мәмілені жасау немесе жасамаудың тең мүмкіндігін
қамтамасыз ететін бәсекелес нарықтың маңызды талаптарының бірінің жоқтығы.
Сақтандыру қызметтері нарығында міндетті сақтандыру кезінде
сақтанушылар мәмілені жасамау мүмкіндігінен айырылған. Яғни ерікті
сақтандыруға байланысты бөлігі, толық еркін, шынайы нарық ретінде қаралуға
тиіс. Басқасы — жалған нарық сияқты, өйткені сақтанушылар өз құқықтары
бойынша шектелгендіктен, өз тілектеріне байланыссыз мәмілеге мемлекеттік
органдардың ұйғарымдары бойынша арттырады.
Сақтандыру дамуының алғашқы жолында таралған сақтандыру нарығының
құрылымдық бөлшектеп байланыстыруы пайда болады. Нашар дамыған сақтандыру
қызметтерінің ұлттық нарықтары міндетті сақтандыруға сүйенеді, ал нарықтық
экономикасы дамыған елдерде ерікті сақтандырудың алуан түрлілігі басым.
Сонымен, бір қалыпсыз қабылдауда міндетті және ерікті сақтандырудың ара-
қатынасы сақтандыру қызметтері нарығының жетілу көрсеткіші болып табылады,
дегенмен де оның жетілуіне нақты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
саясаты айтарлықтай әсер етеді. Экономикасы әлеуметтік бағдарланған жоғары
дамыған елдерде сақтандырудың міндетті түрлерінің үлесі әжептәуір жоғары
болып қалуда. Сондықтан міндетті және ерікті сақтандырудың арақатынасының
белгілері сақтандыру нарығының құрылымдық ұйымын зерттеген кезде маңызды
мәні болғанымен абсолюттік тұрғыдан таныла алмайды.
Сақтандырудың өмірді сақтандыру және басқа барлық түрлеріне бөлу
қағидасын ДСҰ сияқты ұйымдар халықаралық жіктелімде пайдаланады. Ұлттық
сақтандыру нарықтарының құрылымын салыстырмалы түрде талдау жоғары дамыған
елдерде өмірді сақтандыру саласында орнықты сақтандыру деңгейінің
көрсеткіші болып табылады, ал дамушы және бұрынғы социалистік елдерде
өмірді сақтандыру түр-түрлерінің үлесі айтарлықтай төмен: бір жағынан –
нарыққа сенім аз, екінші жағынан – оның дамымауы. Сөйтіп, жеке тұлғалардың
өмірі мен денсаулығына байланысты тікелей әлеуметтік тәуекелдіктерді
сақтандыру саласы мен мүліктік мүдделерді қорғаудың барлық түрлері
арасындағы арақатынасты сақтандыру қызметтері нарығының жетілу белгілерінің
бірі ретінде қарастыруға болады.
Сақтандыру нарығын құрылымды ұйымдастыруда, бастапқы. сақтандыру
қызметтері мен қайта сақтандыру жөніндегі операциялар арасындағы
арақатынасқа да елеулі рөл беріледі. Сақтандыру нарығының жетілуі
сақтандыру тәуекелдіктерін екінші қайтара қайта бөлу жөніндегі күрделі
операцияларға қатысушы ірі және аса ірі қайта сақтандыратын компаниялардың
қайтара сақтандыру нарығының даму деңгейімен анықталады. Оларды сақтандыру
сомасының көтеріңкі мөлшерінің өсуіне байланысты сақтандыру қызметтерінің
бастапқы нарық шеңберінде сақтандыруға қабылдау мүмкін емес.
Дамушы елдердің сақтандыру нарықтары тиімділігінің жеткіліксіздігі мен
салыстырмалы тұрақсыздығы, әсіресе, шектеулілігімен немесе Л. Бруннердің
айтуы бойынша, бастапқы нарық орнықтылығын арттыруды қайта сақтандыру
арқасында қамтамасыз ететін екінші қабаттың болмауына байланысты. Алайда
аз дамыған ұлттық сақтандыру нарықтары құрылымдық ұйымдарының оғаштығы
қайта сақтандырудағы көтеріңкі қажеттілік пен ұлттық қайта сақтандыру
компанияларының әлсіздігі немесе іс жүзінде болмауы арасында терең қарама-
қайшылық болады.
Мұндай жағдайда сақтандыру қызметтері дамушы нарықтарының объективті
қажеттілігі шетелдік қайта сақтандыру компанияларына өтініш жасау арқылы
өтеледі, бұл, әрине, ұлттың сақтандыру жүйесінің тиімділігін төмендетеді.
Сонымен, қайта сақтандыру бизнесінің болуы мен даму деңгейі сақтандыру
қызметтері нарығының құрылымдық ұйымын сипаттайтын маңызды көрсеткіш
қызметін атқарады. Бастапқы және екінші рет сақтандыру арасындағы
арақатынас тіпті міндетті және ерікті сақтандыру қызметтерінің түрлері
арасындағы арақатынасқа қарағанда, үлкен дәрежеде аумақтық жайғасымнан
нарықтың құрылымдық ұйымының үш қағидалы өзгеше болатын үлгісін айырып
көрсетеді:
баламалы қайта сақтандыру бизнесіне ие болмайтын ұлттық;
сақтандыру және қайта сақтандыру қызметтерінің баламалы арақатынасымен;
басқа елдердің сақтандырушыларымен қайта сақтандыру операцияларын жүргізуге
белсенді қатысатын қайта сақтандыру компаниялары.
Ең ірі қайта сақтандыру компаниялары жоғары дамыған елдер-де
шоғырланған, сонымен олардың 25-і 100 елден астам аумақтағы қайта
сақтандыру операцияларын жүргізе отырып, дүниежүзілік нарықтың 77,6%-ын
бақылайды. Салыстырмалы талдау кезінде аз дамыған сақтандыру нарықтары ірі
және ұзақ мерзімді мәмілелерді жасаумен байланысты емес сақтандыру түрлері
басым болатыны анықталды. Сол кезде ірі ауқымды құрылыс-инвестициялық
жобаларды сақтандыруды ең ірі шетелдік сақтандыру компаниялары
тәуекелдіктерді міндетті сақтандырумен жүзеге асырады. Бұл шын мәнінде,
сақтандыру қызметтерінің ұлттық нарығы даму үдерісі тұтастығын тежейтін
кері байланыстың бар екенін көрсетеді, атап айтқанда - қайта сақтандыру
бизнесінің нашар дамуы ұлттық сақтандыру компанияларын шетелдік қайта
сақтандырушыларға өтініш жасауға мәжбүрлейді, ірі ұзақ мерзімді
тәуекелдіктерді сақтандырудың болмауына байланысты ұтымды мәмілелелерді
жасау мүмкін еместігінен бұл компаниялардың даму тиімділігі тежеледі.
Кез келген осы күнгі нарықтың ұйымдық құрылымында инфрақұрылымның
қосымша жүйесі маңызды орын алады. Қызмет көрсету саласында инфрақұрылымның
рөлі ерекше маңызды, өйткені сапа мен техникалық деңгейдің нақты
параметрлері бар тауарлардан айырмашылығы, мұнда субъективті факторлар,
оның ішінде сақтандыру бойынша мәмілелер жасауға тікелей қатысатын нақты
сақтандыру агентерінің, делдалдардың және басқа мамандардың кәсіптік
дағдыларының маңызы аз емес.
Қазіргі уақытта кездейсоқ оқиғалардың басталу ықтималдығын анықтайтын
түрлі тәуекелдіктер бойынша ақпарат жинау және есептеулерді жүргізу
жөніндегі мамандардан бастап әрі сақтандыру оқиғасының зиянын бағалау
жөніндегі мамандарға дейін сақтандыру нарығына қызмет көрсету жөніндегі әрі
жеке, әрі заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызметтің жүзден астам түрлері
бөлініп шығады.
Бұдан басқа, сақтандыру бизнесінің ерекшелігі сақтандыру
компанияларының маркетингілік қызмет көрсетуін, сақтандыру мәселесі бойынша
оның ішінде актуарлық фирмалар, қорғаушылар кеңселері, дилингілік
орталықтар, аудиторлық фирмалар және т.б. бойынша кеңес беруді қамтамасыз
ететін маманданған бөлімшелердің қалыптасу қажеттілігін алдын ала
анықтайды.
Сақтандыру қызметтері ұлттық нарықтар ұйымдық құрылымының негізгі
үлгілерін көрсеткен кезде иифрақұрылым дамуының деңгейі айтарлықтай
объективті көрсеткіш қызметін атқарады. Дамушы елдер үшін инфрақұрылымды
қызметтермен қамтамасыз етуде артта қалушылық тән, ал сол кезде жоғары
дамыған елдерде инфрақұрылымның негізгі түрлері бойынша, оның ішінде
сақтандыру нарығында артық қуаттар құрылады.

1.3Қайта сақтандыру – тәуекелдіктерді басқару нысаны ретінде

XIV ғасырдың соңында пайда болған қайта сақтандыру XIX ғасырдың
ортасына таман қайта сақтандыру нысандары мен түрлерінің кең тізбесін
ұсынған тәуекелдікті екінші рет қайта бөлудің қуатты факторы мен
кәсіпкерлік қызметтің дербес түрі ретінде ресімделді [22].
Қайта сақтандырудың экономикалық мән-жайы қайта сақтандырушының белгілі
бір шарттар мен белгілі бір төлем үшін әлдеқашан тікелей сақтандырушы және
қайта сақтандырушы арасындағы сақтандырылған тәуекелдікті әрі сақтандыру
оқиғасы басталуына байланысты тікелей сақтандырушы төлеуге міндетті
залалдарды өтеуге болады.
Қазіргі әлемдік сақтандыру шаруашылығында қайта сақтандыру мынадай
атқарымдарды орындауға байланысты:
тікелей сақтандырушыларға сақтандыру тәуекелдіктерін қабылдау үшін қосымша
қаржы сыйымдылығын (капитал) беру;
тікелей сақтандырушының төлеу қабілеттілігі көрсеткіштерін жақсартуға әсер
ету;
сақтандыруға қабылданған тәуекелдікті (тәуекелдіктерді) екінші рет қайта
бөлу;
әрбір есепті жылда сақтандырушы қызметі нәтижелерінің теңгерімділігін
қамтамасыз етуі;
тікелей сақтандырушымен активтерді жинақтау үшін жағдайлар жасау;
сақтандырушының жылдық балансын қорғау;
тікелей сақтандырушының салықты жоспарлауына қатысу сақтандырылған
тәуекелдіктері бар сақтандыру оқиғалар орын алған кезде тікелей
сақтандырушымен залалдарды тез реттеуі үшін өтімді активтерді беру.
Аталған атқарымдарға сүйене отырып қайта сақтандыруды халықаралық
бизнес деп есептеуге болады. Әсіресе, оның Батыста ең ірі институционалдық
инвестор болып табылатын қайта сақтандыру компаниялар өкілі болады. Мұны
келесі 1-кестеден де көруге болады.

Кесте 1.
Қайта сақтандыру сыйақыларын қайта сақтандыру
№ Ел (елдер тобы) Қайта сақтандыру сыйақысының
әлемдік көлемінен %-бен
1. Германия 27
2. АҚШ 24
3. Италия, Ұлыбритания, Франция және 34
Жапония қоса алғанда

1-кестенің жалғасы
4. АҚШ пен Батыс Европада тіркелген 75
қайта сақтандырушылардың үлесіне
жиынтығымен
Ескерту - автормен құрастырылған.

Сақтандыру сыйақысы жиынтығының көлемін бағалау айтарлықтай қиын,
өйткені қайта сақтандырумен мамандандырылған кәсіптік қайта сақтандыру
қоғамдары да, өзінің негізгі қызметіне қосымша сақтандырушылар да тікелей
сақтандыру бойынша шұғылдана алады. Өмірді сақтандыру операцияларына
қарағанда, басқа баламалы - операциялар бойынша тіркелген қайта
сақтандырушылар алған қайта сақтандыру сыйақысының жиынтық көлемі 90 млрд-
тан бастап 124 млрд-тан астамға дейін болатын АҚШ долларын құрайды.
Қазіргі қайта сақтандыру нарығында қайта сақтандырудың тұрақты
орталықтары құрылды: АҚШ, Орталық Еуропа мен Бермуд аралдары, олар
мамандардың бағалауы бойынша, әлемдік қайта сақтандыру сыйақысының 10%-ға
жуығын шоғырландырады және 90-жылдардан шын мәніндегі, қайта сақтандырудың
жаңа халықаралық орталығы болып табылады.
Статистикаға сәйкес, өткен ғасырдың 90-жылдары ЭЫДҰ елдерінің
сақтандырушылары қайта сақтандыруға, өзге сақтандыру бойынша алынған
сыйақының 19%-на жуығын және 4%-жуығын өмірді сақтандыруға берген. Бұл
көрсеткіш Еуропалық одақ елдері үшін тиісінше - 23 және 7% мөлшерінде.
Алайда, қайта сақтандыру және халықаралық қайта бөлу тәуекелдіктер маңызы
жеке елдерде айтарлықтай мәнді. Мәселен, Жапонияның сақтандырушылары өмірді
сақтандыруға қарағанда басқа сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысы
көлемінің 41%-нан астамын, Исландия - 35%-ға жуығын, Түркия 45%-дан астамын
қайта сақтандыруға, шетелдік қайта сақтандырушыларға береді.
Тәуекелдіктерді қайта бөлудің қайталама нарығы мынадай көрсеткіштерді
сипаттайды: 2005 ж. АҚШ-та қайта сақтандыруға 54,3 млрд долл. берілгенде,
қайта сақтандырудан 11,3 млрд долл. қайта сақтандыру сыйақысы алынды,
Ұлыбританияда қайта сақтандыруға 11,6 млрд долл. берілгенде, алынған Кайта
сақтандыру сыйақысы 8,3 млрд долл. болды. Бұл сақтандыру осы нысанының
үлкен маңыздылығы мен оның қажеттілігін көрсетеді.
Дәстүрлі және баламалы қайта сақтандыру сақтандырушының қаржыларын
басқару тәсілі, өйткені екі вариантта да қайта сақтан-дырушының қаржы
тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігінің жоғары деңгейі көзделген. Баламалы
қайта сақтандырушы тікелей сақтандыру нарығы: өзін-өзі ұйымдастыру және
болашағы сақтандыру келісімшарты бойынша қабылдаған тәуекелдіктеріне
байланысты, сондай-ақ оның қаржылық жағдайын қорғауда жіне тұрақтандыруда
икемді шешім ұсынады.
Баламалы қайта сақтандыру құралдарына сақтандыру мен қайта сақтандыру
келісімшарттары бойынша міндеттемелерді секьюритизациялау жатады.
Сақтандыру тәуекелдіктерінен басқарудың мұндай тұжырымдамасының пайда
болу себебі табиғи опат пен алапат орын алған кезде сақтандыру шығындарының
туындауы болған. Мысалы, 1992 ж. АҚШ-та болған Эндрю дауылының
салдарларына байланысты сақтандыру шығындарының нәтижесінді 63 сақтандыру
компаниясы банкротқа ұшырады. Америкада табиғи апаттардың салдарынан болған
шығындардың әлеуетті мөлшері 394 млрд долларға дерлік бағаланады.
Сонымен бірге қайта сақтандырушылар, Бермудте маманданған қайта
сақтандыру қоғамдарының шоғырлануымен және соңғы он жыл ішінде қалыптасуына
қарамастан қайта сақтандырушылар әлеуетті шығындар сомасы шегінде толық
қайта сақтандырудың орнын толықтыруды жүргізетін жағдайда емес.
Өмірді сақтандыруға қарағанда басқа сақтандыруды жүргізу АҚШ сақтандыру
компанияларының жиынтық капиталдандыруы мамандардың бағалауы бойынша
негізгі бағалы қағаздарға инвестицияланған капиталдың тек 1% на жуығын
құрайды. Жаңа құралдар - опциондар, фьючерстер, деривативтердің пайда болуы
сақтандыру және қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтандырушылар
қабылдайтын сактандыру тәуекелдігін қайта бөлу мақсатында қосымша қаржы
капиталын тарту үшін оларды пайдалану мүмкіндігін тудырды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) міндемтемелерін секъюритизациялау деп
сақтандыру (қайта сақтандыру) қоғамдарындағы бағалы қағаздарды шығаруы
түсіндіріледі, олар арқылы қосымша капитал күтпеген зілзала немесе басқа
табиғи апаттан болған залалдарға байланысты тәуекелдіктермен жұмыс істеу
үшін тартылады.
Сақтандыру тәуекелдіктерін өтеу үшін қосымша капиталды тарту сақтандыру
жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты. Мысалы, Рихтер өлшем сызығы жер
сілкіну күшін бағалау көрсеткіші ретінде қызмет атқара алады. Қолданылып
жүрген бағалауларға сәйкес, Рихтер өлшем сызығы бойынша 7,1-ден 7,7-ге
дейінгі жер сілкінісі күшінің жылдық болу ықтималдығы 0,64%-ды құрайды. Бұл
көрсеткіш апаттық бондылар түрінде бағалы қағаздарды шығару және 100 млн.
долл. капиталды тартуға жеткілікті болды. Басқа жағдайларда мұндай негізгі
көрсеткіштер болып торнадо немесе қар басулар, немесе су тасқындарының
басталу ықтималдығы және де жойқыншылдық тәуекелдігінен бұзушылық пен
залалдар тәуекелдігінің көрсеткіштері есептеледі, ол орын алған жағдайда
секьюритизациялау арқылы тәуекелді капитал қосымша тартылады [23].
Дегенмен, мұндай индекстерді құру мен есептеу бағалы қағаздарды айналысқа
шығару құнын есептеу мен тәуекелдіктерді хеджирлеудің қажетті шарты болып
табылады. Қазіргі уақытта негізгі пайдаланылатын индекстер АҚШ-тың түрлі
географиялық аймақтары, Жапониядағы дауылдар, жер сілкінісі индекстері
болып есептелінеді. Еуропадағы дауылдар мен тасқындардың ықтималдығы және
жойқыншылығын бағалау, авиациялық және теңіз сақтандыруындағы сақтандыру
тәуекелдігіне байланысты, индекстер әзірлену сатысында.
Сақтандыру міндеттемелерін секьюритизация бойынша мәмілелердің дамуы
мен жиілігі Чикагода, мамандандырылған Нью-Йорк және Бермуд қор биржасында
мамандырылған орталықтарының құрылуына әкелді. Егер 1996 ж. мұндағы
айналысқа шығарылған облигациялардың жалпы құны 197 млн. долл.-ды құрса,
онда 2005 ж. 2,5 млрд АҚШ долл. Болды [25].
Соңғы уақыттың үрдісі – сақтандыру міндеттемелерін секьюритизация
бойынша операцияларды өмірді сақтандыруға байланысты тәуекелдіктерге
тарату. Осыған ұқсас бірінші мәміле Лондон нарығында жүргізілді. Оның
қатысушылары өмірді сақтандыру жөніндегі бірінші сақтандырушысы - National
Provident Institution, қаржы делдалы, қайта сақтандырушы - Swiss Re және
облигацияларды сатып алушылар болды. Оларды 25 жыл мерзімге шығарды, қайта
сақтандырушы табыстылыққа кепілдік берді, сақтандырушы 424 млн. долл.
шамасында тартылған қаражат алды. Қосымша капиталды тартудың екі бәсекелес
тәсіл ретінде қайта сақтандыру мен секьюритизация шарттарын салыстыру,
біріншіден, секьюритизация қайта сақтандыруды ауыстыру болып
есептелмейтінін, екіншіден, секьюритизация мәмілелерінің құны айтарлықтай,
әрі тиімділігі де жоғары, егер тартылатын капиталдың мөлшері, сондай-ақ тек
айтарлықтай жоғары болған жағдайда пайда болатынын көрсетеді.
Міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін секьюритизациялаумен олар
сақтандырушының төлеу қабілетіне зиян келтірмейтіндей етіп қор биржасында
әрекет жасай алады, бірақ та сол кезде бұл қағаздарға әлеуетті сұранымын
бағалау, бағалы қағаздарды шығару шарттары өзгермегендіктен, өте күрделі
болады.
Ісін сүйетін адамдарды мұндай мәмілелер заң тұрғысынан қаншалықты
дұрыс, әрі олардың қолданыстағы азаматтық, әкімшілік және қаржы заңдарына
қаншалықты сәйкес келетіндігі алаңдатады. Секьюритизация бойынша
мәмілелердің көпшілігі үш және одан да артық адамдардың - сақтандырушы,
қайта сақтандырушы, қаржы делдалы мен бағалы қағаздарды сатып алушылардың
қатысуын талап етеді. Мәміленің заңдық құрылымы қайта сақтандыру
келісімшартынан, бағалы қағаздарды айналысқа шығару мен тіркеуге байланысты
құжаттардан, бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға байланысты қаржы
делдалдарымен жасалған келісімшарттардан т.б. тұрады. Мұндай мәмілелерді
кеңінен жүргізу үшін кедергі, заңдық мазмұнның күрделігі мен қатысушылары
болып есептеледі, ал азаматтық-құқықтық реттеу ерекше қиындық тудырмайды.
Секьюритизация нәтижелері сақтандырушылардың қаржы тұрақтылығы мен төлеу
қабілеттілігіне байланысты заңдардың талаптарына сәйкес келуі айтарлықтай
қиындық туғызбайды. Сақтандыру қадағалауының нормативтік актілері
сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың секьюритизациялық қызметін
реттейтін қандай да болмасын нормасы болмағандықтан, шамасы сондықтан
айтарлықтай, оның анықтамалары жоқ. Кейде сақтандыру резервтерінің
қаржыларын орналастыру ұлттық сақтандыру қадағалауының талаптарына бағынады
және сақтандыру ұйымдары үшін рұқсат берілген активтер ішінде биржада
бағасы белгіленетін және қадағалаудың белгілі бір талаптарына сай болатын
бағалы қағаздар ғана қатысады.
Сондықтан сақтандыру резервтері қаражаты есебінен сақтандыру
міндеттемелерінің орнын толтыру үшін сақтандырушының дериваттарды,
опциондарды және өндірістік бағалы қағаздардың басқа түрлерін пайдалануы
мүмкін болмайды. Бұдан басқа, қайта сақтандырушының бағалы қағаздарды
немесе туынды қаржы кұралдарын шығаруға қатысуы, бағалы қағаздар нарығына
қатысушылардың қызметін реттейтін ұлттық заңдарға қарама-кайшы келуі
мүмкін. Сондай-ақ түрлі елдердің аумағында тіркелген қатысушылармен
жасалған мәмілелер күрделі болады, өйткені ұлттық заңдарда сол немесе басқа
құрастырушылар қосымша шектеулер мен тыйым салуларға ұшырауы мүмкін.
Бірақ та, өзінің жастығына қарамастан, қайта сақтандыруды қайта
сақтандыру міндеттемелерінің секьюритазациясы мына рөлде бекітілді:
сақтандыруға (қайта сақтандыруға) қабылданған тәуекелдіктерді қайта бөлу
мақсаты мен қосымша сыйымдылықтарды қалыптастыру үшін қажетті
сақтандырушыларға несие капиталының нарығына қатынасуды алып беруші;
саяси және экологиялық сияқты дәстүрлі сақтандырылмайтын (көбінесе бір
қалыпсыз) тәуекелдіктерді қайта сақтандыру үшін қайта сақтандыру
сыйымдылығын алып беруші;
сақтандырушы мен қайта сақтандырушы арасында ұзақ мерзімді қаржы
қатынастарын орнатушы; ерте басталған, бірақ мәлімделінбеген залалдарды
басқаруға мүмкіндік беруші;
сақтандыру кезеңін дамытуда жағымсыз флуктуацияны деңгейлестіруші.

2 Республикадағы сақтандыру нарығының қазіргі жай-күйін талдау және
даму болашағын бағалау
2.1Қазақстандағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайына талдау жасау

Экономикадағы ахуалдың тұрақтануы және оның басты салаларының өсуін
жаңарту сақтандыру нарығының жай-күйіне қолайлы әсер етті, оның негізгі
көрсеткіштері 2010 жылғы 9 айда қалыпты өсуді көрсетті.
Капиталдандырудың жоғары деңгейі, сыртқы қайта сақтандырумен байланысты
тәуекелдердің төмендеуі, сондай-ац сақтандыру ұйымдарының инвестициялық
портфеліндегі дефолттық бағалы қағаздардың төмен үлесі нарықтың одан әрі
дамуына арналған әлеуеттің бар екендігін куәландырады.
Сонымен қатар, сақтандыру нарығының осалдық факторларына проблемалық
дебиторлық берешектің өсуімен байланысты өтімділік тәуекелдерін және банк
конгломератына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
сыйлықақыларының сақтандыру нарығындағы жиынтық сыйлықақыларындағы жоғары
үлесі жатады.
Тұтастай алғанда корпоративтік сектордың іскерлік белсенділігі және
сақтандыру нарығында қаржы тұрақсыздығының салдарынан экономиканың негізгі
салаларын қалпына келтіру аясында оның негізгі көрсеткіштерінің қалыпты
өсуіне себепші болатын оң үрдістер байқалады. Мәселен, 2010 жылғы 9 айда
2009 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының жиынтық активтері 10,6%, яғни 339,7 млрд. теңгеге дейін
ұлғайды, меншікті капитал 10,2%, 201,0 млрд. теңгеге дейін өсті. Сақтандыру
ұйымдарының меншікті капиталының өсуі кепілдік қорының ең аз мөлшерін
ұлғайту бөлігінде реттеуші талаптарының қатаюына себепші болды. Тиісінше,
сақтандыру ұйымдарының меншікті қаражатының ұлғаюы сақтандыру нарығы
активтерінің өсуіне негіздеме болды. Бұл ретте 01.10.2010 жылғы жағдай
бойынша сақтандыру резервтерінің сомасы 121,0 млрд. теңгені құрады [16].
Жалпы экономикалық ахуалдың жақсаруы жиналған жиынтық сақтандыру
сыйлықақыларының көлеміне де қолайлы әсер етті, ол 2010 жылғы 9 айда 2009
жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 26,7% немесе 22,3 млрд. теңгеге
ұлғайып, айтарлықтай өсуді көрсетті. Осы ретте жиынтық сақтандыру
сыйлықақыларының өсуіне ерікті жеке сақтандыру бөлігі, ал атап айтқанда,
өмірді сақтандыру саласына жататын сақтандырудың түрлері үлесін қосты.
Яғни, зейнетақымен қамсыздандыру тетігін өмірді сақтандыру бойынша
сақтандыру ұйымдары арқылы іске асыруға және жұмыс берушінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша аннуитеттік төлемдерді жүзеге
асырумен байланысты.
Мәселен, сақтандырудың осы бағыты бойынша сыйлықақы 2009 жылғы тиісті
кезеңдегі деңгейден 60,1% артып, 01.10.2010 жылы 25,5 млрд. теңге болды
(Диаграмма 1).

Ескерту – ғылыми зерттеу нәтижесінде автормен құрастырылған.

Диаграмма 1. Келіп түскен сақтандыру сыйлықақыларының құрылымы

Сақтандырудың осы бөлігінде барынша талап етілетін аннуитетті
сақтандыру болды, ол бойынша сыйлықақы 01.10.2009-01.10.2010 жылдар
аралығында 2 еседен астам (11,5 млрд.теңгеге дейін) өсті, ал олардың үлесі
ерікті жеке сақтандыру бойынша жиналған жиынтық сыйлықақылардың 45,0%
құрайды.
Банктік кредиттеудің тұралануы нәтижесінде қаржы дағдарысына барынша
сезімталдық көрсеткен ерікті мүліктік сақтандыруда 2010 жылғы 9 айда 2009
жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда жандану байқалды, нәтижесінде
сақтандыру сыйлықақысы 8,0% (52,5 млрд. теңгеге дейін) өсті. 01.10.2009-
01.10.2010 жылдар аралығында сақтандыру сыйлықақыларының барынша
айтарлықтай өсуі (6,8 млрд.теңге немесе 92,8%) азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыруда (автомобиль, әуе және су көлігі иелерінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоспағанда) белгіленген. Сақтандырудың
осы класы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының өсуі нақты сектор
кәсіпорындары жасаған келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті ірі сақтандыру шарттары себінен қамтамасыз етілгендігін
атап өту қажет.
Міндетті сақтандыруда жиналған сыйлықақылар көлемі 2009 жылғы осындай
кезеңмен салыстырғанда 20,3% ұлғайып, 2010 жылғы 9 айда 28,1 млрд. теңге
болды. Бұл ретте сақтандырудың осы бөлігінде ең көп өсуді көлік құралдары
иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру көрсетті.
Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын бөлу құрылымында
жалпы сақтандыру саласы басым болуын жалғастыруда, сыйлықақылардың үлесі
01.10.2010 жыл бойынша сақтандыру шарттары бойынша қабылданған жиынтық
сыйлықақылардың 88,1 %-ын құрайды. Сонымен қатар, өмірді сақтандыру
саласы бойынша сыйлықақылар үлесінің ұлғаю үрдісі сақталып отыр (Диаграмма
2, А қосымшасы) және барлық нарық бойынша жиынтық сақтандыру
сыйлықақыларынан 11,9% деңгейге жетті (2009 жылғы осындай күнгі 7,4%-бен
салыстырғанда).

Ескерту – ғылыми зерттеу нәтижесінде автормен құрастырылған.

Диаграмма 2. Сақтандыру сыйлықақыларын сақтандыру салалары бойынша бөлу

Сонымен қатар, сақтандыру сыйлықақыларының едәуір ұлғаюы аясында
01.10.2009 жылмен салыстырғанда 01.10.2010 жылы жүргізілген сақтандыру
төлемдерінің жиынтық көлемі шамалы өсті (1,3%, 18,7 млрд.теңгеге дейін).
Бұл ретте, сақтандыру төлемдерінің құрылымында өсу міндетті және ерікті
жеке сақтандыру бойынша ғана (тиісінше 21,1% және 57,3%) байқалды, себебі
осы бағыттар бойынша бизнес көлемінің де айтарлықтай өсуі байқалады. Ерікті
мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері көлемінің қысқаруы
белгіленді, олар 2010 жылғы 9 айда 2009 жылғы осындай кезеңмен
салыстырғанда 65,4% төмендеді және 2,3 млрд. теңге (2009 жылғы 9 ай үшін -
6,7 млрд. теңге) болды (Диаграмма 3). Мұны, көп жағдайда, былай түсіндіруге
болады, сақтандыру төлемдерінің көлемі бизнес көлемінің өзгеруіне бірден
емес кейбір уақытша аралықта әсер ете қоймайды, себебі әсіресе азаматтық-
құқықтық жауапкершілік шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін реттеу
сақтандыру төлемін нақты жүзеге асыру сәтіне дейін айтарлықтай көп уақыт
(бірнеше айға дейін) алады.

Ескерту – ғылыми зерттеу нәтижесінде автормен құрастырылған.

Диаграмма 3. Сақтандыру төлемдерінің құрылымы

01.10.2010 жылғы жағдай бойынша 40 сақтандыру ұйымының 35 ұйымында
сақтандыру портфельдерінде банктердің заем операцияларымен байланысты
тәуекелдерді және өзге де тәуекелдерді сақтандыру шарттары бар. Бұл ретте
көрсетілген күні 12 сақтандыру ұйымы банк конгломератының қатысушылары
болып табылады.
Банк операцияларына байланысты тәуекелдерді жабуды сақтандыру ұйымдары
басқа да қаржы шығындарынан, мүлікті (көлікті және жүктерді сақтандыруды
қоспағанда), автомобиль көлігін, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті (көлік
иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоспағанда), заемдарды,
кепілдіктерді және кепілдемелерді сақтандыру арқылы жүзеге асырады (Кесте
2).
Банк операцияларымен қатар жүретін сақтандырудың барынша тәуекелді
класы басқа қаржы шығындарынан болған сақтандыру болып табылады. Егер 2-
кестеде келтірілген қалған сақтандыру кластары бойынша шығындылық
коэффициенті 50%-дан аспайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
ҚР қаржы нарығының дамуы
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстаның бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдері
Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің теориялық негіздері
Қаржы нарығының құрылым
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Адам өмірін сақтандыру
Қазақстанның қаржы нарығы қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендірудің болашағы
Пәндер